ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ж. М. Мамаева

А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік Университеті

Тараз Институты

АРХЕОЛОГИЯ ҰНАТУШЫЛАРДЫҢ ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазақ болмысының келесі бір ерекшілігі - тарихшылығы,

Қара халықтың тарихтан хабардылығы мейлінше жоғары болған.

Н. Ә. Назарбаев.

Мақсаты: Туған жер тарихы зерттеушілерін танып білуге деген жасөспірімдердің Отанға деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі жоғары тәуелсіз еліміздің ұландарын тәрбиелеу.

Маңыздылығы: Жастардың өз туған жер тарихын зерттеушілері туралы ілімінің аздығында.

Негізгі тапсырма: Археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесінің мүшелерінің жұмыстары туралы тарихи деректер жинап, туған өлке тарихын, мәдениетін танып білуге насихат жұмысын жүргізу.

Алысты жақсы көргіміз келсе, биікке ұмтылайық, аспан асты кең. Тарих - биіктің, тереңдіктің, ар - ұжданның ғылымы екені анық. Ал археология сонау тұңғиықтағы тарих пен мәдениеттің, өткен күннің ақиқаты мен айнасы ғой. Шынайылықтың дәлелелін қолмен ұстап, көзбен көріп, сараптап, бағалау емес пе?! ХІХ ғасырдың 90 - жылдарының аяғында ескі мұраларды зерттеуде өлкетанушылар мен қызығушылардың арқасында ғылыми қоғамдар пайда болды. Қоғамдар археологиялық мұраларды санаққа алу және зерттеу мақсатында құралған болатын. Сол қоғамдардың бірі А. С. Уваров қоғамының үлгісімен Тбилисиде, Қазанда және Ташкентте археологиялық үйірмелер құрылды.

1985 жылы Таншкентте құрылған археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесі орта ғасырлардағы ежелгі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның археологиясын зерттеудің бірінші кезеңі белгілі орыс шығыстанушысы В. В. Бартольдтің есімімен тығыз байланысты болды.

Бартольдтің орасан зор әдеби мұрасы - Жетісуды зерттеуі, соның ішінде Қырғыз ССР - дің территориясын зерттеуі үлкен орын алады. Оның үлкен зерттеулері дәл осы Жетісуда 1893 -1894 жылдары алғашқы ғылыми жұмыспен барғанда басталды. Осы зерттеулердің нәтижесінде үйірменің басқарушы ретінде Бартольд шақырылды. Түркістан үйірмесінде жоғарғы әскери әкімшілік өкілдері, орта оқу орындарының мұғалімдері және директорлар, барлығы 100 адамдай болды. Олар патша әкімшілігі жағынан үнемі бақылау жағдайында ғылым жолында маңызды деректер жинады. Олардың алдына қойған мақсаты тек қана Қазақстанның тарихын зерттеу ғана емес, сонымен қатар өлкетану жұмысында өз өлке тарихын зерттеуде көп нәрсе табуға тырысты.

20 - жылдары Ташкент қаласында Түркістан (кейін Орта Азиялық) мұражай мен ескерткіштерді қорғау, зерттеу, өнер және табиғат мұраларын қорғау комитеті құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Орта Азия және Қазақстанда археологиялық картаны құрастыру болды. Орыс археология қоғамының басшылары Н. И. Веселковский мен С. М. Дудиннен басқалары В. Радловтың кандидатурасымен Жетісуға шығыс тілдерін білетін, толық өңірді зерттейтін, сонымен қатар бұрын болған немесе жіберілген адамды жіберуін ұсынды. Сондай адамға лайық деп, сол кезде Петербург университетінің доценті В. В. Бартольд шақырылды. [1]

Археология мен шығыстанудың дамуына Бартольдтің 1893-1894 жылдары Шымкент - Әулие - ата - Мерке - Пішпек - Ыстық -көл -Верный желісімен іс сапары үлкен роль атқарды. Оның іс сапары тек толық тарихи мәлімет қана емес, осы күнгі археологиялық зерттеулердің бағыттарын көрсетеді. Ол өзінің іс сапары туралы есепте : «1893 жылдың мамырында Санк - Петербург Университетінің шет тілдер факультетінің жолдамасымен Орта Азияға бардым, әсіресе, Шу және Іле аңғарларына көп көңіл бөлуім керек болды» деп мәлімдеген болатын. [2]

1893 жылы Бартольд Талас аңғарының оңтүстік - шығыс бөлігін тексеріп, орта ғасырлардағы Садықорған, Ақтөбе жаныдағы Орловка қалаларын көріп шығып, қаланың қамал мен күзет мұнараларының бар екенін анықтады. [3]

1894 жылы Бартольд Талас аңғарларының солтүстік - батысын тексере отырып, Шөлтөбе, Түймекент, Оххум, Ақыртас қалаларын тапты. Ол Ақыртаспен байланысты Алаңғасыр батыр туралы аңызды бейнелейді. Бартольд орта ғасырлардағы Шу және Талас аңғарларына қатысты талдау жасады. [4 ]

1894 жылы Бартольд Бурана қаласында болып, оны көріп, мұнараның мұнара екенін дәлелдеп, оның Қараханидтер кезеңінде салынғанын анықтады. [5]

«Бурана атты мұнарасы бар Тоқмақ қаласының жанындағы ескі үйінділер деген не?» және «Тоқмақ жанындағы Бурана мұнарасы» Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих -и - Рашиди» еңбегінде жазылған Мұнара қаласын орта ғасырлардағы Бурана қаласымен теңестірді. [6]

Археология ұнатушылардың Түркістан үйірмесінінің Жетісу өңірі мен Оңтүстік Қазақстандағы іскер мүшелері В. А. Каллаур және Н. Н. Пантусов болды. 1896 - 1898 жылдары жоғарғы Талас ағысындағы жазба ескерткіштерін тауып, есепке алды. [7]

Каллаур зерттеулерінің қорытындысына Шу - Талас, әсіресе Құлан, Мерке, Қасрибас, Джульшубе және осы ескерткіштер арқылы өтетін керуен жолының негізгі бағыттары туралы деректер жинады.

Каллаур Орловка жанындағы Ақтөбе қаласында тапқан, көмілген майда ақшалар туралы да жазды. [8] Оның Ақыртасты бейнелеп, зерттеуі қазір де бағалы дерек болып есептеледі.

Пантусов Жартастардағы суреттер мен жазуларды зерттеуге қызықты, оны түсіндіруге шығыстанушы мамандарды, сонымен қатар А. Позднеевті қатыстырды. Ол археологиялық комиссиясының корреспондент мүшесі бола отырып, ескі ақшаларды зерттеуден де қалмады. Тапқан заттарының барлығын комиссияға анықтауға жіберіп отырды.

1890 жылы әскери инженерден алған мәліметті тексеру мақсатында, Пантусов Қызылағаш сайындағы көптеген төбелерді қазды. Қапал қаласынан солтүстік - батысқа қарай орналасқан. Сонымен қатар сайдағы жартас суреттерін көріп шықты. Ол Қызылағаш өзенінен Байқұлақ тауының жоғарысында Карыпче шатқалына барып, зерттеу жүргізді. [9]

1902 жылы А. К. Кларе және А. А. Черкасов Отырардың топографиялық планын түсіріп, 1904 жылы қалада қазба жұмыстарын жүргізді. [10]

«Тарих жазу, тарихты бастан кешіруден кем соқпайды, егер жазған адам тарихқа адал болмаса бұлжымас ақиқаттың өзі адамшылдықты алжастырар сипат алып кетуі мүмкін», - деген Мұстафа Кемалдың сөздерінің өзі - ақ тарихшының тарихты жазудағы басты ерекшеліктердің бірін сызып көрсеткені айдан да анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Ортағасырлық қалалардың деректері
Оңтүстік Қазақстанда XIX ғ. аяғында жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер
Археология әуесқойларының Қазақстан және Түркістан аумағындағы қызметкерлері
О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы қызметінің маңыздылығы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Қола дәуiрі ескерткіштері
ИОГҚ мұражайының басшылары
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай және 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz