БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР. ЖЫЛАНДАР ОТРЯДЫ (OPHIDIA)


Қостанай, 2017ж.
МАЗМҰНЫ І КІРІСПЕ . . . 3ІІ Негізгі бөлім . . . 4 1. Бауырмен жорғалаушылар . . . 4
1. 1. Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы . . . 12 2. Қабыршақтылар отряды - Squamata . . . 15
2. 1. Кесірткелер отряд тармағы - Sauria . . . 16
2. 2. Жыландар отряд тармағы - Serpentes . . . 18
2. 3. Хамелеондар отряд тармағы - Chamaeleontes . . . 28
III ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Жылан - шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жәндік. Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омыртқа жотасы біркелкі, көптеген (200-450) омыртқадан тұрады.
Жыландардың қазір 2300-2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе, ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерде, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әртүрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Жылан өзі келіп шақпайды, тек өзіне қауіп төнгенде ғана шағады. Бір қызығы, жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Бауырмен жорғалаушылар
Бауырымен жорғалаушылр , рептилиялар (лат. Reptilia ) - жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлдеқайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әртүрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады. Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14-32° градустың арасында болады [1] .
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар - котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы - сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі - мезозой . Бұл кезде ихтиозаврлар , мозазаврлар , птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.
Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған. Алғашқы бауырымен жорғалаушылар ежелгi қосмекендi жануарлардан тарайды. Олар 250 млн. жыл бұрын пайда болған. Бауырымен жорғалаушылар қосмекендiлер жете алмайтын орталарды, құрлықты толығымен игерiп алды. Далаларды, шөлдердi, ормандарды, тауларды, кей өкiлдерi қайтадан суға оралды, мысалы, қолтырауындар, теңiз және тұщы су тасбақалары [2] .
Р ЕПТИЛИЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептилилер үшке бөлінеді.
1. Кесіртке тәрізділер . Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне - бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
2. Жылан тәрізділер. Бұлардың денесі цилиндр пішінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір - бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (Аmрһіsbаеnіdае) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Керісінше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
3. Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады.
Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп отырады. Оны төменгі жатқан қабаты қалпына келтіреді. Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.
Омыртқасы . Кесірткелердің көпшілігінің омыртқа жотасы процельдік омыртқалардан қалыптасқан, төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді. Омыртқа жотасы амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық.
Кесірткелердің мойын омыртқасыньң саны 8. Рептилилердің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқаларынан көп және бұлардың алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаs) ауыз омыртқа, екіншісін - эпистрофея (еріsіrорһеus) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (рrосеssus оdоntоіdеus) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді. Бел - көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 болады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған. Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді. Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның алдыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардын да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бөлінеді. Анығырақ айтқанда - бір омыртқамен екінші омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.
Ми сауыты . Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген. Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыңғы жағында негізгі сына тәрізді (hаsіsрһеnоіdеum) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытының түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына жалғасып жатады [6] .
Есту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі - алдыңғы құлақ - бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі - артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сүйекпен, үстіңгі құлақ сүйегі - жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді[5] .
Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек күйінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйектерден: мұрын, маңдай алды, маңдай және маңдай артындағы, төбе және тақ төбе аралық сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады. Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақ-аралық, жұп жоғаргы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйектерден қалыптасады. Ми сауытының төбесінің, астыңғы жағында, самай маңында, кесірткелерде - бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады. Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан сүйектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (suрrааngulаrе), садақша (соrоnаrе) және тақташа (sрlеnіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.
Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы - жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады .
Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мықын сүйектен шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жағынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өзара байланысады.
Ас қорыту.
Органдарының құрылысы амфибилердің ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткелердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты. Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Амфибилерден айырмашылығы - гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген. Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі жақсы жетілген. Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.
1-сурет. Сойып көрсетілген кесірткенің ішкі құрлысы. 1-сыртқы шықшыт венасы, 2-ішкі шықшыт венасы, 3- сол ұйқы артериясы, 4 - оң ұйқы артериясы; 5 -қолқаның сол жақ доғасы; 6-қолқаның оң жақ доғасы, 7-оң жүрекше; 8-сол жүрекше; 9 -жүрек қарыншасы; 10-сол бұғана асты артериясы, 11-өкпе, 12 -бауыр, 13-өт, 14-қарын, 15-ұйқы безі ; 16 - ұлтабар, 17-тоқ ішек, 18, 29-тік ішек, 19, 27-бүйрек, 20-арқа қолқасы, 21-бүйректің алып кеткіш венасы, 22, 28- қуық, 23-аталық жыныс безінің өсіндісі, 24-аталық жыныс безі, 25-тұқым жолы, 26-сандағы тесіктер, 30- аналық жыныс безі, 31-жұмыртқа жолы. ;
Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырмашылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек аппараты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды. Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым - гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер - өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды. Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді шеміршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тарылуы нәтижесінде орындалады [7] .
Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфибилердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады. Жүрек қарыншасының әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қарыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншаның сол жақ бөлімінен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең соңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның оң жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпе артерияларына тек қана вена қаны құйылады да он, жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күретамыр және бұғана асты артерияларына - таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ қолқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарда, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады. Құйрық бөліміндегі вена қандары - құйрық венасына жиналады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасына тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды. Бүйректен шыққан веналардан артқы қуыс веналрдан артқы қуыс вена құралады. Артқы қуыс венасына омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы қуыс венасына - бауыр венасы да құйылады. Бас бөліміндегі вена қандары қос венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір пар венаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының қаны кұйылады [4] .
Зәр шығару органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһrоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан - дене бүйрегі бастамасының алдыңғы жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады [5] .
Жыныс органдары. Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, мезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған болатын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс органы болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады. Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров каналы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воронка тәрізді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатын безі бар [2] .
Жүйке жүйесі. Рептилилердің жүйке жүйесі амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткенмен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсе-рін өте жақсы қабылдайды. Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды [8] .
Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтарының үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жиналған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш “түктері” арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды. Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ортаңғы бөлімінің төменгі - тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін “аңғарады”, айыра біледі [10] .
Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкіреген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады. Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұрышында көзін ашып, жұматын - үшінші қабағы болады. Жылан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен - бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқалады [9] .
- Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы.
Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000-5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.
І-класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе Ящерогадылар (Рrоsаurіа)
1-отряд. Тұмсықбастылар (Rһуnсһосерһаlіа) .
ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Squаmаtа) .
2-огряд. Кесірткелер (Lасеrtilіа) .
3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеоntеs) .
4-отряд. Жыландар (Орһіdіа) .
ІІІ-класс тармағы. Крокодилдер (Сrосоdіlіа) .
5-отряд. Крокодилдер (Сrосоdilіа) .
ІҮ-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlоnіа) .
6-отряд. Жасырын мойындылар (Сrурtоdіrа) .
7-отряд. Бүйір мойындылар (Рlеurоdirа) .
8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlоnіdеа) .
9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тrіоnусһоіdіае) .
1. КЛАСС ТАРМАҒЫ, ЯЩЕРОГАДЫЛАР НЕМЕСЕ АЛҒАШҚЫ КЕСІРТКЕЛЕР (РRОSАURlА)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz