ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТАРАЗ ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс
белестері
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. д., профессор
Абдуалы А. Б.
Орындаған: Тар-05-3 тобының білімгері
Мусабаева Ж. Б.
Тараз 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . 3-5
1. ХҮІІІ- ғасырдағы Кіші жүз жеріндегі ұлт- азаттық қозғалыс
1. 1. Сырым батыр көтерілісі туралы зерттеулер . . . 6- 8
1. 2. Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс . . . 9-22
2. ХІХ- ғасырдың І-жартысындағы Кіші жүз жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
2. 1. Исатай - Махамбет көтерілісі қалай зерттелді ? . . . 23-33
- Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің себептері, барысы, нәтижесі . . . 34-41
2. 3. ХІХ-ғасырдың ІІ-жартысындағы Кіші жүз жеріндегі ұлт- азаттық қозғалыстар . . . 42-57
3. ХІХ- ғасырдың ІІ -жартысындағы Кіші жүз жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
3. 1. Арал өңірі қазақтарының Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі . . . 42-49
3. 2. Есет көтерілісінің басқа көтерілістермен сабақтастығы . . . 50-57
Қорытынды ………. . . . . 58-61
Пайдаланған әдебиеттер …. . . . . 62-63
Кiрiспе
Еліміз тәуелсіздік алғалы ұлттық санамыз оянып, ата- баба жолына үңіле бастадық. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сиы емес. Ол ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының,, дабылды- дауылды күресінің заңды жалғасы. Қаншама елдің ардагер перезенттері осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жанын пида етті десеңші!
«Тереңнен ойлап, тебрене толғансаң - халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес», - деп тарихшы, академик Манаш Қозыбайұлы айтқандай [1] тәуелсіздік үшін сан ұрпақ алысты арпалысты. “Аттан қазақ” деп жар салып атқа мінді.
Тәуелсіздік жолы - ұзақ жол, ғасырлық жол ол ата-бабаларымыздың жолы, ерлік жолы. Кәзіргі таңда елімізді дүние жүзінің елу елінің қатарына қосу барысында жастарды Отан сүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуде патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халықтың қамын жеп, ұлт-азаттық қозғалысты басқарған Сырым, Исатай, Махамбет, Есет батырларымыздың және халықтың ерлік істері өнеге, үлгі.
Тәуелсіздік тағы бір саласы- рухани тәуелсіздік. Кешегі кеңес заманында социалистік идиологияның құлы болған зиялы қауым, тарихшылар енді жаңа мұраттар іздеуде. Еліміздің тарихын қайта қарап, обьективті түрде жазуда. Сол сияқты мен де өзектілігіне орай ” Кіші жүз жеріндегі ұлт -азаттық қозғалыстар” тақырыбын диплом жұмысыма арқау етіп алдым. Патшалық Ресейдің отары болған кезеңде және Кеңес өкіметі тұсында жазылған еңбектерде де ұлт азаттық қозғалыстардың шынайы тарихи бағасы берілмеді.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті.
Диплом жұмысында патшалық Ресей және Кеңестік кезеңдегі тарихшылардың азаттық қозғалыстың ақиқатын бұрмалау себептерін бүгінгі күн тұрғысынан тарихшылардың соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектеріне сүйене отырып ашып көрсетуді мақсат еттім. Сонымен қатар патша өкіметі кезіндегі және кеңестік тарихшылар ұлт- азаттық қозғалыстарды жеке - жеке, бір- бірімен байланысы жоқ, кенеттен болған оқиға ретінде көрсетіп келді. Соңғы жылдарда жарық көрген зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, ұлт- азаттық қозғалыстардың, атап айтқанда Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістердің бір-бірімен және басқа көтерілістермен тарихи сабақтастығын ашып көрсетуді мақсат етіп отырмын.
Тақырыптың тарихнамасы.
Ұлт- азаттық қозғалыс бұрын- соңды көп зерттеліп келеді.
Қазақстанды Ресей империясының отарлау кезінде ұлт-азаттық қозғалыс жайлы көптеген еңбектер жарық көрді. Кіші жүздегі 1783-1897 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған көтерілісті алғаш зерттеген орыс ғалымы А. И. Левшин. 1832 жылы «Описание киргиз- казачьих, или кайсакских орд и степей» [2] деген еңбегін жазды. Ол патша өкіметінің өзінің отар елін тану тұрғысынан жазылып, көтерілістің ішкі әлеуметтік-экономикалық себептері ашылмай, автордың ойы бойынша көтерілістің басты себебі Сырымның хан тағына ұмтылуы болып шықты.
С. Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалысты зерттеудегі ең қомақты еңбек М. П. Вяткиннің 1947 жылы жарық көрген «Батыр Сырым» атты еңбегі. Автор Сырым бастаған көтерілістің отарлауға қарсы прогресшіл сипатын дәлелдеумен қатар, көтерілісшілердің басты мақсаты хандық құрылысты жою деген тұжырым жасады. [3] . Г. Ф Дахшлейгер, А. Сабырханов, В. Басин, Т. Шойынбаев, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар пікірлері С. Датұлы бастаған көтерілістің прогресшіл, отаршылдыққа қарсы сипаты болды деген пікірге сай келеді.
1917-1940 жылдар аралығында Исатай-Махамбет көтерілісі туралы зерттеулер жүргізілгені мәлім. Ол жаңа идеологияға негізделген ғылыми мекемелердің ұйымдасуы мен мамандармен толығуымен байланысты жүзеге асады.
Бұл бағыттағы жұмыстардың негізін 1920 жылы 15 қыркүйекте «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» салады. Осы ұйым 1925 жылы Қазақстанды зертееу қоғамына айналып, оған көрнкеті ғалымдар А. П. Чулошников, А. П. Гра, А. А. Диваев, С. М. Петров, И. В. Мелкова, А. А. Четыркина және С. Меңдешев т. б. [4] . мүше болады. Қоғам шығарып отырған еңбектерінде Қазақстандағы азаттық қозғалыстарының тарихына ерекше мән беріледі.
1836-1838 жылдары А. Ф. Рязановтың «Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа» [5] . »Восстания Исатая Тайманова» деген және В. Ф. Шахматовтың «Внутренняя орда и восстание Исатая Таиманова» деген еңбектері жазылды [6] .
Әдебиетшілер арасынан Исатай-Махамбет тақырыбына алғаш қалам тартқан қаламгер-классик жазушы М. О. Әуезов.
М. Әуезов «Исатай-Махамбет» жырының халық-азаттық қозғалысын суреттеудегі ескі батырлық жырларға ұқсастығын айтып, жырдың тарихи шындықты өлең жолдарымен баяндау әдісіне жоғары баға береді. 6
Автор 1836-1838 жылдардағы көтерілістің терең тамырын, Исатайдың ұйымдастырушылық, батырлық қасиеттерімен байланыстырады.
1930 жылдары Исатай-Махамбет көтерілісін терең зерттеген қаламгердің бірі-Ілияс Жансүгіров. Ол қазақ драматургиясы тарихында тұңғыш рет «Исатай-Махамбет» пьесасын жазады. Замандастары Ғали Орманов, Фатима Ғабитовалардың көрсетуінше, Ілияс Жансүгіров халық- азаттық қозғалысын жазу үшін материал жинап, Еділ, Жайық бойын, Мәскеу, Самара, Орынбор, Саратов мұражайлары, мұрағаттарына барған. .
Ілияс Жансүгіров салған ізбен 1938 жылы Исатай - Махамбет көтерілісі туралы Мұстай Ақынжановтың «Исатай Махамбет « пьесасы жазылады. .
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыға көшірілген Ресейдің белгілі ғалым тарихшылары М. П. Ким, А. М. Панкратова, Н. М. Дружинин, С. В. Бахрушин, А. П. Кучкин, М. П. Вяткиндер »Қазақстан тарихы» туралы іргелі еңбек жазуға және тарихшы ғалымдар даярлауға ерекше үлес қосты.
1940 жылдардағы азаттық күрес тарихына қалам тартып, көптеген еңбек жазғандардың ішінде А. Якунинді де айтпасқа болмайды .
А. Якунин өз зерттеулерінде мұрағат деректеріне, Махамбет пен Ығылман жырларына сүйеніп, 1836-1838 жылдардағы ұлт- азаттық қозғалысын, Исатайдың көтеріліс басшысы ретіндегі ұйымдастырушылық қызметін өте жоғары бағалайды [7] .
А. Ф. Рязанов тарихи құнды зерттеулерді дүниеге әкелді. Қазақстанның орталық мұрағатында, кейін Орынбор мұрағатында қызмет атқарған А. Ф. Рязанов өзінің аз ғұмырында ұлт-азаттық қозғалыстары тарихына арналған 15 ғылыми еңбек жазып қалдырады.
Оның Сырым Датов, Кенесары Қасымов, Қаратай Нұралиев, Қайыпқали Есімов көтерілістері туралы, Е. Пугачов көтерілісінің Қазақстандағы жүрісі туралы көлемді зерттеу еңбектері әлі де өте құнды болып табылады.
Қазақстандағы азаттық қозғалыстарын бір-біріне тарихи байланыстырған А. Ф. Рязанов 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық қозғалысына ерекше мән берді [8] .
ХІХ ғ. патша өкіметінің отарлаушылық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстар тарихындағы ірі оқиғалардың бірі-1870 жылғы Маңғыстаудағы адай көтерілісі. Кеңестік дәуірде көтерілістің тарихына арналған М. Тұрсынованың көлемді және құнды еңбегі жарық көрді [9] .
Бұл тақырып бойынша дерек көзі мол деуге болады. Себебі Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы бері қоғамның барлық салаларындағы сияқты, тарих ғылымында да үлкен өзгерістер болып, Қазақстан тарихшыларының еңбегі нәтижесінде тарих шындығын қалпына келтіру жөнінде біраз іс тындырылғаны белгілі.
Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы қай кезеңде де зерттеушілердің қызығушылығын туғызып, қозғалыстың себебін, дамуын зерттелу деңгейін мейлінше кеңірек қарастыруға жетелеген.
Қорыта келгенде, көптеген зерттеуші ғалымдар қазақ қоғамының күрделі мәселелеріне айрықша назар аударғанына куә болдық. Бүгінгі көзқараспен еліміздің тәуелсіздік талаптарына сай тарихшы ғалымдар еңбектерін сараласақ, қарастырылған мәселелердің әлі де дәлелдене түсетін, толықтыра жазылатын тұстары бар екенін көреміз. Біздің алдағы міндетіміз-осы мәселелерді тереңдете түсу.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жазған еңбектері тарихымызға жаңаша көзқарас қалыптастыруға да өзіндік үлесін қосқан және күні бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ .
Ғалымдар зерттген ұлт-азаттық көтерілістердің нәтижесі - тәуелсіздік. Осы еңбектердің маңыздысы-тәуелсіздік тек саяси ұғым емес екендігін, қазақ ұлтының дамуында сан алуан қыры бар екендігін дәлелдеді.
Құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын- рухани тәуелсіздік тарихын таразылап, жоғалып кеткен салтын, ұмыт бола бастаған тілін, ділін, дінін жаңғырта бастауына арқау болған ғалымдардың үлесі мол.
1. ХҮІІІ- ғасырдағы Кіші жүз жеріндегі ұлт- азаттық қозғалыс
- . Сырым батыр көтерілісі туралы зерттеулер
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей Қазақстанды толық отарлап алғаннан кейін, әкімшілік-территориялық бөлу мен отарлаудың нәтижесінде қазақ мемлекеттілігі толығымен жойылды. Қазақстан ұзақ уакытқа Ресей империясының отары болып калды. Алайда, бостандық сүйгіш қазақ халқы өз тәуелсіздігі үшін токтаусыз күрес жүргізді. Атап айтканда:
1. 1783 - 1797 жылдардағы Сырым Датов бастаған көтеріліс;
2. XIX ғ. 20-30 жылдарындлағы Жаңа Елік шебі құрылған кезде
Ж. Тіленшіұлы мен Қайыпқали сұлтан басқарган көтеріліс;
3. 1836 - 1837 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордада басталган И. Тайманов пен
М. Өтемісұлының бастаған көтерілісі;
4. 1837 - 1847 жылдар аралығында болған К. Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс;
5. 1855 - 1857 жылдардағы Е. Көтібарұлы бастаған көтеріліс;
6. 1869 жылғы Орал, Торғай облыстарындағы отаршылдыққа қарсы азаттық
үшін болган көтеріліс.
Қазақ халқының ұлт-азаттык көтерілісі төңкеріске дейінгі Ресей тарихшыларының назарына мұқият іліккен болатын. XIX ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық козғалыстарының жекелеген мәселелерін сипаттаған М. И. Венюков, М. А. Терентьев сияқты әскери тарихшылардың, Н. А. Середа сиякты буржуазиялық-либерал жөне халыкшылдық бағыттағы маман тарихшылардың еңбегі пайда болды.
Мәселен, Середа Ресей империясының отарлык езгісіне қарсы ұлт-азаттық күрестерінің үлкен ғылыми-саяси маңызы бар, өйткені ол Қазақстандағы отарлык мемлекеттің негіздерін әлсіретті дейді.
Ұлт-азаттык қозғалысқа байланысты мөселелер туралы дворяндық-буржуазиялык тарихиамада жазылса да, Қазакстанды Ресейдің отарлау кезеңінде бұл көтерілістің козғаушы күштері - тонаушылар, жауыздар болды деп бағаланып, төңкеріске дейінгі шаруалардың таптық күресі теріс, субъективті түрде түсіндірілгендігіне баса назар аударады .
Ол тақырыптың ғылыми-теориялык мәніне сүйене отырып, көрсетіліп отырған меселенің (яғни, ХҮШ-ХІХ ғғ. казак халкының ұлт-азаттык козғалыстары - Қ. С. ) төңкеріске дейінгі орыс тарихшыларының зерттеуін сипаттап, оларға баға беруге ұмтылу. Қазақ халкының отарлың езгіге карсы қозғалыстарының ішінде, негізінен, Сырым Датов бастаған көтеріліске тоқталу.
XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазакстандағы ең маңызды ұлт-азат-тық козғалыстардьщ бірі батыр С. Датов бастахан көтеріліс (1783-1797) болды.
Төңкеріске дейінгі Ресей ғылымында бұл козғалыстың тарихнамасы өте мардымсыз. Сырым Датов бастаган көтерілістің негізгі кезеңдері Қазакстанның төңкеріске дейінгі көрнекті тарихшы-зерттеушісі А. И. Левшиннің «Қыргыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» еңбегінде баяндалған [2, 4] . Алайда, А. И. Левшин көтерілістің әлеуметтік-экономикалық себептерін және Сырымның Нұралы ханға бәсекелес болуын хандық дәрежені көре алмаушылыкқа сайып, оның шынайы себептеріп де ашып көрсетпейді. Бұдан кейінгі авторлар - (В. И. Даль, Г. И. Спасский) орыс дворяндық-буржуазиялық тарихнама өкілдері оны мұқият зерттеместен, негізінен, А. И. Левшинді қайталады.
Ресейдің эспанциялық саясаты мен оған қарсы болған Қазақстан және Орта Азия аумағындағы ұлт-азаттық күрес мәселесі тұңғыш рет жүйелі түрде М. А. Терентьевтің «Орта Азияны жаулап алу тарихы» деп аталатын еңбегінде қарастырылды .
1890-шы жылдардың бас кезінен Сырым Датовтың шекаралық әскер-лермен қақтығыстарының ұлт-азаттық күрес сипаты айкын көріне бастайды. 1792 жылдан бастап ол Ресейге соғыс жариялайды Мұның себептерін бірқатар орыс авторлары хандық биліктің мұралық артықшылығын көре алмаған Сырымның өз ықпалын Қазақ даласына жүргізуге деген ұмтылыстарынан көрді. «Ресей үкіметінің кіші ордаға жаңа хан сайлауға бейімделгіштігінің өзі ғана Сырым үшін үлкен соққы болып тиіп, оның бет-пердесін жұлып алды, ол өзінің бұрынғы әрекеттеріне қайта оралып, жауыздық ойларын ашық іске асыра бастады» деп көрсетеді . Байқап отырғанымыздай, мұндай жала кездейсоқ жабылып отырған жоқ. Бұлар сол бұрынғы патша саясаты үшін белгілі қоғамдык пікір қалыптастыру мақсатына қызмет етті. Ханға ғана емес, Қазақ даласындағы патша әкімшілігіне де қарсы бағыт ұстанған Сырым Датұлы қозғалысының өрісі Ресейдің Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси мүдделеріне белгілі қауіп төндірді, бұл жоғарғы, сонымен қатар төменгі отарлық билік орындарын ерекше абыржытты. Көтерілістен кейін 30-40 жыл өткеннен кейін Левшин сияқты көптеген орыс авторлары қазақ еңбекшілерінің патша әскерлерімен қақтығысын суреттеуде оларды бұзакы топтар ретінде көрсетіп, көтерілісшілердің жетекшісі Сырым Датов барып тұрған «қатыгез» деп атауының себебі. осыған байланысты. Біз келтірген еңбектін, авторы бір орыс шенеунігінің қырғыздар әр түрлі бекіністерден 116 Ресей азаматын және жылқылар мен ірі қара малдың көп мөлшерін басып алғандығы туралы айтқанын жазды.
Сырымды кудалау үшін қазақ далаларына орыс әскерлерін жіберу ты-ныштық орната алмады, өйткені қанша карсы топтар мен оны жақтаушылар шекаралык басшыларға да ашық қарсы шықты .
Алайда, 90-шы жылдардың ортасында Сырым қозғалысы едәуір басылады. Сырымның жеңіске жетуіне мүмкіндік жасайтын халык көтерілістері старшиналардың үрейін алды. Уфа губернаторы генерал-поручик Визмитонов ІI Екетеринаға «Сырымның тобы Есімнің тобы. сияқты көп емес және жаңа ханды сайлауда . . . қарсыластарынының өзі соны жақтады» деп жазуында үлкен мән болса керек. Бұл деректерден Қазақ даласындағы оқиғалардың бұдан әрі дамуы барысында орын алмауы мүмкін емес таптық дефференция процесі байқалады. Бүған қоса, патша үкіметімен жөне сұлтандық Түркиямен күрес Сырымды шекара бойынан қоныс аударуға мәжбүр етті, осылайша Сырым тобы Оралдың «ішкі жағындағы қолайлы жайылымдарынан айырылып қалды. Бұл жақтастарынан да қол үзіп калуына әкеп соқты. Патша әскерлерімен күрестің күрделенген жағдайларында Сырым Орта Азия хандықтарымен (Хиуа, Бұқара) байланысын нығайтуға тырысты. Бірақ төңкеріске дейінгі авторлардың мөліметтерінше, бұл әрекет сәтсіздікке ұшырады, Сырымның саяси рөлі әлсірегендіктен, оның Қайып сұлтандармен одағы осал болды: 1796 жылы оны одақтастары тастап кетті. Әрине, бұл кұбылыстар Сырымның Кіші жүздегі ықпалының азайғанын көрсетті. Бұл туралы Уфа губернаторы Визмитинов II Екатеринаға «Қазіргі ханға қарсы тұрған әлімұлы руы оны жақтап отыр, бұл, Кіші жүзде тыныштық орнайтындығына сенімді күшейтеді» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол патшайымның назарын «одақтастарынан айырылса да Сырымның әлі де бағынбайтындығын, сондықтан да оның кимылдарын көзден таса қалдырмайтынына» аударды. Басқаша айтқанда, Сырым батыр Қазақ даласындағы оқшау қалғандығына қарамастан, патша шенеуниктеріне әліде болса қауіп тудырып тұрды. Жағдайдың тұйыққа тірелуі оны жеке террорға итермелегені белгілі: 1997 жылы ол Ералы ханның мұрагері Есімді өлтіреді [3, 316] . Бұдан кейін Сырым өз жақтастарынгың белсенді рөлін қалпына келтіру әрекетін тағы да жүзеге асырғанымен, шын мәнінде оның көтерілісі Есім ханды өлтірумен айяқталды. Сырым батыр бастаған көтерілістің жеңілісі хандық билікке қарсы күресіп, отарлық езгі жүйесіне қарсы күрестің арасында тұрған феодалдық топтың ғана емес, халықтың кең қозғалысына тиген соққы болды .
Ұлт-азаттық қозғалыс- ұлттық, әлеументтік, экономикалық, саяси, діни, рухани және мәдени қайшылықтардың нәтижесі. Ендеше, бұл даусыз ақиқаттың үстем идиологияның белгіленген межесінің шеңберінде қарастырылып келген бұл мәселенің қамтылу ауқымының, көкжиегінің кең екендігін баса айтуға тиіспіз.
1. 2. Сырым Датов бастаған шаруалар көтерілісі.
Әбілқайыр хан Ресей бодандығын қабылдағанан кейін Кіші жүздің көшіп жүретін қоныстары орналасқан көптеген аудандарда аймақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Сонымен бірге Ресей империясының отаршылдық енуі барған сайын Кіші жүздің кең-байтақ аймақтарын қамти түсті.
Күштердің осылайша орналасуымен қатар, аймақтағы саяси және экономикалық билік барған сайын Ресей әкімшілігінің қолына шоғырлана берді және И. И. Неплюевтің «бөліп ал да, билей бер»принципі бойынша құрылған идеялары мен жоспарларының қолданысқа енгізілуі аймақтағы барлық қайшылықтарды шегіне жеткізе шиеленістірді.
Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерде көшіп жүруіне тыйым салу туралы 1742 жылғы 19 қазандағы жарлық дамытыла отырып, империяның өлкедегі отаршылдық үстемдігін нығайту жөнінде жаңа актілер қабылданды. Мәселен, 6 қарашада казактарға қазақтардан адамдары мен малын өз бетімен тартып алуға рұқсат еткен Жарлық қабылданды. Ол 1760 жылғы 18 шілдедегі шешіммен толықтырылды, онда адамдар мен малды ендігі жерде жалғыз-жарымдап жүріп емес, ”топ жиып” барып қолға түсіруге рұқсат етілді. Пугачевтің көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 жылғы 25 шілдеде Орынборда күдік келтірілген кез келген қазақты ұстауға ресми түрде рұқсат етілді, ал 1779 жылғы 4 қазанда белгілі бір қазақ істеген тәртіп бұзушылық немесе қылмыс үшін кез келген қазақты ұстап алуға өкім берілді. Сөйтіп, 1783 жылғы 3 қарашадағы Жарлық солардың логикалық жалғасына айналды, онда »әскери адамдардан, казактар мен башқұрттардың жазалау отрядын құруға« рұқсат етілді және сол арқылы қазақ халқын үздіксіз тонап тұру үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Бодандық туралы актіге қол қойылған кезден бастап қазақтардың империя жүргізіп отырған саясатқа үнемі әскери және саяси қарсылық көрсетіп келгені мәлім -мал айдап әкететін, керунедерге, бекіністерге, редуттарға және тағы басқа шабуылдар жасайтын, тұтқындар түсіріп әкететін, бұйрықтарды орындамай, саяси тәуелділіктен жалтарып жүрді. Қарсыласу қаншалықты күшті болса, қазақ халқын ауыздықтауға соншалықты қатаң шаралар қолданылды, оларға қоса аймақты одан әрі отарлау жөнінде кешенді сипаттағы көптеген іс-шаралар жүргізілді. Әрбір жаңадан салынған бекініске сырттан казак-орыстарды әкеліп орналастырып, оларға жер беріп, қазақтардың мал жайылымдарын тарылтқан үстіне тарылта түсті. Ол-ол ма, бекіністерге жақын отырған қазақ ауылдарына әлсін-әлсін шабуыл жасап, малдарын айдап, адамдарын байлап әкетіп отырды. Шабуылдар тіпті ойдан шығарылған сылтаулар арқылы да жасалған. » . . . Тегі, орыс негізі деректерінде» шекара барымтасы» дейтін шабуыл бүкіл бекініс линиясының бойында үнемі қолданылып тұрады . . . мұның ұйымдастырушылары - Жайықтағы казак - орыс әскерлерінің старшиналары. Бұл шабулдардың көп болатын себебі, шабуылға қатысқандар олжа түсіріп, ауқаттанып қалып отырады.
Қазақ қоғамының өзінде феодалдану үрдісі тереңдей түсті, феодалдық аристократия мен ру шонжарларының мүдделері барған сайын алшақтай берді. Хандар және сұлтандардың үстем тобы дәстүрлі шонжарлар-ақсақалдармен, билермен, батырлармен барған сайын азырақ санасып, олардың құқықтарын қысым көрсетті. Олар барған сайын патша өкіметінің дала өңіріндегі тірегіне айналып, соның саясатын жүргізді, ру шонжарларын биліктен аулақтатты. Патша әкімшілігі билеушілердің екі тобы арасындағы қырқысты шебер пайдаланды, руаралық күрес еңбекші бұқара -шарауаларға соққы болып тиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz