Жол қиылыстарында қозғалысты ұйымдастыру ерекшеліктері



Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жол қиылыстарында қозғалысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

Орындаған: Тексерген:
тобының студенті (қолы) ________

(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)


Семей -2018
Курстық жұмыс мазмұны:
І Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- --3
ІІ Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- -----------------4-23
2.1 Жол қозғалысын ұйымдастыру шараларының негізгі бағыттары------------------4
2.2 Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар құрылымы-----------5-6
2.3 Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша практикалық шаралар. Өзгеше жағдайлардағы ҚҚ қамтамасыз ету-------------------------------- ----------------------------------- ----------7-11
2.4 Жол бақылаушыларының негізгі атқаратын қызметі---------------------------- ---12-16
2.5 Жол қиылысындағы және тораптардағы қозғалысты бір деңгейде ұйымдастыру------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- -----------------------16-18
2.6 Қиылыста бағдаршамдық реттеуді жобалау және жол қиылысының жоспорын құру------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- -------------18-20
2.7 Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі---------------------------- -------20-23
ІІІ Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- -------------------------24
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------------------------- -------------------25

І Кіріспе
Қала құрылымының үлкеюі, халық санының өсуі, көліктердің көбеюіне әкеледі. Ал көлік санының көбеюі көлік қозғалысын қиындатып, көптеген мәселелер тудырды. Әсіресе орталық жол тараптары, жол қиылыстары мен айналмалы жол қиылыстарында қозғалыс қиындап, қауіптілік арта түседі. Көліктердің кептелісі жолаушының жолын бөгеп, көліктің жылдамдығын төмендетеді. Ал үнемі жол кептелісінде тұру, төмен жылдамдықпен жүру кезінде жанармай босқа жанып, көлік жабдығының бөлшектерінің тозуы және олардың ауа - райын ластау көрсеткіші де артады. Жалпы қала халқы көлік қозғалысынан, одан шығатын шу мен зиянды газдан үнемі зардап шегеді.
Көлік ағыны мен жаяу жүргіншілердің санының жыл санап өсуі жол көлік оқиғаларының да өсуіне де әкеп соқтырады. Сондықтан жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларына көп көңіл бөлінеді. Қала ішіндегі ғимараттар мен жолдардың жобасын, құрылысын жүргізген кезде олардың дұрыс орналасуы, қозғалыс қауіпсіздігінің талааптарына сай болуы басты назарға алынады. Жол қиылыстары мен бұрылыстардан құрылыс нысандары алыстау салынады. Жолдардың өзара қиылысуы, басқа да көлік жолдарымен қиылысуы арнайы қауіпсіздік белгілерімен , бағдаршамдармен жабдықталып, айналмалы жолдар мен көпір жолдары арқылы толықтырылады. Көлік кептелістерін азайту үшін транзиттік айналмалы жолдар мен көп тармақты екі бағыттағы жолдар, жер асты жолдары мен метро кешені салынады. Бұл аталғандар жол қозғалысының реттеудің жоспарлы - архитектуралық шараларына жатады.
Жол қозғалысын жүйелі ұйымдастыру шараларына қолданыстағы көшелер мен жол тораптарындағы қауіпсіз қозғалысты жетілдіріп, дамыту қамтамассыз ету шаралары жатады. Яғни, жол қозғалысын реттеуші белгілерді, бағдаршамдар жүйесін, жаяу жүргіншілердің жол өткелдерін, жол қиылыстарына айналмалы жолдарды енгізуді, біржақты көп тармақты қозғалысты қамтамассыз етуді т.б жатқызамыз.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жол қозғалысын ұйымдастыру шараларының негізгі
бағыттары.
Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы Заңында жол қозғалысын ұйымдастыру түсініг жолдарда қозғалысты басқару жөнінде жол қозғалысын ұйымдастыру-техникалық, ұйымдастыру-құқықтық шаралардың және реттеу іс-қимылдарының кешені ретінде анықталған.
Жалпы жол қозғалысын ұйымдастыру-бұл инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларының көмегімен пайдаланудағы жол-көше жүйесінде транспорт құралдарының және жаяу жүргіншілердің жеткілікті дәрежеде жылдам, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы үшін қажетті жағдайлар жасау. Бұл іс-қимылдың арасындағы анық шекараларды белгілеу оңай шаруа емес, себебі аталған шаралардың ауқымы өте кең болуы мүмкін. Мұнда жол-көше жүйесінің жекелеген элементтерін қайта жабдықтау, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, жол қозғалысын автоматтық басқару жүйесін енгізу, бағыттық жолаушылар тасымалдау транспортының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу және қозғалысқа әр түрлі шектеулер енгізу шаралары кіреді.
ЖАЖО жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған барлық іс-әрекеттер қандай да бір мекеменің немесе ведомстваның құзырында ғана шоғырлануы мүмкін емес. Автомобильдендіру деңгейінің өсуі салдарынан, әдетте, жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын жол қозғалысын оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған шаралардың маңызы артады.
2.2 Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар
құрылымы.
1. Жол-көше жүйесіндегі қалыптасқан қозғалысты ұйымдастыру деңгейі туралы ақпараттар, транспорттық және жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығы мен құрамы жөніндегі мәліметтер және жол қозғалысы туралы басқа да хабарламалар жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жасау үшін негіз болып табылады. Мұндай мәліметтерді, әдетте, қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар кешенін жасауға тапсырма берілген мекеме (жобалау, жолды пайдалану және коммуналдық) жинақтайды. Бұл мәліметтерді жинау үшін жол-көше жүйесінде және жол қозғалысын зерттеу ұйымдастырылады.
2. Қолданылып жүрген жол-көше жүйесінің бойындағы жол-транспорт және жаяу жүргіншілер ағындарының кідірісі байқалған жол бөліктерін, жолдың өткізу мүмкіндігі шектелген аймақтарын анықтау жұмыстары жол-трапспорт оқиғаларының есебі туралы мәліметтерге, жол полициясы басқармаларының Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы ақпараттарына, жол-көше жүйесінің жекелеген бөліктерінің откізу мүмкіндіктерін бағалау нәтижелеріне және қозғалу лабораториясы көмегімен жүргізілген қозғалыс жағдайларын зерттеу есептеріне негізделеді. Жол-көше жүйесінің қауіпті орындарын анықтау жұмыстарын, жүйелі түрде, белгіленген аймаққа немесе жол бөлігіне қызмет көрсететін жол полициясының тиісті бөлімдері атқаруы тиіс. Ал жолдардың өткізу мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарын жол полициясы басқармасымен қатар жол қозғалысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге тапсырма алған мекеме де жүргізеді.
3. Жол-көше жүйесінің жағдайы, жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейі, жол-транспорт оқиғалары туралы және олардың шоғырланған орындары жайлы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті техникалық-экономикалық негіздеу арқылы, жол қозғалысын ұйымдастыру жобалары жасалады. Берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерге байланысты жоба не белгілі бір жергілікті жер бөлігі үшін (көше қиылысы, жол бөлігі), немесе қала үшін, автомомбиль жолдары, қала көшелері үшін жасалуы мүмкін. Добаны жасау үшін тапсырма тек қана арнайы жобалау мекемесіне беріледі. Ал жобалау тапсырмасын, әдетте, жергілікті әкімшіліктердің тиісті бөлімдері, сол аймаққа немесе жолға қызмет көрсететін жол полициясы органдарымен бірге, жасайды.
4. Жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша қабылданған іс-шараларды іске асыру жұмысына тікелей қатысу қажет болған жағдайда жобалау шешімдеріне өзгерістер енгізуге және оларды тәжірибе барысында тексеруге мүмкіндік береді.
Қозғалысты ұйымдастыру бойынша кез-келген шараны тағайындау мен іске асыру жол қозғалысының барлық мүшелерінің тәртібін реттейтін белгілі бір ережелердің бар болуын есепке алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін жол қозғалысын ұйымдастырудың негізі деп есептеу қабылданған. Жол белгілері мен таңбалары, бағдаршамдық реттеу қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлылығын қамтамасыз ететін қосымша және аса маңызды құралдар болып табылады.
5. Жол қозғалысын ұйымдастыруға шұғыл өзгерістер енгізу қажеттігі әр түрлі көпшілік шараларды өткізу барысында және жол-көше жүйесінің кейбір жекелеген бөліктерінде транспорт құралдарының кептелуі байқалған жағдайда, жол-транспорт оқиғалары тіркелген орындарда, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында туындайды. Әдетте, көпшілік шараларының өткізілу орындары алдын-ала белгіленіп қойылады, сондықтан қозғалысты ұйымдастыру қызметтерінің қолында, тиісті мекемелер мен ұйымдармен келісілген, уақытша жабылатын көшелер мен жолдарды айналып өту схемасы болуы тиіс. Жалпы, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту және оны жүзеге асыру жол полициясы қызметтеріне тапсырылды.
2.3 Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша практикалық шаралар. Өзгеше жағдайлардағы ҚҚ қамтамасыз ету
Қала қозғалысының маңызды параметрлерінің бірі оның жылдамдығы болып табылады, оның қазіргі жағдайларда ұлғаюы күрделі проблема болып табылады. Жол қозғалысын бір мезгілде қамтамасыз еткенде жылдамдықтың жоғарылауы жолаушылардың қозғалуға жұмсайтын уақытын азайтады, және тасымалдың өзіндік құнын азайтады. Қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды шара, көше қозғалысын ұйымдастыру және реттеудің нақты жүйесін құру болып табылады .
Қаланың көше жүйесінің толассыз жұмыс істеуін және барынша өткізу қабілетін қаланың барлық көше-жол торабы функционалдық тағайындалуы бойынша қатаң шектелген жағдайда ғана қамтамасыз етуге болады. Қазіргі уақытта көше торабын жіктеуді енгізу құрылымды және көлік желісін ұтымды құрудың негізгі шарттарының бірі, сондай-ақ қолданылып жүрген көлік құралдарын жаңарту болып табылады.
Транзиттік көлік қозғалысын ұйымдастыру. Жалпы алғанда, жеке магистральдық көшелердегі қалалық көлік ағындарының құрамында қала арқылы транзитпен жүретін көлік құралдары елеулі пайызды құрайды. Қалалардағы транзиттік ағынның үлесі елеулі шамада ауытқиды: халқы 100 мыңға дейінгі халқы бар қалалар үшін жалпы қала ағынынан 20 - 50% құрайды және халқы 500 - 1000 адамды құрайтын қалалар үшін 10 - 15% дейін төмендейді. Транзиттік көлік көше қозғалысының қарқындылығын ұлғайтып, қатынас жылдамдығын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге қаланың ауа бассейнінің газдалғандығын арттырады, қозғалыс қауіпсіздігі жағдайларын нашарлатады, көлік шуының жоғарылауына әсер етеді. Транзиттік көліктің негізгі бөлігін жүк автомобильдері құрайды. Сондықтан әлемнің барлық елдерінде транзиттік көлікті қаланың сыртына шығару бойынша айналма магистральдарды салу жолымен қабылданады. Бірнеше автомобиль жолдары бар ірі қалаларда, айналма магистральдар әр түрлі деңгейлерде қозғалыс айырымдары бар сақиналар түрінде салынады.
Транзиттік көлікті қала арқылы жылдамдық магистральдары бойынша жиі өткізуге тура келеді. Сондықтан оларды әр түрлі деңгейлердегі қала магистральдарының қиылысуымен қала ішіндегі сақиналар түрінде жобалайды. Алайда транзиттік жылдамдықты қозғалысты өткізу үшін арнайы магистральдар құрылғысы бір жылдан кейін күрделі құрылыстарды бұзу бойынша елеулі шығындарды талап етеді, сондықтан да оның жүзеге асырылуы қиын.
Транзиттік көлікті өткізуге арналған магистральдар келесі талаптарға жауап беру керек: 1) қала қозғалысы үшін бөгеттерсіз жоғары жылдамдықтармен транзиттік көлікті кедергісіз өткізу; 2) көлік пен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету. Олар бойынша транзиттік қозғалысты өткізу үшін автомобиль магистральдарын салу мәселесі деректер негізінде және табиғи зерттеулер нәтижесінде алынған транзиттік ағындар өлшемдерінде шешілу керек.
Бір жақты қозғалысты көшелер. Қозғалыс шарттарын жақсартуға және апаттылықтың төмендеуіне мүмкіндік туғызатын, тиімді ұйымдастыру-техникалық шара қала көшелерінде бір жақты қозғалысты ұйымдастыру болып табылады. Мұндай ұйымдастыру әлемдік және отандық практикада кеңінен қолданыс тапты.
Қазіргі уақытта көше және көлік торабын дамыту және қайта құру жоспарларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ қозғалысты ұйымдастыру мәселелерін шешу кезінде, тәртіп бойынша, көліктің бір жақты қозғалысын көздейді, бұл көлік проблемаларының қандай да бір шамаға дейін шешілуіне көмектеседі.
Көптеген жағдайларда бір жақты қозғалыс жүру бөлігінің ені 6-9 м тар көшелерге енгізіледі, бұл қозғалыс жағдайларын жақсартудан басқа автомобильдердің тротуардың бойында тұруына рұқсат беру мүмкіндігін береді. Жүру бөлігінің ені 5 м көшелерде қозғалысты мұндай ұйымдастыру жалғыз мүмкін ұйымдастыру болып табылады.
Қала көшелері мен жолдарында көліктің бір жақты қозғалысын кеңінен қолдану екі жақты қозғалыспен салыстырғанда бірқатар артықшылықтармен себептелген. Бір жақты қозғалысты көшелерді пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі, сондай-ақ оларда көлік құралдарының қозғалуын бақылау мынаны көрсетеді, бұл жағдайда:
- көшелердің өткізу қабілеті ұлғаяды;
- қозғалысты ұйымдастыру сұлбалары ықшамдалады, әсіресе жол қиылыс-тарында, мұнда көлік және жаяу жүргіншілер ағындары қиылысады;
- барлық қозғалыс жолақтары аса тиімді пайдаланылады;
- үйлестірілген реттеу жүйелерін қолдану үшін қолайлы жағдайлар жасалады;
- көшеде жарақаттанудың азаюынан, апаттылық та азаяды.
Бір жақты қозғалысты ұйымдастыру тиімділігін зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді: бір жақты қозғалысты ендірген соң көшелердің өткізу қабілеті 25 - 50%-ға жоғарылайды, көптеген шектеулер кетеді, маневрлеудің және қозғалыс жылдамдығын таңдаудың үлкен еркіндігі айқындалады, кешігу саны мен уақыты қысқартылады, бұл қозғалыс уақытын азайтады және жылдамдықты ұлғайтады.
Өзгеше жағдайларда ҚҚ қамтамасыз ету.
Тәуліктің қараңғы уақытындағы қозғалыс. Барлық елдердегі ЖКО статистикасы мынаны көрсетеді: тәуліктің қараңғы уақытында қозғалыс қауіптілігі күрт жоғарылайды. Көптеген елдерде, бұл кезеңде қозғалыстың жиынтық қарқындылығының жарық уақытқа қарағанда, 5 - 10 есе төмен болуына қарамастан, ЖКО үлесі тәуліктің қараңғы уақытында 40 - 60% құрайды.
Тәуліктің қараңғы уақытында болатын ЖКО, әсіресе жаяу жүргіншілерді басып кеткенде, зардаптарының аса ауырлығымен сипатталады. Тәуліктің қараңғы уақытында қозғалыс қауіптілігі жоғарылауының негізгі алғышарты жүргізушілердің көзбен көріп қабылдау тиімділігінің күрт төмендеуі болып табылады, ол адамның көруінің физиологиялық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Тәуліктің қараңғы уақытында ЖКО зардаптары ауырлығының ұлғаюы басты түрде жүргізушінің кедергіні (немесе жаяу жүргіншіні) күндізге қарағанда кештеу байқауымен, ал осыдан, қозғалыс жылдамдығын төмендетуге аз дәрежеде үлгеретінімен түсіндіріледі.
Тәуліктің қараңғы уақытында жол қозғалысының анықтығы мен қауіпсіз-дігінің маңызды шарты жүргізушілердің жол белгілерінен басқарушы ақпаратты дер кезінде қабылдауы болып табылады.
Қысқы жағдайлардағы қозғалыс. Қысқы кезең тәуліктің жарық кезеңінің едәуір қысқартылуымен, ауа температурасының төмендеуімен және көптеген аудандарда қардың көп түсуімен сипатталады. Автомобильдерді пайдаланудың аса күрделі жағдайлары ауаның теріс температуралары ұзақ болатын кезеңді аудандарда пайда болады. Бұл жағдайларда барлық АЖЖО кешенінің сипатамасы өзгереді. Сонымен, автомобильдерде жылулық режим бұзылуы мүмкін, және бұл олардың динамикалық қасиеттерін төмендетеді. Алдыңғы шыныны қыздыру тиімділігі шектеледі. Жүргізуші денесі салқындаған кезде жылдам шаршайды және қараңғыда көзі көрмейді, ал ыңғайсыз жылы киіімді кигенде ол аз қозғалады.
Бұл кезеңде қар жамылғысының пайда болуынан және мұз түзілуінен аса осал элемент жол болып табылады. Магистральдардың жүру бөлігі, әсіресе қалаларда, қар үйінділерінің пайда болуы салдарынан тарылады. Қысқы жағдайларда аталған себептердің нәтижесінде қозғалыс жылдамдығы елеулі төмендеуі мүмкін, ал қар қатты жауғанда қозғалыста үзілістер болуы мүмкін. Ілініс коэффициенті төмен жолдар бойымен қозғалу ЖКО ықтималдығын күрт ұлғайтады.
Таулы жердегі жолдардағы қозғалыс. Таулы жерде салынған жолдар қозғалысты ұйымдастырудың аса мұқият әзірленген шараларын талап етеді, өйткені олар қатынастың аса төмен жылдамдықтарымен сипатталады. Мұндай жолдарда жылдамдықтың төмендеуі ҚН және Е жобалау нормаларымен көзделген, онда олар жазық жердегі жолдарға арналған негізгі есептік жылдамдықтарға қарағанда, 2 есе төмен болады.
Таулы жердегі жолдар жол қозғалысы жағдайлары көзқарасынан бір-бірінен өте елеулі ерекшеленеді. Таулы жолдар, ең алдымен, қозғалыстың жағымсыз элементар жағдайларымен сипатталады. Таулы аудандарда құрылыс болғандағы ығыстырылғандық, геометриялық элементтерінің мәндері минимум жолдарды, ең алдымен, жүру бөлігінің енін және жоспардағы қисықтар радиустарын салуға мәжбүр етеді. Бұл үлкен бойлық еңістермен үйлескенде алыстан көрінуін күрт қысқаруын қамтамасыз етеді.
Алайда жол ғана емес, тауларда АЖЖО барлық жүйесі аз сенімділікпен сипатталады. Сонымен, автомобильдерде сиретілген ауада қозғалтқыштардың қуаты төмендейді, ал ұзақ еңістерде тежегіштер аса қызып кетеді, бұл сәйкесінше тартымды және оның тежелу тиімділігін төмендетеді. Жүргізушілердің психологиялық жағдайы сиретілген атмосфераның әсерінен, көтерілген және түскенде атмосфералық қысымның өзгеруінен, ең бастысы, жоғары кернеуден нашарлауы мүмкін. Ауа-райы жауын-шашынсыз болғанда тіпті қолайлы таулы жолдардың өзінде қатынас жылдамдығы 50%-ға төмендейді. Аса жылдам жүретін автомобильдер үшін бұл одан да маңыздырақ.
Темір жол өткелдерінде қозғалысты ұйымдастыру. Темір жол өткелі деп темір жолдың және автомобиль жолы немесе көшенің бір деңгейде қиылысуын көздейді. Темір жол өткелінің қауіпсіздігі және аса үлкен өткізу қабілеті келесі негізгі шарттармен қамтамасыз етіледі: автомобильдер жүргізушілері мен локомотивтер машинистері үшін өткел көрінуінің жеткілікті ара қашықтығымен; олардың жеткілікті ілініс коэффициенті болғанда рельс жолдарының тікелей қиылысында жол мен төсемдердің тегістігімен; өткелдегі қозғалыс жолағының жеткілікті енімен және жолақтар санымен; жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін арнайы жолдар құрылғысымен; өткелде ескерту ақпаратының және сигнализацияның бар болуымен және жарамдылығымен (жол белгілері, бағдаршамдар, шлагбаумдар, дыбыстық сигнализация); сигнализацияны және жартылай шлагбаумдарды басқаруды автоматтандырумен.
2.4 Жол бақылаушыларының негізгі атқаратын қызметі
Жол бақылаушыларының негізгі атқаратын қызметі,оның бағдаршамдар сигналдарын, жол белгілерінің символын,қиылыстардағы бірыңғай басқару жүйесін реттеу болып табылады.
Бақылаушылар жергілікті (локальный) және жүйелік (системные) болып келеді.Жергілікті бақылаушылар тек берілген қиылыстағы қозғалысты бағдаршам сигнализациясымен басқарады.Басқа қиылыстың бақылаушыларымен және басқару пунктімен ақпарат алмасу қарастырылмаған.
Жергіліктіге келесідей ЖБ типтері жатады:
Бекітілген қиылыстың әр бағыты бойынша фаза ұзақтығымен немесе рұқсат беру сигналдарымен қатаң басқару бақылаушылары.Бағдаршам сигналы бір немесе бірнеше алдын ала берілген уақытта бағдарламалар арқылы жанып-сөнеді.Бұл бақылаушылар тәулік бойы қозғалыс қарқындылығы аз шамада өзгертетін қиылыстарда жол қозғалысын басқаруға арналған;
Шақыру құрылғылары.Олар магистральмен қиылысатын көшелерден келген көлік құралдарымен немесе жаяу жүргіншілердің шақыруы бойынша бағдаршам сигналдарын жағып-сөндіреді.Бұл бақылаушылар магистральмен қиылысатын бағыттырдағы көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысын оқтын - оқтын (э(пизотический) басқару қызметін атқарады.Рұқсат беруші сиганлдың ұзақтығы жаяу жүргіншілер үшін де берілген көлік құралдары үшін де бекітілген. Соңғы кездер шақыру құралдарын бөлек шығармайды.Сұрау бойынша фазалық шақыруды жаяу жүргіншілер үшін барлық бақылаушылар атқарады.
Тұрақты емес фаза ұзақтығын қамтамасыз ететін бейімді (адаптивный) басқару бақылаушылары.Олар қозғалыс қарқындылығы тәулік бойы бірнеше рет өзгеретін қиылыстарда қозғалысты басқаруға арналған.
Сигнал ұзақтығы барлық цикл ұзақтығы секілді алдын ала берілген сигналдың минимальді шамасын максимальды шамасына дейін өзгертіп отырады.
Жүйелік бақылаушылар бағдаршам сигналын басқарушы пунктінің бұйрығы бойынша немесе жүйеге қосылған үйлестіруші (координатор) қызметін атқаратын бақылаушы бұйрығымен жанып-сөнеді.
Оларға келесідей типтері:
Қатаң басқару бағдарламалық бақылаушылар.Олар алдын ала берілген уақытша бағдарламалардың біреуімен қозғалысты басқарады.Жүйеге кіретін барлық жол бақылаушылары магистральдік бақылау каналына қосылады.Бағдарламалар және басқару пунктінің бұйрығы бойынша таңдалады;
Қатаң және бейімді басқаруға тікелей бағынатын бақылаушылар.Олардың әрқайсысы басқару пунктімен бөлек байланыс каналдары бар.Сигналдардыі жану моменті және ұзақтығы көрсетілген байланыс каналдарымен басқару пунктінен келіп түскен бұйрығымен байланысты.
Басқарылатын жол белгілері мен ұсынылған жылдамдықты көрсететін символдар жағып-сөндіретін бақылаушылар.
Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Транзиттік көлік қозғалысын ұйымдастыру
Алматы қаласы күрделі қиылыстарында орын алған ЖКО топографиялық талдау негізінде қозғалыс қауіпсіздігін жетілдіру
Алматы қаласындағы көлік ұралдарының кідірісін азайту шараларын жасау
Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру
Көлік құралдарының соқтығысуы
Техникалық реттеу құралдарын жіктеу
Сейфуллин көшесінің орналасу схемасы
Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы
Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффиценті
Басып кету - қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы
Пәндер