Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-матикатика факультеті
Жаратылыстану ғылымдар кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
5В011300Биология
Орындаған: Сәрсенбай Т
Тексерген: Кубеев М.С, аға оқытушы
Қостанай 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1 Қабыршақ қанатылар отрядына жалпы сиппатама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
4
2 Зиянкесті көбелектер тұқымдастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
2.1. Алма жемірі көбелегі (Cydia pomonella) ... ... ... ... ... ... . ...
6
2.2. Алма күйесі көбелегі (Yponomeuta malіnellus) ... ... ... ... ... ...
6
2.3. Мүр Көбелек(Geometrіdae) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
2.4. Беде қоңыр көбелегі , зығыр қоңыр көбелегі (Chlorіdea dіpsacea) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
2.5. Ақкөбелек (ағылш. Pіerіdae) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
2.6. Долана көбелегі (Aporіa crataegі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
2.7 Жапырақ ширатқыш көбелектер (лат. Tortrіcіdae) ... ... ... ... ..
10
3 Қабыршақ қанаттылар тұқымадастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
211
4 Қабыршақ қанаттылардың өмірлік циклі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
221
5 Бунақденелілердің табиғаттағы және адам үшін практикалық маңызы
24
ҚОРЫТЫНДЫ
229
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
30
КІРІСПЕ
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше: λεPIίς, көне грекше: λεPIίδος -- қабыршақ және көне грекше:PIτερόν -- қанат) - жәндіктер класының бір отряды.
Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі. Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.
Жұмыстың мақсаты - Қабыршақ қанаттылар отрядына жалпы шолу
Жұмыстың міндеті:
Қабыршақ қанаттылар отрядына жалпы сипаттама беру.
Қабыршақ қанаттылар отрядының адам өміріндегі маңызы.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қабыршақ қанаттылар отрядына жалпы сипаттама
Көбелектер, немеесе қабыршақ қанаттылар - жәндіктердің ішіндегі ең танымалы. Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оңтүстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос жалған аяқтары болады. Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі - жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік - жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы. Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т.б. қоректенеді. Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.
Қабыршаққанаттылр отряды
Әр түрлі қанаттылар (Frenata).
Тең қанаттылар (Iugata)
Жақты көбелектер (Lacіnіata);
1-кесте
Қабыршақ қанаттылырды 3 отряд тармағына бөледі: жақты көбелектер (Lacіnіata); тең қанаттылар (Iugata) және әр түрлі қанаттылар (Frenata). Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т.б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мыс., Тянь-Шань аполлоны, өкшелі сұр көбелек, жолақты тораңғы көбелегі, махаон көбелегі, т.б. Қабыршақ қанаттылырдың 1 мыңнан астам түрлері - екпе өсімдіктердің зиянкестері. Олардың жұлдызқұрттары өсімдіктерді жейді. Әсіресе күздік дақылдар және бидай қоңыр көбелектері, дән қоңыр көбелегі, беде, жоңышқа, капуста, күнбағыс қоңыр көбелектерін атауға болады. Қабыршақ қанаттылырдың орман ш-на зиян келтіретін түрлері де көп (қарағай көбелегі, сақина көбелегі, т.б.). Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылырдың табиғатта пайдасы да бар. Мыс., олар гүлді өсімдіктерді, әсіресе, гүлі түнде ашылатын өсімдіктерді тозаңдандырады. Қабыршақ қанаттылырдың кейбір түрінің жібек пілләсі пайдаланылады (тұт, емен, айлант жібек көбелектері).
Көбелектер немесе қабыршақ қанаттылар тобы өкілдеріне тән ең басты ерекшелік - майда қабыршаққтарымен жабылған қос жұп қанаттары. Зәуде ұстай қалғанда, оның ізі адам ұолында шаң-тозаң сияқты қалып қояды. Керемет өрнектермен әдіптелген бұл қабыршақтың түсі мен орналасуына көбелектер қанатының бояу да тәуелді. Бұдан бөлек көбелектердің бірнеше түріне түскен сәулені сындыратын түссіз қабыршақтар біткен , - олар қанатты металл түстес құбылтады. Қанаттардың ашық жоғарғы жағы серігін еліктіруге арналған немесе өздері қонған гүлдердің бояуымен үйлесім табады, кейде ол жауларын үркітіп, көбелектің ул екендігін есіне салады.
Ал қанаттардың төменгі бетінің бояуы пішінімен үйлесіп, демалып отырған көбелектің дұшпан назарына ілігуіне мұрша бермейді. Күйе көбелек қанатын жайғанда тек 3-8 мм құрайды. Көбелектер - толығымен түрленген жәндіктер. Аналық тастаған жұмыртқадан құрттәріздес дернәсілдер (жұлдызқұрттар) қауыз жарады. Жұлдызқұрттар ұзын, бунақденелі болып келеді. Кеудесінде үш жұп аяқтары орналасады. Құрсақтағы бірнеше жұп без жалған аяқтар деп аталады. Ересек дарақтардан өзгешелігі жұлдызқұрттардың ауыз мүшелері кеміргіш сипатта қалыптасқан.Көптеген жұлдызқұрттар өсімдіктермен қоректенеді, бірақ іштерінде жыртқыштары да, жатыпішерлері де ұшырасады. Қомағай жұлдызқұрт тез жетіледі, деміл-деміл түлейді, содан кейін өздерін жібек пілләмен шырмап, дәрменсіз қуыршаққа айналады. Қатыл жабын астында қуыршақтар құпия жайтты бастан өткіреді: бір жасушалар жұлдызқұрт ағзаларын жойып отырса, екіншілері көбелек мүшелерін өрумен болады. Құбылу тамамдалған соң, қуыршақтың терісі сыдырылып,дүниеге жаңа көбелек келеді.
Тұт көбелегі 5 мың жыл бұрын Қытайда қолға үйретілген. Оның пілләлары тарқалады, алынған жіптен жібек маталар тігіледі. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп қолға тиеді.
2 Зиянкесті көбелектер тұқымдастары
Көп жылдық алма бақтарда жемістер мен жидектер көптеген аурулар мен зиянкестермен жиі залалданады. Соңғы жылдардағы өсімдік қорғау шараларының күрт азаюы зиянкестер мен аурулардың сан мөлшері мен зияндылығының өсуіне әкеліп соқтыруда. Алма жемісінің өнімділігі жақсы болуы үшін оларды аурулар мен зиянкестерден қорғай білу қажет. Көптеген зиянкестердің ішінде аса қауіптісі шығыс жеміс жемірі де бар.
Алма жемірі көбелегі (Cydia pomonella)
Алма жемірі (Cydia pomonella) - жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жататын көбелек, әсіресе жеміс ағаштарын зақымдайтын, алма ағашының ең қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең таралған. Түсі қара қоңыр немесе сұр, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 20 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл қызғылт түсті, басы қара болады. Олар алма ағаш діңінде, кеуектерінде бұтақ қабықтары және әр түрлі паналар астында қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектер алма ағашы гүлденуінің аяқталар кезінде ұшып шығып, аналығы жұмыртқаларын (180-ге жуық) бір-бірлеп жапырақтарға, жеміс түйіндеріне салады. Жұлдызқұрт жемістің ішіне еніп, тұқым дәнегін жеп, келесі жеміске ауысады. Зақымдалған алмалар пісуі жетілмей үзіліп түседі, сақтауға жарамайды. Залалсыздандыру шаралары: ағаш бұтағына тор іледі немесе жерге түскен жемісі жиналып алынады, ерте көктемде ағаштың діңі мен бұтақтары ескі қабықтарынан тазартылып, сызаттар мен жарықтар бітеліп, сыпырынды өртеледі. Сондай-ақ жылына бірнеше рет Алма жемірінің жұлдызқұрттары көбелекке айналмай тұрғанда инсектицидтер шашады.(сурет-1)
Сурет 1. Алма жемірі көбелегі (Cydia pomonella)
Алма күйесі көбелегі (Yponomeuta malіnellus)
Алма күйесі (Yponomeuta malіnellus) - ақкіс күйе тұқымдасына жататын зиянды көбелек; жеміс ағаштарын зақымдайды. Батыс Еуропа, Солтүстік Қытай, Корея және Жапонияда, алҚазақстанның солтүстігінен басқа аймақтарда тегіс таралған. Көбелектің алдыңғы қанаттарының үсті үш қатар қара нүктелі күмістей ақ болады, ал артқы қанаттары күл түстес, жиек шашақтары ақшыл келеді. Қанаттарының жайғандағы ұзындығы 8 - 20 мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм, түсі сарғыш, басы қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер екі қатар орналасады. Пілләсінің түсі ақ, ал қуыршағы күңгірт сары. Алма күйесі жылына бір рет көбейеді. Жұлдызқұрттары алма ағашы бұтағы қабығының астында қыстайды.
Көктемде олар тобымен жапырақ тақтасының арасына кеулеп еніп, жас тіндерін кеміріп жеп, тек жапырақ жүйкесін ғана қалдырады. Олар жіпшелерімен жапырақтарды, бұтақтарды шырмап, өрмек ұя жасайды.
Алма күйесінен қатты зақымданған ағаштардың жеміс түйіндері төгіліп, өрт шалғандай болып көрінеді. Жетілген жұлдызқұрттар ақ пілләға оранып қуыршаққа айналады, ол кезең 15 - 20 күнге созылады. Алма күйесінің жұлдызқұрттарын жою үшін жеміс ағашы бүршік жармай тұрып немесе гүлдегеннен кейін инсектицидтер шашады.(2-сурет)
Сурет 2. Алма күйесі көбелегі
Мүр Көбелек(Geometrіdae)
Мүр Көбелек(Geometrіdae), қабыршақ қанаттылар тұқымдасына жатады. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және жалпақ жапырақты ормандарда кездесетін 15 мыңдай түрі белгілі. Қанатын жайғанда ұзындығы 13 - 50, кейде 80 мм-ге дейін жетеді; қанаттары жалпақ, қоңыр сұр, сарғыш түсті, ірілі-ұсақты жолақтармен көмкерілген, кейбіреулері өте ашық ала-құла түстерге боялған. Кейбір түрінің тұмсығы болмайды. Мүр көбелектерде жыныстық диформизм анық байқалады: жылдың салқын кезінде пайда болған көбелектердің аналықтары қанатсыз немесе жетілмеген қанаты болады. Бұлар негізінен кешқұрым, не түнде белсенді тіршілік етеді. Қуыршаққа айналарда топыраққа, қураған ескі жапырақ арасына жасырынады немесе пілләға оранып, ағаш діңіне бекінеді. Көбінесе қуыршақтары, кейде жұлдызқұрттары мен жұмыртқалары қыстап шығып, көктемде ұша бастайды. Мүр көбелектердің көпшілік түрі - орман және жеміс ағаштарына зақым келтіреді. Мүр көбелекке қарсы ағаштарға инсектицидтер бүркіп, көктемде және күзде ағаш түбін қопсытады. Қазақстанда шығыс аймақтарда Мүр көбелек жиі кездеседі.
(3-сурет)
Сурет 3. Мүр көбелек
Беде қоңыр көбелегі , зығыр қоңыр көбелегі (Chlorіdea dіpsacea)
Беде қоңыр көбелегі , зығыр қоңыр көбелегі (Chlorіdea dіpsacea) - қоңыр көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының
зиянкесі. Далалы және орманды-далалы белдемдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұзындығы 30 - 35 см-дей. Көбелек 600 - 700, кейде 1500 жұмыртқа салады. Оны жарып шыққан жұлдызқұрт жасыл не қызғылт сұр түсті (ұзындығы 21 - 40 мм). Беде, зығыр, соя, мақта, кендір, арахис, күнбағыс, темекі, көксағыз, т.б. дақылдардың жапырағын, тұқым бүрін, тұқымын жеп қоректенеді,топырақ арасында (2 - 5 см тереңдікте) қуыршаққа айналады. Одан шыққан көбелек мамыр айының басында (оңт. аудандарында) не аяғында (солт-те) ұша бастайды. Жылына 2 - 3 рет ұрпақ береді.
Негізгі күрес шаралары: Б. қ. к. қуыршаққа айнала бастаған кезде егістікті қопсыту, оның шөбі алынғаннан кейін сүдігер жырту, тех. дақылдар мен бұршақты өсімдіктер себілген жерлерге инсектицид (хлорофос, метафос, т.б.) шашу.(4-сурет)
Сурет 4. Беде қоңыр көбелегі
Ақкөбелек (ағылш. Pіerіdae)
Ақкөбелек (ағылш. Pіerіdae) - қабыршаққанаттылар отрядына жататын ақшыл сары түсті көбелек. Оның дүние жүзінде 100-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 70 түрі кездеседі.
Қанатының ішкі шеті тегіс, бояуы ақ, жайған кезде ұзындығы 55-60 мм, жұлдыз құртының ұзындығы 20-25 мм, денесін барқыт тәрізді түк басқан. Қуыршақ түрінде қыстайды. Қазақстанның барлық облыстарында кең таралған түрлері -- капуста, шалқан, долана ақ көбелегі, Жетісуда сирек кездесетіні -- Ершов көбелегі. Долана ақкөбелегі алма, алмұрт, қара өрік, мойыл, долана ағаштарының көктемде бүршіктерін, жазда жапырағын зақымдайды. Дернәсілдері ағаш діңі мен бұта сабағында, үй керегесінде, дуалдарда қуыршақ күйінде сақталады. Оның жұлдызқұрттарының қысқы ұяларын жинап, өртеу қажет. Қүрес шаралары капуста бас салғанша, жеміс ағаштары бүршік атқанша жүргізіледі.(5-сурет)
Сурет 5. Ақкөбелек
Долана көбелегі (Aporіa crataegі)
Долана көбелегі (Aporіa crataegі) - ақ көбелек тұқымдасына жататын зиянды көбелек. Жер шарында кең таралған. Қазақстанның солт. аймақтарынан басқа барлық жерлерінде кездеседі. Көбінесе долана, алма, алмұрт, алхоры, өрік, т.б. жеміс ағаштарын зақымдайды. Жас жұлдызқұрттары ағаш бұтағына ұя салып, қыстап шығып, ерте көктемде ағаш, бау-бақшаларға тарай бастайды. Жұлдызқұрттары жемір келеді. Олар алғашқыда ағаштың бүршігін, одан соң жапырағын кеміріп, шанағы мен күлтелерін зақымдайды. Әдетте маусым айының 1-жартысында қуыршақтарынан көбелектер ұшып шығады. Олар күндіз ұшып, түрлі өсімдіктердің шірнесімен қоректенеді. Ұрғашылары 20 - 300-ге дейін жұмыртқа салады. Олар 15 - 20 күннен кейін жұлдызқұртқа айналады. Жұлдызқұрттар, әсіресе, көктемде жеміс ағашына үлкен зиян келтіреді. Күрес шаралары: күзде ағаш жапырағы түскеннен кейін, оларды жинап өртейді. Жеміс ағашына түрлі инсектицидтер бүркеді.(6-сурет)
Сурет 6. Долана көбелегі
Жапырақ ширатқыш көбелектер (лат. Tortrіcіdae)
Жапырақ ширатқыш көбелектер (лат. Tortrіcіdae) - қабыршақ қанаттылар отрядына жататын ұсақ көбелек. Далалы және орманды-далалы белдемдер мен Азияның жалпақ жапырақты тропиктік ормандарында, сондай-ақ шөлді аймақтарда кездесетін 5000-нан астам, ал Қазақстанда1000-ға жуық түрі белгілі. Жапырақ ширатқыш көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 8 - 40 мм. Алдыңғы қанаты ашық түсті, ал артқы қанаты сұр түсті келеді. Жасыл, қоңыр не сары түсті жұлдызқұрттары (ұзындығы 10 - 20 мм) өздері түзетін пілләсімен (жібек жіптерімен) өсімдіктің жапырағын орап жатады, көбелектердің аты осыған байланысты қойылған. Бұлардың ішінде өсімдіктің ұлпасын тітіркендіріп, галла (беріш) түзетін де түрлері бар. Жапырақ ширатқыш көбелектердің негізінен жұлдызқұрты қыстап шығады. Бұлардың көпшілігі - уылдырық шаруашылығы мен орман шаруашылықтарының зиянкестері. Мысалы, жеміс жегілері, емен ширатқыш көбелегі, т.б. Күрес шаралары: ерте көктемде ағашты фосфорлы, органикалық, бактериялық препараттармен, әр түрлі инсектицидтермен бүрку керек.(7-сурет)
Сурет 7. Жапырақ ширатқыш көбелектер
Сұркөбелек -- түсі сұрғылт-күлгін кішкене көбелек, оның жұлдызқұрты оңтүстік аудандарда бұршақ өсімдіктеріне зиян келтіреді. Бір көбелек өсімдік жапырағына 600-ге жуық жұмыртқа салады. Жұлдызқұрты қыста жатып, жаздың бірінші жартысында ұшып шығады.
Алма бақ зиянкестеріне қарсы химиялық жолмен өңдеу шараларын жасау қажет. Соңғы уақытта химиялық жолмен өңдеу шаралары жеміс жемірінің бірінші ұрпағының көбелектерінің көптеп ұшу уақытында келесі инсектицидтермен, оның ішінде кинмикс 10%(0,2-0,3 лга), БИ-58 40% (0,8-2,0 лга), шерпа 25% (0,16-0,32 лга), димилин 48% (0,1 лга), Диметоат, 40% к.э. (0,8-2,0 лга) жасалып жүр. Көктемгі жеміс жемірінің саны өте көп болған жағдайда, препараттардың әсер етуіне байланысты 12-18 күннен кейін өңдеу жұмыстарын қайталау қажет. Зиянкестермен залалданған бақтарда күзде және қыс уақыттарында зиянкестерге қарсы агрошаралар жасалуы керек. Ол үшін 20%-дық әктің сұйығына 2%-дық тотыяйынмен немесе топырақтың қоспасымен ағаш-тардың түбін ақтау, зиянкестердің ұялары мен қатып қалған жемістерді жинап алу, ауру және зақымданған бұтақтарды кесу, ағаштардағы жарық пен шіріген тесіктерді бітеу жұмыстарын жасау қажет. Осы шаралардың арқасында жақсы және зиянкестен таза өнім алуға болады.
Раушан жапырақ ширатқышы: жеміс кенесі, дана көбелегі, сақиналы жібек көбелегі, мүр көбелегі, кенелер, егеушілер, бізтұмсықтар және басқа зиянкестер бақтарды бүлдіреді. Алма жеміс жеміріне қарсы химиялық дәрілер қолданылады.
3 Қабыршаққанаттылар тұқымдастары
Жібек көбелегі - қабыршақ қанаттылар отрядының көбелектер тұқымдасы. 20-ға жуық түрі бар. Әсіресе қолға үйретілген түрі - тұт Жібек көбелегінің маңызы зор. Ол Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 4 - 6 см, ақ түсті. Ұрпақ беруіне қарай моно және поливольтинді болып бөлінеді. Жұмыртқасы қыстап шығады. Пілләдан шыға салысымен шағылысады. Ұрғашысы 2 - 3 тәулікте 500 - 700 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 10 - 12 тәулікке созылады. Жұлдызқұрттары жалаңаш, жотасының артқы бөлімінде мүйізгек өскін болады, тұт ағашы жапырағымен қоректенеді. Жұлдызқұрттар қуыршаққа айналар алдында өздерінен бөлінетін жібек талшықтарын піллә құруға жұмсайды. Өте берік, ұзындығы 1000 - 1500 м жібек талшығынан тұратын пілләні 3 тәулікте түзеді. Бұл талшықтар жұлдызқұрттарының өрмек бездерінен бөлінеді. Жібек талшықтары құрамында күрделі Aмин қышқылдарының кешені болуына байланысты өте берік әрі эластик. қасиетке ие болады. Олардан әйгілі Жібек матасын алады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде жібек талшығы 20%-ға көп болады. Қуыршағы 10 тәулікте дамиды. Тұт Жібек көбелегі б.з.б. 3-мыңжылдықта Қытайда қолдан өсірілген. Қазіргі кезде Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Үндіқытай елдерінде өсіріледі. Тұт Жібек көбелегінің пілләсі жібек мата тоқу үшін пайдаланылады. Жібек көбелегінің кейбір түрлері жеміс ағаштарына, ал қарағай Жібек көбелегі және сібір Жібек көбелегі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы қылқан жапырақты ормандарда болады. Өсімдіктерге зиян келтіреді.
Емен жібек көбелегі - жібек алу үшін өсірілетін көбелек. Емен көбелектері Saturniidae тұқымдасының туысына жатады. Қытай емен жібек көбелегі 250 жыл бойы өсірілуде. Жұлдыз құртын еменнің көптеген түрінде өсіреді. Жылына екі ұрпақ береді. Қуыыршықтарын жылылылығы 2°C арнайы үйде қыстатады. Жазғытұрым одан ересек, жайған қанаты 10,5 - 11,5 см ірі көбелек шығады.
Жапонияда Қытай емен жібек көбелегімен қатар орманда тараған Жапон емен жібек көбелегі өсіріледі. Бұның жайған қанаты 15,6 см жұмыртқасы ағаш бұтағында қыстайды. Жылына бір ұрпақ береді, монғол еменінің жапырағымен қоректенеді. Жұмыртқасы қар астында қалған жапырақтарда қыстайды.(8-сурет)
Сурет 8. Емен жібек көбелегі
Тауыскөзділер
Тауыскөзділер немесе сатурниялар, ірі түн және ымырт көбелектер тұқымдасы. Оның ауқымды қалың мамық денесі мен кең барқыт қанаттары әсем ұйлесіп, ортасындағы ашық саңылау кейіпіндегі қара дарақтар сән беріп тұрады.кейде бұл тауыс қауырсындағы көзшелерді еске түссіреді. (9-сурет)
Сурет 9. Тауыскөзділер тұқымдасы
Тауыскөзді - атлас әлемдегі ең ірі көбелектер санатына жатады. Оның алдыңғы қанаттарының ұштары 25 см-ге дейін жетеді. Оның ауқымды қалың мамық денесі мен кең барқыт қанаттары әсем үйлесіп, ортасындағы ашық саңылау кейпіндегі қара дақтар сән беріп тұрады. Кейде бұл тауыс қауырсынындағы көзшелерді еске түсіреді.
Басқа да түнгі көбелектер сияқты, тауыскөзділерде де қауырсынды мұрттар жарасым тапқан. Ол иіс сезу мүшесі болғандықтан, сол арқылы көз байлайтын түнде көбелектер серіктерін тауып, жарастық құрады. Тауыскөзділердің аталықтарының біренеше шақырым қашықтықтан аналықтары сепкен феромондардың иісін қапысыз сезетіні қызықты.
Тауыскөзділердің ірі жұлдызқұрттары тікірейген қылтанға көсіледі, осы үшін құстар мен рептилиялар оны маңалай да алмайды.
Тауыскөзділер 7-10 күн бойы қоректенбейді. Олар өзгелерге өмір беру арқылы өліп отырады. Ал Америкаға бауыр басқан тауыскөзді-аутомерис жұлдызқұрттарының қылдарында улы зат жасырынған, сондықтан абайсыз тиіп кетсеңіз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Алайда улы қылтандардың арасынан қауіпсіз мекен тауып, жайланып жататын ұсақ алау-көбелектің жатыпішер жұлдызқұрттары өз қожайынына қарай жол салып алады. Қуыршаққа айналмай тұрып,тауыскөзділердің балапанары өздерін берік жібек жіптің пілләсімен мұқият орайды.
Шығыс және Оңтүстік Азияны жайлаған тауыскөзді - селенаның қанаттары да ұзын бұрымшамен бітеді. Грек тілінен тәржімалдағанда, "селена" - "ай" дегенді білдіреді, және бұл көбелек өз атауын ай нұрындай әсемдігіне қатысты алған. Калиго тегінен шыққан кейбір тауыскөзділердің қанаттарының екінші жұбында үкінің көзіндей дөңгелене баттиған таңбалар жанарға шалынады. Көбелек тұтқиылдан қауіп төнген сәтте оны көрсетугуе мәжбүр. Және бұл қарумен өз жаулары-құстар мен ұсақ сүтқоректілерді абыржытып тастайды.
Бұлар Оңтүстік-Шығыс Азияның субтропикалық ормандарынан сая тапқан. Дөңгелек көзшелермен бірге оның қанаттары үшбұрышты ашық саңылауға сән беріп тұрады. Тек Мадагаскар аралында ұшырасатын сатурния-құйрықты жұлдызға қатты ұқсайды.
Тауыскөзділер 7-10 күн бойы қоректенбейді. Олар өзгелерге өмір беру арқылы өліп отырады.
Желкеншелер немесе салтаттылар - 700-ден астам түрі таралған ірі күндізгі көбелектер тұқымдасы. Оларға ашық рең мен өзгеше қанаттары көрік беріп тұрады, шетіндегі ғажайып ойықтары немесе ұзын бұрышалары желбірейді. Үлкен қанаттарын қомдаған кезде расында, керілген желкенге ұқсап кетеді.
Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібірдің оңтүстігіне дейінгі аумақта тіршілік ететін Арктикалық аполлон (Parnassius arcticus) да желкеншелерге жатады. Аполлондарды күр көзі әлсіз түсетін қарағай тоғайларынан ұшырастыра алмыз,өйткені осындағы құмды топырақта ғана жасаң(жасаңшөптер тұқымдасына жатады) жайқалып тұрады.Ол жұлдызқұрттар үшін таптырмас азық.Қатер төнгенде махаон жерге құлдилап,жауының көз алдына жеуге жарамсыздығын айғақтайтын қызыл таңбаларды тосады.Дұшпанын зәреқұтын одан сайын ұшыру үшін көбелек қанатының төменгі жағындағы үш аяғымен жантүршілерлік дыбыс шығарады.(10-сурет)
Сурет 10. Махаон
Махаон - біздің көбелектеріміздің ішіндегі ең әдемісі. Кергенде 9 см-ге жететін оның қанаттарының бояуымен сары, қара және көк түстер керемет үйлеседі, артқы қанаты қызыл таңбамен және шағын шошақпен әдіптелген. Желкеншлердің жұлдызқұрттарының басына (бірінші кеуде буынында) шанышқы тәріздес без өсіп шығады. Жайбарақат жатқан кезде тартылып тұрса да, қауіп төнгенде ілгері қозғалып, жыртқышты өткір қолайсыз иісімен үркітіп жібереді.
Махаон қиыр солтүстік аудандарды қоспағанда, Ресейдің барлық пұшпағын мекендейді. Тау бойында 3000 м биіктікте ұшып жүреді. Ит тұмсығы өтпейтін ну орман мен жайқалған шалғындар, бақтар мен саябақтар да олардың құтты қонысы. Бірақ қазір олар да көзден бұл-бұл ұшуда. Бұл көбелектердің аналықтары шатыргүл, зығыргүл, ерінгүлді, күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге жұмыртқа салады. Ана мейірі жұлдызқұрттар азықтан тарықпасын дегенге саяды.
Алкиной немесе Маак махаоны (Қиыр шығысты зерттеуші ресейлік ғалым Р.К.Маак құрметіне аталған) тек Амур аймағы мен Примор өлкесінде ғана кездеседі. Бұл Ресейдегі ең ірі көбелек: көк-жасыл түспен құбылған барқыт қанаттары кең жайғанда 12-15 см-ге жетеді. Ол әдемілігі жағынан тропикалық бір мысқал да кем түспейді.(11-сурет)
Сурет 11. Маак махаоны
Бәңгілер
Қонып отырған бәңгіні барынша ірі шылымтәріздес денесі мен қанатынан байқауға болады. Оның алдыңғы қанаты тар және ұзын, артқы қанаты қысқа және кең болып келеді.
Ал қанат қаққан бәңгіні колибримен шатастырып алып жатады. Басқа көбелектен гөрі Бәңгілер шымшыққа ұқсайтыны қызық. Бәңгілер өте жылдам самғайды, тіпті жылдамдықтары 54 кмсағатқа дейін жетеді. Бұл кезде қанаттарын жылдам қағатыны соншалық, алуан реңмен араласып, жеңіл дыбыс шығарады. Гулге ұшып жеткен бәңгі ауада қалықтап тұрып, ұзын тұмсығын оның түбіне дейін сүңгітеді. Ұзын түтікпен хош иісті темекі, шырайгүл, меңдуананың нәрін сорып алады. Әдетте бәңгілер тозаңдандыратын гүлдердің иісі тунде ерекше аңқып тұрады.
Бәңгілер арасында талғамен боялған ірі түрлері аз емес. Олардың бірі Олеандр бәңгісі, қанатын жайғанда 10 см-ге дейін жетеді. Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 20 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтты. Мұндай көбелек 1903 жылы ашылды. Бұл көбелек Африкада, Жерорта теңізінде, Иранда, Ауғанстанда кең таралған, бірақ кейде жазды күні солтүстікке сапар шегіп, Ресейдің орта белдеуінде де ұшырасып қалады. Тұрақты мекені Каваказдың Қара теңіз жағалауы, мұнда жерорта теңізі олеандрларының көшеттері егілген (олардың жапырақтары жұлдыз құрттарының жеңсік асы болып саналады). Олеандр бәңгісінің ірі жұлдызқұрттарының дене ұштарында мүйіз түріндегі тығыз бездер өседі. Олар ірі ақтаңдақ- көзшелері бар денесін көтере ісініп дұшпандарын үркітеді.(12-сурет)
Сурет 12. Олеандр бәңгісі
Ірі бәңгі Өлі бас осылай аталуының арқасында қу бас пен айқасқан сүйектерді еске салатын сурет орналасқан. Көптеген халықтар осы көбелекке қатысты ырым - тыйымдар шығарып, оны бақытсыздық нышанына балайды. Бұл ащы дауыс шығара алатын бірден бір көбелек. Ол тек қанатымен гуілдеп қана қоймайды, сонымен бірге шиқылдайды да. Жаңадан туған араның аналығы шығаратын дыбысқа ұқсас бұл шиқылға елігіп, бәңгі омартаға адасып кіріп кетеді. Гүл шіресінен бөлек, ол балға да құмар, жүздеген ара ұясынан балды құныға сорады. Бәңгінің көшпелі жәндік екендігі де қызықты: Еуропаның оңтүстігінде дүние есігін ашқан көбелектер Қола түбегіне дейін ұшып жетеді.
(13-сурет)
Сурет 13. Өлі бас бәңгісі
Үкішелер
Үкішілер 30 мың түрден асатын ең мол тұқымдасқа жатады, және бұл санның үзілді-кесілді емес екендігін де ескерейік.Сабалақ денелі түнгі көбелектердің сұры немесе бурыл ұзын топшылары бар.Толқынды және иір сызықты алабажақ суретке қарап кез келген адам оның бекерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz