Уақытша автокөлік тұрағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Уақытша автокөлік тұрағы
Орындаған: Тексерген:
тобының студенті (қолы) ________
(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)
Семей -2018
Курстық жұмыс мазмұны:
І Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---------------------------------3- 4
ІІ Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------5-29
2.1 Қазақстан автокөлік жолының дамуы ----------------------------------- -----------------------------5-14
2.2 Автомобиль жолдарын пайдалану жағдайындағы қоршаған ортаның ластануы ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- -------------------------15
2.3 Коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды)
ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар ---------------------------------16 -19
2.4 Автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру және пайдалану ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------19-21
2.5 Ақылы күзетілетін автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) -----------21-22
2.6 Алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) 22-23
2.7 Жол жиегіндегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) 24-26
2.8 Көлік қоятын орындарды пайдаланудың айрықша жағдайлары ----------25-26
2.9 Көлік құралдарын арнайы аялдауларға (алаңдарға)
эвакуациялауды ұйымдастыру ----------------------------------- ----------------------------------- ----------- 26-28
ІІІ Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------------- -----------------------------------------------29
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ----------------------------------- -----------30
І Кіріспе
Қазақстанның көлік - коммуникациялық кешенінің құрамына автокөлік жолдары, автокөлік (жүк тасымалдайтын, автобус), қалалық электрлік (трамвай, троллейбус), темір жол,құбыр, теңіз және өзен, әуе көліктері, пошталық байланыс және радио, телекоммуникация жүйелері кіреді.
Қазақстанның көлік жүйесі негізінен Кеңес Одағы кезеңінде құрылды. Тарихи тұрғыда Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік - шығыс аймақтары арқылы өткен Ұлы Жібек жолын айту керек. Қытайдың оңтүстік - шығысынан Түркияның Жерорта теңіз жағалауларына дейін 6,5 мың шаршы шақырымға созылған бұл жол - Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуында тарихи зор рөл атқарды. Мысалы, қазіргі игеріліп жатқан Трансеуразиялық темір жолы (Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін) бұрынғы Жібек жолын алмастырады деуге болар еді.
Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ оның шаруашылықтағы маңызы зор, көлік болмайынша кез келген аумақтың қазіргі экономикасы, бейнелеп айтқанда, бір күнде тіршілік ете алмайды, өйткені өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өнім мен оның тұтынушылары арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын тек қана көлік. Сонымен қатар, көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және осының негізінде жекелеген республикалар мен экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың мамандануын тереңдете түсуге мүмкіндік береді.
Әр елдің экономикалық даму қарқыны инфрақұрылымның озық даму деңгейіне, оның ішінде көлік кешені мен байланыс жүйесіне тығыз байланысты болады. Қазақстанда көліктің маңызы ерекше деп айтуға негіз бар. Себебі, еліміздің географиялық орны (ішкі континентальдық орналасуы), территориясының аумағы (Қазақстан дүниежүзінде жер бетінің - 2%, Азияның - 6,1%, ТМД елдерінің - 12,1% келеді), халқының сирек орналасуы (1 шаршы шақырымға 6,2 адам), табиғи ресурстарының байлығы, елді мекендердің оның ішінде өндіріс орталықтарының бір-бірінен алыс жатуы, өнеркәсібінің біркелкі орналаспауы сияқты ерекшеліктері көлік - коммуникациялық кешенінің рөлі мен маңызын арттырады.
Қазақстанда көлік жүйесінің дамуы мен құрылымы әр түрлі көліктердің техникалық - экономикалық ерекшеліктеріне, еліміздің территориялық пен табиғаттық жағдайына, өнеркәсіппен ауылшаруашылықтың дамуы мен орналасуына, физикалық - географиялық және экономикалық географиялық орнына байланысты болып келеді. Сондықтанда Қазақстанның көлік жолдарының даму жағдайы мен Қазақстан территориясындағы транзиттің ел экономикасының дамуында алатын орнын зерттеу дипломдық жұмысымның өзектілігі болып табылады.
Көлік - өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты материалдық өндіріске жатады. Оның мақсаты өндіріс өнімдері мен жолаушыларды тасымалдау және дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу. Сондықтан көлік шығыны өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнына кіреді. Кейбір салалардың өнімінде, мысалы, қара және түсті металлургия, цемент өнеркәсібі т.б. салаларда көлік шығынының құны 25-30 %-ға дейін жетеді. Аудандар, аймақтар, елді мекендер арасында өндірістік байланысты атқару арқылы көлік олардың экономикалық мамандануына және кешенді дамуына ықпал жасайды. Халықаралық, ауданаралық және ішкі көлік жүйесі арқылы кәсіпорындар мен өндіріс салаларының мамандануына және территориялық құрылымның дамуына және өндіргіш күштерінің орналасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып есептеледі.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан автокөлік жолының дамуы
Автомобиль жолдары - Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы жағдайларда экономиканың өсуіне, халықтың өмір жағдайын жақсарту және деңгейін арттыру факторлары болып табылады. Темір жолдар мен су жолдарының аса төменгі тығыздылығы кезінде Қазақстандағы автомобиль жолдары басым, ал көптеген өңірлер үшін жалғыз қатынас құралы болып табылады, оның арқасында тауар, құрылыс және ауылшаруашылық жүктері келіп түседі, өнім шығарылады, жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Нарықтық жағдайларда жүктердің тасымалдануын тездету мен оларды сақтау факторлары аса маңызды. Осыған байланысты, жүк жіберушілер, әсіресе жеке секторда жақын арақашықтықта ғана емес (300 км дейін), алыс арақашықтық аймақтарында (1500-2000 км) автомобиль көлігіне қайта бағдарланды. Өндіріс және ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес өндірістерін дамыту арқылы облысаралық тасымал, сондай-ақ іргелес мемлекеттермен байланыс ұлғаяды.
Қазақстандағы автомобиль жолдарының ұзақтығы шамамен 148 мың км құрайды. Соның ішінде 93 мың км астамы жалпы пайдаланымдағы жолдар, 44 мың км астамы елді мекендердің көшелері және шамамен 11 мың км өндіріс кәсіпорындарына, кен орындарына, фермерлік және орман шаруашылықтарына, технологиялық жолдар рөліндегі басқа да өндірістерге кіреберіс түріндегі шаруашылық жолдары (кесте 1).
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары өзінің маңыздылығы бойынша ұзақтығы 23 495 км республикалық маңызы бар жолдарға бөлінеді, соның ішінде: ұзақтығы 12 992 км халықаралық маңызы бар және ұзақтығы 70 116 км жергілікті маңызы бар жолдар[2].
Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар жалпы пайдаланымдағы автожолдардың 25% құрайтынына қарамастан, оларға 50% автокөлік тасымалы келеді. Өзінің кескін үйлесімі мен ұзақтығы бойынша республиканың жалпы пайдаланымдағы жолдар желісі құрастырылған.
Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы негізінен халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді: 1-дәліз: Қорғас-Алматы-Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орта Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орта Азия елдеріне және Туркияға шығуды қамтамасыз етеді. 2-дәліз: РФ шекарасы - Орал - Ақтөбе - Қызылорда - Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады. 3-дәліз: РФ шекарасы- Петропавл-Астана-Алматы-Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады. Қытай және Пәкістан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды. 4-дәліз: РФ шекарасы ( Омбы) - Павлодар - Семей - Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді. 5-дәліз: РФ шекарасы (Челябинск) - Петропавл - РФ шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 шақырым болатын маршрут - Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі. 6-дәліз: РФ шекарасы (Қорған) - Петропавл - Есіл - Арқалық - Жезқазған - Қызылорда - Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол. 7-дәліз: РФ шекарасы (Астрахан) - Атырау - Бейнеу - Түрікменбашы.
Оларды толықтыру үшін іргелес мемлекеттермен (Бейнеу - Жетібай - Түрікменстан шекарасы, сондай-ақ РФ бірқатар шығулар) жолдардағы бірнеше байланыстыратын учаскелерді салу қажет]. Ұлы Қазан социалистік революциясына дейін Қазақстанда ондаған ғана автомобиль болды, бұлардың өзі жеке меншіктегі машиналар еді, ол кезде негізінен автомобиль жүрісіне лайықталмаған, жалпы ұзындығы 50 мың шақырымдай ғана қара жолдар болатын. Халық шаруашылығының саласы ретінде автомобиль көлігі Кеңес өкіметі жылдарында дами бастады. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қарсақпай мыс руднигінің құрылысына 1-1,5 тонналық және 23 тонналық жүк машиналары жіберілді, бұлар Жосалы станциясынан күш көлігімен бірге 33 мың тонна жүк тасыды. 1921 ж. азық-түлік халкоматы Ақмолаға ( қазіргі Астана ) тез арада астық жеткізу үшін ондаған автомобиль жіберді, бұл бірнеше машинаны тобымен пайдаланған алғашқы тасымал еді; сол жылы ҚазКСР Жергілікті көліктің Орталық басқармасы құрылды. Оның паркінде 32 автомобиль болды.1921 ж. көлемі 21,9 мың т жүк тасылды. 1924 ж. Қазақстан аумағында тұңғыш Орынбор - Орал почта жолаушы автомобиль маршруты ұйымдастырылды, бұл маршрутқа 7 жеңіл ( v = 25 км сағ), 3 жүк (v = 10 км сағ) машиналары қызмет етті, ал 1925 жылы Орал - Гурьев маршруты ашылды. 1925 ж. Қазақ автомобиль қатынастары басқармасы құрылды, ол Алматы-Фрунзе (1925 ж.), Алматы-Жаркент (1926 ж.), Алматы- Хоргос, Семей-Сергиополь, Қызылорда-Шымкент, Көкшетау-Ақмола, Көкшетау-Атбасар (1927 ж.), маршруттары бойынша жол қатынасы ұйымдастырылды. Петропавл - Көкшетау - Бурабай, Семей - Сергиополь - Қарқаралы аралықтарында жолаушы және жүк таситын тұрақты автомобиль қатынасы басталды; Алматы, Семей, Петропавл, Орал қалаларында автобус маршруттары ашылды (1927 ж.). 1928 ж. Қазақстан шаруашылықтарының автопаркінде 300-ге тарта шетелдік үлгідегі машиналар болды. 30-жылдардың басында отандық автомобиль өнеркәсібінің ұйымдастырылуына байланысты, Қазақстан автопаркі тез өсе бастады, республиканың шалғай аудандарынан, темір жол станцияларынан астық жеткізу үшін Астық дайындау жүйесін автомобиль шаруашылықтары құрылды. Осы уақыттан бастап автомобиль көлігі халық шаруашылық жүктерін, негізінен құрылыс материалдарын тасуға тұрақты пайдаланылды. Түрксіб жолдар салынды. 1940 ж. ҚазССР - інде 106 мың шақырым қара жол мен тас жол, оның ішінде 1,5 мың шақырым қатқыл табан жол болды; автомобиль және көлік жолдарының ең ұзындығы облыстар бойынша былай келеді: Ақтөбе облысында 13,5 мың, Қостанай облысында 11,4 мың, Павлодар облысында 9,8 мың, Алматы облысында 8,2 мың және Шығыс Қазақстан облысында 6,2 мың шақырым. Республика автопаркінде машина саны 900-ге жетті, жалпы пайдаланымдағы автокөліктің жүк айналымы 0,5 млн. т\шақырым болды, 146 мың тонна жүк тасылды; жолаушылар тасымалының айналымы 67,5 млн жолаушы-километрден асып түсті, автобуспен 10,3 млн адам тасылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында автокөліктің негізгі бөлігі майданға жіберілді. Соғыстан кейінгі уақытта (60 - жылдардың аяғына дейін) автокөліктің материалдық-техникалық базасы нығайды; жолдарды қайта құру жұмыстары жүргізілді, олардың көпшілігі кеңейтіліп, қатқыл табан жолдарға айналдырылды. 60 - жылдары автокөліктің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды ұйымдастыру-техникалық шаралар жүзеге асырылды: ұсақ автомобиль шаруашылықтары жойылып, көлік құралдары жалпы пайдаланым жүйесіне шоғырландырылды, ведомствалардың автомобиль шаруашылықтары нығайтылды.
1960-70 жылдары тасымал жұмысындағы қызметкерлердің саны 75 пайызға, жүк машиналарының өнімділігі 2 есе өсті.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың автокөлік құралдары паркінде 372214 жүк автомобилі, 848904 жеңіл автомобиль, соның ішінде 5961 таксомотр, 24208 қызмет бабында пайдаланатын жеңіл автомобильдер, 818735 жеке меншіктегі жеңіл автомобильдер, (соның ішінде 14178 санитарлық, 4322 өрт сөндіретін автомобильдер, 13023 автокран), 27259 жартылай тіркеме, 64201 автотіркеме болды. Жүк автомобильдерінің орташа жүк көтергіштігі 5,3т, автотіркемелердікі - 11,9, автобустардың орташа жолаушылар сиымдылығы-24,2 отыратын орын.1991-2000 жылдар кезеңінде жүк автомобильдерінің саны 47%-ға, арнаулы автомобильдердің саны 15,5%-ға қысқарды, оның есесіне жеңіл автомобильдердің саны 17,8%-ға көбейді [5].
Автомобиль жолының басты ерекшеліктері:
- жоғарғы деңгейдегі жан-жақты колдануға икемділігі және баска көлік түрлеріне колайсыз аймактарға көлік ретінде пайдалану;
- қосымша шығынсыз кез келген жүкті өндірушіден тұлынушыға дейік (есіктен есікке дейін) жеткізу мүмкіндігі;
- жүкті шапшаң, тез және дәл уакытта жеткізу;
- жүк және жолаушы тасымалдаудың салыстырмалы түрғыда ко-лайлылығы және оңайлығы.
Осы көліктің басты міндеті - республиканың бүкіл көлік желісін біртұтас жүйеге біріктіру, жүктерді ұсақ дайындаушылардан көліктің магистральді желілеріне және кері бағытта жеткізу. Қазақстандағы тас жолдар мен жақсартылған қара жолдардың жалпы ұзындығы 94 мың шақырымнан асады. Оның 83 мың шақырымға жуығы қатқыл табанды жол. Автомобиль жолы Қазақстанда әлі де жеткіліксіз. Сондықтан бүкіл республика бойынша қолайлы жолдар салу жұмысы жыл сайын жүргізіліп келеді, алайда олардың басым бөлігі әзірше Қазақстанның Оңтүстік шығысы мен шығысында салынған.
Республикадағы аса ұзын және қолайлы автомобиль жолдарының бірі оңтүстік шығыстағы үш облыстың аумағымен өтіп, Алматыны - Бішкек арқылы Таразбен, Шымкентпен одан әрі Ташкентпен жалғастырады. Қазақстанның келесі автомобиль жолы Алматыдан солтүстікке Семей мен Өскеменге қарай бағытталып, одан Жаркентке, Талдықорған мен Текеліге қарай тармақталады. Жаңғызтөбе темір жол станциясының маңында бұл жол 2010 жылғы есеп бойынша, Қазақстан көлік жүйесі 115 мың км-ден астам автомобиль тас жолын, 14,4 мың км темір жолын, 7,4 мың км. өнеркәсіп орындарының тұйық жолдарын, 4 мың км.өзен жолдарын және мыңдаған км әуе мен мұнай, газ өнімдерін тасымалдайтын құбыр магистральдарын қамтитын кешен.
Асфальттанған жолдардың негізгі бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның үлесіне тиеді (63%). Республикадағы аса ұзын және қолайлы автомобиль жолдарының бірі оңтүстік шығыстағы үш облыстың аумағымен өтіп, Алматыны Бішкек арқылы Таразбен, Шымкентпен одан әрі Ташкентпен жалғастырады. Қазақстанның келесі автомобиль жолы Алматыдан солтүстікке Семей мен Өскеменге қарай бағытталып, одан Жаркентке, Талдықорған мен Текеліге қарай тармақталады. Жаңғызтөбе темір жол станциясының маңында бұл жол.
Шығыс шеңбері деп аталатын автомобиль жолымен жалғасады, ол Шығыс Қазақстанның барлық аудандарын аралап өтеді. Алматы - Шелек - Нарынқол, Қарағанды - Қарқаралы, Орал - Атырау, Қостанай - Арқалық, Қарағанды-Жезқазған автомобиль жолдары республиканың көлік байланысында үлкен рөл атқарады. Солтүстік Қазақстандағы Астана - Қостанай, Астана - Көкшетау, Петропавл - Қостанай автомобиль жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады. Автомобиль көлігі қымбат әрі экологиялық жағынан лас.
ҚазССР-інде халық шаруашылығы жүк тасымалының 55%-іне жуығы автокөліктің үлесіне тиеді және оны дамытуға бүкіл көлікке жұмсалатын қаржының 60%-і бөлінеді. Автокөлік ведомстволық көлік және жалпы пайдаланым көлік болып екіге бөлінеді, соңғысы ҚазССР автокөлік министірлігі қарамағында. Республиканың бүкіл көлік жүйесінің жүк айналымында жалпы пайдаланым түрі төмендегідей: автокөліктің үлесі-10%, автомобиль көлігінде - 40% -дан астам, жолаушылар тасымалы айналымында -53,7%. Республика бойынша облыс пен облысты, аудан мен ауданды және өнеркәсіп орталықтары, колхоздар мен совхоздарды, бір сөзбен барлық елді мекендерді бірімен бірін өзара байланыстырып, халыққа қызмет ететін 25 мың автобус, 49 қалада 6,8 мыңнан астам жеңіл таксилер жұмыс істейді.Автобус 5,3 мың маршрут бойынша жалпы ұзындығы 500 мың шақырымға жуық автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол. Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты болатын техникалық топтастыруға сәйкес автомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді: 1 категориялы автомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, 5 категориялы автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 шақырым. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю станциялары, мотельдер және басқалары болады). Біздің елімізде автомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыстық, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың шақырым, соның 17,67 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар( 93%- на асфальт төселген), 69,667 мың шақырым жергілікті жолдар (57%-на асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-ы темір-құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақылы мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының жол қоры 5 296 439 мың теңге (2010 ж). Қазақстанның басты даңғыл жолдары: Алматы-Астана-Қостанай, Алматы-Петропавл, Алматы-Талдықорған, Алматы-Шымкент, Қызылорда-Ақтөбе-Орал, автомобиль жолдары Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы Иранның, Туркияның, Пәкістанның теңіз порттарына шығатын халықаралық бағыттардағы автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары қабылданған.
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзақтығы 148 мың шақырым құрайды, оның 96 мың шақырым астамы жалпы пайдаланудағы автожолдар. Жалпы пайдаланудағы автожолдардың жалпы ұзақтығының 23,5 мың шақырымы республикалық маңызы бардағысы, 70,2 мың шақырым жергілікті желілерге жатады [13].
2005 жылдан бастап республикада жолдарды салу мен қайта жаңарту оське 13 тоннаға дейін есептік жүктемемен жүргізіледі, барлық халықаралық дәліздер ІІ техникалық санаттан төмен емес параметр бойынша қайта жаңартылуда. 72 стандарт үйлестірілді. 5 сатылы сапа бақылауы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысымен Автожолдар саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес, жөндеудің барлық түрімен қаржыландыру көлемі 1,3 трлн.теңге немесе 10 млрд. АҚШ доллары болатын жалпы пайдаланудағы автожолдардың 42 мың шақырымын қамту жоспарлануда, бұл ретте 2007 жылдан бастап Республикалық бюджет жергілікті желілерге трансферттер бөлінеді, 2013 жылға дейін барлығы 141 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.
Соңғы 7 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қосқанда, 42 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2001 жылы 24,5 млрд. теңге қаржыландырылса, 2007 жылы 134,3 млрд.теңге қаржыландырылды. Осы жылдар ішінде жалпы пайдаланудағы жолдардың 93 мың шақырым қайта жаңартуға және 22 мың шақырым астам жол жөндеудің барлық түрімен қамтылды, оның ішінде республикалық желідегі - 16,4 мың шақырым.
2007 жылы 134 млрд.теңге игерілді, соның ішінде 119 млрд.теңге Республикалық бюджеттен және 15 млрд.теңге жергілікті бюджеттен. Жалпы алғанда 2007 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарда, жергілікті желілерді қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен шамамен 4 мың шақырым қамтылды. Республикалық маңызы бар автожолдарда Астрахань - Атырау автожолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпірлі өткел, Астана - Челябинск автожолында ұзақтығы 41шақырым учаске, Омбы - Павлодар автожолында 15 шақырым және Атырау - Бейнеу автожолында ұзақтығы 64 шақырым Қаратабан - Доссор учаскесі пайдалануға берілді.
2008 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарды дамыту үшін 154,6 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 126,1 млрд.теңге (оның ішінде 105,7 млрд.теңге республикалық маңызы бар автожолдарға және 20,4 млрд.теңге жергілікті желінің трансферті) және жергілікті бюджеттен 28,5 млрд.теңге игерілді. Жөндеудің барлық түрімен 4,5 мың шақырым қамтылатын болады, соның ішінде республикалық желіде 2,3 мың шақырым және жергілікті желіде 2,2 мың шақырым жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық жолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 2008 жылғы баға бойынша 19 млрд.теңгені құрады. Республикалық бюджеттен қажетті соманың 39 % құрайтын 7,4 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті желілер жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 29 млрд.теңгені құрады. Республикалық бюджеттен қажетті соманың 26% құрайтын 7 млрд.теңге бөлінді.
2007 жылы Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізін дамыту үшін кешенді техника-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) әзірленді, Қазақстан аумағы бойынша 2287 шақырым қайта жаңартуға жатады. Жобаның жалпы құны - 804,1 млрд.теңге (шамамен 6,7 млрд.АҚШ доллары). 2007 жылдан бастап ұзақтығы 215 шақырым Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылға 2,5 млрд.теңге бөлінді.
2008 жылы 2,6 млрд.теңге бөлінген жобалық-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі - ЖЗЖ) көзделген, олардың нәтижесі бойынша 5 облыс бойынша 1 984 шақырым жоба-сметалық құжаттама (бұдан әрі ЖСҚ) дайындалатын болады. Жобаны Қарабұтақ-Ырғыз-Қызылорда облысы шекарасы учаскесінсіз Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қаржыландыру схемасы анықталды, өзге учаскелер республикалық бюджет қаражатын тартумен (Ақтөбе қаласын солтүстік айналып өту, Шымкент қаласы арқылы өту, Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (бұдан әрі - ҮАААЖ) шығу сыртқы заемдарды тартумен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырумен және де концессия негізінде жеке инвестицияларды тарту есебінен (Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы және Алматы-Қорғас.
Негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді, сондай-ақ республикалық маңызы бар халықаралық бағыттар мен жолдарды қайта жаңарту жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану;
Ішкі және сыртқы туризмді және кластерлік бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының тарихи, мәдени және табиғи туристік объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ортақ пайдаланудағы жолдардың жекелеген учаскелерін қайта жаңарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Көлік және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша білікті ғалымдар мен сарапшылар дайындаған Қазақстан жолдарын дамытудың 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа бағдарламасын бекітті. Бағдарлама бойынша жұмыс 3 бағытта жүргізілді.
Жаңа бағдарламаның бұл саладағы нысанасы Берлин - Пекин автокөлік тасымалын жолға қою. Осы мақсатта 2005 жылдың қазан айында алғашқы сынақ ретінде Пекин - Берлин - Брюссель бағытымен алғашқы керуен жүріп өтті. Сол жолда кездескен кейбір қателіктер Қазақстанның автокөлік жолдарын бүгінгі заман талабына сай жасауда ескерілетін болады. Біздің ел аумағында, негізінен, халықаралық дәрежедегі 6 автокөлік жолдары бар. Олардың жалпы ұзындығы 8290 шақырым. Міне, осы жолдар түгелдей дерлік жаңартылып, кеңейтіліп олардың өне бойына жүргізушілер мен жүргіншілерге қызмет көрсететін қызмет көрсету кәсіпкерлігін қалыптастыру - жобаның басты мақсаты. Жаңа бағдарлама бойынша, тек қана Қазақстан автокөлік жолдарымен әр жыл сайын 80 мың контейнерлі жүк тасымалдануы керек. Бұл - 10 млн.т.астам жүк транзитіне қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz