Мұхтар Әуезов және Абай жолы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1.1. М.Әуезовтің өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.2. Түбірлі мазмұн, тың пішін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6


ІІ. Негізгі бөлім: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман.эпопеясы

2.1. Ғасырлық туынды . «Абай жолы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.2. «Абай жолының»
эпопеялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2.3. Кейіпкерлер бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың

негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі– Абай болса, ХХ

ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына

жалпы сипат беру.

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы — бүкіл

совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік

биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары

бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, та тұтас

түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен»

менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті

са¬мал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін...»—

деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның,: «Эпикалық, «Абай» романы...

XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі»— деген сөздері демократиялық

бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер

роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.
Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының жылма – жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады.
Мақсатым: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық талдап, оқырманға жеткізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Серік Қирабаев «Революция және әдебиет» Алматы «Жазушы»
2. Нұрқатова А. «М.Әуезов шығармашылығы» 1965 жыл.
3. Қаратаев М. «Мұхтар Әуезов» 1967 жыл.
4. Бердібаев Р. «Қазақ тарихи романы».1979 жыл. 3-136 беттер.
5. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы, 1981 жылы.
6. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1983 жылы.
7. / Бейімбет Майлин / / Қаратаев М. Дала жұлдызы , – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1982 жылы.
8. Жұмалиев Қ. Жайсаң жандар. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 жылы.
9. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 1968 жылы.
10. Қазақ поэзиясының Құлагері. / / Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1970 жылы.
11. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1976 жыл.
12. Осы жүйрік ақын. / / Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1968 жыл.
13. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай. / / Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жыл.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1. М.Әуезовтің өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2. Түбірлі мазмұн, тың
пішін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ. Негізгі бөлім: М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы

2.1. Ғасырлық туынды – Абай
жолы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .8

2.2. Абай жолының
эпопеялық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11

2.3. Кейіпкерлер
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 22

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

т

І. Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың

негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі– Абай болса, ХХ

ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына

жалпы сипат беру.

М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы — бүкіл

совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік

биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары

бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин Ұлт туралы толық, та тұтас

түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің Абайымен

менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті

самал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін...—

деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның,: Эпикалық, Абай романы...

XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі— деген сөздері демократиялық

бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер

роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы
ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі
әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас
ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде:
Бұл қалай? - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол
кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес.
Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы
сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш
қайтпайды.
Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының жылма –
жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының
ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін
аңғартады.
Мақсатым: М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясын толық талдап,
оқырманға жеткізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті
тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1.1. М.Әуезовтің өмір жолы

Қазақстан үшін Әуезов — екінші Абай

(Николай Погодин)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында

(бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген.

Әкесі Омархан, атасы Әуез — екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесіне

салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар. Оның үстіне Әуез де,

Омархан да Абаймен көңілдес, ауылдары іргелес, сондықтан ақынның

айналасымен аралас-құралас тіршілік кешті. Мұның өзі Мұхтардың

қаламгерлік қызметінде, керек десеңіз, тіпті, бүкіл таланты мен талайында

шешуші рөл атқарған.

1904 жылы дүниеден Абай кетіп, қазақ поэзиясының күні тұтылған

тұста, жетіге жаңа толған жас Мұхтардың күллі ұлт мәдениетіне ұлы тұлға,

алтын діңгек болар болашақ алып суреткер екенін, әлбетте, ешкім біле қойған

жоқ-ты. Енді ойлап қарасақ Абай мен Мұхтардың бұл әдеби жалғастығында

Пушкин мен Лермонтовтың рухани туыстығындай бір тамаша тұтастық бар

екен. Асылы, шын мәніндегі шынайы таланттың әдебиетке, яки өнерге келу

тарихында жалпыға ортақ табиғи заңдылықпен қатар, өзгеге ұқсамайтын

оқыс, оқшау құпиялар да болады. Бұл ретте бала Мұхтардың алғашқы сауатын

әдеттегі әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы

Абай өлеңдері арқылы ашуы-арнайы назар аударарлық нәрсе!

0н бір жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға —

немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның

оқу-білім жолындағы біршама ұзақ (1908-1930) сапары басталады. Алдымен,

Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын

семинарияда төрт жыл оқиды. Бұл Мұхтардың алаңсыз кітап соңына түскен —

орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа классикасымен етене, кең және терең

танысқан жылдары еді. Өзі де сөз енеріндегі алғашқы адымын осы тұстан

бастап, қысқа-қысқа өлең шағын-шағын әңгімелер жазып жүреді. Оқуда өте

ынталы, қабілетті, ізденгіш, еңбекқор, озат шәкірт болады. Семинарияда орыс

тілінен сабақ берген Василий Попов бұл туралы былай дейді.

— Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың

денесі сыптай түзу, киімі сәнді тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы

кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр...

Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте

жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз.

Бұл Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген жаңа өкіметтің алғашқы

жылдары еді. Мұхтар Әуезов қаламгерлік еңбекпен қатар бірнеше жыл қоғам

өміріне араласып, әуелі Семей облыстық кеңесінде, кейін Орынбордағы

Қазақстан Орталық атқару комитетінде ресми қызметтер атқарады да, одан

әрі оқуын қайта жалғастырады. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік

университетіне өз бетімен тыңдаушы болып түседі, бір жылдан соң Санкт-

Петербург университетіне ауысып, оның филология факультетін 1928 жылы

бітіреді, ақыр аяғында Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс

факультетінің аспирантурасын оқып - аяқтап шығады (1930). Әуезов

талантының жан-жақтылығы (жазушы, ғалым, ұстаз) осынау көп ізденудің,

мол білімнің нәтижесі екені талассыз.

Жиырмасыншы жылдарда жұртшылық Мұхтар Әуезовтің ғылыми

педагогикалық жағынан гөрі әдеби-шығармашылық әрекетін біраз танып

үлгірген-ді. Баспасөз бетінде Адамдық негізі — әйел, тағы басқа бірсыпыра

көсемсөз, очерктері жарияланады, әңгіме-повестері (Қорғансыздың

күні, Қараш-қараш оқиғасы) жеке-жеке кітап болып басылады, театр

сахналарында пьесалары (Еңлік-Кебек,Бәйбіше-тоқал,Қар акөз) жүріп

жатады. Осыған қарамастан Әуезов өз ісіне өзі қанағаттанбайды, өзінің өнер

жолын өзі әлі де болса мезгіл мінезіне, уақыт талабына сай
жөндеп

өрбіте алмағандай сезінеді.

— Кеңес жоғары мектебін, оның аспирантурасын бітіре тұра, — деп

жазады ол өзінің өмірбаянында сол тұстың идеологиялық өктемдігіне

амалсыз мойын ұсынып, — өзімнен-өзім жиі-жиі іштей қайшылықтар,

идеялық адасулар, қателіктер тауып жүрдім.

Осының өзі өмір-тіршілікке бейтарап қарай алмайтын ойлы адамның

әрқашан іздену үстінде, ылғи ірі мақсат соңында жүретін ойшыл азаматтың

Лев Толстой айтқандай ақ адал ғұмыр кешуге ұмтыла жұлқынуы, бұлқына

булығуы, ұрынып берілуі, кателесуі әр нәрсені бір бастауы, бір тастауы,

қайтадан бастауы, қайтадан тастауы секілді. Сонымен қатар бұл — шын

мәніндегі шынайы өнердің өрбу күрделілігі, өнерлінің өсу қиындығы,

шығармашылықтың азабы мен бейнеті.

Өнер өмірден туатыны мәлім. Әуезовке біткен өнердің қайнар көзі

оның өзі таныған өмір десек, Әуезов шығармашылығындағы ең бір іргелі

тақырыптың басы, ірі идеяның бастауы — оның өнер жолының басындағы

осынау очерк-эссе.

Әйел, әйелге байланысты әсемдік әлемі — әдебиеттің мәңгілік тақырыбы.

Өткен ғасырдағы орыс әдебиетінде әлемге әйгілі Тургенев әйелдері бар
десек,

қазіргі қазақ әдебиетінде Әуезов әйелдері деп аңыздауға болатын жан

тебірентер сырбаз, сұлу образдар галереясы жасалды. Дәл осының беташары

да Әуезовтың толғанысы —Адамдық негізі — әйел. Бәрі содан басталған.

2. Түбірлі мазмұн, тың пішін

1917. жылдың мамыр айында Ералы жазығындағы Ойқұдық

жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің сегіз қанат киіз үйі әдеттен тыс оқшау

тігіледі де, оған тағы бір ақ отау керегелес қондырылады. Мұның өзі бұл

өмірде бұрын-соңды болып көрмеген көрініс, дала мінезі емес, қала құлқы

болатын. Іргелес екі киіз үйдің бірі — артистер ойын көрсететін театр
сахнасы

да, енді бірі — сахна сырты — сахнаға дайындық әрі тыныс орны... Осының

бәрін ойлап тауып, қолдан істеп жүрген жиырмадағы жас семинарист Әуезов

Мұхтар еді. Ол өз шығармашылығының прологі болып табылатын Еңлік-

Кебек пьесасын сол ауылдан табады, пьесаны жаңағы қолдан жасалған Қос

отау сахнасына сол жайлауда қояды.

Осы тұстан бастап, қазақ мәдениетінде театр өнері, драматургия жанры

пайда болады. Ойқұдық оқиғасының тарихи мәні осында жатыр.

Еңлік-Кебек пьесасының мазмұны көне — сол Әуезовтің туып-өскен

Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында

болған қанды окиға. Бір-біріне жауыққан екі рудың ер жігіті Кебек пен ерке
қызы

Еңлік бірін-бірі сүйіп қосылғанын екі жақтың да билеуші шонжар-феодалдары

кешірмей, өзара қызыл қырғын ерегіске, айтысқа, айқасқа түсіп, бір-бірінен

құн даулап, ақыр аяғында жан түршігер масқара мәмілеге келеді де, тағы

ортаның тағылық заңын аттап өткен екі жасты тірідей ат құйрығына байлап,

сүйретіп өлтіреді. Екеуінен туған сәби – нәресте таудың шатқалында

жалғыз зарлап қала береді.

Бұл оқиға ел аузында аңызға айналған. Аңыз, жүз он, жүз жиырма

жылдан кейін жарық көрген бір-екі қара сөзге, бірер толғау-дастанға мазмұн

болған.

Осынау көне мазмұнды Мұхтар Әуезов қазақтардың сөз өнерінде

бұрын-соңды болмаған су жаңа _соны пішінге көшіріп, Еңлік-Кебек

трагедиясын жазып шыққан. Демек, драматургия — қазақ әдебиетіндегі

негізінен Әуезов тудырған жанр деп Сәбит Мұқанов әділ айтқан. 1926 жылы

қазақ театрының тұңғыш шымылдығы Еңлік-Кебекпен ашылуы да тегін

емес.

Екіншіден, суреткердің өнер жолы оның өмір жолымен

тығыз байланысты екенін ескерсек, Әуезовтің жарық дүниеге көзін

ашқалы көргені, сезгені, білгені, түйгені төңкеріске дейінгі
көне

ауылдың көне тіршілігі, тағдыры, ақиқаты болса, мұның өзі жазушы

шығармашылығындағы өзекті тақырып болып, 1917 жылы басталған

Еңлік - Кебек трагедиясынан 1957 жылы аяқталған Абай жолы

эпопеясына дейін қырық жыл бойы желісін үзбей созылып келуі


Әуезовтың әсемдік әлеміндегі заңдылық, өнер өріндегі бірлік пен тұтастық.

Осындай заңдылық, бірлік, тұтастық болмаса, Әуезовтің өнері өмірге —

өзінің өсіп-өнген топырағына мұншалық терең тамыр тарта алмас еді. Ал

тамыры халық тағдырының тереңінде жатпаған жеке шығарманың да,

жалпы әдебиеттің де ғұмыры онша ұзақ болмайтынын дәлелдеп жату

артық.

Үшіншіден, махаббат пен жауыздық — мәңгілік тақырып._Мұхтар Әуезов

Еңлік-Кебек трагедиясын мәңгілік тақырыпқа жазған. Өз шығармашылық

өнердің алтын арнасын ә дегеннен осылай дәл тапқан. Әуезов мұны енді

өзінше қас шеберлікпен, білімімен, мәдениетпен ұштастырғанда өзек толы

ақ жалынға, маздаған отқа, қоздаған шоққа толы ақынға айналған. Ал

ақынның оты өз дәуіріндегі жалынымен жалғасқан жерде. Тырнақ алды

туындысының тамырлы тақырыбын өзі білетін өмір ақиқатынан ойып алған

Әуезовтің енді осы мазмұнға көркемдік қасиет дарытып, тақырыпты

идеялық жағынан игеру әрекетінде де айтарлықтай нұсқалық бар.

Талант құдіреті не істемейді? Тілсіз сезімге тіл де бітіреді. Абыз сөзін

оқыған жай адамның өзі сол бойда тура артист болып кете жаздайды.

2.1. Ғасырлық туынды – Абай жолы

Әдебиеттің әрбір тартымды туындысы суреткердің тақырыпты

жан-жақты менгеруі, көп ізденуі, ұзақ еңбектенуі нәтижесінде
жаса-

лады. Сондай-ақ М. Әуезов те ұлы ақын Абай өмірі мен творчествосын кең

де кемел зерттеген, роман жазарға дейін мол көркемдік ізденіс

сатыларын бастан өткізген еді.
_
М. Әуезовтың Абай шығармаларын жаттап сауат ашуы, ол

шығармалар туған орта мен шындықты бала жасынан көріп, біліп өсуі

болашақ романға негіз салған алғашқы әсер деуге болада. Жазушы ұлы

ақынның көп өлеңдерінің қандай себептен туып, кімдерге арналғанынан да

жастай таныс еді. Ал Абай жолында суреттелген оқиғалар мен

кейіпкерлер іс-әрекеті де көбінше жазушының құлағына ерте сіңген

әңгімелер желісіне құрылды. Мәселен, романның, бірінші кітабында

көрсетілген Қодар мен Қамқаның тарихы да, романның өзге

тарауларындағы сүйекті оқиғалардың қай-қайсысы да өмірде болған, ел

ішінде айтылып келген әңгіме-аңыз дерегіне негізделген.

Жазушының бұған дейінгі жазылған шығармаларында суреттелген

кейбір сарындар кейінен Абай жолына өзгертіліп, кеңейтіліп

пайдаланылды, Үш күн (1934) деген әңгімесіндегі Талпақ пен

Сарыауыздың, оқиғасы романның бірінші кітабындағы Қоршауда атты

тарауда жаңғыртыла көрсетілді. М. Әуезовтың ертеректегі Жуандық атты

әңгімесіндегі Жақсылық тағдырына байланысты оқиғалар елесі Абай

жолындағы жатақтар егінін таптаған Әзімбайлар әрекетінен көрінеді.

Эпопеяның, соңғы кітабындағы бір тарауда (Қастықта) жазушының 1925

жылы Барымта деген әңгімесінде бейнеленген оқиғалар сілемі сезіледі.

Абай жолындағы идеялық арналардың, кейбіреулері М. Әуезовтың

бұрынғы шығармаларынан-ақ желі тарта бастағанына Қараш қараш

оқиғасы да дәлел. Осындағы қаһарман Бақтығұлдың Сәлменбай

жылқышыларымен кездесу, ұрыс салу мезеттері күрделіленген түрде Абай

жолының үшінші кітабындағы Базаралы, Абылғазы бастаған жігітек

адамдары Тәкежанның сегіз жүз жылқысын алардағы сәтін еске түсіреді. Екі

шығармада да қаһармандарды жай ұрлық, баю ниеті жетелемейді, өжет на-

мыстан туған кек, жігерлі, саналы әрекет көрінеді.

Кейде М. Әуезовтың әр кезде жазған шығармаларының іштей туыстық

жалғастығы кейіпкерлерді сипаттау өрнегінен де танылады. Қилы

замандағы өткір тілді шешен, алғыр Жәмеңке мен Абай жолындағы

кедей жатақтар жоқшысы, ерлік пен адамшылыққа қабілетті, сөздерінен

еңбекші ел арманы ұшқын ататын Дәркембай арасындағы үндестік, Ұзақ

пен Базаралының халық намысын қорғап, тебірене сөйлеген шақтары екі

шығарманың арасындағы бағыттастықты білдіреді.

Роман-эпопеяның, негізгі идеялық өзектерінің бірі — қазақ халқы мен

орыс халқының, арасындағы тарихи қалыптасқан ынтымақты көрсетуді

М. Әуезов 1937 жылы жарияланған Татьянанын қырдары әні деген үзінді

тараумен бастады. Кейіннен бұл үзінді Абай жолының екінші кітабының

соңғы тарауы болып өңделіп, кеңейтілді, үлкен шығарманың тағдырында

елеулі қызмет атқарды. Суреткер осы жағдайды: Бұл — романның, ха-

баршысы еді. Данышпан Абайдың бейнесі арқылы тарихи тағдырлары

қосылған екі елдің — ұлы орыс халқы мен қазақ халқының достығын, ол

достықтың қадамы игілікті, болашағы жарқын екенін Абайдың жақсы

түсінгенін суреттеу — романның түпкі мақсаты болатын. Осы тұрғыдан

Татьянаның сахарадағы әні жазылды— деп түсіндіреді.

Абай трагедиясы (1939) да роман-эпопеяға барар жолдағы соңғы

асулардың бірі. Роман құрылысының алғашқы нобайы, идеялық-көркемдік

принциптері осы трагедияда түйінделді. Пьесадағы оқиғалар мен

кейіпкерлердің көбі Абай жолының үшінші, төртінші кітаптарында

кеңінен баяндалып, трагедияның қысқа көлеміне сыйған тартыстық желілер

романда жан-жақты тарауланып берілді.

Романның бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарық

көрді Абай деген атпен басылған алғашқы екі кітап қазақ әдебиетінің ірі

табысы деп қабылданды. Бұл роман орыс тіліне аударылып, бүкілодақтық

оқырман игілігіне айналды. Көрнекті орыс совет жазушысы А. Фадеев 1949

жылы Парижде сөйлеген сөзінде ...қазақ әдебиеті Абай секілді

романдары арқылы жер жүзілік мәні бар әдебиетке айналды,—деп

көрсетті. Осы роман үшін М. Әуезовке бірінші дәрежелі Мемлекеттік

сыйлық берілуі (1949) тек жазушының ғана емес, бүкіл

қазақ совет әдебиетінің мерейі болды. Үшінші кітап Ақын аға,

Абай жолы деген атпен екі рет (1947, 1952) басылды, романның

ақырғы төртінші кітабы —Абай жолы 1956 жылы жариялан-

ды. Төрт кітаптан тұратын Абай жолы эпопеясы 1959 жылы еліміздегі ең

жоғары сыйлық — Лениндік сыйлыққа ие болды.

2.2. Абай жолының эпопеялық сипаты

Абай жолы- қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің

нағыз жетілген кезеңінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде

пайда болуы республикамыздағы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс

болды. Абай жолында өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ

қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, каһармандардың жеке

өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Абай

жолында ұлы ақыннын жеке бастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті

мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар тағдырларының тоғысуымен

орайластырыла баяндалады. Роман-эпопеяда оқиғалардың, объективтік

ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдык тіршілікке тәуелдігі,

тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ

ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.

Шығармада сол дәуірдің әлеуметтік қайшылықтарын, қарама-қарсы

күштердің тартысын айқын ашатын көптеген оқиғалык жүйе бар.

Романның бірінші кітабындағы Қодар мен Қамқаның өліміне, әлсіз

ауылдардың жерін Құнанбайлардың тартып алуына байланысты өрбіген

үдемелі ерегістер, қырғиқабақ өштіктердің соңынан насырға шауып, үлкен

жанжал, ұрыстарға ұласуынан әлеуметтік теңсіздіктердің терең қабаттары

көрінеді. Бұл тұста жер дауы барлық шиеленістердің себебі болып отырады.

Қазақ арасындағы ежелден таусылмас таластың майданы болып келген

жесір дауы да кең әңгімеленеді. Екінші, төртінші кітаптарда кең

баяндалатын Салиқа қыздың дауы мен Мәкен қыздың оқиғасы әйел

теңсіздігінің тамырын тереңге жіберген сорақы көріністерін түп тамырымен

ашады. Әзімбайлардың кедей көршілер жерін иемденуі, Базаралының

Тәкежан жылқыларын шауып алуы, қарашығын салығының зардаптары бай

ауылдар мен егіншілер арасындағы жанжал, Тобықты мен Көкен елінің

таласы суреттелетін кездердегі таптық кереғарлықтар сыры барлық

шындығымен айқындалады. Сонымен қатар романда патша отаршылдары

тудырған ұлттық теңсіздік көрністері зорлықшыл, надан әкімдердің астам,

тұрпайы әрекеттерінен елес береді. Абай жолы эпопеясында таптық,

әлеуметтік алшақтықтар өмір мен мінезге орай тұтастық құрап, сол

заманның сан қилы салт-санасын, әдет-ғұрпын, ескі мен жаңаның, күресін

даму, өсу-өзгеру үстінде таныстырады. Романда кейіпкерлер тағдыры,

олардың өзара байланысы өмір шындығына сәйкес реалистік өрнекпен

берілген.

Эпопеяның желілерін тұтастырып тұрған негізгі арна — Абайдың және

оған тілектес топтың озбыр, содыр үстем қауым өкілдерінің зорлығына

қарсы күресі. Абай бастаған жаңашыл қауымның халық бақыты үшін батыл

айқасқа шығатын кезі өте көп. Сырттай қарағанда эпопеядағы әрбір

тараудың әңгімесі жеке-дара, оқшау секілденеді. Бірақ оларды іштей

жалғастырып тұратан негізгі арқау ылғи сезіліп отырады. Ол — ақын, азамат,

еңбекші қауым мүддесі үшін жаны ауыратын, күштілерге қарсы тапжылмай

тартысқа шығатын Абайдың өмірі, оның, творчестволық, әлеуметтік

қызметі, Абайдың араласуымен шешілетін әр түрлі оқиғалар. Романның

құрылысы Абайдың ұзақ та қажырлы ақындық, қайраткерлік қызметін

танытуға бағындырылған.

Ғасырлар бойында қалыптасып қалған ескілік ғұрыптарын қаз-қалпында

сақтағысы келіп, қараңғылық сақшысы болған ел жуандарына қарсы

жаңадан туындап келе жатқан прогресшіл күштердің күресін көрсету,

демократиялық орыс мәдениетінің ықпалын, қазақ, орыс халықтары

ынтымағының бастауларын айту, еңбекші бұқараның бойындағы

буырқанған күштің тарихи орнын көрсету — эпопеяның, негізгі идеялық

бағыты.

2.3. Кейіпкерлер бейнесі

Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер — Абай. Ол — бүкіл бір

халықтың, рухани адамгершілік келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі

мен ісі соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман

мен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында

көрінеді. Абайдың, көркем бейнесін жасауға акынның өз өлеңдерінің көп

көмегі болғанын жазушы ризалықпен еске алады. Суреткер ұлы ақынның,

шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау

арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық қиялында қаншалық биік

сатыда тұрса, роман оның, көркем бейнесін соншалық жоғары деңгейде көр-

сетеді.

Абай жолы эпопеясын жазу тәжірибесін баяндаған мақаласында

жазушы ескіліктің қырағы қорғаушысы Құнанбайды, жаңалық пен

жақсылықтың, әділдік пен адамгершіліктің күрескері Абайды орталық

каһармандар дейді. Дәуірлеп тұрған сол қаһарлы Құнанбайлар мен Абай

және оның серіктерінің арасындағы тартыс әке мен баланың арасындағы жай

бір түсініспеушілік емес, кең мағынадағы заманалық шайқас, ескі мен

жаңаның күресі.

Абайдың адам ретінде қалыптасуын көрсететін бірінші
кітаптың

маңызы зор.

__ Қодар өлімі тұсында жас Абайдың, тітіркеніп түршігуін,
зұлымдықтан

шошып ауырғанын көрсету көркемдік шындық шартына лайық. Әмірі бүкіл

бір дуанға жетіп тұрған Құнанбайға әлсіз Абайдың, ол тұста көрсетер

қайраты жоқ. Оның көзінен жас төгіп, қатты тебіренуі қатал зорлыққа

қарғысы еді. Қиянатқа сонша күйіне білген Абайдың, есейгенде әділетшіл

күрескер болып шығуы заңды.

Абай бара - бара өмір тартысында шынығып, қауым, әлеумет істеріне

араласа бастайды. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Әуезов шығармалары
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Абай жолы романы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
М.Әуезов және фольклортану мәселелері
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Пәндер