Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Кафедра: Ветеринариялық санитария
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Орындаған: Тексерген:
(қолы) ________
(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)
Семей -2017
Курстық жұмыс жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Іріңді қабыну үрдістері
2.2 Зат алмасуының бұзылуы
2.3 Механикалық өзгерістер
ІІІ. Өзіндік зерттеу
IV Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Ветеринариялық-санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру.
Жануарлардан алынатын өнімдердің сапасын ветеринарлық - санитарлық сараптау арқылы зертханаларда тексереді. Ветеринарлық - санитариялық сараптау жүргізілетін зертханалар базарларда тиісті жерлерде орналасады. Олар қалалық немесе аудандық жануарлардың ауруларымен күресу станцияларының құрамына кіреді. Зертхананың негізгі міндеті -
базарларда сатылатын жануарлардан және өсімдіктерден алынатын өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптау және жұқпалы аурулардың өнімдер арқылы таралуын, адамдарға жұғуын болдырмау. Ветеринарлық - санитарлық сараптау зертханалары сатылымға тек таза өнімдердің шығуын және оларды сату орындарының, жабдықтарының, инвентарлардың, санитарлық киімінің және т.б. болуын қадағалайды. Өнімнің сапасын белгіленген стандарттарға, ережелер мен нұсқаулықтарға сай қадағалайды. Зертханадағы ветеринар мамандар базарларға сатылымға жіберілетін өнімдердің сараптамасының дұрыс өткізілуіне, сапасы мен тазалығына және сатудағы санитарлық талаптардың орындалуына жауапты болып табылады. Зертхана қызметшілері өз міндеттерін орындауда базардың әкімшілігіне, сатушыларға және сатып алушыларға тәуелді болмайды және мемлекеттің қорғауында болады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам рыногына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық - санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады. Бұл шаралардың басты мақсаты жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық - санитариялық сараптау және сертификаттау кезіндегі өнім сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың әдістері мен ережелерін бірыңғайландыру жүйесін құру және Фитосанитария және санитария шаралары жөніндегі келісім СФК ӘСҰ және АТҰ стандартына (Әлемдік тағам ұйымы) сәйкестендіру.
Негізгі бөлім
2.1 Іріңді қабыну үрдістері
Іріңді қабыну үрдістері сойыс малдарында ағзалардың жарақаттануынан, хирургиялық операциялардан соң, асептиканың талаптарын бұзып, малдарды дұрыс екпегеннен, індетті, инвазиялы және кейбір жұқпалы емес аурулардың әсерінен болады.
Қағыну (септикалық) үрдістері дегеніміз - денеге іріңді микробтардың енуі әсерінен (стрептококки мен стафилококкилар) мүшелердің қалыптан тыс ұлғаюы. Олар жергілікті жерде қабыну үрдістерін туғызады.
Іріңді ісік - сойылатын малдардың бұлшық еттерінде, лимфа түйіндерінде және ішкі мүшелерде шоғырланады. Іріңді дерматит, іріңді ісік, абсцесстер және фурункулдер, сирақтың құйрықтың флегмонасы, сүйектердегі (актиномикоз), арқадағы (гиподерматоз) және мойын, кеудедегі (жарақатты ретикулит, сақау) т.б.тесіктер жиі ұшырасады. Ірі қараны сойғаннан кейін бауырда көптеген абсцесстер, тимпания кезінде месқарынды тескеннен қалған перитонит, шошқа, қой бруцеллезінен, тулерямиядан, жылқы маңқасы мен сақауынан, туберкулезден болатын лимфа түйіндеріндегі, тері астында, жыныс мүшелерінде қалған іріңді ошақтар жиі ұшырасады. Сараптаушыға іріңді үрдістерді аңғару қиын емес, бірақ оларға лимфа түйіндерінің тарапынан қандай әрекет болатынын ескерген жөн. Зақымданған мүшелерден лимфа жинайтын лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз, қанталаған, іріңді ошақтары болады. Кейбір іріңді ошақтар бұлшық еттің қалың қабатында жататындықтан сарапшыға байқалмауы мүмкін, оған шошқа санының ішкі жағындағы, сиырдың бөксесіндегі, тауықтың кеудесіндегі егу кезіндегі асептика талаптарының орындалмауынан болатын абсцесстер жатады. Ондай үрдістер шаптағы, қолтықтағы лимфа түйіндерін өте мұқият қарағанда анықталады.
Сондықтан да, сараптаушы іріңді ісіктерді анықтаса, маңындағы ағзаларды, лимфа түйіндерін тексереді. Егер оларда (ағзаларда) өзгерістер жоқ болса, онда етте іріңді микробтар жоқ деп есептелінеді.
Іріңді ошақтарды бауырдан тапса, онда іріңді микробтар, қан тамырлары арқылы ішектерден бауырға өтіп, денеде жалпы септикалық процесстер жүріп жатыр деп есептелінеді.
Флегмона - жайылып кетуге ықтимал, жұмсақ дәнекер ұлпаларының жіті түрде іріңдеп қабынуы. Бұл іріңді ісіктен де қауіпті, өйткені іріңді бактериялар зақымданған аумақтан әртүрлі мүшелерге және ұлапларға өте тез арада өтеді.
Жаралар - тері және тері астындағы ұлпалардың ашық жарақаттануы. Егер жара іріңдеп кетсе, онда жарада іріңді микробтардың өсіп-өну үрдістер жүріп жатыр деп есептелінеді.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Егерде жекелеме ғана іріңді ісік және аумағы үлкен емес жаралар болса және олардың уыты әсерінен лимфа түйіндері бүлінбесе (өзгермесе), зақымданған мүшелерді, немесе ұлпаларды сылып тастайды да, ұшаны тағамға бөгетсіз босата береді.
Егерде көптеген іріңді ісік бір ғана мүшелерде немесе жекелеме іріңді ісік маңындағы лимфа түйіндерін зақымдаса және ұлғайған флегмона кездессе, бауырда іріңді ісік болса, онда зақымданған мүшелерді аластап, еттің қалған бөлігін тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға пайдалануға болады.
Егерде лимфа түйіндерінде іріңді ісік кездессе, онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады.
Егерде соятын малда жайылып кеткен іріңді жара кездестірсе және ол мал арық болса, онда ондай малды союға рұқсат етілмейді. Желінсаумен, эндометритпен, параметритпен ауырған малдар сойылса, міндетті түрде салмонеллаға тексеріледі.
Патогенді микробтар, оның ішінде патогенді стафилококктар жоқ болса және бұлшық еттердің семіп-азуы айқындалмаса онда ұшаны және ішкі мүшелерді бөгетсіз тағамға босата береді, ал патогенді микробтар, оның ішінде патогенді стафилококктар бар болса ұша бөліктерін қайнатып залалсыздандырған соң, пісірілген шұжық, консерві жасауға, ал ішкі мүшелерді техникалық утилизацияға жатқызады. Желінді зақымдау дәрежесіне және бактериологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарамай-ақ утилизацияға жатқызады.
Гидремия - бұлшық ет және дәнекер ұлпаларында, дене қуыстарында көп мөлшерде транссудаттың жиналуы. Бұл бауырдың ауыр түрде зақымдануының немесе әртүрлі этиологиялы аурулардың нәтижесі болуы мүмкін.
Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтау немесе кахексия байқалады, тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде сұйықтың жиналып, бұлшық еттер болбыр, сулы болады. Бұл кезде жамбас қуысында, бүйрек маңында жиналған майлар азаяды, олардың орнында іркілдек масса пайда болады. Гидремия белгілері айқын болған жағдайда ұша мен мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді. Егер белгілері әлсіз болып, бір тәулік ұстағаннан кейін жоғалып кетсе және де бактериологиялық зерттеу нәтижелері теріс болса ұшаны шектеусіз босатуға болады.
2.2 Зат алмасуының бұзылуы
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Зат алмасудың бұзылуы әсерінен бұлшық еттердің семіп - азуы айқындалса (жас төлдердің етінің боз тартуы, еттің түсі бозғылттанып, ылғалдылығы көбейіп, көлемі ұлғайып, болжыраған қалыпта болса), онда ұшаны барлық мүшелерімен техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде етте семіп - азғындау үрдістері шамалы ғана байқалса, онда етті және ішкі мүшелерді салмонеллаға тексереді. Егер салмонелла табылса, онда ұшаны қайнату әдісімен зарарсыздандырады, ал ішкі мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді.
Егер де салмонелла жоқ болса, зақымданған мүшелерді пісірілген шұжық, консерві жасауға, ал зақымданған мүшелерді техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде малдарға натрий селениті берілген болса (емдік, не алдын алу шаралары мақсатында), онда дәрі берілгеннен кейін ауыл шаруашылық малдарын 45 күннен соң, құстарды 30 күннен соң ғана союға болады.
Егер бұлшық ет, дәнекер ұлпасында және әртүрлі қуыстарда (көкірек, құрсақ) қанның жинақталғаны айқын байқалса, ондай жағдайда бұлшық ет өте жұмсақ, ылғалдылығы жоғары, түрі қызғылт - сұр түсті, жамбас қуысында, бүйрек маңында, тері астында май ұлпалары жоғалып, олардың орнына бозғылт-сары түсті қоймалжың зат пайда болады (жалқаяқ), онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егер ұшада бұл патологиялық үрдістер аса байқалмаса, бір күн ішінде бұндай белгілер жоғалып кетсе, онда бактериологиялық зерттеуден кейін ғана тағамға босатылуы мүмкін.
Зәр шығаратын түтіктердің бекітіліп қалуынан және бүйрек ауруларынан кейін зәр денеге жайылып кетуі мүмкін. Бұл жағдайды мал дәрігерлік ғылымда - уремия деп атайды. Бұндай аурумен ауырған малдарда, сойған кезінде қаннан зәрдің иісі шығып тұрады. Егерде қуық жарылып кетсе, зәр құрсақ қуысына жиналып, құрсақ көк етінде қызыл дақтар пайда болып, бүкіл денеден аммиактың иісі шығып тұрады. Бұндай иісі тоңазытқанда жоғалуы мүмкін, бірақ, қайнатқанда қайта пайда болады.
Сондықтанда бұндай ұшаға берілетін санитариялық баға - ұшаны ішкі мүшелерімен қоса, тек қана техникалық утилизацияға жатқызады.
Егерде денеде, ағзаларда сарғаю (желтуха) пайда болса, (әртүрлі аурулар: фасциолез, дикроцелиоз, пироплазмоз, салмонеллез және каротині көп азық сығындыларын пайдаланғанда т.б.) сарғаю үрдісі екі күннің ішінде ыдырап кетпесе, етте қышқыл дәм болса және нәжісінің иісі болса (сынама алып, қайнатып тексергенде), онда ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады.
Егерде ешқандай иісі болмай, сарғыштану 2 күннің ішінде жойылып (ыдырап) кетсе, онда ұшаны тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға босатады.
Егер сарғаю азықтан және малдың жасына байланысты болса, онда етті бөгетсіз тағамға босата береді.
Бронхит - бронхолардың қабынуы, эзофагит - өңештің қабынуы, миозит - жүрек қабықтарының қабынуы мүмкін
Сойғаннан кейінгі диагностика. Бронхылар қабынғанында: бронхылар мен кеңірдекте сұйық жиналады, кілегей қабықтары бозғылт-қызыл түске боялып, қабынған. Ал өкпе қабынғанында өкпенің әр жерінде тығыз ошақтар пайда болып, өкпенің лимфа түйіндері ылғалданады, көлемі ұлғаяды, қанның құйылуы мүмкін. Ал жүрек қабы қабынса, онда оның қабығы бұдырланып, жылтыры жоғалады. Қабықтың қабырғасы қалыңдап, қуысында, иісі сасық келген сұйықтық жиналады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Өкпе аурулары кездескенінде, зақымданғанына байланысты бөлімдерді аластайды. Ошақты пневмонияда, егерде лимфа түйіндері өзгермесе, өкпеден басқа мүшелердің барлығын тағамға пайдалануға рұқсат береді. Ал егерде лимфа түйіндерінен өзгерістер табылса, онда тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана пайдаланады. Егерде өкпеде ішек қарынының жыны және су кездессе (шошқа белгілі бір ыдыстарда жидіткенде) және басқадай да бекітілген жағдайларда өкпені техникалық утилизацияға жатқызады.
Егерде жүректің бұлшық етінің азып-тозуы, қанның сұйылуы және сарғайғаны байқалса, онда ұшамен қоса техникалық утилизацияға жатқызады. Ал егерде патологиялық өзгерістер тек қана жүрек қабықтарында, өкпеде байқалса, онда зақымданған мүшелерде аластап, ұшаның қалған мүшелерін бөгетсіз босата береді.
Бауырдың бүрісуі (цирроз печень) әртүрлі себептерден пайда болатын бауырдың атрофиялық (кішірейуі) және гипертрофиялық (ұлғаюы) түрінде кездесетін ауруы.
Ветеринариялық - санитариялық бағалау. Бауырды техникалық утилизацияға жатқызады.
Көк еттің қабынуы (перитонит). Егерде құрсақ қуысының сүбе көк еті қабынса жылтыры жоғалады, сипап қарағанда бұдырланып, қан тамшылары айқын байқалады және ішектің қабырғалары көк етке жабысып қалуы мүмкін.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Зақымданған ішкі мүшелер техникалық утилизацияға жатқызады. Ұшаның қалған мүшелері бактериологиялық зерттеулерден кейін, зарарсыздандырған соң пайдалануға жіберіледі. Ал егер перитонит селеудің енуінен болса, онда оларды тазартқан соң тағамға босата береді. Егер селеу іріңді жаралар туғызса, не басқадай қабыну үрдістері байқалса, ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады.
Уремия - бүйрек аурулары немесе бүйректің зәр шығару қызметінің бұзылуы, зәр шығару түтіктерінің бітелуі нәтижесінде болатын несептің құрамдас бөліктерінің өнімдерімен организмнің өзіндік улану үрдісі.
Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Қансыздандыру кезінде қанда несеп иісі болады. Тері асты және бұлшық еттер аралық дәнекер ұлпа несеп иісі бар сұйыққа толы, кейде қан құйылулар болады. Қуық жыртылған кезде, несеп құрсақ қуысына жиналады. Уремия кезінде несеп және аммиактың иісі бүкіл ұшадан шығып тұрады, қайнатқан кезде иіс күшейеді. Сондықтан да, уремиямен ауырған қояннан алынған барлық сойыс өнімдерін утилизацияға жібереді.
Сары ауру. Сойғаннан кейін анықталатын ұлпалардың сары түске боялуы көптеген себептерге - өт жолдарының бітелуі, лептоспироз, салмонеллез, бауыр аурулары және т.б ауруларға байланысты. Бұл кезде тұрақты сары түске боялу барлық ұлпаларда байқалады - майда, бұлшық етте, сіңірлерде байқалады. Лимфа түйіндері сарғыш түсті, басқан кезде сары-жасыл немесе қызғылт-сары түсті лимфа бөлінеді. Бірақ қояндарда ұлпалардың сары түске боялуы жаз кезінде каротин мен каротиноидтарға бай жасыл шөп жеген кезде, сонымен қатар рациондарында зығыр және рапс құнжарасы болған кезде болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ұлпалардың 48 сағат өткеннен кейін де жоғалмайтын сары түске боялуы кезінде және қайнатқан кезде ащы дәм және нәжістің иісі болса, ұшаны техникалық утилизацияға жібереді.
Егер жағымсыз иісі және ащы дәмі болмаса, сары түс 48 сағаттан кейін жоғалып кетсе, ет бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты босатады.
Сары түске боялудың себебі азықтандыруға байланысты болса, ұшаларды шектеусіз босатады.
2.3 Механикалық өзгерістер.
Жарақаттанулар тасымалдау кезінде, сояр алдында ұстағанда және сою кезеңінде болуы мүмкін. Механикалық жарақаттанулардың ішінде еттің сапасына кері әсерін тигізетіні жансыздандыру кезеңінде қол және сан бұлшық еттерінің қанталауы, омыртқалардың сынуы, жіліктердің сынуы деп есептеледі. Механикалық жарақаттанулардың әсерінен ет сапасы төмендеп, шығымы азаяды. Механикалық жарақаттанулар май қорлары мен гликоген тез шығынға ұшырауына, бұлшық етте холинэргиялық заттардың жиналуына және азотты қосылыстардың бөлінуіне себеп болады. Мұндай еттердің pH өте жоғары болатындықтан, еттің жетілу үрдісі нашар жүреді. Организмнің қорғану қасиетінің төмендеуіне байланысты микробтармен зақымдануға бейім болады. Әсіресе, жарақаттану іріңді үрдістермен жалғасса тағамдық инфекциялардың, токсикоздардың және кейбір індетті аурулардың қоздырғыштары үрдісті әрі қарай асқындырып жіберуі мүмкін.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Механикалық жарақаттанулардың ветеринариялық-санитариялық бағалануы ағзалардың бұзылу деңгейіне, іріңді ошақтардың болуына, микрофлоралармен ластануына және ет сапасына байланысты болады. Механикалық жарақаттанулар кезеңіндегі қанталаулар топалаң ауруы қоздырғыштарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz