ХІ-ХІІІ ғасырдағы феодалдық бытыраңқылығы жайлы басты саяси мәселелері


Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы: ХІ-ХІІІ ғасырдағы феодалдық бытыраңқылығы жайлы басты саяси мәселелерді талқылау.
Негізгі тапсырма: ХІ-ХІІІ ғасырлардағы ауыл шаруашылығының дамуы туралы оқып-үйрену.
Жұмыстың өзектілігі: ХІІ ғасырда король өкіметінің нығаюы және мемлекет хал-ахуалына назар аудару.
Феодалдар мен шаруалар антагонистік таптар ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрды. Шаруаларды қанау феодалдық рента алу түрінде жүргізілді. Феодалдық жер рентасы - жер иеленушілердің тәуелді шаруалары қосымша еңбегінің, немесе қосымша өнімінің бір бөлігі. Сөйтіп, феодалдық рента феодал меншігіндегі жерді іске пайдаланудың экономикалық формасы міндетін атқарды. Экономикадан тыс күшпен көндіру шаруалардан рента алудың қайнар көзі емес, небары құралы ғана болды. Феодалдық рентаның үш формасы болды: жұмыс атқаур түріндегі рента-барщина, өнімдік рента-оброк, ақша түріндегі рента қолданылды. Көп жағдайда рентаның осы үш түрі бір мезгілде атқарылды. Рентаның үш түрі де іске асырылып жататын кез жиі кездесетін. Алайда феодализм дамуының әр түрлі кезеңдеріне рентаның бір түрі басым болатын. Орта ғасырдың алғашқы кезеңінде жұмыс атқару рентасы мен онымен байланысты шаруашылықтың барщина жүйесі ең негізгі болған еді. Феодализмнің екінші кезеңінде жұмыс атқару рентасымен қоса өнім рентасы да зор маңызға ие бола бастады, ол кейбір елдерде рентаның негізгі түрі ретінде қолданылды. Осы кезеңнің өзінде товар-ақша қатынастарының дамуына және қалалардың қолөнер мен сауда орталығы ретінде өркендеуіне байланысты көптеген батыс елдерінде ақшалай рента кең таралып, үстемдік алды. Өнім рентасының, әсіресе ақшалай рентаның дамуы барщина шаруашылығының жүйесін бұза бастады. Оны алдағы уақытта ауыстыратын жүйе қалыптаса бастаған еді, ол кезде феодал өзінің меншілігінде шаруашылығын шағындап, жеке меншігінде жерді уақытша ұстай тұруға шаруаларға берді, өзі жер ұстаушы шаруалардан заттай натуралды және ақшалай салық алу есебінен өмір сүрді. Бұл - Экономикадан тыс зорлық көрсетуді жеңілдетуге, шаруа шаруашылығының экономикалық тәуелсіздігін арттыруға, шаруаның жерге иелік правосын нығайтуға, соның нәтижесінде деревняда өндіргіш күштерді одан әрі дамытуға жол берді. Кейінгі орта ғасырдың феодалдық қоғамында капиталистік қатнастар туып, қалыптаса бастаған кезде, Батыс Европаның көптеген елдерінде ақша рентасы әлі де болса үстемдік ете берді. Сонымен бірге осы кезеңде феодалдық ақшалай рента ыдырай бастайды, сонымен қатар бірте-бірте капиталистік жер рентасы кеңінен тарайды.
Феодалдық құрылыстың бір жағынан құл иеленушіліктен, екінші жағынан капиталистік құрылыстан өзгеше етіп көрсететін басқа да бір маңызды белгісі ірі жер иеленушіліктің ұсақ және меншік шаруашылықтармен, тікелей өнім өндіруші-шаруалармен ұштасып жатуы еді, феодалдар оларға ұстай тұру үшін өз жерінің үлкен бөлегін үлестіріп беретін.
Франция мен Капетингтер династиясының корольдерінен гөрі, өзге елдермен көбірек қатынастар жасады.
Францияның феодалдық бытыраңқылығының барған сайын ұлғайып, тереңдей түсуіне елдің Солтүстігі мен Оңтүстік бөліктеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамушылықтың осы елеулі айырмашылықтары, сондай-ақ оның территориясында екі халықтың-солтүстік француз халқы мен провансаль халқының барлығыда үлкен себеп болды. Бұдан арғы ертерек дәуірдегі сияқты, бұл халықтар тілдердің жергілікті әр түрлі диалектілерінде : Францияның оңтүстігінде- провансаль, ал солтүстігінде- солтүстік француз диалектілерінде сөйлесті. ХІ ғасырда қалалар феодалдардың озбырлық талаптарынан талай реет төлемдер беріп құтылып отырды. Бірақ та сеньорлардың бұл жөнінде өздеріне алған міндеттерін шімірікпестен қайта-қайта бұза бергендері қала халықтарын көтеріліске итермеледі.
І тарау. ХІ-ХІІІ ғасырдағы феодалдық бытыраңқылық
Феодализмнің негізінен орнауына байланысты Францияда орын алған феодалдық бытраңқылық елдің әртүрлі бөлімдерінде кейбір ерекшеліктерге ие болды. Феодалдық өндірістік қатнастардың мейлінше толық дамып, крепосной шаруалардың саны басым болған солтүстікте бытыраңқылық өзінің аяқталуына жетті де, ал феодалдық иерархия өзінің барынша күрделілік ерекшелігін көрсетті. Король тек өзінің тікелей вассалдарына : герцогтар мен графтарға, сондай-ақ өзінің жеке меншігіндегі жерде тұратын барондары мен рыцарьларына ғана сеньор болды. Феодалдық правоның: «менің вассалымның вассалы менің васалым емес» деген нормасы әрекет жасауда болды. [1]
Тағыдырлары жағынан өзгешелеу болып құрылған Бретания мен Нормандия солтүстіктің феодалдық бытыраңқылығына өте-мөте себепші болды. Кельттер мекендеген Бретань іс жүзінде ХҮ ғасырдың аяғына дейін мүлдем дербес герцогтік болып келді. Сенаның сағаларына орналасқан Нормандия Париж жағынан теңізге шығатын жолды кесіп тастады. 1066 жылдан баста пол ағылшын королі иеліктерінің бір бөлігіне айналды. Капетингтердің мекендеген жерлері солтүстік пен шығыс және оңтүстік-шығыс жақтарынан феодалдық князьдіктердің қыспағында тұрған тәрізді болды. Бұлардың теңіз бойында Нормандия немесе корольдіктің шекарасында орналасқандығы Шампань, Бургундияның дербестілігін күшейтті. Тек Парижден солтүстік пен шығысқа қарай тым ұсақтай, көбінесе шіркеулік иеліктері: Бовэ, Лан, Нуайон, Реймс, Марнедегі-Шалон және басқалары орналасқан. Қиыр солтүстік - шығыста, сонымен қатар және шекарада және теңіз жанына орналасқан Фландр графтағы іс жүзінде тәуелсіз болды.
Оңтүстіктегі феодалдық қатынастар Солтүсткке тән болған тұтастыққа жете алмады. Онда тұрып қалған ірілі-уақты аллодтардың, яғни шаруалардың саны аз еместі. Мұнда крепосниктік жағдай әлі толық дамып кете алмаған еді. Малшаруашылығы кең өркендеген Орталық массивтің таулы аймақтарында және әсіресе, Севенн тауларында, ерікті қауымдар ұзақ сақталды. Қалардың ертерек өсіп-өркендеуі қалалардың төңірегіндегі феодалдық қатнастардың діңкесін ерте құртуға себепкер болды.
Мұнымен қатар феодалдық иерархия да оңтүстікте экономикалық жағынан кемеліне келіп жете алмады. Мұнда өздерінің жергілікті династиялары болды және Капетингтер жайында, өздеріне «бүкіл Аквитания монархиясының герцогтары» деген титул беріп, барлық жағынанда корольмен теңбіз деп санады, Гасконның герцогтары өз иеліктерін «корольдік» деп атап, капетингтермен қарым-қатнастардың қандайда болса да мойындамады. Бұлардың екеуіде өздерінің васалдарына сүйене отырып, дербес сыртқы саясат жүргізді. Оңтүстік ірі феодалдық иеліктер ХІ-ХІІ ғасырларда, Солтүстік Франция мен Капетингтер династиясының корольдерінен гөрі, өзге елдермен көбірек қатынастар жасады.
Францияның феодалдық бытыраңқылығының барған сайын ұлғайып, тереңдей түсуіне елдің Солтүстігі мен Оңтүстік бөліктеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамушылықтың осы елеулі айырмашылықтары, сондай-ақ оның территориясында екі халықтың-солтүстік француз халқы мен провансаль халқының барлығыда үлкен себеп болды. Бұдан арғы ертерек дәуірдегі сияқты, бұл халықтар тілдердің жергілікті әр түрлі диалектілерінде : Францияның оңтүстігінде- провансаль, ал солтүстігінде- солтүстік француз диалектілерінде сөйлесті. Ал кейініректе, ХІІІ ХІҮ ғасырларда Францияның солтүстік аймақтары «Лангедойля» французша «тіл»деген мағнаны білдірген, оңтүстік аймақтары-«лангедок» деген өздерінің жалпы атына ие болды. [ 2 ]
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы қалалар. Орта ғасырдағы Францияның көптеген ірі қалалары бұрынғы Рим замандарында салынды, бірақ олар Ү-ІХ ғасырларда азып-тозып, қолөнері мен сауда-саттықтары құлдырап төмендеп кетті. Шаруашылық өмірінің жағдайы бойынша олардың көпшілігі-ақ деревнядан асып кете қоймады. Х ғасырда қолөнерінің арыл шаруашылығынан бөлініп шығуының негізінде экономикалық орталықтар, қолөнері мен сауда-саттықтың орталықтары- феодалдық қалалар өз өмірін бастауға кірісті. Ескі қалаларда қолөнері мен сауда-саттық жұмыстары өркендеп, селолар мен кішігірім қоныстардан көптеген ірі, орташа және кішігірім қалларға толы болды. Сондықтан қазіргі заманғы францияның ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан жас қалалық орталықтары кемде-кем ғана болса керек. Ескілерінде болсын немесе жаңадан салынған қалаларда болсын қолөнері мен сауда-саттық жұмыстары бастапқы кезде ауыл шаруашылығымен жарасып тұрды, бірақ көп ұзамай-ақ оны ығыстырып, кейінгі қатарға шегіндіріп тастады.
Францияның Оңтүстік және Солтүстік қалаларының арасында әуелі бастан-ақ кейбір айырмашылықтар орын алды. Оңтүстіктегі қалалардың-Бордоның, Тулузаның, Альбидің, Монпельенің, Нарбоннаның, Ниманың, Каркасонның, Марсельдің және басқаларының өркендеушіліктері-ХІ ғасырда басталды. Әсіресе, ХІІ ғасырда күшейе түсті. Олардың дами түсуіне крест жорықтары үлкен роль атқарды. Бұл жорықтар қалаларға Левантпен тікелей сауда-саттық байланыстарын орнату үшін өздерінің қолайлы географиялық жағдайын пайдалануға мүмкндік берді. Оның үстіне, қалалар бір-бірімен сауда-саттық жұмысын жүргізді және Солтүстік Европаның елдерімен арадағы сауда-саттық жұмыстарын жүргізуде делдалдық роль атқарды. Францияның Жерорта теңізндегі портатары арқылы елге бүкіл шығыс пен Италия және Испания товарлары ағылып келіп жаты. Левантпен жүргізілген сауда-саттық жұмыстары оңтүстіктің көптеген қалаларында қолөнерінің жедел өсуіне мүмкіндік берді. Ним мен Мнопольеде және басқа қалаларда экспортқа арналған жұқа жарқын бояулы шұға өндірісі дамыды. Бұған қажетті шикізат сол кезде бүкіл Францияда қойларының даңқы жер жарған Қос үстіртінен келіп жаты. Оңтүстік француз қалаларының әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі цехтардың толық дерлік жоқтығында болды. Оларда «ерікті қолөнері» үстемдік етті, яғни қолөнершілер кәсіптері жағынан бірлестірілмеді және олардың жұмыстарын бақылауды өздерінің арасынан сайлағандар емес қалалық муниципалитет басқарды.
Бұл қалалар саяси жағынан да қолайлы жағдайда болды. Олардың басым көпшілігінде сонау Рим замандарынан бері келе жатқан өздерінің сот жүргізу правосы болды, ал ішінара ескі муниципальдық басқарудың формаларын да сақтап қалды. Оңтүстіктегі қалалардың дені ірі феодалдардың қол астарынан не қарулы күрес жүргізу, я болмаса финанстық келісімдер жасау арқылы біршама ертерек және барлық жерде де жаппай босанды, бұл әрекеттің өзі қалалардан алыстағы король өкіметінің қатысуынсыз жүзеге асырылды. ХІІ ғасырдың өнбойына оңтүстік қалаларының бәрінде де дерлік консулат деп аталған басқарушылық орнатылды. Қаладағы өкімет билігі дворяндар мен көпестерден және қолөенершілерден сайланған консулдардың қолдарында шоғырланды. Бұлар мен қатар толық праволы барлық қала халықтарынан құралған Үлкен советтер де өмір сүрді. Оңтүстіктегі қалалар әбден байыды және көптеген жағдайда Италияның қалалары тәрізді іс жүзінде дербес қалаларға айналды. Бірсыпыра дворяндар қалаларда тұрып, сауда-саттық жұмыстармен де айналысты. Оңтүстіктің өз алдына дербес көптеген қалалары, көбінесе Левантпен сауда-саттық жұмыстарын жүргізуге құмартып, бір-бірімен делдалдықсаудада бақталастық жасады. Сол себепті олардың өз ара және түгелдей Оңтүстікпен байланыстары нашар, ал Солтүстік Франциямен тіпті оданда бетер төмен болды. Сондықтан да олардың барынша өркендеген кезеңі ХІІ ғасырда Оңтүстікте бірыңғай экономикалық және саяси орталық құрылмады. Не Бордо, не Тулуза Оңтүстік үшін нағыз астаналар бола алмады. Үлкен бай қалалардың дербестіліктердің нәтижесінде ірі феодалдардың өкіметі әлсіреді.
Солтүстік қалалардың үлесіне тиген жағдай тым ауырлау болды. Олардың ең маңыздылары-Аррас, Бовэ, Санлис, Амьен, Нуайон, Лан Реймс-Францияның солтүстік-шығысында, қой шаруашылығы кемеліне келген аймақтарда өркендеді және олардағы қолөнер өндірісінің ең басты саласы шұға тоқу ғана болды. Шұға бұйымдарын басқа жақтағы қалалрға және тіпті шетелдерге де апарып өткізудің өрісі барынша кеңейіп, бұларға Жан-жақтан келіп түсіп жатқан сұраныс үнемі арта берді және осыған байланысты шұға тоқу өндірісінің көлеміне ұлғайту мәселесі қолға алынды. Бұрын шұға бұйымдары мен қолөнер кәсібінің шығарған заттарын өткізуді түгелге жуық қамтып келген жергілікті рыноктың шеңбері енді тарлық ете бастады. Солтүстік- шығыс қалаларында дәулетті шеберлер мен көпестер пайда болды. Бірақ та олардың экономикалық әрекеттері, қалалрды билеуші сеньорлардың, көбінесе епископтардың тарапынан жасалған толып жатқан кедергілерге кездесе берді. Сеньорлар мен епископтар әр түрлі сылтаулармен, кейде тіпті бір жағынан озбырлық актілерін жасау арқылы қала халықтарын аямастан тонауға салды.
Қала халықтарының ешқандай праволары болмады және олардың дүние-мүліктерін феодалдардың иеленіп кетушілік қаупі үнемі төніп тұрды. Сондықтан сеньорлармен күресу Солтүстіктің қалалары үшін ең бірінші дәрежелі мәселе болып табылды.
ХІ ғасырда қалалар феодалдардың озбырлық талаптарынан талай реет төлемдер беріп құтылып отырды. Бірақ та сеньорлардың бұл жөнінде өздеріне алған міндеттерін шімірікпестен қайта-қайта бұза бергендері қала халықтарын көтеріліске итермеледі. Қала халықтары әдетте өте бір шиеленіскен жағдайларда өз ара астыртын сөз байласып, қолдарына қару алып, сеньорларға және оның рыцарьларына тап беріп, оларды не өлтіріп, не қаладан аластап қуатын. Көтерліс сәттілікпен аяқталған кезінде, феодалдың лажсыздықтан беретін келісімі қалаға азды-көпті болса да өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін еді. Алайда, түпкілікті жеңіс бірден оңайға түсе қоймады. Феодалдар бағынғысы келмейтін қаланы көбіне басып алып, оны қатаң жазалайтын еді. Онан соң көтеріліс қайта баталып, ақыр аяғында қала халықтары жеңіп шығатынды. Ең тұңғыш «коммунаға», яғни қаланың өзін-өзі ерікті басқарушылығына, 1077 жылы Камбре қаласының қолы жетті және ол коммуналдық хартияға ие болды; содан соң ХІІ ғасырдың бірінші жартысында-ақ оның салған үлгісімен Сен-Кантенде, Бовэде, Нуайонда, Ланда, Аменьде, Суассонда, Сен-Рикьеде, Комбриде, Реймсте және басқаларында да коммуналар құрылды. Коммунаның құрылу нәтижесінде қала өзін-өзі басқару, сот, салық салу праволарына ие болды. Сеньормен болатын қарым-қатнастар енді арнаулы шарттармен дәл көрсетіліп, онда қаланың қолы жеткен біраз маңызды артықшылықтары мен сеньордан тәуелсіздік дәрежелері анық белгіленді.
Солтүстік француз қалаларының жүргізген күрес үлгісінің бір өзгешелігі, Парижден солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Лан қаласының тарихы болып табылады. ХІ ғасырдың аяғында Лан Солтүстік Францияның ең бай қалаларының бірі болды. ХІІ ғасырдың басына таман қала сеньорларының епископтардың және қала халықтарының арасындағы күрес мейлінше шиеленісті. Езушіліктің зардабы әсіресе, нормандық Годри епископ болған кезде күшейе түсті. Қала сеньорларға біраз көп ақша төлеп құтылып, Ланда коммуна құрды. Қала халықтарының өтініші бойынша коммунаны король ҮІ Людовик қабылдап бекітті. Мұның үшін оған бай сыйлықтар берілді. Бірақта көп ұзамай Годри қаладан алған ақшаны жұмсап бітірді. Содан соң Крольді Ланға шақырып алып, ол одан коммунаны жоюды өтінді және оның үшін оған едәуір көп ақша төлеуге уәдесін берді. Қала халықтары да өз тарапынан корольге ақша беруді ұсынды. Бірақ Годридің Берген ақшасы анағұрлым көп болғандықтан коммуналдық хартия жойылды. Рыцарьлары мен қызмет адамдарының көбі өлтірілді және епископтың өзі де қаза тапты. Коммунаны жоюға рұқсат Берген ҮІ Людовик және Солтүстік Францияның феодалдары Лан қаласын күшпен басып алып, тас-талқанын шығарып тонады, көптеген қала халқын азаптап өлтірді. Осылайша коммуна жойылды. Қаланы басқаратын жаңа епископ баяғы Гордии орнатқан тәртіптің бәрін де абайлап қайта орнатты. Қала халқы тағы да бірнеше реет көтеріліс жасап, ақыр соңында 1128 жылы епископты қайтадан коммунаға рұқсат беруге көндірді және мұны король бекітті.
Корольдер көбінесе коммунаның сеньорларға қарсы жүргізген күресін қолдап отырды, өйткені сеньорлардың билеп-төстеушілігінен құтылған қалалар корольдің өкіметін мойындады. Оның ірі феодалдармен жүргізген күресіне көмектесіп отырды. Бірақ өзінің жеке меншігіндегі жердің территориясындағы қалалрға коммунаның правосын беруге корольдердің батылы бармай қашқалақтай берді. Корольдің меншігіндегі жердің территориясындағы үлкен қалалар әдетте, тек ішінара ғана өзін-өзі басқару правосын алды, онда да қаладағы өкімет билігі түгелімен король тағайындап қойған чиновниктің қолында сақталды. Кішігірім корольдік қалалардың артықшылықтары төленетін алым-салықтардың мөлшерін белгілеумен ғана шектелді.
Көп болсын, аз болсын, бірақ әйтеуір дербестілікті жеңіп алушылық қалалрдың ХІІІ ғасырда жедел өсулері үшін қажет болған жағдайларды жасады. Шеберлер мен көпестердің жинаған қорлары олардың қарауында қалдырылды, әжептеуір кең өрісті рыноктың талабына сай жұмыс істеуші қолөнері дами түсті және цехтар арасындағы еңбек бөлінісі де өсті. ХІІІ ғасырдың орта шеніде Париждегі жүз цехтың арасындағы еңбек бөлінісі де өсті. ХІІІ ғасырдың орта шеніде Париждегі жүз цехтың уставы жазылып белгіленді. Бірақ шыныда бұл кезде қолөнерінің саны анағұрлым көп болған еді. ХІҮ ғасырдың басына таман олардың саны 350-ге жетті және де көптеген қолөнерлері бір жақты мамандандырылған сипатта ғана болды. Цехтарға кіруге, қағиде бойынша, қолөнерін білгендердің бәріне де немесе кіріс жарнасын төлегендерге рұқсат етілді.
Қолөнерінің бәрінен бірдей керемет асқан сапалы бұйымдар өндірушілік немесе көмекші шеберлер мен үйренушілердің санына шек қоюшылық талап етілмеген еді.
Қалалардың өсушілігі қала халқының әлеуметтік-экономикалық жағынан дифференциялануын жедел тездетті. Көпестер мен кейбір цехтардың шеберлері тым нығайып, әбден байып алды; олар басқа қала халықтарының мүдделерін ешбір ескерместен, коммуналардағы өкімет билігінің бәрін де өз қолдарына алды. Қалалрда қиян-кескі ішкі күрес басталды. Қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің негізгі көпшілігі байларға қарсы тұрды. Осыны пайдаланған корольдер коммуналардың ішкі істеріне араласып, ХІҮ ғасырдан бастап бірте-бірте оларды бұрынғы алған праволары мен ерекше жеңілдіктерінен айыруға кірісті.
Экономикалық жағынан қала өз маңайындағы әжептеуір көлемді селоларды бағындырды. Оларға әр жерден қашып-пысқан крепоснойлар келіп жиналып, азаттыққа ие болды. Қаланы айнала қоршаған мықты дуалдар мен қарулы күзетшілер енді оны феодалдардың қол сұғуларынан қорғап тұрды. Әйтсе де феодалдар азаттық алған қала халықтарына деген өшпенділік әрекеттерін тоқтатпады, феодалдар үшін коммуна бір «жаңа әрі жексұрын сөз» болды деп жазды ХІІ ғасырдың шежіресі Гиберт Ножанский. Коммуналдық қозғалыс мейлінше кең өрістеген кезде, қала өз маңайындағы деревняларды да қамтыды. Көтерілісшілер шаруалар коммуналардың төңірегінде орналасып, олармен қарым-қатнастар жасап тұрған ерікті деревнялардың өздерінше бір конфедерациясын құрды. Бірақ та шаруалардың қалалық коммуналармен бірге бас қоса отырып, азаттыққа жетпекші әрекеттерін феодалдар бұлтартпастан жойып тастай берді ; сөйтіп деревнялар бұрынғы крепоснойлық күйге қайта оралуға мәжбүр болды.
Қалалардың арасындағы экономикалық қарым-қатнастарды орнатқан сауда-саттық жұмыстары да өсе берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz