Әбдіғапар Жанбосынұлы және 1916 жылдардағы Торғай қазақтарының көтерілісіне жаңа көзқарастар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І тарау Әбдіғапар хан әулеті туралы

1. 1. Әбдіғапар хан әулетінің тағдыры

1. 2. Әбдіғапар хан туралы әңгімелер

ІІ тарау әбдіғапар хан басқарған ұлт-азаттық көтеріліс және оның жеңілуі

2. 1. Көтерілісшілердің торғай қаласына шабылуы

2. 2. Әбдіғапардың хан сайлануы

ІІІ тарау Доғал Үрпак соғысы. Жас батырлар

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі

Қосымша материалдар

УДК 940. (574)

Кіріспе

Мақсаты : Жетпіс жылға жуық уақыт бойы қасақана «Халық жауы» ретінде ғайбатталып келген көтеріліс көсемі Әбдіғапар Жанбосынұлын халқыменен қайта қауыштыру. Маңыздылығы: Тәрбиеленуші жас ұрпақ пен замандастарыма саясатты үстемдік еткен таптық идеология мен заман талабына сай шындығы жасырынған сәтті назарларына ұсыну.

Міндеті Бұл шағын еңбегімде 1916-1917 ж Торғайдағы халық наразылығы жөнінде табылған материлдардың сыңар жақ саясат салқынында жазылғандығы жөнінде мағлұматтар бар және оны ел тарихын білгісі келген жас ұрпаққа насихаттай аламын. Тақырыптың өзектілігі : ХХ ғасырдан бастау алып, жетпіс жылдай “халық жауы” ретінде айыпталып кеплген көтеріліс көсемі Әбдіғапар Жанбосынұлын және 1916-1917 жылдардағы Торғайдағы халық наразылығы сыңар жақ саясат салқынында қалып қойған ақ таңдақ күндерді халқымен қайта қауыштыру. Ұрпағымызға, замандастарымызға жеткізу, насихаттау.

Көне тарихымыздың әлі де көтерілмеген тақырыптарына бармай-ақ, дәл үстіміздегі ғасырдың оқиғаларын да жете танып болмағанымыз ұлттық, азаматтық санамыздың кенжелігінің көрінісі . . . Сөз еткелі отырғаным, кешегі кеңестік идеология өңін айналдырып, тереңге көміп тастаған шындықтың бір ұшқыны ғана.

Орыс патшасының қазақ даласына жүргізген отарлау саясаты алғашқы күннен-ақ халқымыздың ашу-ыза, наразылығына тап болды. Баһадүр бабамыз, Сырым Датұлынан басталған ұлт-азаттық көтерілісінің бірінен соң бірі қанжоса жеңіліп, көтеріліске қатысушылар аяусыз жазаланса да, қазақ даласының бір шетінде бұрқ ете қалған көтеріліс оты екінші жерінде қайта тұтанып, ол өз жалғасын тауып жатты.

Атап айтқанда 1916 жылы қазақ даласының, әсіресе, Торғай өлкесінің тағы бір көтерілістің, яғни ұлт-азаттық көтерілістің ордасына айналуы және сол көтерілістің көсемі, бірден бір бастаушысы, халық өз арасынан хан етіп сайлаған Әбдіғапар Жанбосынұлы туралы сөз етемін . . .

« . . . XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемдерінің бірі Әмір Әбдіғапардың кешегі тоталитарлық заманда есімі құбыжық етілді, тарихтан алыстатылды». Ал шын мәнінде Әбдіғапар кім еді ?

Ол - бүкіл қазақ халқының патша жарлығына қарсы көтерілісі тағдырын сеніп тапсырған, сондай ауыр заманда ту көтерген, халық азаттығы жолына адал берілген, соңынан қазағын ерте білген зор парасат иесі, көсемі.

Жасыратыны жоқ, Әбдіғапар 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі басшысы болса да, осы уақытқа дейін тек Амангелді батырымыз жеке дара шектен тыс марапатталып келді. Рас, Амангелді қол бастаған батыр, құралайды атқан мерген. Алайда, азаттық жолында жанын қиған өзге қаһармандарды ұмыт қалдыру - әділеттік пе ?

Өкінішке орай бұл жылдар бойында саясатты үстемдік еткен таптың идеологиясы, сол қолдан құдай жасап, жеке адамға табындырып келген сұмпайы саясаттың қырсығы.

1916-1917 жылдардағы Торғайдағы ұтл-азаттық көтерілістің басшысы әмір Әбдіғапардың өмір жолы, орыс патшасының отарлау саясатына қарсы күресі, тәуелсіздік жолындағы тегеурінді істері жайлы баяндалды.

Тәуелсіздікті аңсаған ата- бабамыз бостандық жолында күресіп, қазақтың ұлан-ғайыр жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтаған ер еді. Құрсауда қалған ғасыр оқиғалары ұмыт қалуы мүмкін емес. Тарихымызға терең бойлай батып, биік шыңға шығу үшін алдымыздағы ғасырдағы оқиғалардың ақ таңдақтарын айқындауымыз керек.

1916-1917 жылдардағы Қазақстанның бостандық аңсаған көтеріліс ақ патшаның ашындырған жарлығы, халық наразылығы жан қидырып, қан төккізді. Шындық, шығынсыз, қансыз соғыс емес, бірақ бұл соғыс емес азаттық, бостандық жолындағы күрес. Асқақ арман Торғай Ырғыз халқын біріктіріп, ту көтертіп, қару ұстатқан. Жазалаушы отрядтарға қарсы ауыл ұсталары соққан найзалар, қылыштар, білтелі мылтықтар, садақтар мен семесерлер ұстаған Амангелді әскері зеңбірек пен винтовкалы әскерге қарсы шыққан еді. Жер үшін, ел үшін асқақ арман үшін күрескен қазақ халқы.

Көтерілістің ең пәрменді де берік ұйымдасқан жері - Торғай даласы.

Әмір Әбдіғапар мен 1916 жылдардағы Торғай даласындағы көтеріліс жайлы біраз материалдар жарық көріп, біраз азаматтар мен ақын-жазушылар осы тақырыпта қалам көтеріп, еңбек етті. Тоқталып кеттетін болсақ:

1950 ші жылы Доғал - Үрпек ұрысы жайлы мәлімет жинаған Әбдіғалық Жанбосынұлы.

1916-1917 жылдардағы Торғай қазақтарының көтерілісі мен Әбдіғапар жайлы мәліметтер жинап, баспадан аранайы кітап ретінде оқулық жазған Марат Мырзағалыұлы.

Әбдіғапар ханның өмір жолы мен ұрпағы, сонымен қатар көтеріліс туралы мәлімет жүйелендіріп, оқулық жазған Мақсұтбек Сүлейменов.

Торғай көтерілісі тарихымен айналысқан академик Манаш Қозыбаев. 1994 жылы “Әмір Әбдіғапар” “Қазақ әдебиеті” газетіне мақала жазған Манаш Қозыбаев.

“Сендер шауыпкірдіңдер ту көтеріп, ХХ ғасырдың есігінен ” - деген сынды өлең жолдарын арнаған Мұхтар Шаханов.

“Бабаларымыздың бағы жанғанына қуанамын” “Торғай таңы” газеті Қабден

Әбдіғапаров, Мақсұтбек Сүлейменов. 1995 жылы 24 маусым.

1926 жылы К. В. Харлампович “Восстание Тургайских казак-киргиз 1916-1917гг. ”

“ Әбдіғапар хан ” дастанын жазған Файзолла Сатыбалдыұлы.

1995 жылы Әбдіғапар Жанбосынұлының туғанына 125 жыл толғанына “Торғай таңы” газетінде “Әбдіғапар Әмір” атты ән жарық көрді. Әні Қалибек Дерпсалұлынікі, сөзі Хамитбек Мұсабаевтікі.

Баяндаманың хронологиялық көрсеткішіне көңіл аударатын болсақ, 1916 жылғы Торғай көтерілісіне негіз болған “қара жұмысқа алу”мақсатынан бастап, 1919жылы қараша айында Әліби Жангелдиннің қызыл әскер тобы Әбдіғапарды Зәуре қопасында намаз оқып отырған кезінде атып кеткенге де-йін. Бұл Қазақстанда большевиктер жүргізген алғашқы террор болатын.

Сонымен қатар хан тұқымының тағдыр тәлкуегін көрген кезі 1929 жылы Назарды өлтіруден басталып, 1941 жылы Рүстем атылғанша жүргізілгені. Алмас қылыш қынабында жатпас немесе тектіден текті туады деп Әбдіғапар Әмірдің бүгінгі ұрпағының өмірі, тектіліктің дәлелі.

I тарау. Әбдіғапар хан әулеті туралы

  1. Әбдіғапар хан әулетінің тағдыры

Ұлт-азаттық көтерілістің көсемі - Әбдіғапардың «хан» аталуы, оған «Амангелді батырды өлтіруге қатысты» - деген жалған айыптың тағылуы - оның бүкіл үрім бұтағын қайғы-қасіретке белшесінен батырды. Шаш ал десе бас алатын «Алаш белсенділер» нияздардың соңына шырақ ала түсіп, Әбдіғапар балаларының бірінен соң бірінің көзін құртты. Би, болыс, хан тұқымы болғаны үшін ең алдымен қуғынға ұшыраған Мағзұм мен Назар болды.

Мағзұм . Ол - 1910 жылы Қараторғай болысында туды. Мінезі тік, шындықты бетке айтатын, батыл жігіт еді. 1928-жылы Орынбордың қызыл офицерлер мектебін бітіріп келіп, елде қызмет істей бастағанында, оның сол көлгір суды білмейтін қылығы түбіне жетті. Оны жасытып, жуасытуды мақсат тұтқандар «Саяси сенімсіз», «Хан тұқымы» деп, мұқата бастады. Туысы - Назар екеуінің қолындағы азын аулақ малдарын тартып алып, ашықтан-ашық қысым көрсетті. Оған шыдай алмаған Мағзұм мен Назар «Батпаққара көтерілісіне» барып қатысып, «Халық жауы» атанды. Назар 31-жасында соңынан қуған қызыл әскер отрядының оғына ұшты, Мағзұм 1930-ыншы жылы түрмеде атылды.

Садауқас. Оны туған туыстары Сәдіман деп те атайды. Ол 1876 жылы дүниеге келді. 1916-1917 жылдары ұлт- азаттық көтерілісінің бел ортасында болған Әбдіғапардың бұл інісін де қызылдардың қан аңсаған құрығы құтқармады. Ол Орынбор гимназиясын бітіріп, елге келісімен халық соты болып жұмыс істеп жүрген-ді. Құқық тәртібі мен заңнан хабары мол болмаса да, Төле би, Әйтеке, Қазыбек билердің салт-дәстүрі бойынша қылмысты іс жасамаса, ағайынды бір-бірімен жарастырып, ұрыс-керіс, дауларын ағайыншылық жолмен-ақ шешіп жіберетін. Сірә сол қылығы ұнамады ма, 1930 жылдың басында оны да түрмеге қамады, тергеу-тексерусіз атып тастады.

Қали. Әбдіғапардың үлкен ұлы, 1896 жылы туған. 1930 жылы ауылдық Кеңестің заңсыз әрекетіне қарсы сөз айтқаны үшін ұсталып, төрт жылға сотталды. «Жазасын» атақты Карлагта өтеді. Қали бостандыққа шыққаннан кейін елге келмей әуелі Өзбекстанға, содан кейін Ресейдің Селебе облысына барып тұрды. Сол жерде шахтада жұмыс істеп, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ол жеңістен кейін де елге жоламай, тек 1948 жылы Алматы қаласына көшіп келді. Әкесі Қалиды кезінде жазықсыз темір торлы түрмеге қамағандары аздай-ақ «Алаш белсенділер» оның буыны бекімеген баласы Қабденді де аямады. 1931 жылғы ақпан айының аязды күндерінің бірінде оның үйіне Әмірқұл белсенді келіп, тінту жүргізеді. Сонан соң, үш жасар Қабденді жалаң аяқ, жалаң бас далаға сүйреп алып шығады да, «Үйіңде тығулы не бар?» - деп сұрайды. Жас бала суыққа тоңып,

қатты қорыққанынан: «Үйде піскен бұзау бар» деп қолдарында қалған екі бұзаудың бірін шешесінің бүкіл бала шағасын асырау үшін сойып алғанын айтып қояды. Әмірқұл піскен бұзаудың етін тәркілеп үйіне алып кетті. Қабден аязға тоңғаны аздай-ақ, шешесінен таяқ жейді. Жазықсыз жандардың көзжасы жіберген бе, кейін Әмірқұлдың өзі «Халық жауы» атанып, атылап кетті.

Уәлі. Әбдіғапардың ағасы - Жалмағамбеттің баласы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде мыңбасы болған халық қаһармандарының бірі екендігіне қармастан, 1930 жылы тұтқындалып этаппен Алматыға жіберілді. Оған да «Халық жауының інісі» деген айып тағылды. Сол үшін ол ең ауыр, ату жазасына бұйырылды. Ал, енді оның он сегіз жасар баласы - Ғапбастың он жыл тұтқындар лагері - Карлагта отыратындай, өмірінің ең албырт шағын тозақ торында өткізетіндей не жазығы бар еді? Ғапбас он саусағынан өнер тамған тамаша ағаш шебері болатын. Оған он жыл лагерде отырғанында ағаш түйін түйетін сол шеберлігі көп көмектесті. 1940 жылы тұтқыннан босанып үйіне келген Ғапбасты адам тану қиын еді. Ол тұтқында жүрген кезінде тоңғанынан екі аяғын кеудесіне жинап жатады екен. Соны еркіндікке жүргенінде де қоя алмай, өмір бойы бүрісіп ұйықтап өтті.

Рүстем. Әбдіғапар балаларының ішінде Рүстемнен үлкен үміт күтті. Ол 1900 жылы туып, 16 жасында-ақ тәп-тәуір сауатты азамат болып қалыптасты. Қашаннан өнер, білімге құштар Рүстем өзінің ауылда алған білімін жоғары бастауыш училищесінде жалғастырды. 1918 жылы Әліби Жангелдинмен бірге «Қызыл керуен» ұйымдастырып, оның ержүрек барлаушысы болды. Сол жылы Кеңестердің Торғай облыстық I-ұйымдастыру съезіне делегат болып қатысқан ол онда облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Ақтөбе уезі мен Шалқар ауданында болыстық және ауылдық Кеңестерді ұйымдастырды. Колчак бандаларына қарсы күрес жүргізетін қызыл әскердің Қырғыз құрамасын жасақтауға ат салысты. Орынбор, Астрахань, Хан ордасындағы ақ гвардияшылардың көтерілісін басуға қатысты. 1937 жылы қазақ елінің жақсы-жайсаңдарының көзін жою науқаны жүргізілгенінде, Рүстем қоғамға қауіпті хан тұқымы, деген айыппен түрмеге қамалып, төрт жылдан кейін атылды.

Мырзағали. Әбдіғапар ханның балаларының ішінде Кеңес өкіметінің қаһарына ілікпей қалған жалғыз сол ғана . Ол - 1910 жылы туған-ды. Жастайынан алды-артын терең болжап, батыл шешім қабылдайтын азамат болып өсті. Аға-іні, туған туыстарын түртпектеу басталғанында, оның соңы жақсылыққа әкеп соқпайтынын сезген ол Өзбекстанға көшіп кетті. Сөйтіп, ол кіндік қаны тамған атамекенінен тентіреп, тауқымет тартса да, репрессия жылдары жан ұясын аман-сау сақтап қалды. Содан, бертінде ғана туған жерге оралып 1965 жылы қайтыс болды.

қызметкері уездік милиция бастығы болып жұмыс істеді. Әттең көп жасаған көп жасаған жоқ. 1921 жылы дүниеден өтті. Асқар таудай тірегі құлап, жетім қалған Төкешке балалар үйінде тәрбиеленіп, бұл өмірдің ащы дәмін тым ерте татуға тура келді. Бірақта көп ұзамай оны Рүстем өз қолына алды. 1934 жылы ҚазМУ ашылғанында, ол оның алғашқы студенттерінің бірі болды. Университетте комсомол ұйымының хатшысы болып, сабақ үлгерімі өте жоғары болғандықтан, «Оқудағы озаттығы үшін» медалімен наградталды. Мұны көріп, іштері күйгендер үстінен жоғары жаққа «Хан тұқымы» деген «домалақ арыз» түсіріп, ол комсомолдан қуылды, оқудан шығарылды.

Әбдіғалық. 1895 жылы Жанбосынның шаңырағында дүниеге келді. 1916 жылы ұлт- азаттық көтерілісі кезінде Әбдіғапар ханның атқосшы шабарманы болды. Алматы облысының Талғар ауданындағы «Қызыл қайрат» колхозында есеп қызметкері болып, еңбек етті. Ол 1980 жылы қайтыс болғанынша, қарапайым тірлік кешіп, ешқандай саясатқа араласпады.

Орнында бар оңалар. Әбдіғапар ханның ұрпағын жер бетінен біржолата жойып жіберу үшін ұйымдастырылған қастандық ең алғаш рет 1929 жылы, Назарды өлтіруден басталса, ол 1941 жылы Рүстем атылғанша, жүргізілді.

Алайда, атып асу, қуғын-сүргіннің қандайы да Әбдіғапар ханның әулетін түп тамырымен құрта алмады. Оның ұрпағы жайқалған бәйтеректің бұтаығндай өсіп - өніп, қанатын кеңге жайды. Қазір оның немерелерінен тараған шөберелерінің өзі ұлдан он екі, қыздан бес бала. Текті тұқымынан шыққан тұяқтың да текті болуы өмір заңдылығы емес пе. Қай кезде тірлік құрмасын Әбдіғапар хан ұрпағының осал болған бірі жоқ. Сол дәстүр қазір де жалғасын тауып, олардың бірі - ғалым болса, екіншісі - өнер қайраткері, үшіншісі - басшы қызметкер. Тіпті, Әбдіғапар ханның немере, шөберелерінің арасында орта мектепті алтын медальмен бітіргендерінің өзі- төрт адам. Негізінен, бұл күндері түтін түтетіп отырған Әбдіғапар әулетінің үлкендері : Қабден, Қабыл, Марат, Сағадат.

Қабден. Әбдіғапардың үлкен ұлы - Қалидың баласы. Ол - 1928 жылы Батпаққара ауданында қарасты Қараторғай ауылының, Көртоғай деген жерінде дүниеге келді. Торғай жерін аштық жайлар алдында әжесі Тынышбала соңынан ертіп, Алматыға алып барды . Ал, бұлардан кейін жолға шыққан апалары болса, бауырының қасына жете алмай, аштықтан жолда өлді. Қабденнің де балалық шағы әуелі, балалар үйінде, одан кейін Рүстем мен Кәтездің үйінде өтті . 1934 жылы Карлагта тұтқында отырған әкесі бостандыққа шығысымен, олар Өзбекстанға барып тұрды. Мұнда олар ес жинап, еңселерін көтерісімен-ақ өздерін ешкім танымайтын, Ресейге көшті. Әкесі соғысқа кетіп, бүкіл отбасының ауыртпалығы өзіне қалғандықтан, Қабден он үш жастан еңбекке араласты. Алты жасында алтын ұя - туған елінен басқа жаққа барып тұруға мәжбүр болған Қабденге он сегіз жасында ғана Қазақстанға қайтуға мүмкіндік туды. Ол елге келісімен, үзіліп қалған оқуын қайта жалғастырып, Талғарда он жылдық мектепті алтын медальмен бітіріп шықты. Кейін, осындай алтын медальдарды оның інісі Ғабдолла мен қарындасы Садат та алды.

Қабденнің бала кезінен арманы Репин атындағы Сурет Академиясына түсу еді. Өйткені ол, атасы Әбдіғапарға тартқан шебер болатын. Және суретті де жақсы салатын. Амал не, жас жігіттің бұл талабын ағасы Төкеш ұнатпады. Ол Қабденді қасына шақырып алып, «Өнер адамдарының арасыда айтыс-тартыс көп болады. Ертең, әкең мен ағаларыңа айып таққандай, «Хан тұқымы»-деп, сені де үстіңнен көрсететін адамдар табылады. Егер, тыныш өмір сүргің келсе, көп адамды қызықтырмайтын, әрі көп адамның өресі жете бермейтін техникалық ғылымды қу» - деді. Қабден қинала-қинала, арманынан қол үзіп, Төкеш ағасының ізімен физика факультетіне оқуға түсті.

Рахима. Қазақстанға еңбегі сіңген артист. Әбдіғапар ханның інісі Сәдуақастың (Сәдіманның) қызы. Ол 1919 жылғы күзде, Әбдіғапардың қайтыс болуынан қырық күн бұрын дүниеге келді. 11жасында әкесінен жетім қалған Рахима 1931-1933 жылғы аштықтан кедейсоқ аман қалды. Жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген Рахима әнге өте әуес-ті. Алматыда Опера театр ұйымдастырыла бастағанда, оның даусын арнайы байқауда тыңдаған Қанабек Байсетов пен Евгений Брусиловский оған жоғары баға беріп, Рахиманы Опера студиясына қабылдады. Рахима Мұсабекова 1936 жылы бірінші рет «Ер Тарғын» операсында Жаңқаның, содан кейін «Қыз Жібек» операсында ұзақ уақыт бойы Қамқаны, «Біржан-Сара» операсында аналықтың ролдерін орындады. Мұхаммеджановтың «Ғасырлар жыры» ораториясында «Елім-ай» әнін, «Атамның ақыры», «Қыз Жібек» кинофильмдерінде жоқтаулар айтты. Қазір ол республикамыздағы таңдаулы өнер қайраткерлерінің бірі.

Сағадат . Рүстем мен Кәтездің шаңырағын құлатпай, атасынынң атын өшірмей, жалғастырып отырған ұрпақ. 1958 жылғы қаңтар айының бірінші жұлдызында Ақмола облысының Атбасар қаласында туды. Әкесі Едіге, ағасы Елемес өмірден ерте кетті. Сағадат Алматы қаласында әуелі №90 орта мектепті, кейін ҚазМУ-н бітіріп, өзінің алғашқы еңбек жолын А. Ф. Иоффе атындағы физика-технология институтында сынақтан өтуші зерттеушіден бастап, көп ұзамай оған аспирант болып қабылданды. 1986 жылы физика-математика ғылымының кандидаты атанды. 1991-1992 жылдары Қазақстан Министрлер Кабинетінің жанындағы жастар арасында кәсіпкерлерді қолдау және дамытудың республикалық қорының вице-президенті болды. Оның Нияз, Дархан есімді екі ұлы бар.

Ақмолда. 1939 жылы қаңтар айының жиырма бірінші жұлдызында Қостанай облысы, Федоровка ауданының Ванновка селосында туды. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогика университетінің физика-математика факультетіне түсіп, «физика және өндіріс негіздері» бойынша мамандық алды. Қазақ ССР Жоғарғы және арнаулы орта білім Министрі, СССР педагогика ғылым академиясының мүше-корреспонденті Кенжалы Айманов басшылығымен физиканы оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты.

1. 2. Әбдіғапар хан туралы әңгімелер

« . . . Ұлт-азаттық көтерілісінің ержүрек батыры оқыстан мерт болғанымен, оның жұрт аузында сөзі, ел есінде ісі қалды. Әбдіғапар айтты деген сөз ел арасында әлі шалынады. Әсіресе, ақ патша шенеуіктері, Колчак шабарман-дары батырдың атын кезде жылыстап жоғалудың сылтауын іздейтін бетпе-бет ұшырасып сауалдасуға жүзі шыдамайтын еді. «Бодан елдің бұйдалы

ботасы емес, бура болып шабынар кез келеді әлі» деген сөз де Әбдіғапардан қалған». / Дүкенбай Досжанов. /

«Жеңген ит жеңілген итті неше жыл желкелейді ?!»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт - азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)
Торғай көтерілісі
Файзолла ақын және алаш қайраткерлері
Мыңбасы Қосжан батыр
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Қазақтан осы соғыс үстінде солдат алынбау
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Кейкі батыр
Торғайдағы көтеріліс басшылары
Орыс бақылаушысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz