Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 ХХ ғасырдың басындағы өлке халқы
1.1 ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының үлес салмағы ... ... ... 9
1.2 Қазақстанға өзге ұлт өкілдерінің қоныс аударуы ... ... ... ... .. 10 – 12
1.3 Ауылдық және қалалық халықтардың өсу деңгейлері ... ... ... 13 – 15

2 Өнеркәсіптің дамуы
2.1 Өнеркәсіп түрлерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16 – 22
2.2 Ауыл шаруашылық шикізатын ұқсату орындарының өсуі ... .. 23 – 25

3 Өлкедегі қатынас жолдары мен сауданың жай - күйі
3.1 Темір жол желілерінің салынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26 – 31
3.2 Су жолдары мен көш көлігін пайдаланудың үлес салмағы ... . 32 – 33

4 Жұмысшы кадрларының қалыптасуы
4.1 Қазақстанда жұмысшы кадрларының қалыптасуы ... ... ... ... ... 34
– 48
4.2 Өлкедегі қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ... ... ... 49 –
50

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 51 – 53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54 – 55

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Диплом жұмысында Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік –
экономикалық жағдайы туралы мәселелер қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайы
қазақ тарихындағы елеулі оқиғаларға толы, қосар үлесі зор кезең деуге
болады. Отандық тарихымызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алды. Қоғамның
әлеуметтік - экономикалық даму кеңістігі ұлғайды. ХХ ғасырдың басында
дейін қазақ даласында бұрын соңды болмаған экономикалық өрлеу, Ресейде
дамыған капиталистік қатынастардың ықпалы негізінде жан – жақты әсер етті.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының үлес салмағы өзгерді. Өйткені
Қазақстанға Столыпин реформасының негізімен өзге ұлт өкілдері көптеп қоныс
аударды. Жергілікті халықтың үлес салмағы халықтың 90% ауылдық аймақтарда
көптеп қоныстанса, ал өзге ұлт өкілдерінің көбісі қалалық аймақтарда қоныс
тепті.
Отаршылдық саясаттың барысымен Қазақстанда өнеркәсіптің түрлері дами
бастады. Ресей капиталистерінің басқаруымен Қазақстанда негізінен
өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерлерде шикізат салаларын өңдеу
дамыды. Бұлар: тау – кен өндіруші және кен – зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ
ауыл шаруашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқстау жөніндегі өнеркәсіп.
Өлкедегі өнеркәсіп түрлерінің дамуы қатынас жолдарының – темір жол
желілерінің, су жолдары мен көш көлігін дамытуға зор үлес қосты. 1901-1905
жылдары Орынбор - Ташкент темір жолы салынды. Темір жолдардың ¾ бөлігіне
жуық желісі Сырдария және Торғай облыстарында болды. Темір жол құрылысының
өріс алғанына қарамастан, Қазақстанның зор кеңістігі релсті жолдармен өте
нашар қамтамасыз етілді. Темір жолдардан өзге Қазақстанда су жолдары Орал,
Ертіс өзендерінде түрлі пороход және бумен жүрмейтін кеме, баржалар дамыды.
Сондай – ақ өлкеде күш - көлігі кеңінен пайдаланылып, Петропавл – Көкшетау
– Ақмола, Көкшетау – Атбасар, Омбы – Семей сауда жолдары пайдаланылды.
Қазақстанда өнеркәсіптің, өлкедегі қатынас жолдарының, сауданың дамуы
жұмысшы кадрларының қалыптасуына әкелді. Жергілікті жұмысшылардың бір
бөлігі тау – кен және кен – зауыт өнеркәсібінің негізін құрап, олар қалалық
аймақтарда шоғырланды. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы жергілікті қазақ
жұмысшыларының саяси санасын оятуға әсер етті.
Диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін алға қойылған мақсаттар мен
міндеттер:
Жұмыстың негізгі мақсаты ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік
– экономикалық жағдайын жан – жақты ашу болып табылады. Анықталған мақсатқа
байланысты алдымызға мынадай міндеттерді шешуді қойдық.
- ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының үлес салмағын, Қазақстанға өзге
ұлт өкілдерінің қоныс аударуын, ауылдық және қалалық халықтардың өсу
деңгейлерін ашып көрсету;
- Өнеркәсіптің дамуын, өнеркәсіп түрлерінің дамуы мен ауыл шаруашылық
шикізатын ұқсату орындарының өсуін жан – жақты саралау;
- Өлкедегі қатынас жолдары мен сауданың жай – күйін, темір жол
желілерінің салынуын және су жолдары мен көш көлігін пайдаланудың үлес
салмағын анықтау;
- Қазақстанда жұмысшы кадрларының қалыптасуын және өлкедегі қазақ
жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын зерделеу.
Осындай мәселелерді зерттеу өзекті проблемалар қатарына жатады. Осы
орайда мәселенің зерттеуіндегі жеткен жетістіктері мен кемшіліктері, қандай
негіздерге назар аударылуы керек жөнінде қорытындылар жасау өте өзекті
мәселе болып табылады.
Диплом жұмысының нысаны ретінде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның
әлеуметтік – экономикалық жағдайының барысы алынған.
Тарихнамасы:

Диплом жұмысын жазу барысында жан –
жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды.
Осындай негізбенен оның деректік көзін Қазақстан тарихының көне заманнан
бүгінге дейінгі 5 томдығының [1], Н.В.Алексеенконың Население
дореволюционного Казахстана [2], Победа Советской власти в Средней Азии и
Казахстане [3].
Б.С.Сулейменовтың Аграрный вопрос в Казахстане последней трети
XIX - начала XX вв. (1867-1907 гг.) [4], Е. Б. Бекмахановтың
Присоединение Казахстана к России [5], П.М.Алампиевтың Ликвидация
экономического неравенства народов Советского Востока и социалистическое
размещение промышленности: (Исторический опыт Казахской ССР) [6], П.Г.
Галузоның Социальные отношения в казахском ауле и переселенческой деревне
Казахстана в начале XX в. Казахстан в канун Октябрьской революции [7],
Н.Е. Бекмахановтың Многонациональное население Казахстана и Киргизии в
эпоху капитализма [8], Ц.Л. Фридманның Иностранный капитал в
дореволюционном Казахстане [9], Е. Б. Бекмухаметовтың Цветная металлургия
и горное дело дореволюционного Казахстана [10] атты еңбектері және
көптеген авторлардың зерттеу жұмыстарына арқа сүйеп жазылды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспе, 9 тараушадан құралған 4 тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕ ХАЛҚЫ

1. ХХ ғасырдың басындағы өлке халқының үлес салмағы.

XX ғасырдың басында Ресей империясының ішкі губернияларынан күрт өскен
көші-қон ағыны нәтижесінде де, әсіресе қоныстанушылардағы едәуір табиғи
өсім есебінен де Қазақстан халқының одан әрі тез өскені байқалды. 1897—1917
жылдарда ғана, яғни Ресей империясының Бірінші жалпыға бірдей санағынан
кейінгі алғашкы екі онжылдықта, Қазақстан халқының саны (оның қазіргі
аумағына жақын аумақта), біздің есептеулеріміз бойынша 4147,7 мың адамнан
5045,2 мың адамға, яғни 25,7 пайызға көбейді.
Бірақ осы онжылдықта Ресей империясындағы қазақтар саны күрт құбылып
отырды: егер 1897—1915 жылдарда олардың саны 3881,8 мың адамнан 4753,6 мың
адамға дейін, яғни 22,4 пайызға өссе, 1917 жылы олар небәрі 4061,3 мың адам
болды, яғни 1915 жылмен салыстырғанда олардын саны 22,3 пайыз кеміген, ал
1897 жылмен салыстырғанда, яғни 20 жыл ішінде небәрі 180,5 мың адамға, яғни
4,5 пайызға ескен. Осының салдарынан Ресей халқының ұрамындағй казақтардың
үлес салмағы 1897 жылғы 3,02 пайыздан 1-915 жылғы 2,69 пайызға дейін және
1917 жылы 2,3 пайызға дейін кеміп кеткен және байырғы халыктың басым белігі
шоғырланған Қазақ-станда бұл ауытку айқын көрінді: 1897 жылы өлкеде
(қазіргісіне жақын аумақта) казақтар 3384 мың, 1915 жылы — 4205,2 мың, ал
1917 жылы — 3615,1 мың адам болды [1;567].
Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни
6,8 пайызға өскен. Бұл орайда негізгі есім 1915 жылға дейін болды, ол кезде
қазақтар қатары 821 мындай адамға, яғни 24,3 пайызға көбейген еді.
Қорытындысында өлке халкының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897
жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар
арасындағы демографиялык жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи
өсуінің төмен болуымен, яғни бала тууының адам өлімінің басымдык деңгейінен
төмен болуымен түсіндіріледі. Өлкенің негізгі де-мографиялық деректерінің
табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасау бұл мәселе бойынша айқын
мысалдар береді. Негізгі алты облыс бойынша 1897—1906 жылдарда жалпы
алғанда 1 мың адамға халықтың табиғи есімі 11,3 пайыздан, ал 1907-1916
жылдарда - 15,3 пайыз; Ақмола облысы бойынша алғанда, қоса алыған орыстар
мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0 пайыздан 1917 жылғы 55,7
пайызға дейін өскен, осы екі онжылдык ішінде халықтың табиғи есімі 38,9%
болған. Қазақтар басым болған облыстарда табиғи өсім едәуір төмен: Жетісуда
- 25,7%, Сырдарияда — 25,6%, Оралда — 20%, Семейде — 15,6%. Ал Торғай
облысында орыстар мен украиндардың үлес салмағы қоса алғанда 1897 жылғы 7,7
пайыздан 1917жылғы 37,6 пайызға дейін өскен, халықтың табиғи өсімі бұдан
едәуір жоғары — 35,1 пайыз болды. Бұл сарын өлкенің отырықшы және көшпелі
халқының табиғи өсімі деңгейін салғастырған кезде бұдан әлде қайда айқын
көрінеді. Оның барлық облыстарында көшпелі халық қазақтар болатын, бұған
Жетісу облысы ғана қосылмады, Пішпек жөне Пржевальский уездерінде көшпелі
халық негізінен қырғыздар болатын.
Мысалы, Ақмола облысында 1900 жылы отырықшы халыктың табиғи өсімі оның
жалпы санына шаққанда 1,99%, ал көшпелі халықта — барлығы 0,76%; тиісінше
1901 жылы - 2,78% және 0,54%, 1914жылы - 3,25% және 0,92% болды, яғни
қазақгарда табиғи есім орыстар мен украиндарға қарағанда 1909 жылы 2,6 есе,
1910 жылы 5,1 есе, 1914 жылы —3,5есе төмен болған. Бұл сарын Торғай, Орал,
Жетісу және өлкенің басқа облыстарында бірсыпыра ауытқулармен байқалды.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр
жағдайлары, эпидемиялык аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет
керсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-
жітімнін жоғары болуы себеп болды. Қазактардың 1916 жылғы көтерілісінің
зардаптары да ерекше келеңсіз рөл атқарды. Оны патшаның жазалау отрядтары
басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азатгық қозғалысқа қатысушылар ғана емес,
сонымен катар бейбіт тұрғындар (қарттар, әйелдер мен балалар) да мыңдап
қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға,
Түркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан
ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Зерттеуші ғалымдар Сырдария
және Жетісу облыстарынан эмиграцияға кеткен қазақ халқы одан кем болмас деп
санайды [1;567].
Өлкенің басқа аймақтары бойынша байырғы халықтың да, келімсек ха-лықтың
да аумақтық орналасу ерекшелігі жалпы қалыптасқан тарихи-демог-рафиялык
жағдайлармен, көші-қон үрдістерімен және табиғи өсім деңгейімен анықталды.
Атап айтқанда, оның өте әркелкілігі болды. Сөйтіп, XIX ғасыр-дың аяғында
және XX ғасырдын басында 70% болатын қазақтардың негізгі көпшілігі өлкенің
екі аймағында, оның оңтүстігі мен батысында шоғырланды. Оңтүстік облыстарда
— Сырдария және Жетісу облыстарында 1897 жылы 1,2 миллион қазақ (тиісінше,
709 мың және 515 мың қазақ) тұрды. Мұның өзі өлкедегі бүкіл байырғы
халықтың 36,0%-ы (тиісінше 20,8 және 15,2%) болды.1917 жылы да бұл
аймақтағы қазақтардың үлес салмағы нақ сол деңгейінде қалды деуге болады —
34,3% (тиісінше 24,4 және 13,9%). 1,1 миллионнан 1,2 миллионға дейін
қазақтар тұрған батыс аймақта (яғни Торғай және Орал облыстарында, Ішкі
Ордада және Маңғыстау өлкесінде) олар 1897 жылы - 34,8%, ал 1917жылы —
35,4% болды. Байырғы халықтың жалпы санының 17-18%-ы Шығыс және Орталық
Қазақстанның үлесіне тиді, бұл аймақтардың аумағы негізінен Семей облысының
құрамына кіретін еді, онда 1897—1917 жылдары 500 мыңнан астам қазақ тұрды.
Солтүстік Қазақстанда, яғни Ақмола облысында өлкедегі қазақтардың жалпы
санының небәрі 13 пайызы тұрды,дегенмен олардың саны осы 20 жыл (1897—1917)
ішінде 100 мыңдай адамға, 389-дан 482 мың адамға дейін көбейді [10;98 б].
Өлкенің негізгі аймақтарының көп ұлтты халқының құрамындағы қазак,-
тардың үлес салмағы осылайша аумақтарға біркелкі орналаспауына сәйкес
анықталды. Бұл орайда өзінің ежелгі аумағында Ресейге қосылудан басталып,
жиырмасыншы ғасырдың басында ерекше күшейген қазактар үлес салмағы кемуінің
жалпы сарыны (1897 жылғы 81,7%-дан, 1917 жылғы 59,8%-ға дейін) өлкенің
барлық аймақтарында, соның ішінде, қазақтар салыстырып алғанда мейлінше
тығыз қоныстанған аймақтарда да айқын көрінді. Мысалы, Сырдария облысында
байырғы халықтың үлес салмағы 1897—1917 жылдар аралығында 29,1 %, 88,8%-дан
59,7%-ға дейін, Жетісу облысында - 35,2%, 77,6%-дан 42,4%-ға дейін, Семей
облысында - 21%, 88,3%-дан 57,3%-ға дейін, Торғай облысында — 22,4%, 90,6%-
дан 58,2 %-ға дейін, Орал облысында— 18,8%, 71,3%-дан 52,5%-ға дейін
қысқарған [2;70б].
Осы 20 жыл ішінде жинақы тұратын Ішкі Орда (12,2%-ға, 96,5%-дан 84,3%-
ға дейін) және Маңғыстау уезінде де (7,3%, 93,0%-дан 82,7%-ға дейін)
қазақтардың үлес салмағы едәуір азайды. Осы екі әкімшілік бөліністе ғана
қазақтар басым көпшілік болды, ал Акмола және Жетісу облыстарында олар
жартысынан әлде қайда аз болып шықты (тиісінше 40,5% жөне 42,4%). Үш
облыста: Сырдария, Торғай және Орал облыстарында олар жартысынан сәл көп
болды (тиісінше 59,7%, 58,2% және 52,5%). Қазақтардың үлес салмағы үштен
екіге біршама жоғары болуы Семей облысында ғана байқалды — 67,3%. Ақмола
облысының Петропавл және Көкшетау уездерінде және Орал облысының Орал
уезінде қазақтардың үлес салмағының қысқаруы ерекше айқын көрінді. Олар
мұнда 1917 жылы бүкіл халықтың небәрі ширегін ғана құрады (25,0%, 24,1%
және 25,3%), ал Қостанай уезінде қазақтар оның барлық халқының үштен
бірінен сәл асты (35,3%) [1;569].

2. Қазақтанға өзге ұлт өкілдерінің қоныс аударуы.

Қазақстанның байырғы халқы үлес салмағының азаюына ғасырдың ба-сында
орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі
аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де
қатты әсер етті.
Бұл орайда аймақтың алты облысында халықтың күрт өсімі 1897—1917
жылдарда 1 301,4 мың адам болды, яғни оның табиғи өсіміне (1 446,1 мың
адам) теңелді деуге болады. Осы жылдар ішінде Қазақстанға империяның шет
аймақтарына қоныс аударушылардың 24,9%-ы, яғни шамамен төрттен бірі көшіп
келді. Аймаққа столыпиндік аграрлық реформа нәтижесінде 1906—1912 жылдарда
келген 360,7 мың келімсектер бойынша деректерге талдау жасау, олардың 80,6%-
ы Украинадан шыққандар, ал қалған 19,4%-ы Ресейдің оңтүстігінен келгендер
екенін көрсетеді. Украинадан келгендер арасында Полтава, Харьков, Киев жене
Чернигов губернияларының, ал Ресейдің оңтүстігінен келгендер арасында
Воронеж және Саратов губернияларының тұрғындары басым болды.
Бұл орайда осы қоныс аударушылардың негізгі көпшілігі Ақмола және
Торғай облыстарына, бастапқы кезде ғана олардың бір белігі өлкенің басқа
облыстарына қоныстанды. Мысалы, 1897—1916 жылдарда коныс аударған 1 301,4
мың адамнан Ақмола облысына 731,5 мың адам, яғни 56,2%-ы және Торғай
облысына 199,0 мың адам, яғни 15,3%-ы келді. Сондықтан Ақмола облысында
күрт өсу қарқыны табиғи өсу деңгейінен 2,2 есе асып түсті (1897—1916
жылдарда 325,2 мыңның орнына 731,5 мың). Қоныс аударушылардьң жалпы
көлемінен Семей облысына 130,1 мыңадам (10,0%), Жетісуға —118.5 мың
(9,1%), Оралға — 82,0 мың (6,3%) және Сырдарияға — 40,0 мың (3,1%) адамнан
келеді.
Осының, сондай-ак келімсек халықтың жоғары табиғи есімінің нәтижесінде
орыстар саны 1897жылғы 451,2мыңнан 1917жылы 1091,9 мыңға дейін, яғни 2,4
есе өсті, ал олардың үлес салмағы 11,4% орнына 18,4%-ға жетгі. Осы уакыттың
ішінде украиндар саны 79,3 мың адамнан 653,3 мың адамға, яғни 8,3 есе, ал
олардың үлесі 2,0%-дан 11,0%-ға дейін көбейді.
Сонымен қоса алғанда орыстар мен украиндар 1917 жылы Қазақстанда 1745
мың адамнан асты және өлкенің бүкіл халқының үштен бірінен сәл кем — 29,4%-
ы болды. Орыстар мен украиндар үлес салмағы санының бұл тез өсу сарыны XX
ғасырдың одан кейінгі жылдарында одан да жоғары қарқынмен дамуын
жалғастырды.
Көші-қон өсімінің негізгі бағыттарына сәйкес орыстар мен украиндардың
аумақтарда орналасуы да біркелкі болмауымен ерекшеленді. Олардың үштен
бірінен астамы — 33,6%-ы Қазақстанның солтүстігінде, Ақмола облысына
шоғырланды: 1917 жылы 344,5 мың украин жөне 241,8 мың орыс болды. Олар
тиісінше облыстағы бүкіл халықтың 29,6%-ы және 20,8%-ы, қосып алғанда
жартысынан астамы — 50,4%-ы болды. Орыстар мен украиндар ең көп қоныстанған
жер Қазақстанның батысы болды, олар 1917 жылы тиісінше 495,8 мың және 210,2
мың адам, ал косып алғанда — 706 мың адам, яғни осы аймақ тұрғындарының
41,0%-ынан астамы болды. Оның үстіне Орал облысында орыстар — 359,2 мың, ал
украиндар — 25,8 мың болып, олар бүкіл облыс халқының тиісінше 41,4%-ы жөне
3,0%-ы, ал қосып алғанда - 44,4%-ы болды. Торғай облысында орыстар — 136,5
мың, ал украиндар — 184,6 мың адам еді, олардың үлес салмағы тиісінше 16,0%-
ға және 21,6 %-ға, ал қосып алғанда облыс халқының 37,6%-ына жетті. Орталык
және Шығыс аймақтарда (яғни, Семей облысында) орыстар мен украиндар саны
едәуір көбейді: 68,3 мыңнан 196,5 мың адамға дейін, яғни 2,9 есе кебейіп,
олар бүкіл облыс халқының бестен бірінен астамын құрады: қосып алғанда
олардың үлес салмағы 1897 жылғы 10% орны-на 1917 жылы 21,1 %-ға жетті
[2;92].
Шығыс аймақта қоныстанушы халық негізінен Жетісу қазақтары және
шаруалардың болмашы саны есебінен 92,8 мыңнан 256,4 мың адамға, яғни 2,7
есе өсті. Ал олардың үлес салмағы небәрі 12,1% болды, бұл негізінен Жетісу
облысының орыстары мен украиндары есебінен: 191 мың адам және облыс
халкының 20,8%-ы еді. Қоныс аударушылар ең аз қоныстанған облыс болып
Сырдария облысы қала берді, онда 1917 жылы 75,4 мың орыстар мен украиндар
болып, олар облыс халқының небәрі 5,9%-ын құрады. Қоныстанушылар арасында
орыстар екі есе дерлік басым түсті, бұған Ақмола және Торғай облыстары
қосылмайды, оларда 1917 жылы тиісінше украиндар 344,5 мың және 184,6 мың
адам болды, ал осы облыстар халқының құрамындағы олардың үлес салмағы
тиісінше 29,6 жөне 21,6%-ға жетті.
Сонымен, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар мен украиндар бүкіл өлке
халқының 87%-ынан 95%-ына дейін құрады, онда бұлардан басқа татар-лар,
өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқалар да тұрды. 1897 жылғы ха-лык
санағы бойынша Қазақстанда шамамен 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың
өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва жөне т.б. тұрған. XX ғасырдың басында
олардың саны біршама көбейді, мысалы, 1917 жылы өлкеде енді 93 мыңға жуық
татар, 25 мың мордва және т.б. болған. Татарлардың едәуір көпшілігі Ақмола
(20 мың), Семей (38,3 мың), Орал (14,5 мың) және Жетісу (13,0 мың)
облыстарында тұрды, өзбектер негізінен оңтүстікте, ал ұйғырлар мен
дүнгендер Жетісу облысында мекендеді. Мордвалардың негізгі бөлігі Ақмола
облысында (22,2 мың), әсіресе оның Көкшетау (18,3 мың) және Пет-ропавл
(3,9мың) уездерінде тұрды [6;98].

3. Ауылдық және қалалық халықтардың өсу деңгейлері.

Қазақстан тұрғындарының 90%-ынан астамы ауылдық жерлерде қоныс-танды.
Олардың басты кәсібі ежелден көшпелі мал шаруашылығы болатын. XIX ғасырдың
аяғы — XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі
кәсібіне айналады. Онымен қоныс аударушы шаруалардан басқа қазақтар да
айналысты, олар 1897 жылғы санақ бойынша өлкедегі бүкіл егінші халыктың
55,4%-ы болды [12,94].
Село тұрғындарының басым көпшілігі - 23 бөлігіне жуығы қазақ шаруалары
және қоныс аударушы шаруалар кедейлер мен батырақтар
еді [3,120].
Таптық жіктеліс қоныс аударушылар деревнясында ғана емес, сонымен қатар
қазақ ауылында да күшейді: жер мен мал ірі феодалдардың, байлар мен
кулактардың қолына шоғырланды. XX ғасырдың басында өлкедегі төрт далалық
облыстың 10 уезінде жылқының 88%-ынан 91 %-ына жуығы ауқатты шаруалар мен
байлардың иелігінде болды [4,65].
Ішкі ордадағы бір ірі феодал 700 десятина жерге егін салып, сату үшін
мал есірген, 20-30 тұрақты және 300—400 маусымдық жұмысшы жалдаған [5,35].
Ірі байлар ағайынды Баймұхамедовтердің 3,5 мың десятина жері, ал
Дербісалы Беркімбаевтың 20 мың десятина жері болған және т.б. Күйзелген
шаруалар ауыл шаруашылық батырақтарының қатарын толықтырып, табыс іздеп
шетке кетті.
Өлкеде село тұрғындары мүлдем басым болған жағдайда дегенмен де қала
халқының өсуге бейімділігі байқалды. 1870-1897 жылдар ішінде барлық
қалаларда қала халқы үш есе дерлік, 1897 -1914 жылдарда бір жарым еседен
астам көбейді. Қазанға дейінгі кезеңде мұнда 28 қала, оның ішінде бесеуі
ғана: Шымкент, Әулие ата (Тараз), Түркістан, Перовск (Ақмешіт) және Жаркент
ежелгі қалалар болды, қалған 23 қала өлкенің Ресейге қосылуы барысында
немесе одан кейін пайда болған. Дегенмен де Қазан революциясына дейін мұнда
халық саны 50 мың адамнан асатын бірден-бір ірі қала болған жоқ. Тек төрт
қала ғана бұл цифрға жақындады: 1915 жылы Оралда -47,5 мың, 1911 жылы
Петропавлда"- 43,2 мың, 1913 жылы Верныйда - 43,2 мын және 1911 жылы
Семейде - 34,4 мың адам тұрды [16;126-127].
1914 жылы өлкенің қалған 19 қаласының әрқайсысын да халық саны 10 мың
адамға да жетпеді.

Қалалардың көпшілігі әкімшілік орталықтар
ретінде пайда болды. Бірте-бірте, әсіресе XIX ғасырдың, аяғы - XX ғасырдың
басында біршама ірі қалаларда сауда және мал шаруашылығы мен егіншілік
өнімдерін ұқсату орталықтарына айналған Оралда, Петропавлда, Верныйда,
Семейде, Қостанайда, Шымкентте, Әулиеатада және басқаларында өнеркәсіптік
даму үрдісі басталды.
Қалалардың халқы негізінен көші-қон үрдісі есебінен өсті. Қазақстан
қалаларында көбінесе орыстар, қазақтар мен татарлар тұрды. 1897 жылы қала
тұрғындары арасындағы орыстардың үлес салмағы Орал облысында - 82,8%,
Торғай облысында - 76,2%, Ақмола облысында - 56,4%, Семей облысында 54%,
осы төрт облыс бойынша барлығы 66,7% болды. Осы облыстардағы қала
тұрғындарының арасында қазақтар - 16%, татарлар - 14,3%, басқалары 3%-ын
құрады.
Қала халқының әлеуметтік кұрамы да әр түрлі еді. Зерттеушілердің есеп-
теуі бойынша, Орта Азия мен Қазақстанның тоғыз облысындағы қала
тұрғындарының 20%-ына жуығы ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылық
кәсіпшілігімен айналысқан (шаруалар, батырақтар және басқалар). Әкімшілік,
сот және полиция әскери шенділерінің үлес салмағы 7,1%-ға, дін қызметшілері
— 1,7%-ға жетті. Ең ірі әлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды — 20,3%,
бірақ бұған сауда да жұмыс істейтіндердің бәрі, соның ішінде жалдама
жұмысшылар да енген. Рантьенің үлесі 2,1% болды. Негізінен өнім өндірмейтін
еңбекпен айналысқан бұл әлеуметтік топтар 31%-ды құрады.
Орта Азия мен Қазақстанның қала халқының қалған белігі (48,8%)
кәсібінің тегіне қарай былайша бөлінді: тау-кен, кен өндіру және тамақ
өнеркәсібінде — 33,1% (негізінен жұмысшылар мен қызметшілер), малайлар,
күндіктер — 9,6%, басқалар — 6,1% [17,94-95].
Дегенмен, революцияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық
бейнесін оның орасан кең аумағында бытырап жатқан осы азын-аулақ, қала-лар
анықтаған жоқ. Шынына келгенде, Қазақстанды Ресейдің капиталистік даму
жолынан өтіп үлгірмеген, өзінің өнеркәсіп пролетариаты болмаған не-месе жоқ
деуге болатын, басым тұрғыда мал шаруашылығын және патриар-хаттық-рулық
тұрмысты сақтап қалған ұлттық шет аймақтары қатарына жат-қызған РКП(б) X
сьезінің анықтамасымен келісуге болады [8,572].
Дегенмен де, Қазақстанда капиталистік өндіріс әдісінің элементтері
әлсіз болса да дамыды. Бұл оның неғұрлым алдыңғы қатарлы Ресейге қосылуының
ең басты әлеуметтік-экономикалық салдарының бірі болды.

Ғасырдың басындағы
Қазақстандағы әлеуметтік-демократиялық жағдайға кысқаша талдау жасаудан
оның өлкедегі отаршылдық жағдайды бейнелегені көрінеді: халықтың көп ұлтты
құрамының қалыптасу үрдісі күшейді, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді
және сонымен бірге келімсек халықтың, негізінен алғанда орыстар мен
украиндардың үлесі ұлғайды; қалалар мен олардағы халықтың бірсыпыра өсуі
байқалып, оның кұрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс
аударушылар және отаршылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке байланысты
әлеуметтік жіктер мен топтар басым болды [9,243].

2 ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ

2.1 Өнеркәсіп түрлерінің дамуы.

XVIII ғасырдың 30-жылдарының басында басталған Қазақстанды Ресейге
қосудың аяқталуы 1861 жылғы крепостниктік құқық жойылғаннан кейінгі Ресейде
капитализмнің қаулап өсуімен тұстас келді. Ресейдегі капитализм тарихының
танымал білгірі В.И.Ленин былай деп атап өтті: Ресейде капитализмнің басқа
аумақтарға кеңеюге ұмтылысы біздің шет аймақтарға ерекше айқын әсер етті
және әлі де әсер етіп келеді, ол аймақтарды отарлау орыс тарихының
реформаға дейінгі, капиталистік кезеңінде кеңінен жүргізіле басталды.
Еуропалық Ресейдің оңтүстігі және оңтүстік шығысы, Кавказ, Орта Азия, Сібір
орыс капитализмінің отарлары ретінде қызмет етіп, капитализмнің терең және
кеңінен дамуын қамтамасыз етуде [10;86].
Ресей капитализмінің отары ретіндегі революцияға дейінгі Қазақстанда
негізінен өнеркәсіптің, екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы дамы-
ды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл ша-
руашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен
өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық, Қазақстанда дамыды. Онда түсті ме-
талдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің
жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20
жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-
жылдарда Алтайда А.Демидовтың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол
қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті
Кабинеттің (патша әулетінің) меншігіне көшті. Бұл кәсіпорындарда басы-
байлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міндетті күш-
келік міндеткерлігі қолданылды, сондықтан да олар реформадан кейінгі
кезеңде құлдырауға ұшырады, ал XIX ғасырдың аяғына қарай жекелеген
әрекеттерге (1887 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген
өндіріс техникасы мен технологиясын қолдану және т.б.) қарамастан жұмысын
мүлде тоқтатты [6;90-91].
Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану
неғұрлым табысты болды, оларға XIX ғасырдың 30-жылдардың басынан орыс
көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті
монополиясының болуы да ықпал етті.
1834 жылы көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорға-сын
және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен
күміс балқытуға арналған Благодатно-Степановский (Куфский) зауытын, ал 1849
жылы Александровск (Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уақыт
пайдаланғаннан кейін екі зауыт та өз жұмысын тоқтатты. С.И.Поповтың
мұрагерлері 1858-1859 жылдары Новониколаевск күміс қорғасын зауытын
(Богословск кен орыны негізінде) салды, ол 1877 жылға дейін жұмыс істеді.
XIX ғасырдың 40-жылдарында көпестер Н.Ушаков, А.Рязанов, Зотов
жергілікті байлардан Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді
алқабын, Жезқазған және Спасск-Воскресенск кенді аудандарын арзанға сатып
алып, мыс өндірумен айналысты. Н.Ушаков 1857 жылы Спасск мыс зауытының
негізін қалады. С.А.Попов (С.И.Поповтың немересі) 1887—88 жылдары
Қарқаралыға жақын жерде Косьмо-Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын
жерде Степановск зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып,
біріншісі 1913 жылға дейін, екіншісі 1907 жылға дейін жұмыс істеді [6;92-
94].
Бұл кәсіпорындардың бәрін кәсіпкерлер жеткілікті қаражаттары мен
тәжірибесі болмай, өндіріс техникасы төмен және білікті жұмысшылары жоқ
жағдайда салып, пайдаланды. Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайданы қуып
кетті де, ақыр аяғында күйзеліске ұшырады.
XX ғасырдың басында жалпы кен өнеркәсібінің кәсіпорындары, алғашқы
кезекте мыс өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік
қоғамдарының қолына көшті. Олардың арасындағы тұңғыш кәсіпорындардың бірі —
1904 жылы Лондонда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, XIX
ғасырдьщ екінші жартысында өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған
кәсіпорындарды, рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатымен құрылған
Спасск кен рудаларының акционерлік қоғамы. Қоғам орыс кәсіпкерлерінен
Спасск мыс балқыту зауытымен қоса Спасск-Воскресенск мыс кенішін және
Успенск мыс кенішін, Саран және Қарағанды тас көмір кен орындарын, екі
темір кенішін сатып алды. Қоғам аралас құрамды — ағылшын-француз қоғамы
болды және франция президенті М.Ф.Карноның ұлы, француз капиталисі Клод
Эрнест Жан Карноның байланыстары мен ықпалы арқасында кұрылған еді. Ол
патша шенеуніктерін сатып алу жолымен тиімді мәміле жасасуға қол жеткізді.
Қоғамның басқармасына төрт ағылшын және төрт француз кірді. Оның төрағасы —
ағылшынның ірі капиталисі, Парламент мүшесі Артур Фель, ал вице-президенті
Э.Карно болды. Қоғамның акцияларын ұстаушылар Американың, Германияның,
Щвециянын, Испанияның және басқа капиталистік елдердің қаржылық іскерлері
болды. Спасск қоғамында шетелдік (Лондон-Ливерпуль коммерциялық, Дрезден,
Неміс) және орыс (Біріккен Орыс—Азия, Сібір, Мәскеу, Орыс сауда
өнеркәсіптік, Петербург жеке коммерциялық және басқалар) банкілерінің өз
мүдделері болды, бірақ соңғыларының қызметіне шетел, әсіресе француз,
ағылшын және Герман капиталы зор ықпал жасады [11;15-20].

1906 жылы кәсіпкер
Рязановтың мұрагерлерінен сатып алынған Жезқазған мыс рудалары кеніштерін
пайдалану үшін Лондонда тағы да Атбасар мыс кен орындарының акционерлік
қоғамы құрылды. Қоғам Жезқазғанға Ескөл алқабындағы темір кенішін, 18 әк
шығаратын карьерді және Байқоңыр алқабындағы 4 тас көмір кенішін пайдалану
құқығын сатып алды. Қоғам 1913 жылы Қарсақбай алқабында мыс балқыту зауытын
сала бастады, ол Қазан революциясына дейін салынып бітпеген күйінде қалды.
1911 жылға қарай бұл қоғам акцияларының 40%-ы Спасск мыс рудалары
акционерлік қоғамының қолына түсті. Ол 1913 жылы оны толық сіңіріп алып,
кәсіпорыңдары мен қоса Жезқазған кеніші Спасск компаниясының меншігіне
көшті [11;23-24].
1914 жылы Риддер мен Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын
қоластына қаратқан Орыс-азия корпорациясының концессиясына көшті. Шын
мәнінде, бұл ағылшын компаниясы болатын, онда мысалы, Лесли Уркарт сияқты
ірі қаржы іскерлері үстемдік етті және 1914 жылы ол өзінің Ертіс
корпорациясы атты еншілес қоғамы арқылы Қазақстанда Кенді Алтай мен
Екібастұз кеніштерін пайдалану мақсатымен Риддер және Қырғыз (қазақ) кен-
өнеркәсіп акционерлік қоғамдарын құрды [11;25].
1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш
зауытының құрылысы басталып, 1916 жылы Екібастұз көмір және Риддер
концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады. 1915—16 жылдарда
Риддерден Өскеменге қорғасын-мырыш концентраттарын тасуға арналған Риддер
темір жолы салынды. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен Ермак айлағына
дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск (Екібастұз) темір жолымен Екібастұз
зауыттарына жеткізілді. Темір жол желісі 1916 жылдың аяғына қарай аяқталды
және тура 1917 жылға дейін қорғасын-мырыш концентраттары Риддерден
Екібастұзға дейін (шамамен 700 шақырымға жуык қашықтыққа) негізінен күш-
келігімен тасылды [12;205].
Риддерде шағын байыту фабрикасы мен Быструха электр станциясы салынды.
Соңғысын Риддер кеніштерімен бірге 1916 жылы Быструха өзенінің тасыған суы
басып кетті [6;94].
1880—90-жылдарда елкенің кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын
өндіру болатын. Өскемен уезінде ғана 125-тен астам кеніш жұмыс істеді.
Бірақ XX ғасырдың басында бірқатар себептерге байланысты (салықтың көп
мөлшерде салынуы, қатынас жолдарының қашықтығы, қаражаттың, құрылыс
материалдарының жеткіліксіздігі және т.б.) Өскемен уезінін алтын кеніштері
50-ге дейін қысқарды. Бұл алтын өнеркәсіпшілерін капиталды орталықтандыруды
күшейтуге, өз серіктестіктеріне инженерлер тартуға, өндірістік-техникалык
ынтымақтастықты дамытуға, өндіріс технологиясын жақсартуға және т.б. мәжбүр
етті. Алтын өндіруші салаға орталық Ресейдің Сібір мен Алтайдың ірі өнер
кәсіпшілері де өз капиталдарын салды. Алтын өнер кәсіпшілері арасында орыс
және татар кәсіпкерлері басым болды. 1904 жылы Өскемен уезінің 8 кеніш
базасында — Алтай алтын өнеркәсіп компаниясы, 1906 жылы Зайсан уезінің
бес кеніші мен рудниктері базасында — Марқакөл алтын өнеркәсіп
серіктестігі, 1912 жылы Өскемен уезіндегі алтын айырып алу фабрикасы бар 9
кеніштер мен рудниктер базасында Оңтүстік-Сібір алтын өнеркәсіп
серіктестігі құрылды. Соғыс жылдарында да өндірісті жалғастырған Ресей
алтын өнеркәсіп акционерлік қоғамының құрамына Мариинск, Василевск,
Холмистовск және Ақжал кеніштері кірді. Ең ірісі Ақжал кеніші болатын.
Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, Алтайда өндірілген алтынның көлемі
жалпы Ресейдегінің 15%-ына жуық болған.
1893 жылы ашылған Екібастұз көмір кенішін 1899 жылдан 1903 жылға дейін
Воскресенск кен-өнеркәсіп қоғамы пайдаланып келді. Көмірді негізгі
тұтынушылар Сібір темір жолы, Батыс Сібір пароходствосы, Пермь
губерниясының Қыштым жөне Надеждинск зауыттары, Омбы, Семей, Риддер,
Барнаул, Павлодар, Петропавл қалалары мен өлкенің басқа да қалалары
болатын. Көмір тасу үшін Екібастұздан Ертістегі Ермак айлағына дейін 110
шақырымдық кең табанды темір жол салынды, одан көмір Ертіс бойымен баржаға
тиеліп, Сібір темір жолына және одан әрі өткізілетін орнына жеткізілді.
1903 жылы Воскресенск қоғамы күйзеліске ұшырады, сөйтіп Екібастұз кенішін
пайдалану 1914 жылы ғана қайта басталды, бұл жолы оны Қырғыз (қазақ) кен-
өнеркәсіп қоғамы игерді, ол темір жолды да қалпына келтіріп, оны көмірді
Ертіске дейін тасу үшін де, Риддер руда концентраттарын Екібастұздағы
жаңадан салынған мырыш және қорғасын зауыттарына жеткізу үшін де пайдалана
бастады [12;172].
Қарағанды және Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту зауытының
отын базасы болды. Карағанды көмірін Спасск зауытына дейін тасымалдау үшін
1906—1907 жылдарда тар табанды темір жол салынды. Бұл көмір өндіру мен
тасуды көбейтуге едәуір ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен астам өсті
[13;164].
Қоңыр көмір кен орындары да игерілді. 1913 жылы Жезқазған мыс
кеніштерінен 120 шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына
бастаған Қарсақбай мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді.
1915 жылдан бастап Ташкент темір жолының Бершігүр станциясына жа-қын жерде
осы жолды отынмен қамтамасыз ету үшін Ленгір кен орнынан қарапайым әдіспен
кен өндіріле бастады. Нақосы кен орнының көмірімен Шымкент пен Ташкенттің
кәсіпорындары да жабдықталды [14;47-48].
Қазақстанда мыс өндіру негізінен Спасск зауытында жүзеге асырылды, ол
Нілді алқабындағы Успенск кенішінің базасында жұмыс істеді. 1904 жылдан
1917 жылға дейін бұл кеніштің бай кені түгелдей дерлік қазып алынды.
Дүниежүзілік соғыс басталған соң Спасск зауыты мыс балқытуды қысқартты, ал
1916 жылы өз жұмысын тоқтатты [15;39].
Тұз өндіру дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, өлке шегінен тыс алыс
жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек
тұз кәсіпшіліктері, өлкенің солтүстік-батысындағы Коряков, Поволжье,
Карабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылар саны көп, әрі ірі капиталистік
кәсіпорындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы (Бөкей хандығы) Басқұншақ
және Семей облысының Павлодар уезіндегі Коряков кәсіпшіліктері болды. Тұз
кәсіпшіліктері артельдерге, кәсіпорындарға немесе олардың қоғамдарына жалға
берілді. Коряков кәсіпшіліктері 1908 жылы Павлодар көпесі Осипов басқарған
тұз өнеркәсіп серіктестігіне 25 жыл мерзімге жалға берілді [16;96].
1909 жылы Коряков кәсіпшіліктерінде 3979 мың пұт тұз өндірілді, ал
оларда 10092 жұмысшы істеді. Бұл жерден тұз Ертіс арқылы Павлодарға, одан
әрі Батыс және Шығыс Сібірге және Обь өзенінің бойындағы балық
кәсіпшіліктеріне тасылды. 1909 жылы Басқұншақ кәсіпшіліктері 20 миллион
пұттан астам тұз берді. Олар негізінен Астраханның балық кәсіпшіліктеріне,
Саратовка, Самараға, Сызраньға, Нижний Новгородқа және басқа қалаларға
апарылды [12;96].

Орал-Жем мұнай ауданы да ағылшын капиталының қолында болып шықты. Ол мұнда
өздерінің дербес акционерлік қоғамдарын құру жолымен де,үлес қосып қатысып,
орыс компаниялары арқылы да енген болатын. 1911 жылғы 2 сәуірде Доссор
кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрқағы атқылады, мұ-ның өзі Жемде ірі көлемде
мұнай өндіруді бастап берді [6;96].
Батыс Қазақстанның мұнай кен орыңдарын пайдалану үшін мынадай ағылшын
қоғамдары: Батыс-Орал мұнай қоғамы (1912),Орал-Жем қоғамы (1912), Орталық
Орал-Каспий қоғамы,(1912),Солтүстік Каспий мұнай

компаниясы
(1914) және басқалары құрылады [11;30].
Мұнай кен орындарын өндеуге 94 фирма мен жеке адам куәлік алғанымен,
Орал-Жем ауданында 8 акционерлік қоғам жұмыс жүргізді. Олардың негізгі
капиталы 36 миллион сомға жетті [16;16].
Патша үкіметінің бірқатар акциздік жеңілдіктер беруі, арзан жұмыс күші,
күшті бөсекелестердің болмауы арқасында мұнай өндіру шетел компаниялары
үшін өте тиімді болды, олар қанаудың жыртқыштық өндістері жағдайында зор
пайда келтірді.
Сонымен Қазақстанның кен өнеркәсібі жергілікті капитал негізінде өсіп
шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі
түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан
бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның
әлеуметтік - экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті [6;97].

2.2 Ауыл шаруашылық шикізатын ұқсату орындарының өсуі.

Қазақстанның кен - зауыт өнеркәсібінен айырмашылығы, ауыл шаруашылық
шикізатын ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жергілікті қажеттермен тығыз
байланысты болды және өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі бір
ықпал жасады. Өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарын мынадай екі топка бөлуге
болады: 1) Ресейдің Еуропалық бөлігіне және шет елге шығару үшін мал
шаруашылығы шикізатын алғашқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындар: бұған жүн
жуатын, мал майын қорытатын, ішек-қарын тазартатын жөне басқа кәсіпорындар
жатты; 2) ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұтыну үшін ұқсату
жөніндегі кәсіпорындар: бұлар былғары, май шайқайтын, спирт-арақ зауыттары,
темекі фабрикалары және т.б. [6;97].
Жетісу, Ақмола және Семей облыстарында пайда болған біршама ірі жүн жуу
орындары Тамбов, Симбирск, Самара, Қазан губерниялары мен басқада
губерниялардың мәуіті фабрикалары иелерінің қолында болды. Щикізатта
соларға тасылды. Мәскеудің Стукен және К° сауда үйі Семей облысының жүн
рыногында шексіз монополияны иеленді. Жүн негізінен әскери ведомство үшін
дайындалды және оған сұраным бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында едәуір
артты. Ал Қазақстанда Верныйға жақын жерде 1910 жылы Қарғалы кентінде бір
ғана шұға фабрикасы салынды.

Фабрика
Шахворостовтыңсауда үйі серіктігінің иелігінде болды және қой мен түйе
жүнінен солдаттарға арналған сұрғылт шинель шұғасын өндірді [12;151-154].
Ет өнеркәсібінің кәсіпорындары мұздатқыш қоймалардың болмауы және
тоңызытқышты көліктің жеткіліксіздігі себепті негізінен күзде және жазда
жұмыс істеп, көбінесе Ақмола жөне Орал облыстарында дамыды. Саланың ең ірі
кәсіпорындары Көкшетау уезінің Қотыркөл станицасындағы ет-консерві зауыты
(1904 жылы негізі салынған), Петропавлдағы консерві зауыты (1915) және
Оралдағы ет тоңазытқыш (1915) зауыты болды.[6,99]. Саланың осы және басқа
кәсіпорындарына әскери ведомство ерекше мүдделілік танытты, сондықтан
бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында олар өз өндірісін едәуір кеңейтті.
Былғары өндірісі өлкенің далалық облыстарында дамыды. Семей облысында
1900 жылы 22 былғары зауыты болды. Алғаш өнделген тері өскери ведомствоның
зауыттарына және шетелге: Америкаға, Германия мен Францияға шығарылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында теріге сұранымның өсуіне байланысты
былғары зауыттарының саны көбейді. Бұл салада П.Плещеев және К°
серіктестігі және Ағайынды Трапезниковтар серіктестігі зауыттары тек
қана әскери тапсырыстарды орындады [12,55]. Қазақстанның оңтүстігінде
сыртқа шығару үшін шикізат өндеу жөніндегі ұсақ кәсіпорындармен қоса, мақта
тазарту өнеркәсібі де дамыды. 1912 жылы Келес, ал 1914жылы Велико-Алексеев
зауыттары салынды [12;153]. Құрылыс материалдары өнеркәсібі пайда болды.
1914 жылы бір Оралдың өзінде ғана 12 кірпіш зауыты жұмыс істеді, ал 1916
жылы Шымкент уезінің Георгиевка селосында цемент зауыты және т.б. жұмыс
істей бастады [12;253].
Әлбетте, фабрика немесе зауыт атауларын тым шартты түрде қолдануға
болатын ұсақ мекемелер басым болған жағдайда революцияға дейінгі
Қазақстанның ірі көсіпорындарының бірі Шымкенттегі шипалы жусаннан сантонин
өндіру женіндегі химия зауыты болды. Бұл зауыт ірі көпес Н.И.Ивановтың
иелігінде болатын. Ол 1885 жылдан жұмыс істей бастады және сол кезде дүние
жүзінде бағалы дәрі-дәрмек өндірген бірден-бір кәсіпорын осы болды
[12;235].
Өлкеде тамақ, дәм-татымдық өнімдер өнеркәсібі бірсыпыра дамыды, оның
кәсіпорындары арасында Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы ірі
диірмендер, бірқатар май шайқайтын, шарап және сыра ашытатын зауыттар
ерекше болды. Семейде XIX ғасырдың аяғында ірі диірмендер пайда болды. 1911
жылы олардың саны 22-ге жетті. 1908 жылы мұнда Семей ұн тартатын бу
диірмендерінің акционерлік қоғамы құрылды. Ол облыстағы ұн тарту ісін
толық монополиялап алды. Ұн мен майдың негізгі бөлігі жергілікті жерде
тұтынушылар тапты, қалған бөлігі Ресейдің ішкі аудандарына ғана емес,
сонымен қатар шетелге де жіберіліп отырды.
Жайықта, Сырдарияда, Ертісте, Бұқтырмада, Іле мен Шуда, Балқаш және
Зайсан көлдерінде, Арал теңізінде, Каспий жағалауында балық аулау
өнеркәсібі дамыды. 1913 жылы Қазақстан бойынша ауланған балық 34,5 мың
пұтқа жетті. Мұның езі Ресейде ауланған бүкіл балықтың 11%-ына жуық болатын
[15;29].
Революцияға дейінгі Қазақстан өнеркәсібі негізгі түрлерінің қысқаша
тізбесі өлкенің Ресей империализмінің және Батыс Еуропаның капиталистік
елдерінің шикізаттық шылауы ретінде дамығанын дәлелдейді.
Қазақстанның негізгі өнеркәсібінің бүкіл жалпы өнімі 1913 жылы небәрі
67 миллион сомды құрады (1926-29 жылдардағы бағамен). Бұл сомадан өндіріс
құрал-жабдықтарын өндіру үлесіне 27,1% тиді, ал бүкіл тұтыну заттарын
өндірудің үлес салмағы 72,9%-ға жетті. Бұл орайда жалпы өнеркәсіп
өндірісіндегі тамақ өнеркөсібінің жалпы өнімі 41,9 миллион сом, яғни 62,6%,
соның ішінде ұн-жарма өнеркәсібі - 24,0, спирт-арақ - 17,5, балық - 14,6%
болды. Бұдан өлкенің жалпы артта қалғандығы жағдайында онда тұтыну
бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптің басым болғаны көрінеді. Тау-кен зауыты
мен кен өндіруші, сондай-ақ өндеуші өнеркөсіп орындары өнімінің негізгі
бөлігі Орталық Ресейдің өнеркәсібі дамыған аудандарына тасып әкетілді.

3 ӨЛКЕДЕГІ ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ МЕН САУДАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

3.1 Темір жол желілерінің салынуы.

Қазақстанның метрополия орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің
шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында темір жолдар
маңызды рөл атқарды, олар бір мезгілде Ресейдің артта қалған отар
аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену
құралы және нәтижесі де болды. Шын мәнінде, Орта Азия мен Қазақстанды
Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар
салудан басталды.
Қазақстанда дамыған қатынас жолдарының болмауы өлкенің өндіргіш
күштерін дамытуда үлкен қиындықтар туғызды, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп пен көлікті қалпына келтіру
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі
XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
ХХ ғасырдың басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
Пәндер