Сүйектер ұлпасы


МАЗМҰНЫ:
1. Сүйектер туралы ілім
2. Сүйек ұлпасы
3. Осыртқа жотасы
4. Қолдың сүйектері
5. Аяқтың сүйектері
6. Бас сүйек
«Скелет» деген термин гректің скелло - кептірілген деген сөзінен шыққан. Ересек адамның қаңқасы немесе скелеті, сүйектерден тұрады. Шеміршек иілгіштік және серпімелік қажет жерлерде ғана кездеседі. Адам скелеті 208 сүйектен тұрады. Сүйектердің маңызы тірек және қорғаныш қызметтерін атқарумен шектелмейді, сонымкен бірге қозғалыс кезінде рычаг қызметін де атқарады.
Скелет екі бөлікке бөлінеді - бас сүйектен, қабырғалар мен омыртқа жалғасқан жотасы мен төс сүйектен түзілетін осьтік скелеттен және аяқ пен қол сүйектерінен тұратын қосымша скелеттен.
Сүйек омыртқалы жануарларға ғана тән. Біздің скелетіміздің ең берік сүйегі асықты жілік. Ол 1650 кг. салмақты көтереді. Сүйектердің беріктігін темірбетонның беріктігімен салыстыруға болады.
Сүйектердің беріктігін темірбетонның беріктігімен салыстыруға болады.
Тірі сүйек - организмнің өзгеруге бейім құрылымы. Жас кездегі жұмсақ, иілгіштік сүйек өсу процесінің аяқталар кезінде тығызданып қатаяды. Кәрі сүйек ұлпасы бірте-бірте органикалық бөліктерін жойып, әлсіз және омырылғыш келеді. Сүйекте тамырлар мен нервтерболады.
Сүйек - қатты, негізгі затта орналасқан клеткалардан тұратын әктенген дәнекер ұлпа.
Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт.
Остебласт - сүйек ұлпасын түзуші клеткалар.
Остеоцит - бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары.
Остеокласт - көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофактар.
Шеміршек ұлпасында клеткалар иен клеткадан тыс талшықтар, құрылысы жоқ негізгі заттың ішінде орналасқан. Шеміршектердің көр тараған түрі гиалинді шеміршек.
Сүйектер екі әдіспен дамиды: 1. эмбриондық дәнекер ұлпасынан, 2. шеміршектің орнына түзілуінен.
Сүйектердің үлкен кішілігі мен пішінінің алуан түрлі болуы олардың атқаратын қызметіне байланысты.
Пішініне қарай сүйектерді ұзын сүйектер (жіліктер), қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер және аралас пішінді сүйектер деп бөледі.
Омыртқа жотасы хорда мен нерв түтігін белгілі дәрежеде қоршайтын склеротомдардың клеткаларынан пайда болады. Адамның тік жүруінің өзі де омыртқа жотасының пішініне байланысты. Адамның омыртқа жотасының пішіні латынның S әрпі тәрізді. Мойын және бел бқлімдері алға қарай иілсе, кеуде мен сегізкөз бөлімдері артқа қарай иілген. Омыртқа жотасының алға қарай иілуін лордоз деп атайды, ал артқа иілісін кифоз дейді.
Кеуде омыртқаларының саны 12, арқа қанатшалары өсінділері ұзын және көлбей орналасқан, көлденең қанатшалары қысқа.
Бел омыртқаларының саны бесеу. Бел омыртқалары дененің тірегі ғана емес, тұлғаның түрлі бағытта қозғалуын да қамтамасыз етеді, сонымен бірге бұл аймаққа арқаның ең ірі бұлшық еттері бекіген.
Бес сегізкөз омыртқалары бірігіп сегізкөзді құрайды. Сегізкөздің пішіні үш бұрыш тәрізді. Сегізкөз омыртқаларының бір-бірімен біргіп бітісуі 16 жас шамасынан басталып 30жасқа келгенде аяқталады.
Құйымшақ 4 немесе 5рудименттік омыртқалардың қосылып - бітуінен пайда болған. Омыртқа жотасының сегізкөзбен жалғасқан ең соңғы бөлімі. Құйымшақ омыртқаларының бірігуі 12 жастан басталып 25 жаста аяқталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz