ХІ – ХҮ ғасырлардағы діннің халыққа әсері


Кіріспе
Мақсаты : Шіркеудің экономикалық базасын нығайту және шіркеуді ҮІ - ХІ ғасырларда феодалдандыру саясатына тоқталу.
Маңыздылығы : ХІ - ХҮ ғасырлардағы діннің халыққа әсері
Міндеті : ҮІ- ХІ ғасырларда шіркеудің халыққа деген әсері мен өзгерістеріне зер салу.
Тақырыптың өзектілігі: Христиан дінінің әлеуметтік принциптері езушілердің езілушілер жөнінде жасаған барлық пасықтығын, құдайдың, тобырлардың барлық қасиеттерін дәріптеді.
Тақырыптың құрылымы : Кіріспе, екі тарау, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Христиан діні феодалдық қоғам өрбіген кезде қалыптасқан діни идеология болды. Рим империясы өмір сүрген соңғы ғасырларда - ақ христиан діні езушілердің дінінен үстемдік етуші тап - құр иеленушілердің еңбекші бұқараны құлдыққа түсіру құралына айналды. Христиан уағызы мистикалық сенімді - жаңа діннің өсиеттерін екі етпегендердің барлығы үшін жер бетінде болмаған әділет пен ізгілік ол дүниеде күтіп тұр дегенді еңбекшілердің құлағына құйды. Алғашқы христиан діні барлық адамдар «құдай алдында» тең деген фантастикалық идея мен нақтылы өмірдегі әлеуметтік қайшылықтарды бүркеуге тырысты. Ол «қайғы - қасірет шегіп, тауқымет тартқандарды» діни жұбатумен қанаушылардың әлеуметтік қарсылығын болдырмауға тырысып, бұл дүниедегі қайғы - қасірет үшін « о дүниедегі өмірде» құрмет көрсетіледі деп үміттендірді.
Христиан дінінің әлеуметтік принциптері - деп жазды К. Маркс, - антик заманындағы құлдықты ақтады, орта ғасырлық крепосникті мадақтады және қажет болған жағдайда, сұрықсыз сағымдау болса да, пролетариаттың езушілігін де қорғай алады. Христиан дінінің әлеуметтік принциптері таптардың - үстемдік етуші және езілуші таптардың болуының қажеттілігін уағыздайды, екіншісінің таупықты болуына, біріншісінің екіншісін есіркеуіне тілектестік білдіреді.
Христиан дінінің әлеуметтік принциптері консистория кеңесшісінің бастан кешірген жексұрындықтың бәрінің де есесі қайтарылады деген уәдесін көкке көтереді, ол сол жексұрындықтың жер бетінде бұдан былай бола беруін дұрыс деп табады.
Христиан дінінің әлеуметтік принциптері езушілердің езілушілер жөнінде жасаған барлық пасықтығын не құдайдың тұңғыш және басқа да күнәсі үшін әділетті жазалауы деп, неқұдайдың шексіз даналығымен адамдарға өз күнәсін жою үшін жіберген қатері деп жариялайды. Христиан дінінің әлеуметтік принциптері қорқақтықты, өзін - өзі жек көрушілікті, өзін - өзі кемсітушілікті бой ұсынушылықты, көнгіштікті, бір сөзбен айтқанда - тобырлардың барлық қасиеттерін дәріптеді. Христиан діні осы принциптерінің күші арқасында құл иеленуші құрылыстың күйреуін басынан өткізіп, феодалдық қоғамда да еңбекшілерді езіп - жаншудың басты құралы болып қала берді.
Феодалдар христиан дінін әлеуметтік - саяси күресте идеологиялық құрал ретінде және еңбекші бұқараны рухани құлдыққа айналдырудың басты құралы ретінде пайдалана отырып, орта ғасырлардың өне бойына шіркеуді экономикалық, саяси және идеялық жағынан барынша нығайта түсуге тырысты. Шіркеу және онда жұмыс істейтін дін иелері феодалдық системаның бір бөлігі, оның маңызды идеологиялық тірегі, оның «әулиелігінің» даусызх кепілі болды. Феодалдық дәуірдегі дін мен шіркеудің ерекше зор ролін олардың адаимдардың ақыл - ойына күшті ықпал етуін «орта ғасырларда дүниеге көзқарастың көбіне теологиялық болғандығы » айқындайды. Сол дәуірдегі барлық адамның, қандай әлеуметтік жағдайда болғандығына қарамастан түсініктері діни рухта болды және шіркеу ілімінің сүзгісі арқылы қалыптасты.
І тарау Шіркеудің экономикалық базасын нығайту және шіркеуді ҮІ - ХІ ғасырларда феодалдандыру
Христиан шариғаты көптеген философиялық және діни ағымдармен күресте және сонымен қатар бұлардың өз ара ықпал етуінен пайда болды. Солардың ішінен христиан дінінің дамуына александра иудей филоыоф - неоплатоник Филон мен римдік стоик Сенеканың тұрпайы идеяларының ерекше маңызы болды. Алайда бұдан әрі христиан дінінң өте қарапйым болса да, философиялық негіздері, Батыс Рим империясын басып алған варварлардың дөрекі түрде түсінігіне лайықталып, бұрынғыдан гөрі қарапайым діни түсініктермен толықтырылыпжамала түсті. Орта ғасырлардағы феодалдық - шіркеулік көзқарастың негізін ІҮ және Ү ғасырдың өлі арасындағы Батыстағы христиан дінінің ірі идеологы - Гиппон епископы Августин салып берді. Никея мен Констониполь шіркеу соборларында 325 - 381 жылдары негізінен орныққан христиан дінінің догматтық қағидаларына ол өзі жасап шығарған «шіркеудің бір тұтас құтқарушы ролі» деген ілімді қосты. [1]
Аврелий Августин (354-430 жылдар) басында пұтқа табынушы болоған, сода нсоң христиан дінін қабылдап, өмірінің соңғы 35 жылында Гиппонда (Солтүстік Африка) епископ болды. Ол әр түрлі еретиктер ағымына қарсы мейірімсіз күрес жүргізді, жеке меншіктік правоны догматты түрде негіздеді. Бай және кедей болу «құдайдың қолында» деп ажриялады. Өзінің «Құдайлық мемлекет» туралы деген басты шығармасында Августин дүние жүзілік тарихтың христиандық ұғымы идеясын жасап берді. Бұл идея бойынша жын - шайтан жасаған «жер бетіндегі мемлекетке» «құдайлық мемлекет»қарама - қарсы қойылды. Осы «құдайлық мемлекеттің» өкілі шіркеу болды. Оның міндеті - христиан дінінің нанымдарын тарату, ересьтердің түп - тамырын шабу және бүкіл адамзатты «ақиқат нанымға» көшіру арқылы «жын - шайтанпатшалығын» құрту болды. Христиан еместерді жын - шайтанның құрбаны деп жариялай отырып, Августин шіркеу ілімін қабылдауға көндіру қажеттігін уағыздап қана қоймайды, сонымен қатар мәжбүр ету керек деді. Августин «тәңірдің жарылқасынын» сақтайтын бір ғана орын шіркеу, соның арқасында адамдар күнәсінан арылуына болады, оларға «мәңгілік құтқарылу» сыйланады деп тұжырымдады. Бұл ілім шіркеудің жалпы маңызын көтерді және дін басылары мен діндар бұқара арасындағы орта ғасырлардағы батыс христиан шіркеуіне тән терең қайшылықтарды догматтық түрде негіздеді.
Алғашқы орта ғасырлық дәуірде шіркеу варварла р шабуылы мен революциялық көтерілістер кезінде өз иеліктері мен дүние - мүлкін сақтап қана қалған жоқ, сонымен қатар өз байлығын едәуір көбейткен. Алғашқы орта ғасырлардың өзінде - ақ Батыс Европаның көптеген елдерінде өңделетін жердің 1/3 - не дейінгісі дін басыларының қолына жинақталды және осы арақатынас ХҮІ ғасырдың басына дейін сақталып келді. Шіркеу иеліктерінің негізгі бөлігі ҮІІІ - ІХ ғасырларда барлық жерде тәуелді шаруалардың еңбегін қатаң қанаған, ірі феодал жер иеленушіге айналған монастырьлар, епископтар және ірі -ірі собор капитулдарының қолында болды. Шіркеу феодалодары қалыптасып келе жатқан феодал иерархиясында көрнекті орын алды. Өз жер иеліктері бойынша корольдардың және басқа да дүнияи патша ағзамдардың вассалы бола тұрып, олардың өздерінің көптеген тек рухани ғана емес, сондай - ақ ақсүйектік васалдары да болды. Барлық елдердегі, әсіресе, Франция мен Германиядағы шіркеудің ірі феодалдары кең иммунитетік праволармен, ал феодалдық бытыраңқылық кезеңінде бүтіндей іскерлік саяси дербестікпен пайдаланды. [2] Неғұрлым ертеректегі кезең сияқты, шіркеудің экономикалық және әлеуметтік ықпалын нығайтуда монастырьлардың зор маңызы болды. 529 жылдардың шамасында Бенедикт Нурсийский негіздеген Монтекассинодағы монастырь тұңғыш монах ордені - бенедиктішілердің бастамасы болды. Уставы көпшілігі бенедиктішілер орденіне жататын алғашқы орта ғасырлық монастырьларын одан әрі ұйымдастыруда кеңінен пайланылды. ҮІІ -ҮІІІ ғасырлардағы монастырьлар, әдетте, экономикаық өмірдің орталығы болды - олардың маңында жәрмеңкелер ашылды, оларға жататын жерлерде тәуелді шаруаларды - колондар мен сервтерді қатаң қанауға негізделген үлкен шаруашылық жүргізілді. Жиі - жиі болып тұратын соғыстар кезінде монастырьлар сақтап беруге дүние - мүлкін алды. Байыған үстіне байи түскен бұлар қауымдастардың күйзелуінің есебінен иеліктерін өсіріп, өзінің шаруашылық әрекетін бұрынғыдан да кеңейе түсті. Аса ірі және бай монастырьлар аббаттық деп аталды.
Бұлар Батыс Европа елдерінің саяси өміріне де ықпал етіп отырды. Монастырьлардың байлыы, бұлардың феодалдық иерархияға енуі, оны мекендеушілерді дүнияилық өмірге тартты. Христиан дінінің ымыраға келмейтін қайшылықтары : діндар бұқараны жер бетіндегі рахаттан безуге уағыздаушылық және шіркеудің байлық пен өкіметке ұмтылушылығының арасындағы қайшылықтар барған сайын айқын көріне бастады. Бұл қайшылқтарды бәсеңдетуге тырысқан кейбір шіркеу қайраткерлері монастырьларда жаңа, бұрынғыдан қатаң устав енгізді. Алайда, бірнеше рет жасалған реформалар монастырьлардың шаруаларды қанауға негізделген әдеттегі феодалдық ұйым ретіндегі мән - мазмұнын өзгерте алмады. Шіркеу, осылайша феодалдық әлеуметтік - саяси системаның ажырамас элементіне айналды және өзі де феодалдана түсті.
Сонымен шіркеу барған сайын қуатты орталықтанған ұйым сипатын ала берді. «Шіркеу ұйымының» төменгі ұясы - Батыста да, Шығыста да және алғашқы орта ғаырларда да кейініректе де «приход» боды, оны приход священнигі басқарды. Пресвитерлер епископ басқарған иерахияның құрамына кірді. Әрбір епархияның «діндарлар қауымының» бірден - бір басшысы болған епископ шіркеуде ерекше маңызға ие болды. Бірнеше «епархия» митрополияға бірікті, бұның басында шығыста - митрополит, ал Батыста - архи - епископ тұрды.
Шығыста Ү ғасырдың өзінде неғұрлым жоғарғы дәрежедегі шіркеу бірлестіктері - «патриарлық» пайда болды. Бұл бірлестіктер Константинопольде, Александрияда, Антиохияда, Иерусалимде болды. Батыста патриархтармен тең дәрежеде Рим епископы - папа танылды.
Шіркеуді басқаруда епископтар съездерінің зор маңызы болды. Белгілі бір провинциялық немесе бірнеше провинцияның епископтары жиналатын жергілікті собор немес «әлемдік» деп аталатын барлық шіркеу епископтары жиналатын соборлар болды. Византия императоры шақырған не оның басшылық етуімен шақыртылған ІХ ғасырға дейінгі осы соборларды догматика, культ, шіркеуді ұйымдастыру мәселелері шешілді.
Шіркеудің маңызы, әсіресе Батыста едәуір өсті. Бұның күшеюінде папалықтың пайда болуы үлкен роль атқарды. ІҮ ғасырдың аяғында - Ү ғасырдың басында Рим епископтары өздерін «папа», яғни шіркеу басшысы деп атауға ерекше праволы болған.
Шіркеудің үстінен қарауға өзінің ұмтылуын папалар «апостол Петрдің мұрагерлері» болып табыламыз дегенге негіздеді. Аңыз бойынша Петр Римнің тұңғыш епископы болған және Христос оған: «Сен - Петр, мен сол тас үстінде өз шіркеуімді құрамын » деген екен делінген. Бұл жерде Петр мағнасы грек сөзінің тас деген аудармасы ретінде көрсетілген екен. Батыста мысалға, Италияда күшті дүнияи өкіметтің болмағанын пайдаланып, Ү - ҮІ ғасырларда папалар тез өрге басты. Ү ғаырдың ортасынан батап олар Рим епархиясының іс жүзіндегі дүнияи басқарушылары болып алды, бұның өзі папалықтың жағдайын бұрынғыдан да күшейте түсті. Батыс Европа елдерінде шіркеулік жер иеленуушіліктің өсуімен папаның қарамағына шіркеулік жер иеленушіліктің өсуімен папаның қарамағына шіркеу жерінен әр түрлі төлемдер түсе бастады. Папа қолындағы жерлердің жиынтығы «Әулие Петрдің вотчинасы» ретінде, ал оның өзі - сол жерлердің жоғарғы сеноьоры ретінде қаралды. Шіркеудің феодалдануына қарай оның ұйымы да барған сайын феодалдық - иерархиялық құрылымға ие болады.
Шіркеу иерархиясының басында папа, одан соң оның вассалдары болып саналатын архиепископ, епископтар, аббаттар тұрды, олардан төмен - декандар және біршама ұсақ монастырьлардың бастықтары, ал оның ең төменгі сатысында - приход дін басылары болды. ҮІ ғасырдың аяғында - ақ батыс Европадағы папалық бүтіндей Христиан шіркеуінің үстінен қарауға үміт ете бастады. Папа І Григорий (590-604 жылдар) өзін тұңғыш рет екі жүзділікпен «құдай құлдарының құлымын» -деп атады. Сол уақыттан бері мұның өзі папа кеңесінің практикасына енді, ол константинополь патриархына батыл қарсы шықты, оның «әлемдік» патриарх титулы правосы болуын жоққа шығарды. [3]
Алайда ҮІ - ҮІІ ғасырлардағы папалықтың ролін асыра бағалауға болмайды. Папалар өздерінің шіркеулерде үстемдік етуге тырысқан әрекетерінен басқа епископтардың, әсіресе Константинополь патриархының қарсылығына тап болды. Батыс және шығыс шіркеулерінің арасындағы ала ауыздық барған сайын тереңдей түсті.
Италиядағы, одан да гөрі Батыс Европа көлеміндегі саяси ықпалға папалардың талаптануы бұдан да үлкен қарсылыққа ұшырады. Осы кезеңде де, одан соңғы кезеңде де оларға өз заманының жетекші саяси күшімен - Византия империясымен және Лангобард корольдерімен, кейнірек - Франк, одан да кейнірек - Германия империясымен санасуға тура келді. Бұл кезеңдегі папалықтың саяси және халықаралық жағдайы, бүкілорта ғасырлар бойындағы сияқты, көбіне халықаралық аренадағы және Италия ішіндегі күштердің жалпы ара қатынасымен анықталды.
Алғашқы орта ғасырлар дәуірінде Батыс Европада шіркеу мен мемлекет арасында тығыз одақ болды. Бұл одақ Галлияда алғашқы Меровингтер тұсында туды да, Каролингтер тұсында зор даму сатысына жетті. Алғашқы орта ғасырлар заманынан бастап Батыстағы христиан шіркеуі үнемі «өмір сүріп тұрған феодалдық құрылыстың мейлінше жалпы синтезі және мейлінше жалпы санкциясы ретінде» үздіксіз әрекет етті. Осы құрылыстың жауларымен, сондай - ақ шіркеудің беделіне қандай да бір нұсқан келтірушілермен күресте шіркеу өзі қолданатын жазлар мұқият ойластырылған жүйесін: адамды шіркеуден тыс қалдыратын «аластау», атап айтқанда, шіркеу құпияларына қосылуға оған тйыым салу қандай да болсын бір аймақтың немесе тіпті тұтас бір елдің территориясында да діни ғұрыптарды ұстауға тыйым салған «интердикт», жұрт алдында салтанатты түрде қарғыс айту «анафема», шіркеулік әр түрлі райдан қайтушылық сияқты тағы басқа жазаларды қолданды. Сол уақыттағы діни және надан адамдар үшін осы шаралардың барлығының дүнияилық өкімет берген жазадан қорқыныштылығы мен пәрменділігі кем болған жоқ. Сол заманның ұғымы бойынша шіркеу қамқорлығынан айрылу адамның «құтқарыламын» деген үмітін үзді және ол дүниеде тамұқ азабына түсетін болып көрінді. [4]
Алғашқы феодалдық мемлекет өз кезегінде шіркеудің мүддесін қорғады және оны қолдап отырды. Пипин Короткий Италияда Папа мемлекетін құруға белсене қатысты. Ұлы Карл шіркеулік десятинаны бүкіл халық төлейтін міндетті салық ретінде заңдандырды. Бұл салықтың негізгі ауыртпалығы шаруаларға түсті, олар десятинаның үш түрін төледі, «үлкен десятина - астықтан, кішісі» - көк - өніс, жеміс және үй құсынан, «қан десятинасы» - малдан төленді.
Солтүстік Италияда папалар дүнияи мемлекетінің құрылуы және оларға Каролингтердің қолдау көрсетуі ҮІІІ ғасырдың аяғында - ІХ ғасырдың басында папалықтың Батыс Европадағы беделін біраз көтерді де, батыс пен шығыс шіркеулері арасындағы бытыраңқылық пен бақталастықты бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті. Варварлық басып кіруден бергі олардың сырттай тұтастығы енді шіркеулерді жегідей жеген қайшылықтарды жасыра алмады.
ІХ ғасырдың орта кезінде, папа І Николай (858 - 867 жылдар) тұсында батыс және шығыс шіркеуінің арасындағы қақтығыс ерекше күшейе түсті. Папалықтың территориялық дәмеленуі және Болгарияда папа легаттарының пайда болуы І Николай мен Константинополь патриархы Фотидің арасында қақтығыс тудырды. Олардың арасындағы күрес екі жақтың әрқайсысы шақырған шіркеу соборларында жүргізілді, бұл соборларда олар бір - біріне қарғыс айтып, бір жақ екінші жақтың шешімін кезекпен шындық емес деп жариялады. Осы собордың өзінде біздің заманымызға дейін сақталып қалған батыс және шығыс шіркеулері арасындағы догматтық, канондық және діни жоралар жөніндегі ала ауыздықтар анықталды. Ең маңызды догматтық ала ауыздықтар төмендегідей еді: Батыста «әулие рухтың» тегі «әке - құдайдан» да, «бала - құдайдан» да бірдей дәрежеде шыққан десе, ал Шығыста «әулие рухтың» тегі «әке - құдайдан» деп санады. Батыс шіркеу «игіліктің» қасиетті қоры жасалған.
Бұл әулиелердің құдай алдындағы «асқан зор қызметі» туралы ілім сол игілік есебінен шіркеу өз қалауы бойынша адамдарды күнәсынан арылтады және олардың жанына «мәңгілік рахат» жіберіп тұрады дегенді ұстанды. Шығыста бұл ілім жоққа шығарылды. Батыс шіркеуі шығыс шіркеуінен өзгеше, осы ілімге сүйеніп, ақшаға индульгенция деп аталатын грамотаны - әулиелер жасаған «игілік» қорының есебіне күнәдан арылту гармотасын сату практикасын дұрыс деп, оны мадақтады. Діни ғұрыптар мен канондық ала ауыздықтардың бастылары: католиктерде күнәдан тазарту кезінде діни адамдар нан мен шараптан, ал жай діндарлар тек қана наннан тек қана дәм татып тазарып отырды; православиеліктерде: діндарлардың бәріне шарап та, нан да рұқсат етілді. Католиктердің күнәдан тазарту наны ашытылмай пісірілсе, православиеліктерде ашытылып пісірілді. Батыста шоқыну бес саусақ арқылы болса, Шығыста үш саусақпен болды. Батыс шіркеуінде барлық жерде шоқыну латын тілінде оқылса, православие шіркеуіжергілікті халыққа түсінікті әр елде әр түрлі тілде оқуға рұқсат етті. [5]
Батыста шіркеу барлы свещенник пен монахтардан некесіз болуды талап етілді. Шығыста некесіздік тек монахтардан ғана талап етілді. Батыс шіркеуінің Византия шіркеуінен айырмашылығы, некені бұзбаушылықты мойындады, діни лауазымнан шығуға жол бермеді, көпшілік діндарларға Қасиетті жазуларды оқуға және талқылауға рұқсат етпеді, христиан шіркеуінде папаны, кардинал институттарын бірінші орынға қойды. Ал есесіне Шығыста бұны мойындамады.
Шіркеулердің арасында үздіксіз жүргізілген таластардың нақтылы негізгі, қалайда, догматтық та, канондық та, діни ғұрыптық та ала ауыздықтар емес еді, толық нақтылы практикалық мүдделер болды. Папалық өзінің діни - саяси ықпал шеңберін шығысқа таратуға мықтап тырысып бақты. Шығыс шірекуі бұған батыл қарсылық көрсетті. Шығыс шіркеуімен күресте папа І Николай тұңғыш рет, епискооп Исидор Севильскийге жалған таңылған, папа жазба хататрының жинағын пайдаланды. Бұл «Жалған сидоровтық декретальдер» жинағында ойдан шығарылған 100 - ден аса папаның жазба хаттары, шіркеу соборларының шешімдері туралы жалған құжаттар, «Константиндер сыйы» және басқа да жалған материалдар бар еді. Мақсаттары папаның шіркеудегі басшылық ролін және папалықтың дүние жүзін қаратуға талаптануын негіздеп шығу болатын. Содан бастап «жалған сидоровтар декретальдары» орта ғасырларда папа үстемдігінің жұрт таныған негізі болып алды, кейнірек канондық право жинағына ресми түрде ендірілді, ал ХҮ - ХҮІ ғасырларда оның жалғандығы әлі дәлелденген жоқ еді.
Жалпы әлеуметтік - экономикалық дамудың заңды процесін айқындап берген Х ғасырда христиан дінінің Орталық және Шығыс Европа халықтары арасында таратуын шіркеу тек өзінің «миссонерлік» қызметінің нәтижесі ретінде ғана бейнеледі. Х ғаcырдың екінші жартысында христиан діні Батыс Рим шіркеуінің діни жорлары бойынша Венгрияда, сонымен қатр Чехия мен Моравияда орнықты. Батыс шіркеуінің ықпалы, батыс үлгісі бойынша, князь І Мешконың христиан дінін қабылдауымен Польшаға да тарады. Дәл осы кезде Батыс Рим шіркеуін Русьте де орнықтыруды көздеген папалықтың әрекеті де сәтсіз болып шықты. Киевке папа миссиясы келді. Алайда миссионерлер соншама өздерін достарша ұстай алмады, сондықтан да киевтіктер жылдам оларды қуып жіберді. Папаның 979 жылы жіберілген легаттарының көмегімен Русьті өз ықпалының шеңберіне тартпақ болған жаңа әрекеттері де сәтсіздікпен аяқталды. Тіпті 988 жылы Киев князы Владимир Святославия христиан дінін қабылдағанан кейін де Римде бай ежелгі орыс мемлекетіне папа ықпалын тарату үміті қалмады. Римнің Русьті өз жағына тартуға соншалықты ұмтылуында тағы бір мақсат болды. Ол орыс шіркеуімен бірліктің арқасында өз позициясын едәуір нығайтқан Византияны әлсірету.
Халықтарды бағындыру жолындағы күрес негізінде батыс және шығыс шіркеулері арасында ажаулық үсті - үстіне шиеленісе берді. Соңында 1054 жылы жазда Константинопольге жіберілген папа легаттары ІХ Лев папаның атынан Византия патриархы Михаил Керулларийге қарғыс айтты. Михаил Керулларий де өз кезегінде шіркеу соборын шақырып, папа легаттарына қарғыс айтты. Осылай «шіркеудің бөлінуі» біржола аяқталды. Батыс шіркеуі осы уақыттан бастап «рим - католик», шығыс «грек - католик» шіркеуі деп аталды. Шығыс шіркеуі, оның үстіне «православиелік», демек ақиқат сенім деген атақты иеленді. Осы кезге дейін формальды түрде болып келген христиан шіркеуінің бірлігі енді қайтып өмір сүрмеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz