Орта ғасырлардағы халық бұқарасының рухани мәдениетінің дамуы мен идеологиясы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мақсаты : Орта ғасырлардағы халық бұқарасының рухани мәдениетінің дамуы мен
идеологиясының даму дәрежесі.
Маңыздылығы : Орта ғасырлардағы Университеттер мен білім ордаларына
тоқталу.
Міндеті : Ү – ХІІІ ғасырлардағы Батыс Европа елдерінің мәдениеті мен
идеологиясы туралы ой тастау.
Тақырыптың өзектілігі: Орта ғасырлардағы діннің сол кездегі халықтың
санасын улау мен қанау.
Тақырыптың құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Жалпы мәдениеттің уақытша құлдырап кетуі, экономикалық, саяси және
мәдени байланыстар Батыс Европаның барлық жерінде бірдей бұзылуынан, білім
кеңейтудің объективтік ешкімге керегі жоқ болғандықтан туған, сол кездегі
адамдардың ой шеңберінің өте шамалылығына байланысты еді. Орта ғасырдың
ерте кезеңінде мәдениеттің және білімнің жалпы төмен дәрежеде болуы,
қоғамның барлық топтарында, берісі ХІҮ ғасырдың аяғына дейін феодалдық
қоғамның негізгі ерекшелігі болып табылған, діни дүниеге көзқарастар басым
болуына қолайлы жағдай туды. Варварлар басып алғаннан соң мәдениеттің жалпы
құлдырауы және қоғамда діни көзқарастың басым болуы дәуірінде шіркеу
интектуалды білімнің монополиясын қолына алғаннан кейін, оны бүкіл орта
ғасыр бойына сақтап қалуға тырысты. Сонау Рим империясында құрылып, антик
білімдердің кейбір элементтерін ертеректе қабылдаған, тек христиан шіркеуі,
қалыптасып қалған құдайға шоқыну дәстүрін және шіркеудің барлық ұйымдық
құрылысын қолдап отыру үшін, осы мерзімде сол біліктілікті сақтап қалуға
мүдделі еді. Сондықтан тарихи монополия пайда болды. Орта ғасырдың алғашқы
жүз жылдығында халық ішінде хат танитын жалғыз топ – дін иелері
болғандықтан олар бүкіл білімінің монополиясын қолына алып, қоғамның барлық
өмірін өз ықпалына бағындырды. Әлеуметтік жағынан шіркеудің рухани
диктатурасы, шіркеу – феодалдық идеологиясының үстем болуын орта ғаырдың
алғашқы екі дәуірінде уағыздап келді. Орта ғасырдың ерте кезінде шіркеу
үстемдігіне бағынышты Батыс Европаның бүкіл мәдениетті шіркеудің айтқанын
істеп, айдағаныны жүрді. Антик философиясын католик діни сөздермен
ауыстырып, право мен мороль дін тұрғысынан уағыздалатын болды. Антик
әлемінің табиғат тану ғылымы саласындағы барлық білімдері ұмытылды. Әдебиет
әулиелердің өмірін жазуға, бибилия мен евангелиядағы аңыздар тақырыбыына
өлеңдер, қысқа – қысқа діни әңгімелер шығаруға, діни өсиет сөздерді құруға
айналып кетсе, тарих – құдай жолын қуғандарды мадақтаған монастырьлар
шежіресін жазумен шектелді. Сондай – ақ музыка мен бейнелеу өнері де
шіркеуге қызмет етті. Сол кездерден бастап көптеген жүз жылдар бойына үстем
таптар үшін аздаған білімі бар адамды тек клир ғана беріп тұрды, бүкіл оқу
саласы толығымен шіркеу монополиясында, ал мектептер шіркеудің қарауында
болды. Шіркеу, білім берудің негізгі міндетті, өзінің өсиетімен езілген
халық бұқараын баына түскен ауыр жағдайды мойындатып, шіркеу қызметкерлерін
тәрбиелеп шығару деп санады. Бұл үшін дін иелеріне аздаған ғана білім керек
еді: олар оқыту тәртібін білсе, оқып тұрған сөзін тіпті түсінбесе де, соны
латынша оқитын болса, шіркеуде өтіп жататын діни жұмыстардың ретін білсе,
арифметикадан аздаған хабары болса, жетіп жатыр. Сондықтан шіркеу
мектептерінде оқу сапасы да өте төмен еді, ал шіркеу оны кеңейтуге мүдделі
емес болатын.
Дін иелеріне білім беретін мектептерді ашуға мәжбүр болған шіркеу өзі
көне дәуірден мұра еткен дүние білімінің кейбір элементтерін алмай қоя
алмайды. Онсыз христиан дінінің қағидаларының өзі түсініксіз болар еді.
Сондықтан орта ғасыр дәуірінің ерте кезде шіркеудің кейбір жағдайларда
антикалық мәдени мұраны өзіне пайдалы түрде өзгертіп алуына тура келді.
Шіркеу өз мүддесіне икемдеп, пайдалануға қажеті бар деген антикалық
білімдер элементерінің басын қосып, біртұтас етуге Ү ғасырдың өзінде алғаш
рет талап еткен Марциан Капелла болатын.

І тарау. Орта ғасырлардағы халық бұқарасының рухани мәдениеті

Феодалдық қоғамда шіркеулік – феодалдық идеология үстемдік еткенмен, ол
жападан жалғыз идеология емес еді. Шіркеудің идеология саласындағы жеңісі,
өткір күрес барысында нығайды, бұл күрестің бір жағында халық бұқарасы
тұрса, оның екінші жағында – христиан ілімі сияқты идеолгиялық қаруы бар
шіркеу мен феодалдық үстем тап тұрды. Феодалдық қанауды дұрыс деп есептеп
және оны ақтап отырған шіркеу іліміне, антифеодалдық еретиктер ілімі қарсы
тұрды. Барлық феодалдық – шіркеу мәдениетіне, халықтық мәдениет, халық
бұқарасының творчествосы қарсы тұрды. Халықтық мәдениеттің түп тамыры сонау
феодал дәуіріне дейінгі ертедегі көне заманда жатыр, ол мәдениет, шіркеу
құртып жіберуге тырысқан, мәжуси мифтері, аңыздары, мейрамдары және
ырымдарымен көп реттерде байланысты болатын. Батыс европалық орта
ғасырларда эпикалық ірі шығармалардың негізі халықтық хиссалар болған.
Олар: Эдда, Нибелунглар туралы жыр, Ролланд туралы жыр. Көп замандар
бойы бір сыпыра ерікті шаруалар тобы өмір сүрген, феодалдық қатынастар
басқалардан гөрі баяу дамыған Европаның солтүстік және солтүстік – батыс
аймақтарындағы орта ғасырлық эпос халықтық негізде толық сақталған.Осыған
байланысты батыр король Кухулин жөніндегі, оны езілген әлсіздерге қорғаныш
ретінде суреттейтін ирандықтар саагасы, сонымен қатар скандинавтықтар
эпосының белгілі ескерткіші болған ертедегі исландық эдда дәлел бола
алады. Осы жырларжинағын ертерек шамамен ІХ ғасырда жазылғандары да бар.
Құдайлар жөніндегі хикаялар халық тұрмыс жағдайындағыданалық істері
тұрғысында баяндалған Эддаға ертерек кездегі халықтардың қоныс аудару
дәуірі жөнінде жырлайтын батырлық жырлар да енген. ҮІІІ ғасырдағы халықтың
ауыз әдебиеті, Х ғасырдың басында ағылшын – саксон тілінде жазылған даңқты
батыр Беовульф туралы ағылшын – саксон эпикалық дастаны, негізгі арқауы
болды. Дегенмен де бұл поэмаға шіркеудің ықпалы тигені көрініп тұр.
Шіркеу музыкасы мен үстем таптың әр түрлі әдебиетіне ашықтан – ашық
қарсы тұрған орта ғасыр дәуіріндегі халықтық өнерде музыка мен ауыз
әдебиеті үлкен роль атқарды. Халықтық өнерде христиан рухына жат,
мәжуси, күнаһарлық, елестер бар деп, шіркеу оны үнемі қудалауға салып
отырды. Халық бұқарсының музыкалық және әдеби творчествосын ел ішінде
таратушыларды роман елдерінде жонглерлер, Германияда шпильмандар деп атады.
Олардың белгілі бір тұрақты мекені болмайтын, олар бүкіл Европаны кезіп
жүріп, халық арасында өнерлерін көрсетіп, күн көрген. Халық жонглері мен
шпильмандарының репертуарлары сан алуан болатын. Олар халық әнін айтатын,
әр түрлі аспаптарда ойнайтын, шағын ойындар қоятын, неше түрлі заттармен
жонглерлік етіп, акробатикалық номерлер, сиқырлар көрсеткен. Жонглерлер мен
шпильмандар сауатсыз болғандықтан олар шіркеу догматикасынан аулақ болды.
Халықпен күнде араласып жүріп дінге қарсы қағидаларды тыңдап қана қоймай,
оны тез бүкіл Европаға жайып жіберетін, осылайша шіркеуге өте жек көрінішті
болатын. Жонглерлер мен шпильмандардың өлеңдері және қойған сықақ ойындар
олардың творчествосының феодалдарға қарсы бағытталған сипатын айқын
көрсетеді.
Оларды қоғамнан тыс қалдырып, осы халық өнерін ел арасына таратушылардың
соңына шіркеу аянбастан түсті. Шіркеу оларды азаматтық және саяси правосын
айырды, шіркеу құпиясын білуіне, сүйегін зираттарға қоюға, жаназасын
шығаруға тыйым салды.Жонглерлік өнермен шұғылданған адамға клирдің
материалдық көмек көрсетуін тоқтатты. Халық өнері музыка мен поэзия
саласында ғана көрініп қоймай, алдымен шіркеу керегіне жұмсалатынына
қарамастан ісмерлік өнер саласында да көрінді. Батыс Европалық орта
ғасырдың алғашқы кезінде пайдаланатын көркем жасалған әр түрлі дүниелер
адам және хайуанаттар бейнесінде реалистікпен жасалды. Халықтық өрнек -
әшекейлерді пайдалануынан халық ықпалын көруге болады. Халық творчествосы
библия тақырыбына салынған миниатюралардың, шіркеу қолжазбаларын сәндеуге
жасалған сан алуан беташар суреттердің, әшекейлі бас әріптердің
реалистікпен жасалуына ықпалын тигізді. Мұнда қолданып жүрген аң өрнегі
және таспалап өрілген өрнектер сонау тарихқа дейінгі дәуірлерден халықтық
өнерде сақталған. Шіркеу халық творчестволарының әсерлерімен күресе отырып,
ол оны өз ықпалына бағындырып, өз мүддесін атқару үшін икемдеуге тырысты.
Халық мейрамдары мен наным – сенімдеріне байланысты өткізіліп тұратын
билер мен өлеңдерді, ресми шіркеу мейрамдарына байланысты өткізууге
тырысты.
Жергілікті әулиелерді дәріптеді, христиан дінінің ықпалымен халық
қиялы оларды ертедегі мифология батырларына айналдырды; кейінірек халық
хикаяларының элементтерін және жонглерлер көрсетіп жүрген реалистік
көріністерді шіркеу кітаптарына енгізуге қарсы болмады. Шіркеу моралінің
нағаюына олардың пайдалы жағын алуға тырысты. Сондықтан орта ғасырдың
алғашқы дәуірінде, тіпті одан да берірек халық творчествосының кейбір
көріністеріне шіркеу мен христиан діни оқудың сырт ықпалының болғаны
көрініп тұр. Бірақ орта ғасырдағы халық мәдениетінің ішкі мазмұны өзінің
шіркеу аскетизіне қарама – қарсы реалистік дүние тану көзқарасы, оның
анайылау юморы мен өмір сүйгіштігі арқылы шіркеудің рухани диктатурасы мен
феодалдық – шіркеу мәдениетіне әрқашан стихиялық қарсылық білдіріп отырды.
Ұлы Карл кезінде Каролинг мемлекетінде феодалдық – шіркеу мәдениеті
біраз өрледі, оны тарихиграфияда каролингтің қайта өркендеуі деп атап
кетті. Буржуазия тарихшылары бұл өрлеу тек Карлдың қамқоршылығы мен
инициативасы арқасында болған еді деп көрсетеді.
Шын мәнінде Ұлы Карлдің осы салада істеген мәдени – ағарту шаралары мен
реформалары корольдің басқа да алғашқы феодалдық мемлекет пен оның басқару
аппаратын нығайтуға бағытталған, жалпы мемлекеттік экономикалық және саяси
шаралармен бірге жүргізілген болатын. Бұл аппаратқа белгілі бір салада
білім алған администраторлар, соттар ең болмағанда жай хат танитын адамдар
керек болды. Мектеп санының көбеюі, мектептік білім алуадағы дүнияи
бастамалардың біраз күшейгендігін осы арқылы түсіндіруге болатын. Бірақ
білім беру мен мәдени істерінде шіркеу мен дін иелері бұрынғысынша роль
атқарды. Мектептер мен монастырьлар жанынан ашылды. Онда сабақтарды тек
қана клириктер жүргізетін және барлық оқу діни тұрғыда өтетін.
Мектептердің алдына тұрған міндет көпшілікті алланың ақ шіркеуіне қызмет
жасап, сіздің империялық өкіметіңіздің көркі болу үшін тәрбиелеу деп
жазды Ұлы Карлға каролингтың қайта өркендеуінің аса белгілі қайраткері
Алкуин.
Каролингтің қайта өркендеуінің таптық сипаты 813 жылы Шалон соборы
тоқтамынан көрініп тұр. Бұл тоқтамға сйәкес шіркеу мектептері қарапайым
халықтың арасында беделді болатын, алған білімі әр түрлі ересьтерге ғана
қарсы қоярлықтай болмай, ол дінге қарсылардың қулықтарына да қарсы тұра
алатын адамдар даярлап шығаруы керек. Империяға қарасты мектептерде
клириктерді оқытуды басқару үшін қажет қабілетті әрі білімді адамдардың
тапшылығынан, Ұлы Карл өзі таққа отырған күннен бастап басқа елдерден ғалым
адамдарды алғыза бастады.
Петр Пизанскийді және Павел Диаконды Италиядан, Аппенин түбегінде
өздерінің білімділігімен аттары шыққан баварлық Лейдарды және Испаниядан
шыққан гот Теодульфті алдырды. Карл өз сарайына каролингтің қайта
өркендеуі кезінде ерекше аса үлкен роль атқарды. Англияның иорк мектебінде
тәрбие алған Алкуинді шақырып алғызды. Өз білімін сол сияқты айналасындағы
феодал ақсүйектердің де білімін арттыру үшін, сарай жанынан Карл сарай
академиясы деген таудай атпен аталған әдеби үйірме іспетті үйірме ашты.
Бұл үйірмеде көне дәуір мен шіркеу авторларының шығармалары оқылып,
талқыланатын болды.
Осы шаруалардың барлығы Франк мемлектенінде мәдени өмірдің жандануына,
дәлірек айтқанда, сол кезде белгілі рим әдебиетінің нұсқауларына
қызығушылықты туғызды. Білімді адамдардың да қатары өсе бастады. Шіркеу
мектебінде қарапайым халық та қатыстырылатын болды. Монастырьларда христиан
әдеби шығарламалары көшіріліп жазылатын болды. Олардың сақталып қалуына,
таралуына мүмкіндік берді. Қолжазбалардың сыртқы көркемденуі де әлдеқайда
жақсара түсті. Барлық жерлерде каролинг минускулы деп аталатын анық жазу
орын алды. Қолжазбалар миниатюралар және беташар суретермен әшекейленді.
Шындығына келгенде антик дәуірінің мәдениетінің қайта өркендеуі болған
жоқ, қоғамның рухани өмірінде шіркеу өз позициясын ұстап отырған жағдайда
оның болуы да мүмкін емес еді.
Алкун құраған грамматика, риторияка, астрономия тағы басқа да оқулықтар
Марциан Капелла мен Боэциядан компиляция болып шықты. Оқу – ағарту ісімен
жалпы мәдениет өте төменгі сатыда болды. Каролинг дәуірінің әдебиеті антик
жазушылары негізінен алғашқы христиан жазуларына бас иіп, соларға
еліктеумен болды. Византия императорына еліктеген Ұлы Карл өзінің көшпелі
сарайы біраз тұрақтаған жерге – Ахенде, Вормсте тағы басқа көптеген
жерлерге сарайлар мен шіркеулер салуға бұйрық берді. Бұл құрылыстардың
барлығы негізіне келгенде византия архитектурасын қайталады. Ал көлемі
жағынан шағындау болып келді. Олар суреттер мен мүсіндер мен ағаш және
сүйектен ойып салған әшекейлермен безендірілді. Бірақ француздардың құрылыс
салу өнерінің төмендігінен Карл кезінде салынған құрылыстардың барлығы
дерлік тез құрып кетті. Солардың ішінен бізге дейін сақталған 796 – 804
жылдардың аралығында Ахенде салынған капелла ғана болды. Каролингтің қайта
өркендеуі және оған байланысты мәдениеттің аздап жандануы көпке созылмады.
Империяның тез ыдырауы оқу – ағарту ісінің дәрежесі мен ұйымдастырылуынан
байқалды. Ұлы Карл өлгеннен соң кешікпей бұрын гүлденіп келе жатқан
көпетген мектептер жабылып қалды. 817 жылы монастырь мен шіркеу жанындағы
мектептерде кім болса ол болсын келешекте діни қызмет атқаратындардан
басқаларыды оқытуға тыйым салынды. Мектептерде берілетін білімнің дәрежесі,
әсіресе еркін өнер сабақтары бұрынғыдан да төмендеп кетті.
Феодалдық – бытыраңқы, экономикалық және саяси бөлшектеген Европада
мәдениеттің жандануына қажетті негіз болмады. Ондай негіздер тек ХІ
ғасырдың аяқ шенінде, ХІІ ғасырдың басында қалалардың өсуімен, қала
мәдеинетінің шыға бастауымен байланысты пайда болды.
Қалалардың қолөнер мен сауда орталығы ретінде пайда болуы, орта ғасыр
мәдениетін дамытуда үлкен маңызы болды. Кейбір Батыс европа елдерінде пайда
болған қала мәдениеті католик шіркеуінің көптеген ғасырлар бойы оқу –
ағарту саласындағы сонополиясына алғаш рет қарсы шықты. Феодалдарға және
шіркеулерге қарсы дамыған қала мәдениеті халық ересьтерінің тарауымен
қабаттасып жатты. Түп тамыры халық мәдениетінен шыққан ХІ –ХІІ ғасырлардағы
қала мәдениеті өзінің жаңа даму жігерін қаладағы қолөнершілердің тұрмыс -
әрекетінен алды. Үстем таптың феодалдық – шіркеу мәдениетіне ашықтан – ашық
тұрған қала мәдениетіндегі халықтық элемент бұл мәдениетке, әсіресе оның
алғашқы дами бастаған кезеңінде, терең прогрессивтік сипат берді және
қалалардың орта ғасыр қоғамы мәдениетіне енгізген жаңалықтарын анықтады.
Қалалық мәдениет пен шаруалар бұқарасы мәдениетінің тығыз байланысы бар
екендігі табиғи нәрсе еді. Себебі: бас еркі өзіндегі алғашқы қалалардың
тұрғындары крепостной шаруалардан шыққандар болатын. Сөйтіп ХІ – ХІІ
ғасырдың бас кезінде болған езілген шаруалар мен тек жаңа ғана еркіндікке
қолы жеткен крепоснойлар – қала тұғындарының феодалдық сеньорларға қарсы
күрестерінде көптеген ортақ мүдделер болатын.
Халықтық негіздің әсерін қала әдебиетінен анық көруге болады. ХІІ
ғасырдың ортасында алғашқы қала әдебиетін шіркеу және рыцарь әдебиетінен
бірден бөліп алған. Қалада халық тілімен жазылған фаблио - Францияда,
Германияда – швенки әзіл – қалжыңдар, реалистік өлең – новеллалар жанры
туды. Фаблио және швенки феодалдық таптың өкілдерін сатиралық сипатта
бейнелеп, католик дін иелерінің ала аяқтық, мансапқорлық және
бейбастықтарын әшкерлеп отырса, қарапайым халық өкілдерінің тапқырлық,
ақылдылық, парасаттылық, өмірден түйгені көп, зеректілік сияқты қасиеттерін
мадақтады. Есектің өсиеті атты фаблио өлген аяулы жануарын шіркеудің
киелі жеріне көмгені үшін айыпқа тартылған священник, өз басын аман сақтап
қалу үшін, есек өсиет етіп еді деп епископқа 20 ливр ақша береді. Поп
Амис атты швенкте айлакер поп менің есегім кітап оқи біледі деп, Библия
бететріне сұлы себедіі, есегі тұмсығымен оның беттерін аударып оқығандай
болады. Шамамен осы кезде Батыста қаланың сатиралық эпосы дами бастады.
Осы эпостың ірі ескерткіші болған, Францияда бірнеше ондаған жылдар бойы
құралып дүниеге келген Түлкі жөніндегі романда өзінің өткір сатирасын
феодал табына қарсы жұмсады. Түлкі жөнінде романда король – Ноблдің
арыстан кейпінде, ірі феодалдардың өкілі – Брен аюлары кейпінде, рыцарь –
Изенгриннің тамақ іздеп ылғи жер – көкті шарлайтын құтырған қасқыры
кейпінде, сарай маңындағы дін иесі – Бодуэннің есегі кейпінде тағы да
басқалар көрсетілген. Тауық, қоян, ұлу тағы басқалары романда қарапайым
адамдар ретінде бейнеленген. Түлкінің өзі дәулетті қала тұрғынына тән :
іскерлік, шапшаңдық, тәжиірбелік белгілерімен ерекшеленген өте күрделі
фигура. Феодалдармен қақтығысу кезінде Түлкі Ренар әрдайым жеңіп шығады,
ақыл – ой қара күшті жеңеді. Бірақ әлсіздерді тонап, қуғынға ұшыратын
Ренардың іс -әрекеті кінәланады, қарапайым адам оның арам ойын көп
жағдайларда іске асырмайды. Сөйтіп, Түлкі туралы романда халық тек қана
феодалдарға қарсы қойылмай, сондай – ақ қаланың дәулетті жоғарғы өкілдеріне
де қарсы тұрады. Фламанд, ағылшын, неміс және итальян тілдеріне аударылған
Түлкі туралы роман бастыста өте кең тарады.
Бұдан басқа қала әдебиетінің көрнекті шығармасы ХІІІ ғасырда Францияда
жазылған Роза туралы роман аллегориялық поэма. Поэманың екінші бөлімі өте
қызық, өйткені ол орта ғасырдағы еркін ой үлгісінің айғағы ретінде,
көптеегн философиялық шегіністермен берілген.
Көптеген ойларын антик авторларының шығармаларынан алса да кейінірек
дәуірлердегі гуманистік идеяларды алдын ала болжап біледі. Ол барлық
тіршілктің негізгі принципі Табиғат пен Сана деп есптеді. Ыбылыс күш пен
кереметке сенушілерді мысқылдады. Ақымақтық пен зорлыққа қарсы шабуылға
шықты. Шіркеу қызметшірелінің қараңғылығы мен надандығын әшкерледі. Ж де
Мен адам жаратылысынан бір – бірімен тең деп есептеді. Сондықтан адам оның
шығу тегіне қарап бағаламай, жеке бастың қасиеті мен білімділігіне қарап
бағалай қажет деді. Роза туралы роман көп тілдерге аударылып, Батыс
Европа елдері арасында кең тарады. Өз дамуының алғашқы кезеңінде қала
әдебиеті бір тұтас әдебиет ретінде шіркеу және рыцарь әдебиетіне қарсы
тұрды. Бірақ ХІІІ ғасырдан бастап, бұл әдебиетерде де қала еңбекшілер
тобының өмірі басымырақ көрестіле бастады. Осы кезден бастап бай жоғары
топтардың әдеби творчествосы қаланың төменгі топтары әдеби творчествосынан
шұғыл бөліне бастады.
Төменгі топтардың көрнекті өкілдерінің бірі париждік ақын Рютбеф болды.
Оның фаблиосы және сривенттері ашықтан – ашық шіркеуге қарсы бағытталған
өлеңдер еді.
Солардың біреуінде ол былай деп жазды:

Әзіз, асыл тірек боп тұрса Рим керекті,
Қазірде онда жамандық,
Жалдаптық тұр дәурендеп.
Үміт үтер жарандар
Ұмытты арды, әдепті
Қайран халық сонда да қайғың қалың, әурең көп.

Рютбефтің шығармаларын папа ІҮ Александр арнайы булламен қаралап, отқа
өртетіп жіберді. Рыцарьлардың бір дауысты музыкасына қарсы қалада шыға
бастаған көп дауысты полифониялық музыка халықтық хор өлеңдерімен тығыз
байланысты болды. Қара өлеңдердің сюжеттері мен әуендерінде шаруалар
сюжеттері мен әуендерін қайталау орын алды. Шіркеудің литургиялық
драмасынан қала драмасының айырмашылығы, оның халық ойындары мен
деревнядағы жасану және киім киінумен және шаруалардың көктемгі, күзгі
мейрамдарымен тығыз байланыстылығында еді. Өте безендіріліп айналатын
литургиялық драма арқылы шіркеу халық бұқарасы арасында өзі ілімін таратып,
театр ойыны күшімен оларға бағынышты көнбістік етуге тырысты. Ал ХІІІ
ғасырдың ортасында бұрынғы қала ойындарынан дами бастағанқала театр өнері
керісінше халықтық негізе өсіп шықты. Осындай ойынға екі ғашықты
суреттейтін атақты Робен мен Марион жөніндегі ойын жатады. Онда рыцарь
ұрлап алып қашқан бақташы Марионды зәбірлеуші қолынан шаруа Робен босатып
алады. Осы ғашықтардың біріне – бірінің берілгендігін мадақтап, аңғал есер
феодалды мысқылдайтын ойын қала тұрғындары арасында кеең тарады. Күлкілі
ойынның ерекше типі немістердің фастнахшпилдер - фарсылары болды. Ол
шырттай киініп алып қыспен қоштасуға арналған майлы шелпек мейрамынан
тікелей шығып өрбіген халықтық әдет – ғұрыптық ойын. Қала театрының дамуы
фольклорды сахнаға қоюмен тығыз байланысты болды. Тіпті дін қызметіндегілер
ойнап, шіркеу үйінің өзінде қойыла бастаған литургиялық драмалар біртіндеп
қалалардың өсуіне сәйкес, дүнияилар драмасына айнала бастады. ХІІ ғасырдың
ортасынан бастап латын тілінде емес, халық тілінде өткізілетін театр
көріністеріне біртіндеп бұқаралық және күлкілі мазмұнды эпизодтар енгізіле
бастады. Енді рольдерді қала тұрғындары орындап, ал ойынның өзі тура қала
алаңдарында өткізілетін болған.
Қалаларда сырт дүниені тануға, оны ақыл – ой арқылы түсінуге ұмтылған
адамдардың жаңа рухына сай дүнияи мәдениеті өсті. Көп жылдар бойы оқу –
ағарту ісіне монополия орнатып, ақыл – ой өмірі мен мәдениет саласына
басшылық еткен шіркеу тәртібін бұзып, дәл қалаларда шіркеулік емес
мектептердің шығуы кездейсоқ нәрсе емес. ХІІ ғасырдың бас кезінде осындай
мектептер Францияда, Италияда Германияда біртіндеп шыға бастады. Өте – мөте
оның көптеген құрылған жері Париж болды. Бұл мектептердің шығуы қала
халқына техниканы түсінетін, право мен медицинаны білетін білімді
адамдардың өте қажет екендігіне байланысты еді.
Қалалардың өсіп, сауда – саттықтың дамуына және қолөнер техникасының
күрделенуіне байланысты дүнияилық сипататғы білімнің қажеттілігі келіп
туды. Шіркеулік емес мектептер жеке адамдар меншігінде болды. Мектептер өз
айналасына оқу ақасын төлейтін тыңдаушыларды ұйымдастырған, жеке магистрлер
инициативасымен құрылды. Материалдық жағынан шіркеуге тәуелсіз осындай
мектептер, оның бақылауынан шығып, сабақ беруде біршама еркін оп – оңай
жаңа идея орталығына айналды.
Шіркеулік емес мектептерді еркін ой мен дүнияилық білімнің ұрығын
себетін мектептер деп танып, бұл жаңа құбылысқа шіркеу үлкен қорқынышпен
қарап және ашық дұшпандық қатынаста болды. Қаланың жаңа мәдениеті дамуына
байланысты өздерінің трактаттарында ортодоксалды діни ілімді полемикалық
айтыстарында, оқылатын лекция курстарында ХІ ғасырдың аяғында ХІ ғасырдың
басында Батыс Европада шыға бастаған ойшылдар, христиан ілімін дұрыс
түсінуді қорғамақшы болып, шын мәнісінде оның теориялық негізіне зиянын
тигізді. Осылай Беренгар Турский Асыра өмір сүру туралы шіркеу ілімін
жоққа шығарудан бастап адам түсіне алатын заттар ғана нақтылы, ал жалпы
түсінік – универсалия - нақтылы нәрсе болып есептелмейді, деген сол
уақытқа қарағанда алғаш рет батыл пікір айтты. Бұл пікірлерді Беренгардың
жас әріптесі Росцелин Компьенский қабылдап, әрі қарай дамытты, ол
универсалия - заттардан соң пайда болды, сондықтан ол тек бос сөз
болып табылады дегенді дәлелдеді. Осындай түсінікті негіз еткен орта ғасыр
философиялық ағым номинализм деп аталды. Номинализмді Маркс орта
ғасырларда материализмнің алғашқы белгісі болды деп есептейді, ол шіркеу
үшін қауіпті болды. Заттың осындай түсінігіне сүйене отырып Беренгар
Турский құпия пресущесвлениенің материалдық сипатта болады дегеннің жоққа
шығарды, ал Росцелин болса, ол тіпті алла үштігінің өмірде шын барекеніне
күмән келтіріп, оны жалпы түсінік деп есептеді. Екі ойшылдың екеуі де
шіркеудің қуғынына ұшырады. Олардың көзқарастары әр кезеңде шіркеу
соборларында қараланып, ал өздері тіпті, біз қтелесіппіз деседе тұтқынға
аланып, қамауда қаза тапты.
Алғашқы қала мәдениеті негізінде өскен Европадағы еркін ой иелерінің
атақтыларының бірі Петр Абеляр болды Рыцарьлар тұқымына жатсада ол тіпті
жас кезінде туған үйін тастап кетіп, мақсаттсыз елкезбе болды. Европаға
аты шығып еркін өнер магистры саналды. Әуелі Париждің маңында ол ашқан
мектепте, кейін қалада номинализмге жақындау көзқарасты қолдап, Абеляр көп
жылдар бойы Гильоммен және оны жақтаушылармен табысты идеялық күрестер
жүргізді. Оның адам ақыл – ойы правосының жалынды қорғаушысы ретінде шығуы
өте маңызды. Өзі өмір сүрген заманның өкілі Абеляр да діннің маңызын жоққа
шығара алмады. Бірақ дүние танудың көзі ақыл –ойда деп есептеді. Өзіне
қарсылардың түсіну үшін дінге сенемін деген тезисіне, ол түсінем, содан
кейін барып сенемін деген тезисті қарсы қойды. өзінің философиялық және
теологиялық шығармаларындаабелар дүнияи білімнің, оның ішінде ақиқаттықты
табу үшін антик философиясының тигізетін пайдасы жөнінде дәйекті пікірлер
айтты. Бұл ортодоксальды шіркеу иелеріне, олардың өзіне басқаларымен
есептеспейтініне обскурантизміне, надандығына тікелей білдірген қарсылығы
еді. Абеляр оларды әшкерлеуге көптеген тамаша еңбектерін арнады.
1121 жылы Абелярдың көзқарасын Суассон шіркеуі соборында ересьтік деп
тауып, олар Абелярды көпшілік көзінше өз шығармаларын отқа өртеп,
монастырьға кетуге мәжбүр етт. Оны формальды түрде жазалады. Рухани
жасымаған Абеляр қамаудан шыққан соң ғылыми жұмысқа қайта оралды. Тағыда 20
жыл бойы өз жауларымен идеялық күрес жүргізді. Тек 1140 жылы ғана Бернар
Клервосский бастаған Абелярдың жаулары оны Францияның королі ҮІІ Людовиктің
қатысуымен Сансе шіркеуі соборында екінші рет айыптады. Оның ілімін собор
тағы да ересьтік ілім деп тауып, мәңгі бақи тыйым салынды, ал ол ілімді
жақтаушыларға аяусыз жаза қолдауды талап етті. Собордың сұрауына сәйкес
папа ІІ Иннокентий осы шешімді бекітті. Науқас, қуғын көріп қажыған Абеляр
монастырьға түсті, көп ұзамай онда қайтыс болды.

ІІ тарау. Орта ғасырлардағы Университеттер

Шартра қаласында шіркеулік емес мектептерде қызмет атқарған ХІІ
ғасырдағы прогресшіл идеялардың тамаша өкілдерінің бірі Абелярдың замандасы
– Гильом Коншский болды. Айналадағы дүние көрінісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағартушылық дәуірі және оның ерекшеліктері
Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын зерттеу
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық мәдени өміріндегі маңызы
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Б.з.д. iii ғасыр мен б.з. iii ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты
Рухани мәдениетті дамыту
Араб халифаты, араб халифатының құрылуы
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Қазақ халқының ортағсырлық мәдениеті
Пәндер