Өндірістің экономикалық тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ќазаќстан б‰кіл єлемдік сауда йымыныњ ќатарына м‰ше болып кіруде. єлемдік нарыќтаѓы к‰рес бизнесті бєсекеніњ жања жаѓдайларына бейімделу ќажеттілігін кµрсетеді, яѓни б±л кездегі кєсіпкерлік ќызметтіњ бєсекеге ќабілеттілігі, µндірістіњ тиімділігін жоѓарлатумен соныњ ішінде материалдыќ, ењбектік жєне ќаржылыќ ресурстардыњ єрбір бірлігініњ ќайтарымдылыѓын жоѓарлату, негізгі µндірістік ќорларды тиімді ќолдану арќылы кµрінеді. Б±л мєселені шешуде µндірістіњ тиімділігін жоѓарлатудыњ негізгі факторы ретінде ењбек µнімділігініњ т±раќты µсу ќарќынын жоѓарлатуды алдыњѓы жолѓа ќойды.

Кез-келген меншік формадағы кєсіпорын ‰шін єрт‰рлі ќ±ндыќ жєне натуралды кµрсеткіштермен сипатталған шаруашылық әрекетінің соңғы нәтиже эффектісін ескере керу өте маңызды. Бірақ, соңғы нәтиже нақты және затталған еңбектің, оған жетудегі шығындармен салыстырмайынша, кәсіпорынның даму болашағымен ағымды жағдайына толық баға бере алмайды.

Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігі категорияларының арақатынасына әртүрлі көзқарастар бар: бір экономистер оларды бір ұғымда деп, кейбіреулері еңбек өнімділігіне қарағанда өндіріс тиімділігін кең мағынада деп санайды, ал үшіншілері кері көзқараста.

Бұл екі экономикалық категориялар бір тектес, бірақ бір ұғым емес. Өндірістің тиімділігі келесі факторлардан құрылады: нақты еңбекті үнемдеу, капиталды салымдармен табиғи реурстарды, ағымдағы негізгі және айналым қорларын үнемдеу. Кең мағынада тиімділік сөзі қоғамдық өндірістің барлық фазаларын қамтиды. Егер де нақты және затталған еңбектің ағымды жиынтық шығындары ғана алынса, бұл кезде өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен сәйкес келеді.

Өндіріс тиімділігімен еңбек өнімділігінің өзара байланыстылығын қарастыру үшін, қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділік мәселелерін түсінудегі алғы шартарды ескеру қажет.

«Өндірістің экономикалық тиімділігі» категориясы барлық өндірістік процеспен анықталады. Экономикалық тиімділіктің өзгеруіне өндірістік қатынастар және оларды білдіретін өндірістің, бөлудің, айырбастау мен тұтынудың экономикалық заңдылықтары әсер етеді. Бірақ та экономикалық тиімділіктің динамикасына шешуші болып өндіріс процесі тура әсер етеді.

Өндіріс тиімділігін жоғарлатып отыру үшін, жұмыскермен өндірілген өнім материалды-өндірістік шығындармен және оған төсенетін еңбек ақыны үнемдеумен қоса жүруі қажет. Көрсетілген заңдылықтарды әрбір ағымды кезеңде іске асыру, әрбір келесі сатыда еңбек өнімділігінің өсімше қарқындылығын жылдамдату және тұрақтандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың құруын қамтамасыз етеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігінің арасында өзара байланыс пен өзгешеліктер анықталады, және де өндірістің тиімділігі өзгерісіндегі нақты еңбек өнімділігінің динамикасына ерекше роль беріледі.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты ол қазіргі кәсіпорынның еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін жоғарлатудың күрделі және кешенді мәселелерін зерттеу, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін жоғарлату бойынша кешенді қолданылатын ұсыныстарды тағайындау және олардың өсу факторларының барлығын қарастыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер тұжырымдалды :

  1. Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің маңызды критерийлері мен мазмұнын ашу.
  2. Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау.
  3. Кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижесіне және де негізгі капиталдың, айналым капиталының және жұмыс күшінің тиімді қолдануына талдау жүргізу.
  4. Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстарды қарастыру.

Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша және қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үшке бөлінген.

Бірінші бөлімде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің маңызды түсініктері, олардың ішкі және сыртқы факторларының тәуелділігін және еңбек өнімділігімен өндіріс тиімділігінің өзара байланыстылығы мен өлшеу әдістемелерін қарастырады.

Екінші бөлімде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер талданады. Бұл кездегі көрсеткіштерді талдауда детерминациялық факторы басты орын алады.

Үшінші бөлімде кәсіпорында жүргізілген талдаудың негізінде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін жоғарлату бойынша кешенді ұсыныстар берілген.

Қорытындысында дипломдық жұмыстың басты тұжырымдары көрсетілген.

1 Еңбек өнімділігі - өндіріс тиімділігін жоғарлатудың маңызды факторы

  1. Өндірістің экономикалық тиімділігі мен еңбек өнімділігінің өзара байланыстылығы

Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігі категорияларының арақатынасына әртүрлі көзқарастар бар: бір экономистер оларды бір ұғымда деп, кейбіреулері еңбек өнімділігіне қарағанда өндіріс тиімділігін кең мағынада деп санайды, ал үшіншілері кері көзқараста.

Бұл екі экономикалық категориялар бір тектес, бірақ бір ұғым емес. Өндірістің тиімділігі келесі факторлардан құрылады: нақты еңбекті үнемдеу, капиталды салымдармен табиғи реурстарды, ағымдағы негізгі және айналым қорларын үнемдеу. Кең мағынада тиімділік сөзі қоғамдық өндірістің барлық фазаларын қамтиды. Егер де нақты және затталған еңбектің ағымды жиынтық шығындары ғана алынса, бұл кезде өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен сәйкес келеді.

Өндіріс тиімділігімен еңбек өнімділігінің өзара байланыстылығын қарастыру үшін, қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділік мәселелерін түсінудегі алғы шартарды ескеру қажет.

«Өндірістің экономикалық тиімділігі» категориясы барлық өндірістік процеспен анықталады. Экономикалық тиімділіктің өзгеруіне өндірістік қатынастар және оларды білдіретін өндірістің, бөлудің, айырбастау мен тұтынудың экономикалық заңдылықтары әсер етеді. Бірақ та экономикалық тиімділіктің динамикасына шешуші болып өндіріс процесі тура әсер етеді.

Өндіріс тиімділігі өндірістік емес салалардың қызмет ету тиімділігі мен дамуы өзара байланысты. Өндірістік емес сфераның тиімділігі өндірістің өсуіне және тиімділіктің жоғарлауына деген әсері негізінен өндіріс емес сфераның материалдық өндіріс жұмыскерлерін дамыту арқылы іске асырылады. Бұл әсер екі бағыт арқылы көрінеді:

а) еңбек күшінің сапалы көрсеткіштерін дамыту (білім, кәсіби дайындық, денсаулық жағдайы және тағы басқалар) ;

б) бос уақытты тиімді қолдану. Өндірістік емес сфераның кешенді салаларының дамуы мен камтамасыздандырылған бос уақыттың колданылу тиімділігінің деңгейін жоғарлату еңбек өнділігінің өсуіне және өндірістің тиімділігін жоғарлатуға, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлерінің жан-жақты дамуына пайдасын тигізеді.

Сөйтіп, өндіріс тиімділігі уақытты үнемдеу заңының басты формасы және категориясы ретінде ғана емес, нақты және атқарылған еңбекті, өндіріс процесін және де ұдайы өндірістің басқа да деңгейлерін үнемдеуге әсерін тигізеді.

Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділік категорияларының сандық айырмашылығында айта кеткені жөн. Егер еңбек өнімділігі немесе өндірім өндірістік өнімнің және оны жасаумен айналысатын жұмыскерлердің санына қатынасы мен білінсе, онда экономикалық тиімділік, өндіріс өнімінің коғамдық еңбектің жалпы немесе жиынтық шығындарының қатынасымен анықталады.

Жиынтық қоғамдық өнімді жасауда еңбек шығындарының келесі түрлері қатысады: материалдық өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің нақты еңбегі; атқарылған еңбек шығындарының екі түрі:

а) материалды-өндірістік шығындар, басқаша аталатын тұтынушылық шығындар;

б) негізгі және айналымдық өндірістік табыстар, басқаша айтқанда қолданылатын немесе авансталған қоғамдық еңбек шығындары.

Еңбек процесінің нәтижесі ол нақты және затталған еңбектің күрделі арақатынасының салдары болып табылады, бірақ қоғамдық өндірістің тиімділік қарқыны бәрі-бір еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен анықталады.

Еңбек өнімділігінің өсу қарқынына әсер ететін шығындардың түрлеріне сәйкес, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын келесі коэффициенттердің динамикасының өзара байланысы ретінде: еңбектің қор қарулануымен; материалдық қарулануымен (бір жұмыскерге есептегендегі материалды-өндірістік шығындар) ; бір жұмыскерге есептегендегі еңбек ақының төленуімен көрсетуге болады. Затталған еңбек шығындарының нақты еңбек өнімділігінің қарқынына әсері әр түрлі. Еңбектің қор қарулануының өсуі, техникалық процесстің материалды-заттық көрісінің формасы ретінде және еңбек өнімділігі өсімшесінің қарқынын жылдамдататын құралы болып табылады. Осы коэффициенттердің арақатынасының заңдылығы, ол еңбек өнімділігінің өсу қарқынының, оның қор қарулануының өсу қарқынынан озуы болып табылады. Осы жағдайда ғана өндірістің өсуі негізгі өндірістік қорлардың өсуінен озып отырады.

Өндіріс тиімділігін жоғарлатып отыру үшін, жұмыскермен өндірілген өнім материалды-өндірістік шығындармен және оған төсенетін еңбек ақыны үнемдеумен қоса жүруі қажет. Көрсетілген заңдылықтарды әрбір ағымды кезеңде іске асыру, әрбір келесі сатыда еңбек өнімділігінің өсімше қарқындылығын жылдамдату және тұрақтандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың құруын қамтамасыз етеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігінің арасында өзара байланыс пен өзгешеліктер анықталады, және де өндірістің тиімділігі өзгерісіндегі нақты еңбек өнімділігінің динамикасына ерекше роль беріледі.

Экономикалық тиімділіктің мәселелерін шешуде затталған еңбекті үнемдеудің маңыздылығы көптеген жұмыстарда көрсетілген. Осыған қоса заталған еңбекті үнемдеу, адамның іс-әрекеті және нақты еңбекті үнемдеуден жеке қоспай қарастырылады. Сол аралықта затталған еңбекті үнемдеу нақты еңбектің іс-әрекеті және оның өнімділігінің өсуі арқылы ғана орындалады. Затталған еңбек шығындарындағы өзгерістерді көрсететін өнімнің материалдық және қор сыйымдылығының коэффициенттерін жоғарлату немесе төмендету нақты еңбектің белсенділігінің жоғарлауының немесе төмендеуінің нәтижелері болып табылады. Нақты еңбек өнімділігінің өсу қарқынының жеткіліксіздігі өндірістің жоспарланған көлемін алу үшін жұмыс бастылықты ұлғайтуды қажет етеді, яғни елдегі еңбек балансының шиеленісуіне және еңбек күшінің жетіспеушілігінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Затталған еңбекті үнемдеу нақты еңбектің сапалы нәтижелілігі, өнімділігі және белсенділігі арқылы іске асырылады. Өз ретінде нақты еңбекті үнемдеу, затталған еңбектің сапасы мен өте жоғары өнімділіктің салдары болып табылады. Затталған еңбектің техникалық, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері де адаммен анықталады. Сапасыз шикізат немесе жабдықтарды қолдану кезінде, өз жұмысына мүдделі, жоғары маманданған адамнан да экономикалық және әлеуметтік тиімді нәтижені тосу ойға сыймайды. Кері жағдайда да нәтиже сол қалпында қалады.

Экономикалық тиімділікті жоғарлатудың мәселелері - бұл сапалы тәртіп мәселелері, барлық жағдайларда бәрі-бір адамның өзінің “сапалылығымен”, оның білімділігімен және арнайы дайындығының деңгейімен, еңбекке қатыстылығымен еңбекке түрткі болған мотивациямен анықталады. ҒТП жетістіктерін іске асырудың экономикалық тиімді жағдайы болып ылғида еңбек күшінің ҒТП деңгейіне “сапалы” сәйкестігі шығады.

Қазіргі өндірістің сапасы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде жеке бас факторларының ролі өсуі, адамның сұраныстарына, рухани сұраныстарын кеңейту мен қанағаттандыруға оның материалдық қамтамасыздану деңгейін жоғарлатуға көңіл аударуды күшейтуді көздейді. Адамның еңбек ету және өмір сүру жағдайлары адамның дамуына және оның еңбекке деген қатынасына, ол адами фактор арқылы - өндіріс тиімділігіне әсер етеді. Осыған байланысты өндіріс бұрынғыға қарағанда, адамның материалдық немесе рухани сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған болып келеді.

  1. Еңбек өнімділігі: көрсеткіштері мен өлшеу әдістері

Еңбек әрекетінің мақсаты нәтиже алу, мысалға өнім немесе қызметті өндіру. Кез келген жұмыскер немесе олардың топтары үшін осы нәтиженің жемістілігі, яғни бір-бірлік жұмыс уақытының бірлігінде (сағат, күн, жыл) өндірілген өнім (қызмет) саны. Бұл нәтиже жоғары болған сайын, нәтиженің бір-бірлігіне шығындар сонша аз, соның ішінде бөлме үшін жалдық төлем, электроэнергия үшін төлем тағы басқалар.

Сөйтіп, еңбек өнімділігінің жоғарлауы кезіндегі өнім көлемінің ұлғаюымен қоса оған деген шығындарда төмендейді. Еңбектің жемістілігі, тиімділігі еңбек өнімділігінің көрсеткіштері арқылы өлшенеді. Еңбек өнімділігі - бұл уақыт бірлігінде жасалған жұмыс (өнім, қызмет) көлемімен өлшенетін жұмыскерлердің мақсатқа сай әрекетінің өнімділік көрсеткіші. Еңбек өнімділігінің негізгі жағдайлары:

  • нақты еңбектің өнімділігі, жұмыс уақытының бірлігінде өндірілген өнімнің санымен өлшенеді;
  • еңбек өнімділігін жоғарлауты жұмыс уақытын үнемдеуге әкеледі;
  • өнім бірлігін жасауға кеткен еңбектің аз көлемі, бірдей уақыт аралығында көп өнім бірлігін жасауға мүмкіндік береді.

Еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын дайындағанда, және де олардың орындалуын талдау кезінде аса маңызды рөл алады. Жоспарлы экономика жұмысы кезіндегі еңбек өнімділігінің көрсеткіші ылғида өнім өндірісінің көлемімен байланысты болады. Бұл кезде еңбек өнімділігін жоғарлату арқылы өнімнің қаншаға өскенін орнатуға болады. Бұл өте маңызды, өйткені қызметкерлердің тұрақты немесе аз саны кезіндегі еңбек өнімділігінің өсуі арқылы өнімнің барлық өсуін қамтамасыз ету экономика дамуының магистральды бағыты болып табылады. Бұл кезде көрсетілген өнімнің өсуін еңбекті үнемдеу, арқылы, яғни еңбек күшінің өнімділік деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету қажет. Ал басқа факторлар арқылы өнімнің қосымша өсуін алуға болады.

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткішпен көрсетілуі мүмкін:

  1. өнімді өндіру - уақыт бірлігінде өндірілген өнімнің саны;
  2. өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы - өнім бірлігіне жұмсалған уақыт шығындары.

Келесі белгілеулер еңгізейік: өнім көлемі Q, еңбек шығындары Е, уақыт бірлігінде өнімнің орташа өндірілуі W:

(1),

(2) .

Бірінші көрсеткіш еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші ретінде шығады, осы көрсеткіштің көлемі үлкен болған сайын, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Екінші көрсеткіш кері болып табылады, өйткені осы көрсеткіштің көлемі аз болған сайын, сонша еңбек өнімділігі де жоғары болады.

Ең алдымен экономикалық есептеулерде жиірек қолданылатын уақыт бірлігіндегі өнім өндірімінің көрсеткіштеріне назар аударайық.

Еңбек өнімділігінің деңгейін анықтаған кезде өнім және еңбек шығындары әртүрлі өлшем бірліктерімен көрсетілуі мүмкін. Уақыт бірлігіндегі өнім өндіру көрсеткішінің бөлімін - өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарын қарастырайық, олар былай өлшенуі мүмкін:

  • адам-сағатпен өтелген;
  • адам-күнмен өтелген;
  • адам-аймен, адам-тоқсанмен немесе адам-жылмен өтелген (бұл уақыт бірліктері тиесілі уақыт кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа санына эквивалентті) .

Сәйкесінше еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткіштері ажыратылады: орташа күндік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық өнім өндірімі.

Егер еңбек шығындары адам-сағатта өлшенген болса, онда бір жұмысшымен бір сағат ішінде өндірілген өнімнің орташа көлемін білдіретін өнімді өндірудің орташа сағаттық көлемін аламыз:

(3) .

Егер еңбек шығындары адам-күнде өлшенген болса, онда өтелген бір күндегі бір жұмысшымен өндірілген өнімнің орташа күндік көрсеткіші алынады:

(4) .

Еңбек өнімділігінің орташа күндік деңгейі екі факторға: өнімді өндірудің орташа сағаты және жұмыс күні ұзақтығының қолдану деңгейіне, яғни ауысылым ішіндегі жұмыс уақытының ысырабының бар болуына тәуелді (барлық себептер бойынша) .

Егер еңбек шығындары жұмысшылардың орташа тізімдік санымен өлшенсе, бір орташа тізімдік жұмысшыға есептегендегі өнімнің орташа айлық, орташа тоқсандық немесе орташа жылдық өндірім көрсеткішін алады (жұмысшылардың санының және өнім көлемінің қай кезеңге жататынына байланысты- ай, тоқсан, жыл) :

(5) .

Орташа айлық өндірім бір орташа тізімдік жұмысшымен өтелген күндердің орташа санына және орташа күндік өндіріміне тәуелді.

Келесі көрсеткіш - негізгі жұмыстағы бір орташа тізімдік жұмыскерге есептегендегі өнімді өндірудің орташа айлық, тоқсандық, жылдық көрсеткіші:

(6) .

Алдындағы еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткішімен өзара байланысын көрсетейік:

(7),

мұндағы d - неізгі жұмыстағы жұмыскерлердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлесі.

Енді алымындағы еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші - берілген уақыт кезеңіндегі өндірілген өнім көлеміне қарайық. Өнімнің өлшеу бірліктерін таңдауына байланысты, еңбек өнімділігінің деңгейін өлшейтін натуралды, еңбектік және құндық әдістері бар.

Өнімділікті өлшеудің натуралды әдісі бір текті өнімдерді шығарған жағдайда қолданылады. Жұмыс көлемі тонна, метр, литр, дана сияқты натуралды өлшемдердің көмегімен анықталады.

Натуралды әдіс есептеудің қарапайымдылығы және көрнектілігімен ерекшеленеді. Бірақ әдісті қолдану шектелген: онымен әртүрлі өнім өндіріліп немесе шығарылып жатқан жерлердегі еңбек өнімділігін есептеген кезде қолдануға болмайды, мысалы тракторлар мен велосипедтер.

Натуралды әдістің бір түрі шартты-натуралды әдіс, болып табылады, онда жұмыс көлемі бір түрлі өнімнің шартты бірлігімен есептеледі. Сөйтіп, әр түрлі сыйымдылықтағы вагондар екі өстіге, әр түрлі сыйымдылықтағы консервалық банкілер шартты банкілерге, ал әр түрлі аяқ киім - шартты жұпқа айналдырылады. Шартты өлшемдерге қайта есептеу, ауыспалы бірліктердің (коэффициенттердің) көмегімен жүргізіледі.

Шартты-натуралды әдіс қолдану үшін ыңғайлы, өйткені көптеген әр түрлі тауатларды (қызметерді) өндіру (сату), ауыспалы коэффициенттік көмегімен салыстырмалы түрге келтіруге болады. Мысалы, ұнды, нанды және макаронды өнімдерді өндіруге кеткен шығындарды, нан өнімдерінің бір шартты килограмын өткізуге кеткен шығындарды, қайта есептеу коэффициенттері арқылы көрсетуге болады. Осылай түсіну шартты-натуралды әдісті еңбек әдісіне жақындатады, бұнын негізінде өнім көлемдерін, өндірістің шартты еңбек сыйымдылығымен немесе өнімді (тауарды) сатудың көмегімен есептеу жатыр. Еңбектік әдіспен еңбек өнімділігін өлшеген кезде өнім бірлігін немесе тауар бірлігін сатуғаге кеткен уақыт нормативтері қолданылады:

(8),

мұнда ЕӨ - еңбек әдісімен өлшенген еңбек өнімділігі.

Еңбек әдісін артықшылығы, ол барлық жұмыстар мен қызметтерге қолдану мүмкіндігі. Бірақ бұл әдістің кеңінен қолдануы үшін әрбір жұмыс түріне уақыт нормативтері қажет, ал олар ылғида бола бермейді. Бұл әдіспен уақыт бойынша еңбек ақы алатын жұмыскерлердің еңбек өнімділігін есептеу үшін қолдануға болмайды, өйткені оларда уақыт нормалары қолданбайды.

Құндық әдіс - бұл еңбек өнімділігінің деңгейін өлшеуде кеңінен қолданылатын әмбебап әдіс. Оның негізінде ақша түріндегі өнім көлемін, нақты еңбек шығындарымен салыстыру жатыр.

Бұл әдіс әртүрлі өнімді өндіру кезіндегі еңбек өнімділігінің динамикасымен деңгейін өлшеуге мүмкіндік береді. Ол салалары, территориялары және тұтастай экономика бойынша еркін мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің кемшілігі ол бағалық фактордың - нарық және инфляция конъюнктурасының әсері.

Еңбек өнімділігіне жұмыстың еңбек сыйымдылығы әсер етеді. Еңбек сыйымдылығы - бұл өнім (қызмет) өндіруге кеткен жұмыс уақытымен көрсетілген нақты еңбек шығындарын сипаттайтын көрсеткіш. Еңбек сыйымдылығы, жұмыс бірлігін өндіруге кеткен жұмыстың норма-сағатымен (нақты сағатта) өлшенеді. Бұл көрсеткіш еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш және өнімнің нақты санын дайындаудағы натуралды немесе шартты-натуралды өлшемнің жұмыс уақыты қорына қатынасын білдіреді:

(9),

мұндағы ЕС - өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы;

- жұмыс уақытының қоры;

V - дайын өнімнің саны.

Бұдан басқа, еңбек сыйымдылығы құндық сипатта көрсетілуі мүмкін: жұмыс уақытының жұмсалған қоры дайын өнімнің құнына жатқызылады.

Еңбек сыйымдылығының көрсеткіші бірнеше артықшылықтарға ие. Натуралды сипаттағы өнімге есептелген толық еңбек сыйымдылығының көрсеткіш динамикасы, кәсіпорындағы өндіріс жағдайларының өзгеру әсерінен, нақты еңбекті үнемдеуді дәл білідіреді. Бұл көрсеткіштің көлемі еңбек өнімділігінің өсу факторларымен толықтай анықталады және өнім ассортиментіне әсер ететін жағымсыз өзгерістерінен тәуелсіз. Еңбек сыйымдылығының көрсеткіші тұтастай кәсіпорынның және оның кұрылымдық бөлімшелерін талдауда және жоспарлауда бірдей өлшеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Натуралды түрдегі өнімнің нақты түрлеріне кеткен еңбек шығындарын көрсету және бірдей немесе бір түрдегі өнімдерді шығаратын кәсіпорындар бойынша нәтижелердің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді. Еңбек сыйымдылығының құрылымдық көрсеткіші өндіріс процесіндегі жұмыскерлермен атқарылатын функциялары бойынша шығындардың топтастыруын қарастырады. Функциялары бойынша еңбек шығындарын салыстыру, еңбекті үнемдеудің резервтерін толығырақ көрсететін зауыт аралық салыстырмалы талдаудың және еңбек өнімділігінің әрі қарай өсуінің бірден-бір бағыты болып табылады.

Еңбек шығынының құрамына, олардың өндіріс процесіндегі рөліне байланысты, өнімді дайындаудың толық еңбек сыйымдылығының элементтері болатын еңбек сыйымдылығының келесі түрлерін ажыратады.

  1. Технологиялық еңбек сыйымдылығы (ЕСтехн) - кәсіпорынның жиынтық (тауарлық) өнімінде (формасын, жағдайын, орналасуын, физикалық, химиялық және еңбек құралдарының басқа қасиеттерін мақсатты түрде өзгерту) есептелетін еңбек құралдарына технологиялық әсер ететін жұмысшылардың еңбек шығындары (төлем формаларынан тәуелсіз) технологиялық еңбек сыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:

ЕС техн =ЕС кес +ЕС уақ (10),

мұндағы ЕС кес - негізгі кесімді-жұмысшылардың еңбек шығындары;

ЕС уақ - негізгі уақытша-жұмысшылардың еңбек шығындары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Нарық экономикасы жағдайында өндіріс тиімділігі арттыру жолдары
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
“Казхром” акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz