Бірегей жол ережелері



Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бірегей жол ережелері

Орындаған: Тексерген:
тобының студенті (қолы) ________

(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)


Семей -2018

Курстық жұмыс мазмұны:
І Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------3 -4
ІІ Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- -----------------5-18
2.1 Жүргізушілердің жалпы міндеттері------------------------- ----------------------------------- -----------5-9
2.2 Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi------------------------- ----------------------------------- ---------------9-11
2.3 Көше қиылыстары және жол беру міндеті---------------------------- ---------------------------11-14
2.4Жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қатысты
мінез-құлық ережелері-------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---14-15
2.5 Темір жол өтпелері--------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---------15
2.6 Жылдамдық пен ара қашықтық--------------------------- ----------------------------------- --------------16-17
2.7 Қарсы жол айрығы----------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- -------18
ІІІ Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ------------------19-20
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------------------------- ------------------21

І Кіріспе
Автомобильдің дамуы ел экономикасына жақсы әсерімен және адамдарға ыңғайлылығымен қатар, кері әсері де бар. Мысалы, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде үлкен материалды шығындар мен адам шығыны, шуыл, қала ауа бассейнінің газдануы, тоқтап тұрған автомобильдермен көшенің жабылуы, көліктік тұрып қалулар және қозғалыс жылдамдықтарының күрт төмендеуі. Осы уақытта жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жыл сайын 250 мың адам өледі және орташа есеппен 30 есе көп адам жарақаттанады.
Қауіпсіздік деңгейі төмен болатын қазіргі уақыттағы автомобиль тасымалының 3 негізгі сипаттамасын атауға болады:
автомобиль көлігін өзінің параметріне сәйкес келетін жолдармен аз қамтамасыз етілуі;
автомобиль қозғалысының басқа жол қозғалысына қатысушылардан бөлінуінің аздығы;
жүргізуші мамандығының көптігі..
1949 жылғы қыркүйектің 19-ында Женевада барлық континенттер мемлекеттердің қатысуына есептелген Жол қозғалысы туралы конвенция және жол белгілері мен сигналдары туралы хаттама қабылданды. Келісімдерді көпшілік мойындады: Еуропа, Азия, Америка және Австралия мемлекеттерін қоса алғанда, 1979 жылдың аяғында Жол қозғалысы туралы конвенцияға 85 ел, жол белгілері туралы хаттамаға - 35 ел қатысушы болды, олар негізінен Еуропа және кейбір Америка мемлекеттері.Жол белгілері мен сигналдары туралы хаттама жол белгілері мен сигналдарының бірыңғай жүйесін енгізеді, сондай-ақ оларды ресімдеу мен орналастыруға қойылатын белгілі бір талаптарды белгілейді. Хаттамада жол белгілерін қою туралы кейбір ережелер қамтылған. Хаттамаға сәйкес уағдаласушы мемлекеттер онда белгіленген жол белгілері мен сигналдардың жүйесін қабылдайды және оны барынша қысқа мерзімде іске асыруға міндеттенеді.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жүргізушілердің жалпы міндеттері
Механикалық көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi:
Мыналарды өзiмен бiрге алып жүруi және iшкi iстер органдарының (полиция) оған уәкiлеттi лауазымды адамдарының талап етуi бойынша оларға тексеруге беруге;
көлiк құралын жүргiзу құқығына жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат);
көлiк құралдарына тiркеу құжаттары;
көлiк құралының иесi болмағанда басқарған жағдайда - осы көлiк құралына иелiк етудi немесе пайдалануды, немесе билiк ету құқығын растайтын құжат;
мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жәненемесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады
Қауіпсіздік белдігімен жабдықталған көлік құралдарында қозғалыс кезінде белдіктенген болуы, белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамау.Мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамау.
Халықаралық жол қозғалысына қатысушы механикалық көлiк құралын жүргiзушi:
- өзiмен бiрге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес келетiн көлiк құралына тiркеу құжатын және жүргiзушiнiң куәлiгiн;
- көлiк құралында өзi тiркелген мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерiн алып жүруге мiндеттi.
Көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi:
Көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелерге және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiне сәйкес көлiк құралдарының дұрыс жай-күйi шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету.Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң талап етуi бойынша мастығы туралы куәландыру өту.
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жағдайларда Ережелердi бiлуiн тексеруден өту. Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.
Көлiк құралын:
жол-жөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жәрдем қажет ететiн азаматтарды емдеу мекемелерiне алып бару үшiн медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне;
авария кезiнде зардап шеккен көлiк құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ заңда көзделген, өзге де кейiн қалдыруға болмайтын жағдайларда iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне беру.
Жол-көлiк оқиғасы кезiнде, оған қатысы бар жүргiзушi:
көлiк құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға), авариялық жарық сигнализациясын iске қосуға және авариялық аялдау белгiсiн (жанып-сөнетiн қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауға;
зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдану, "медициналық жедел жәрдем" шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкiндiк болмағанда, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi емдеу мекемесiне жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының тiркеу белгiсiн хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушiнiң куәлiгiн және көлiк құралын тiркеу құжатын көрсетiп) оқиға болған жерге қайтып келуге;
болған жағдай туралы жақын жердегi iшкi iстер органына кешiктiрмей хабарлауға, көзiмен көргендердiң тегi мен мекен-жайларын жазып алуға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң келуiн күтуге;
егер басқа көлiк құралдарының қозғалысына мүмкiндiк болмаса, жолдың жүретiн бөлiгiн босатуға;
жүру бөлiгiн босату немесе зардап шегушiнi өзiнiң көлiк құралымен емдеу мекемесiне жеткiзу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлiк құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар iздер мен заттарды алдын ала белгiлеп, олардың сақталуына мүмкiн болатын барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жердi айналып өтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Егер жол-көлiк оқиғасының нәтижесiнде зардап шегушiлер болмаса, жүргiзушiлер болған жағдайды бағалауда өзара келiсiмге келiп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органының жақын жердегi жол полициясы постына немесе бөлiмшесiне келулерiне болады.
Жүргiзушiге:
Мас күйiнде (алкогольдi, есiрткi немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсiрететiн дәрiлiк заттар әсерiнде; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлiк құралын басқаруға.
Ақауы бар немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалануға.
Иесi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жәненемесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралын пайдалануға.
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын пайдалануға.
Мас күйiндегi, жауапты қимыл жасауды және назар аударуды әлсiрететiн, дәрiлiк заттар әсерiнде отырған адамдарға, ауру немесе шаршаған адамға, сондай-ақ жүргiзудi үйретушiден басқа, өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын басқаруға құқық беретiн жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) жоқ немесе жол (маршрут) қағазында көрсетiлмеген адамға көлiк құралын басқаруға беруге.
Ұйымдасқан (оның iшiнде жаяу жүргiншiлер де) колоннаны кесiп өтуге және оның iшiнен орын алуға.
Жүрiс бөлiгiне қоқыс, қозғалыс үшiн қауiп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынады. Бұл талап жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қойылады.
Тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану жағдайларын қоспағанда, көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануға тыйым салынады.
Тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн болса, ақауы бар тiркеу құрылғысымен (поезд құрамында), сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткiлiксiз көрiнетiн жағдайларда - фарлар мен (немесе) артқы үлкен оттары жанбайтын (жоқ) болса, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жүргiзушi жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлiк құралының қозғалысына тыйым салынады.
Жол жүргенде Негiзгi ережелермен көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын және жүргiзушi анықтай алатын басқа да ақаулар және жағдайлар туындаған жағдайда, оны жоюы тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, жағдайда, онда қажеттi сақтық шараларын сақтай отырып тұрақ немесе жөндеу орнына апаруына болады.
2.2 Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi
Жаяу жүргiншiлер тротуармен немесе жаяу жүргiншiлерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиiс. Көлемi үлкен заттарды көтерiп немесе алып келе жатқан жаяу жүргiншiлер, сондай-ақ двигателi жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргiншiлер үшiн кедергi келтiретiн болса, жолдың жүргiн бөлiгiнiң жиегiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады. Тротуарлар, жаяу жүргiншiлерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкiн болмаған жағдайда, жаяу жүргiншiлер велосипед жолымен немесе көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бiр қатарда қозғалуларына болады. Елдi мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiгiмен қозғалған кезде көлiк құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруi тиiс. Көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен двигателi жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргiзушi адамдар көлiк құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруi тиiс.
Көлiк жүретiн бөлiкпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасына көлiк құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етiледi. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүрушi, тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында - алдында ақ түстi, артта қызыл түстi жағулы фонарьмен жүруi тиiс. Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бiрақ тәулiктiң жарық уақытында және ересектердiң бастауымен алып жүруге рұқсат етiледi.
Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда көру шегінде - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлiк жүретiн бөлiктiң шетiне, екi жақтан да жақсы көрiнетiн жерден тiк бұрыш жасап жолды кесiп өтуге болады. Көлiк жүретiн бөлiктi елдi мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргiншiлерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесiп өтуге тыйым салынады.
Қозғалыс реттелiп тұратын жерлерде, жаяу жүргiншi, реттеушiнiң сигналын, ал ол болмағанда - көлiк бағдаршамын басшылыққа алады. Реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпелерiнен, жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiкке жақындап қалған көлiк құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесiп өту олар үшiн қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн шығуына болады. Көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiге арналған өтпеден тыс жерлерден кесiп өту кезiнде жаяу жүргiншiлер, бұдан басқа көлiк құралдары үшiн кедергi келтiрмеуi және жақындап қалған көлiк құралының жоқтығына көз жеткiзбейiнше тоқтап тұрған көлiк құралының немесе көрiнудi шектейтiн өзге кедергiнiң тасасынан шықпауы тиiс.
Көлiк жүретiн бөлiкке шыққаннан кейiн жаяу жүргiншi, егер бұл, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кiдiрмеуi немесе аялдамауы тиiс. Жолды кесiп өтуге үлгермеген жаяу жүргiншi қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлетiн сызықта аялдауы керек. Әрi қарай қозғалыстың қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн бағдаршамның (реттеушiнiң) сигналын ескерiп, жолдан өтудi жалғастыруға болады. Жарқылдайтын көк маягi бар және арнайы дыбыс сигналы iске қосулы көлiк құралы жақындаған кезде жаяу жүргiншiлер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстiндегiлер осы көлiк құралдарына жол беруi және мүмкiндiгiне қарай көлiк жүретiн бөлiктi босатуы тиiс. Маршруттық көлiк құралы мен таксидi көлiк жүретiн бөлiкке қарағанда биiгiрек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етiледi. Биiгiрек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерiнде көлiк құралына отыру үшiн көлiк жүретiн бөлiкке шығуға ол тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Түскеннен кейiн көлiк жүретiн бөлiктi кiдiрместен босату керек.
2.3 Көше қиылыстары және жол беру міндеті
1. Көше қиылысына жақындаған кезде жүргізуші жергілікті жағдайларға қарай ерекше сақтық танытуға тиіс. Жүргізуші, атап айтқанда, көлік құралын жүрудің басым құқығына ие көлік құралдарын өткізу үшін тоқтату мүмкіндігі болатындай жылдамдықпен жүруге тиіс.
2. Ауыл аралық немесе қара жолдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ
Реляциялық модельге сәйкес Деректер Базасы
Мәліметтер базасын анықтау
Тұқымдық және сорттық бақылау
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам
Мәліметтер базасының схемасын құру
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Пәндер