Швейцариядағы реформациялардың алғы шарттары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мақсаты : Швейцариядағы реформациялардың алғы шарттары жайлы ой тастау.

Маңыздылығы : Дін мен саясаттың бір - біріне деген ықпалымен халыққа әсері.

Міндеті : Швейцария және Кальвин реформасына назар аудару.

Тақырыптың өзектілігі ХҮІ ғасырлардағы Швейцария одағының территориясында болған реформациялардан болған өзгерістер.

Тақырыптың құрылымы : Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, сонымен қатар әдебиеттер тізімінен тұрады.

ХҮІ ғасырлардағы Швейцария одағының территориясы тағы да үш кантонның - Базель, Шаффгаузен және Аппенцелляның, сондай - ақ Бернаның Савойямен жүргізген күресінің барысында қосылған кейбір жеке жерлердің есебінен ұлғайды. Одаққа енді он үш толық праволы кантондар еніп, елдің халқы 1500 жылға қарай шамамен 850 мың адамға жеті. Швейцария одағының саяси құрылысы бұрынғысынша - орталық өкіметінің тұрақты органдарынсыз және біріккен қарулы күштерінсіз - конфедерация болып қала берді. Жалпы мәселелерді одақтық сеймдерде - тагзатцунгтарда кантондардың толық праволы уәкілдік депутатары шешті. Кантондар сонымен бірге өздерінің одақтық жерлерін билеп отырды. Ал жеке кантондардың немесе тұтас алғанда, конфедерацияның жаулап алған фогстволарын тиісінше конференцияның немесе кантон өкіметтерінің тағайындап қойған фогттары басқарды. Бұл жерлердің ешқандай саяси праволары болмады және олар кантондардың билеуші олигархиясының жасайтын озбырлықтары мен қанауларының объектілері болып табылды. Қауым - марка, әсіресе, егіншілікті аудандарда едәуір ыдырады. Ормандар, балық аулайтын жерлер, биік тау шалғындары бірлескен түрде пайдаланды. Бірақ қауымның толық праволы, толық үлесті мүшелерініңсаны азайды да, ал жартылай жабдықты жері аз немесе жерсіз шаруалардың саны көбейе түсті. Соңғы екі категориялардағылар альмендамен тек қауымның пайдасына, яғни ең алдымен оның ауқатты тобының пайдасына міндеткерліктер атқарып, жұмыспен өтеу шарттарымен ғана пайдалана алаатын болды. Ауқатты шаруалар альмендамен пайдалануды бірте - бірте озбырлықпен именденіп, оны деревняның кедейлерін кіріптарлыққа салудың құралына айналдырылды.

Реформацияның Швейцарияда пайда болуына және оның түбегейлі нәтижеге жетуіне жергілікті жағдайлардың ықпалы айтарлықтай болды. Әлеуметтік - экономикалық жағынан баяу даму, патриархаттық дәстүрлерді бүркемеленген бір топ дәулетті жер иелерінің саяси үстемдігі, «мазасыз элементті» басқа елдердің әскерлеріне жалдануға мәжбүр ету жүйесі орманды кантондардағы тап қайшылықтарының шиеленісуін тежеді. Бұл жағдайлар орманды кантондардың саяси ұйымын тұрақтандырып, оларды сыртқы саясат аренасында өзге елден кісі тартушылар: Католиктік Франция корольдарына, австралиялық және испандық Габсбургтерге, Рим папасына қосақтап қойды.

Кальвиннің дін ілімі католицизмге де және халықтық реформацияның радикадық ағымдарына да қарсы бағытталды. Бұлардың ізбасарларын ол құдайсыздар және материалистер деп айыптады. Кальвинизмнің ең негізгі догматы - Кальвин абсолют ретінде таныған - адамдардың тағдырын құдай тағаланың алдын ал ажазып қоятынны туралы ілім болды. Құдай тағала біреулердің мәңгі азап шегетіндігін күні бұрын белгілеп қояды деп, тұжырымдады Кальвин. Бұл болжам орындалмай қоймайды. Ол ешкімнің де субьективтік әрекетіне байланысты нәрсе емес, ешкім де өзінің болашақ тағдырын болжап біле алмайды және оны өзгерте де алмайды. Бірақ әрбір діншіл адам өзін жаратушы тәңірінің ол барлық ынта - жігерін сала еңбек етіп, қызметінің және кәсіпшілік өнерінің жақсы табыстарымен дәлелдеп көрсетуге міндетті.

Жалпы европалық аренаға шығып, капитализм неғұрлым ойдағыдай дамыған елдерге тараған кальвинизм мүлдем басқаша болды. Кальвинизм жаңадан бас көтеріп келе жатқан буржуазия - табының қолына діни - философиялық және саяси иедеяларды берді.

І тарау Швейцариядағы реформациялардың алғы шарттары

Швейцария кантондарының экономикалық құрылымы мейлінше ала -құла болды. Бірақ олардың едуір бөлігі үшін феодалдық қатынастардың дамығандығы, қауым - марканың ұзақ уақыт сақталып қалуы және басқа елдермен салыстырғанда ерікті шаруалар топтарының тым көп болуы тән нәрсе болды.

Ормандық кантондар - Швиц, Ури, Унтервальден, Цуг және Люцерн - бұлардың қалың орман - тоғайлардың, адам жетпес таулы шыңдардың және биік тау шалғындардың аудандары еді. ХҮІ ғасырда сауданың өріс алып, жолдардың жақсаартылуына байланыстыегіншілік енді тиімсіз салаға айналды да, өнімі Швейцария мен европа елдері рыноктарына жөнелтілетін сүтті мал шаруашылығына жол берді. Әсіресе Швейцария сырының даңқы жер жарды, тіпті Орыс мемлекетінде де оған сұрыныс кқп болды. Жергілікті сиырлардың өнімділігі мол асыл тұқымдарын сақтау мақсатымен қатал шек қоюшылық енгізілді, яғни ірі қараны тірідей сыртқа шығаруға немесе сырттан әкелуге толық тыйым салынды. Ормандық кантондарда астық тіпті шаруалардың өздеріне де жетпеді, сондықтан қажетті астықты Цюрих пен Люцерн арқылы шетелдерден әкеліп отырды. [ 1]

ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы азаттық күресінің барысында ормандық катондардың шаруалар қауымдарының көпшілігі дүнияуи және діни феодалдардың жерлерін басып алды, болмаса олардан сатып алынды. Бұл жағдай мұнда еріктішаруалар шаруашылықтарының басым болуына мүмкіндік берді. Бірақ оның есесіне феодалдық сеньорлардың орындарын жекелеген кантондар немесетүгел конфедерациялар басып алған жағдайлардың өзінде де фогтсволықтардағы феодалдық - крепосниктік тәртіптер қаймағы бұзылмастан түгел сақталып қала берді. Жер пайдалануда үш танапты егіс жүйесі үстемдік етті, мұнда еріксіз ауыспалы егіс басым болды да өнім жиналып болғаннан кейін бұл алқап мал жайылымына айналдырылды.

Қауым - марка, әсіресе, егіншілікті аудандарда едәуір ыдырады. Ормандар, балық аулайтын жерлер, биік тау шалғындары бірлескен түрде пайдаланды. Бірақ қауымның толық праволы, толық үлесті мүшелерініңсаны азайды да, ал жартылай жабдықты жері аз немесе жерсіз шаруалардың саны көбейе түсті. Соңғы екі категориялардағылар альмендамен тек қауымның пайдасына, яғни ең алдымен оның ауқатты тобының пайдасына міндеткерліктер атқарып, жұмыспен өтеу шарттарымен ғана пайдалана алаатын болды. Ауқатты шаруалар альмендамен пайдалануды бірте - бірте озбырлықпен именденіп, оны деревняның кедейлерін кіріптарлыққа салудың құралына айналдырылды.

Басқа ел патшаларының жалдамалы әскерлерінде офицерлік қызмет атқарған шаруалардың жетекші топтарының көпшілігі дворян атағына ие болды. Шындығы бұл атақ өз отанында ресми артықшылықтар бермеді. Бірақ солай бола тұрғанымен де, бұл жағдай орманды кантондарда экономикалық және саяси жағынан үстемдік етуші бай жер иелері олигархиясының құрылуына себепші болды. [ 2 ]

Ормандық кантондардың қалаларын Люцерн ерекше көзге түсті. Мұнда жергілікті қажеттерді қанағаттандыратын шұға тоқу кәсіпорындары қанат жайды және олар ХҮ ғасырдың аяғынан бастап сауда - тарату кеңселерініне кіріптар болып қалды. Қала халықтарының атқаратын қызметінің ең басты саласы Сен - Готард асуы арқылы жүретін транзитті саудаға, атап айтқанда, саду жүктерін тасымалдау жұмысына қызмет істеу болды. Қалған жағдайларда жердің аздығы мен патриархтық қалдықтардың сақталуы, сауда және өнеркәсіп жүйелері орталықтарының жоқтығы ормандық кантондарда өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтірді және халықтық өндіріс қызметі саласында өзіне орын таба алмай бос сенделген қоғамдық топтарын туғызды. Мұның нәтижесі «түздегі кәсіпшіліктің» бір түрі - әскерге жалдануға әкеп соқтырды. Ал мұның қоғамға әлеуметтік және саяси зардаптары тимей қоймады.

Қалалық кантондар - Цюрих, Базель, Берна және Сен - Галлен мен Женева сияқты одақтық жерлердің экономикалық құрылысы мүлдем басқаша болды. Бұлардың далалық алқаптарындаегіншілік өріс алды. Бернаға тәуелді Ваадт аймағы астықты өңірдің бірі деп саналды. Цюрих пен Женева округтарында, ормандық кантондарға қарағанда, Феодалдық жер қатыныстары анағұрлым көбірек дамыды. Атап айтқанда, реформацияға дейін Цюрих кантонында 270 сеньорийлер болды. Қауымдық қатынастар белгілі бір дәрежеде ыдырады және альменданың көлемі де кеміп, ол жердің тек 25 пайызы ғана құрады. Ормандардың үлкен массивтері жайылымдарға айналдырылды. [3] Бүкіл пайдалануға жарамды жерлердің 21 пайызын шалғындықтар алып жатты. Тәуелді шаруалар чинши мен десятина төледі. Кейбір заттай міндеткерліктер мен жұмыспен өтеу борышын атқарды. Шаруалар астығын тек өздерінің кантондық қалаларының рыноктарында сатуға міндетті болды. Женеваның және басқа қалалардың селолық округтарында, сондай - ақ Цюрих көлі ауданында ХҮІ ғасырда өкіметтердің ерекше қамқорлығына алынған жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісі кең етек жайды. Мұнда аренданың үстем формасы жарма - жаршылық болып табылды. Бұл жерде арендаторлардың қатарына жүзім егушілердің арнаулы цехтарына біріктілірген қала халықтары да қосылды.

Көптеген кантон қалаларының және одақ жерлерінің экономикалық өмірінің орталығы ауыл шаруашылық саласында емес, қолөнер кәсібі мен сауда саласында болды. Конфедерацияның аса ірі қаласы, Берн маңызды сауда және қолөнер кәсібі мен финанстың орталығы ретінде қалыптасты. Оған таяу тұрған Берндік Юреде Швейцариядағы ең ірі темір кендері шахталары орналысты. Бұларға 1520 жылы 400 - ге жуық кен қазушылар қатысып, рудниктермен көршілес Лауфенбург қаласында 18 ұста дүкені жұмыс істеді. Кен қазуға қатысушылардың едәуір тобы өздеріне қаржы беретін ірі көпестерге тәуелді болды. Көлемі жағынан конфедерацияның екінші қаласы саналған Базель, көбінесе транзитті сауданың ірі орталығы ретінде қалыптасты. ХҮ ғасырда және ХҮІ ғасырдың бірінші ширегінде мұнда Германия, Англия, Нидарланд және Италияда операциялар жүргізген бірнеше ірі сауда компаниялары жұмыс істеді. Цехтық қолөнеркәсібі әжептеуір дамыды, ал кейбір салаларда, мысалы, қағаз өндірісінде капиталистік мануфактура да қалыптасты. ХҮІ ғасырдың бірінші ширегінің аяқ кезіне таман әлденіп алған цехтар бағаларды, атап айтқанда, нанның бағасын өсіруде монополиялық артықшылықтармен пайдаланушы сауда компанияларының көпшілігін жою жөнінде үлкен табыстарға жетті.

Цюрихтың экономикалық базасы ең алдымен цехтық тоқыма қолөнер кәсібі болды. Қала маңында қосалқы кәсіпшіліктер, соның ішінде таратып берушілердің заказдарын үйде отырып істеушілер кеңінен дамыды. 1336 жылы саяси өкіметті цехтардың басып алуы, қаланың ішіндегі саяси күрес және Цюрихтың орман кантондарымен қақтығысып қалуы салдарынан, тоқыма қолөнер кәсібінің барлық салаларының құлдырауына әкеліп соқтырды. [4]

ХҮ ғасырдың аяғына дейін ең маңызды сауда - қолөнер кәсібі мен финанс орталығы, кері кетіп құлдыраған орта ғасырлық шампан жәрмеңкелерінің мұрагері - Женева болған - ды. ХҮІ ғасырдың бас кезіне таман Женева 10 мыңға жуық адам болды. Оның жыл сайын жеті рет болатын жәрмеңкесіне Италия, Франция, Германияның әр түрлі товарлары бар көпестері жиналатын. ХҮ ғасырдың аяғында жылына 10 мың кесекке дейін шұға тоқитын цехтық фрейбург шұғашылары өз өнімінің ең көбін осы Женева рыногына шығарып тұрды. Женеваның ақша рыногында ең ірі итальян банкирлері - Медичи мен Перуцци және Сосеттидің агенттері белсенді түрде әрекет жасады. Қалада жібек тоқитын, зергерлік бұйымдар жасайтын және басқа қолөнер кәсіптері біраз дамыды. Олардың бәрі де цехтық бұғаулардың құрсауынан азат етілді. Лион жәрмеңкелерін ұйымдастыру Женеваның бүкіл шаруашылық өміріне және Фрейбургтің шұға өндірісіне қатты соққы болып тиді. Мұның шығаратын өнімінің көлемі ХҮІ ғасырдың басында 75 пайызға қысқартылды.

ХҮ ғасырдың аяғында және ХҮІ ғасырдың басында Сен - Галленде зығыр кездемесі өнеркәсібінің және Луганода шұға тоқудың дамығандығын айта кету қажет. Бұлардың шығаратын өнімдеріэкспорт салаларына арналды. Осынау цехтармен қатар көпестік капитал да белсенді қызмет атқарды.

Тұтас алғанда егенішілікте, қолөнер кәсібінде, сауда да және ХҮ ғасырдың аяғында Швейцария өнеркәсібінің кейбір салаларында прогрессивтік тенденцияларымен қатар реакциялық тенденциялар орын алды. Олардың өзара күресі кантонаралық қайшылықтармен және жанжалдармен астаса келіп, Швейцария одағының келешектегі әлеуметтік - саяси дамуы бағытын белгілеп берді.

Швейцария кантондарының саяси құрылысы олардың әлеуметтік - экнонмикалық бейнесіне сәйкестендіріліп жасалынды. Орман кантондарында марканың ыдырап, әскерге жалданушылықтың өрістеуі барысында қауымдар советтері барған сайын жер иелерін билеуші тобының құралына айнала бастағаны айқын аңғырылды. Бұл билеуші топ жері аз қауым мүшелерін, қауым шеңберінен тысқары тұрған присельниктер «тагвнерлерді» және фогтсволықтардағы тәуелід шаруаларды рақымсыз қанады. Кантондық советтердің қатары сайлаусыз - ақ толықтырып отырды; олардағы лауазымдар өмірлік болды. Туған - туысқандық және бірлесіп заңсыздықтар жасау арқылы бір - бірімен тығыз байланысты болған билеуші олигархия өздерінің отандастарына ешбір аяусыз қанады.

Әскерге жалданушылық 1516 жылы Францияның королі І Францискпен жасалған шарттан кейін бүкіл мемлекет көлемінде ұйымдасқан кәсіпшілікке көшіп, бостандық сүюші Швейцария халқының қарғысына айналды. Әрбір кантон әскерге жалданушыларды тауып, жеткізіп беріп тұрғаны үшін басқа елдердің билеушілерінен ақша алып, олардың бір бөлігін қауымдардың арасына, бір бөлігінің қалалардың магистраттары мүшелерінің арасына бөліп беріп отырды. Бұл жағдай өз отандастары азаматтарының қанымен, елдің мүдделерімен санаспай сауда жасау кәсібін туғызып, ақыры корупцияға әкеліп соқтырды. Пaрақорлық, бөтен елдерден қаза тапқан жалданушылардың арттарында қалған жетім - жесірлерінің пенсияларын иемденіп кетушілік кантондық өкіметтердің әдеттегі істеріне айналды.

Цюрихтың магистратында цехтар үстемдік етті. Сырттан қарағанда бұл басқарудың демократиялық формасы сияқты болып көрінді, ал іс жүзінде, цех мастерлері мен бай бюргерлердің мүдделерін қорғады. Қалалалық магистрат орта ғасырлық корпоративтік құрылысты сақтап қалып, нығайту және жаңа прогрессивті бастамаларды тұншықтыру саясатын жүргізді. Әскерге жалданушылық пен коррупция мұнда да әдетке айналды.

Бернде, Базельде, Фрейбургте, Женевада саяси артықшылық патрициандық фамилиялардың қоладрында қалып отырды. Бұлардың ең басты байлығы - жер мен рента және ақша болды. Кантондардың арасында кейбір сауда - қарым - қатнастары бола тұрғанмен, Цюрих, Базель, Винтертур, Шаффгаузен, Фрейбург пен Бернның цехтары өзара халықаралық одақтар жасақанмен, кантондардың экономикалық байланыстары әлсіз болды және мұнда жалпы швейцариялық рынок қалыптаспады. [5] Негізінен соғыс - саяси және ең бастысы кантондардың көршілес державалардан, әсіресе, австриялық Габсбургтерден өздерінң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатымен бірккен әр түрлі тілдерде сөйлеуші конфедерацияның ұлттық ортақтықты нығайтуға қажетті айтарлықтай алғы шарттары болмады.

Өздернің экономикалық қуаттылығымен, орманды кантондардың мешеулеп артта қалуымен, олардың астық және товарлармен жабдықталу жағынан басқа қалалардан тәуелді екендігімен пайдаланған Цюрих, әсіресе, Берн конфедерациядағы үстемдік жағдайға талаптанды және кейінде бұл мақсаттарына жетті де.

Реформацияның Швейцарияда пайда болуына және оның түбегейлі нәтижеге жетуіне жергілікті жағдайлардың ықпалы айтарлықтай болды. Әлеуметтік - экономикалық жағынан баяу даму, патриархаттық дәстүрлерді бүркемеленген бір топ дәулетті жер иелерінің саяси үстемдігі, «мазасыз элементті» басқа елдердің әскерлеріне жалдануға мәжбүр ету жүйесі орманды кантондардағы тап қайшылықтарының шиеленісуін тежеді. Бұл жағдайлар орманды кантондардың саяси ұйымын тұрақтандырып, оларды сыртқы саясат аренасында өзге елден кісі тартушылар: Католиктік Франция корольдарына, австралиялық және испандық Габсбургтерге, Рим папасына қосақтап қойды. Тек билеуші топтардың өзара күресі орманды кантондардың саяси өміріндегі керенаулыққа сәл де болса серпін беріп отырды. Кантондардың қол астындағы фогтсволықтарда езілген шаруалар оқтын - оқтын көтерілістер жасап тұрды, бірақ олар мейрімсіздікпен жазаланып, тойтарыс тауып отырды. Орманды кантондар негізінен сол бұрынғы күйінше Реформацияға және онымен қоса жүргізілген таптық шайқастарға қатыспастан шеткері қала берді.

Қалалық кантондар мен даму дәрежесі жағынан соларға жақын тұрған одақтық жерлердегі жағдай басқаша болды. Мұнда капиталистік қатынас бой көрсете бастады. Қалалардың билеуші цехтық және патрициандық олигархиялардың қарсы оппозициясында болған бюргерліктің алдыңғы қатарлы топтары жұмысқа жарамды жұртың бәрінің де әскерге жлдана беруіне тыйым салуды барған сайын батылырақ талап етті. [6] Әскерге жалданудың өзі жалдамалы отрядтарда офицерлік қызмет атқарып жүрген және қалаларға дұшпан дворяндардың топталушылығын күшейте түсті. Бұл мәселенің оңай болмағанын, 1519 жылдың қарсаңында Цюрих халқының 25 пайызға кеміп кеткендігінен де айқын көруге де болады.

Мүдделері жекелеген кантондардың тар шеңберінен асып кеткен бюргарліктің прогресшіл топтарының арасында Швейцарияны отарлық өкіметі бар федерацияға айналдыру ниеттері пайда болды. Олардың ойынша басшыллық етуші жетекші орынды қалалық кантондар өз қолдарына алуға, шіркеудің жерлерін конфискелеп мемлекет қарауына беруге тиіс болды. Қалалық плебс билеуші топтың озбырлығы мен шіркеудің ашқарақ тойымсыздығынан азап шекті де, аз қалалық кантондар мен фогтстволық тәуелді шаруалар феодалдық езгінің бұғауын сыпырып тастаудың сылтауын ғана күтіп отырды.

Жұртқа қиянат етушілік пен жезөкшелік жасаудың және клириктердің топас надандығының салдарынан католиктік дін иелерінің беделі түсіп кетті. Ал шіркеудің идеология саласындағы монополиялық жағдайын дүнияуи білім беру жүйесі мен гуманизмнің табыстары мейлінше әлсіретті. Бұлардың мықты тірегі 1460 жыл негізі қаланған Базель университеті болды. ХҮІ ғасырдың алғашқы отыз үш жылында көрнекті гуманистер Иоганн Рейхлиннің, Эразм Роттердамскийдің, Себастьян Бранттың, Беатус Ренанустың және басқалалырының есімдері осы университетпен байланысты болды. [7] Гуманистік үйірмеге қосылған баспа иелері Фробэн және Амербах бәрі дерлік католицизмге адал беріліп, Базельде реформация жүргізілгеннен кейін оны тастап кетті. Олардың қызметі ктолицизмнің догматтарын сынауға, поптар мен монахтардың надандықтарын әшкерлеуге көмектесті.

Кантондарда түбінде таптық шайқастарға соқтыратын әлеуметтік - саяси қайшылықтардың өрістеуі жағдайында Ульрих Цвинглидің ( 1481 - 1531 ) Цюрихтегі реформациялық және саяси қызметі кеңінен қанат жайды. Деревня старостының баласы ол Вена университетін бітіргеннен кейін, Базельде латын тілінен сабақ берді. Сонымен қатар атақ алып, Гларусте свещяник болып істеді. Ал 1515 жылы полктың свещинигі ретінде Мариньян түбіндегі швейцариялар үшін қайғылы, қырғын соғысқа қатысты. Бұл оның әскерге жалдану ісін жек көруін нығайтат түсті. Цвингли жекелеген реформациялық қағидаларды өзіне қатты әскер еткен Лютер шыққанға дейін - ақ, 1516 жылдан бастап айтып жүрді. 1518 жыл сЦюрихқа қайтып келгеннен кейін, цвингли католик шіркеуден біржолата қол үзіп кетпей, тек оның догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді.

Цвинглидің діни догматикасының лютерандықпен ортақ ұқсастығ көп болды. Лютер сияқты, Цвингли де өзінің ілімін папның кейінгі қаулылары менсхоластикалық теологтардың еңбектеріне емес, Қасиетті кітаптың, таураттың қағидаларына сүйеніп негіздеді. Ол индульгенцияны, дін иелерінің некесіздігін, әулиелерге табынып, бас июшілікті, шіркеу клирінің иерархиясын, монахты, құдайға құлшылық етудің католиктіксән - салтанатын теріске шығарып, Лютерге қарғанда, «арзан қолды шіркеудің» идеясын анағұрлым дәйцекті түрде жүргізді. Бірқатар жағдайларда мистикалықтан қол үзе отырып, Цвингли догматтар мен құпиялықтарды тәптіштеп талдап, түсіндіруге тырысты. Атап айтқанда, ол христиандық діннің ең басты сиқырлығ құпиялығын, яғни причащениеден «құдайдың рахымын» емес, тек «құпия кеш» туралы естелікті ғана көрді. Бұл кеште інжілдік аңызға сәйкес, христос адамзаттың кінәларын жуып - арылтуда өз басын қандай азапқа байлап отырғаны жайында шәкірттеріне әңгімелеп, айтып беріпті. Бірақ лютерандыққа қарағанда, цвинглидің шіркеуді ұйымдастырудың негізіне республикалық принципалынды. Бұл принципті уағыздаушылар дүнияуи адамдар болды. Қауымның басшыларын шіркеуге келуші діншілердің өздері сайлап қойды. [8] Тұтас алғанда шіркеу сайланып қойылған өкіметтерге - Цюрих қаласының магистрантына бағынды. Осы және басқа да жағдайлар екйінен Цвинглидің бюргерлік - республикалық реформациясының князьдыққа айналған Лютердің реформациясынан алшақтап кетуіне себепші болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVі ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы
Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері
Мемлекет түсінігінің пайда болуы
Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері
К.Д Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі
ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ РЕФОРМАЦИЯ
Әлеуметтік мемлекет концепциясының генезисі
Салыстырмалы педагогиканың функциялары мен міндеттері
Қазіргі таңдағы аудармашының алатын орны мен қызметі
Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz