Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Ісіктердің сыртқы түрі мен құрылымы
2.2 Қатерлі жіне қатерсіз ісіктер.
2.3 Ісіктердің аталуы мен жіктелуі
а) мезенхимиальды ісіктер
ә) эпителийлік ісіктер
б) жүйке жүйесіндегі ісіктер
2.4 Қан түзуші ұлпаның ісіктері
А) Лейкоздар
2.5 Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ісіктер өте кең таралған, олар кез келген ағзаның, кез келген мүшесінен пайда болуы мүмкін. ісіктер үй және ауыл шаруашылық жануарларының ішінде иттерде, жылқыларды, ірі қара малда, мысықтарды, шошқаларда, тауықтарда, қой мен ешкілерде кездеседі. Ісіктің кейбір ерекшеліктері үй жануарларында сипатталады. Мысалы, эпителиалды ұлпаның ісігі, жиі иттерде, және өте сирек шошқаларда тіркеледі. Ісіктер ағза торшасының кез келген мүшесінен пайда болады. Басқа факторлардың, табиғаттың әсерінен болатынын соңына дейін таппаған. Қалыпты торша, ісіктің қайтымды айналу процессіне ұшырайды(трансформация). Бұл өзгерістер ағзаның бір торшасынан бірнеше торшасына немесе әр түрлі мүшелерге жанасуы мүмкін. Осылайша пайда болған ісіктердің бастамасы ісіктердің өсуіне ұласады. Ісіктің өсуі тез немесе баяу жүруі мүмкін. Олардың кей біреулері белгілі бір көлемге жеткен соң өсуді баяулатады. Қатерлі ісіктер өте тез өседі, және олардың торшаларының жайылуы жануар өлімімен аяқталады.

Негізгі бөлім
2.1 Ісіктердің сыртқы түрі мен құрылымы
Құрылымы.Сыттай қарағанда және гистологиялық ісіктер бір-бірінен қатты ерекшеленеді.
Сыртқы түрі.Сыртқы түрі бойынша ісіктер сан алуан. Ісік домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін.Бұл әдетте қатерсіз ісіктер. Сонымен қатар ісіктер емізікше, саңырауқұлақ тәрізді және ағаш тәрізді формаларға ие, ал беткейі тегіс, кедір-бұдырмалы болуы мүмкін. Ісіктің кейбір тілімдері балық етін еске түсіреді(саркомалар), ал басқалары - талшықты құрылым(фибромдар), үшіншілері әртүрліүлкен көлемдег шұңқырға(кистоаденомдар) айналады. Тері ісігі, әдетте, саңырауқұлақ тәрізді формаға(фунгозды) айналады. Терінің бетінде пайда бола, олар талшық тәрізді немесе түсті қырыққабат(қарашық ісіктер) кескініне келуі мүмкін.Сыртқы пішіні бойынша ісіктерді қатерлі немесе қатерсіз екенін ажыратыруға болады.Әдетте қатерсіз ісіктер ағзаның бетінде немесе терінің,қатерлі ісіктер керісінше терініңішінде қалыптасады.
Түсі. Ісік әртүрлі түсте болады.Әдетте, ісік айналасындағы ұлпалардан ақ, сұр немесе сарғыш түспен ерекшеленеді. Ісіктің түсі ісінген ұлпа түріне және тамырлардың өсу дәрежесіне байланысты. Аденоманың түсі бүйрек үсті безінің(мүше түсі) қабығындағы меланомға, меланиндегі пигменттің мөлшері - қара немесе қараңғы - қоңыр түске байланысты. Қатты дамыған тамырлы жүйе ісікке ашық-қызыл рең береді. Егер, ісікте некроз дамыса, онда мұндай аумақтар сұр, сарғыш-жасыл түс, қан кетуде - қызыл немесе қызғыш-қоңыр түске айналады
Консистенциясы. Ісіктердің консистенциясы, әртүрлі және тығыздан жұмсаққа және желетәрізді болады. Ол торшадағы ісік түріне, строманың, тамырлардың өсу дәрежесіне, сонымен қатар, екіншілік дистрофиялық үрдістерге байланысты. Сүйек және шеміршек ұлпаларында болатын, остеомдар, хондромдар, аралас ісіктер - қатты. Тамырлы ісіктер, липомдар, миксомдар, аденом және т.б. - жұмсақ. Ісікті тілген кезде сұйықтыққа немесе шырышқа толы шұңқырды, сонымен қатар, шашылыңқы массадағы аумақтар - некроздарды байқауға болады.
Пішіні. Ісіктердің мөлшері микроскопиялықтан өте үлкен көлемге дейін өзгеріп отырады. Сиырдың аналығында 170 кг салмақты ісік сипатталған. Ісіктер аздаған сантиметрден диаметрге және аздаған граммнан бірнеше килограммға дейінгі көлемде кездеседі. Ісіктер бірден және бірнешеден болуы мүмкін. Көпшілік жағдайда ісіктер мүшеде түйіндер түрінде, бірақ, кейде ісік ошақтары бірден бірнеше мүшеде дами алады.
Гистологиялық құрылымы. Гистологиялық кез келген ісік паренхима мен стромадан тұрады. Ісіктің паренхимасы ұлпаға сәйкес дамиды. Жоғары торшалы ажыратуды - қатерсіз, жетілген, гомологиялық, гомотиптік деп атайды. Егер ұлпаның ісігі жетілген ағза ұлпасының әлсіз торшалы ажыратуларынан бөлек жинақталса, онда қатерлі, жетілмеген, гетерологиялық, гетеротиптік деп аталынады. Гетеротопиялық ісіктер, ұлпалардан дамиды, ісік әдеттен тыс орыннан шықса, сол орында сақталса, нәтижесінде эмбриональды жылжу(гетеротопия), гомотипиялыққа қарағанда,белгілі дәрежесінде, қолайлы аналық ұлпадан дамиды. Ісіктің стромасы дәнекер ұлпасында дамиды. Онда қантамырлы, сөл тамырлары және жүйке өтеді. Әртүрлі ісіктерде строма мен паренхиманың қатынасы әр түрлі. Строма мен паренхимада жақсы көрінген ісіктерді органоидты(мысалы, эпителиалды ісіктер) деп атайды. Стромасы әлсіз көрінген ісікті гистоидты деп саналады. Строма мен паренхиманың ара қатынасы(сандық,сондай-ақ сапалық)әдетте, қалыпты мүшеге сәйкес келмейді.
Торшалы жіне ұлпалы атипизм.Барлық ісіктер қалыпты торшалар мен ұлпалардан(атипизм) ерекшеленеді. Торшалы атипизм - ісік дамыған мүше торшасынан паренхималық торшадан цитологиялық ерекшеленеді. Әдетте, ядро хроматинге бай. Олар жоғары бөлуге қабілетті. Қалыпты торшада болмайтын, көптеген митоздар пайда болады. Торша мөлшеріне ядроның үйлесімсіздігін көрсетеді. Соңғылары, әртүрлі пішінге ие болып, эмбрионалды торшалардың құрылысын еске түсіреді(анаплазия). Торшалы атипизм әдетте, торшалы полиморфизм қатты ерекшеленгенде, қатерлі ісіктерде қатты пайда болады. Ұлпалы атипизм жаңадан пайда болған ұлпаның дұрыс емес құрылысында (мысалы, сүт безіндегі без ісігінің шығарушы өзектері болмайды), және строманың әртүрлі дамуымен білінеді. Ісінген ұлпа, холестеринге, сүт қышқылына, нуклеин қышқылына неғұрлым бай, осылармен ол эмбрионалды ұлпаға ұқсас(гистохимиялық атипизм). Ісінген торшаларда, өзіне тән алмасу - биохимиялық атипизм бар. Олардың ақуыз және әсіресе, сульфидрильді және дисульфидті топтарының және де ақуыздың құрамдас бөлігінің алмасуы бұзылғанда пайда болады.
Ісіктердің өсуі.Ісіктің өсуін 2 формаға айырады: экспансивтік және инфильтративтік. Экспансивті өсуде, ісік, айналасындағы ұлпаларды ығыстырады. Олар анық көрінген шекраға, ал кейде, капсулағаие болады, сол себепті олардың кетуі оңай. Экспансивті өсу қатерсіз, жетілген ісіктерге тән. Инфильтративтік өсуде ісік торшалары,торшалар аралығындағы ұлпа айналасында өседі, олар метастаздар(туындаушы ошақтар) қалыптастыруда қан мен сөл тамырларына және қан мен сөл арқылы ағзаның әр түрлі бөлігіне енугеқабілетті. Ісік торшаларының көршілес ұлпаларға ену мезанизмі туралы сұрақ әлі шешімін таппаған. Ісінген торшалардың өзіне амебатәрізді қимыл әсер етеді деген ой бар. Сонымен қатар, ісік торшалары гидролизді гиалуронды қышқыл айналатын гиалуронидаз жасайды, дәнекер ұлпаның құрамына кіретін торшааралық заттарды және саңлау түзетін торшалар қатерлі ісіктерге айналатыны белгілі.
2.2 Қатерлі жіне қатерсіз ісіктер.
Қатерсіз ісіктер ажыраған торша элементтерінен тұрады. Ісік құрылысында, көбінесе, торша атипизмінің белгілерін көрсетеді. Қатерсіз ісіктер, әдетте, ақырын өседі, ығыстыра өсумен сипатталып, қысымнан айналасындағы ұлпа мен мүшелер атрофильденеді. Мұндай ісіктер, хирургиялық жоюдан кейін қайта пайда болмайд және қайтадан өсуге жол бермейді. Бірақ, шектеудің арқасында, қатерсіз ісіктер қауіпті болуы мүмкін(бас және жұлын ісіктері).
Қатерлі ісіктер аз ажыратылған торшалардан құралған. Осыған байланысты ісіктердің шығуы жайлы сұрақтарды шешу оңай емес. Бұндай ісіктерде ұлпалы және торшалы атипизм білінеді. Қатерлі ісіктің жайыла өсуі, олардың торшалары айналасындағы ұлпаларды бұзатындықтан, матастаздар пайда болады және хирургиялық жоюдан кейін қайталанады. Ісінген торшалар электронды микроскопта жаңа құрылымдық ерекшеліктерге ие болады; қалыптағы және әртүрлі көлем және пішіндегіге қарағанда цитоплазмада митохондрия аз, кейде олар қысқарады және көпіршіктенеді. Эндоплазмалық тордың құрылымы бірыңғай кішілене түседі. Рибосома және ірі ядро үлкейіп, жиі хроматиннің орналасуы шектелуі байқалады. Ақырын өсетін торша ісіктері торшаның қалыпты ұлпасынан көп жағдайда ерекшеленіп өсетін торша ұлпасына ұқсас болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ісінген ұлпа, қолайлы ұлпа эмбрионын еске түсіреді. Ісінген ұлпа құрылысының мұнд ай ерекшелігін анаплазия(гр. ana - қайта, plasso - түземін) деп атайды. Ісік торшасының қайтадан денеге өсіп-өнуі, қатерлі ісіктің торшасы қан және сөл тамырларында өседі: бүкіл ағзаға жайылады, жеке ағзалар мен ұлпаларда тамырлары бітеліп, еншілес ошақтар туғызып, сонда көбейеді. Және де кейбір ісіктер сөл жүйесінде басым өсіп-өнеді(рак), басқалары - қан тамырында(саркомалар), бірақ, лимфогематогенді қайта өсіп-өну болуы мүмкін. Лимфогенді қайта өсіп-өнуде қатерлі ісік торшалары аумақтық сөл түйіндеріне енеді, сосын сөл өзегі арқылы қақпалық венаға, оң жақ жүрекке, жеңіл,сол жақ жүрекке - үлкен қанайналым шеңберіне және паренхиматозды мүшеге, ұсақ қантамырларын бітейді. Гематогенді жолмен ісінген торшалар бірінші кезекте ісінген фокустар дамыған өкпеге түседі. Өкпеге түскеннен соң, қайта өніпөседі,көбінесе, бауырда, бүйректе және көкбауырда, кейде - теріде, шырышты қабықтарда, эндокриндік бездерде, жыныс мүшелерінде,сүйекте, бас миында тіркеледі. Қайта өсіп-өнуде көбірек қабілеттілікті меланомдар иеленеді. Әдетте, метастаздар пайда болған ісігін көшіреді. Бірақ, барлық ісінген торшалар метастазға алып келмейді, көбісі олардың ішінде өліп қалады. Метастаздың дамуы үшін эмболадан белгілі бір шарттар қажет - ісінген торшалар тамырларыдың қабырғасына таратып, қанша жетілгенторшалар көп болса, олар біршама қатерлі және онымен қоса олар осы қабілеттілікті иеленеді. Бұдан басқа, торшаның жаңа орнына әкелінген сапалы метастаздарды қалыптастыруда маңызды мәнге ие. Ісік қалыпты ұлпадан дамымайды. Оның пайда болу алдында ұлпаның ұзақ өзгерісі, яғни ісікалды(ракалды) секілді болады.

2.3 Ісіктердің аталуы мен жіктелуі
Өз атауын гректің бластома деген сөзінен алған. Ісіктің тізімі былай құрастырылады: ісіктің ауруының ұлпасының грек немесе латынша атауының соңына "ома" қосылады. Сонымен, талшықты дәнекер ұлпасының ісігі фиброма деп аталады, бұлшықеттен - миома, тамырлардан - ангиома және т.б. Соңын карцинома құрайды(грек тілінен cancer - рак) - эпителиалды ұлпасының қатерлі ісігі және саркома - дәнекер ұлпасының қатерлі ісігі. Ежелгі гректер, шаяндар адамдар жүзіп жүргенде денесіне кіріп олардың барлық шырынын сорады деп ойлаған. Дәнекер және басқа ұлпаның қатерлі ісіктері, эпитилий ұлпасын қоспай, саркома деп аталады(грекше sarcos - ет); фибросаркома, остеосаркома, лимфосаркома және с.с., тілік беті балықтың етін еске түсіреді. Бірақ, жалпы ережеден басқа ерекшелігі бар. Сонымен, эпителийдің қатерсіз ісігі - папиллома(сүйел), өзінің атауын белгілі формаға сәйкес алған(бүртік). Кейбір ісіктер мүшенің аталуына байланыста аталады: менингеома, тимома, гепатома және т.б. Бірнеше ұлпадан тұратын ісіктерді аралас немесе тератома деп атайды(грек тілінен teratos - кеміс). Адамдікіне қарағанда, жануарлардағы ісітер әртүрлі және анағұрлым сирек кездеседі. Бұл жиі ісік аурулары пайда болғанда жабайы және үй жануарлары ұзақ өмір сүрмейтіндігін түсіндіреді. Әр түрдегі жануарлардың ісікке төзімділігі әртүрлі.

Мезенхимальды ісіктер
Мезенхимальды ісіктер қатерлі және қатерсіз деп бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер.Фибриома - дәнекер ұлпасының ісігі. Дәнекер ұлпасы бар жерлерде кездеседі. Жиі дермада. Анық көрінетін түйін түріне ұқсайды, кескен кезде талшықты, меруерт реңді ақшыл түсті. Консистенциясы әр түрлі - тығыз серпімдіден тығызға дейін. Гистологиясы:Әр түрлі бағытталған шоғырлардан құралатын ұошық тәрізді ісіктік торшалар. Шоғырлар бірінен - бірі коллоген қабатымен бөлінген. Коллагенмен ісіктік торшалардың қатынасына байланысты фиброманың 2 түрі болады: жұмсақ фиброма (ірі ісіктік торшалар) және қатты (үлкен коллогенді талшықтар). Жұмсақ фибромалар сергек, ескіреген сайын қатая түседі.
Миксома (Мухоmа - шырышты (кілегей) ісік) - Мезенхиманың эмбриональдық қалдығынан дамитын ісік. Ол шінде жұлдызша және өрмекші тәрізді клеткалар орналасқан азофильді негізден тұрады

Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті. Липома көлемі мен пішіні әртүрлі май клеткаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе ісікті фибролипома деп атайды. Липома құрамында қан жасаушы элементтер болса оны миелолипома дейді.

Лейомиомалар. Ішкі ағзаларда түзіледі (ішек - қарын жолында). Жатырда фибромиомалар жиі кездеседі - бұл фиброзаға ұшырайтын лейомиомалар.

Рабдомиома көлденең жолақты бұлшықет ісігі жүректе, аяқ-қол бұлшықет-терінде өседі,оның көлденеңі 10-15 см-ге жетеді.

Хондрома.Түтікті сүйектердің, жамбас сүйектерінің, санның ұштарының, ұсақ сүйек ісігінің эпифизаларында орналасады. Орналасуы: 1.Экхондрома (сүйектік беткейінде, сыртында орналасады) ; 2.Энхондрома (сүйектің ішінде). Гистологиялық әдіспен жіңішке дәнекер ұлпалы қабатты, негізгі заттарда орналасқан хондроциттерді анықтайды. Хандрома - бұл потенциалдық қатерлі ісік, себебі қатерсіз өсуіне қарамастан метастаза болуы мүмкін.
Остеома . Қаңқа сүйегінде, аяқтардың ұсақ сүйектерінде байқалады. Түйін түрінде өседі (экзостоза). Гистологиясы шағын іріңді ісіктерден құралған, бірақ, атипиенің қалыпты ұлпасынан ерекшеленеді. Микроскопиясы: пішіні әр түрлі ісіктік остеобласттар, остеопластика аумақтары (ісіктік торшалардың сүйек ұлпасын продуцирлеу мүмкіншіліг).

Қатерлі ісіктер: фибросаркомалар. Сүйек қабығының астынан, сіңірден, фасция элементтерінен дамиды. Фибрсаркомалар жас және жетілген жасында аяқ - қолдарда кездеседі. Шеттері анық түйіндерден тұрады. Түйіннің ұлпасын кескен кезде қанталанған, ақшыл түсті болады, балық етіне ұқсас (саркос - балық еті). Гистологиясы: 1.Торшалық төмен дифференцирленген фибросаркома (ісіктер ісіктік торшаларды қамтиды). 2.Талшықты жоғары дифференцирленген фибросаркома (ісіктер талшықтарды қамтиды) - баяу өседі, сирек метастаза береді, сирек қошаған ұлпаларда өседі. Болжамы төмен дифференцирленген ісіктерге қарағанда қолайлы. Ісіктер торшалық полиморфизмнің ісіктерінен тұрады және ұршық тәрді торшадан құралған. Бұл ісіктің гистогегнезін анықтау үшін коллагенген сапалық реакция жүргізіледі (Ван-Гизон бойынша).

Лейомиосаркомалар. Жатырда, аяқтардың жұмсақ ұлпаларында кездеседі. Ерте метастаза береді.
Рабдомиосаркомалар. Бұл өте қатерлі ісіктердің бірі. Сирек кездеседі. Ісік өте тез өеді жіне ауруды өлімге дейін әкеледі, себебі өмірлік маңызы бар ағзалар ұлғайып кетеді. Гистологиясы: торшалары - белдікке ұқсас - тартылған торшалар, кейде көлденең ирек болаы. Торшалары ірі денелі және ұзын өскінді (теннис ракеткасына ұқсас).

Хондросаркомалар. Орналасуы хондромалардағыдай. Гистологиялық әдіспен ісік торшаларын анықтайды - хондробластар және хондропластика ошақтары (жаңа түзілген ісіктік сіңірлердің ошақтары).
Остеосаркома - сүйектің қатерлі ісігі. Ол негізінен ұзын сүйектерде кездеседі.

Эпителийлік ісік
Қатерсіз ісіктер.Папиллома (латынша papilla - бүртік) жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық байланыстар
Сүт бездерінің кистасы
Аналық без аурулары
«Патологиялық физиология» «Өспелер»
Зат алмасу кезеңдері
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Вирустар түсінігі мен түрлері
Рак - эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік
Адам ағзасына радиацияның кері әсері
Ісік торшасының қасиеттері,ісік құрылысы, ісіктің өсуі
Пәндер