Ұшаны ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринариялық-сантариялық сараптауды ұйымдастыру және тексеру әдістемесі (Базардағы ВССЛ)



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Кафедра: Ветеринариялық санитария

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ұшаны ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринариялық-сантариялық сараптауды ұйымдастыру және тексеру әдістемесі (Базардағы ВССЛ)

Орындаған: Тексерген: (қолы) ________

(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)
Семей -2017

Курстық жұмыс жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Еттің морфологиялық құрылымы
2.2 Базардағы ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы
2.3 Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасының құжаттары
2.4 Ұшаны ветеринариялық санитариялық сараптау
2.5 Әр түрлі аурулар кезіндегі ветеринариялық санитариялық сараптау
ІІІ. Өзіндік зерттеу
3.1 Жас етті ветеринариялық санитариялық бағалау.
3.2 Ауру малдын етін ветеринариялық- санитариялық сараптау
3.3. Ет және ет өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау нәтижелері:
а) Еттің балаусалығын анықтау.
б) Органолептикалық және биохимиялық зерттеу
IV Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам рыногына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық - санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады Ет, сүт, шұжық, консерві өндірістерінде әртүрлі бактериалды препараттар қосып дайындайтын жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа өнімдер пайда болуда, оның үстіне шет елден келетін өімдердердің саны да күннен күнге артуда..
Қазіргі таңда ірі ет және сүт кәсіпорындары азайып, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар т.б. ауыл шаруашылығы нысандары пайда болған кезеңде өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері өзгеше сипат алуда.
Мал дәрігерлік санитарлық сараптау - мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері, сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдетін үйретеді.
Мал өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай - ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік санитарлық сараптау жүргізіледі.

Негізгі бөлім
2.1 Еттің морфологиялық құрылымы
Ет өнеркәсібіндегі ет сипаттамасы - терісі сыпырылып, малдың басы мен сирақтары бөлектеніп, ішек-қарындары аластатылған ұшаның қалған бөлігі. Еттің морфологиялық құрылысы өте күрделі ұлпалы кешеннен тұрады: бұлшық ет, дәнекер, май, сүйек, лимфа түйіндері, қан тамырлары және жүйке талшықтары. Еттің негізгі құнды бөлігі бұлшық ет не болмаса қаңқа бұлшық еттері деп саналады. Етті өңдеу өнеркәсібінде ұшаның алғашқы өңделуіне байланысты еттің келесі санаттарын ажыратады: сүйектегі ет - етті ұшалар, жартылай ұша және төртке бөлінген ұшалар; сылынған ет - сүйектен ажыратылған ет; тазартылған ет - дәнекер ұлпаларынан, майдан, лимфа түйіндерінен, қан тамырларынан тазартылған ет.
Ет ұшасының құрамына бұлшық ет, сіңір, май, сүйек ұлпалары енеді. Бұлшық ет ұшаның 50-60 пайызын құрайды. Морфологиялық құрылымы бойынша бұлшық ет ұлпаларының екі түрі белгілі. Оның бірі - көлде
нең жолақты, ал екіншісі - тегіс. Көлденең жолақты бұлшық етіне қаңқа бұлшық еттері, ал тегіс бұлшық етіне диафрагма, қан тамырлары және асқорыту мүшелерінің бұлшық еттері жатады.
Еттің және ет өнімдерінің құндылығын мен дәмділік қасиетін көлденең жолақты бұлшық еті жоғарылатады.
Бұлшық еттің құрамында 70-75% су, 18-22% ақзат (белок), 2-3% липидтер, 1,0-1,7% азотты экстрактивті заттар 0,7-1,35 % азотсыз экстрактивті заттар, 1,0-1,7% неорганикалық тұздар, 0,5-3,0 % көмірсулары және ферменттер мен дәрумендер болады. Бұлшық еттің белоктарынан оның құрылым мүшелері саркоплазма, сарколемма, ет фибриллалары, органолеллалар және жасушааралық заттар құралады.
Бұлшық еттің белоктары: суда еритін - саркоплазмалар; тұзды ерітіндіде еритін - ет фибриллалары; тұзды су ерітіндісінде ерімейтін - сарколемма құрамына енетін белоктар және бұлшық ет ішіндегі сіңір белоктары; ядро белоктары. Саркоплазма белоктары: жалпы бұлшық еттің белоктарының 20-25% құрайды. Оларға миоген, миоальбумин, глобулин Х және миоглобин жатады. Миоглобин кейбір газдармен тез араласады, бірақ та темірдің валенттілігі өзгермейтіндіктен миоглобиннің қосындылары пайда болады, мысалы, оксимиоглобин (МвО2) - ашық қызыл түсті; карбоксимиоглобин (МвСО) - қызыл қоңыр түсті; нитрозомиоглобин (МвМо) - қызыл түсті). Миоглобин өте аз мөлшерде болғанымен бұлшық ет жасушаларына оттегіні жеткізіп отыратын маңызды жұмыс атқарады. Ет фибриллаларының белоктары - миозин, актин, актомиозин, тропомиозин жалпы бұлшық еттің белоктарының 80% құрайды. Олар бұлшық еттің жиырылу үрдісіне қатынасады. Бұлшық еттің белоктарының арасында миозин 40%, актин 12-15%, тропомиозин 10-12% көлемінде болады. Сарколемма құрамына енетін және жұмсақ дәнекер ұлпаларының құрамына склеропротеиндер - коллаген, эластин, ретикулин және гликопротеидтер - муциндер мен мукоидтар ет дәнекер ұлпаларының негізін қалайды. Бұлшық еттің липидтері майлар фосфолипидтерден тұрады. Фосфолипидтер өте жұмсақ, митохондрийлер мен жасуша мембраналарының құрылымы болып келеді. Басқа липидтер қуат беретін материалдардың қоры ретінде саналады. Ондай липидтер, негізінен майлар бұлшық ет жіпшелерінің саркоплазмасында өте ұсақ түйіндер түрінде болатындықтан күңгірт түсті болады. Липидтердің көп мөлшері жасушааралық қуыстарда, бұлшық ет қосындыларының арасындағы дәнекер ұлпаларында кездеседі. Липидтердің және олардың қосындыларының бұлшық еттегі көлемі малдың қоңдылығына, түріне, жасына, жынысына және басқа да себептерге байланысты болады.
Бұлшық еттің азотсыз экстрактивті заттарына: карнозин, карнитин, креатинфосфат, креатин, креатинин, аденозин, моноди- и трифосфат, пурин негіздері, бос аминқышқылдары, мочевина , осылардың ішіндегі ең негізгісі карнозин - асқорыту сөлінің көп бөлінуіне жағдай туғызады. Бұлшық еттің азотсыз экстрактивті заттарына: гликоген, глюкоза, гексозофосфаттар, сүт және пирожүзім қышқылдары және т.б. жатады. Бұлшық еттің азотсыз экстрактивті заттарының жартысын гликоген құрайды. Бұлшық еттің азотты және азотсыз экстрактивті заттарының тағамдық құндылығы жоғары емес, бірақ та, асқорыту үрдісіне, астың қорытылуына көмектеседі және асқа ерекше дәм менен иіс береді.
Бұлшық еттің минералды заттары көптеген макро-және микроэлементтерге бай. Арық етте 0.20-0.22% фосфор, 0.32-0.35 % калий, 0.05-0.08% натрий, 0.020-0.022% магний, 0.002-0.003% темір, 0.003-0.005% цинк және өте аз мөлшерде мыс, стронций, барий, бор, кремний, қалайы, қорғасын, молибден, фтор, иод, марганец, кобальт, никель болады. Адам тағамдануына микроэлементтердің ішінде гормондар, ферменттер мен биологиялық белсенді заттардың құрамына енетіндерінің физиологиялық құндылығы жоғары болады.
Бұлшық еттің витаминдерінің мөлшері (мг%) В1 (тиамин) - 0.1-1.4; В2 (рибофлавин) - 0.1-0.3; В6 (пиридоксин) - 0.3- 0.7; В12 (никотин қышқылы) - 4.8; В - (цианкобаламин) - 0.002-0.008; А (ретинол) - 0.02; биотин 1.5 - 3.0. Еттерді жоғары температурада өңдегенде витаминдер: қуырған кезде -10 - 50%, стерилизациялау кезінде - 10 -55% , ал пісіру кезінде 45 - 60% - ға дейін бұзыла бастайды.
Май ұлпаларының химиялық құрамы. Еттің белоктардан басқа негізгі органикалық құрамына майлар енеді. Май ұлпалары жұмсақ дәнекер ұлпаларының бір түрі болып саналады. Олардың жасушаларында май мөлшері өте көп және көлемі үлкен болады. Май үлпаларының жасушаларында басқа жасушаларға ұқсас құрылымдық заттар болады, бірақ та ортасы май түйіршектеріне толған, ал протоплазмасы мен ядросы шетіне қарай ауысады. Май ұлпалары жануарлардың тері астында, құйрығында, құрсақ қуысында, бүйрек маңында, бұлшық еттің арасында жиналады. Май ұлпалары қуат қоры ретінде, ішкі мүшелерді сақтау және организмнің суыққа қарсы тұру қызметтерін де атқарады. Май ұлапларының негізін май (98 пайызына дейін) құрайды. Басқа ұлпалардан айырмашылығы майда су мен белок мөлшері аз. Майлар липоидтардан, витаминдерден және бояғыштардан (пигменттерден), органикалық және минералды заттардан құралады. Май құрамының өзгеруі үшглицеридтер құрамына енетін май қышқылдарына байланысты болады. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының мөлшері май түріне байланысты әр түрлі болады. Олардың арақатынасына байланысты майдың еру температурасы, сыну коэффициенті, жұмсақ - қаттылығы және басқа да физикалық қасиеттері анықталады.
Майдың еру температурасы төмен болған сайын құндылығы жоғарылап, сіңімділігі арта түседі. Майдың құндылығы негізінен жануарлар жасына, жынысына, түріне, ұсталу жағдайына және азықтандырылуына тікелей байланысты. Жас малдың майы кәрі малдар майларына қарағанда тез сіңеді; ұрғашы малдар мен піштірілген малдардың майы, еркек малдардың майына қарағанда, тез ериді; ішкі майлар тері асты майына қарағанда, нашар ериді.
Жануарлар майында фосфатидтер, стеридтер, пигменттер және витаминдер бар. Фосфатидтердің сандық құрылымы майдың табиғатына байланысты: сиыр майында - 0.07%; шошқа майында - 0.05%; қой майында - 0.01%. Жануарлар майынының сарғыш тартуы, оның құрамындағы картиноидтардың болуымен анықталады. Шошқа мен қой майы ақ түсті.
Дәнекер ұлпаларының химиялық құрамына су, белок, липидтер, минералды заттар, мукополисахаридтер экстрактивті заттар, гликоген және витаминдер енеді. Бұлшық ет қосындыларының, бұлшық еттің тереңдіктегі және беткі фасцияларының, сіңірлер мен апоневроздардың, сүйектің беткі жамылғысы барлығы дерлік дәнекер ұлпаларынан құралған. Аздаған мөлшерде құнарсыз белоктар бар.
Коллаген - дәнекер ұлпаларының белогы, ол жұмсақ және қатты дәнекер қосындыларының құрамында болады. Суда 700С және одан жоғары температурада қыздырған кезде адам денесіне сіңе алатын желатинге айналады. Эластин ыстық суда жібімейді және адам денесіне сіңбейді.
Мукополисахаридтер. Дәнекер ұлпаларында әртүрлі гетерополисахаридтер кездеседі. Олар коллаген, эластин, ретикулин, муцин, мукоидтардың құрамына еніп жасушааралық нығыздықты қамтамасыз етеді. Жануарлар денесінде мукополисахаридтердің арасынан гиалурон және хондроитинкүкірт қышқылы ұшырасады.
Су. Бұлшық еттің ұлпаларында судың мөлшері 73-75% болып, гидратты байланыстағы және бос күйінде кездеседі. Гидратты байланыстағы су барлық судың 6-15% құрап, жасушаның химиялық құрамымен, ал судың көп мөлшері бос күйінде осмотикалық қысымның және жасуша элементтерінің адсорбциясы арқасында берік ұсталынып тұрады.

2.2 Базардағы ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы
Базардағы тағам өнімдерінің сапасын бақылау мақсатында ветеринариялық - санитариялық сараптау зертханасы ұйымдастырылады. Бұндай зертханалар адамға және малға ортақ індетті аурулардың адамдарға жұқпауын, тарап кетпеуін және сату орындарында санитариялық ережелердің орындалуын қадағалайды. Зертхана базардың ішінде орналасады. зертхананың барлық бөлімдері орналасу үшін 0,01 ға жер бөлінуі керек.
Базар зертханасында ет ұшаларын және балық өнімдерін тексеретін бөлме, ет және ет өнімдерін, жануарлар майын зерттейтін, ара балын, сүт және өсімдік өнімдерін зерттейтін зертхана, ыдыстарды жуу бөлмесі, залалсыздандырғыш химикаттар сақтайтын бөлме, зертхана меңгерушісінің бөлмесі болуға тиісті.
Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы қызметкерлерінің:
- Жарамсыз өнімдерді сатуға рұқсат бермеуге, оларды залалсыздандыруға жіберуге, жойып жіберуге, денатурация жасауға;
- Базардағы өнімдер сақталатын қоймаларды, тоңазытқыштарды және сату орындарын тексеруге;
- Ветеринариялық - санитариялық сараптаудан өтпеген не болмаса сапасы өте төмен және ветеринариялық куәлігі (анықтамасы) жоқ, санитариялық ережелерге сәйкес сақталмаған өнімдерді сатқызбауға;
- Базар қоймасына өнім қабылдап, өнім шығаруға қатысуға және сатуға рұқсат беруге құқы бар.
Зертхана меңгерушісі жеке адамдарға және қызметтегі адамдарға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатқандағы ережелерді бұзып ветеринариялық- санитариялық - гигиеналық талаптарды орындамағаны үшін айып салуға құқы бар. Айып мөлшері істеген қателік деңгейіне байланысты болады.
Базарда мына өнімдер ветеринариялық - санитариялық сараптаудан өтуге тиісті: барлық ауыл шаруашылығы және жабайы малдардың еті; қосымша өнімдер (суб өнімдері); жануарлар майы; балық; сүт және сүт өнімдері (қаймақ, сүзбе, сары май, т.б); тауық пен күрке тауықтың жұмыртқасы; ара балы; әртүрлі өсімдік өнімдері (тамырлы жеміс, көкөніс, жеміс, жидек саңырауқұлақтар т.б.); ұн, жарма, крахмал; басқаша өсімдіктердің ұрығы; өсімдік майлары.
Базарда қолдан, үй жағдайында жасалған жартылай фабрикаттар, дайын ет және өсімдік өнімдері, қаз және үйрек жұмырқалары, дәрілер, шай ,бекіре (осетр, лосось) тұқымына жататын балықтарды сатуға болмайды.
Ет және ет өнімдері. Базарда сатуға әкелінген еттің иесі ветеринариялық куәлік, не анықтама тапсырады. Ветеринариялық құжатта еттің індетті аурулар жоқ жерден, сау малдан, құстан алынғаны жөнінде және ветеринариялық байқаудан өткені жөнінде мәліметтер болуға тиіс. Егер ет бір ауданның әкімшілігінде сатылса, онда анықтама беріледі, ал егер әкімшілігі басқа ауданда сатылса онда малдәрігерлік куәлік берілуге тиіс.
Егер бұндай құжаттар жоқ болса, ет күмәнді деп есептелініп, бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Қазіргі қабылданған ережелерге сәйкес ет ұшасы келесі тәртіппен зерттеледі: еттің сыртын және етті тіліп тексереді (түсі, консистенциясы, иісі) қоңдылығын, қансыздануын және жалпы патологиялық өзгерістерді анықтайды (бұлшық етті зақымдануы, қанталауы, ісіктер т.б.) лимфа түйіндерін жарып тексереді, базарда сойыс өнімдерін зерттеудегі қажетті және ыңғайлы лимфа түйіндерді жарып тексереді. Шошқа және ірі қара ұшасын цистицеркозға зерттейді (тіл, жүрек, шайнау, мойын, қол, арқа, бел, сан бұлшық еттері).
Шошқа ұшасын міндетті түрде трихинеллезге зерттеп, ұша буындарына, құрсақ шандырына ерекше назар аударады.
Бас, жұтқыншақ, көмей лимфа түйіндерінде аздаған ғана патология лық өзгерістердің болуы (қанталауы, некроз) топалаңға күмәндандырады. Бұндай жағдайда, лимфа түйіндерін, ішкі ағзаларды, ұша сынамасын бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулерге жібереді.
Ұсақ малдардың ұшасын тексергенде өкпе пневмониясының (өкпенің қабынуы) және плевритінің (плевраның қабынуы) бар жоқтығы еске алынады.
Өйткені, бұл аурулар екінші қатардағы салмонеллез тудыруы мүмкін. Сондықтан да, бұндай ұшалар бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі. Бұндай зерттеулер, егерде малдәрігерлік құжаты жоқ еттер сатылуға әкелінгенде, не болмаса індетті ауруларға күмәнданғанда және ет еріксіз сойылған малдан алынғанда да жүргізіледі.
Бактериологиялық зерттеулерге ұлпалы мүшелердің бөлегі, ұшаның алдыңғы және артқы бөлігінен бір-бірден лимфа түйіндерін, екі кесек ет және жілік жіберіледі.

2.3 Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасының құжаттары
Сараптаудың қорытындысы бойынша, арнайы журналдарда, сараптамаға келген өнімдер саны және түрі мал түріне қарай бөлек-бөлек тіркеледі.Шартты түрде жарамды, жарамсыз өнімдер жеке журналға жазылуы тиіс.
Егер өнім жарамды деп табылса "Ветеринариялық тексеру" таңбасы соғылады. Таңбаны ұшаның әр бөлігіне соғады. Ұш бұрышты қызыл таңба шартты түрдегі етке соғылып, жанына "санитариялық өңдеу" таңбасы қоса соғылады.
Жылқы етіне сегіз бұрышты жылқы еті таңбасын соғады.Ал сүт және сүт өнімдеріне, ара балы, өсімдік және балық өнімдеріне көлемі 5 х 8 см этикетка беріліп, сараптаудан өткізген зертхананың аты, сараптау реті, сатуға рұқсат етілген уақыты, күні жазылады.Егерде өнімнің сапасы нашар болып, сараптаудан өтпей қалса, онда қандай жолмен залалсызданғаны, өңделгені жөнінде т.б. қолдануы жайында акт жасалынады.

2.4 Ұшаны ветеринариялық санитариялық сараптау
Сойылған еттің ұшалары мен органдарына ветеринариялық - санитариялық сараптау арнаулы мал соятын, малды алғашқы өңдеуден өткізетін орындарда (ет комбинаты, қасапханалар, мал соятын алаңдарда) және колхоз базарында (ветеринариялық - санитарлық сараптау лабораториясында) ет және ет өнімдерінің асқа жарамды, не жарамсыз екенін анықтау үшін жүргізіледі.
Малдәрігерлік - санитарлық сараптаудың нәтижелерінде келесі міндеттер шешілуі тиіс:
Сапалы және зиянсыз ет өнімдерін асқа пайдалануға рұқсат беру.
Кейбір күмәнді деген ет және ет өнімдерін экономикалық тиімді әдістер мен зарарсыздандыру.
Адамға зиянды ауру малдың еті мен ет өнімдерін тамаққа қолдануға жібермеу.
Жарамсыз деп табылған органдар арқылы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратпау және қоршаған ортаны қорғау.
Жарамсыз деп танылған органдарды арнаулы санитарлық және технологиялық өндеуден өткізіп, не малға азыққа, не техникалық бағытта, не мүлдем жойылуы тиіс.
Ал осындай міндеттерді орындау ет комбинаттарында арнаулы малдәрігерлік нүктелер, ал қасапханаларда, алаңдарда - жұмыс орындары, көк базар малдәрігерлік - санитарлдық сараптау лабораториясында байқау алаңдарын ұйымдастырады.
Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін малдәрігері арнулы киіммен (халат пен бас киім), пышақпен, шанышқы мен, егумен және лупамен жабдықталуы тиіс.
Малдәрігерлік - санитарлық сараптауға міндеті түрде мыналар жатады: бас, ұша, ливер (кеңірдек, өкпе, жүрек, диафрагма, бауыр), бүйрек, желін, жатыр.
Белгілі бір малдың ұшасына, басына, ливеріне және терісіне бір реттік сан (номер) белгілейді.
Ол үшін қағаздан жасалған нөмірлер (көлемі 3-4 см) қолданылады, оларды ұша мен органдардың үстіңгі жағына бекітеді.
Мал дәрігерлік - санитарлық сараптауға жататын, жоғарыда айтылған барлық объектілерді бір жерге орналастырып, зертеуге дайындайды: Ірі қараның басын ұшадан айырады, тілін жақаралық кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп үстіңгі жағы мен екі жағынан кеседі. Жылқының басын ұшасынан айырып, бүтін етіп, кеңсірік желбезегін шауып алады.Шошқаның терісін түсірген соң немесе ыстық сумен қылын жидіткеннен кейін жақ астының кеңістігінен тілін кесіп, оны кеңірдек пен бірге қалдырады, мойнының төменгі бөлігінің терісінде ұсталып қалатындай етіп басын кеседі.
Тексерілген өнім мөлшерін есепке алу сондай-ақ ұшалар мен органдарды бракка (жарамсыз өнімге) шығаруға себепкер болған патологиялық процесстерді тіркеу журнал болуы керек.
Ет комбинаттарында алдымен басты, сонан соң ішкі органдарды, соңында ет ұшасын зерттейді.
Сондықтан да мал дәрігерлік - санитарлық сараптауды төмендегідей схема бойынша өткізу қажет.

Малдың ұшасын тексеру
Ұшаны тексергенде оның толық қансыздандырылуын анықтайды, егер ұша толық қансызданбаса, қатты ауырған не болмаса сояр алдында өте көп жұмыс істеген (қашқан, қуып жүріп сойған, қиналып, союға мәжбүр болған, тасымалданып, бірақ демалмаса) малдың ұшасы деп күмәндануға болады. Толық қансызданбады деп, егер де еттің түсі қоңыр - қошқыл болса; қан тамырлары қанға толып тұрады, әсіресе тері асты, қабырға бойында жататын қан тамырлары. Егерде қанның ұшадан нашар ағуы - организмде бір патологиялық процесстің бар екендігін дәлелдейді. Өйткені сау малдың ұшасынан қан ақырындап болса да ағып, ұша қаннан тазарады. Ал егер ауру малдың ұшасынан қан ақпайды да, етінің түсі қоңыр - қошқылданып тұрады. Ұшаның толық қансызданғаның анықтайтын көптеген әдістер бар.
Басты тексеру.
Басты тексергенге қолайлы болу үшін, оны күршекке іліп қояды не үстелге қойып тексереді. Шошқаның басын тексергенге дейін ұшасынан айырмайды. Әр малдың басын тексергенде өзіндік ерекшеліктері болады.

Ірі қара, жылқы, түйе конвейерінде 4 мал дәрігерлік нүкте бар:
Бас.
Ішкі мүшелер.
Ұша.
Соңғы нүкте.
Ірі қара малдарының сойылғаннан кейін ұшасын және ішкі органдарын тексеру:
1)Басты зерттеу. Басты теріден алып тастайды, тілді ұшынан және екі жанынан кеседі жақтан еркін түсіп тұруы керек. Тілді, ерінді, ауыз қуысының сілекей қабықтарын қарап қолмен ұстап тексереді. Тілді сілекейден және жем-шөп қалдықтарынан тазалайды. Егерде тілде патологиялық өзгерістер жоқ болса оны кесіп қарамайды. Жақтың, жұтқыншақтың (орта және шеткі) құлақ түбінің лимфа түйіндерін ашып тексереді.
Жақтың бұлшық еттерін сыртқысын қарама-қарсы екі кесіндімен ішкісін бір кесіп әрбір жағын цистицеркозға тексереді.
2) Іш құрылыс мүшелерін зерттеу - Ішкі құрылыс мүшелерінің кұрамына өкпе кеңірдегімен жүрек, бауыр өт қабымен, көк ет және қарын жатады.
Өкпені сырт жағынан және ұстап қарайды. Бронх бездерін трахеобронхит бездерін, оң және сол бронх бездерін, ортаңғы, каудальды, краниалды бездерін ашады. Кеңірдек пен бронхты және өкпе паренхимасын өкпені ұзына бойына ірі бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексереді.
3) Жүректі зерттеу. Жүрек қабын ашады. Жүректің сыртқы сірі қабығы және жүрек қабының жағдайын тексереді. Содан кейін жүректің оң және сол бөлігін үлкен кривизина арқылы тіледі, бір мезетте жүрек капшығы предсердий мен кабығын желудочков ашады.
Жүректің бұлшық ет қабатын (миакард), жүректің ішкі қабығы эндокард жүрек қан тамыры және қалқанын қарайды. Жүрек бұлшық еттерін тесіп алмай ұзына бойына және көлденеңінен бірнеше тіліктер жүргізеді цистицеркоз.
Бауырды зерттеу. Бауырды сырттай қарап, ұстап тексереді көк ет және виссералды жағынан қарайды. Көк ет бауырға жабысқан жағдайда ажыратады, бауырдың патологиялық өзгеруіне абсцессы қарап паренхимасын тексереді. Порталды лимфа түйіндерін тіліп қарайды
және өт жолына қарай тесіп алмай 2-3 рет тіледі.

Көк бауырды зерттеу. Көк бауырды сыртынан қарап тексереді, содан кейін бойлай тіледі және оның сыртқы-ішкі түрлерін анықтайды.
Бүйректі зерттеу. Бүйректі капсуладан шығарады. Ұстап көреді. Патологиялық өзгеріс барын байқаған жағдайда тіледі. Бір мезетте бүйректің лимфа түйіндерін тексереді.

Желінді зерттеу. Желінді мұқият қолмен ұстап тексеріп қарайды. Қатарынан 1-2 жерден терең тілік жүргізеді. Лимфа түйіндерін ашып тексереді.
Ішек қарынды зерттеу. Оның сірі қабығы жағынан қарайды. Бірнеше асқазан және лимфа түйіндерін кесіп көреді. Керек болған жағдайда ішек карынның кілегейлі қабығын ашып қарайды.
Жатыр мен аталық ұрық бездерін, қуық, ұйқы безін зерттеу. Қарап тексереді, керек болған жағдайда ашып кесіп көреді.
Ұшаны тексеру. Ұшаны сырт жағынан және ішкі жағын қарайды ұйыған қандарға, өсінділерге, сүйегінің сынғандығына және тағы да басқа патологиялық жағдайларға көңіл аудару керек. Керек болған жағдайда негізгі лимфа бездерін сырттай және кесіп қарау керек, және мойынның, белдеменің, анконустың бұлшық еттерін кесіп цистицеркозға тексереді.
Ұшаның мынадай негізгі лимфа түйіндері тексеруден өтуі тиіс: мойынның артқы терең безі, қабырға-мойын, бірінші қабырға, қолтық асты немесе жауырын асты, мойын сырты безі, төстің алдыңғы жұп және тақ, төстің үсті, қабырға арасындағы, үстіңгі орта қабатты, астынғы орта қабатты, белдің, жамбастың сыртқы және жамбастың кемік басы, жамбастың медиалды, латералды бездері. Құйымшақ, шап бездері. Бұзауларды тексергенде кіндігін және аяқ буындарын қарайды.
Ұсақ малдардың ішкі мүшелерін және ұшасын тексеру ірі қара малдардың тексеру тәртібіндей тексереді. Казеозды лимфаденитке тексеру үшін мойынның сыртқы және тізе буыны тексеріледі.
- Союдан кейінгі шошқаның ішкі мүшелері мен ұшасын зерттеу методикасы негізінен ірі қара малды союдан кейінгі зерттеуіндей, бірақ кейбір ерекшеліктерін атап өту керек:
Шошқада жақ асты бездерін, көмейдің шырышты қабығын, өңеш үстіндегі миндалинді мұқият тексеру қажет. Цистицеркозға зерттеу жүргізу үшін қосымша желке бұлшық еттерін және көк етін, қажет болған жағдайда жауырын-шынтақ, бел, жамбас кесіп қарайды. Көк етін алып трихинеллоскопияға зерттеу жүргізеді.
Бас маңайында жақ асты бездерінен басқа қосымша бездер бар. Олар жақтың арт жағында сілекей бездері күре тамырға бөлінген жерде орналасқан.
Ортаңғы қабатты үстіңгі лимфа түйіндерден тек краниальді ғана болады. Олар өте құбылмалы саны жағынан 1-5, орналасқан жері алдыңғы аорта доғасы. Шошқада оң және солдан басқа, ортанғы астыңғы бронхиалды лимфа түйіндері бар. Кеңірдек бронхқа бөлінетін бұрышында орналасқан, кейде сол бронхиалды лимфа түйінімен қосылып бірыңғай конгломерат түзеді.
Шошқада ірі қара малдан айырмашылығы көкбауыр лимфа түйіндері бар. Көк бауыр артериясын жағалай орналасқан.
Шошқада төс, қабырға аралық және қолтық асты лимфа түйіндері болмайды. Мойын үсті лимфа түйіндері үш топқа бөлінеді: үстіңгі, астыңғы және ортаңғы.
Тізе асты лимфа түйіндер шошқада екі топқа бөлінеді: терең және сыртқы. Сыртқысы жиі кездеседі.
Шошқаның топшы асты бірінші қабырғасының лимфа түйіндері қара малға қарағанда жақсы жетілген. Ортаңғы және жанындағы бел, құймышақ, бүйрек, жамбастағы лимфа түйіндер үлкен семіз шошқаларда майынан көрінбейді және сау шошқада білінуі қиын.
Жылқы малын сойғаннан кейінгі ішкі мүшелерін, ұшасын қарап тексерудің ерекшелігі:
Лимфа түйіндері жылқы малында, ұсақ түйіндерден құралған пакет түрінде көрінеді. Жылқыда қосымша тіласты лимфа түйіндері жақ аралық кеңістікте болады, төменгі жақтың тармақтану бұрышында, шынтақ буынына жақын иық сүйекте, иықтағы екі басты және үш басты бұлшық етінде.
Басты зерттеу кезінде жақ асты тіл асты лимфа бездерін кеседі, танау, ауыз, мұрынның шабылған жерін қарайды. Жылқының ішкі құрылысын тексерген кезде кеңірдек, үлкен бронхтардың кілегейлі қабығын қарайды. Бронхтағы барлық бездерін, кеңірдектің бойлай орналасқан бездерін кесіп ашып қарайды. Өкпенің екі бөлігінде екі қисық тіліктер кеседі және сол кесілген жерді ұстап көреді.
Жылқы ұшасын тексергенде қосымша бұлшық еттерін ішкі жағынан меланомаға тексереді. Жылқы малының қалған тексерулері ірі қара мал ұшасын тексергенмен бірдей
Құс ұшасы мен органдарын тексеру
Жүндегеннен кейін құстың бар ұшалары тексеріледі. Тексерген кезде дұрыс сойылуын, мүшеленуін анықтайды, басының, тұмсығының, ауыз қуысыныңтазартылу дәрежесін, сондай - ақ табандарының саңғырықтан тазартылуына т.б. назар аударады. Дені сау құсты жақсылап қансыздандырғанда оның ұшасы терісінің түсі сарғыштау немесе қызғылт реңді боз, көкшіл дақтарсыз ашық келеді, қан тамырларында қан жоқ.
Қанағаттанарлықсыз және нашар қансыздандырылғанда, ұшасының терісі қызыл түсті, сыртқы жағында қанға толы тамырлар байқалады, бұлшық ет кесіндісінің беткі жағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сальмонеллез ауруының сипаттамасы және таралуы
Кәсіпорындарда құс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Сатылуға түскен қой ұшасы мен ішкі мүшелерінің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын бағалау
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ұша мен ағзаларын тексеру әдістері және оны ұйымдастыру. Құс және құс өндейтін кәсіпорындарына арналған талапттар
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәндер