Сомалық және вегетативтік нерв жүйелері


ЖОСПАРЫ:
1. Орталық жүйке жүйесі
2. Жұлын
3. Ми
4. Шеткі жүйке жүйесі
Нерв жүйесі организм мен сыртқы орта арасындағы қарым-қатынастың реттелуін қамтамасыз етумен бірге органдар мен ұлпалар қызметтерінің үйлесімді жүруін де қамтамасыз етеді. Тұтас жүйесін сомалық және вегетативтік деп екі бөлімге бөліп қарастырады.
Сомалық, немесе анималдық, нерв жүйесі скелет пен кейбір ішкі органдардың (тілдің, көмекейдің, жұтқыншақтың) көлденең салалы бұлшық еттерінің қызметін реттеп отырады.
Вегетативтік, немесе автономиялық, нерв жүйесі барлық ішкі органдарды, сол сияқты эндокриндік жүйені және терінің, тамырлардың, жүрек пен бездердің бірыңғай салалы бұлшық еттерін нервтендіреді.
Сомалық және вегетативтік нерв жүйелері орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Сомалық нерв жүйесінің орталық бөлімін ми мен жұлын құрайды, ал шеткі бөліміне омыртқааралық түйіндер мен шеткі нервтер жатады.
Вегетативтік нерв жүйесінің орталық бөлігі сомалық нерв жүйесінің орталық бөлігінде жайғасқан, ал шеткі бөлігі жұлын мен мидан алшақ орналасқан түіндер мен тораптардан тұрады.
Нерв жүйесінің құрылымдық және функциялық бірлігі нейрон немесе нейроцит болып есептеледі. Нейронның денесін (перикариондр), бір ұзын өсіндісін - аксонды және тармақталған өсіндісін - дендритті, ажыратуға болады.
Нейронның денесінде ядро мен цитоплазма және клеткалық органеллалардың негізгі бөлігі орналасқан. Орталық нерв жүйесінде орналасқан ганглийларды ядролар деп атайды.
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен - бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
Ми бас сүйегінің қуысында орналасқан. Мидың дорзальдық беті дөңес және бір-бірінен бой саңылауымен бөлінген үлкен мидың сыңарынан түзілген. Мидың астыңғы бетінде үлкен мидың төменгі беті мен мишық, ми сабауының төменгі беті толықтай және онан тарайтын 12 жұп нервтері көрінеді. Ми негізінен көпшілік бөлігін маңдай және самай бөліктері, көпір, сопақша ми мишық алып жатады.
Ми ақырғы мидан (теленцефалон), аралық мидан (диенцефалон), орталық мидан (мезенцефалон), көпір мен мишықты және сопақша миды біріктіретін ромба тәрізді миға бөлінетін алдыңғы мидан тұрады.
Адам миының массасы 900г-нан 2000г. Аралығында ауытқиды. Кейбір жануарардың ми салмағы адам миынан басым келеді. Мысалы, пілде-5200г., китте-7000г. Мидың массасы ақыл-ой қабілетінің көрсеткіші емес.
Сопақша ми мен көпірді, ортаңғы және аралық миды қосып ми сабауы немесе бағаны деп атайды.
Сопақша ми бас қаңқасының шүйде сүйегі денсінің құламасында жатады, ромбатәрізді мидың бөлігі сонымен бірге жұлынның өзгерген жалғасы болып саналады: ақ зат пен ақ заттың ішінде орналасқан сұр ядролардан тұрады. Сопақша мидың жұлында кездеспейтін жаңа құрылымы сопақша мидың оливалары. Оливалар дегеніміз - қызметі жануарлардың тік жүруімен байланысты сұр заттың жиынтығы. Оливалар әсіресе адамда жақсы жетілген. Сопақша мидан бас нервтерінің көпшілігі басталады.
Артқы ми көпір мен мишықтан тұрады. Көпір төртінші ми көпіршігінің вентралдық қабырғасынан дамиды. Негізгі бөлігі өткізуші аппарат болып саналады.
Мишық ми сабауына жататын артқы мидың ең үлкен бөлігі. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшық еттердің тонусын реттейтін орталықта орналасқан. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда мишық шала жетілген. Адам мишығы төртінші ми көпіршігінің дорзальдық қабырғасынан дамып бас қаңқасының артқы ми ойпатында төрт төмпешіктің артында сопақша мидың жоғарғы жағында жайғасқан, алдыңғы жағынан үлкен мидың сыңарларымен шектеліп тұрады.
Сүтқоректілермен мен адам мишығы үш негізгі бөліктерден тұрады: филогенетикалық тұрғыдан бұйрығы құртша деп аталатын орталық бөлім мен сүтқоректілерге ғана тән екі сыңарлардан. Мишық сыңарларының қызметі дененің жұп бөлімдері - аяқ пен жұп бөлімдері аяқ пен қолдың қимылымен байланысты.
Ортаңғы ми филогенезде өзгеріске аз ұшыраған және көлемі көп артпаған мидың консервативтік бөлігі. Қақпашық деп аталатын дорзальдық бөлік пен ми сабақтары атты вентральдық бөліктен тұрады. Төрт төмпешік адам миы бағананың ең кшкене бөлігі. Ортаңғы мидың қақпашығын көру мен есту рефлекстерінің орталықтары орналасқан төрт төмпешік құрайды. Қызыл ядромен және одан тарайтын жол омыртқалыларда рептилийден бастап пайда болады.
Алдыңғы ми аралық ми мен ақырғы мидан тұратын мидың алдыңғы бөлімі; қыртысты қабат пен қыртысасты яядролар ақырғы миға жатады, ал таламус, эпиталамус, метаталамус пен гипоталаму аралық миды құрайды.
Аралық ми ортаңғы мидың алдында жайғасқан, жоғарғы жағынан үлкен мидың сыңарлары жауып тұрады. Аралық мидың негізгі бөліктері көру төмпелері, немесе таламус. Адамның көру төмпесінің құрылысы өте күрделі, ядролардың көптеген сандарынан тұрады және ми сабауының басқа бөлімдерімен, жұлынмен, сол сияқты орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлімдерімен - үлкен мидың қыртысты қабатымен және қабықасты ядролармен алуан санды байланыста болады. Көру төмпесі сезімталдықтың, қозғалтқыштың және вегетативтік функциялардың түрліше түрлерінің, атап айтқанда, бет пен аяқ қол бұлшық етерінің қозғалыстарының, тыныс алудың, қан айналысының, тамыр соғысы мен қан қысымының рефлекстік механизмдерінің морфологиялық субстраты болып есептеледі.
Гипофиз шығу тегі әр түрлі және қызметтері де түрліше екі бөліктен тұрады. Алдыңғы бөлігін аденогипофиз, ал сыртқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Оның артқы бөлігі - нейрогипофиз - аралық мидың түбінің өсіндісі ретінде пайда болады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз - ауыз қуысының эктодермалық қақпашығының қалта тәрізді өсіндісінен дамиды. Аденогипофиз нейрогипофизге қарағанда ірі болады және күшті жетілген капиллярлар торымен жабдықталған. Аденогипофиздің үш бөлімі бар: біршама ірі келетін алдыңғы бөлігі, нейрогипофизбен шектесіп жататын аралық бөлігі мен төмпешікті бөлік. Аденогипофиз бездік эпителийден тұрады. Оның клеткалары аденоциттер хромофильді және хромофобты болып бөлінеді. Хромофильді аденоциттер ацидофильді және базофильді болып ажырайды. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше маңызды гормондарды бөледі. Мысалы, дененің өсуі (соматотропин СТГ) мен лактация процесін (пролактин ЛТГ) реттейтін гормондарды, сол сияқты қалқанша бездің (тиреотропин, тиреотропты гормон ТТС), бүйрекүсті бездердің қабық бөлігінің (адренокортикотроп АКТ Г) және жыныс бездерінің (фолликулаларды стимулдаушы гормон - ФСГ және лютейндеуші гормон - ЛГ) жұмыстарын реттеуші тораптық гормондарды бөледі. Нейрогипофиз ешбір гормонды құрамайды. Осы ядролардың нйросекреті гипоталаму - гипофиздік жолдың аксондарымен артқы бөлікке келеді, осы жерде жинаушы нейросекреторлық денешіктерді құрап жиналады да питуициттердің көиегімен нерв ұштарынан артқы бөлікте болатын капиллярлардың қанына өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz