ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның (Оңтүстік Қазақстанның) қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының барған сайын күшейе түсуі, қазақ халқы қалыптасуының ұзаққа созылған процесімен оған қосарласа үш жүздің қалыптасуы процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың одан әрі дамып, нығаюы Қазақ хандығы түрінде өзінің қазақ мемлекеттілігі пайда болуын туғызған объективті себептер болды.

Хандықтың негізін салушылар Ақ Орда билеушілері Ұрұс ханның ұрпақтары керей мен Жәнібек еді. Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалпына келтіру жолында Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, олар халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Олар қоныс аударыға өз бетерінше осыншама халықты көндіре алмаған болар еді. Жәнібек пен Керей өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, өз мүдделеріне орай қазақ рулары мен тайпалары ақсүйектерінің бір бөлігі мен шоғырланып алған халықтың дербес мемелекет құрмақ болған талаптарын батыл тойтарыс беріп отырды.

Өзара қырқыстар Қазақстан тайпаларын бытыраңқылыққа ұшыратты, олардың біртұтас халық болып этникалық жағынан шоғырлануын қиындатты, өндіргіш күштердің, соның ішінде адам қорының кемуіне әкелді. Экономикалық құлдырауға соқтырды. Қазақ халқын бытыраңқылықтан, саяси шашыраңқылықтан шығаруға көкейкесті міндетке айналды. Бұл міндет АқОрда мен Моғолстан құрылған кезеңде аз да болса шешілді, бұл кезеңдерде жергілікті феодал - ақсүйектер өкімет билігін өз қолдарына алды да, сол арқылы түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірігуіне, қазақ халқының өріс алған қалыптасу процесінің жаңғыруына жағдай жаады. Қарастырып отырыған жағдайда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ тайпаларының Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшуі бұл тайпалардың Ұлы жүз тайпалармен саяси бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына ең ақырында - қазақ халқының шоғырлануына қолайлы жағдай тудырды.

Зерттуеші - тарихшылар, сондай - ақ көне заман оқиғаларына байланысты ізденіп жүрген көптеген әуесқойлар Қазақ хандығы тарихын есптеу үшін қабылдаған бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар. Бәрінен бұрын «Тарихи - Рашидиде» аталған көшу фактісі мен уақытына көңіл бөлінгені түсінікті. Бұл мемелекеттің құрылуын ХҮ ғасырдың 50- жылдарының аяғында керей мен Жәнібектің рулар мен тайпаларының бір бөлігінмен Жетісуға көшуін бастау хақындағы пікір деректемелерден қолдау таба алмады, өйткені көшу уақытының өзі қосалқы мағлұматтар арқылы белгіленген ғой.

Хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің таралу уақытын Мырза Мұхаммед Хайдар Дұғлаттың «Тарихи -Рашидидегі» мағлұматтарына сүйеніп, В. В. Вильяминов - Зернов әлдеқашан - ақ хижраның 870 жыл, ХҮ ғасырдың 60- жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған.

Осы мағлұматты толық келтірейік. «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр ханг биледі. ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керй хан одан Моғолстанға қашып кеті. Есен - Бұға хан оларды шын ықыласымен қарсы алып, Моғолстаның Батыс жерін құрайтын, Шу және Қозыбасы округіндегі берді. Олар бұл жақта жақсы жайғасып алған кезде, Әбілхайыр өлген соң, Өзбек ұлысы бұзылып сала берді: онда үлкен -үлкен шатақтар басталды. Оның қол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбектер- қазақтар(өзбек- қазақ) деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталдан, бәрінде бір Алла біледі. »

Осы ауқыт - хижраның 870 жылы - біздің жыл сануымыздың 1465-1466 жылдары бес томдық (Қазақ ССр-нің Көне заманнан бүгінге дейінтарихында) Қазақ хандығының құрылған уақыты ретінде алынғын. Бұл оқиға Жетісудың Батыс бөлігіндегі аумағымен байлансыты деп көрсетілген. Қазақ тайпалары мен руларының бір бөлігі Шығыс Дешті Қыпшақтан ондаған жылдар бойы тап осында ауысып келген. Жетісуда іс жүзінде негізінен Моғолстан хандарының билігінен шығып кеткен Ұлы жүз қазақтар қалыптасты. Моғолстанның жоғарыда аталған ханы Есен - Бұға 1462 жылы өлгеннен кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Мұның інісі Жүніс хан бұл кезде Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа асяси құрылым - Қазақ хандығының дербес шығуы толық жүзеге асатын әлі дәлелді құбылыс еді. Оның пайда болуы және қазақ басшыларының дербес шығуы үшін 1468 жылы әбілхайыр өліміне байланысты Дештідегі оқиғалардың барысын күтудің барысын күтудің қажеті жоқ болатын. ХҮ ғасырдың 60- жылдары аяғы мен 70- жылдардың басында және одан кейінгі жылдары қазақ хандарының билігі Қазақ хандығының құрамына енгізілген басқа жерлері мен оны мекендеген халықтар, Түркістан (Оңтүстік Қазақстаның Сырдариядағы бір бөлігі) және Шығыс Дешті Қыпшақтағ ұлан - ғайыр жазық далаларда бірте - бірте кең тарай бастады. Өзбек ұлысында әулет билігін ауыстыру туралы ғана емес, қалыптасқан қазақ халқының дербес мемлекетінің пайда болуы жайлы мәселе қойылды.

Оның негізгі тұрғындарының ұлттық атауына орай тұңғыш мемлекет, Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы мәселе ғылыми әдебиетте, ал қазіргі уақытта публистикада айтыс тудырып, үнемі ерекше көңіл бөлуді қажет етіп келеді. Бұл мәселе осы мемлекеттің құрылған орнына да байланысты.

Қазақстан тарихы жөнінде неғұрлым ертеректегі басылымдарда хандықтың құрылуы мен қазақ хандары билігінің Дешті қыпшақтың шығыс бөлігіне таралу уақыты 1500 жылдан кейін Мұхамед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің Мауараннахрға кетуіне байланысты оқиғалармен анықталады. ОлМұхамед Шайбани өлген 1510 жылғы деп кейініректегі уақытпен де белгіленді: «Шайбани өлген соң, оның өкімет билігі жолындағы күрестен қолы босамаған ізбасарлары далалық аудандардан қол үзіп ққалды. Бұл өзбек хандығы аумағындағы өкімет билігінің бірте-бірте қазақ хандары мен сұлтандарының қолына көшуіне әкеп соқтырды. Қазақ хандары бұдан 50 жыл бұрын Жәнібек пен Керей қашып барған Жетісудан батысқа қайта оралды ». Деректемелерден ешқандай дәлелдердің табылмауына қарамастан қазақ билеушілері 1510жылға дейін қазақтардың негізгі этникалық аумағында ешқандай билік құра алмаған болып шығады.

А. П. ЧулошниковҚазақ хандығы ХV-ХVІ ғасырлар шебінде құрылды деп жазды. Сөйтіп ол құрылу фактісін ХVІ ғасырдың басына жақындата түседі. С. К. Ибрагимов дербес мемлекеттің түпкілікті құрылуын бұданда кешірек мерзімге -ХVІғасырдың 30-40жылдарына әкелді. Ол ХV ғасырдың аяғына қарай Жәнібек пен Керей ұлдары бастаған бірнеше феодалдық иеліктері ғана бөлініп шықты да, жаңаша, яғни Қазақ хандығы деп аталған жеке көшпелі мемлекеттің ірге тасын қалады деп есептейді.

Қазақ халқының орта ғасырлық тарихын зертеуші көрнекті ғалым Т. И. Сұлтановтың Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы пікірі көңіл аудартады. Ол «Қазақ хандығының құрылуы бір мезгілде жүзеге асқан акті емес», ұзақ уақытқа созылған процесс деген орынды пікір айтады. Т. И. Сұлтанов «жаңа хандықтың құрылуын»Әбілқайыр хан өлген соң, Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтіп келіп, мұнда жоғары басып алуымен байланыстырады. Бұл автордың ойынша ХV ғасырдың70-жылдарына, нақтырақ айтқанда 1470 жылға келді.

Қазақ хандығының құрылған жері мен уақыты туралы, көшіп кеткеннен кейінгі оқиғалар туралы деректемелер мағұлыматтары мен әдебиеттердегі пікірлерді келтіре кетейік.

Көшіп барған рулар мен тайпалық топтарды Жетісуда туыстас тьүркі және түркіленген тұрғындар:қаңлылар, керейлер, дуғлаттар және басқа да қазақтар қарсы алды. Дешті Қыпшақ пен Жетісу тайпалары тілі, мәдени дәстүрлері, өмір салты жөнінен бір-біріне жақын болатын, сондықтан да Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан рулық-тайпалық топтардың жаппай ауысуы жергілікті тұрғындармен қарым-қатынаста айрықша қиындықтар туғыза қойған жоқ.

Автор Мұхамед Хайдар көрсеткен уақытты қабылдамайды, өйткені ол өз еңбегін алыстағы Кашмирде жүріп жазғандықтан Қазақстандағы оқиғалар туралы оңаша біле қоймайтын еді. Бірақ бұл оқиға Мұхамед Хайдардың тууынан көп бұрын, біріншіден, Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қаптап келушілердің тым көбейіп кетуінен, екішіден, кейбір жергілікті рулар мен тайпалардың оларға қосылуы есбінен болған еді. Жәнібек пен Керей моғол хандарының еркін орындаушы болып онша ұзақ уақытқа қалған жоқ. Хижраның 870жылы шамасында (1465-1466) олар БатысМоғолыстан аумағында, Шу-Талас алқабы мен соның төңірегіндегі аудандарда өз алдарына Қазақ хандығының негізін қалады. Мұхамед Хайдар атаған осы уақытты қабылдамауға негіз бар ма? Ал кіншіден, »Тарихи Рашидиден» жоғарыда келтірілген үзіндіде Мұхамед Хайдар Дуғлаттың «Қазақ сұлтандарының егіз жүз жетпісінші жылдан билей бастауы»туралы сөзі тіпті де Әбілқайыр өлгеннен кейінгі уақыт кезеңін білдірмейді (хижраның 874 жылы-1468/69 жылдар немесе Тышқан жылы-1468 жылдың күзі) . Сол үзіндіде Әбілқайыр хан өлгеннен кейін «оның қол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті» делінген. Хандарға дейді. Олар бұл уақытта хан болған. Бұл сөздер Әбілқайырдың өлуіне байланысты емес, болған, бұрын іске асқан оқиғаны білдіреді. Және олардың билік жүргізуі Әбілқайыр қазасынан көп бұрын, оның 1468/69 жылдры Моғолстанға қазақ хадарына қарсы жорығында өзі өлген уақыттан бұрын басталған.

Көптеген деректер Қазақ хандығының негізгі Дешті Қыпшақта емес, тап Батыс Жетісуда қаланған дәлелдейді. «Ол Әбілқайыр хан өлгеннен кейін оның қол астындағылары Керей мен Жәнібек ханға, қазақтарға қосылды . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Әдістемелік нұсқау
Қазақ хандығының нығаю жолдары
Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы тақырыбы бойынша рефлексия формасындағы эссе
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz