ХІ – ХҮ ғасырлардағы Италияның халық бұқарасының дамуы


Кіріспе
Мақсаты : ХІ - ХҮ ғасырлардағы Италияның халық бұқарасының даму дәрежесі.
Маңыздылығы : ХІ - ХІІ ғасырлардағы Италияның хал - ахуалы.
Міндеті : Орта ғасырлардағы Италияның шаруа мен жұмысшы халқының жағдайы.
Тақырыптың өзектілігі: ХІІІ -ХҮ ғасырлардағы Италияның жағдайы.
Тақырыптың құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Солтүстік Италия мен Тоскананың басты ерекшеліктері-Солтүстік және Орта Италияның қалаларына келіп, қалалардың орта ғасырлардағы Европаның өзге елдеріне қарағанда тым ертерек және анағұрлым төзірек дамуында болды. XI-XII ғасырларда бұл ауданның қалаларында сауда-қолөнершілік ісі көбірек күшейе түсті. Сиена мен Пизада, Флоренция мен Пьяченцада және Миланда шұға маталары, Кремонада - зығыр маталары, Луккада - жібек маталары өндірілді; Венеция мен Генуяда және Пизада кемелер жасалынды; Венецияда тері-терсектер мен аң терілері және кенеп өңделіп шығарылды; шыныдан жасалынған Венеция бұйымдарының XII ғасырдың өзінде-ақ қаладан шалғай жерлерде даңқы шығып жатты; Тоскана мен Ломбардияда темір рудасы өндірілді; Милан әр түрлі қару-жарақты және талшық тарауға арналған металл щетқаларын (жүн тарағы) ендеп шығарумен де әйгілі болды. Қолөнердің, атап айтқанда, қүрылыс ісінің дамуына, қалалық бекіністерді салудың кажеттілігі себепкер болды: Кремона мен Модена, Бергамо мен Павия және Милан - қаланы сыртқы жаудан қорғай-тұңғыш өре жетпес биік дуалдармен айнала қоршалынды. Италия қалаларының қолөнершілері, Батыс Европаның барлық жерлеріндегі сияқты, цехтарға біріктірілді. XII ғасырда қолөнершілердің корпорациясы солтүстік қалалардьщ басым көпшілігінде және Орта Италияның көптеген қалаларында құрыла бастады. Мысалы, XII ғасырдың аяғында Миланда қолөнершілер корпорациясының «Креденна мен Амвросия» деген одағы пайда болды; Флоренцияда бірнеше қолөнершілік цехтар: сырттан әкелінген шикізаттан жүн маталарын өндіруші, жүн өнеркәсіпшілерінің «Лана» цехы, француздық және немістік дөрекі шұғаларды қайта өндеп жақсартумен айналысқан - шұға бұйымдарын өн-діретін мамандардын «Қалимала» цехы қалыптасуға айналды. Қолөнершіліктің негізінде қалаларда сауда-саттық жұмыстары жедел өркендеп, жергілікті маңыздылықтың шегінен асып шыға бастады.
Миланда, әдеттегі күнделікті рыноктан басқа, жылына төрт рет жәрменке ашылып, оған итальяндық және шетелдік қалалардың көпестері келіп жиңалды; мұнда олар қару-жарақ пен шуга маталарының және шығыстық товарлардың саудасьш жүргізді. XII ғасырда Адриатика мен Ломбардияның арасында жүргізілген саудада Венеция ен негізгі делдал болып саналды; қалаға Ломбардия мен Тоскан және Эмилия қалаларының көпестері ағылып келіп жататын болды, ал немістің көпестері онан қонақ үй (фондако) алып тұрды. XII ғасырда Феррарада жылына екі рет жәрменке ашылып отырды; бұған Ломбардия мен Тосканың және екінің бірінде Франция мен Германиядан да көпестер келіп жиналды.
І тарау. XI-XII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИТАЛИЯ
XI-XV ғасырлар бойына Италия, Германия сияқты, саяси бытыраңқы ел болып қала берді. Елдің тарихи дамуының өзге-шелігіне қарай мұнда негізгі үш аймақ бөлініп шықты: Солтүтік Италия мен Тоскана, Папа аймағы мен Оңтүстік Италия.
Товар айырбасы елдің тек кейбір қалалық округтары мен аймақтарының ішінде ғана емес, сонымен қатар аймақтар арасында да өсті; кейбір жәрменкелер жалпы итальяндық және, тіпті жалпы европалық маңызға ие болды. XI-XII ғасырларда итальяндық қалалардың халықаралық экономиқалық қарым-қатынастары да ұлғайып, өсуге айналды: олар Египет, Алжир, Тунис, Мароккамен сауда-саттық істерін жүргізді; Генуя Қаталония мен Провансте орнығып, Солтүстік Африкада өзінің отарларын ұстады; Онтүстік Францияның қалаларында, Корсика мен Сардинияда Пизаның бүтіндей кварталдары болды; Венеция Адриат тенізінің Далматтық жағалауындағы кейбір қалалар мен жерлерді өзіне бағындырды. Италияны қоршап турған теніздерінің византиялықтар мен арабтардың үстемдігінен босаулары, сондай-ақ крест жорықтары сауда-саттық ісінің өркендеуіне мүмкіншілік туғызды. Крест жорықтарының нәтижесінде Венеция, Генуя, Пиза, Анкона Таяу Шығыспен (Левантпен) тұрақты сауда-саттық қарым-қатынастарын жасап, он-да сансыз көп сауда-саттық факторияларын орнатты. [1] Олар онан бұрыш және басқа дәмділік тағамдар мен мақтаны, жун мен шұғаларды бояйтын заттарды әкеліп, онда астық пен мал және металл бұйымдарын шығарып өткізіп тұрды. Шығыстағы делдалдық сауда-саттық жұмыстары итальяндық қалаларға адам айткысыз көп лайда келтірді. XII ғасырдың басында-ақ Солтүстік және Орта Италияның қалалары жетекші экономиқалық күштерге айнала бастады.
Солтүстік және алайда қолөнер кәсібі мен сауданың одан әрі Орта Италияның өркендей беруіне қорқыныш тудыратын қала-сеньорларымен қала-лардың жауы, феодалдық-сеньорлар болды. қалалардың күресі Италияда бұлар, қағида бойынша, епископтар болған еді. Олардың жағдайы I Оттонның Италияға жасаған жорығына байланысты бұрынғыдан да гөрі нығая түсті, ол епископтарға кен саяси: сот правосын, әкімшілік басқару, таможня және рыноктық баж салығын жинау, монет соғып шығару және тағы басқа праволар берді. Қаланын бүкіл саяси және экономиқалық өмірі епископ-сеньордың бақылауында болды. Бұл жағ-дай, әрине, қалалардың одан әрі дами беруін бөгеп, өңдіргіш күштерге тұсау салды. Қалалардың сауда-қолөнерші халқы по-поландар (Ророіо-дан - халықтан) XI-XII ғасырларда едә-уір күшейіп, өзінің дұшпаны сеньорларымен күреске кірісті. Бұл күрестің ен алғашқы рет түтанулары IX-X ғасырларда (6-та-рауды қараңыз) басталып, XI ғасырда мейлінше кен epic алды. Германиядағы сияқты, итальяндық қалалардың да бұл күресте корольдік өкіметпен одақтастығы болмады, өйткені Солтүстік Италия өз алдына дербес корольдік бола алмады, ал герман императорының өкіметі мұнда таза номинальды түрде болып қала берді. Бірақ та қала халықтары екінің бірінде ұсақ феодалдармен-вальвассорлармен одақтаса берді. Бұлар сауда-саттыққа жиі қатысып, ірі феодалдар өкіметінің әлсіреуіне мүдделі болды; бұрын маман әскерилер болғандықтан вальвассорлар қала халықтарынын сеньорларға қарсы күресін ойдағыдай жүргізуге көмектесті. Олар, мысалы, Милан қаласындағы халықтың 1035 жылғы көтерілісіне қатысты, ал 1042 жылы бұлармен одақтас Миландықтар қиян-кескі күрестен соң өздерінің сеньоры архиепископты оны қолдаушы феодалдық ақсүйектермен (капитан-дармен) қоса қаладан қуып шықты. Қалалық жасақтың қарсылығын жоюға тырысқан архиепископ 1044 жылы біржолата женіліп, Милан дербестілікке ие болды.
Қалалардың сеньорларға қарсы жүргізген күресі ауыспалы табыспен жүріп жатты. Алайда ақыр аяғында сеньорлар қалалардағы саяси праволарды бірте-бірте қала халықтарына беруге мәжбүр болды. Ен әуелгіде қала халықтарының өз уәкілдерін епископтық совет пен сотқа енгізуге қолдары жетті, ал содан соң сеньорлардың қаланың саяси дербестілікке ие болғандығын заң жағынан мойындап қуаттайтын грамоталарды да жиі ала бастады. [2] XI ғасырдың басынан XII ғасырдың басына шейін мұндай грамоталарды Мантуя, Феррара, Пиза, Кремона, Болонья және көптеген басқа қалалар алды. Міне осылайша епископтар XII ғасырда-аік Ломбардия мен Тоскана қалаларына жүргізетін би-лігінен айрылды. Бұл қалалар бірте-бірте ішінара немесе түгел-дей тәуелсіз коммуналарға айналып, содан соң дербес мемлекет-Қалалар бола бастады.
Солтұстікжәне Орта Батые европалық елдердіқ көпшілігіндегі, бү-Италияның қалалық кіл орта ғасыр бойына жуық саяси және әкім-коммуналары шілік өмірдің орталығы болған селолық феодалдық замокқа қарағанда, Италияда коммуналардың пайда болуына байланысты мұндай орталық енді қала бола бастады. Феодалдардан тәуелсіз коммуналар қаланың карапайым халық-тарының - қоленершілері мен ұсақ саудагерлердің-сеньорларға қарсы жүргізген қиян-кескі күресінің нәтижесінде пайда бола тұрса да, бірақ олардың табыстарының жемістерін барлық қалаларда да қалалық байлар мен ұсақ феодалдар пайдаланып кетті. Коммуналардың орнауына байланысты өкімет билігі феодалдық сеньордан консульдар қоллегиясының қолдарына көшті. Бұлар әдетте ақсүйектерден (капитандардан), ұсақ феодалдардан (вальваесорлардан) және көпестерден сайланды. Қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің уәкілдері қоллегияның құрамына енгізіледі. Қоллегия бүкіл шаруашылық пен соғыс және сот жұмыстарын басқарып жүргізетін атқарушы орган бо-лып табылады.
Коммуналардағы заң шығаратын өкіметті, қаланың барлық аудандары болып сайлайтұғын «сөнімді адамдардың советі»- «Креденца» жүзеге асырды. Қейде толық праволы қала халық-тарының жиналысы парламенте да шақырылып турды.
Қоммунаның пайда болуынан кейін қалаларда сауда-саттық, пен қолөнерінен жиналған қорлар феодалдың қазынасына емес, енді қала халықтарының өз қолына көшкен қалалық экономиканы едәуір дәрежеде дамытуға жұмсалды. Бұл жағдай итальяндық қалалардың XII-XIII ғасырларда әжептәуір даму себептерінің бірі болды. Коммуна өз-өкіметін тек қала шенберімен ғана шектеп қойған жоқ: оған әдетте өзінің төңірегіндегі деревнялар мен феодалдық замоктарды қоса «Контадо» деп аталынған бүкіл селолық жер бағынды. XII ғасырда қаланың өз тәңірегін-дегі селолық жерге зкономиқалық және саяси ықпалы күшейе түсті. Келесі ғасырлар ішінде Италияның көптеген қалалық коммуналары өз иеліктерінің шенберін ұлғайтып, басқа қалаларды олардың округтарымен бірге өздеріне бағындырды, бұл аса кен-байтақ территория көбіне «дистретто» деп аталынып, өзі бір бүтіндей мемлекетке айналды және оның ішіндегі ен басты коммуна астананың ролін атқарды. Мысалы, Солтүстік және Орта Италияда - Флоренция, Сиена, Милан, Равенна, Венеция, Генуя, Пиза және тағы басқалары сияқты көптеген мемлекет-қалалар кұрылып қалыптасты.
Қалалардың өз өкіметінің билігін төңірегіндегі селоларға та-ратушылығы феодалдардың саяси құдіретін анағұрлым әлсіретті. XI ғасырдан бастап олардың кейбіреулері замоктарын тастап, қалаға көшіп барып орналаса бастады. Алайда өз ықпалын сақтауға тырысқан феодалдардың көпшілігі қарсылығын тоқтатпай жүргізе берді. Олар қолөнершілер мен көпестердің шаруашылық әрекеттеріне қасақана бөгет жасап, сауда жолдары мен тау асуларын бақылауларына алып, коммуналарды құруға кедергі келтірді. XII ғасырда пополандар грандармен (феодалдармен) қарулы күрес жүргізді және олардың замоктарын талқандап ертеді, ал олардың өздерін зорлап қалаға көшірді-қалаға көшіп орналасқан феодалдар, бұл жерде де қарап отырмай зәулім дуалдары мен мұнаралары бар замоктар салды, бірақ та бұл соғыс бекіністері, әлі де коммунаға қауіпті бола ұрғанымен де, енді олар күнделікті бақылауда болғандыктан, оншама қорқынышты бола қоймады.
Италияның коммуна-қалалары, Батые Европа елдерінін басқа қалаларына карағанда, феодалдардың саяси және экономи-қалык күш-куаттарын міне осылайша женіп шықты. Осының ар-касында олар селолық қолөнершілікпен бәсекені жойып, өздері-не бағынышты территорияның ауыл шаруашыльіғын қаланың мүддесі үшін кызмет өткізді. [3]
Қалалардың сеньорларды женіп шығуы, Солтүстік және Орта Италияның экономикасын гүлдендіруге және елдің бұл аймақтарындағы қалалардың экономиқалық және саяси маңызының одан әрі өсе беруіне мүмкіндік берді.
Коммуналардың гулденуі - феодалдық қатынастардьщ жойылуын көрсетпейді және керсетуі мүмкін де емес. Бірақ та феодалдық иерархияның қолданып отырған системасына елеулі өзгеріс енгізілді. Система бұзылды. Коммуналардың тап өздері де нақ феодалдардың орнын басқан тәрізді болды. Бұрынғы феодалдық иеліктерден құрылған өзінің территориясында, коммуналар енді өздерінің вассалдарын ұстады. Осы территорияның шенберіндегі саяси өкімет бұларға көшті. Қала әрі шаруашылық, әрі саяси жағынан да феодалдық организм болып қалды. Қаланың қолөнершілік өндірісінде цехтық кұрылыс үстемдік етті. Солтүстік және Орта Италия қалаларының феодалдық айқын табиғи көріністерінің бірі олардың экономиқалық және саяси жағынан жекелікке тырысуы болды, бүған олар өз алдарына дербес мемлекеттерге айналу арқылы ғана жетіп отырды.
Италия қалалары және Солтүстік және Орталық Италияның республиканың саяси дамуы қалаларының саясн сепаратизм - не тұтас Италияның өзінде, не оның экономиқалық жағынан неғүрлым кемелденген Солтүстік бөлігінде, орта ғасырлардың аяғына шейін бірыңғай мемлекеттің құрылып, қалыптаспау себептерінің бірі болды.
Солтүстік француздық және ағылшын қалаларына қарағанда, неміс қалалары сияқты, Италияның қалалары да, экономиқалық жағынан өздерінің тым жоғары еркендеулеріне қарамастан, елді саяси жағынан біріктірудің орталықтары бола алмағандары былай тұрсын, қайта көбінесе тіпті оған кедергі жасап отырды. Бұл олардың XII ғасырда-ақ ішкі рынокпен емес, көбінесе сыртқы рынокпен қарым-қатынастарда болғандығымен түсіндірілді. Ол ол ма, тіпті шығыстағы рынокпен жасалған сыртқы саудада болсын (Левант, Египет, Византия) және батыстағы рынокпен жасалған саудада болсын (Франция, Германия, Англия, Фландрия) қалалар сауда-саттық жұмыстарында, ал кейініректе банк операцияларында бір-бірімен бәсекелесті. Сауда-саттық істері жөнінде Венеция мен Генуя, Генуя мен Пиза бәсекелесті; Флоренция Пизамен, Сиенамен және Луккамен бәсекелесті. Бұл бәсекелесушілік Италияныц өз ішіндегі мемлекет-қалалардың арасындағы бітпейтұғын қақтығыстарға айналды. Қақтығыстардың Зір себебі, аса құдіретті қалалардың өз территориясын, көршілес отырған. әдсіздеу қалалардын. есебінен ұлғайтуға тыры-суынла болды. Осынын, негізінде Милан мен Кременаның, Болонья мен Моденаның және басқаларының арасындағы қақтығыстар ұзаққа созылды. Экономиқалық және саяси бәсекелестіктің салдарынан итальяндық қалалар, немістердікі сияқты, елдің саяси бірлігіне мүдделі болмады, олар тек біреу-міреудің сырттан, атап айтқанда, герман императорыньщ тарапынан қауіп төнген кезде ғана, уақытша бас қосып бірігіп отырды. Қалалардың жедел дамушылығы және Солтүстік Италия пен Орта Италиянын, аймақтарындағы сияқты товар-ақша қатынастарынын шапшаң ұлғая дамуына қаланың италиянық деревнясындағы натурал-жасаған ықпалыды шаруашылықтын негізін бұзды және Италиянын, бұл бөлігіндегі аграрлық құрылысқа елеулі өзгерістер енгізуге әкеліп жеткізді. Қалалардьщ ауыл шаруашылық өнім-деріне деген өскелен сұранысы, негізінде үсақ шаруалар шаруашылығы өндірісінің есебінен ғана қанағаттандырылды. Сондықтан егістік жердің көлемін ұлғайту бос жатқан жерлерді тазартып, саз-батпақ жерлерді құрғату және тағы басқалары арқылы жүргізілді. XI ғасырдың аяғына таман, әсіресе XII ғасыр ішінде ірі феодалдар қожалық шаруашылықты кенет қысқартып, жеке меншіктегі жерді (домен) шаруалар мен ұсақ рыцарьларға, сондай-ақ қала халықтарына Либеллярлык түрде ұстаудық шартымен арендаға немесе эмфитевтік арендаға бере бастады. Деревнядағы жерлердін біраз бөлігі бұл кезде қалалық жоғарғы топтық қолдарына көшті. Олар бұл жерлерді не жұрттан жинап сатып алды, немесе арендалаған жерлерін іс жүзінде өздерінің меншігіне айналдырды. XI ғасырдың өзінде-ақ рентаны коммутациялау басталды. Ақшалы рента XI-XII ғасырларда мейлінше кен тарады, егістік барщинаның біраз бөлігі жүкшілік міндеткерлікпен алмастырылды. Солтүстік және Орта Италияда жұмыспен өтеу рентанын ешқашанда басым болмағандығын айта кеткен жөн, заттай және тіпті ақшалы ренталар VIII-IX ғасырлардан бастап-ақ әжептәуір кен таралды, соның ішінде крепостной шаруалар жөнінде де осылай болды. Солтүстік Италиянын кейбір аймақтарында товар-ақша қатынастарынық өсушілігі өнім рентасыньщ сыбағалы салмағын арттырды: шаруалардаи жиналған өнімдерді феодалдар рынокқа шығарып өткізді. XI-XII ғасырларда шаруалардын сеньорларға қарсы жүргізген белсенді күресінін нәтижесінде, Италиянын бұл жақ белігінде шаруалар міндтткерліктерінің біраз бөлігінін мөлшері белгіленіп қойылды. Осы жаңа жағдайлардың бәріне де, Италиядағы анағұрлым көп ерікті шаруалар тобынын сақталып келушілігі және онда бұрыннан да ауыр тәуелсіздікте болған крепостнойлар санының біршама аздығы себепкер болған еді. Алайда Солтүстік және әсіресе Орта Италияның кейбір артта қалған аудандарында феодалдық қанаудың бұрынғы формалары және тіпті крепостниктік күй мызғымастан сақталып та қалды; мұндай жағдай Альпі тауынын бөктерлерінде және Аппениннін таулы жерлерінде де болған еді. [4] Қалалардың саяси және экономиқалық ықпалы селолық коммуналарлының жедел өсуінщ жағдаиында феодалдық өкіметтін әлсіреушілігі XI-XII ғасырларда селолық қауымның жандануына әкеліп жеткізді. Италиядағы қауым лангобардтық заманнан бері қарай, әуелі ерікті түрде, ал содан сон крепостнойлық қауым түрінде сақталып келді. XI-XII ғасырларда солтүс-тік итальян қауымдарының қарамағында өздері пайдаланатын жайылымдары мен ормандары, шалғындары мен бос жатқан жерлері, сиректеу болса да егістік жерлері болды. Қауымдар феодалдарға жердің заңды меншік иесі ретінде алым-салық төлегөнімен де, олар, алайда, қолдарындағы жерді феодалдармен келіспей-ақ, айырбастауға, сыйға тартуға, арендаға беріп және сатып жіберуге де праволы болды. Қауымдық ұйымдар XI-XII ғасырларда феодалдармен тым жиі айтыс-тартыстар жүргізді. XII ғасырдың аяғына таман олардың көпшілігі сеньор-лармен жүргізген қажырлы күрестін нәтижесінде өзін-өзі басқа-рушылыққа жетіп, өздеріне тиісті праволарын жазба түріндегі келісіммен заңдастырып реттеді. Қалалар бұл кезде шаруалар қауымдарына, өздерінің ортақ жауы феодалдарға қарсы жүргізілген күресте екінің бірінде-ақ көмектесіп отырды. Қауымдар қалалардың көмегімен феодалдардың шаруалар қауымдары жөніндегі сот правосын және кейбір феодалдық алым-салықтарды төлейтетұғын правосын тартып алды. Феодалдардың билеп төстеушілігінен босана отырып, селолық қауымдар, алайда толық Тәуелсіздікке жете алмады немесе онымен тым ұзақ пайдалана алмады. Тәртіп бойынша, оларды көп ұзатпай-ақ көршілес қалалар өз бақылауына қаратып, бағындырып отырды. Қала селолық қауымдар үшін олардың бұрынғы феодалдық сеньорының орнын басқан тәрізді болып шықты. Сонымен қатар қалалар селолық қауымдардың кейбір автономиялылығын мойындап таныды. Селолық қауымдардың феодалдық өкіметтің қол астынан қалалар өкіметінің қол астына көшушілігі, оларды қала тарапынан жасалатын қанаудан күтқармағанымен де, жалпы алғанда бо-лымды роль аткарды, өйткені қала прогресшіл экономиқалық дамудың орталығы болды. Селолық аймақты мемлекет-қалалардың қүрамына енгізушілік товар-ақша қатынастарының одан әрі де тым төзірек дамып, Солтүстік және Орта Италия аудандарының көпшілігіндегі деревняда крепостниктікті жоюға мүмкіндік туғызды. [5]
XII-XIV ғасырларда селолық қауымдар селолық коммуналарға өзін-өзі басқаратын қауымдарға айнала бастады. Қалалық коммуналар сияқты, олар да қызмет адамдарын (консулдарды) сайлап, финанс және сот аппаратын құрды және тіпті коммунаның бүкіл тіршілік өмірін реттеп отыратын статуттарды Заң түріндегі қаулыларды да шығарып отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz