Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Кафедра: Ветеринариялық санитария
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Орындаған: Тексерген:
(қолы)
(қолы) Комиссия:
(Бағасы) (күні) (ФИО) (қолы)
(ФИО) (қолы)
Семей -2017
Курстық жұмыс жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Ионизациялық сәулелердің түрі, маңызы.
2. 2 Ет, сүт, мал терісін, құс жұмыртқасын радиоактивті заттармен ластанған кезде зарарсыздандыру.
2. 3 Жануарлардың радиациямен зақымдануы кезіндегі шикізат пен өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
ІІІ. Өзіндік зерттеу
3. 1 Сыртқы сәулеленудегі ветеринариялық-санитариялық сараптау.
3. 2 Ішкі зақымданудағы ветеринариялық-санитариялық сараптау.
IV Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Әртүрлі салада ядролық қуатты кеңінен қолдану бүкіл жер шары үшін, адамзат үшін радиациалық қауіптілікті тудырды. Ядролық реакторларды пайдалану кезінде радиобелсенді заттардың қоршаған ортаға шығуына себеп болатын жарылыстар жиі кездесуде. Ядролық реакторларды 50 жыл пайдалану кезеңінде радиобелсенді заттардың қоршаған ортаға шығуымен 300 - ден аса жарылыс болған. Ең ірі жарылыстар Уиндскейле (Англия, 1957) , Тримайлс-Айленд (США, 1979), Чернобыль АЭС-де (СССР, 1986) және Хамме АЭС-де (ФРГ, 1986) болды. Осылардың ішінде ең қауіптісі белсенді радиоактивті 50 млн. кюри заттарды қоршаған ортаға шығарған Чернобыль АЭС есептеледі. Бұдан басқа, атом кәсіпорындарындағы болатын жарылыстар да азаяр емес. Қазақстан Республикасы Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылдан аса (1949-1990) болған сынақ жарылыстарының әсерінен қоршаған орта, адамдар мен жан - жануарлар орны толмас қасіретке ұшырады. Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері - Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, Семей ядролық полигонына тақау орналасқан халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Нақ сол жылдары жалған жолмен «Бурцуллезге қарсы күресетін» арнаулы диспансер ашылып, Абай және Абыралы аудандарынан 10 000 адам жасырын бақылауға алынған. Ешкімді емдемеген, тек радиация әсерін зерттеген сол 10 000 адамнан бүгінде 3 000 адам ғана есепте қалған. Ал қалған 7 000 адам өлі ме, әлде тірі ме, белгісіз.
Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке - психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960 -тан 1624 - ке, ақыл - ойы кем адамдар 3105 - тен 4612 - ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692 - ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған. Радиациялық зақымдануға тек полигонға жақын орналасқан жерлер ғана ұшырап қойған жоқ, зақымдау аймағы мыңдаған километр жерлерді қамтыды. Радиациялық заттар ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаны уландырып, адамдар мен жануарларға зиянын тигізуде. Радиоактивті зақымдану негізінен уран мен плутоний ядросынан бөлінетін 200 радионуклидтердің қосындысынан тұрады. Бұл құрам радиобелсенді айналымдардың салдарынан үнемі өзгеріп отырады.
Негізгі бөлім
2. 1 Ионизациялық сәулелердің түрі, маңызы.
Радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментік, радиозақымдану және компенсаторлық (орнына келу) үрдістері. Радиозақымдану дегеніміз - ағзаның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (Г. Г. Воккен) . Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдануы 150 Р ( қой ) дан 400 Р- ға( тауық, қоян) диапазонында болады.
Бұдан радиосезгіштік пен радиобелсенді зақымдануға келесі факторлар әсер етеді: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену уақыты, сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі, аралас) .
Сыртқы сәулену дегеніміз ионизациялық сәулелену әсерінен организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың және нейтронды қарулардың әсерінен болған радиоактивті заттар организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады. Бұндай сәулену кезінде өте қауіпті деп гамма сәулелер мен нейтрон ағымы есептелінеді. Гамма сәулелер аз ғана иондануды тудырып, ішке ену қабілеті нашар болады. Олардың ауадағы қозғалысы 100 -150 м, ал биологиялық нысандарда 70 см -ге дейін. Нейтронды сәулелену электрленген нейтрондардың ағымы. Олардың ену қабілеті жоғары болғандықтан биологиялық нысандарға әсері жоғары болады. Бета - ыдырау кезінде электрондар мен позитрондардың ағымының қозғалысы ауада 10 -25 м, ал биологиялық нысандарда 1. 0 см -ге дейін ғана болады. Сондықтан да, олар кілегей қабықтарында, мал терілерінде бета-күйік тудырады, қауіптілігі жоғары емес. Олардан төмен альфа сәулелер деп есептелінеді, сыртқы сәулеленудегі әсер ету қозғалысы ауада 2 -10 см, ал биологиялық нысандарда микрондармен саналады.
Ішкі сәулену кезінде радиоактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері арқылы организмге өтеді. Бұл сәулену кезінде керісінше альфа - сәулелер салмағының ауырлығы мен энергиясына байланысты өте улы деп есептеледі (1 см жолда 100-250 мың қос ионын түзеді, ал бета- сәулелер 50-100 қос ионын, ал гамма - квант барлығы 6 -10 қос ионын түзеді) . Осыдан қорытынды шығарсақ, осылардың ішінен өзіндік өте жоғары ионизациялық альфа сәулелерде болғандықтан радиоулылығы да өте жоғары деп есептелінеді.
Ауыл шаруашылық малдарының радиозақымдануға шалдығу дозасы ( ішкі сәуленуде) 3-5 м Ки/кг.
Егер сәулену сыртқы болса, өнімнің сапасын анықтағанда тек органолептикалық, патологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық зерттеулер жүргізілсе, ал ішкі сәулену кезінде ветеринариялық - санитариялық көрсеткіштерге қосымша радиометриялық зерттеулер жүргізілуі керек.
Аурудың қысқаша барысы. Сәулелердің адамдар мен жануарларды радиозақымдануға ұшыратып, өте күрделі патологиялық үрдіске - сәуле ауруына ұшыратады.
Ионизациялық сәулелердің белсенділігі - сәуле дозасына, сәуле дозасының сіңу күшіне, берілу энергиясына, сәуленің биологиялық тиімділігіне, сәулелердің ағзаларда таралуына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты болады.
Сәулелердің қорытынды биологиялық әсерінің бағасын зақымданған малдардың зақымданғаннан кейін 30 күн ішінде өлген малдың, пайыз мөлшеріне қарап есептейді. Оны ӨМ 50/30 ( 30 күн ішінде зақымданған малдардың 50 пайызы өлген) .
ӨМ 50/30; ӨМ 100/ 30
Ит 350 600
Қой, ешкі 550 750
Сиыр 550 650
Шошқа 600 800
Тауық 900 1200
Жылқы 650 1200
Қоян 800 1200.
Адамдар мен малдарда радияциялық патология 3 түрде кездеседі; сәуле ауруы, сәулелермен күю, кейінгі әсері. Сәуле ауру өте жіті түрде және созылмалы түрде өтуі мүмуін. Егер 10. 000 Р болса, малда өте тез арада өтеді. Сәуле ауруы зақымдануына байланысты; жеңіл (150-250Р - сыртқы, ал ішкі сәулену 0, 3-0, 5 мк Ки/кг) .
Орташа 250-400 Р ; 0, 1-0, 5 мКи/кг.
Ауыр 400-750 Р; 3 м КИ/кг.
Өте ауыр 750 Р ден көп; 5 м Ки/кг- көп.
Cәуле ауруының клиникалық белгілеріне байланысты: 4 сатыға бөлінеді.
- Алғашқы саты.
- Жасырын саты
- Клиникалық белгілері айқын біліну сатысы.
- Сауығу сатысы.
Радиактивті заттармен зақымданған ет және ет тағамдары, сүт және сүттен алынатын тағамдары радиоактивтік заттармен зақымданған жерлерде жайылған малдардың сойыс өнімдерінен, не болмаса басқадай жолдармен радиоактивті заттар ет және сүт өнімдеріне түскен кезде пайда болады.
Осы екі жағдайда да етті өте мұқият түрде мал дәрігерлік сараптаудан өткізіп, әрі қарай қолданылуын шешу ветеринария қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі болып саналады.
2. 2 Ет, сүт, мал терісін, құс жұмыртқасын радиоактивті заттармен ластанған кезде зарарсыздандыру.
Етті залалсыздандыру (дезактивациялау) .
Ядролық қаруды жаппай қолдану кезінде барлық малдар ішкі сәулеленуге ұшырайды. Құнды ет өнімін басым мөлшерін сақтап қалу мақсатында етті дезактивациялаудың маңызы өте жоғары. Етті дезактивациялау үшін келесі тәсілдерді қолданады.
Етті сүйектен бөліп алу. Егер малдар зақымданғаннан кейін 2-3 күннен соң сойылса, онда бұл әдіс арқылы радиоактивтілік - 15 %, ал 25 күннен соң - 45 % азаяды. Сүйекті жақпайды, көміп тастайды.
Қайнату. Ет 2 кг-нан асырмай кесектеп, 60 мин. қайнатады. Қайнату уақытын ұзарту радиоактивті заттардың шығуын тездетпейді. Әдеби деректерге сүйенсек, еттегі радиоактивті заттардың 60% - ы сорпаға өтеді, сондықтан да сорпаны шұңқырға төгіп, бетін 70 см. қалыңдықтағы топырақпен көміп тастайды. Егер еттегі радиоактивті заттар қалыпты деңгейден аспаса, етті тағам ретінде қолдануға болады, ал асып кетсе, дезактивацияның басқа да әдістерін қолданады. Дезактивацияның қайнату әдісін тек қана радиоактивті заттарды азайту үшін ғана емес, оның ішінде микроорганизмдерді өлтіру үшін де қолданады.
Тұздау. Тұздықта тұздау әдістемесі бойынша іске асырады. Бұл әдіс ұзақ сақтау кезінде радиоактивті заттардың ыдырауына және солардың тағы да 30% мөлшері тұздыққа шығатынына негізделген.
Мұздату және ұзақ уақыт сақтау. Етті ұзақ уақыт сақтағанда, еттегі радиоактивті заттар ыдырап, мөлшері азаяды. Етті сақтау уақыты радиоактивті заттардың түріне және құрамына және олардың жартылай ыдырау үрдісіне байланысты болады.
Жоғарыдағы әдістерді қолдану тәртібі мен реті төмендегідей болса, тиімді болады.
Егерде етте радиоактивті заттар мөлшері қалыпты жағдайдан 2-3 есе көп болса, онда еттен сүйекті ажырату әдісі қолданылады. Егер бұл әдісте радиоактивті заттар азаймаса, етті 60 минут қайнатып, сонан соң оны таза сумен жуып, радиометриялық өлшем жүргізеді.
Егерде радиоактивті заттардың мөлшері тым көп болса, сүйектен етті ажыратып, тұздап сонан соң ұзақ уақыт мұздатады.
Ет және басқа өнімдерге ауа, жанасу арқылы радиоактивті заттармен зақымданса, етті жуып, не еттің жоғарғы 0, 5 см. қабатын сылып алу әдісімен залалсыздандырады.
Мал терісін залалсыздандыру. Радиоактивті заттармен зақымданғанда жүн фолликуласы, май бездері және терінің басқа да құрамы құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Олар семіп, жүннің түсіп қалуына әкеліп соғады. Бұл өзгерістер мал терісі мен жүнінің саны мен сапасын төмендетеді. Егерде радиоактивті заттар тікелей теріге түссе, күю үрдісі дамиды. Егерде малдарда ішкі сәулелену болса, онда мал терісінде өте жоғары деңгейде радиоактивті заттар бар деп түсіну қажет. Сондықтан да, мал терісі, жүні міндетті түрде радиометриялық және дозиметриялық бақылауда болуы керек.
Мал терісін тұздықта, не никелдеу арқылы ал, жүнін ұзақ уақыт сақтау арқылы залалсыздандырады.
Сүтті залалсыздандыру. Радиоактивті заттар малдың сүттілігіне және сүт құрамына ерекше әсер етеді. Сиырдың сүті радиоактивті заттардың әсерінен 30-85% - ке дейін, ал өлерге бірнеше күн қалғанда 100% - ға азаяды.
Сүттің құрғақ заттары 1, 5 есе артады. Өзіндік салмағы, қышқылдығы, кальций саны жоғарылайды. Сүт майлылығы 20 % дейін азаяды, бактеридидтік қасиеті төмендейді.
Сүтті ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалағанда, міндетті түрде радиометриялық зерттеу жүргізілуі қажет. Егерде радиоактивті заттардың мөлшері қалыптан тыс көп болса және сау сиырдан алынған, бірақ та сақтау, тасымалдау кезінде радиоактивті заттармен зақымданса сүтті залалсыздандырады (дезактивациялайды) .
Сыртқы сәулелену әсерінен ауырған, бірақ та, сүтінің сапасы жоғары деңгейде болғанында сүтті қолдануға рұқсат етіледі.
Сүтті залалсыздандырудың тиімді әдістері: сүтті сүт машинасымен тартып, кілегейге, не сары майға айналдыру, көк сүттен сүзбе жасау. Бұл залалсыздандыруда таза сары май және казейн алынады. Сары су - конфискат деп танылып залалсыздандырылады, яғни көк алмастырғыш сүзгі арқылы не болмаса қалыпты деңгейге келгенше таза сары су қылып, малға азық ретінде беріледі.
Сүттегі радиоактивті заттардың мөлшерін ұзақ уақыт бойы сақтап азайту тек құрғақ және қоюлатылған сүт үшін ғана қолданылады.
Егерде сүт өнімдері радиоактивті заттармен (сары май, ірімшік) ауа, жанасу арқылы зақымданса ластанған бетін 2-3 мм. қалыңдығында кесіп алып тастайды. Ол үшін өте өткір пышақ, не жіңішке қатты сымды пайдаланады. Сонан соң тағы да дозиметриялық тексеруден өткізеді.
Құс жұмыртқасын залалсыздандыру. Құс жұмыртқасы радиоактивті заттардың көп жиналатын орны, оның ішінде жұмыртқаның сарысында - 9. 25 %, қабығында 37, 5% - дейін жиналады. Әсіресе, құс жұмыртқасына стронций - 90 көп жиналады (93, 4 %) .
Тауық жұмыртқасын залалсыздандыруда ұзақ уақыт бойы сақтау қолданылады.
Тауық жұмыртқасының әр жерінде радиоактивті заттар әртүрлі жиналатындықтан жұмыртқаны өңдеуді сарысын белогынан бөліп алып жұмыртқа ұнтағын жасап, мысалы, егер зақымданудың рұхсат етілген деңгейіне жеткенше уақытта сақтайды. Жұмыртқадағы белоктың радиоактивтілігі 43 күнде, ал сарысындағы - 14 күнде 10 есеге азаяды. Жұмыртқа қабығы стронций - 90 көп ұстайтындықтан, оның жұмыртқа ішіне өтіп кету қаупі бар. Сондықтан да, тауықтың жұмыртқа қабығын жерге көміп, үстін 80 см. қалыңдықта топырақпен жауып, ол жерде «Радиоактивті заттармен зақымданған». Радиация деңгейі және айы-күні жазылады.
Егер тауық жұмыртқасы сыртқы зақымдалуға ұшыраса, тағамға қолдануға рұқсат етіледі.
2. 3 Жануарлардың радиациямен зақымдануы кезіндегі шикізат пен өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Радиациямен зақымдану кезінде шикізатты және жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізу үшін жануарлардың денесінде жүретін негізгі үрдістердің себебін, мағынасын жақсы меңгеру қажет. Оған қоса, иондаушы сәулелердің түрлерін (гамма - бета - альфа - сәулелер және нейтрон ағымы), малдардың сәулелену түрлерін (ішкі, сыртқы аралас), радиоактивті заттардың мал денесіне ену жолдарын, сәулелену мөлшері радиациялық патологияның ерекшеліктерін құрап, шикізат пен өнімнің ветеринариялық - санитариялық сараптауына әсер етеді.
Зақымданған малдарды сорттау және алғашқы өңдеу өткізу. Жануарлардың радиациямен зақымдануы сәулелену мөлшері жайлы мәлімет алғаннан кейін жануарларды қарап, дозиметрия жасау үшін жеке алып, белгілейді, термометриядан өткізеді, керек болған жағдайда, радиометриялық зерттеулер үшін нәжіс, зәр, сүт, ал гематологиялық зерттеулер үшін - қан сынамасын алады.
Әрбір малды жеке-жеке қарап келесі топтарға бөледі: 1) қолдануға бөгетсіз босататын; 2-емдеуге арналған; 3 - союға арналған және 4 - сойып, утилизацияға жатқызатын малдар.
Бірінші топқа жеңіл зақымдануға ұшыраған малдар жатады.
Екінші топқа - орташа зақымдануға ұшыраған жас және толыққанды өнімді малдар.
Үшінші топқа - арық, кәрі, өнімі нашар малдардың арасынан радиация орташа және жоғары түрімен зақымданған малдар;
Төртінші топқа жанталасып жатқанда сойылған малдар жатқызылады.
Радиациямен зақымдануға ұшыраған малдарды сояр алдында зерттеу жалпы белгіленген тәртіп бойынша іске асырады. Аурудың жіті түрінде малды союға рұқсат етіледі, ал жоғарыда айтқандай өлгелі жатқан малды сойғанда оның етін тағам ретінде қолдануға болмайды.
Зақымдануға ұшыраған малдарды сойғанда, алғашқы өңдеуден өткізгенде ең біріншіден, адамның жеке басының қауіпсіздігін сақтау қажет. Мал союмен айналысатын адамдарда арнайы киімдер, резина қолғабы, дәке мен мақтадан жасалған респиратор, не противогаз, жеке дозиметр (ДС-50, ДКП-50) болуы қажет. Дозиметрмен жұмыс орнын тексеріп, жалпы барлық радиация мөлшерін тексеріп отырады. Жұмыс аяқталған соң тамағын, танауын таза сумен шайып, арнайы жерге барып киімдерін шешіп, сабындап қолын, бетін және денесінің ашық жерін жуып, 1-2% сода ерітіндісімен көзін шаяды. Егер душ болса, қабылдаған дұрыс. Медициналық қадағалаудан өту қажет.
Екіншіден, мал сойып жатқанда тері мен ішектен өтетін радиоактивті заттар бұлшық етке енбеуін қадағалау қажет. Ол үшін малдың терісін сыпырған адамдар әрі қарай ет өңдеуге жіберілмеуі тиіс.
Мал терісін және ішек қарнын малды асып қойып барып алады. Терісін арнайы дайындалған орынға жібереді. Ал ішек қарынды өңеш қуысы мен тік ішекті байлап (бекітіп) жарып алмай, ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізеді. Ұшаны жақсылап сумен жуады.
Үшіншіден, зақымдалуға ұшыраған малдарды сойғанда, өңдегенде өте көп су қажет етеді.
Төртіншіден, сою орнын, құрал-жабдықтарды конфискат (сойыс өнімдерінің қалдығы), пайдаланған суды сенімді түрде залалсыздандыру (дезактивация) қажет.
Қалдық су, конфискаттарды, сою цехынан кемінде 50 м. қашықтықта қазылған көлемі 5-6 м 3 шұңқырға көмеді, бетін жабатын топырақтың қалыңдығы 70 см кем болмауы қажет. Ал сою орнын, қондырғыларды залалсыздандырып, дозиметриядан өткізеді. Қолданылған құрал-жабдықтарды ыстық сабынды сумен 2-3 рет жуып, таза сумен шаяды. Сою орнында радиоактивтілік 0, 1 Р/г болғанша топырағынан тазартады.
Зақымдалған малдар тұрған орынды радиоактивті заттармен зақымданған айы, күні, радиация мөлшері жазылған тақта ілінеді.
ІІІ. Өзіндік зерттеу әдістері
Сыртқы сәулеленудегі ветеринариялық-санитариялық сараптау. Радиациялық зақымдалу кезінде организмнің қорғану қызметі нашарлап микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жағдай жасалады.
Ұшада жаппай қанталаулар болады. Кілегейлі қабықтарда қалыңдап ұлғайған, қанталаған. Сүйек бастары (кеміп) сарғайып, өзгеріске ұшырайды.
Аурудың асқынған түрінде қанталау күшейіп, кілегейлі қабықтарда некрозды, жара ошақтары болады. Лейкопения байқалады. Ауыз қуысында және жұтқыншақта неирозды ошақтар, қанталау пайда болады. Сүйек бастары қоймалжың сары не қоңыр түсті сұйыққа айналады.
Көк бауыр қатпарланып, көлемі мен салмағы азаяды. Ұлпасында қанталау бар. Ұлпасын кескенде қою-қызыл түсті.
Лимфа түйіндері ұлғайған, домбыққан, қанталаған. Арасын кескенде қою-қызыл түс сұрғылт түспен араласып келеді. Ішкі мүшелердің лимфа түйіндерінің зақымдану деңгейі жоғары.
Өкпе ала түсті, антелектаз, эмфизема белгілері болады. Қанталайды. Бауырда май дистрофиясы, неирозды ошақтары бар. Жүректе қанталау бар. Бүйректің қалталарында қан ұйиды, ұлпасының түсі өзгеріп, қанталайды. Аумақты гематома болуы мүмкін. Мида және жұлында нүктелі қанталаулар бар, кейде домбығу.
Жоғарыда жазылған сипаттамалар егерде мал зақымдануға ұшырап, тез арада сойылған жағдайға тән. Зақымдану сипаттамасы зақымдану деңгейіне, мал түріне және зақымдану уақытына байланысты болады.
Егерде зақымданудан соң біршама уақыт өтсе, мал жазылу сатысында сойылса, сипаттама басқадай болады. Өзгеріс тек лимфа түйіндерінде, ішекте, өкпеде қалады. Оларда қою сары түсті қанталаудың орындары, кілегейлі қабықтарда тыртық қалады т. с. с. Аурудың алғашқы - жасырын сатысында, жазылу сатысында, егерде мүшелер мен ағзаларда патологиялық өзгеріс жоқ болса тағамға бөгетсіз босата береді. Егер де патологиялық өзгеріс болса, бактериологиялық зерттеуге жібереді, ол жағдайда ұшаның ветеринариялық-санитариялық бағасы бактериологиялық зерттеудің қорытындысына байланысты болады. Ішкі мүшелерді қайта өңдеуге жіберіп, мал терісін қолдана беруге рұхсат береді.
Ішкі зақымданудағы ветеринариялық-санитариялық сараптау. Радиоактивті заттар асқорыту жүйесі арқылы өткенінде, асқорыту мүшелерінде қабыну, ісіну, домбығу үрдістері пайда болады, кей жағдайларда жарылып, перитонит тудыруы да мүмкін. Неирозды ошақтарының айналасы іріңдейді (сыртқы зақымдалу да болмайды) . Ішектегі ерекшелік: патологиялық өзгерістер тоқ ішекте айқын болады.
Радиациялық заттар тыныс алу жүйесі арқылы өткенінде ринит, бронхит, бронхопневмония ауруларының белгілері болады.
Радиоактивті заттардың енгенінде ұйқы безі көп өзгеріске ұшырайды: көлемі кішірейеді. Некрозды ошақтар пайда болады. Лимфа түйіндері де өзгеріске ұшырап, құрамында радиоактивті заттарды ұзақ уақыт сақтай алады, олардың сандық мағынасы ветеринариялық-санитариялық сараптауда диагностикалық көрсеткіш болуы мүмкін.
Ұшаны зерттегенде, тері асты майы азайғаны, бұлшық ет түсі - бозарғаны, кейде арықтағаны байқалады. Анық қанталау байқалмайды, жілік кемігінде көп өзгеріс жоқ.
Радиоактивті заттармен зақымданған малдардың ұшалары мен ағзаларын сараптаудан өткізу радиометриялық зерттеулерді де қамтиды.
Өйткені, зақымданған малдардың сойыс өнімдерінде рұқсат ететін мөлшерден көп радиоактивті заттар болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz