М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Тақырыбы: М.Х.Дулатидің “Тарих и Рашиди” еңбегін Қазақстан тарихы курсында
қолдану әдісі”
Жоспары:
Кіріспе.
1. XIV-XVI ғ.ғ. Қазақстан тарихының тарихнамасы. Жазба деректемелер және
олардың қазақстан тарихының ортағасырлар кезеңін оқытудағы маңызы
2. Қазақстан тарихы курсында “Тарих-и Рашиди” еңбегін қолдану
маңыздылығы.
3. Қазақстан тарихы курсында “Тарих-и Рашиди” бойынша қазақ халқының
қалыптасу тарихына қатысты деректерді қолдану әдісі.
Қорытынды:
Пайдаланғылған әдебиеттер тізімі:
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттеу негізінен
алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазбаша
деректемелердің материалдарына негізделеді. Нарративтік шығармаларда: ең
алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, мемуарлық, географиялық шығармаларда
аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі Өзбек, сондай-ақ араб
тілінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректемелер ақпараттарының
дәрежесі әр түрлі, көршілес орта Азияның (Мауараннахрдың), сондай-ақ
Иранның, Шығыс Түркістанның авторлары мейлінше хабардар, оның үстіне
олардың неғұрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
Қазақстанға қатысты. Мысалы:Моғолстаннан айырмашылығы арнайы Қазақ
хандығының тарихына арналған деректеме жоқ. Қазақстан жөніндегі мәліметтер
шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда
саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халқымен
өзара қатынастарының тарихына қатысты әр түрлі дәулеттен тараған хандардың
шежіресі келтірілген. Этникалық құрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және
материалдық мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер бар.
Шығыс деректемелерінің материалдарын – батысевропалық, кейініректе- орыс
саяхатшыларының, елшілерінің, ғалымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс
жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі. Монғолдардың
жаулап алуы түрлі тілдегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік
Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы монғолдар жаулап алуын зерттеуде
басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің “Тарих-и джахангуша”
(“Әлемді бағындырушының тарихы”) деген еңбегі болып табылады. Шығарма 1260
жылы аяқталған.Автор Түркістанға, Ұйғырияға, Монғолияға өзі барған,
монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау,
Сырдариядағы басқа қалалардың талқандалуы туралы хабарлайды. Шағатай, Жошы,
Үгедей жұрттарының Қазақстан аумағына орналасуы, XIII ғасырдың ортасында
Шағатай ұлысында болған қырқыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.
Фазлаллах Рашид ад-Диннің “Жами ат таварих” (Жылнамалар жинағы. 1310-
1311 жылдары аяқталған.) деген тарихи еңбегі XII-XIII ғасырлардағы монғол
және түрік тайпалары мен халқтарының тарихи жөніндегі мейлінше елеулі еңбек
болып табылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол
хроникалары, монғолдар жаулап алған түрліелдерінің тарихи шығармалары. Әдет-
ғұрыптар, діни-нанымдар, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол
тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. “Жылнамалар
жиниғының” екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол
ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның толономикасы, тарихи географиясы,
саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда-Ежен ұлысының тарихы, оның
ұрпақтарының, басқа да Жошы ұрпақтарының генеалогиясы жөніндегі мәліметтер
келтірілген. Рашид ад-Диннің мәліметтері бұл тақырыпты кейінгіуақыт үшін
дамытқан көптеген авторларға негіз болды. Олардың ішінде беймәлім автордың
1426 жылы Темір ұрпағы Шахрухтың тапсыруы бойынша жазылған және Жошы
ұрпақтарының генеалогиялық тармағы, атап айтқанда, Ұрұс хан мен оның
ұрпақтарының шежіресі келтірілген “Мушу әл-ансаб фи шаджарат салатин могул”
деген еңбегін атап өткен жөн. ХІV-XV ғасырлардағы Орта Азия мен
Қазақстанның тарихы ашылып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының
нарративтік тарихи еңбектерінің негізінен Темір ұрпақтары тобының
шығармаларынан тұрады. Оларды Темір мен оның ұрпақтарының көрші елдер мен
халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетілмеген, сонымен қатар олардың ішкі
саяси, шаруашылық, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материал да көп. XV
ғасырдың екінші жартысы-XVI ғасырға монғол және Шайбани ұрпақтары
қалыптастырылған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады. Евразия
тарихнамасында, жалпы шығыстануда Низам ад-дин Шамидің “Зафар-наме”, Шараф
ад-дин Әли Мазидидің “Зафар-наме”, Абд ар-Раззақ Самарқандидің “Матла ас-са
даин ва маджма әл-бахрайн” деген және басқа толып жатқан Өмір Темір
деректемелері кеңінен мәлім екеніне қарамастан, Орта Азияның, Иранның,
шектес елдердің тарихын зерттеушілер оларға қайта-қайта оралып, олардағы
материалдардың алуан түрлі екені соншалық, бұл деректемелердің жеткілікті
дәрежеде толық және дәйекті түрде зерттелмегенін әділ атап өтуде. Бұл
қорытынды Темір ұрпақтары дәуірінің шығармаларында бар Қазақстан тарихы
жөніндегі мәліметтерге де қатысты. Темір дәуірі туралы түпнұсқа
деректемелерді екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік
еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады. Низам ад-дин
Шамидің, Шараф ад-дин әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет
қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші
тобын бейтарап авторлар-бұларға, мысалы, Рюи Ронзалес де Клавихо және Батыс
Европаның басқа да саяхатшылары жатады.
Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн
Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади соңғы топқа жатады. Клавихо өзінің
1403-1406 жылдардағы саясатының күнделігіне Самарқандтағы орасан зор
құрылыс жұмыстарын, онды товарлардың, соның ішінде Русь пен оның
Қазақстанды айтатындай “Татариядан”, Қытайдан және басқа елдерден әкелінген
товарлардың молдығын атап өткен. Әмір Темір мен оның ұрпақтары негізгі
сауда жолдарын жаулап алып, көптеген елдермен сауда және дипломатиялық
қатынастарын дамытуға көп көңіл бөлді. Хронологиясы жағынан Әмір Темірдің
іс-әрекеттері туралы толып жатқан хикаялардың негізін салған алғашқы еңбек
Низам ад-дин Шамидің “Зафар-намесі” болды. Ол хижра бойынша 806 жылға (1403-
1404ж.ж.) жеткізілген. Автор Темір Бағдатты алғаннан кейін соған қызмет
етуге көшкен, оның жорықтарында еріп жүріп, кеңсе қызметін атқарған. Ол өз
еңбегіне ресми құжаттарды, Темірдің жеңістері туралы мәлімдемелерді, сол
дәуірге оқиғаларға қатысушылардың ауызша әңгімелерін, Темірдің ұйғыр
патшасы жазған хроникаларды пайдаланған. Шамидің XIV ғасырдың екінші
жартысындағы Қазақстанда болған оқиғалар туралы мәліметтері негізінен Әмір
Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанның билеушілері Ұрұс хан мен Тоғылық-Темір
ханға қарсы күресіне қатысты. Йаздидің еңбегі Шахрухтың ұлы ИбраҺим сұлтан
кезінде, 1419-1425 жылдар аралығында жазылғанымен, ол Темірді дәріптеу
болып табылады. Мұндай шығармаға Темір мен оның ұрпақтары болашақ ұрпақтар
үшін есте қалдырғысы келетін оқиғалар ғана тапсырыс бойынша енгізілетін.
Оқиғалар соған сәйкес түсіндірілетін. Сондықтан бұдан бұрынғы отандық
әдебиеттегі Мазди мен оның ізашары жазғанының бәрін “тарихи шындыққа”
сәкестендіру туралыайту дұрыс болмас еді. Шараф ад-дин Әли Йаздидің
шығармасында XIV ғасырдың соңғы үштен бірінде Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісуда болған саяси оқиғалардың егжей-тегжейі, Әмір Темірдің осы аудандар
мен Тянь-Шаньға жасаған жаулап алушылық жорықтарының бағыттары
келтіріледі. Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы мемлекетті Моғолстан, “Моғолдар
елі”, “Моғол ұлысы” деп атаған. Низам ад-дин Шами мен Хафиз-и Абрудан
айырмашылығы, Шараф ад-дин Әли Йазди оны ”Жете” деген менсінбеген
терминмен ғана айтады. Йазди Темірдің Жете тіліне жаулап алушылық ниеттері
туралы талай рет айтады,Әмір Темірдің алдында бұл өлкені қаңыратып,
күйзелту мақсатын қорғанын, оның жергілікті билеуші топтарды бағындаруы
тиіс екенін атап көрсетеді. Автор Ақ Орда да, Моғолстанда да біртұтас
билік болмағанын сипаттайиын көп материал келтіреді. Темірдің жергілікті
көшпелі және жартылай көшпелі халықпен шайқастарда оңай жеңіп шығуына бұл
да көмектескен. Қазақстанның мал шаруашылығын, Ақ Орда мен Моғол
хандарының әскери ұйымын және Шығыс Дешті қыпшақ пен Жетісудің байырғы
халқы өмірінің басқа жақтарын сипаттайтын деректер келтіріледі. Му’ ин ад-
дин Натанзидің “Мунтахаб ат-таварих-и Му’ ини” деген еңбегін Қазақстан
тарихын зерттеу үшін құнды деректеме болып табылады. “Ескендір анонимі”
деген атаумен бұл еңбекті ғылыми айналымға В.В.Бартольд енгізіп, оған
бірнеше мақаласын орнады. Оған Шығыс Дешті Қыпшақтың, атап айтқанда, Ақ
Орданың тарихы жөніндгі материалдар В.Г.Тизенгаузеннің басылымында
келтірілген. Баспагерлер бұл деректеменің “көптеген құнды деректерінің”
бірегейлігін, олардың анықтығын, мұны орыс жылнамаларының деректемелерімен
салыстырғанда расталатынын атап өткен.
Му’ ин ад-дин Натанзидің еңбегі хижра бойынша 815-1816 жылдары (1412-
1414 ж.ж.) Әмір Темірдің немересі Ескендірдің өтінуімен жазылған.
В.В.Бартольд автор Фарста тұрғынымен, оның ортаазиялық, әдет-ғұрыптармен
және көзқарастармен деректемелерін пайдаланғанын жазады. Бұл оның Шығыс
Дешті Қыпшақтың, Жетісудың, Шығыс Түркістанның тарихы жөнінде хабарлаған
мәліметтерінің бірегей сипатынан көрінеді. Натанзи еңбектері Темір билік
еткен кезеңдегі оқиғаларды баяндауда жоғарыда аталған шығармаларды толық
қайталамайды, ол Темір тарихының ресми нұсқасымен шектеліп қалмаған.
“Мунтахаб ат-таварих-и Му’намеде” Оңтүстік –Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан
мен Шығыс Түркістанның тарихы жөнінде басқада деректемелерде
қайталанбайтын бірегей материал ьар. Моғолстандағы тайпа үстем топтарының,
әсіресе әмір Қамар ад-дин дуғлаттың орталық хан билігіне қарсы күресі
туралы деректер мен басқа да мәліметтер қызықты. Му’ ин ад-дин Натанзи
шығармасының парсыша мәтіні 1957 жылы Тегеранда басып шығарылды. 1423 жылы
Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырысы бойынша Хафиз-и Абру 4
томдық “Маджме ат-таварих” деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады.
Арнайы “Зубдат ат таварих-и Байсункари” деп аталған 4-ші томы
материалдарының Қазақстан тарихына қатысы бар. Ол түпнұсқа Шами мен Натанзи
шығармаларының негізінде, бірақ ғасырдың одан кейінгі ширегі үшін, 1428-
1429 жылдарға дейін, яғни алғашқы Темір ұрпақтары заманына арналған.
Ұлықбектің Моғолстанға Мұхаммед ханға қарсы жорығы туралы, сондай-ақ Темір
ұрпағы Шахрухтың XV ғасырдың 20-жылдарында Қазақстанның Оңтүстігі мен
оңтүстік-шығысы арқылы жүріп өткен Қытайға елшілігі туралы мәліметтер назар
аударарлық. Моғолстан арқылы өткен жолды суреттеуде өлкенің тарихи
географиясы жөнінде деректер бар, ол сол кезеңдегі Моғолстанның ішкі саяси
жағдайы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың
екінші жартысындағы шығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар-
Раззақ Самарқандидің “Матла ас-са даин ва маджма әл-бахрайн” бар. Онда Иран
мен Орта Азияның Хулагу және Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға
дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XVғасырларшебіндегі Ақ Орданың құлдырауы
кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекетінің
ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен
Мауаранахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректердің
ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз.
Мұхаммед Хавенд-шах Мирхондтың (1433-1498ж.ж.) “Раузат ас-сафа” деген
жалпыға бірдей 6-шы томында XV ғасырдың 20-жылдарынан басталады.
В.В.Бартольд оның деректерін Ұлықбектің Моғолстанға жоғарыда аталған
жорығын сипаттауға арналған жазбаларында келтірілген. Мирхондтың бұл
томының неғұрлым ертеректегі мәліметтері Темір мен оның ұрпақтарына
арналған, олардың Қазақстан аумағындағы саясаты туралы ертедегі Темір
ұрпақтары тарихнамасы авторларының еңбектері бойынша сол кезде-ақ мәлім
деректерді қайталайды. Өз есімдерін, топонимдері, этникалық топтардың
атауларын жазуда айырмашылықтар бар. Оқиғаларды баяндауда, мысалы,
Ұлықбектің нақ сол Моғолстанға жорығын суреттеуде және бұл мемлекеттің ішкі
жағдайын көрсетуде орын алған, неғұрлым егжей-тегжейлі, еш жерде
қабылданбайтын қиғаштықтар Мирхондтың әлде бір жоғалып кеткен түпнұсқа
деректемелерді пайдаланғанын көрсетеді. Кондемирдің “Хабиб ас-сийар” деген
шығармасының XIV ғасырдың аяғы —XV ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы
жөніндегі мағлұматтары негізінен алғанда Шами, Иазди және Мирхонд
шығармаларын қайталайды, Олар XV ғасырдың аяғы—XIV ғасырдың басы үшін ғана
бірегей. Қазақстанның орта ғасырларын зерттеушілер үшін Кондемирдің
Санкт—Петербургтің Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы “Та-рих-и Джахан-
наме” деп аталатын қолжазбасындағы географиялық қосымшасы назар
аударарлық. Абу-л Хасан Сайид Әли әл-Жүзжанидің “Масалик әл-мамалик ”
деген шығармасы да Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тарихи
географиясын зерттеушілерге материал береді. Темір ұрпақтарының
тарихнамасында осы әулеттің өкілдері жазған еңбектерде де бар. Бұлар-түрік
тіліндегі, Әмір Темір шығарды деп саналатын “Темір ережелері” мен “Улус-
арба”, яғни төрт монғол ұлысының тарихы. Екінші шығарма Ұлықбек мырзаның
басшылығымен және қатсуымен жазылған. Ұлы астроном-ғалымның бұл тарихи
еңбегіне Шыңғыс ұрпақтарының ұлыстары туралы жазған. XVI-XVII ғасырлардығы
көптеген авторлардың шығармаларында да талай рет сілтеме жасалған. Жошы мен
Шағатай ұлыстары туралы материалдар соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихына тікелей қатысты. Ұлықбек шағатай ұлысындағы 28 ханның және Жошы
ұлысындағы 39 ханның есімдерін келтірген. Б.А.Ахдедовтің пікірінше XIII
ғасырдың бас кезінде-ақ “Өзбек” терминінің пайда болуы туралы, оның XIV
ғасырда Дешті Қыпшақтың батыс бөлігінде этноним ретінде қолданылғаны
туралы мәліметтер ерекше құнды болып табылады.
Темір ұрпақтары тарихнамасы тақырыбы жағынан алуан түрлі, әскери, саяси
оқиғаларды да, мәдени оқиғаларды да, мысалы, XIV-XV ғасырлардағы Сыр
өңірі қалаларында дала хандары салғызған құрылыстар және Әмір Темірдің
жарлығымен Ахмет Иассауи қабірінің үстінен тұрғызған таңғажайып кесенені де
көрсететін шығармалардағы Қазақстан жөніндегі материалдардың шоғыры
осындай. ХVІ ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар
Дұғлаттың “Тарих-и Рашиди” деген шығармасы XIV-XVI ғасырдың басында
Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі
Моғолстан тарихына арнайы арналған.Бұл еңбек-қазақ хандығының тарихын
зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі
қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған.
Шонжарлардың жоғары топтарына жататын Мырза Мұхаммед Хайдар ибн
Мұхаммед Хұсайын Дұғлат (1499-1551 ж.ж.) Моғолстанның аса ірі
тайпаларынын бірінен шыққан. Мырза Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары-
дұғлат тайпасының өмірлері мен бектері-Моғолстан мемлекетіне кірген
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның саяси
тарихында зор рол атқарған. Олар аса маңызды мемлекеттік қызметтер
атқарып, ұлысбектер болған. Мырза Мұхаммед Хайдар хижра бойынша
(14991500 ж.ж.) сол кехде моғол хандарының билігінде болған Ташкент туған.
Оның анасы Моғолстан ханы Сұлтан Жүністің кіші қызы болған, ал Сұлтан
Жүніс белгілі мемлекет қайраткері, тарихшы және ақын Закир ад-дин Бабыр мен
Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтің немере туысы еді. Мырза Мұхаммед Хайдар 1512
жылдан 1533 жылға дейін Сұлтан Сайид ханның сарайында болып,билеушінің
мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы Абд ар-Рашид хан
дұғлаттардың жоғарлауынан қауіптеніп, оларға жазалау шараларын үйіп төкті.
Мұхаммед Хайдар Кашмирге қашып барып, Үндістан, Ұлы Моғолдар билеушілері
атынан 1551 жылы шайқастардың бірінде өлтірілгенге дейін билік етті. Мырза
Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқығалары мен
қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар
жазғанымен де, мұсылман тарихнамасына тарихи “Тарих-и Рашиди” еңбегінең
авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы
тілінде жазылған. Екі бөлімнен-дафтарлардан тұрады.
І дафтар моғолдың Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихынан
тұрады, онда әмір Болатшы дұғлат 1348 жылы Тоғлық-Темір ханды хан тағына
көтерген уақыттан бастап, Мұхаммед Хайдар мырза Абд ар-Рашид ханның
құрметіне арналған өз шығармасы 1533 жылы Қашғарияда оның билік ете
бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды баяндаған.
ІІ дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген материалдар болып табылады.
Бұл бөлімде өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары туралы
өмірбаяндық материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша
Сұлтан Сайид ханның Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514 жылы
Қашғарияның дұғлат әмірлерін басып алып, Моғолия мемлекетінің негізін
қалағаны, Моғолстанның бұрыңғы аумақтарында-Жетісу мен Тянь-Шань өңірінде
Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекеттері туралы мәліметтер
бар. ІІ дафтарда XV-XVI ғасырлар шебінде Орта Азияда, Шығыс Түркістанда,
Ауғанстанда, Үндістанда болған көптеген тарихи оқиғалар баяндалған.
Мұхаммед Хайдар мырза өз еңбегін моғолдар, атап айтқанда, өз бабалары
дұғлатәмірлері арасында белгілі ауызша аңыздарға, ұлысбек-дұғлаттардың
қолы жететін ресми мемлекеттік құжаттарға негізделген. “Тарих-и Рашиди”
деректемелерінің арсында “сенім білдіруге лайықты адамдардың” әңгімелері-
замандастары мен оқиғаларға қатысушылардың айғақтары маңызды орын алады.
Мұхаммед Хайдар өзінің ізашарлары-Жамал ад-дин Каршидің, Жувейнидің, Рашид
ад-Диннің, Хамдаллах Казвинидің, Абд ар-Раззақ Сарарқандидің, Шарафад-дин
Әли Иаздидің және басқа көптеген адамдардың тарихи еңбектерін көптеп
пайдаланған.
“Тарих-и Рашиди” –XIV ғасырдың 2-ші жартысы-XVI ғасырдың басындағы
Моғолстанның және XVI ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы Қашғарияның
Шағатай ұрпағынан шыққан хандардың тарихы жөнінде ғана емес, сонымен қатар
дұғлаттардан шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігіндегі билік ету
тарихы жөніндегі де негізгі түпнұсқа деректеме.Бұл шығармада соңғы орта
ғасырларда Жетісуды, Шығыс Дешті қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс
Түркістанды мекендеген моғолдардың, басқа да тайпалар мен халықтардың, атап
айтқанда, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың және
басқалардың тарихы жөнінде бірегей материалдар бар. Онда алғаш рет
тарихнамада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуі туралы
хабарланады, олардың этникалық сана-сезімін қабылдау себептері туралы
пікірлер айтылып, қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен, моғол хандарымен,
қырғыздардың, ноғайлардың, қалмақтардың әміршілерімен өзара қатынастары
айтылды. Мұхаммед Хайдардың шығармалары медиевистикада кеңінен мәлім. Оны
XVI-XVII ғасырлардағы көптеген шығыс авторлары мен соңғы орта ғасырлардағы
орталық, Орта Азия тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде
пайдаланады. “Тарих-и Рашиди” қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген
тізімдерде, түрік тіліндегі аудармаларда сақталған. Ағылшын және орыс
тіліндегі аудармалары жарияланған. Ортағасырлық авторлардың көбісі “Сарай”
жыршысы, өз шығармаларын хандарға, хандарды мадақтауға арнаған. Мұхаммед
Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди” еңбегі моғол ханы Абд-ар-Рашидке
арналғанымен “Тарих-и Рашиди” –Рашидтер тарихы”. Ол хан сарайының жыршысы
емес. Оның еңбегі тек Моғолстанның Шағатай ұрпақтарына арналған
деректемелер тобыга ғана жатпайды. Оның шығармасы Орта Азия халықтарынан
тарихынан құнды деректер береді. М.Х.Дулати өз шығармасын объективті
тұрғыдан жазған алғашқы тарихшы.
Қазақ хандығының құрылу мәселесі- қазақ хандығы өте актуалды және әлі
толық шешілмеген мәселелердің бірі. XIX ғасырдың, 60-шы жылдары
В.Вельяшинов-Зерновтың зерттеуі арқасында арнайы тарихи тақырыпқа айналған
мәселе, өз тарихнамасында күрделі дамуды бастан өткерді.Осы аралықта
тақырыптың көптеген қыры мен сыры зерттеліп, шешімін тапты, ал мәселеге
терең үңілген сайын, оның беймәлім жақтары көбейе түсуде. Бұл, әрине заңды
құбылыс. Қазақстан тарихының ортағасырлардағы кезеңдерімен айналысатын
мамандары үшін зерттеу объектісі болған мәселе еліміздің еркіндікке қол
жеткізуіне байланысты қалың көпшілікті қызықтырған тарихи тақырыпқа
айналды.
(халықаралық-ғылыми теориялық конференция материалдары.Тараз. 1997 жыл.
203 бет.).
Қазақ хандығы дәуірі-XV ғасырдың ортасынан, яғни қазақ хандығының
құрылған кезінен басталды да, XIX ғасырдың І ширегінде Қазақстанда хандық
биліктің жойылуымен аяқталды. Үш жарым ғасырдан астам уақытқа созылған бұл
дәуір өз ішінде әр түрлі кезеңдерді бастан өткерді. Осы кезеңдердің біз
үшін, ең бір негізгісі, белгісі, жақындылығы-алғашқы кезеңдер, яғни
хандықтың құрылуы мен күшеюі, “уақытша әлсіреуі” кезеңдері. Бұл кезеңнің
оқиғалары алғаш рет ХVІ ғасырдың 40-шы жылдары М.Х.Дулатидің Тарих-и
Рашиди атты кітабында баяндалып, өзінен кейінгі деректер мен зерттеулерге
негіз болды.
М.Х.Дулатидің (1499-1551) Тарих-и Рашиди атты еңбегінің мәліметтеріне
Орта Азия мен Қазақстанның, Шығыс Түркістан, Солтүстік Үнді, Тибеттің ХVІ-
ХVІ ғасырлардағы тарихын зерттеуші мамандар соқпай өтпейді. Аталған
елдердің басым көпшілігі үшін М.Х.Дулати еңбегінің мәліметтерін ешбір
ортағасырлық дерек ауыстыра алмайды. ХV- ХVІ ғасырлардағы қазақ хандығының
мынадай басты мәселері Тарих-и Рашидиде қамтылған.
Қазақ хандығының құрылуы.
а) 15 ғасырдың 40-50 жылдары. Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы;
ә) Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан жағдайы;
б) Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойында хандық құруы туралы;
“Қазақ” сөзінің мәні туралы.
ХVІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы және Қасым
ханның билікке келуі туралы;
Қасым ханның жеке басына және Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығына
сипаттама;
ХVІ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ хандығының әлсіреуі жөнінде;
ХVІ ғасырда қазақ-моғол, қазақ-өзбек қатынастары жөнінде және т.б. көптеген
мәліметтерге жауап табуға болады.
Тарих ғылымының кандидаты Б.Кәрібаев өзінің мақаласында (халықаралық -
ғылыми теориялық конференция материалдары.
Тараз. 1999 жыл. 152 бет.) қазақ хандығының тарихында маңызды боп саналатын
бірнеше ғана мәселеге, атап айтсақ, хандықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz