Ұлы географиялық ашылымдар және Американың ашылуы



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мақсаты : Индияға баратын теңіз жолының ашылуы назар аудару.
Маңыздылығы : Ұлы географиялық ашылымдар және Американың ашылуына
тоқталу.
Міндеті : 1550 - 1560 жылдардағы географиялық ашылымдар зер салу.
Тақырыптың өзектілігі: ұлы географиялық ашылымдар Европаның шаруашылық
өміріне терең өзгерістер енгізді. Африка мен Индияның халқының өміріндегі
өзгерістер, атап айтқанда қанаушылық.
Тақырыптың құрылымы : Баяндама кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ұлы географиялық ашылымдар – феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің
дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп-шірітуші товар –
ақша қатынастарының үнемі өсуінің, еуропалық елдердің Шығыс елдермен сауда
– саттық қарым – қатнастарының ұлғаюының нәтижесі болып табылады.
Товар - ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орсан
зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қажеттіліктерді
қанағаттандырудың бірден – бір құралына және байлықтың ең басты түріне
айнала бастады.
Алтынғы құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап
еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне
ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шығыстан әкелінетін товарларға
төлеуге кетіп жатты. Ал товарлардың әкелінуі көбейе берді. Осының
нәтижесінде асыл металлдың жетіспеушілігі күн санап сезіле бастады.
Европада алтынғы деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады.
Бірақ осының есесіне европалықтардың ұғымы бойынша, Европадан сыртқы
жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.
Европалықтар дүниедегі ең бай ел Африка деп санады, өйткені
Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы көпестер Сенегал мен
Нигераның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқанды. Мұнда
Сенегал мен Малидің, Жоғарғы Вольта мен Нигераның территорияларында ҮІІ
ғасырдан ХҮ ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали
құрылды.Осы елдердің бай қалалры, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең
ірі орталығы Тимбукту – Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда -
саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын
алды. Сол кездегі көпестердің мәліметтеріне қарағанда Африкадағы алтын
қорлары ғажайып көлемде болды.
Қытай, Индия, Үнді – Қытай, Индонезия таңғажайып бай елдер
саналып, көбінесе Индиялар деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда
теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да,
Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Индияға
оншалықты қатыссы болмады. Осындай алып – қашты жорамалдар ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы ұлы географиялық ашылымдарға әжептеуір себепші болды. Өйткені
бұл лақаптар теңіз жиһанкездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде
бар елдерге қайткенде де кетуге ұмтылдырды. Африканың алтыны іздеп табуға
ХҮ ғасырда португалдықтардың теңізшілер атанды. Олардың пайымдауынша
Африканың алтының Атлантика мұхитына келіп құятын үлкен өзендердің
қайырларынан атап айтқанда, солардың Бохадор мүйісінің маңындағы
сағаларының бірінен табылып, өндірілуге тиіс болды.

І тарау Ұлы географиялық ашылымдар және Американың ашылуы

ХІҮ-ХҮ ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы дамыды.
Бұған португальдықтардың, арабтардың бай және епті көпестермен ХІІ ғасырдан
бастап қарым – қатнаста еді. Португальдықтар арабтардың математикасы мен
географиясымен, сонымен қатар картографиясымен танысты. Бұл дегеніміз
келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін маңызды еді. Олар теңіз қатынастарына
қажет кемелерде – итальяндық Жерорта теңіз кемелерге қарағанда, желге қарсы
жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл және ыңғайлы каравеллалар
жассап шығарды.
Португалияның жүргізген теңіз сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан ,
ең алдымен Генуядан қоныс аударған көптеген көпестер мен теңізшілер белсене
қатысты. Өйткені ХҮ ғасырда түріктердің жаулап алуына байланысты Генуя
көпестеріне шығыспен сауданы Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүргізуге
тура келді. Бұл жерде барлық Шығыс Жерорта теңізіндегідей венецияндықтар
үстемдік жағдайда болды. Сауда – саттық пен теңіз қатынастарының
қысқартылуы генуиялық көпестер мен теңізшілерді бақытты басқа елдерден
іздестіруге мәжбүр етті. Колумб пен Каботтонның Генуядан шыққындықтарын
айта кеткен жөн.
Португалияға, сондай – ақ Испанияға теңіздің ар жағындағы жерлерді
іздестіріп, басып алуға түркі салған себептер ішкі жағдайларға байланысты
болды. Бұл елдердегі реконкистік жаугершіліктің заманы бітті. Тегін
олжалар мен әскери авантюраны аңсаған соғыс құмар және кедей дворяндардың
басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. Ал Африканы алар болсақ, әрі
бай, әрі беймағұлым өлкеге арнайы экспедециялар соғыс қимылдарын жүргізуге
ұйымдастырылып отырды. Өйткені, маврлар Африканың солтүстік – батыс
жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне, ал кейде тіпті Пиреней
түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.
1415 жылы Португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда –
саттықтың ең маңызды пункті сеутіні басып алды. Бұл жолмен атап айтқанда,
Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық
экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның көпестері және басқа
елдерден келген эмигрант – көпестер теңіздің ар жағындағы алтын шығатын
жерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспанцияларын жабдықтап шығаруға
кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королінің інісі,
ХІХ ғасырдың тарихшылары Теңіз саяхатшысы деп атап кеткен, принц Генрих,
үлкен қамқорлық жасады.
Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда сауда
монополияларына ие болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең пайдалы сауда
жергілікті халықты талан – таржға салып, құл саудасын жүргізу болды. Міне
осылар португальдықтардың Африкалық жағалауды бойлап жоғары жылжи беруіне
себепші болды. Отыз жыл ішінде Африканың батыс жақ шегіне жетті.
Португальдықтардың әуел бастан – ақ Индияға апаратын теңіз жолын іздеп
табуды көздегені жайында ешбір дерек жоқ. Мұндай мақсатты олар тек 1460
жылдар шамасында, яғни Гвенея шығанағына кіріп, Африкандық жағалау шығысқа
қарай кілт бұрылғаннан кейін ғана қоюы мүмкін.
Гвения шығанағынан оңтүстікке қарай, Оңтүстік Африканың батыс
жағалауымен ілгері жылжи беруге, арыны қатты қарсы ағыстар кедергі жасады.
Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486 жылы
Козерог тропигіне жетті де, жағалаудан қашықтап, тура оңтүстікке қарай ашық
теңізге шығып кетті, сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік шетінен
бірақ шықты.
Жағалаудан одан әрі қарай солтүстік-шығыстық бағдары бар екендігіне және
өзінің шыныда да материкті айналып шыққандығына көзі жеткен соң, Диас
қайтар жолында Добрая Надежда мүйісін айналып өтті, және бұл мүйіске өзі
дәл осындай топогрфиялық ат қойды. Ол 1487 жылы желтоқсанда 16 ай бойы
жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. Добрая Надежда мүйісінен
Мадагаскарға дейін жүзіп, ары қарай Индияға жететін жолдың бір бөлігінен
өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.
Африканың батыс жағалауларының өн бойымен ілгері қарай жылжумен қатар,
сірә итальяндық теңізшілердің қатысуымен болса керек, португальдықтардың
оңтүстік – батыс және батыста ашық мұхитқа шығып алысқа жүзулері басталды.
ХҮ ғасырдың 20 – жылдарында португалдықтар Мадейра аралдарына, 30 –
жылдардың басында Азорларға барып орналасты. Ал 1456 жылы Жасыл Мүйіс
аралдарына шейін жетті.
1492 жылы Христофор КолумбАтлантика мұхитын жүзіп өтіп, Батыстық жарты
шарды ашты. Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін , сондай – ақ оның
географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды
деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың - италяндық екендігі және 1451
жылы Генуя маңында бір тоқымашының отбасында туғандығы баршаға мәлім болып
отыр. Оның жүйелі біліміде болған жоқ.
1474-1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476
жылдар шамасында, сірә генуялық сауда үйлерінің бірінің аганті ретінде
болса керек, Португалияға келеді, ал келесі жылы Англияға барады.
1479-1481 жылдары Мадейраде және оған көршілес Порту – Санту аралында
тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінен
көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбалар қалған екен.

1483 жылы үлкен теңіз экспедициясын жабдықтау туралы Португалиямен
жүргізген Колумбтің келіс сөздері басталды. Португалия үкіметінің Колумбтың
жасаған ұсынысын қабылдамауының себебі; тамаша бай Индияға баратын теңіз
жолы табылып, көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде
басқа бір жаңа қауіпті іспен айналысқылары келмеген болар. Келіс сөздер
сәтсіздіккке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді. Испаниядағы ұзаққа
созылған келіссөздерден кейін корольдің ықпалды жақын адамдарының және ең
бай испандық көпестердің қолдауымен король Фердинанд пен оның зайыбы
Изабелланың экспедиция жабдықтауға берген келісімін алады.
Король Колумбқа адмирал атағы және оның теңіз мұхиттардан іздеп
тапқанжерлерінің бәрінде де вице-король болуы туралы хабарлайды.
Колумбтың кітапхансындағы кітаптардың құрамына және оларға соққан
белгілеріне қарағанда , оның Марко Полоның Сапарлар деген шығармасын
оқығаны туралы, сонымен қатар жердің шар тәрізді екендігі туралы ғылыми
болжамды жақтаушы француз эпископы Пьер д Альидің Әлемнің айнасы атты
трактатын ерекше зейін қоя зертегендігі байқалады. Бұл тарктат антика
заманы авторларының, сондай – ақ орта ғасырлық авторлардың географиялық
және космогеографиялық білімдер жөніндегі еңбектерінің жинағы болып
табылады.
Тарихшылардың пайымдауынша , Колумб теңізбен батысқа қарай жүзіп барып,
сол кезде Индия деп аталынған Азияға жетуді ойлаған болса керек. Бұл ойды
оған өзімен хат – хабар жазысып тұрған сол кездегі атақты итальяндық
космограф Тосканелли айтқан болу керек. Ал космографтар мен географтардың
еңбектерін оқып-зерттеген Колумб батыс жолы мәселесін өз бетінше-ақ
ойластыруы мүмкін.
1492 жылы 3 августа үш кемеден құралған эскадра Испания порты Палосадан
Канар аралдарына қарай бет алды, 10 қыркүйекте одан әрі қарай сапар шекті.
Кемелер теңізде жүзу сапасының жоғарылығымен және техникалық жағынан жақсы
жабдықтауымен еренкшеленеді.
Колумб өзінің тамаша теңізші екендігін көрсетті, ол португалдықтар
жеткілікті зерттеген Атлантиканың желдері мен теңіз ағыстарының
жағдайларында жүзудің әдістерін асқан шеберлікпен пайдаланды. 12қазанда
Колумб Багам аралдарының тобындағы бір кішкентай аралға келіп, зәкір
тастады. Бұл жерді ол Сан – Сальводор деп атады.
Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды. Мұның нәтижелері әрі
ашылған жерлер үшін де, әрі Европа үшін де орасан зор болды. Колумб
жүзуінің ұлы тарихи маңызы да осында еді.
Осы алғашқы саяхатыкезінде Колумб Антиль архипелагының бірқатар
аралдарын, Кубаның сол жағалауларын, өзі эспаньола атаған Гаити аралын
ашты. Осы жерге Навидад фортын салып, оған өзінің 39 теңізшісінің
қоныстандырды. Бұған европалықтардың Батыс жарты шарындағы ең тұңғыш отары
еді. Бірақ көп ұзамай –ақ , испандықтар бұдан қаймыға қойған жоқ. 1496
жылы Эспаньоланың оңтүстік жағалауына Сан – Доминго қаласының негізі
қаланды.
Колумб жергілікті адамдардан алтын жөнінде сұрастырды. Ол өзінің нені
ашқанын және қандай жерде тұратындығын жете ұғыныпбіле алмады. Және білуге
де болмайтын еді. Оның жүргізген күнделіктеріне қарағанда.
Азияны шығыстан айналдыра көмкеріп тұрған аралдардың бірінде тұрмын – ау
деген ойда болған және солардың арасынан континетке қарай өтетін жолды құр
бекер іздеген.
1493 жылдың 4 қаңтарында Колумб кері қайтты. Испания оны зор құрметпен
қарсы алды. Оның сол жылдың қыркүйегінде екінші экспедицияны ұйымдастыруына
ірі қаржы бөлінді. Екінші саяхатында Колумб Кіші Антиль аралдарын ашты.
Кубаның оңтүстік жағалауының бір бөлігін бойлай жүзіп бара жатып,
Колумб оны Азияның оңтүстік жағалауы екен деп ойлап тағы қателесті. 1495
жылы ол Испанияға қайтып келді. Колумб бұл жолғы саяхатында да Америка
континентін тауып аша алмады. Оны европалықтар екі жылдан соң – 1497 жылы
ашқанды. Осы жылдың мамырында Бристоль қаласынан Англияда тұрып қалған
генуялық, онда Джон Кабота деген атпен мәлім болғн, Джованни Каботта теңіз
сапарына шықты. Маусымның аяқ кезінде ол белгісіз бір жердің жағалауына
келіп жетті, сірә бұл Лабрадор болса керек. Бірақ бұл жерді ол Азияның
бір бөлігі екен деп санады.
Тек 1498 жылы өзінің үшінші саяхаты кезінде Колумб тұңғыш рет Оңтүстік
Америкалық континентке, Ориноко өзінің сағасына келіп жетті, бірақ өзінің
жағалауына шықпады. Орасан зор тұщы суды көрісімен – ақ , ол тағы бір
беймәлім жаңа материкті аштым ба екен деген ойға келді. Бірақ Колумб өзінің
король мен королеваға осы жолы саяхаты жөнінде жазған хат есебінде бұл ойын
айтуға батпады.
Осы екі арада португальдықтар Индияға баратын теңіз жолын тауып, ол
жерден түрлі жеміс және басқа да товарлар алып келді. Колумбтың 1502 жылғы
төртінші теңіз саяхаты Васко да Гаманың экспедициясына тікелей жауап
ретінде жасалды.
Куба аралынан оңтүстік – батысқа қарай бет алған Колумб бұрынғысынша ,
Азияның Шығыс жағалауына жеттім деп санап, Индияның жағалауына өтетін
бұғазды талмастан іздеді. Бұл іздеулер еш бір нәтиже бермеді.
Колумбтың жасаған теңіз саяхаттары мен жаға жер ашуларына жалпы алғанда
Испания үкіметінің көңілі толмады. Жұмсалған орасан зор қаржы тектен –
текке кеткендей болып көрінді.
Теңіздердің ар жағында жаңадан ашылған жерлерден алтын да , күміс те,
жеміс те Испанияға қарай ағылмады. Бұл байлықтар кейінен, Колумб дүние
салғаннан соң барып келе бастады.
Өмірінің аяқ кезінде Колумб өзінің праволары үшін және мұның ісіне
көңілі толмаған Испандық үкіметтің о баста беріп қалған ерекше
жеңілдіктерінен айырылмау үшін айтыс – тартыспен көп бейнет шекті.

ІІ тарау Индияға баратын теңіз жолының ашылуы

Колумб жаңа елдерді ашқаннан кейін испандықтар
португальдықтардың қауіпті бақталастарына айналды. Қақтығыстың алдын алу
үшін папаның делдалдығымен жүргізілген ұзақ келіс сөздер нәтижесінде 1494
жылы Тордесильясе қаласында келісім жасалынды. Бұл келісім бойынша полюстан
полюске шейін шекара белгіленді.
Клісім бойынша осы шекарадан батысқа қарай жаңадан ашылатын аймақтар
испандықтардың, ал шығысқа қарай ашылатындары португальдықтардың иелігіне
жататын болды.
Шек қоюшылық тек Атлантика мұхиты бойынша ғана жүргізілді. Ал мұның өзі
кейінен, испандықтар шығыстан, ал португальдықтар батыстан келіп,
Молуккалық аралдарда кездескенде олардың қақтығысып қалуына әкеліп
соқтырды.
Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға
баратын теңіз жолын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түркі болды. 1497
жылы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына король Васко да гаманы
қойды.
1497 жылғы 3 маусымда Лиссабоннан шағын – шағын төрт кеме теңіз сапарына
шықты. Экспедицияның қолына сол кездегі ең жетілдірілген карталар мен
навигациялық аспатар берілді. Васво да Гама Жасыл Мүйіс аралдарын жетісімен
жағалауға таяу жердің қарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаққа қарай
ойыса отырып, оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жақын
жерден өтіп кетті.
Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыққаннан кейін бес ай өткен соң
ғана Диастың Африка жағалауына орнатқан ең соңғы белгісіне келіп жетті.
Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс жол тапты. 1498 жылы 1
наурызда португальдықтар Мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өзара жауласушы
шейхтардың қол астындағы араб қоныстары басталды.
Малинди қаласында Васко да Гама өз қол астына лоцмандыққа сол кездегі ең
тәжиірбелі араб теңізшілерінің бірі Ахмед Ибн – Маджидті алды. Білім өрісі
өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бір қатар толық және дәл суреттерін
өлең түрінде баяндап берді. Әрі теориялық білімі, әрі ұзақ жылдар бойына
теңізде жүзу тәжиірбесі жағынан Ибн – Маджид тіпті португалдықтар тәрізді
европалық тамаша теңізшілерден де асып түсетін – ді.
Бір жарым айдан соң Ибн – Маджид кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут
қаласына жеткізді. Теңізбен Индияға сапар шегу он айдан астам уақыт алды.
Васко да Гама жергілікті раджімен тіл табысып, келісім жасады. Бір жылдан
соң, 1499 жылдың шілдеде екі кемесінен және эскадра командасының жартысынан
астамынан айырылған Васко да Гама түрлі жеміс тағамдарды артып Лиссабонға
қайтып келді.
Васко да Гаманың саяхатынан туған әсер ғажап болды. Адам шығыны мен
көптеген қиыншылықтарға қарамастан ақыры, ертедегідей бай елдерге теңіз
жолы табылды. Португальдықтар енді жыл сайын үлкен эскадралар жасақтады,
оның құрамы кейде 20 кемеге дейін жетті, олар артиллериямен
қаруаландаралды, көптеген экипажы мен солдат отрядтары болды. Қару –
жарақтың басымдылығының арқасында португальдықтар Үнді Мұхитынан арабтардың
көпестерін ығыстырып шығарып, теңіз саудасын өз қолдарына алды. Олар
өздеріне тап болған барлық кемелерді, мейлі арабтардікі болсын, мейлі
Индиянікі болсын әйтеуір оларды тонап командыларын айуандықпен қырып тастап
отырды.
Бұл жөнінде ерекше қатыгездік көрсеткен, әуелі эскадраның бастығы, содан
соң Индияның вице – королі Альбукерке болды. Ол арабтардың мұхитқа шығатын
жолдарын жауып, тіректі пунктерге тек португальдықтар бекінулері керек деп
санады. Осы мақсатпен Альбукерке Қызыл теңіздің кіре берісіндегі Сокотру
аралын және Персия шығанағының кіре берісіндегі аса маңызды сауда және
стратегиялық пункт – Ормузды басып алды.
Арабтардың Үнді мұхитынан португальдықтарды ығыстырып шығару
әрекеттерінен нәтиже шықпады. 1509 жылы арабтардың флоты Диу түбінде болған
шайқаста Индияның солтүстік – батыс жағалауында толық жеңіліске ұшырады.
Португалдықтар Индияның өз ішінде кең көлемді территорияларды басып
алмағанымен көбінесе жағалаудағы тіректі пунктерге ие болуға тырысты.
Альбукерке, Малабар жағалауындағы Гоа қаласын басып алғаннан соң ондағы
халықты түгел қырып тастап қаланы Португалияның Индиядағы билігінің ең
басты тірегіне айналдырды. Жауласушы раджаларының қарсылығыда күйреді.
Португальдықтар әдетте жергілікті князсымақтардан әр түрлі сауда –
саттық жеңілдіктерін немесе әр түрлі алым – салықтар мен оброктар жинау
правосын күштеп алу арқылы жергілікті халықты мейрімсіз қанады. Сонымен
қатар князсымақтар аса арзан бағамен бұрыш, қалампыр, дәм қабық, имбирь,
жұпар жаңғағы, шайыр және басқа товарларды жеткізіп тұруға міндетті болды.
Бұл бағалар Лиссабонның рыногындағыға қарағанда 200-250 есе төмен болды.
Тіпті ерікті рыноктан сатып алынған товарлардың өзі мысалы, бұрыш 700-800
пайыз пайда келтіріп отырды. Товарларды шет елдерге шығару қатаң шектелді.
Жылына 5-6 кеме татамды жеміс қана шығарылды.
Индиямен сауда – жүргізу Португалия короінің монополиясына айналды және
орсан зор пайда келтіріп отырды.
Индияға берік бекініп алғаннан кейін португальдықтар енді шығысқа қарай
жылжыды, өйткені Малабар Жағалауындағы қалалар Зонд және Молукк аралдарынан
татымды жеміс жеткізілетін транзитті сауңданың пунктері ғана болды.
Ең басты сауда орталықтары Малакка порты болды. 1511 жылы
португальдықтар Малакканы басып алды, он жылдан кейін Молукка аралдарында
португальдық факториялар да пайда болды.
Португальдықтардың Индонезияға қарай жылжып, ілгері басуына олардың
Индия мен арабтардың, ал кейініректе Малаяның тамаша теңізшілерінің көп
ғасырлар бойындағы тәжиірбесімен жете танысқаны өте – мөте көмектесті.
Бұлар европалықтардың келуінен көп бұрын- ақ Үнді мұхитының оңы мен солын
бірдей шарлаған еді. Осындай жасылықтарының есесін европалықтар отарлық
басқыншылықпен және олардың сауда – саттық жұмыстарын жоюмен қайтарды.
Тарихшылар әдетте Колумбтың алғашқы саяхатына таңып жүрген және тегінде
Колумбтың өз алдына онан кейінгі саяхаттарында қойған мақсаты – Индияға
апаратын батыс жолын ашу, оның алғашқы сапарынан кейін 30 жылдайуақыт өткен
соң ашылды.
Оңтүстік Американың Шығыс жағалауын ашып, оны зерттеу жұмыстары осы
міндеттің шешілуімен тығыз байланысты болды Бразилияның сірә, Испания және
Португалия теңізшілері 1498-1499 жылдары бір мезгілде ашса керек.
Алонсо Охедының қол астында испандық экспедицияға қатысып, Бразилияның
солтүстікжағалауының әжептеуір көп жерінен өткен итальяндық космограф
Америго Веспуччи, сол кездің өзінде – ақ бұл жерді континент деп таныған
еді.
Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға
баратын теңіз жолын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түрткі болды.
Индияға шыққан португальдықтардың екінші экспедициясының бастығы Хуань
Кабраль өзінің бет алған жолынан батысқа қарай тым ауытқып кетіп,
Бразиялияның жағалауына келіп жетті. Өзінен бұрынғылардың жасаған
саяхаттарын білмеген ол бұл жерді ара деп санап, оны Ақиқат Крестің (Вера
Крус) жері деп атады және Португалия королінің иелігі деп жариялады.
1501 жылдың мамырында португальдықтардың бұл аралды зерттеу мақсатында
үш кемені жабдықтап жіберді. Португальдықтарға қызметке көшкен Америго
Веспуччи өзінің досы Лоренцо Медичиге жазған хатында осы саяхатын қызыға
суреттей келіп, ережелерге мүлдем мәлімсіз бұл континентті Жаңа Дүние деп
атауды ұсынды.
Неміс космографы Вальдземюллер, Веспуччидің хаттарын басып шығарарда
өзінің Космографияға кіріспе атты еңбегінде бұл жаңа континентті
Америгоның есімімен Америка деп атауды ұсынды. Сөйтіп, Америка деген
атау ол кезде Оңтүстік америкалық континенттің шығыс жақ бөлігіне
байланысты аталды.
Жаңадан ашылған материкті оңтүстіктен айналып шығып, Молукк аралдарына
шейін жүзіп жетудің мүмкіншілігі туралы ойды алғашқы рет Веспуччи ұсынды.
Бұл жобаға Испания үкіметі әсіресе испандық конкистадор Бальбаның 1513 жылы
Панама мойнағын басып өтіп, Ұлы Оңтүстік теңізді яғни Тынық мұхитты
тұңғыш көргеннен кейін тіпті қызыға түсті.
Испандықтарды осы теңізден бұғаз ашып, онан өту, ақыры татымды жеміс
аралдарына жетіп, оны басып алу ойы баурап алды. Осы ойды жүзеге асыруды
Фернанд Магальянс қолына алды. Ол португальдық дворяндардың қатарынан
шықты.
Португалия отарларында бірнеше жыл тұрып, Малакка экспедициясына
қатысқан Үнді мұхитын жақсы білген. Бірақ корольмен жанжалдасып қалып,
Испанияға қызметке көшті және Испания үкіметімен жасаған келісім бойынша
жаңа материктен оңтүстікке қарай шығатын жаңа бұғаз табуға міндеттенді.
1519 жылы 20 қыркүйекте шағындау бес кемеден құралған, 253 адам экипажы
бар эскадра Сан – Лукарадан сапарға шықты.
Магелланның бұл сапары екі жылға созылды. Ол өзінің аты қойылған бұғаз
арқылы Оңтүстік Американы айналып өтіп, Тынық мұхитқа шықты да Филиппин
аралдырына келіп жетті, сол жерде жергілікті халықпен болған қақтығыста
қаза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы географиялық ашылымдардың әлем тарихында алатын орны
Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары
Ұлы географиялық ашылуларға үлес қосқан саяхатшылардың шын мәніндегі мақсаттарын айқындау
Ұлы географиялық ашылымдардың себептері
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары
Жалпы тарихтан дәрістер
Еуроппалықтардың Жапония жағалауларына келуі
Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда шетел тілінің интегративті тәсілдерін пайдалану
Пәндер