ҚҰЙРЫҚСЫЗ ҚОСМЕКЕНДІЛЕР


Қостанай мемлекетік педагогикалық институты
Жаратылыстану - математика факультеті
Жаратылыстану ғылымдар кафедрасы
Мыңбосын Жазира Қасымханқызы
ҚҰЙРЫҚСЫЗ ҚОСМЕКЕНДІЛЕР
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
Көбеев М. С
ж. ғ. м. , аға оқытушы
Қостанай, 2016 ж
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ . . . 3.
II-тарау Құйрықсыз қосмекенділер- Anura . . . 4
2. 1 Құйрықсыз қосмекенділердің ішкі және сыртқы құрылысы . . . 4
2. 2 Құйрықсыз қос мекенділердің систематикалық орны . . . 7
III-тарау Құйрықсыз қос мекенділердің өкілдері . . . 9
3. 1 Дөңгелек тілділер тұқымдасы - Discoglossidae . . . . 9
3. 2 Тарбақалар тұқымдасы - Pelobatidae . . . 10
3. 3 Пипалар тұқымдасы - Pipidae . . . 10
3. 4 Құрбақалар тұқымдасы - Bufonidae . . . 11
3. 5 Бақылдауық бақалар тұқымдасы - Hylidae . . . 15
3. 6 Нағыз бақалар тұқымдасы - Ranidae . . . 16
IV-тарау Құйрықсыз қосмекенділердің маңызы . . . 19
4. 1 Құйрықсыз қосмекенділердің маңызы . . . 19
4. 2 Бақа уының ерекшеліктері . . . 20
V ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
VI ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24
КІРІСПЕ
Құйрықсыз қосмекенділер ( Anura , Salientia немесе Ecaudata ) - қосмекенділер класының бір отряді. Мұның 1600-ден астам түрлері бар. Омыртқа құрылысына қарай құйрықсыз қосмекенділер 5 түрлі отряд тармақтарына бөлінеді.
Бұл отрядқа бақалар, құрбақалар, бақылдауық бақа кіреді. Әсіресе құйрықсыз амфибилер тропикалық елдерде көбірек кездеседі, көптеген түрлері ағаштарда өмір сүреді. Құйрықсыз қосмекенділерге тән ерекшеліктері:
1) дене пішіні құйрықсыз.
2) алдыңғы және артқы аяқтары жақсы жетілген.
3) артқы аяқ саусақтары жақсы дамыған алдыңғы аяқ саусақтарына қарағанда, сондықтан жер бетінде секіріп қозғалады.
4) Омыртқалары процелді.
5) Нағыз қабырғалары болмайды.
6) Маңдай және төбе сүйектері, шынтақ және білек сүйектері, асықты жілікпен оның шыбығы бірігіп кеткен.
7) Дабыл қуысы дұрыс дамыған.
8) Ересектерінде сыртқы және желбезек саңылаулары болмайды.
9) Ұрықтануы сыртта болады.
10) Копулятивті мүшесі болмайды.
Олардың басқа қосмекенділерден айырмашылығы көп. Дүние жүзіне көптеген тұқымдастары таралған солардың кейбіреулері, яғни дөңгелек тілділер, тарбақа тұқымдастары, құрбақалар тұқымдасы және тағы басқа тұқымдастарымен олардың ерешеліктерімен, түрлерімен танысамыз .
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: студентерді құйрықсыз қосмекенділермен таныстыру, олардың басқа қосмекенділерден айырмашылығын және ұқсастықтарын көрсету, барлық мүмкін болған тұқымдастары, түрлерімен таныстыру олардың ерекшеліктерін көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, Ш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .
- тарау Құйрықсыз қосмекенділер- Anura
2. 1 Құйрықсыз қосмекенділердің ішкі және сыртқы құрылысы
Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. . Дене тұрқы 2 - 3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдандырып, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады[1] .
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құралады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.
Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған.
1-сурет. Бақаның қанқасы
Скелетіне тән ерекшеліктері: омыртқалары процельді, нағыз қабырғалары болмайды, маңдай және төбе сүйектері, шынтақ және білек сүйектері, асықты жілікпен оның шыбығы бірігіп кеткен. Жоғарыда айтылған қозғалу ерекшеліктеріне байланысты осы көрсетілген сүйектері ғана емес, сонымен қатар аздап та болса білезік және толарсақ сүйектері де кірігіп кетеді(1-сурет) . Дабыл-қуысы дұрыс дамыған. Ересектерінде сыртқы және желбезек саңылаулары болмайды. Сыртқы ортада ұрықтанады. Копулятивтік органы болмайды[3] .
Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады.
Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Құрлықта атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды.
2- сурет . Бақаның ішкі құрылысы:
1-жүрек; 2-ұйқы безі; 3-бауыр; 4-қарын; 5-аш ішек; 6-тоқ ішек; 7-клоака; 8-қуық; 9-несеп ағар; 10-бүйрек; 11-аналық без; 12-өт; 13-өкпе.
Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшаға келіп аяқталады
Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған. Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған. Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады[5] .
Қосмекенділер - дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Құйрықсыздардың еркектерінде алдыңғы аяқтарының саусақтарының ішкі бетінде сүйелденген төмпешіктер өседі, осы төмпешіктер арқылы еркектері шағылысқан кезде, ұрғашыларына бекім жабысады. Кейбір түрлерінде мұндай “күй сүйелі” денесінің басқа бөлігінде де болады. Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен арқасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады. Дернәсілдері түрленіп дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөмішбалық немесе иттабан; деп атайды. Олардың жұмыртқалары су өткізбейтін қабықшамен қапталған. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8-10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жүтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады[1] .
Өмір сүру ұзақтығы. Табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайсыз жағдайларынан ұрықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштар мен паразиттерден де азап шегеді. Табиғатта олар көп жасамайды, 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы: құрбақа 20 жыл, көлбақа 10 жыл өмір сүреді[6] .
2. 2 Құйрықсыз қосмекенділер отрядының систематикалық орны.
Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер
Salientia
-
Anura
- құйрықсыз қосмекенділер, құйрықсыздар
Amphicoela
[Ascaphidae + Leiopelmatidae] - амфицельдіктер
Opisthocoela
- опистоцельдіктер
Anomocoela
- аномоцельдіктер
Procoela
- процельдіктер
Diplasiocoela
- диплазиоцельдіктер
Archaeobatrachia
Ascaphidae
Leiopelmatidae
Discoglossoidea
Discoglossidae
- дөңгелек тілділер, дөңгелектілер
Bombinatoridae
Bombina bombina
- қызылбауыр шұбар бақа, қызылқұрсақ жайынауыз
Pelobatidae
- тарбақалар тұқымдасы, сарымсақшылар тұқымдастар
Pelobates fuscus
- кәдімгі тарбақа, кәдуілгі сарымсақшы
Pelodytidae -
Pelodytes caucasicus
-
Pelodytes punctatus
- теңбіл бақа
Pipidae
- пипалар тұқымдасы
Pipa pipa
- кәдімгі пипа, Суринам пипасы
Hymenochirus
- африкалық құрбақа
Rhinophrynidae
Scaphiopodidae
Neobatrachia
Myobatrachidae
Pseudophryne
- австралия құрбақасы, псевдофрина
Bufonidae
- құрбақалар тұқымдастар, құрбақа тұқымдасы
Bufo bufo
- кәдімгі құрбақа, сұрғылт құрбақа
Bufo viridis
- жасыл құрбақа
Bufo oblongus (B. danatensis)
- Даната құрбақасы, Данатин құрбақасы
Bufo calamita
- қамыс құрбақасы
Bufo raddei
- моңғол құрбақасы
Bufo gargarizans
- Қиыр шығыс құрбақасы
Bufo pewzowi
- Певцов құрбақасы
Nimbaphrynoides occidentalis
- туатын құрбақа
Craugastoridae
Cycloramphus
- Оңтүстік Америка құрбақасы, циклорамфус
Hemiphractidae
Gastrotheca
- қалталы бақылдауық бақа, бақылдауық қалталы бақа
Hylidae
- бақылдауық бақалар тұқымдасы
spp. - бақылдауық бақа, орман бақасы
Hylinae -
Hyla arborea
- кәдімгі бақылдауық бақа
Hyla japonica
- Қиыр Шығыс бақасы
Agalychnis callidryas
- қызыл көзді бақылдауық бақа
Rhinodermatidae - ринодермалар
Rhinoderma darwinii
- Дарвин ринодермасы
Dendrobatidae
Phyllobates
- жапырақ бақа
Brevicipitidae
Rhacophoridae
Arthroleptidae
Trichobatrachus robustus
- түкті бақа
Conrauidae
Conraua goliath
- голиаф бақасы
Ranidae
- нағыз бақалар тұқымдасы, бақа тұқымдастар
Rana temporaria
- шөпбақа ~ шөп бақа, шөп көлбақасы
Rana arvalis
- сүйіртұмсық бақа, сүйріктұмсық бақа, бізтұмсық бақа,
Rana amurensis
- Сібір бақасы, сібірлік бақа, Сібір көлбақасы
Rana asiatica
- қызылаяқ бақа
Pelophylax ridibundus (Rana ridibunda)
- көлбақа, көлшік бақасы
Pelophylax
kl.
esculentus
[
P. lessonae
×
P. ridibundus
] - тоспа бақасы
Pelophylax lessonae
- су бақасы
Bombina тегі
Қызыл бауыр шұбар бақа (лат. Bombina bombina ) - Орал өзенінің алабы, төменгі ағысынан басқа.
- Pelobatidaeтұқымдасы
Тарбақа тегі (лат. Pelobates )
Кәдімгі тарбақа (лат. Pelobates fuscus )
- Құрбақалар тұқымдасы (лат. Bufonidae)
Bufo тегі
Кәдімгі құрбақа (лат. Bufo bufo )
Жасыл құрбақа (лат. Bufo viridis )
Данатин құрбақасы (лат. Bufo danatensis )
- Нағыз бақалар тұқымдасы (лат. Ranidae)
Rana тегі
Шөпбақа (лат. Rana temporaria )
Сүйіртұмсық бақа (лат. Rana arvalis )
Сібір бақасы (лат. Rana amurensis )
Қызылаяқ бақа (лат. Rana asiatica )
Көлбақа (лат. Rana ridibunda ) [10] .
III - тарау Құйрықсыз қосмекенділердің өкілдері
3. 1 Дөңгелек тілділер тұқымдасы - Discoglossidae .
Д ө ң г е л е к т і л д і л е р т ұ қ ы м д а с ы (лат. Discoglossidae) -тілі дөңгелек келеді. Бұлар Евразияға және Солтүстік Америкаға тараған. Біздің фаунамызда жерлянха (Воmbіmа) деген, ұзындығы 5 см болатын кішкене бақа кездеседі. Арқа жағы қара түсті, ал құрсақ жағы айқын түсті қоңыр және қара дақтары болады. Тері бездерінің секреті күйдіргіш. Ұсақ су қоймаларында, қақтарда тіршілік етеді. СССР-дің Европалық бөлігінің ортаңғы ендігінде Қиыр Шығыстың оңтүстігіне таралған.
Осы тұқымдасқа, батыс Европада тараған, ұзындығы 5 см болатын, солғын сүр түсті кұрбақа - Певитуха (Аіуtез) жатады. Күндіз бөренелердің, ағаштың, тастардың астына тығылып жатып, қорегін түнде аулайды.
Қызыл бауыр шұбар бақа (лат. Bombina bombina) - Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер отряды, дөңгелектілер тұқымдасының жалғыз өкілі. Арқасы жасыл немесе қара дақтары бар сұр түсті, құрсақ жағы қаракөк дақтары бар қызғылт не ашық қызғылт түсті, дене пішіні кішілеу бақа (ұзындығы 3-5см) . Еуропада кең таралған. Қазақстанда тек Жайық өзенінің аңғарында кездеседі. Мұнда ол ағынсыз сулар, ұсақ шұңқырлар, бақшалар, тағы басқа жерлерді мекендейді. Су беті өсімдіктері көп, түбі лай жердерді ұнатады. Бұл бақаның бүкіл өмірі суда өтеді, судан тек түнде және таңсәріде шығады. Ешқашан судан алысқа кетпейді. Ең ұзақ, алыс кететін уақыты -күз. Қызыл бауыр шұбар бақаның судан 0, 5 км-де қыстайтын шұңқыры болатындығы белгілі. Басқа құйрықсыз қосмекенділерден айырмашылығы-уылдырығын топтамай, жеке-жеке не 2-12 уылдырықтан тастайды, уылдырық тастау уақыты мамырдың басы. Аталықтары осы кезде өздеріне тиіс “уу…уу” не “унк…унк” деген қатты дыбыстарын шығарады, 2-3 рет қайталайды және 2 км қашықтықтан жақсы естіледі. Аталықтары өте ерте шығатын дернәсілдерінің метаморфозы біткенше, маусымның аяғына дейін дыбыс шығарады. Ересектері су жәндіктерімен, ал итшабақтары балдырларымен қоректенеді. Бұл бақаның ерекшілігі -сүтқоректі жануарлардың сілекей қабығын қатты күйдіретін, терісінен улы шырыш бөліп шығарады. Сүтқоректілер мен құстарды шаққанда, олардың тыныс алуын әлсіретіп, бұлшық еттерін жансыздандырады. Сондықтан қызыл бауыр шұбар бақаны ешқандай аң, құс, балық жемейді[8] .
Көбеюі ерекше қызық, ұрғашысы ұзындығы бір метрге жуық бір-біріне жабысып жатқан жіп шумағы секілді 50 шақты жұмыртқа салады. Уылдырықтарын ұрықтандырған соң, еркегі оларды артқы аяқтарына орап алып, судан шығып, дымқыл, көлеңке жерде болады. 17 - 18 күннен кейін ол қайтадан суға келеді. Осы уақыт ішінде дамыған личинкалар жұмыртқадан шығып басқа бақалардың личинкаларындай суда тіршілік ете бастайды.
3. 2 Тарбақалар тұқымдасы - Pelobatidae
Т а р б а қ а л а р т ұ қ ы м д а с ы (лат Pelobatidae) - Еуропа қосмекенділерінің бір өкілі. Дене пішіні орташа келеді, ұзындығы шамамен 5 - 8 см. Бұлар құрлықта қалың шөптер арасын, шұңқыр, ағаш тамырлары арасын және кішкентай аңдардың індерін паналайды. 60 - 70 см тереңдіктегі ағын суларда уылдырықтарын шашады. Тарбақаның өзіндік ерекшелігі 1, 5 м тереңдікке дейін жерді артқы аяғымен қазып, қыс бойы тығылып жатады.
Кәдімгі тарбақа Батыс Қазақстан облысында мекендейді. олардың дене тұрқы 70-80 см, реңі сары-қоңыр, ашық сұр түсті ірі немесе ұсақ дақтары бар, қызыл ноқатты болып келеді. Күндіз інінде тіршілік етеді, түнде қорегін аулайды. Тарбақалардың құрбақалардан негізгі ерекшелігі- тарбақа терісі біртегіс болады.
3. 3 Пипа тұқымдасы - Pipidae
П и п а ( лат. Pipidae) - құйрықсыз қос мекенділердің бір тұқымдасы.
Биологиялық сипаттамасы. Кәдімгі Пипа және шпоралы бақалар деген 2 туысқа бөлінеді. Кәдімгі Пипалардың 5 түрі бар. Пипаның ең ірі түрі суринам Пипасы (Pipa Pipa) . Денесі жалпақ, шырышты, тұрқы 20 см-ге дейін, арқасы жасыл сары, кейде қара қоңыр, бауыры ақшыл не ақ теңбілді. Алдыңғы аяғы төрт саусақты, саусақ аралықтары жарғақсыз, артқы аяқтары жуан және алдыңғы аяғынан ұзын, 5 саусақты, саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар, арқа терісі қатпарлы, көзі кішкене. Пипа көбіне Оңтүстік Америка суларында таралған. Пипа жұмыртқасын (40-114) арқасындағы, қан тамырлары көп, тереңдігі 10-15 мм тері ұясына салады. Пипа жұмыртқа сының диаметрі 6-7 мм, салмағы 2, 95-3, 35 г, жұмыртқадан 80-85 күнде жас бақа өсіп жетіледі. Пипа әр түрлі құрт, моллюск, өрмекші тәрізділер, бунақденелілер, балық уылдырығы және тұқымымен(личинкасымен) қоректенеді[5] . Түрлер: Pipa arrabaliPipa aspera
Pipa carvalhoi
Pipa myersi
Pipa parva
Pipa pipa - Кәдімгі пипа (L. )
Суринам пипасы (лат. Pipa pipa) - пипалар тұқымдасына жататын Бразилия, Гайана, Суринамда кездесетін тілі де, тісі де жоқ құрбақа. Негізгі сипаттамасы. Дене тұрқы- 20см, дене пішіні 4 бұрыш тәрізді, басының алдыңғы жағы үшкірленіп тұлғасымен тұтасып кеткен. Алдыңғы аяқтары жіңішке, 4 саусақты, саусақтарының арасынды жарғақтары болады. Реңі сарғыш, кейде күңгірттеу қоңырқай түске айналады. Құрсақ жағы ақшыл дақты, қара жолақты болады. Суринам пипасы көбінесе тіршілігін суда өткізеді, алайда терісі мүйізденген, өкпесі жақсы жетілген. Пипалар жер суаратын каналдарда, егістік алқаптарда кебе бастаған шалшшық суларда кездеседі. Нөсер жаңбырларда ормандарды су басса да сол суларда тіршілік ете береді[10] .
Көбею. Пипалар іштей ұрықтанады. Аналық пипаның клоакасы жұмыртқа салғыш үлкен қалта тәрізді. Арқасында тереңдігі 10- 15 мм- дей ұяшықтары бар. Ұяшықтардың арасын бөліп тұрған пердесі өте жұқа және қантамырлары көп болады. Уылдырықтары 6- 7мм, сарыуызға өте бай. Аталық пипа аналық пипаның жұмыртқа салғышын үстінен басқан кезде уылдырықтары ұяшықтарға түседі. Ұяшықтардың беті уылдырықтың қабықшасынан түзілген тері қақпақшамен жабылады. Аналық пипа 40- тан 114- ке дейін уылдырық шашады. Уылдырықтан 82 күнде жас пипалар дамып ұяшықтардан сыртқа шығады. Аналық пипа жыртылған ұяшықтардың жалбырап қалған қалдықтарынан тас немесе басқа қатты заттарға үйкеп түсіреді. Осыдан кейін түлейді, орнын жаңа терімен ауыстырады.
3. 4 Құрбақалар тұқымдасы - Bufonidae
Қ ұ р б а қ а т ұ қ ы м д а с ы. Құрбақа ( Bufonidae) - құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді) . 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан. Қазақстанда құрбақаның 3 түрі: кәдімгі Құрбақа (Bufo bufo), жасыл құрбақа(Bufo vіrіdіs) және даната құрбақасы кездеседі. Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі құрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құрбақалар денесі кеппеу үшін, күндіз орман төсенішінің астына, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшаңмен, т. б. қоректенеді. Індерде, тұрғын үй астында, қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Наурыздың аяғы - мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Аталықтары үш, аналықтары төрт жасында жыныстық жағынан жетіледі. 3 - 5 м-ге жететін уылдырық (1200 - 7000 мыңға жуық) жіпшелерін суға салады. Итшабақ 50 күндей дамып, ұзындығы 30 - 32 мм-ге жетеді. Құрбақалар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Денесі 2 ден 25 см дейін. Көпшілік түрлерінің тістері жоқ. Денесі жалпақ, ауыр, аяқтары кысқа тырнақтары қарапайым, дискісіз. Антарктидан басқа барлық жерде 21 туыстың 300-дей түрі таралған. Ең қарапайым түрі Африкада таралған тірі туатын Қ., (Nectophyrinoides туысы) . 200-ден астам түрі Bufo туысынан. Көз қарашығы горизонтальді орналасқан, көздің артқы жағында, ірі құлақ маңы улы бездері орналасқан, артқы аяқтарының саусақ аралығы жартылай жүзу жарғағымен қосылған, арқасында тұтас өте ұсақ улы бездері бар. ТМД-да 4 түрі таралған. Ең кең таралған түрі кәдімгі немесе сүрғылт Қ., (В. bufo), ұзындығы 20 см, орманды және далалық аймақтарда кездеседі. Жасыл Қ., (В. viridis), ұзындығы 14 см, орманды, далалық аймақтарымен тауды, (4500 м) мекендейді. Қамыс Қ., (В. calamita), ұзындығы 8 см, ол Прибалтика, Беларусияда және Украинада кездеседі Қ. құрлық жануарлары. Суда жүзе алмайды, баяу қозғалады. Кешқұрым белсенділігі артады. Қорегі, омыртқасыздар. Кұрлықта кыстайды. Көпшілік түрлері суда көбейеді. Ұрғашылары 1200 ден 7000 дейін жұмыртқа салады. Оңтүстік Америка құрбақасынын. ( В. marinus) уымен жергілікті қалың садақ оқтарын уландырады. 6 түрі ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген, ал қамыс Қ. КСРО-ның Қызыл кітабында[1] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz