Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы



Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы

Орындаған: Тексерген:
тобының студенті (қолы) ________

(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)


Семей -2018


Курстық жұмыс жоспары:
І Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- --3
ІІ Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- ----------------------------------- -----------------4-23
2.1 Жол қозғалысын ұйымдастыру негіздері-------------------------- ----------- 4-6
2.2 Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---------------7-10
3. Жол қозғалысын ұйымдастыру ----------------------------------- ----------------------------------- -------11-23
3.1 Теміржол көлік қозғалысын ұйымдастыру------------------------ --------------------------- 11-17
3.2 Әуе көлігіндегі қозғалысты ұйыдастыру ----------------------------------- --------------------17-19
3.3 Су көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару --19-21
3.4 Ішкі су жолдарының классификациясы ----------------------------------- -------------21-23
IV Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---------------------- 24
V Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ----------------------------------- ------------ 25

І Кіріспе
Автомобильдің тез қарқынының жол қозғалыс тиімділігіне және қауіпсіздігіне қамтамасыз етуін талап етеді. Көліктің негізгі міндеті болып толық және тасымалдау кезінде тұрғындар мен ауылшаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, көлік жүйесінің жұмысын сапалы және тиімділігін жоғарлату.Ол үшін:
- тасымал процесінің ұйымдастыруын жетілдіру және оларды басқару;
- барлық көлік түрлерінде жолаушыларға қызмет көрсетуін жақсарту;
- қауіпсіз қозғалысын жоғарлату және қоршаған ортаға әсер ететін зиянды заттарды азайту.
Бұл міндеттерді орындағаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыруын жетілдіруде мамандар даярлау қажет.
Жол қозғалысының ұйымдастыруын негіздеу үшін кітаптан танымалы американ авторының сөзін келтірейік: көлік қозғалысында адам және оның машинасы қатысады, сондықтан ЖҚҰ кезінде қоғамдық болса, дәл солай техникалық ғылымын ескеру қажет.
Көбіне көп қозғалыстың техникалық параметрлерінде дәл есептелінеді, кейбірде адамның әдеті мен кездейсоғы көлік қозғалысында соңғы шешім беретін критикалық фактор. Осыған байланысты жол қозғалысын ұйымдастырудың практикалық сұрақтары мен теориялық шешім, зерттеу үшін білім қажет, бір жағынан, математика, механика, физика мен статистика, ал басқа жағынан психология, мемлекеттік басқару, экономика және қалаларды жоспарлау.
Сонымен жол қозғалысын ұйымдастыруда жол қозғалысының инженерлік қызмет деңгейіне мыналарды түсінуі қажет: қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көше - жол торабындағы шараларды және инженерлік комплексті ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының жылдамдығын қамтамасыз ету.
II Негізгі бөлім
2.1 Жол қозғалысын ұйымдастыру негіздері
Қала құрылымының үлкеюі, халық санының өсуі, көліктердің көбеюіне әкеледі. Ал көлік санының көбеюі көлік қозғалысын қиындатып, көптеген мәселелер тудырды. Әсіресе орталық жол тараптары, жол қиылыстары мен айналмалы жол қиылыстарында қозғалыс қиындап, қауіптілік арта түседі. Көліктердің кептелісі жолаушының жолын бөгеп, көліктің жылдамдығын төмендетеді. Ал үнемі жол кептелісінде тұру, төмен жылдамдықпен жүру кезінде жанармай босқа жанып, көлік жабдығының бөлшектерінің тозуы және олардың ауа - райын ластау көрсеткіші де артады. Жалпы қала халқы көлік қозғалысынан, одан шығатын шу мен зиянды газдан үнемі зардап шегеді.
Көлік ағыны мен жаяу жүргіншілердің санының жыл санап өсуі жол көлік оқиғаларының да өсуіне де әкеп соқтырады. Сондықтан жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларына көп көңіл бөлінеді. Қала ішіндегі ғимараттар мен жолдардың жобасын, құрылысын жүргізген кезде олардың дұрыс орналасуы, қозғалыс қауіпсіздігінің талааптарына сай болуы басты назарға алынады. Жол қиылыстары мен бұрылыстардан құрылыс нысандары алыстау салынады. Жолдардың өзара қиылысуы, басқа да көлік жолдарымен қиылысуы арнайы қауіпсіздік белгілерімен , бағдаршамдармен жабдықталып, айналмалы жолдар мен көпір жолдары арқылы толықтырылады. Көлік кептелістерін азайту үшін транзиттік айналмалы жолдар мен көп тармақты екі бағыттағы жолдар, жер асты жолдары мен метро кешені салынады. Бұл аталғандар жол қозғалысының реттеудің жоспарлы - архитектуралық шараларына жатады.
Жол қозғалысын жүйелі ұйымдастыру шараларына қолданыстағы көшелер мен жол тораптарындағы қауіпсіз қозғалысты жетілдіріп, дамыту қамтамассыз ету шаралары жатады. Яғни, жол қозғалысын реттеуші белгілерді, бағдаршамдар жүйесін, жаяу жүргіншілердің жол өткелдерін, жол қиылыстарына айналмалы жолдарды енгізуді, біржақты көп тармақты қозғалысты қамтамассыз етуді т.б жатқызамыз. Мысалы Германияда қоғамдық көліктердің (автобустардың) тек өздері ғана жүретін арнаулы жолдары бар.
Архитектуралық - жоспарлау шаралары ірі көлемді капмиталдық салымдықажет етеді, ол қаланың болашақтағы қаланың өсу қарқынын болжай отырып, өзін- өзі өтеу уақыты көпке созылса да жүзеге асырылады. Ал ұйымдастыру шаралары аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсетіп көліктің қозғалыс мәселесіне шешеді. Мысалы, көлік қозғалысы көбейген жол тараптарына қосымша бағдаршамдар, арнайы белгілер қою, жылдамдықты бақылаушы қондырғылар орнату, жаяу жүргіншілер үшін жер асты жолдарын салу т.б немесе жылдамдықты азайту үшін жол төсеніштеріне кедергілер салу т.б. Жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру және көлік жүйесінің жұмыс сапасын арттыру үшін жолаушыларды тасымалдау үрдісін жетілдіру, қауіпсіздк шараларын қатаң сақталуын қадағалау және қоғамдық көлік маршруттарынның кестесін, жол бағдарын дұрыс анықтау керек.
Қазіргі таңда жол қозғалысы көбіне автоматты басқару жүйесі арқылы реттеледі. Бұл жүйеде арнайы техникалық жабдықтар қажетті ақпараттары жинақтап, оның оңтайлы шешімін анықтап шығарады. Оны бақылаушы оператор автоматтандырылған құрылғының жұмыс бағдарламасын реттеп, қайта құра алады. Автоматтандырылған басқару жүйесінде бағдаршамдардың бақылаушы құрылғылардың жұмысы бекітілген бағдарлама бойынша автоматты түрде жүзеге асады.
Басқару жүйесін орталықтандырудың екі түрі бар. Желілік (локольное и системное) және жүйелілік. Желілік жүйеде оператор тікелей жол қиылысын бақылауда ұстайды. Ол көлік қозғалысы мен жол өткелдерін (пешеход) бақылай отырып сигналдарды өзі өшіріп қосады. Бұл жүйе негізінен көрші жол қиылысымен тікелей байланысы жоқ оқшауланған жол қиылыстарында қолданылады. Бағдаршам белгілерінің ауысуы жеке бағдарлама бойынша жүзеге асады.
Жүйелі басқаруда барлық жол қиылыстарындағы бағдаршам белгілерінің ауысуы бірдей өзгеріп орталықтан басқарылады. Бұл жүйеде басқарушы оператор қала картасының сызбасындағы барлық жол бағдаршамдарын көре отырып, олардың жұмысын ЭЕМ көмегімен арқылы үлкен экраннан бақылап отырады.
Бірнеше жол қиылыстарының бағдаршамдарының өзгеруін бір орталықтандырылған жүйе арқылы басқару көліктердің белгілі ретпен үздіксіз қозғалуын қамтамассыз етеді.
Жол қозғалысын реттеуші техникалық жабдықтар тағайындалуы бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа көлік ағыны мен жол өткелдерінің қозғалысына тікелей ықпал етуші техникалық жабдықтар жатады. Оларға жол бойына қойылатын белгілер, жол үсті белгі сызықтары, бағдаршамдар мен бағыттаушы құрылғылар, жол сілтеуші және мәлімет беруші тақтайшалар жатады.
Екінші топқа бірінші топтың жұмысын берілген алгоритм бойынша қамтамассыз етуші текникалық жабдықтар жатады Олар жол бақылағыштар, көлік детекторлары, ақпаратты жеккізуші және өңдеуші құрылымдар, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орналасқан басқарушы бекеттердің жабдықтары, диспетчерлік байланыс жабдықтары т.б жатады. Көлік детекторлары дегеніміз бақылау нүктесінен өткен көлікті тіркеп отыратын, көлік ағынын анықтауға арналған қондырғы.

2.2 Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы
Құжаттық зерттеу. Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады. Осылайша, ұсынылып отырған ірі құрылыс аймағындағы күтілген көлік ағындары туралы жеткілікті зерттелген мағлұматтар сәйкес келетін ұйымдардағы жобалық және жоспарлық материалдарды оқып-үйрену негізінде құрастырылуы мүмкін. Өзге мысал ретінде сәйкес келетін көлік кәсіпорнында алынуы мүмкін бағытжолдың жолаушы көлігінің жұмысын сипаттайтын құжаттардың талдамасын алуға болады. Олар негізінде тікелей бақылауларды жүргізбей-ақ, жылжымалы тізбектің тәуліктің әртүрлі кезеңдеріндегі қозғалыс сипаттамасын құрастыруға болады.
Сұрақнаманы толтыру кезінде барлық жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларды үш топтарға бөлу ұсынылады:
қала аймағында орналасқан;
қала маңында орналасқан;
қаладан тыс (өзге қалаларда) орналасқан.
Жүктерді тасымалдау қашықтығы іс жүзіндегі көше-жол тораптарына сәйкес келетін фактілік бағытжолдар бойынша анықталады. Сұрақтамалық зерттеуді, сонымен қатар жүргізушілердің қозғалысты ұйымдастырудағы немесе жол жағдайларындағы кемшіліктер туралы ескертулерін жалпыламалау үшін де пайдалануға болады.
Камералық зерттеулердің маңызды бөлімін (тарауы) қозғалыс өлшемдерінің өсуі мен автомобильдер паркінің өзара құрылымдастығы туралы ғылыми болжамға негізделген. Жол-көлік оқиғасының жол полиция ақпаратындағы есепке алу картотекасын дәйекті зерттеу олардың жан-жақты талдамасын орындауға және жол-көлік оқиғасының пайда болуына әкеп соққан себептер мен себепкерлерді жалпыламалауға мүмкіндік береді.
Қолда бар жобалық құжаттамаларды көше-жол тораптарында талдау қозғалысты ұйымдастыру шешімдерді өңдеп шығаруға қажетті жол сипаттамаларын (жалпы енін, жолақтар санын, бұрылулар радиусын және т.с.с) алдын-ала дайындап шығаруға мүмкіндік береді.
Шынайы зерттеулер уақыттың берілген кезеңінде факт жүзінде өтетін жол қозғалысының нақты жағдайларын және көрсеткіштерін тіркеуге негізделген. Әдістердің бұл тобы қазіргі уақытта кең таралған және өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шынайы зерттеулер жолдардың күйі туралы нақты ақпараттарды алудың жалғыз (бірыңғай) әдісі болып табылады және іс жүзіндегі көлік және жүргізушілер ағындарының дәл сипаттамасын беруге мүмкіндік етеді.
Жол қозғалысы сипаттамаларының шынайы зерттеулері ақпаратты алу әдісінен және алынған ақпараттың сипатынан тәуелді екі топқа бөлінуі мүмкін:
көптеген сипаттамаларды және олардың уақыты бойынша өзгерулерін алуға мүмкіндік беретін стационарлық кедендерде зерттеу;
жол қозғалысының алуан түрлі себепкерлерінің кеңістіктің және кеңістікті-уақыттың сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу.
Екінші топқа жататын зерттеулерді көбінесе автомобиль-зертхананың немесе ағында "жүзетін" автомобильдің көмегімен жүзеге асырады. Барлық шынайы зерттеулер үшін жалпы шарт жол-көше торабының зерттелетін нүктесінде бақылаушының қатысуы қажеттілігі болып табылады. Жол қозғалысының нақты зерттеулері белсенді немесе енжарлы әдістермен жүргізіледі.
Көлік ағындарын стационарлық посттарды зерттеу. Бақылаудың стационарлық кедені көлік ағынының құрамы, қарқындылығы, көлік құралының лездік жылдамдығы мен кідірістері туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Нұсқалған ақпаратты қарапайым техникалық құралдардың (секунд өлшеуіштің, бірліктерді механикалық есептегіштің) көмегімен жай көзбен бақылау арқылы, сондай-ақ автоматтық тіркеу құралдарын қолдана отырып алуға болады.
Көлік ағындарын жылжымалы құралдармен зерттеу. Қозғалысты стационарлық кеденде зерттеу кезінде алынған ақпарат тек жолдың берілген нүктесіне (қимасына) ғана жатқызылады. Көше-жол торабындағы қозғалыс тәртіптерінің кеңістікті - уақыттық сипаттамаларын алу үшін жылжымалы құралдар - жылжымалы зертханалар, тікұшақтар және т.с.с. қолданылады. "Жүзу" автомобильдің, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі массасына тән жылдамдықпен қозғалатын автомобильдің көмегімен зерттеу әдістері кең таралған. Бұл әдісті пайдалану мысалы жылдамдықтың кеңістіктік сипаттамасын бүкіл жол торабының бойына зерттеу болып табылады. Автомобиль-зертханамен басып озылған және автомобиль-зертхананы басып озған автомобильдердің шашлық теңдігін қозғалыс тәртібі дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде қарастыруға болады.
Қозғалысты модельдеу. Қозғалыс барысын физикалық немесе математикалық әдістерімен, мысалы ЭЕМ-ның көмегімен жасанды үндемей өндіруге негізделген физикалық моделдеудің қарапайым мысалы ретінде әртүрлі көлік құралының ептілік және аялдау мүмкіндерін тексеру әдісін алуға болады.Көлік құралдарының математикалық жазбасына негізделген матема-тикалық модельдеу (есептеу тәжірибесі) кеңінен таралған. Шынайы тәжірибе нәтижелерін зерттеу бернелік қатынастарды және теориялық үлестірулерді алуға мүмкіндік береді, осылардан шыға отырып математикалық модельдерді тұрғызады.
Зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттері жүргізілетін зеттеу жұмыстарының мақсаттарына және масштабтарына және олардың аспаптық жарақтау мүмкіндіктерінен тәуелді болады.
Әрбір зерттеу ережесі бойынша, 4 негізгі кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең: бағдарлама жобасын және зерттеулер әдістемесін өңдеп шығару;
2-ші кезең: зерттеулерді дайындау (әзірлеу);
3-ші кезең: зерттеулерді тікелей жүргізу;
4-ші кезең: алынған нәтижелерді өңдеу және есеп беру жазбасын құрастыру.
Жол қозғалысын ұйымдастыруды зерттеу тәсілдері
Құжаттық
Шынайы
Модельдеу
ЖКО-ның есеп-қисап мәліметтері
Автотасымалдау туралы есеп беру және жоспарлық мәндері
Жол жағдайын зерттеу
Көлік және жаяу жүргінші ағындарын зерттеу
Анкеталардың қорытындысы
КЖС-ын жобалау құжаттарФ
Алдында жүргізілген зерттеудің материалдары
Стационарлық посттарда
Жылжымалы құрам көмегімен
Детерминдеу моделі
Стохастикалық модельдер
Жол қозғалысын ұйымдастыруды зерттеу тәсілдері
Құжаттық
Шынайы
Модельдеу
ЖКО-ның есеп-қисап мәліметтері
Автотасымалдау туралы есеп беру және жоспарлық мәндері
Жол жағдайын зерттеу
Көлік және жаяу жүргінші ағындарын зерттеу
Анкеталардың қорытындысы
КЖС-ын жобалау құжаттарФ
Алдында жүргізілген зерттеудің материалдары
Стационарлық посттарда
Жылжымалы құрам көмегімен
Детерминдеу моделі
Стохастикалық модельдер

Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы

3 Жол қозғалысын ұйымдастыру
3.1 Теміржол көлік қозғалысын ұйымдастыру
Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi, сондай-ақ айырықтар мен озба бекеттері желi арқылы әрбiр бағытта өтуге тиiстi пойыздар санын жөнелтiп отыруға арналған.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көр - сету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыс - тыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамы - ған бөлiм бекеттерiнде - пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм беке - тi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз - темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);
Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
Аралық, телімдік, сұрыптау стансаларының технологиялық жұмысы
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүргiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырылады, қала - маңдық пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады. Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе телiмдiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады.
Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады. Мұндай станциялардағы сұрыптау жұмыстарының көлемi аса үлкен емес - олар негiзiнен телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды сұрыптау және құрастырумен айналысады. Телiмдiк станциялар, әдетте, жүк пойыздарының локомотивтерi айналатын телiмдердiң шекараларын қамтиды.
Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарына кiреберiсте) орналасқан.
Жүк станцияларында мынадай операциялар атқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станция - ларда) тиеледi.
Жолаушылар және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетумен айналысатын станциялар жолаушылар станцияларына жатады. Оларда жолаушылар пойыздарының құрам - дарымен iстелетiн операциялар (қарауға берілетін құрамдарды техникалық тексеру және жарақтандыру, ақырғы бекетке келген құрамдарды құрастыру және рейске дайындау); жолаушыларды отырғызу және түсiру; теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау және беру; жол жүру билеттерiн сату; пошта операциялары атқарылады.
Жолаушылар пойыздарын сұрыптап-құрастыратын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол қиылыстарында қозғалысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Транзиттік көлік қозғалысын ұйымдастыру
Алаңдарда қозғалыста ұйымдастыру
КӨЛІК ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Автобусты спутниктік мониторинг арқылы бақылау
Алматы қаласындағы көлік ұралдарының кідірісін азайту шараларын жасау
Алматы қаласы күрделі қиылыстарында орын алған ЖКО топографиялық талдау негізінде қозғалыс қауіпсіздігін жетілдіру
Автомобиль жолдары
Қала көшелерін өндеу
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Пәндер