Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары


Кіріспе
Мақсаты : Крест жорығына атанған аш - жалаңаш шаруалар мен қақтығысқан халықтың қаліне назар аудару.
Маңыздылығы : Діннің халыққа әсері және де басқыншылықтардың салдарына көңіл аудару.
Тақырыптың өзектілігі : Шығыстағы бай жерлерді басып алғысы келген бірқатар европалық мемлекеттердің діни жорығы - Крест жорығының себеп - салдарына назар аудару.
Крест жорықтары батыс европалық рыцарьлық пен Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі ірі феодалдардың басқыншылық соғыстары болып табылды. Мұның өзі екі ғасырға жуық 1096 жылдан 1270 жылға дейін созылды. «Крест» жорықтары деп аталуы бұларды католик шіркеуі ұйымдастыруынан еді. Бұл шіркеу сол жорықтарғы діни соғыстың сипатын - христиандықтың яғни крест белгісімен бейнеленген мұсылмандыққа қарсы күрес сипатын берген еді. Шығысқа қарсы крест жорықтары ең алдымен батыс европалық феодалдардың, ірі және сол сияқты ұсақ феодалдардың агрессияшылдығының өсуінен, өз жерін ұлғайту, басқа біреулердің жерлерін, ең алдымен Шығыстағы бай жерлерді басып алу, өз табыстары мен байлықтарынмолайту ниетінен туған еді. Әсіресе ХІ ғасырдың аяғында феодалдандыру процесінің яақталуы негізінде жалпы экономикалық даму арқасында феодалдардың материалдық тілек - талғамдарының өсуіне, қалалардың пайда болуына, қалалар мен әр түрлі елдер арасында сауда қатнастарының орнауына байланысты мұндай ниет ерекше күшті байқала бастады. Феодалдарға өндіргіш күштер дамуының біршама төмен дәрежесі жағдайында өскелең тілек - талғамдарды қарудың күшімен қанағаттандыру оңай әрі тиімді еді. Міне, нақ осының өзі көптеген соғыстардың, соның ішінде крест жорықтарының да тууына әкеп соғып отырды.
ХІ ғасырдың аяғында күшейе түскен феодалдық езгіден құтылуды іздеген шаруалардың едәуір тобы да, Шығыспен өз саудасын ұлғайту үшін Шығыс Жерорта теңіз жағалауындағы тіректі пунктерді иемденген ұмтылған Оңтүстік Европаның көптеген қалалары да крест жорықтарына мүдделі болды.
Шығыста ХІ ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдай батыс европалық феодалдар мен католик шіркеуінің басқыншылық жоспарын жүзеге асыруына қолайлы еді.
ХІ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде түрік - салжұқтардың Шығыс Жерорта теңіз жағалауындағы жерлерді басып алуына байланысты халықаралық жағдай шиеленісе түсті. 1055 жылы түріктер Бағдатты алып, ал 1071 жылы Манцикерт яғни Армения маңындағы соғыста Византия әскерін ойсырата жеңді, содан кейін бүкіл Кіші Азияны, сол сияқты Сирия мен Палестинаны жаулап алды. Олар басқа қалалар ішінде соған дейін фатимид Египетіне қарасты, христиандардың киелі қаласы саналған Иерусалимді басып алды. Мұның өзі шіркеу қызметкерлерінің мұсылман Шығысына қарсы соғыс жүргізужайында Батыста кеңінен уағыз айтуына сылтау болды. Мұсылмандардың билігінен «тәңірінің табытын азат ету» яғни шіркеу аңызы бойынша Иерусалимде қойылған делінетін Иисус Христың табытын ұраны тасталды. «Дінсіздер» Палестинада христиандарды қандай қуғын - сүргінге ұшыратыны, христиан әулиеорындардан қалай қорлайтыны жөнінде және әсіресе батыстық діндар ел кезушілерді Иерусалимде қалай қудалауға салатыны туралы лақаптар таратылды.
Батыста қасиетті жерлерге «барып табыну әдеті ертеден - ақ қалыптасты». Діни көзқарастар, соның ішінде өз кіналарын жуып - шаюға үміттену осы жиһангерлік кезінде аз роль атқарған жоқ, «тәңірінің табынатына» жүгінуге шыққан рыцарьлар мен ірі феодалдар практикалық мақсаттарды қатар көздеді: олар бұрын көрмеген елдерде болып, ежелден Шығыстың даңқын шығырған түрлі асыл бұйымдарды алып қайтуға ұмтылды. Мұсылмандардың табынушылардықорлап - жәбірлеуі жөніндегі лақап феодалдық Батысты ойландырды. Бұл әрекет тек діни - сенім - нанымдардаға ғана әсер етіп қойған жоқ.
Европалық елдерге қарағанда сол кезде экономикалық және мәдени жағынан неғұрлым ілгері дамыған Шығыстың байлығы, сарайлры, храмдары, түрлі товарға толы рыногы бар оның қалалары, шұрайлы жері феодалдарды көптен бері қызықтырған еді. Сондықтан да шіркеу иелерінің «тәңірінің табыты» үшін соғысуға шақырғаны орынды - ды.
Шіркеу насихатының табысты болуна Византияның өз сыртқы саяси қиыншылықтарына байланысты, батыс князьдері мен папаларына үндеу таратуы мүмкіндік берді. Балканға солтүстіктен басып кірген печенегтер Византияның императоры Алексей І Комнинге қатты соққы беріп, Константинополь дуалына тақалып клді. Онымен бір мезгілде түріктер - слажұқтар оған қарсы флот әзірлеп, Византия астанасына бірлесіп шабуыл жасау жөнінде печенегтермен келіссөз жүргізді. Алексей І батыс Европаның кейбір князьдерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Ол тіпті папа Урбану ІІ - ге (1088 - 1099) елші жіберіп, папа өз беделі арқылы нормандардан, англосакстардан, даниялықтардан мұсылмандармен күресу үшін жалдамалы отрядтар жасақтауға көмектеседі деп есептеді.
Алексей Комниннің өтініштері батыс европалық феодалдар мен шіркеуге өздерінің басқыншылық ниеттерін жүзеге асыруы үшін қолайлы сылтау болды. Папа шығыс христиандарға көмек деген желеумен мұсылман Шығысына қарулы шабуыл жасауға ашықтан - ашық ұран тастады.
І тарау. Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары
Крест жорықтарының жалпы сипаты, тікелей соғыс - стратегиялық міндеттері және оған қатысушылардың құрамы әр кезеңде әр түрлі болды. Алғашқы кезде крест жорықтары европалықтардың Таяу Шығыстағы соғыс - отаршылдық кең қозғалысы болды. Бұған тек ірі және ұсақ феодалдар ғана емес, сонымен бірге шаруалардың қалың бұқарасы да қатысты. Крест жорықтарындағы феодалдар мен шаруалардың мақсаттары әр түрлі болды. ХІ ғасырдың аяғында жер мен еркісіз жұмысшы күші жағынан тапшылық және ақшалай қаражат жағынан қиыншылық көптеген ұсақ рыцарьлар жаңа жерлерді басып алып, Шығыс елдерін тонауға ұмтылды. !рә феодалдар крепоснойлық шаруалар есебінен поместьеден түсінетін табысты елеулі түрде ұлғайту мүмкіндігі болмағандықтан, жаңа жерлерді басып алу жолымен өз иеліктерін ұлғайту, соныман қатар Шығыста жаңа, өздеріне ғана бағынышты дербес мемлекететр құру арқылы саяси ықпалын күшейтуді ойлады.
Шаруалар бұқарасы басқа талаптарды басшылыққа алды. Олар шексіз феодалдық езгіден әбден титықтап, «теңіздің ар жағына» аттанып, алыстағы елдерде крепоснойлық бұғаудан азат болуға, материалдық молшылыққа кенелуге, жан шыдатпас аштықтан және сеньорлардың адам төзгісіз қорлығынан құтылуға үміттенді. Барлық шендегі феодалдардан және шаруалардан басқа крест жорықтарына Солтүстік Италияның қала республикалары, әсіресе Венецияның, Генуяның, Пизаның саудагерлері де біршама белсене қатысты. Бұлар левантийлік яғни Шығыс Жерорта теңіздік сауда ісіне өз позициясын нығайтуға ұмтылды. [1]
ХІІ ғасырдың ортасына дейінгі шаруалардың қатысуына байланысты Шығысқа қарсы алғашқы жорықтар көпшілік сипат алып, көп ретте стихиялық әрекеттерге айналып отыр. Фанатикалық ниеттегі рыцарьлықпен бірге бұл жорықтарда шіркеу насихатымен уланған және іштей «қасиетті жерде» өз жағдайын жақсартуға үміт артқан деревня кедейлері де едәуір роль атқарды. Алғашқы крест жорықтарында олардың діни - мистикалық өресі әсіресе айқын болды.
ХІІ ғасырдың орта шенінен бастап шаруалар бірте - бірте қозғалыстан шығып кетті. Крест жорықтары көп ретте феодалдық, қарақшылық экспедицияға айналды. Соныменбірге жорыққа қатысушылар оңтүстік европалық көпестердің сауда мүдделерін барған сайын көбірек жақтай берді. ХІІ ғасырдың аяғынан бастап крест жорықтарының бірінші мақсаты Батыс Европадағы феодалдық мемлекеттердің Шығысқа деген территориялық және сауда экспансиясы, олардың Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы жерлерді басып алу үшін алдыңғы Азиядағы мұсылман мемлекеттеріне және Византияға қарсы күресі болды. Крест қозғалысының діни мазмұны өзінің шын маңызын жоғалтқанымен, крест жорықтары тоқталғанға дейін формальді түрде солардың туы болып қалды.
Папалар басқарған католиктік шіркеу әрқашан крест жорықтарының дем берушісі, ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы болды. Бұл шіркеу Таяу Шығыста ақсүйек феодалдарға кең басқыншылық әрекеттер жүргізу үшін өз күштерін бірлестіруге көмектесті, сөйтіп, крест жорықтарын ақ ниетті іс деп жариялап, бұларға идеологиялық негіз берді. Папа рыцарьлардың әскери күшін бүкіл христиан дүниесіне өз үстемдігін орнату үшін және Шығыста «апостол тағына» бағынышты жаңа христиандық иеліктер құру үшін пайдаланғасы келді. Бұл жоспарларды жүзеге асыру папаның империяға қарсы күресіндегі позициясын нығайтып, оның Рим гегемониясы астында универсалдық мемлекет құру жоспарын орындауға көмектесуі тиіс еді.
1095 жылы папа Урбан ІІ француз қаласы Клермонда шіркеу соборын ашты. Собор аяқталған соң, ол қарапайым қалың жұртшылық, рыцарьлар, діни қызметшілер алдында салтанатты, сөз сөйлеп, «дінсіздердің» қолынан «тәңірінің табытын» тартып алу үшін қарулануға шақырды. Жорыққа қатысушылардың бәріне күнәларың толық кешіріледі, ал қаза тапқандап о дүниеде жұмаққа барады деп уәде етілді. Папа жауынгерлерді шығыста - жер үстінде де байлықтың күтіп тұрғанын түсіндірді: «Кімде кім бұл жерде қайғылы да кедей болса, ол жерде бай болып, шаттықты күн кешеді» - деп мәлімдеді ол.
Урбан ІІ - нің үндеуі жиналғандар арасынан өз қолдауын лезде тапты. Оның сөзі: «Құдайдың тілейтіні де осы» деген дауыстармен бөлініп кетті. Көптеген адам сол жердің өзінде - ақ жорыққа баруға серт байласты, оның белгісі үшін өз киіміне крестер тігіп алды.
Шығысқа қарсы жорық ашу идеясын феодалдар қолдаған болатын, себебі соғыс оларға жаңа жерлер мен бай мүлікті елестеткен еді. Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдіктер жасады. Бұлар қарыздарын төлеуден босатылды, ал олардың дүнеи - мүліктері мен отбасылары шіркеу мекемелерінің қамқорлығына берілді. [2] Ұсақ рыцарьлар тек қарыздарын төлемеу үшін ғана кресті қабылдады. Алайда, рыцарьлардың көпшілігі бұл жорықтың діни мақсаттарына да әншейін қарап тұра алмады. Ол кезде дін жұрттың ақыл - есін биледі, Палестинадағы «христиандардың киелі орынын» азат ету феодалдардың түсігінше ерлік болып көрінді. Бұл ретте діни талаптар басқыншылық ниетпен артарласып жатты.
Урбан ІІ - нің сөзі крепоснойлық шаруаларды да дүрліктірілді. Папаның шығыс елдерінің ғажайып шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің байып кететіні туралы үндеуі шаруалар бұқарасының арасында жақсы өмірге, сұрықсыз босануға деген үмітін қоздырды.
Клермон соборынан кейін урбан ІІ -нің тапсыруы бойынша жер - жерде епископтар, священниктер және монахтар «дінсіздерге» қарсы соғыс ашуды уағыздады. Монах Петр Пуыстинник қарапайым халық арасында асқан әйгілікке ие болды. Ол Солтүстік және Орта Фроанцияның, сонымен қатар Рейн жағалауындағы Германияның қарапайым халықтарын жорыққа қатысуға шақырды.
Осындай уағыздаушылықтың әсерімен 1096 жылдың ерте көктемінде Францияның және Батыс Германияның ондаған мың кедей шараулары өздерінің лашықтарын тастап, Петр Пустынниктің, Солтүстік Франциядан шыққан кедейленген рыцарь Вальтер Голяктің және Рейн облысынан шыққан священник Готшалктің бастауымен «қажілік жорыққа» шықты. Крест жорықшылары ұбырып - шұбырып, сойыл, орақ, балтамен ғана қаруланып азық - түлік қорынсыз Рейннің және Дунайдың жағасымен, одан әрі оңтүстікке Константинопольге қарай ағылып жатты. Бұл өзінің шын мәнінде мырзалардың қорлығынан қашқан шаруалардың стихиялық азаттық қозғалысы еді. Кедейленген рыцырьлар арасынан көптеген әр түрлі авантюристер келіп қосылған надан, аш - жалаңаш шаруалар бұқарасы венгерлердің, болгарлардың, гректердің жерлерінен өтіп, тұрғындардың азық - түліктерін, аттарын тартып алып, тонаушылыққа ұшыратты, өлтіргенін өлтіріп, тірілерін зорлап қорлады: Рейн жағалауындағы қалаларда тонаушы рыцарьлар еврейлерді қырып - жойды. Жергілікті халық кездейсоқ келген басқыншыларға қарсы батыл тойтарыс берді. Қатары өте сиреген шаруалар әскері 1096 жылдың жазында Константинопольге келді. Мұнда да олар өздерін жүгенсіз ұстады. Алексей Комнин шаруаларды Босфордың арғы жағалауына, Кіші Азияға өткізіп жіберуге асықты. Кресші рыцырьлар негізгі күшінің келіп жетуін күтпестен балалары үшін молшылыққа кенелуге үміттеніп, алға ұмтылды. 1096 жылдың қазанында салжұқ әскерлері шаруалар отрядтарын алдап тосқауылға түсіріп, бәрін дерлік қырып тастады. Діни ерлік жасауды және азаттықты аңсаған крепоснойлық шаруалардың аңғырттық қиялы шындықпен алғаш айқасуда - ақ күл - талқаны шықты.
Сол жылдың жазында батыс европалық феодалдардың армиясы шығысқа қарай ататнды. Рыцарьлар жақсы қаруланды, азық - түлікпен, қаражатпен қамтамасыз етілді. Ол үшін өз жерінің бір бөлігін сатып немесе залогқа салды, епископтар мен аббаттар қуана - қуана сатып алды, сыөйтіп өз поместьесін кеңейтті.
Лотарингияның феодалдары жорыққа басқалардан бұрын ататнды. Оларды герцог Готфрид Буоьонский басқарды. Кейінірек басқа феодалдық жасақтар жолға дайындалды. Оңтүстік Италияның нормандық рыцарьларын, көптен бері Византиямен жауласып жүрген, Шығыста да тәуелсіз князьдік құруды арман еткенкнязь Боэмунд Тарентский басқарды. Оңтүстік Францияда да үлкен армия жасақталды. [3] Оған граф Раймунд Тулузский басшылық етті, ол да Шығыста князьдіктер құруды ойлаған еді. Оның жасағында крест жорықшыларының жанындағы папа легаты болды. Солтүстік және орта Францияның рыцарьларын герцог Роберт Нормадский, граф Стефан және граф роберт ІІ Фландрский басқарды.
Феодал әскерлері бір тұтас бола алмады. Жекеленген отрядтар өз ара байланыссыз болды. Әрбір сеньор өз жасақтарымен жорыққа аттанды. Бұл ретте рыцарьлар өз пайдасына қарай бір сеньордан екіншісіне ауысып отырды. Рыцарь жасақтарының соңынан шаруалаордың қалың тобырлары еріпжүрді. Отрядтар әр жолмен бет алды. Кейбіреуі - Рейн - Дунай жолымен, ал басқалары Адриатика жағалауымен, үшіншілері Италия арқылы, сол жерден теңіз арқылы Балкан түбегіне өтті. Византийлік мекендер арқылы өткен крестшілердің жолы жергілікті халықты жаппай тонаумен қабаттаса жүрді. 1096 жылдығ аяғында - 1097 жылдың басында крест жорығының жасақшылары Коснтантинопольге келе бастады. Олар өздерін дөрекі ұстады: маңайдағы тұрғындарды тонап, византийлік дәстүрді мазақ етті. [4] Император Алексей І кресшілер басқыншылығының жаман аяқталуынан сескеніп, Константинопольге жекеленген жасақтардың бірігуіне кедергі жасауға тырысты. Ал византийлік қоғамның нәзік ойлы билеушілерінің крест жорықшыларын «варварлар» деп атауы тегін емес еді. Сонымен бірге Алексей І крестшілердің күшін Византия мүддесі үшін пайдаланып қалуға тырысты. Алдап - арбау, пара беру және қорқыту арқылы ол кресшілердің көпшілігінен - сеньорлар мен рыцарьлардан - тәуелділік ант алды: олар түріктерден жаулап алатын империяның жерін қайтаруға уәде берді. Тек содан кейін Алексей І рыцарь жасақтарын Кіші Азияға жөнелтті.
ХІ ғасырда Кіші Азияда бірімен бірі жауласқан бірнеше феодалдық салжұқ мемлекеттері қалыптасты. Олардың бастысы Рум сұлтанаты болды. Мұсылмандардың арасында саяси ұйымшылдықтың болмауы кресшілердің алға басуын жеңілдете түсті. Рас, салжұқтар олардың отрядтарын үздіксіз дүрліктіріп отырды, елді қаңыратты, құдықтарын көміп тастады, сол себептен кресшліредің аштық пен шөліркеудің ауыр азабын тартуына тура келді. Үйренбеген аптап ыстық әскерлерді қалжыратты. Адамдар мен аттар күн өткендіктен қырылды. Алайда кресшілерге Кіші Азияны басып өтудің сәті түсті.
1098 жылдың басында рыцарь отрядтары бірінің басшысы Балдуин Фландрпский бай қала Эдессаны басып алды. Осы арада кресшілердің бірінші мемлекеті - Эдесса графтығынның негізі қаланды. Дәл осы кезде кресшілердің негізгі әскери күші Сирияға келіп кіреді. Шығыс Жерорта теңізінің мейлінше де жақсы бекінген қалаларының бірі Антиозияны қоршауға жарты жылдан астам уақыт жұмсады. Бекініс мұнаралары бірінің бастығының опасыздық жасауы арқасында 1098 жылы шілдеде Антиохияны кресшілердің алуына мүмкіндік туды: Боэмунд Тарентский онымен құпия келісім жасасқанынан кейін опасыз қалаға кресшілерді кіргізіп жіберді. [5] Антиохияны алу, оның халқын тағылықпен қырып жоюмен қосарланды. Жеңушілер бұл арада мұсылмандарды христиандардан айырмады. Қаланы кім билеу керек деген ұзақ дау жан - жалдан кейін феодалдар мұндағы өкіметті Боэмунд Тарентскийге беруге келісті. Антиохияда кресшілердің екінші мемлекеті - Антиохия князьдігінің негізгі қаланды. Әскерлер Сириядан Палестинаға ататнды. 1099 жылдың шілде айында бес күндік қамаудан және кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Бұдан бір жыл бұрын бұл қала Египеттің билігіне көшкен болатын. Крест жорықшылары қалада Антиохиядағы талқандаудан да асқан баскесерлік әрекет жасады. Жаулаушылар еркек, әйел, бала - шаға демей шетінен қыра берді. Тіпті балаларды басын тасқа ұрып өлтірді. Бас сауға іздеп басты мешітке қашып тығылған он мыңға жуық мұсылман өлтірілді; жүздеген еврейлер синагогте отқа өрттелді. Рыцыарльлардың тонаушылғы мен адам айтқысыз баскесерлігі діни дәстүрлерімен алмасып отырды. Рыцырьлар «тәңірінің табыты» алдында дұға оқудан тағы да қырып жоюға, тонауға кірісті. Олар көптеген олжаны қолға түсірді. «Сұмдық қан төгістен кейін- деп салқын қандықпен жазады осы жорыққа қатысушы адам- кресшілер қала тұрғындарының үйлеріне бөлініп олардан табылған заттың барлығын тонап алды. Әркім, ол кедей болды ма немесе бай болды ма, кімде кім үйге бұрын кірсе, сол үйдің иесі немесе сарайдың иесі болып, ондағы барлық дүниені жеке меншігі ретінде иемденді».
Иерусалимді алғанан кейін кресшілер Жерорта теңізінің Шығыс жағалауының едәуір бөлегін қолға түсірді. Флоттың көмегімен венециялықтар, генуялықтар және пизлықтар саудадан пайда табуға үміттеніп, крест жорықшыларына қосылып, порттық қалаларды басып алды. Бұлардың ішінде Акрк, Триполь, Тир қалалары болды. ХІІ ғасырдың басында шығста крест жорықшыларының төрт мемлекеті құрылды: Оңтүстік Сирия мен Палестина территориясында Иерусалим корольдігі, оның солтүстігінде - Триполи графтығы, Антиохия князьдігі және Эдесса гарфтығы құрылды. Иерусалим корольдігінің бірінші мемлекет басшысы Готфрид Бульонский болды.
Батыс сеньорлар жаңа жерлерді өз ара бөлісіп, бұл арада феодалдық тәртіп орнатты. Бұл тәртіп, олардың көпшілігінің отанындағы - Франциядағы тәртіпке ұқсас еді. Жергілікті шаруаларды басы байлы құлға айналдырды. Олар астық өнімінің үштен бірінен жатрысына дейінін, жеміс - жидектің, зәйтүннің, жүзімнің белгілі бір бөлігін мырзаларға беріп отыруға міндетті болды. Кейбір жерлерде барщинаны да талап етті. Басыбайлы тұрғындар қатты қиналды, ешбір правосы болмады. Шаруалар батыстан келген феодал - басқыншыларды жек көрді. Крест жорықшылары мемлекеттерінің барлық тарихы сырттан келген мырзаларға қарсы жергілікті шаруалардың үздіксіз күрестерін толды.
Крест жорықшылары құрған мемлекеттердің саяси құрылсының негізінде феодалдық иерархия жатты. Иерусалимдік король сеньорлардың арасында бірінші болып саналды. Оған басқа үш мемлекет жалған түрде вассальдық тәуелділікте болды. Шындығында бұл мемлекететр толық тәуелсіз деі. Бірақ территория іртүрлі көлемдегі рыцарльлық феодтарға бөлінді, бұлардың билеушілері өз ара вассальдық қарым - қатынастармен байланысты болды. Вассалдар сюзеренге әскери қызмет етуге міндетті болды. Сонымен, Батыс Европада қалыптасқан дәстүрлерден айырмашылығы, король бүкіл жыл бойына осындай әскери қызметті талап етуге праволы еді, өйткені крест жорықшыларының мемлекеттері көрші мұсылман князьдіктерімен әрқашан соғысумен болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz