Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру



Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Елбасымыз мүлікті жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамды.
2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да, олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жолдауында 100 нақты қадам - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялайды. Бұл Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Соның ішінде Елбасымыз салық жүйелеріне аса көңіл бөлген.
39-қадам. Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу.
43-қадам. Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.
Зерттеу объектісі - Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты - оқу тәжірбие кезінде алынған теориялық білімді жетілдіре отырып, жергілікті бюджетке түсетін салықтарды зерттеп, ұсыныс жасау.
Тәжірибенің міндеттері:
- Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі тарихымен ;
- Басқару құрылымы мен функционалды құрылымымен;
- Бюджет деңгейлері арасында салықтардың түсімдерімен;
- Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдерімен танысу.

1. Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жалпы сипаттама

Салық - мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.
Салықтар - қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Бюджеттік кірістердің негізгі көзі - салық болып табылады. Ал республикалық бюджеттің кірісін құрауда жалпы салықтар маңызды рөл атқарады. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Тәуелсіздігімізге дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін экономиканы әміршіл-әкімшіл жүйесі арқылы басқарылды, сондықтан бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің негізгі кіріс көздерінің бірі айналым салығы, тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап елімізде тұңғыш салық жүйесі енгізілді. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес 1992 жылдан бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте - бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады.
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.
Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.
Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.07.1991 жылы №380 ҚазССР-да Мемлекеттік салық қызметі жүйесін құру туралы Жарлығымен ҚазССР-ның Мемлекеттік салық инспекциясы құрылды, ал 09.09.1991 жылы №520 ҚазСССР мемлекеттік салық жүйесінің қызметі туралы Қаулысына сәйкес облыс орталықтарында Облыстық салық инспекциялары, Облыстық салық инспекцияларының негізінде аудандық және қалалық салық инспекциялары құрылды.
1991 жылы шілде айынан бастап ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясының Мойынқұм ауданы бойынша салық инспекциясы мемлекеттік мекемесі құрылды.
2008 жылғы тамыз айынан бастап ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Мойынқұм ауданы бойынша салық басқармасы мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Салық басқармасы мемлекеттік қірістін түсуін, дұрыс бөлінуін бақылауға өкілетті.
Басқарма өз қызметінде ҚР Конституциясы, ҚР заңдарын, ҚР Президентімен және ҚР Үкіметінің актілері басқа да өзге нормативтік заң актілерімен және Ережені басшылыққа алады.
Басқарма заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде мөрі және бұрыштама мөр таңбалары бар, белгіленген үлгіде бланкалары бар,сондай-ақ заңға сәйкес, ҚР Министрлігінің Қазынашылық органдарында бюджеттік есеп шоты және заңға сәйкес банктерде есеп-шоты бар. Басқарма өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастар жасауға құқылы.
Басқарманың құрылымын, штаттық кестесін ҚР Қаржы Министрлігінің төрағасы ҚР Үкіметі бекіткен штаттық саны көлемінде бекітіледі.
Басқарманың заңды мекен-жайы: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі 6-үй.
СТТН 210700002402, пошталық индексі 080600
Басқарманың толық атауы: Қазақстан Республикасыгың Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің, Мойынқұм ауданы бойынша кірістер басқрмасы мемлекеттік мекемесі.
Басқарма Республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Басқарма өзінің міндеттері мен бернелерін орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілермен келісім шартқа отыруға құқығы жоқ.
Басқарма салық заңдылықтарының актісімен пайда түсірітен қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, ондай қызметтен түскен пайда (кіріс) Мемлекеттік бюджетке бағытталады.
Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже:
- Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығын, міндетті зейнетақы жарналары мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету,салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз қызметі шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында мемлекеттік кіріс басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша кірістер басқармасының аймақтық құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Мемлекеттік кірістер басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын,Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзгеде нормативтік құқықтық актілерді,сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
- Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен мөртаңбасы,белгіленген үлгіде бланкілер бар.
- Басқарма өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма бастықтарының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғалардың бұйрықтарымен рәсімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.
- Басқарманың штат санағының лимитін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекіткен штат санағының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Бастығы бекітеді.
Мойынқұм ауданы бойынша кірістер басқармасын 1991 жылдан 1995 жылға дейін Төлегенов Орынбет басқарған.
1995 жылдан 2000 жыл аралығында Мойынқұм ауданы бойынша салық комитетін Омаров Рахмат басқарды.
2000-2004 жылдар аралығында Мойынқұм ауданы бойынша салық комитетін Төлегенов Ертуған басшылық еткен.
2004-2008 жылдар аралығында Құндызбекова Г.Д. Мойынқұм ауданы бойынша салық комитетін басқарған.
2008 жылы тамыз айынан бастап 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Мойынқұм ауданы бойынша салық басқармасының басшысы Т.З.Әрістеев басқарды.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін, Мойынқұм ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Асанбеков Болат Қалыбайұлы басқарып келеді, оның жетекшілігінде 4 бөлім жұмыс жасайды.
Салық ұйымдарында Қазақстан Республикасының "ИСАЖ" есеп және салықтық бақылау процестерінде салық қызметкерлерінің қол еңбегімен ауыстырылады. Салық төлеушілерге кең көлемде қызмет түрлері ұсынылған. Салық төлеуші салық комитетіне келмей-ақ өзінің салықтық есебін жіберуге және ескерту қағазын алуға, өзінің кеңсесінен тұлғалық есептемелері мен тіркелген мәліметтерін көру мүмкіндігін алған.
Мойынқұм ауданында штаттық режимде ақпараттық жүйелер енгізіліп және іске асқан, олар: "ИНИС, СТДС, ИСИД, ИС НДС, ИС ЭФНО, ЭКНА, ИС УКМ, ИСВедомствалық кадрлар тізімі, ИС құжаттар айналымы, ИС акциздер, РН и ОН (РМНИ),СОНО.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептеуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі
Салық салу обьектілері бойынша;
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
-пайдалану тәртібі бойынша;
- обьектінің экономикалық белгісі бойынша;
Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлармен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салықтың есептік екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі. Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімлер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.Бұл әдіс салық қызметтері үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі - салық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады. Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызметі органдарын біріктіреді.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы "Қазақстан Республикасының Салық Кодексі" мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Қазақстан егемендіккі ие болғанан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделген. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Салық комитеті 1990 жылғы 15 шілдеден бастап ҚР Қаржы Министрлігіне кірді. Ал 2008 жылдың 01 тамыз № 128-1919-07- ММ куәлігіне сәйкес, заңды тұлға Мойынқұм ауданы бойынша салық басқармасы Жамбыл облысы Әділет департаментінің Мойынқұм аудандық Әділет басқармасында қайта тіркеуден өтті.
Қазіргі таңда салық комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық индекісінің 46 бабына байланысты Басқарма ҚР Мемлекеттік Қаржы Министірлігінің Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша салық басқармасының қайта құрылған құқық иеленуші болып табылады.
Салық басқармасы өз жұмыстарын қамтамасыз етіп отыратын құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Мойынқұм ауданы бойынша салық басқармасында 4 бөлім жұмыс істейді:
1. Қабылдау, өңдеу және тіркеу орталығы бөлімі
2. Есеп,талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі
3. Салық аудиті және өндіру бөлімі.
4. Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру бөлімі.
1. Есеп, талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген (қосып есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомасы есебінің функцияларын атқаратын салық басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өзінің жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-ның Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңын (Салық Кодексі) және нормативтік құқықтық актілерін, Салық басқармасының Ережесін басшылыққа алып отырады.
Есеп бөлімі қызметкерлерінің негізі міндеті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарнының есептелген (қосып есептелген, кемітілген), түске (қайтарылған, есепке алынған) сомасы, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімақылар мен айыппұлдар сомасының есебін жүргізіудің және есептілікті жасаудың дұрыстығына жауап береді.
Салық органының басшысы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады және жасалатын есептерді тексереді, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын есепке қою және жұмыс жағдайына жауап береді.
Есепке алу, есептілік және ақпараттық технологиялар бөлімі - салық төлеу тізімі - 040 нысаны салық органы үшін күн сайын қалыптастырылады. Нақты салық органына арналған тізілім (Қазынашылық бөлімінен күн сайын алынып тұрады) осы салық органына бағытталған барлық түсімдерді қамтиды. Тізілімдегі жазбаларда СТТН төлеуші, салық коды, төлем сомасы, қайтару (В) немесе есепке алу ( ЕА) белгісі, банк коды, құжат нөмері көрсетіледі.
Кіріс кодтары бойынша түсімдердің күн сайынғы тізімдемесі 040 К-нысаны салықтар мен кірістердің жекелеген түрлері бойынша қалыптастырылады.
Бюджетке түсетін түсімдердің күн сайынғы тізімдемесі 041 нысан.
Осы нысандар 1Н, 2Н нысандар нәтижелерімен талданып салыстырылады. Бөлімде барлық нысандар компьютерге еңгізілген.
2. Салық аудиті және өндіру бөлімі.
Мойынқұм аудандық салық басқармасының салық аудиті және өндіру бөлімі салық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып есептелінеді.
Жұмыс барысында салық аудиті бөлімі Қазақстан Республикасы Конститутциясына, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңын (Салық Кодексі) және басқа да заңдарымен, Қазақстан Респуликасының Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілермен және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық басқармасының ережесін басшылылыққа алады. Бөлім өз жұмысын Салық басқармасының басқа да бөлімдерімен өзара қатынаста жүргізеді.
Бөлімінің негізгі жұмыс бағыты :
Салық берешегін және басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіру мақсатында ұсыныстар жасайды.
- мәжбүрлеп өндіру шараларының және салық заңдылықтарының уақытылы орындалмағаны үшін қолданылатын салық тәсілдерінің дұрыстығын қадағалайды.
- шағын кәсіпкерлік субъектілері, жеке шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін заңды тұлғалармен арнайы жеке кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілердің салық заңдылықтарын орындалуын қадағалайды.
- рейдтік тексерулер және шағын бизнес субъектілеріне жеке кәсіпкерліктің арнайы түрлерімен айналысатын кәсіпкерлерге салық базасын анықтау барысында хронометражды тексеру жүргізеді.
- жеке кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілерге бақылау жүргізеді.
- кассалық бақылау тәртіптің орындалуын қадағалайды.
Бөлім басшысын басқарма бастығы қызметке бекітеді және босатады. Бөлім бастығы бөлім жұмысына басшылық жүргізеді. Бөлім алдына қойылған міндеттеріне және тапсырмалардың толық орындалуына жауап береді.
Бөлім қызметкерлері өзінің құқығына сай басқарманың ішкі еңбек тәртібін:
-салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізу;
-басқарма құзыры аясында жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті жарнаның, МӘҚҚ әлеуметтік төлемдердің толық және мерзімінде аударылуын қамтамасыз ету;
-салықтық тексеру жүргізу бойынша жан-жақты талдау жасау, жаңа салықтық бақылау механизмдерін әзірлеу және жетілдіру;
-ҚР ҚМ СК бекіткен есептілік нысандары бойынша мәліметтерді сапалы әрі уақытылы жасау және тапсыру.
-басқарма құзыры аясында Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-басқармаға түскен нормативтік актілердің есебін және сақталуын жүйелі түрде жүргізу.
-тексеруге жататын салық төлеушіні автоматты іріктеу есебінің мәліметтерін қолдана отырып және салықтық тексеру жүргізудің бекітілген әдістемелік ұсыныс бағдарларына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу;
-заңды және жеке лауазымды тұлғалар тарапынан салық заңдылығын бұзу деректері бойынша құжаттарды дер кезінде дайындау;
-тексеру барысында анықталған қылмыстық - процессуалдық сипаттағы деректер бойынша құқық қорғау органдарын дер кезінде хабардар ету;
-салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке толық түсіру туралы заң талаптарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Бөлім басшысын басқарма бастығы қызметке бекітеді және босатады. Бөлім бастығы бөлім жұмысына басшылық жүргізеді. Бөлім алдына қойылған міндеттеріне және тапсырмалардың толық орындалуына жауап береді.
3. Қабылдау, өңдеу және тіркеу орталығы бөлімі.
Салық есептілігін қабылдау, тіркеу, енгізу және сапасын бақылау бөлімі- салық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызмет аясында бөлім ҚР Конституциясын, ҚР-ның Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңын (Салық Кодексі) және заңдарын, нормативтік құқықтық актілерін, ҚР ҚМ СК бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқаулық және әдістемелік құжаттарын басшылыққа алады. Бөлім өз жұмысын салық басқармасының басқа бөлімдерімен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым - қатынасты жүзеге асырады.
Бөлім бастығы салық басқармасының бастығының бұйрығымен тағайындалады және босатылады. Бөлім бастығы жұмысты ұйымдастырады және жалпы басшылық жасайды. Бөлім қызметкерлері штатқа сәйкес белгіленеді. Бөлімнің қызметкерлерін тағайындау және босату басқарманың бастығының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері :
-Барлық салық есептіліктерінің ЖТАЖ, СЕЭҮ,ҚҚС АЖ-де бар болуын қамтамасыз ету.
-Салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізу.
-Салықтық есептілік үлгілерін толтыру;
-Салық төлеушілердің электронды салық үлгісіне өту жұмыстарын ұйымдастыру.
Бөлімнің негізгі функциялары:
-Салық есептілік үлгілерін толтыру бойынша салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сапасын қадағалау, заңды тұлғалардың ЖТАЖ,СЕЭҮ, ҚҚС АЖ, СЕӨС жүйесі арқылы салық есептілігін қабылдау және өңдеу.
-Уақытылы салық есептілігін тапсырмаған салық төлеушілер тізімін жасау, бұзушылықты айқындаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарламаларды жіберу.
-Салықтық есептілікті тапсыру мерзімі өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде салық есептілікті тапсырмаған жағдайда заңды тұлғалардың банк шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтату шараларын өткізу.
-Уақытында салық есептіліктерін өткізбеген салық төлеушілерге әкімшілік хаттамаларын толтыру.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
-Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
-Патент негізінде арнаулы салық режимі;
-Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Бюджетпен есеп айырысудың жеңілдетілген декларация арқылы және жалпыға бірдей бекітілген тәртібі таңдалған жағдайда тіркелген сәттен бастап Республика аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі.
4. Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру бөлімі.
Өндірістік емес төлемдерді және арнайы салық режимдерін әкімшіліктендіру бөлімі - салық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып есептелінеді. Бөлім өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР-ның Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңын (Салық Кодексі) және ҚР Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, ҚР ҚМ СК бұйрықтарын, өкімдерін.нұсқаулық және әдістемелік құжаттарын, ережелерін басшылыққа алады. Бөлім өз жұмысын жоспарлы түрде салық басқармасының басқа бөлімдерімен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым - қатынаста жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері мынандай:
-Қазақстан Республикасы салық заңдылығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
-Өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсімі жөніндегі әдістемелігін ұсыну;
-Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру жұмыстары бойынша және бюджетке түсімі жөніндегі технологиясын жасау жөніндегі отырыстарға қатысу.
-Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру, олардың түсіміне жан-жақты талдау жасау,жекелеген мүмкіндіктерді анықтау.
-Өндірістік емес төлемдердің қосымша көздерін анықтау және кіріс бөлігін молайту жөнінде ұсыныс енгізу.
Уәкілетті органдармен және қоғамдық құрылымдармен өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру бойынша жұмыстар жүргізу.
Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, салық заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау.
-Мемлекеттік меншікке айналдырылған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына, оның ҚР-ның заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақытылы берілуіне, сондай-ақ ол сатылған жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақытылы түсуіне бақылау;
Бөлім басшысын басқарма бастығы қызметке бекітеді және босатады. Бөлім бастығы бөлім жұмысына басшылық жүргізеді. Бөлім алдына қойылған міндеттеріне және тапсырмалардың толық орындалуына жауап береді.
Бөлім қызметкерлері өзінің құқығына сай басқарманың ішкі еңбек тәртібін сақтайды, өз жұмыс орнында құжаттардың заңдылыққа сай сақталуына байланысты ішкі және басқа да құпияларды сақтайды.
-Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті індетті төлемдер туралы Кодекстің 518 бабына сәйкес салық төлеушілер туралы ақпаратты құпия ұстауға;
-Бөлім қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін сақтауды ұйымдастырады;
-арнайы кеңестерде, жиылыстарда жұмыс барысын талқылайды.
-бөлім жұмысының жалпы жетекшілігін қамтамасыз етеді;
-салық заңдылықтарын үйрету бойынша сұрақтар қарастырылып, түсіндірме жұмысын өткізіп, жұмысшыларға бағыт береді;
банкроттық процедураларды ынталандыру жұмыстарын ұйымдастырады;
-салық төлеушілердің тілектері мен арыздарына бақылау жасайды;
-ҚР Қаржы Министрлігі Салық Басқармасының тапсырмаларын, жарлықтарын сапалы орындап, бақылау жүргізеді.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және зейнетақы жарналарының бюджетке толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ету;
- салық төлеушілердің салықтық міндетін орындауда салықтық бақылауды жүзеге асыру;
- өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2. Мойынқұм ауданы бойынща салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін талдау

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түстін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және коғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет-ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың қарқындары мен үйлесімдеріне әсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақшалай қордың сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үдерісінде қаржылық ресурстарды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР-да 13 түрлі салық, атап айтқанда корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралы салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы қолданылады.
Бюджет мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты жүргізу үшін экономиканың барлық секторына қаражаттарды жинақтау қоры болып табылады. Бюджет көмегімен жалпы ішкі өнімнің сектораралық, санааралық және аймақаралық бөлістірілуі, экономиканы мемлекеттік реттеу мен ынталандыру, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесін есепке ала отырып, әлеуметтік саясатты қаржыландыруды жүзеге асырады.
Бюджет арқылы ресурстардың үздіксіз жиналуы мен оның жұмсалуы жүзеге асады. Бюджет сөзін ағылшын тілінен аударғанда ақшалы қоржын, қап дегенді білдіреді. Мемлекеттік бюджет өзімен бірге заң күші бар ағымды жылға арналған мемлекеттердің негізгі қаржы жоспарын білдіреді.
Материалдық мазмұны бойынша мемлекеттік бюджет мемлекеттердің орталықтандырылған ақша қорын, ал әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ұлттық табысты бөлудің негізгі құралы болып табылады.
Бюджет әр мемлекетте өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттегі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, заимдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формалардан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым - қатынаста жатыр.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2015 жылдың желтоқсан айында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баж;алымдар; тіркеу алымдары; автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым; аукционнан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым; азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым; жер учаскесін пайдаланғаны үшін; үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін; қоршаған ортаға эмиссия үшін; жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін; орманды пайдаланғаны үшін; ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін; радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін; қалааралық және халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін; кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін; сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық декларациясы папкасы
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КІРІСІН ЖӘНЕ САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
Тауарлық кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар
Youtube және Android сияқты интернет қызметтері
Салық органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер