Оңтүстік славян елдердің халықаралық қатынастағы рөлі



Кіріспе

Мақсаты : ХІ-ХҮ ғасырлар ішінде халықаралық қатнастардың белгілі бір
жүйесі қалыптасты, біртіндеп, әсіресе кейінгі римдік және византиялық
дәстүрлер ықпалының арқасында орта ғасырдағы дипломатияның кейбір нормалары
мен дәстүрі қалыптаса бастады. Осы жағдайға назар аудару.
Маңыздылығы : Халықаралық қатнастардың сипатына көңіл аудару.
Тақырыптың өзектілігі : Оңтүстік славян елдердің халықаралық
қатынастағы рөлі.
ХІ-ХҮ ғасырлар ішінде Европада халықаралық қатнастардың белгілі бір
жүйесі қалыптасты, біртіндеп, әсіресе кейінгі римдік және византиялық
дәстүрлер ықпалының арқасында орта ғасырдағы дипломатияның кейбір нормалары
мен дәстүрі қалыптаса бастады. Дегенмен бұл кезеңде халықаралық қатынастар
әлі де тұрақты сипат ала қойған жоқ болатын. Тұрақты елшілер мен
дипломатиялық елшіліктер жоқ болатын,әлі де халықаралық правоның
қалыптаспағанкезі еді. Осы түсініктің өзін ХҮ-ХҮІ ғасырларға дейін қолдана
қоюдың мүмкіндігі тек элементері ғана, оның ішінде, алдымен соғыс правосы
мен теңіз правосы дами бастады.
Барлық скандинавиялық үш мемлекеттегі нақтылы өкімет ХІҮ ғасырда
ірі феодалдардың қолында болды, оның үстіне олардың тек өз елінде ғана
емес, сонымен бірге басқа скандинавиялық елдерде де иеліктері болды. 1370
жылы жасалған Штральзуд бітімі ганзалықтарға ерекше сауда артықшылығын,
оның ішінде баж салығын азайту мен Сконедегі төрт бекіністің олардың
бақылауына өтуін берді, мұның өзі Ганзаның Балтық теңізіндегі үстемдігін
нығайтты.Шарт бойынша дат королі Ганзаның келісімінсіз таққа отыра алмайтын
болды.
Шығыспен жүргізілген экономикалық, дипломатиялық және мәдени
қатнастары, оның ішінде саяси, діни және сауда мәселелерін жүргізу
мақсатымен европалықтардың Шығыс елдеріне ұйымдастырған саяхаттары,товар,
қолөнеркәсібі және егін шаруашылығы кәсібі және егін шаруашылығы өнімдерін
алмастыру, Батысқа төтенше жақсы нәтиже берді. Мұндай қарым-қатнастар
европалықтардың географиялық ой-өрісін анағұрлым кеңейтті,батыстықтар Шығыс
халықтарынан әр алуан техника табыстарының, оның ішінде жел диірменнің және
жетілдірілген су тартатын доңғалақтардың үлгісін алды.
Ағылшындар мен француздар шайқасына алғашқыда көптеген европалық
мемлекеттер араласты. Францияны папа, Шотландия, Сицилия, Кастилия
корольдері, Фландрияның графы жақтап отырды. Англияны жақтағандар герман
императоры Людвиг Баварский, кейінірек бұған Бургундияның герцогі,
бірсыпыра нидерданд, неміс князьдері қосылды.
Соғыс ақыр аяғында ағылшындарды континенттен кетіруге мәжбүр еткен
Францияның патриоттық күшінің жеңісімен аяқталды, ағылшындар уақытша Кале
портын ғана өз билігінде сақтап қалды.
Крест жорықтарынан және мемлекет аралығындағы дау-жанжалдардан
әлсіреген Батыс Европа төніп келе жатқан қаһарлы қорқыныш алдында дәрменсіз
еді.
Бірақ күтпеген жерде,татар-монғол басқыншылары Шығысқа бет алды да,
Қара теңіз жағалауы мен Волга сыртындағы жазыққа тартып тұрды.Мұндай
өзгерістердің негізгі себебін алдымен Рустьтің үш жылдан астамға созылған
қаһарман шайқасы, осы кездің өзінде-ақ басқыншылар армиясын мықтап
титықтатуынан деп түсіндіруге болады.
Гусшілдер қозғалысы неміс католик дін басшыларының жасаған
қиянатына қарсы жүргізілген күрес, католик шіркеуіне жасалған оппозициясы
және чех ұлттық шіркеуін құру жөніндегі күрестер чех халқының әр түрлі
әлеуметтік сатыдағы адаамдарды-бюргерлікті, шаруаларды, қала мен
деревнялардың плебейлерін, феодалдарың бір бөлігін, әсіресе ұсақ және
орташа феодалдарды, біріктірген кең қоғамдық қозғалысқа айналды.

І тарау. ХІ – ХҮ ғасырлардағы халықаралық қатынастардың сипаты.

Алғашқы орта ғасырларда Европадағы әр түрлі елдер айтарлықтай
берік экономикалық, саяси, және мәдени қарым-қатнастар біртіндеп орнай
бастады, бұл қарым-қатынастар дау-жанжалдардың, соғыстардың салдарынан
әрдайым үзіліп қалып отырғанына қарамастан қайтадан қалпына келіп, одан ары
дамып жатты. Европалық елдермен Шығыс елдерінің байланысы кеңейіп, барған
сайын нығая берді. ХІ-ХҮ ғасырлар ішінде Европада халықаралық қатнастардың
белгілі бір жүйесі қалыптасты, біртіндеп, әсіресе кейінгі римдік және
византиялық дәстүрлер ықпалының арқасында орта ғасырдағы дипломатияның
кейбір нормалары мен дәстүрі қалыптаса бастады. Дегенмен бұл кезеңде
халықаралық қатынастар әлі де тұрақты сипат ала қойған жоқ болатын. Тұрақты
елшілер мен дипломатиялық елшіліктер жоқ болатын,әлі де халықаралық
правоның қалыптаспаған кезі еді. Осы түсініктің өзін ХҮ-ХҮІ ғасырларға
дейін қолдана қоюдың мүмкіндігі тек элементері ғана, оның ішінде, алдымен
соғыс правосы мен теңіз правосы дами бастады.[1] Мәселен ХІІ ғасырда
жасалып болған Барселон теңіз правосын алуға болады.
Осы кезеңдегі халықаралық қатынастардың дамуында мыналар шешуші
факторлар болды:
1) Бірінші, феодалдыққа өту процесінің аяқталуына,өндіргіш күштің
өсуіне, қалалардың өсуіне, қалалардың пайда болуына, әсіресе халықтардың
және мемлекеттердің өз ара жақындасуына себеп болған ішкі және сыртқы
сауданың кеңеюіне байланысты Европада экономика өсті.
Екінші жағынан, сыртқы сауда көп жағдайларда сауда бәсекесінен
өршіген олардың өз ара қарама-қайшылығын туғызатын, ал бұл қайшылықтар кей
кездерде ұрыс-жанжалдар, тіпті соғыстарға апарып соқтыратын.
2) Экономиканың өсуі, оған байланысты шаруашылықтардағы өзгерістер,
дәлірек айтқанда, рыноктың дамуы феодалдардың материалдық қажетін
арттыруды, ал бұл жағдай жеке елдердің өз ішіндегі феодалдық қанауды
күшейтіп қана қоймай, феодалдар басқа елдердің жерін және байлығын жаулап
алуға жанталаса асыға түсті. Осының салдарынан Европаның өз іші де және
одан тысқары жерлер де сан алуан соғыстарға ұшырады.Мәселен крест
жорықтарын, неміс феодалдарының Италияға қарсы жорықтарын және олардың
славяндар мен Балтық теңізі жағалауындағы елдерді басып алуға арналған
соғыстарын, Франция мен Англияның жүз жылдық соғысы сияқтыларды алуға
болады.
3) Көптеген Батыс Европа елдері феодалдық қоғамның саяси өмірінде
бір орталыққа бағыну тенденциясының артуы, король өкіметінің күшеюі, сөйтіп
феодалдық бытыраңқылықтың біртіндеп жойыла бастауы. Мұндай құбылыстарда
яғни вассалдық байланыстардың шиеленісіп кету нәтижесінде көптеген
феодалдық сеньорларды, тіпті бүтін мемлекетерді дау-жанжалдарға, қарулы
қақтығыстарға апарып соқтыратын. Бұл жағдайларда династиялық мүде де аз
роль атқарды.
Бір елдің өзішінде болып жатқан саяси бірлікті нығайту процесімен қатар
Европада бір ел екінші елді бағындыру тенденциясы дами бастады. Өз
гегемониясы астында универсальды мемлекет құрып, дүние жүзін билейміз
деген өкімет иелері бірінен соң бірі шығып жатты. Осындай тенденцияның
негізгі қолдаушылары римдік папалармен герман императрлары болатын. Сол
кезеңдегі Европадаәлсін-әлі қарулы қақтығысулар болып, құрылып, ажырап
жатқан одақтар кездесетін мемлкет шекаралары әрдайым өзгеріп тұратын.
Бірінші фактор бойынша сөз еттетін болсақ, мысалы, ХІҮ ғасырдағы
саяси күрес жағдайларында корольдік өкімет жүргізген орталықтандыру саясаты
баянды да ұзаққа баратын табысқа ие бола алмады. Күшейген ірі феодалдар
корольге қарсы шықты және оған өз еркін күштеп таңды. Ішкі күрес
Скандинавия елдері арасындағы тартыстармен шырмалып кетті, өйткені
корольдер де, олардың вассалдары да әдетте сырт қолдау іздеді.
Даниядағы күрес ерекше шиеніскен түрде болды, 1282 жылы король Эрик
Клип-пинге хартияға қол қоюға тура келді, ол бойынша король жыл сайын
днехоф – шонжарлардан тұратын мемлекеттің жалпы кеңесін шақырып тұруға және
феодалдардың правосы мен еркіндігін сақтауға міндеттелді. Эриктің бұл
даттық еркіндіктер хартиясын бұзбақ болған әрекеті оның өлімімен тынды,
осыдан кейін ірі феодалдардың корольдік өкіметпен ұзаққа созылған тартысы
басталды.[2] 1320 жылы Данияда корольдік өкімет мемлекеттік басқарудың
үстінен бақылау орнатқан феодал ақсүйектер алдында біржолата тізе бүкті.
Оның келісімсіз соғыс жариялауға және салық салуға корольдің правосы
болмады. Феодалдар шаруларға сот билігін жүргізетін болды.
1284 жылдан Швецияда, Даниядағы сияқты ақсүйектер феодалдар мен
епископтардан-ховдагалардан кеңес шақырылып тұратын болды. Бұл
феодалақсүйектерді күшейтті. 1319 жылы бүлікші феодалдар Швециядан
корольді қуып жібереді де, таққа жасы кіші норвег королі Магнус
Эрикссонды отырғызады. Оның державасының құрамына тағы да Финляндия және
көп ұзамай дат королі тартып алған Сконе аймағы кірді.
Аймақтық сот істері мен әдеттегі правосының жазбаларын алмастырған
алғашқы шведтік заңдар жинағы яғни ландслаг Магнустың билеп тұрған кезіне
жатады. Швеция мен Норвегияның униясы (1319-1363) швед ақсүйектеріне тиімді
болып тұрған кезге дейін ғана өмір сүрді. Магнустың ақсүйектер мен
шіркеудің финанстық артықшылықтарын шектемек болған әрекеті ірі
феодалдардың күшті оппозициясын тудырды. Магнусты тақтан түсіріп, швед
феодалдары неміс герцогы Альберхт Макленбургскийді король сайлады, ол тек
ақсүйектердің өкілінен құралған кеңестің келісімімен ғана басқаруға тиіс
болды. Альберхтың тұсында неміс ықпалы одан әрі күшейді.
Барлық скандинавиялық үш мемлекеттегі нақтылы өкімет ХІҮ ғасырда ірі
феодалдардың қолында болды, оның үстіне олардың тек өз елінде ғана емес,
сонымен бірге басқа скандинавиялық елдерде де иеліктері болды. Ірі
феодалдардың фиксальдық артықшылықтары кеңейді, оларға тәуелділікке түскен
шаруалардың саны тез көбейді.
Шіркеудің және рыцарьлықтың қолдауымен ІҮ Вальдемар Аттердагқа (1340-
1375) Данияда корольдік билікті нығайтудың сәті түсті. Бұрынғы айырылып
қалған жерлер, оның ішінде ең бай провинция Сконе, қайтарып алынды. Бірақта
дат королінің Готланд аралын Висбю қаласымен-Балтық теңізіндегі ең маңызды
сауда пунктімен - қоса басып алуы Данияның солтүстік неміс Ганзасымен
шектесуіне әкеп соқты. Ганзамен соғыста (1367-1370) Дания ауыр жеңіліске
ұшырады.
1370 жылы жасалған Штральзуд бітімі ганзалықтарға ерекше сауда
артықшылығын, оның ішінде баж салығын азайту мен Сконедегі төрт бекіністің
олардың бақылауына өтуін берді, мұның өзі Ганзаның Балтық теңізіндегі
үстемдігін нығайтты.Шарт бойынша дат королі Ганзаның келісімінсіз таққа
отыра алмайтын болды. Норвегия да оның территориясын түгелге жуықбасып
алған ганзалық неміс көпестерінің барлық праволары мен артықшылықтарын
мойындауға мәжбүр болды.
Дат және швед иеліктері оларды солтүстік германия княздарының күшпен
тартып алу қаупіне ұшырады. Скандинавия елдері арасында талай рет белең
алған қақтығыстарға қарамай, неміс княздары мен Ганза тарапынан төнген
қауіпке бетпе бет келген Данияның, Швеция мен Норвегияның феодалдары өз
елдерінің бірігуіне тырысты. Этникалық ортақтығы, экономикалық және мәдени
дамуының елеулі ортақтастығы бұл елдердің бірігуін жеңілдетті. Саяси одақ
династиялық уния түрінде болды. Дат королі Вальдемар ІҮ Аттердагтың қызы,
әрі норвег королінің әйелі Маргарита дат тағына өзінің ұлы Олафты
отырғызып, оның атынан Дания мен Норвегияны билеп отырды. Олар өлгеннен
кейін Маргарита екі мемлекеттің де билеушісі болып қалды. [3] Ол 1389 жылы
Мекленбургскийге наразы швед феодалдарының қолдауымен Швецияның да билігін
қолына алды. 1399 жылғы маусымда швед қаласы Кальмардағы үш корльдік
өкілдер жиналысында Маргаританың немере жиені Эрик Померанский Данияның,
Швецияның , сонымен қатар Норвегияның королі деп жарияланды. Бұдан былай
оларды бір король басқаруға тиіс болды. Унияның мемлекеттері соғыс болған
жағдайларда бір-біріне көмек көрсетіп отыруға міндетті еді бірақ елдердің
әрқайсысы өз заңдарын сақтады. Уния болған жоқ, тек қана мемлекеттік
кеңестердің бекітуіне берілді де, жекелік сипат алды.
Іс жүзінде уния үш мемлекетті түгелдей теңгермеді. Халқының саны
шамамен Швеция мен Норвегияның халқына тең келетін Дания экономиккасы
анағұрлым дамыған ел болды. Дания униядан аса зор пайда көріп отырды. ХІҮ
ғасырдың соңы мен ХҮ ғасырда қатты құлдырауға ұшыраған Норвегияның жағдайы
анағұрлым тиімсіз болды. Унияға кірген мемлекеттер арасындағы қайшылық
жойылмады: Маргарита, аса үлкен державаның билігі соның қолында қалып
қойды, өзіне берілген дат және неміс феодалдарын өзіне бағынған мемлекеттің
бәрінде шіркеулік және ірі мемлекеттік қызметерге қойды. Маргарита
феодалдарға Швеция мен Норвегияда көп жерді сыйға үлестіріп берді. Салық
төлеуден босатылған ірі жер иелерінің тобы көбейді. Кальмар униясы ірі
феодалдардың күшеюіне жағдай жасады. Бірақ ол сол бастан корольдік билікті
күшейтті.
Тақтың иелігіне едәуір жер шоғырландырылды. Корольдік билікті күшейту
король Эрикке неміс көпестерінің артықшылықтарын шектеуге мүмкіндік берді.
Ганзаға қарсы соғыстан кейін Балтикадан бұғаздар арқылы Солтүстік теңізге
өтетін барлық корабльдер зунд бажын алу өндірілді. [4] Баждар мемлекеттік
кірістің елеулі көзі боды. Бірақ Ганзамен болған қиын соғыс Данияға,
Норвегияға және әсіресе Швецияға, швед қолөнеріне, ішінара кен ісі мен
саудаға үлкен зиян тигізді.
Европада халықаралық қатынастардың дамуына халықтардың құрылуы
процесі мен ұлтық мемлекеттердің қалыптасу процесінің басталуы үлкен әсер
етті. Бұған сыртқы факторларда, алдымен Шығыс тайпалары мен халықтардың
қозғалысы, ХІ ғасырда- Кіші Азия мен Шығыс Жерорта теңізінде түрік –
сельджуктердің жаулап алғандары, ХІІІ ғасырда-Шығыс және Оңтүстік Европаға
татар-монғолдардың шабуылы, ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы – Алдыңғы Азия мен Балкан
түбегінде түрік – оссмандардың орынығып, қоныс тебуі ықпал жасады.
Қалалық мәдениет пен шаруалар бұқарасы мәдениетінің тығыз байланысы бар
екендігі табиғи нәрсе еді. Себебі: бас еркі өзіндегі алғашқы қалалардың
тұрғындары крепостной шаруалардан шыққандар болатын. Сөйтіп ХІ – ХІІ
ғасырдың бас кезінде болған езілген шаруалар мен тек жаңа ғана еркіндікке
қолы жеткен крепоснойлар – қала тұғындарының феодалдық сеньорларға қарсы
күрестерінде көптеген ортақ мүдделер болатын. Халық творчествосы библия
тақырыбына салынған миниатюралардың, шіркеу қолжазбаларын сәндеуге жасалған
сан алуан беташар суреттердің, әшекейлі бас әріптердің реалистікпен
жасалуына ықпалын тигізді. Мұнда қолданып жүрген аң өрнегі және таспалап
өрілген өрнектер сонау тарихқа дейінгі дәуірлерден халықтық өнерде
сақталған. Шіркеу халық творчестволарының әсерлерімен күресе отырып, ол оны
өз ықпалына бағындырып, өз мүддесін атқару үшін икемдеуге тырысты.
Халық мейрамдары мен наным – сенімдеріне байланысты өткізіліп тұратын
билер мен өлеңдерді, ресми шіркеу мейрамдарына байланысты өткізууге
тырысты.
Жергілікті әулиелерді дәріптеді, христиан дінінің ықпалымен халық
қиялы оларды ертедегі мифология батырларына айналдырды; кейінірек халық
хикаяларының элементтерін және жонглерлер көрсетіп жүрген реалистік
көріністерді шіркеу кітаптарына енгізуге қарсы болмады. Шіркеу моралінің
нағаюына олардың пайдалы жағын алуға тырысты. Сондықтан орта ғасырдың
алғашқы дәуірінде, тіпті одан да берірек халық творчествосының кейбір
көріністеріне шіркеу мен христиан діни оқудың сырт ықпалының болғаны
көрініп тұр. Бірақ орта ғасырдағы халық мәдениетінің ішкі мазмұны өзінің
шіркеу аскетизіне қарама – қарсы реалистік дүние тану көзқарасы, оның
анайылау юморы мен өмір сүйгіштігі арқылы шіркеудің рухани диктатурасы мен
феодалдық – шіркеу мәдениетіне әрқашан стихиялық қарсылық білдіріп отырды.
Ұлы Карл кезінде Каролинг мемлекетінде феодалдық – шіркеу мәдениеті
біраз өрледі, оны тарихиграфияда каролингтің қайта өркендеуі деп атап
кетті. Буржуазия тарихшылары бұл өрлеу тек Карлдың қамқоршылығы мен
инициативасы арқасында болған еді деп көрсетеді.
Шын мәнінде Ұлы Карлдің осы салада істеген мәдени – ағарту шаралары мен
реформалары корольдің басқа да алғашқы феодалдық мемлекет пен оның басқару
аппаратын нығайтуға бағытталған, жалпы мемлекеттік экономикалық және саяси
шаралармен бірге жүргізілген болатын. Бұл аппаратқа белгілі бір салада
білім алған администраторлар, соттар ең болмағанда жай хат танитын адамдар
керек болды. Мектеп санының көбеюі, мектептік білім алуадағы дүнияи
бастамалардың біраз күшейгендігін осы арқылы түсіндіруге болатын.
Монастырьларда христиан әдеби шығарламалары көшіріліп жазылатын болды.
Олардың сақталып қалуына, таралуына мүмкіндік берді. Қолжазбалардың сыртқы
көркемденуі де әлдеқайда жақсара түсті. Барлық жерлерде каролинг минускулы
деп аталатын анық жазу орын алды. Қолжазбалар миниатюралар және беташар
суретермен әшекейленді. Шындығына келгенде антик дәуірінің мәдениетінің
қайта өркендеуі болған жоқ, қоғамның рухани өмірінде шіркеу өз позициясын
ұстап отырған жағдайда оның болуы да мүмкін емес еді.
Алкун құраған грамматика, риторияка, астрономия тағы басқа да оқулықтар
Марциан Капелла мен Боэциядан компиляция болып шықты. Оқу – ағарту ісімен
жалпы мәдениет өте төменгі сатыда болды.
Халықтық негіздің әсерін қала әдебиетінен анық көруге болады. ХІІ
ғасырдың ортасында алғашқы қала әдебиетін шіркеу және рыцарь әдебиетінен
бірден бөліп алған. Қалада халық тілімен жазылған фаблио - Францияда,
Германияда – швенки әзіл – қалжыңдар, реалистік өлең – новеллалар жанры
туды. Фаблио және швенки феодалдық таптың өкілдерін сатиралық сипатта
бейнелеп, католик дін иелерінің ала аяқтық, мансапқорлық және
бейбастықтарын әшкерлеп отырса, қарапайым халық өкілдерінің тапқырлық,
ақылдылық, парасаттылық, өмірден түйгені көп, зеректілік сияқты қасиеттерін
мадақтады. Есектің өсиеті атты фаблио өлген аяулы жануарын шіркеудің
киелі жеріне көмгені үшін айыпқа тартылған священник, өз басын аман сақтап
қалу үшін, есек өсиет етіп еді деп епископқа 20 ливр ақша береді. Поп
Амис атты швенкте айлакер поп менің есегім кітап оқи біледі деп, Библия
бететріне сұлы себедіі, есегі тұмсығымен оның беттерін аударып оқығандай
болады. Шамамен осы кезде Батыста қаланың сатиралық эпосы дами бастады.
Осы эпостың ірі ескерткіші болған, Францияда бірнеше ондаған жылдар бойы
құралып дүниеге келген Түлкі жөніндегі романда өзінің өткір сатирасын
феодал табына қарсы жұмсады. Түлкі жөнінде романда король – Ноблдің
арыстан кейпінде, ірі феодалдардың өкілі – Брен аюлары кейпінде, рыцарь –
Изенгриннің тамақ іздеп ылғи жер – көкті шарлайтын құтырған қасқыры
кейпінде, сарай маңындағы дін иесі – Бодуэннің есегі кейпінде тағы да
басқалар көрсетілген.
Батыста ХІІ –ХІІІ ғасырларда жоғарғы дәрежелі мектептер – университеттер
құрала бастады. Университет деген сөз латын сөзінен аударғанда жиынтық
деген мағнаны білдіреді. Университеттің пайда болуы қаланың дамуымен
байланысты. Сауда және қолөнермен байланысты қала халқының әрекетіне сай
провальдық норма қажет болды, ондай норма товар – ақша шаруашылығына сай.
Дамыған жүйесі бар Римдік провальдан табылады. Сонымен қатар Римдік
провальдің қайта өркендеуіне және оны өзінің саяси мүдделерін ақтап,
қорғау үшін пайдалануға король үкіметіде, әсіресе өзінің нығайған кезінде,
құштар болды.
Корольдар сияқты бюргерлер деп пайда бола бастаған юристер
сословиесінен құдіретті қолдау тапты. Рим правосы қайтадан ашылған кезде
феодалдық дәуірдің заң жөніндегі кеңесшілері – поптар және діни атақ –
дәрежесі жоқ – ғалым юристер арасында еңбектер бөлінісі қалыптасты.
Париж университетінің 4 факультеті болды: оның біреуі кіші, яғни жеті
еркін өнер оқылатын артистік факультет және артистік факультетті
бітірген студенттерді қабылдайтын үш аға - медицицна, заң және дін
факультетері болды. Мұнда тек бакалавр, магистр және доктор деген ғылым
атағы бар адамдар ғана сабақ бере алады. Олар декан деп аталатын басшы
сайлап алатын болды. Орта ғасыр университеттерінің оқушылары студенттер
деп аталды, латынша ықыласпен оқу. Оларда өз алдына ұйым құрды
прововинция және ұлт. Париж университеттерінде 4 ұлт болды:
нормандия, ағылшын, пикардия және галл. Галл ұлтына француздар,
испандықтар және итиальяндықтар ғана емес сондый – ақ крестшілер басып
алған шығыс елі адамдары да кірді. Әр бір ұлттың басында сайланылып
қойылатын – прокуратор, латынша қамқорлық тұрды. Ал 4 ұлт бірігіп бүкіл
университетте басшысын ректорды билеуші сайлайды. Университетердегі
сабақтар лекция тыңдап, оны жазып алумен күнделікті бөлігі болып
есептелетін айтыстарға қатынасумен шектелетін.
Бакалавр немесе не магистр деген ғылыми дәрежеге ие болу үшін әрбір
студент көпшілік қатынасқан айтыстарда өзін көрсете білу керек.
Терең оқып білім алған юристердің қажеттілігі және правоны оқып –
білуідің керек екендігі университеттердің ашылған тіпті ХІ ғасырдың орта
кезеңінде болған мектептердің ашылған университеті болатын. Ол мектепте
рим правосын егжей – тегжейлі білетін, маңайына Европаның көптеген
елдерінен тыңдаушылар жиналған Ирнерий сабақ берді. ХІІІ ғасырдың басында
университеттер Европаның басқада қалаларында құрылды: Палермода, Салернода,
Прижде, Монпельеде, Оксфордта.
Париж Университеті сияқты ескі университеттің үлгілерімен батыста басқа
да университеттер құрыла бастады. ХҮ ғасырда олардың саны 60 – тан асты.
Оның 20 – ға жуығы Францияда, қалғандары Англияда, Чехияда, Итальяда,
Польшада, Германияда тағы басқа жерлерде болды.
Орта ғасырлардағы университетік ғылым схоластика, яғни мектеп ғылымы
деп аталды. Бірақ схоластика шын мәнінде ғылым емес еді. Феодалдық
қоғамдағы өндіргіш күштердің 4 техникасының сатыда болуы, деревнядағы
сияқты қалада да ескі нашар техниканың өте баяу өзгеру жағдайы осыған
байланысты діни көзқарастардың үстем болуы нағыз ғылыми білімдердің сол
дәуірде жоқ болуына соқтырды.

ІІ тарау. Шығыстың Батысқа ықпалы.

Христиан дінінің ымыраға келмейтін қайшылықтары : діндар бұқараны жер
бетіндегі рахаттан безуге уағыздаушылық және шіркеудің байлық пен өкіметке
ұмтылушылығының арасындағы қайшылықтар барған сайын айқын көріне бастады.
Бұл қайшылқтарды бәсеңдетуге тырысқан кейбір шіркеу қайраткерлері
монастырьларда жаңа, бұрынғыдан қатаң устав енгізді. Алайда, бірнеше рет
жасалған реформалар монастырьлардың шаруаларды қанауға негізделген әдеттегі
феодалдық ұйым ретіндегі мән – мазмұнын өзгерте алмады. Шіркеу, осылайша
феодалдық әлеуметтік – саяси системаның ажырамас элементіне айналды және
өзі де феодалдана түсті.
Сонымен шіркеу барған сайын қуатты орталықтанған ұйым сипатын ала берді.
Шіркеу ұйымының төменгі ұясы – Батыста да, Шығыста да және алғашқы орта
ғаырларда да кейініректе де приход боды, оны приход священнигі басқарды.
Пресвитерлер епископ басқарған иерахияның құрамына кірді. Әрбір епархияның
діндарлар қауымының бірден – бір басшысы болған епископ шіркеуде ерекше
маңызға ие болды. Бірнеше епархия митрополияға бірікті, бұның басында
шығыста – митрополит, ал Батыста – архиепископ тұрды. Шығыста Ү ғасырдың
өзінде неғұрлым жоғарғы дәрежедегі шіркеу бірлестіктері – патриарлық
пайда болды. Бұл бірлестіктер Константинопольде, Александрияда, Антиохияда,
Иерусалимде болды. Батыста патриархтармен тең дәрежеде Рим епископы – папа
танылды.
Шіркеуді басқаруда епископтар съездерінің зор маңызы болды. Белгілі бір
провинциялық немесе бірнеше провинцияның епископтары жиналатын жергілікті
собор немес әлемдік деп аталатын барлық шіркеу епископтары жиналатын
соборлар болды. Византия императоры шақырған не оның басшылық етуімен
шақыртылған ІХ ғасырға дейінгі осы соборларды догматика, культ, шіркеуді
ұйымдастыру мәселелері шешілді.
Шіркеудің маңызы, әсіресе Батыста едәуір өсті.
Тек қана Европа елдерінің емес, тіпті Батыс елдері мен Шығыс елдерінің
арасындағы экономикалық саяси және мәдени қатынастарының ХІ-ХІІІ ғасырларда
өсіп, нығаюы Батыс елдер мен Шығыс елдерінің ішкі әлеуметтік-экономикалық
дамуы арқау болды. Халықаралық қатнастардың дамуына крест жорықтарының да
белгілі әсері тиді.
Арабтардың тұсында қалалар қатты дамыды. Испанияда олардың саны
едәуір еді. Араб мемлекетінің астанасы- Кордова – Х ғасырда Европаның аса
ірі қолөнер, сауда және мәдени орталықтарының біріне айналды. Араб
Испаниясының күшті флоты болды. Көптеген испан-араб қалалары теңіз арқылы-
Африкамен, Италиямен, Византиямен және Левантпен құрлық арқылы- Оңтүстік
Франциямен және Ломбардиямен кең көлемді сыртқы сауда жүргізіп отырды. [5]
Испан товарлары Үндістан мен Орта Азияға жеткізіліп тұрды. Шетелге
шығарылатын басты заттар ауыл шарауашылығының кен өнеркәсібінің өнімдері
мен қолөнер бұйымдары болды. Құл саудасы үлкен маңыз алды.
Европадан Азияға, Қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда
жолдары осы араға келіп түйісетін, ал мұның өзі Шығыс пен Батыс
аралығындағы сауда – саттық жұмыстарында Костантинопольдің билік жүргізуіне
мүмкіндік туғызды. Қала әрі құрғақтан да, әрі теңізден де тамаша қоршалған
әскери – стратегиялық орталықтан болатын. Византия империясының құрамына
мыналар енетін: Балқан түбегі, Кіші Азаия, Сирия, Палестина, Египет,
Солтүстік Африкадағы және Кавказдағы бірқатар тірек пунктері, аравияның
кейбір аудандары, ал Ү ғасырдан бастап Иллирик пен Далмация да жататын
болды. Византия империясының жерінде әр түрлі тайпалар мен халық топтары :
гректер, фракиялықтар, иллириктер, дакилықтар, эллинденрілген кіші азиялық
тайпалар, сириялықтар, армяндар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген.
Эллидендіру және романдандыру көбінесе қалаларда тұратын халықтарды
қамтыды. Византияның сансыз көп тайпалары мен халықтары өздерінің ұлттық
ерекшеліктерін, жергілікті тілдерін, дәстүрлерін, мәдениетін сақтап қалды.
Империяның сан түрлі Империяның тұрғындарының арасында гректер үстемдік
етті және грек тілі басқасынан гөрі кеңірек тарады. Шығыс Рим империясының
әлеуметтік – экономикалық жағынан өркендеу ісінде өздеріне ғана бірқатар
елеулі ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ең алдымен мұндағы ауыл
шаруашылығы өндірісінің дәрежесі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары
болғанын атауымыз жөн. Византия империясының құрамына ежелден егіншілік
мәдениеті жоғары елдер енген еді. Мұнда диқаншылық өнері кең өрістеген.
Жердің құнарлылығы және ауа райының қолайлылығы өрістеген.
Шығыста ірі –ірі жер иеленушілік негізінен императорлық қазынаның,
шіркеулер мен монастырьлардың төңірегіне шоғырландырылған болатын.
Император домендері бүкіл империяның түкпір – түкпірлеріне шашырай
орналасқан. Ү –ҮІ ғасрыларда Византияның бүкіл жерінің шамамен 110 бөлігі
шіркеулік – монастырьлық жер иеленушілердің қолында болды. Ірі
ақсүйектердің жерге қожалық етуі Византияда Батысқа қарағанда анағұрлым
баяу және мейлінше шағын көлемде дамыды.
Араб Испаниясының экономикалық табыстарына оның мәдени өрлеуі ілесе
жүрді. Кордовада үлкен кітапхана мен жоғарғы мектеп болды. Араб Испаниядағы
жоғарғы мектептер Европадағы алғашқы жоғары мектептердің бірі еді.
Медицина, математика, география ғылымдары едәуір дами түсті. Араб Испаниясы
өз кезінің аса көренкті және прогресшіл философтарының : Ибн Рошд пен
Маймонидтің отаны болып саналады. Испаниядағы көркемөнер мен әдебиеттің
гүлденіп-көркеюі қалған Батыс Европада мәдениет деңгейі әлі өте төмен
болған кезге тура келеді. [6]
Испаниядағы араб мәдениеті Батыс Европаға елеулі ықпал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Халықаралық дербес құқығындағы еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі
Жаһандану және аймақтану үрдістері: Жаңа аймақтану
Версаль-вашингтон жүйесі жайлы мәлімет
Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты туралы
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Пәндер