ІҮ – ҮІІІ ғасырлардағы Визвнтияның ішкі хал – ахуалы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мақсаты : ІҮ - ҮІІІ ғасырлардағы Визвнтияның ішкі хал - ахуалы

Маңыздылығы : Орта ғасырдың басындағы Византиядағы христиандық шіркеу

Міндеті : Орта ғасырлардағы Византияға діннің әсері.

Тақырыптың өзектілігі: Юстинианың саясаты және Византия халқы.

Тақырыптың құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Рим империясының 395 жылы Шығыс және Батыс болып бөлінуіне байланысты ІҮ ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия қолөнер мен сауданың өркендеу дәрежесі қалаларының байлығы, мәдениетінің экономикалық және саяси жағынан батыстағы провинциялардан оқшаулануы өте - мөте ІҮ ғасырда айқын байқалды. Империяның ежелегі астанасы - Римнің әлсіреуіне байланысты империяның экономикалық және мәдени өмірінің орталығы Шығысқа қарай ойысуына орай Рим мемлекетінің саяси орталығының да осылай қарай ойысуы заңды құбылыс еді. Император Константин 330 жылы Босфор жағалауындағы көне мегарлық отар ел - Византияны империяның астанасы жасады. Жаңа астана оның негізін құрушының атына сәйкестендіріп Константинополь деп аталды. Константинопольдің астанаға айналу себебі - қаланың алып жатқан орнының қолайлығына байланысты болды. Европадан Азияға, Қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, ал мұның өзі Шығыс пен Батыс аралығындағы сауда - саттық жұмыстарында Костантинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Қала әрі құрғақтан да, әрі теңізден де тамаша қоршалған әскери - стратегиялық орталықтан болатын. Византия империясының құрамына мыналар енетін: Балқан түбегі, Кіші Азаия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы және Кавказдағы бірқатар тірек пунктері, аравияның кейбір аудандары, ал Ү ғасырдан бастап Иллирик пен Далмация да жататын болды. Византия империясының жерінде әр түрлі тайпалар мен халық топтары : гректер, фракиялықтар, иллириктер, дакилықтар, эллинденрілген кіші азиялық тайпалар, сириялықтар, армяндар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген. Эллидендіру және романдандыру көбінесе қалаларда тұратын халықтарды қамтыды. Византияның сансыз көп тайпалары мен халықтары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, жергілікті тілдерін, дәстүрлерін, мәдениетін сақтап қалды. Империяның сан түрлі Империяның тұрғындарының арасында гректер үстемдік етті және грек тілі басқасынан гөрі кеңірек тарады.

Шығыс Рим империясының әлеуметтік - экономикалық жағынан өркендеу ісінде өздеріне ғана бірқатар елеулі ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ең алдымен мұндағы ауыл шаруашылығы өндірісінің дәрежесі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары болғанын атауымыз жөн. Византия империясының құрамына ежелден егіншілік мәдениеті жоғары елдер енген еді. Мұнда диқаншылық өнері кең өрістеген. Жердің құнарлылығы және ауа райының қолайлылығы өрістеген. Жердің құнарлылығы және ауа райының кей аймақтарда 2 - 3 рет жылына өнім жинауға мүмкіндік беретін. Ауыл шаруашылығында, соның ішінде өте - мөте империяның оңтүстігі мен оңтүстік - шығысында иригациялық істер орасан зор роль атқаратын. Суармалы жерлерге жеміс бқтары, огород отырғызылатын, жүзім шаруашылығы мен зәйтүн шаурашылығы, оңтүстігінде құрма ағаштары кең өрістетілген. Техникалық дақылдар мен мал шаруашылығы да өріс алған.

Византияда ауыл шаруашылығының құлдырауы батысқа қарағанда кейін білінді. Әсіресе ҮІ ғасырдың аяқ кезінде кейбір аймақтарда айрықша біліне бастады. Византиядағы аграрлық құрылыстың екінші бір ерекшелігі латифундиялық типтегі ірі - ірі жеке меншік жер иелерінің біршама аз болғандығы. Шығыста ірі -ірі жер иеленушілік негізінен императорлық қазынаның, шіркеулер мен монастырьлардың төңірегіне шоғырландырылған болатын. Император домендері бүкіл империяның түкпір - түкпірлеріне шашырай орналасқан. Ү -ҮІ ғасрыларда Византияның бүкіл жерінің шамамен 1/10 бөлігі шіркеулік - монастырьлық жер иеленушілердің қолында болды. Ірі ақсүйектердің жерге қожалық етуі Византияда Батысқа қарағанда анағұрлым баяу және мейлінше шағын көлемде дамыды. Византиядағы аргарлық құрылыстың үшінші ерекшелігі - ерікті шаруалар жер иеленушілерінің өрістеуі және олардың ІҮ - ҮІ ғасырларда күшті дамуы болып табылады. Византиядағы ауыл шаруашылығының құлдырай бастауын тежеуге айрықша себепкер болған да осы жағдай еді. Дунай жағалауындағы провинциялар, Фракия, Кіші Азияның орталық аймақтары ерікті жер иелушілер мен шаруалар қауымдары басым дамыған аудандар болатын.

І тарау. ІҮ - ҮІІІ ғасырлардағы Визвнтияның ішкі хал - ахуалы

Византиядағы шаруалар қауымдарының аса кең таралған түрі - бір топ шаруаларды біріктіріп, шағын - шағын жер учаскелеріне жеке меншігі ретінде иелік жасауға кең праволары бар, «митрокомия» деп аталған көршілестер қауымдары болды. Деревняда императорлық домендер мен шіркеулік жерлерде кездесетін жерді ұзақ мерзімдік арендаға алушылық - эмфитевзис кең өрістеген. Эмфитевтер болып ірі жер иеленушілер де саналатын, дегенмен мұндайлар негізінен ерікті шаруалар болатын. Византияның ауыл шаруашылығында құлдар еңбегі Батыстағы тәрізді аса үлкен роль атқармаса да, құлдар өндірістік мәнін жойған жоқ және олардың еңбегі жер иелерінің барлық категорияларында дерлік пайдаланатын. Сол уақыттағы Византиядағы құл иеленушіліктің аса маңызды көздерінің бірі - бұрынғыша құл сатушылық болып келді. Құл иеленушілік кең өріс алған аймақтарға Греция, Кіші Азияның батыс бөлігі, Сирия, Египет, Киренаикалар жататын; шет түпкірлердегі провинцияларда, таулы аудандарда, ерікті шаруалар басымырақ мекендейтін жерлерде құлдар еңбегін қанаудың жаңаша формалары кең өріс алған. ІҮ - ҮІ ғасырларда ауыл шаруашылығында құлдардың еңбегін қанаудың негізгі түрі - пекулия түрінде құлдарға жер учаскесін бөліп беру болды. Батыстағы тәрізді пекулияны жерге отырықшыландырылған құлдар ғана ала алатын құл еңбегін қанаудың осы формасының кең өріс алуы - Византиядағы құл иелушілік құрылыстың құлдыруаын біраз тежеді. Византиядағы агралық құрылыстың басқалардан тағы бір айырмашылығы Батыстағыдан гөрі колонаттардың кең қанат жаюы болды. [1] ҮІ ғасырдағы заң византиядағы колондарды негізінен екі категорияға бөлген: еріктілер - георгтар және «жылнамалылар» - энапографтар болған. Геогртар заң жүзінде бас бостандығын өзіндегі ерікті кісілер еді. Олар жеке меншігіндегі үй, қора, құрал - сайман, мал және ірі жер иеленушілерден арендағаалған жерінен тыс, өз меншігіне, шағын көлемді жер учаскесін ұстауға ерікті болатын. Энапографтарда ешқандайда иелік ету правосы болмайтын, олар байлардың жерін жайлайтын және сол мырзалардың құрал - саймандарымен жер өңдейтін. Олардың есімдері именинің салық цензісіне тіркелетін еді. Энапографтар аталу себебі де осыған байланысты туған. ҮІ ғасырда энапографтарды ғана емес, ерікті колондарды да иемдену правосынан заң жолымен айыруды көздеген тенденция пайда болды. Ал мұның алдында колондар жерге бекітіле бастаған. Колондар бай - манаптардың жерін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде заттай, ал кейде ақшалай да қаы төлейтін және қожайынның имениесінде дала жұмыстарын атқаруға мәжбүр болатын. Ірі шараушылықтар - латифундиялар тиімділіктен - рентабельділіктен айырылды. Осыған орай бай - манаптардың жыртылатын жерінің көлемі қысқарып, жерге отырықшылыққа айналдырылған колондар мен құлдардың үлес салмағы арта бастады.

Византиядағы агралық құрылыстың Батыспен салыстырғанда өзіндік өзгешелігі - ерікті шаруалар бұқарасы мен шаруалар қауымдарының едәуір сақталуы, колонаттардың анағұрлым кең қанат жаюы және пекулий берілетін құлдардың көптігі - шығыс провинцияларында экономиканың тұрақты болуына әсерін тигізді және Шығыстағы құл иеленушілік құрылысының күйреуге ұшырауын едәуір дәрежеде әлсіретті. Сол себепті де мұнда құл иеленушілік қарым - қатынастарының күйреуі және феодалдандыру процесінің дамуы әлдеқайда баяу қарқынмен өрбіді.

ІҮ - ҮІ ғасырларда Византияда қолөнершілік өндірісі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары даму сатысында болды. Құрылыс техникасы, тоқыма өнеркәсібі өте нәзік кендір мата және жүн маталар, ал ҮІ ғасырдан бастап жібек маталар жасап шығару ісі біршама дәрежеде жетілдірілген болатын. Тау - кен ісі мен металл өңдеу, сол сияқты қару - жарақтар жасап шығару ісі едәуір өркендеді. Шыныда жасалатын заттар жөнінен де Византияның даңқы шықты.

Батысындағы қалалар азып - тозып, құлдырап, құрып бітуге айналғанда, Шығыста олар қолөнершілік пен сауда орталықтары ретінде көркейіп, кеңейіп өсіп келе жатты. ІҮ - ҮІ ғасырларда солардың арасынан бірінші орынға Константинопольшықты. Шеберханаларда өте мықты шеберлер жібек және жүн матадан небір тамаша киімдер, шыны ыдыстар, қару - жарақ, алтын мен күміс жалтқан, әшекейлі оқалар тағылған асыл киімдер, небір талғампаздардың талабына сай келетін нәзік те сәнді бұйымдар жасап шығаратын. Транзитті сауданың аса маңызды орталығына айналған Византия империясының аснасына алыс түкіпірлердегі елдерден де көпестер ағыл - тегіл келіп жататын. Карл маркстің Константинопольді Шығыс пен Батыс аралығындағы алтын көпір атауы тегін болмаса керек. Империяның Константинопольден басқа ірі экономикалық орталықтары - Египеттегі Александрия, Сириядағы Антиохия, Солтүстік Месопотамиядағы Эдесса, Финикиядағы Тир мен Бейрут, Кіші Азияның қалалары - Эфес, Смирна, Никея, Нокомидия, ал империяның европалық бөлігінде - Фессалоника мен Коринфтер болды. Византия көптеген елдермен және халықтармен қат - қабат сауда байланысты жасап тұрды. [2]

Осылардың Шығыспен - Аравтямен және Аксум патшалығымен, Иранмен, Согдианамен сауда қатынстары бірінші дәрежелі роль атқаратын, Византиялық, Сириялық эәне Египеттік көпестер Шығыстан жібек маталар жасайтын аршылмаған жібек тұтып, піл сүйегін, алтын және басқа асыл тастар, інжу, бұрыш және басқа дәмді тағамдар әкелсе, бұл арадан мата, тігулі киім, кестелер, шыны ыдыстар әкететін. ІҮ ғасырдың аяғында Неапольде, Равенде, Масилияда, Карфагенде Византия көпестерінің сауда факториялары пайда бола бастаған. Ү - ҮІ ғасырларда Византияның Қартеңіз жағалауындағы және Кавказ елдерімен сауда - саттығы күшейе түскен. Византия қалаларында қолөнершілік өндірісінде құл еңбегі кеңінен пайдаланатын. Жеке меншік кісілер ашқан қолөнершілік шеберханалар - эргастерилерде қызмет ететін қолөнерші құлдардың сыртында - сан - салалы дәрежедегі мемлекеттік құлдар және жекелеген қалалардың әкімшілік өкіметтеріне бағынышты құлдар да болатын. Мемлекеттік құлдардың дені - армияға қажетті қару - жарақ пен киім дайындауды, император және оның төңірегіндегілерге сәнді жасаулар жасауды өз монополиясына айналдырған императорлық шеберханаларда жұмыс істейтін. Ауыл шаруашлығындағы тәрізді қолөнершілік өндірісінде де қолөнерші құлға - қолөнер шеберханасы немесе сауда дүкені түрінде пекулия беру барған сайын көп қолданыла бастады. Құлды пекулийге айналдыру және оларға қолөнер өндірісінде белгілі бір дәрежеде инициатива көрсетуіне жол ашу - ауыл шаруашылығындағы тәрізді қолөнершілікте де құлдар еңбегін біршама интенсивтендіруге әкеліп соқтырды. Қол өнерінде құлдар еңбегін мейлінше пайдалану нәтижесінде Византияның қалалары ұзақ уақыттар бойы құл иеленушілік қарым - қатынасының тірегі болып келді. Бірақ, бірте - бірте мұнда да құл еңбегін пайдалануға негізделген эргастерилермен бірге ерікті де дербес қолөнерші - шеберлердің, кейбір қалаларда корпорацияға біріккен ұсақ қолөнерші шеберханаларының маңызы арта бастады.

Византияда қолөнершілігі және саудасы едәуір дәрежеде дамыған ірі - ірі қала орталықтарының болуы - Батысқа қарағанда Византия империясының экономикалық тұрақтылығының анағұрлым баянды болуына игі әсер етті. Императорлар қолөнері мен саудадан түсетін табыстың есебінен жалдамалы әскер ұстауға, империяны сыртқы жаулардан қорғауға, орасан зор мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға және мемлекетті бір орталыққа бағындыруды күшейте түсуге мүмкіндік алды. Батыс пен Шығыста мемлекеттің тағыдыры әрқилы болып қалыптасты.

Батыста бөліну процесі күшті болды. Ақыры ішкі дағдарыстар мен варварлық басқыншылықтар салдарынан Ү ғасырда империяның ыдырауына және оның территориясында бірнеше варварлық мемлекеттердің құрылуына әкеп соқтырса, ал Шығыста бүкіл алғашқы орта ғасыр бойы біршама күшті орталық үкіметі бар орталықтандырылған бір тұтас мемлекет сақталып қалды. Мемлекет басында өз қолында кең өрісті заң үстемдігі мен әкімшілік билігін бірдей шоғырландырған, шексіз әкім, автократор - император тұрды. Император үкіметін алла тағаланың өзі жаратқан дейтін доктринаның үстемдік еткен кезі еді ол, сондықтан императорға жұрт табынатын да, ал ол Шығысқа тән сән - салтанаттылық құшағында өмір сүретін. Рас, сенат мемлекеттік совет және қалалрдың ерікті азаматтарының ұйымдары тәрізді мекемелер императорлық үкімет билігін аз да болса тежейтін еді.

Димдар Византия қалаларындағы ерікті азаматардың саяси ұйымдары болып саналатын, олар шаруашылық, саяси және әскери ұйымдары болып саналатын, оларшаруашылық саяси және әскери міндеттер атқаратын. Император шіркеу ұйымдарымен де қатты санасуға мәжбүр болатын. Византиядағы мемлкеттік билікті ұйымдастырудың аса бір ерекшелігі - мұнда орасан зор бюрократтық мемлекеттік аппараттың болуында еді. Империяны бір орталықтан басқару ісі император сарайына шоғырландырылған және олар бірнеше ведомстволарға бөлінетін де, олардың басында императордың өзі тағайындаған жоғарғы мәртебелі чиновниктер тұратын.

Провинцияларды басқару ісі де осы тәрізді қатал орталықтандырылған және олар орталық өкіметтің орталығында болатын. Бюрократтық басқару аппаратының бүкіл күрделі иерархиясын шен жөніндегі табель белгілеп беретін. Орталық өкімет жергілікті провинциалдық әкімшіліктердің қандай да болсын сеператистік әрекетіне қарсы ұдайы және қатал күрес жүргізіп тұратын. Көне Византияда салық салудың бір кездегі Диоклетиан және Константиндер тұсында қалыптасқан римдік жүйесі сақталып келген. Негізгі жер салығы - жыл сайын империяның егін шаруашылығымен айналысатын жұртынан жиналатын аннона салығы болатын. Аннона көбіне заттай алынатын, кейбір жекелеген провинцияларда ғана Ү ғасырдан бастап аннонаны ақшалай төлейтін болған. Аннонаның дені чиновниктер мен әскерлерді ұстауға жұмасалатын. Тұрғын халық тек салық төлеп қана қоймай, мемлекет пайдасына басқа түрлі борышты қызметтер атқаратын - әскери бекіністер, қала дуалдары мен қамалдар, көпірлер мен жолдар салатын, әскерлерді үйді - үйге бөліп орналастыратын. Византияда әскер құру ісі де Рим империясынан қалған мұра іспетті еді. ІҮ - ҮІ ғасырларда бұл салаға да елеулі өзгерістер енгізілді. Бұл кезеңде жер иеленушілердің рекрутқа өз қарамағындағы адамдарын беру орнына ақшалай құн төлеу әдісі жиірек қолданыла бастаған. [3]

Әскерде барған сайын әр түрлі тағы тайпалардан жалдап алынған әскерлер шешуші роль атқара бастады. Армиясының дені варвар тайпаларынан құралған Батыс Рим империясынан Византияның түпкі бір ерекшелігі - оның армиясының елеулі бөлігі жергілікті ерікті тұрғындар өкілдерінен құралғандығы, мұның өзі мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізді. Византия қоғамынң идеологиялық және саяси - әлеуметтік өмірінде христиандық шіркеу үлкен роль атқарды. ІҮ ғасырда бұрынғы қудаланушылқтан - үстемдік көрсетуші күшке айналған шіркеу Византия мемлекетінің тірегіне және одақтасына айналды. Шіркеуді ұйымдастыру шеңберінде болсын, шіркеулік догматика саласында болсын сонау ежелден батыстық және шығыстық шіркеулер арасында елеулі айрмашылықатр байқалған және мұның ақыры олардың католиктік және православиелік болып екіге бөлінуіне әкеп соқтырды. Шығыс шіркеуінде - шіркеулік ұйымдардың және оның бүкіл иерархиясының императорлық өкіметке тәуелділігі тарихи қалыптасқан оқиға еді. Олар бүкіл христиан әлеміне билік жүргізу жөнінен батыстықтармен өмір бақи бақ талас болып келді. Константинопольдік патриарх батыстық шіркеудің басшысы - Рим папасын ешқашан да жол бермеуге тырысқан. Сонау көне Византия кезінде күрделі де сан салалы шіркеу иерархиясы қалыптасқан.

Шығыс Рим «империясынын, әлеуметтік-экономикалық IV-VI ғасырларда жағынан өркендеу ісінде өздеріне ғана тән бірқатар елеулі ерекшеліктерін атап аграрлық құрылыс өтуге болады. Ең алдымен мұндағы ауыл шаруашылығы өндірісінің дәрежесі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары болғанын атауымыз жөн.

Византия империясының кұрамына ежелден егіншілік мәдениеті жоғары елдер енген еді. Мұнда диқаншылық өнері кең өрістеген. Жердің құнарлылығы және ауа райының қолайлылығы кей аймақтарда жылына 2-3 рет өнім жинауға мүмкіндік беретін. Ауыл шаруашылығында, соның ішінде өте-мәте империяның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында (Египет, Шыгыс Сирия және басқаларында), ирриғациялық істер орасан зор роль атқаратын. Суармалы жерлерге жеміс бақтары, огород отырғызылатын, жүзім шаруашылығы мен зәйтүн ағаштары, ал оңтүстікте құрма ағаштары кең өрістетілгенді. Техникалық (зығыр және басқалары) дақылдар да егілетін. Мал шаруашылығы кең өріс алған.

Византияда ауыл шаруашылығының құлдырауы Батысқа қарағанда анағұрлым кейін білінді және ол империяның кей аймақтарында VI ғасырдың аяқ шенінде ғана айрықша аңғарыла бастады.

Византиядағы аграрлық құрылыстың екінші бір ерекшелігі латифундиялық типтегі ірі жеке меншіктер иелерінің біршама аз болғандығы. Шығыста - ірі жер иеленушілік негізінен императорлық қазынаның, шіркеулер мен монастырлардың теңірегіне шоғырландырылған болатын. Император домендері бүкіл империяның түкпіртүкпірлеріне шашырай орналасқан. Ал V-VI ғасырларда Византияның бүкіл жерінің шамамен 1/10 бөлігі шіркеулік монастырлық жер иеленушілердің қолында болды.

Ірі ақсүйектердің жерге қожалық етуі Византияда Батысқа қарағанда анағұрлым баяу және мейлінше шағын көлемде даымыды.

Византиядағы аграрлық кұрылыстың үшінші ерекшелігі ерікті шаруалар жер иеленушілерінщ өрістеуі және олардың IV-VI ғасырларда күшті дамуы болып табылады. Византиядағы ауыл шаруашылығының құлдырай бастауын тежеуге айрықша себепкер болған да осы жағдай еді. Дунай жағалауындағы провинциялар, Фракия, Македония, Кіші Азияның орталық аймақтары ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымдары басым дамыған аудандар болатын.

Византиядағы шаруалар қауымдарының аса кең таралған түрі - бір топ шаруаларды біріктіріп, шағыншағын жер учаскелеріне иелік ететін және осы жер учаскелеріне жеке меншігі ретінде иелік жасауға кең праволары бар, «митрокомия» деп аталған көршілестер қауымдары болды. Деревняда, әсіресе императорлық домендер меа шіркеулік жерлерде кездесетін жерді ұзақ мерзімдік арендаға алушылық - эмфитевзис кең өрістеген. Эмфитевтер болып ірі жер иеленушілер де саналатын, дегенмен мұндайлар негізінен ерікті шаруалар болатын. [4]

IV-VI ғасырларда Византияның ауыл шаруашылығында құлдар Византиядағы құл еңбегі Батыстағы тәрізді аса үлкен роль ат иеленушілік пен қармаса да, құлдар өндірістік мәнін жойған колонат олардың еңбегі жер иелерінің барлық категорияларында дерлік пайдаланылатын. Сол уақыттағы Византиядагы құл иеленушіліктің аса маңызды көздерінің бірі - бұрынғысынша құл сатушылық болып келді. Құл иеленушілік кен өріс алған аймақтарға Греция, кіші Азияның батыс бөлігі, Сирия, Египет, Киренаикалар жататын; шет түкпірлердегі провинцияларда, таулы аудандарда, ерікті шаруалар басымырақ мекендейтін жерлерде құлдар саны аса көп болмайтын. Византияда Батыстағы тәрізді құлдар еңбегін қанаудың жаңаша формалары кең өріс алған. IV-VI ғасырларда ауыл шаруашылығындағы құлдардың еңбегін қанаудың негізгі түрі -пекулия түрінде кұлдарға жер учаскесін бөліп беру болды. Батыстағы тәрізді пекулияны жерге отырықшыландырылған құлдар ғана ала алатын құл еңбегін қанаудың осы формасыньщ кең өріс алуы - Византиядағы құл иеленушілік құрылыстың кұлдырауын біраз тежеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Византия қалалары
ХІ – ХҮ ғасырлардағы діннің халыққа әсері
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
ХІ-ХІІІ ғасырдағы феодалдық бытыраңқылығы жайлы басты саяси мәселелері
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Араб әдебиетінің тарихы
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Византия қалаларының құлдырау себептері
Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz