АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ СЕМЕЙ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНҢ АШЫЛУЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
№2 "АЛАШ" ПАРТИЯСЫНЫҢ СЕМЕЙ ОБЛЫСТЫҚ
КОМИТЕТІНЩ АШЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫНА ДЕПУТАТ
САЙЛАУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
РЕДАКЦИЯЛЫҚ "АЛАШ ПАРТИЯСЫ"
АТТЫ МАҚАЛА
2 желтоқсан 1917 ж.
Семейде обласной "Алаш" партиясының комитеті ашылған хабарын жазып едік.
"Сарыарқаның" соңғы нөмірінде бұл туралы мынадай мақала басылды: "Алаш"
партиясының Семейде уақытша обласной комитет ашылды. Комитетке кірген
кісілер: Әлімхан Ермеков, Райымжан Мәрсеков, Имам Әлімбеков, Ахметжан
Қозыбағаров, Тұрағұл Құнанбаев, Халел Ғаббасов, Садық Дүйсенбин, Әлихан
Бөкейханов, Мұстақым Малдыбаев, Әнияр Молдабаев, Биахмет Сәрсенов. Бұлардан
басқа уезд басы бір кісі кіруге орын қалдырылды. Сөйтіп "Алаш" партиясының
Семейдегі обласной комитетінің адамы 15 болмақ. Комитеттің председателі
Халел Ғаббасов, жолдасы Ахметжан Қозыбағаров, секретарі Садық Дүйсенбин,
қазынашысы Әнияр Молдабаев болды.
Құрметті председатель [болып] Әлихан Бөкейханов сайланды. "Алаш"
партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды. Даяр болғанда
жұртқа жария қылынады. Қазіргі шарты кіндік комитеттің айтқанын екі
қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын "Алаш" партиясының программасын
жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын
кісі кіреді. "Алаш" программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шыннан
қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып
сатылмайтын, шыншыл, адал, тура кісі кіреді. Сыртын берсе, іші басқа, тілін
берсе, жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, "Алаш" жолынан
ауып, айтысып, тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ,
айнымалы мінезі бар кісі "Алаш" партиясына кірмейді. "Алаш" партиясьша
кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын
болса ғана кіруге жөн.
Орыс жұртының саяси партиялары көп. Кадеттер, социалист-революционер,
социал-демократ һәм басқалар. Бұлардың әрқайсысының тұтынған жолы, жасаған
программасы, қала сайын ұйымдары (комитеттері), пікірін тарататын
газеттері, кітаптары, шешендері бар. Эр партияның тарау, тарау
комитеттерінің басын қосып отыратын қазығы — кіндік комитет бар. Осы
комитетінің бұйырғанын тапжылтпай, таймай орындау — уақ комитеттердің
міндеті.
Учредительное собрание сайлауында әр партия өзінен көп депутат шығару үшін,
шығарғанда басқа партиялардың депутаттарымен алысып, тартысуға жарайтын
білімді шешен көсемдері болу үшін кіндік комитет уақ комитеттеріне
пәленшені депутат сайландар деп көрсетіп отыр. Кіндік комитеттің сөзін екі
қылмай, өз ішінен жарарлық кәсібі болса да, сайлайсындар деген кісілерді
списокке кіргізіп, дауысты (тасты) көп алып, өтпекке қам қылып, топ жинап,
сөз сөйлеп,пікірін таратып, жолын ұсынып, кісі таратуға кірісіп отыр.
Бірінен болмаса, бірінен сайланар деп бір кісіні 5 округтың списогіне
кіргізіп, бес жерде сайланатын қылып отыр.
"Алаш" партиясы да осы жолды қолданып, Ақмола мен Семейден, Оралдан,
Торғайдан депутаттыққа жарайтын адамдарды көрсетіп, окружной комиссияларға
депутаттарының списоктерін кіргізіп отыр. Орыс партияларынікіндей "Алаш"
партиясында кіндік комитет жоқ болғанымен, Орынборда жасалған жалпы
қазақтың тұңғыш тобы ұнатып, бата қылған адамдар, бірен-саран өзі қалған,
яки ризалықпен орын ауыстырған болмаса, түгелімен "Алаш" партиясының атынан
кірген списоктерге жазылып отыр.Европа үлгісімен жүретін заманға кездескен
соң, біздің тұңғыш тобымыз Жалпы қазақ сьезі сайлаған жол — бүкіл "Алаш"
ұранды қазақ баласына таймайтын даңғыл жол болуы керек. Бұл жолдан шықтым
деген кісі жасынатын, бұғатын заман өткен, шын пікірін айтып, тартыссын.
Ұжмаққа бір күнде кіргіземін деген өтірікке жұмсамай майданға шықсын.Кеңес
өкілі Ә.Жангелдиннің Торғай уезіне жүргізілген келеңсіз әрекеттері туралы
Ә.Бөкейхановтың Жұрт төреші мақаласы
2 желтоқсан 1917 ж.өткен март айында жұмысшы һәм солдат депутаттарының
Петроград Советі Торғай уезінің қазағына жаңа тәртіпті түсіндіру үшін ас
ішіп, аяқ босатар Жангелдинді шығарған еді.Совет өкілі Жангелдин ескі
үкімет заманында қазақ шапанын кабинет киіміне, ислам дінін христиан дініне
айырбастап, Жангелдинді Степновқа айналдырып, миссионер болып еді. Бірақ ол
өзінің өкіл аталарының үмітін босқа шығарды. Олар Степновты сүйреп, түрлі
мекемелерде переводчик, хатшы қылып та қарады. Степнов барып тұрған
сәулесіздің өзі болғандықтан, еш жерде орын теуіп тұра алмай, тіршілікке
қыры жоқ қаңғыбас болып кеткен еді.Міне, осы бұралқы Степнов март ішінде
"Петроград Советінің өкілімін" деп алғашқы ашылған Торғайский обласной
комитетке келеді. Степновтың кім екенін бұрыннан білетін комитет Петроград
Советінен сұрайды: "Дін өзгертуі қулық биенің сауынынан да жиі, бұл күнде
қайтадан ислам дініне шыққан Степнов-Жангелдин Совет өкілі екені рас па?"—
деп. Совет жауап қайтарады: "Степнов-Жангелдин Торғай уезінде социал-
демократ партиясының пікірін таратуға шығарылғаны рас", — деп.Степнов-
Жангелдин жаз бойы Торғай уезін аралады, Советке қазақ, атынан шүбәлі
арыздар берді, комиссарлардың Торғайский обласной управа ағзаларының һәм
Учредительное собраниеге сайланатьш кандидаттардьщ үстінен түрлі шағым
жүргізді, кадет деді, қазіргі заманның түрлі "кінә сұмдығын" солардың
үстіне аударды.Советтер оны қорғады ішкі істер министерствосымен хаттасып,
"Біріккен шарттың" шағымынан басқа жұмыс жоқтай әуре болды.Ақырында халық
төреші Жангелдин һәм ол арқылы ақымақтанған совет ісі туралы әділ төресін
берді.Торғай кезінде Учредительное собрание сайлауы болғанда бәйге
алғандар:
№ 1. "Алаш" партиясы — 54 мың 978 [дауыс алды].
№ 3. "Социал-демократ" [партиясы] 41 дауыс алды.
Міне, партиялықкпен халықты адастырушы ұятсыздардың ісіне жұрт төреші екені
осы.
№4 Торғай уезі земствосының қарарлары
2 желтоқсан 1917 ж.
Торғай облысында алдымен ашылған һәм алдымен халық керегін алға қойып, іс
бастаған Торғай земствосы болды.
Торғай уезный земский собраниесі 16—21 октябрьде болып өткен собраниеде
қаралған мәселелер мынау:
1. Управа қанша адамнан болу.
2. Управа ағзаларына жалование кесу.
3. Управа ағзаларын сайлау.
4. Ревизия комиссия ағзаларын сайлау.
5. Управаға пәтерінің ақшасы, кеңсесінің расходы, қызмет етуге жолдаған
адамдардың жалованиесі һәм баска керек-жарақтар туралы смета жасау.
6. Обласной гласныйларды сайлау.
7. Милиция адамының саны, ақысы, кеңсесінің расходы һәм басқа керек-
жарақтарына [қажетті] сумма.
8. Волосной земства жәйі.
9. Азық комитетінің ісін күшейту.
10. Ярмарка жәйі.
11. Халыққа ғылым-білім тарату ісі.
12. Халық денсаулығы.
13. Шаруалық ісін алға бастыру қамы: суларды жаю, сусыз жерлерді суландыру,
жердің ағашын молайту, егін, шабын, қорықтарды қорғау шарасы, шаруаға керек
машиналар складын ашу.
14. Мал саулығы.
15. Мал асылдандыру.
16. Земский пошта.
17. Земский сбор.
18. Сот қай түрде болу.
19. Уезный жер комитетінің ағзаларын сайлау.
20. Әскер өртеген қыстаулар жәйі.
21. Қазы сайлау.
Меселелер қаралар алдында уезный гражданский управаның председателі
Сейітәзім Кәдірбаев жиналған гласныйларға сөз сөйлеп, земствоның жәй-
мәнісін баян еткен. Земство жұрт жұмысы онан әрі ұлт жұмысы екендігін айтып
келіп, әділ ниет, ақ жолмен жүріп-тұрып, қызмет етуге ант ішкен боза
барында уағдаларын алған.Қаралған мәселелерінің маңыздылығына қарағанда,
ашу ісінің тәртіптілігіне қарағанда, [земствоның жұмысы] өзге уездердің
көбіне үлгі боларлық түрі бар. Халыққа жақын түрі халық жәйін жақсы біліп,
іс қылатын уезный земство, уезный земствода іс қылатьш адамдар болса, халық
жұмысын ілгері сүйремек. Ондай адамдар болмаса, земстводан еш нәрсе өнбей,
алым-салығын халық ұрлап, тез безбек. Торғай уезный земствоның
программасына қойып, қозғаған мәселелері толық. Торғай земствосыңда қызмет
ететін адамдарына көздеген істі көңілдегідей етіп жарыққа шығаруға құдай
қуат берсін деп тілейміз.
Торғай уезный земский Управасына сайланғандар: председатель Қорғамбек
Бірімжанов, орынбасары Ғаболғали Балғымбаев.
Ағзалары: Байқадам Қаралдин, Әлахмет Қасимов, Шайхіслам Құлжанов,
Ғабдысадық Жанбосынов, Ғабділкәрім Рахметов.
Ревизия комиссиясына сайланғандар: Бисмолла Мыңбаев, Ғабділғафар
Жанбосынов, Ахмет Әсеров.
Обласной Земский гласныйлыққа сайланғандар: Сейтәзім Кәдірбаев, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ұлы Қабақов, Омар Алмасов, Сайын Атабаев,
Шадыман Жанбосьшов.
Уезный жер комитетіне сайланғандар: Есжан Тілеуғабылов, Исмағұл Токин,
Ырысбай Жабаев, Мұхаметжан Исмаев.
Муфти қазылығына сайланған: Сәтмұхамет молла Тобылов.

Сырдария облыстық съезін шақыру туралы жеделхат
Түркістан қ.
5 желтоқсан 1917 ж.
Алашордасы Сырдария қазақтарына мынадай телеграмм берді:
Екінші Жалпы қазақ-қырғыз съезі бүкіл Алаш баласын біріктіріп, өз алдына
автономия иғлан етуге қаулы қылды. Бұл туралы Түркістан қазағымен келісу
үшін Алашордасы 5 шнуарда Түркістан шаһарында Сырдария облысының съезін
шақырды. Съезге болыс басы бір өкіл келсін. Мұстафа һәм жолдастары бұл
съезді 10 ғинуарда шақырған еді. Оны өзгертіп, 5 болсын делінді.
19 Түркістан қазақтарымен сөйлесуге Алашордасы Бақыткерей Құлмановты,
Міржақып Дулатовты һәм Тұрағұл Құнанбаевты жіберді. Уақыт шұғыл, мәселе зор
болғандықтан, съезге айтылған күннен қалмай келулері керек?
Бұл съезге болыс басы бір кісінің үстіне мына кісілер арналып шақырылды:
Байсын ақсақал Көлдейұлы, Жүсіпбек Басығараұлы, Ибраһим Қасымұлы, Имамберді
ақсақал, Сабықұл Аллабергенов, Мәуленқұл Байзақов, Алдиярбек Рақымқұлов,
Әзімхан Кенесарин, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Әлмұхамет Көтібарұлы, Санжар
Асфендияров, Қоңырқожа Қожықов, Серікбай Ақаев, Әбдірахманбек Оразаев,
Сейітжаппар Байсейітұлы, Құлжахмет һәм Ахмет Оразай балалары, Садық
Өтегенов, Сейдалин Алдабек, Мұстафа Шоқаев, Әуез Досболұлы, Қалжан
Қоңыратбайұлы, Төшім Әйтпенеұлы.
Алашорда бастығы
Әлихан Бөкейханов,
Мұстафа Шоқай
№6 жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы
5—13 желтоқсан 1917ж.
Съез Орынборда 5—13 декабрьде болып өтті.
Бөкейліктен: Ғабдолла Мұқашұлы, Мауби Жұмәліұлы, Ижан Көмекұлы, Ибраһим
Молқашұлы, Сейітхан Әжігерейұлы.
Орал облысынан: Дулатшаһ Құсепқалиұлы, Нұрғали Имағамбетұлы, Хасен
Нұрмұхаметұлы, Тақберген Жамашұлы, Керей Есенғұлұлы, Ғабдолла Досжанұлы,
Аспандияр Кенжеұлы, Нұрмұхаменұлы, Ғұбайдолла Әлібекұлы, Дәулетияр
Айсарыұлы.
Торғай облысынан: Сейітәзім Кәдірбайұлы, Омар Алмасұлы, Намазбай
Шәуменұлы, Сағынай Елшіұлы, Сұлтанғазы Ысқақұлы, Кәрім Батышұлы, Құсайын
Бекентайұлы һәм Әбубәкір Алдиярұлы.
Ақмола облысынан: Жанәлі Мырзалыұлы, Жәнібек Ғайсаұлы, Иса Малдыбайұлы,
Балға Күрлеуітұлы, Мағжан Жүмабайұлы, Сейітжан Жақанұлы, Есет Жанбайұлы,
Қамалетдин Ғабдоллаұлы, Құл Бәуенұлы.
Семей облысынан: Жұмеке Оразалыұлы, Тұрағұл Ибра-һимүлы, Әлімхан Ермекұлы,
Халел Ғаббасұлы, Ахмет Шегірұлы, Қабыш Бердалыұлы, Ахметолла Барлыбайұлы.
Жетісу облысынан: Өмірәлі Айдабосынұлы, Жарылғасын Отарбайұлы, Мәңке
Ысмайылұлы, ИсаТергеусізұлы, Сатылған Сабатайұлы, Нәжіп Хамитұлы, Нүсіпбек
Жақьшбайұлы.
Сырдария облысынан: Әзімхан Кенесарыұлы, Имамбек Сарымсақұлы, Имамберді
Ержігітұлы, Серқұл Алдабергенұлы, Мәуленқұл Байзақұлы.
Самарканд облысынан: Сағдат Шахмарданұлы. Съез шақырушылар: Әлихан
Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Сағындық, Досжанұлы,
Міржақып Дулатов.
Түрлі ұйымдардан һәм газеттерден: Мұртаза Нұрсейітүлы, Әбдірахман
Мұртазаұлы, Ғабдолғазиз Әлкешұлы, Бернияз Күлейұлы, Ғабдолхамит
Жүндібайұлы, Ғабдолғазиз Мұсаұлы, Хошмұхамет Кемеңгерұлы, Хайретдин
Болғанбайұлы.
Арнап шақырылғандар: Бақтыгерей Құлманұлы, Жаһанша Досмұхаметұлы, Құмар-
қажы Қарашұлы, Ғұбайдолла қажы Ешмұхаметұлы, Мағды қажы Мақұлұлы, Қайырша
қажы Ахметжанұлы, Халел Досмұхаметұлы, Ишанғали Арабайұлы, Ахметкерей
Қосуақұлы, Уәлитхан Танашев, Жанқожа Мергенұлы, Салық Қарпықұлы, Отарбай
қажы Қондыбайұлы, Мұстафа Шоқай, Ілияс Жанқараұлы.
Съез бастығына сайланғандар:председателі — Бақтыгерей Құлманов, серіктері:
Әлихан Бөкейханұлы, Халел Досмұхаметов, Әзімхан Кенесарин, Ғұмар Қарашұлы,
секретарлары: Дәулетшаһ Құсепқалиұлы, Міржақып Дулатов, Сейітәзім
Кәдірбайұлы.
Мәжіліс ашылар алдында Әлихан Бөкейханов: "Былтырдан бері шаршы топта
сөйлеп, бәйгі алған, осы съезге де шақырылған ардақты, шешен Ораз ақсақал
Тәтіұлы опат болды.
Мәжілісті марқұм Оразға дұға қылып басталық-деді. Жиналған жұрт марқұм
Ораздың рухына дұға қылып кірісті.
Мәжіліс ашылған соң, өкілдер елдерінде болып жатқан оқиғалар жайьшан
мағлұмат беріп, мұнан кейін түрлі жерден съезді құттықтаған телеграмдар һәм
Орынбор муфтиі Ғалымжан хазіреттің құттықтау хаты оқылды. Жер-жерде болып
жатқан оқиғалардың түрі мынадай екендігі білінді: казақ халқы земство һәм
Учредительное собрание сайлауына айрықша көңіл қойып кірісті. Көп жерде
уездік земство сайлаулары біткен.Көп уездерде Учредительное собрание
сайлаулары біткен. Сырдария облысының қазақтары Учредительное собрание
сайлауы тақырыпты біріге алмапты. Партияға бөлініп, бірнеше список
кіргізген. Сондықтан Сырдария облысынан қазақ депутаты біреу-ақ болатын
түрі бар.
Былтырғы 25 июнь жарлығы тақырыпты ескі үкіметке қарсылық қыламын деп
жанжал шығарып, Жетісудың босқын қырғыз-қазағының көбі нашар, аштан
қырылып, қатын-баласын сатып жатыр екен.
Әулиеата һәм Пішпек уездерінде ашаршылық (ұнның пұлы 25 сом) [туды].
Бұлар астықты Ақмола облысының жақын уездерінен алады екен. Бірақ тасуға
көлік жетпей қиын болып тұрған көрінеді.
Хиуа қол астындағы қазақтарға түрікпендерден шабыншылық көріп, ашаршылықтан
Темір һәм Ақтөбе уездеріне ауып келіпті. Жәрдемге мұқтаж Жизақ уезінде
тәртіп жоқ. Қазақтың өзі біріне-бірі шауып, малдарын қуып алысып, бүлініп
жатыр.
Жергілікті әкімдердің тоқтау салу қолдарынан келер емес. Жизақ уезіне
караған арғындар Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына
қосылуды тілейтіндігі мәлім болды.
Башқұрт өкілі Ахмет Заки Валиди Орынбор мұсылман әскері, Шора өкілі,
прапорщик Баширов, "Яңы уақыт" газетінің бас жазушысы Ф. Кәрімов, Орынбор
әскери округінің өкілдері Тимофей Седельников, Абдрауф Богданов һәм
басқалар съезді құттықтап, қазақ халқын бірлікке үндеді. Жер-жерде болған
оқиғаларды тексергеннен кейін съез мынадай қаулылар шығарды:
1. Халық арасындағы алалық, партиялықты жою үшін бірлікке үндеуге съез
атынан жұртқа баспасөз таратылсын. Мұны жазуды съез Міржақып пен Ахметке
тапсырды.
2. Бүліншілікке, ашаршылыққа ұшыраған Жетісу қырғыз-қазағына һәм
түрікпеннен талан-тараж көрген қазақтарға да бүкіл қазақ облыстары болып
жан басы бір сомнан жәрдем берсін. Бүл ақша байға байша, жарлыға жарлыша
әділдікпен бөлініп жиналсын. Бүл ақшаны тез жиып тапсыру жергілікті
управаларға міндет.
3. Ақмола облысынан астық тасу үшін Пішпек һәм Әу-лиеата уездерінің
қазақтарына көлігінің майын альш, Қар-қаралы, Ақмола, Атбасар, Көкшетау һәм
Қызылжар уездерінің қазақтары түйе берсін.
4. Жизақ уезіндегі бүліншілік, тәртіпсіздікті тоқтатсаңыз екен деп
Түркістан автономиясының үкіметінен өтінуге.
5. Учредительное собрание сайлауында бір ғана списокке тас салуды өтініп,
Сырдария облысының халқына телеграмма беруге.
6. Жизақ уезіндегі арғындардың Алаш автономиясына қосыламыз деген тілегін
мақұлдап, бұл туралы Түркістан автономиясының үкіметімен сөйлесуге қазақ-
қырғыз істерін билейтін ұйымға тапсырылатын болды.
7. Түркістан автономиясын қүттықтауға һәм Орынбор муфтиінің сиезді
құттықтаған хатына қарсы телеграмма беруге.
Съезде қаралуға қойылған мәселелер:
1. Сібір, Түркістан автономиясы һәм "Юго-Восточный союз" туралы.
2. Қазақ-қырғыз автономиясы.
3. Милиция.
4. Ұлт кеңесі.
5. Оқу мәселесі.
6. Ұлт қазынасы.
7. Муфтилік мәселесі.
8. Народный суд.
9. Ауылный управление.
10. Азық-түлік мәселесі.
Әлихан Бөкейхан Сібір, Түркістан автономиясы һәм "Юго-Восточный союз"
туралы доклад қылды. Әлиханның докладын
23 тексеріп һәм бұл туралы сөйлеушілерді тьщцағаннан кейін сиез қаулы
қылды. [Онда] Ғалыхан докладын, Қазақ автономиясы, милиция һөм ұлт кеңесін
құру мәселелерін қарауға 7 кісілік комиссияға беруге, бұл комиссия тағы да
өзіне мағлұматты адамдар қосып алуға ерікті делінді.
Мұнан кейін оқу мәселесі қаралды. Бұл туралы Міржақып Дулатов доклад қылып
қазіргі "уақытта казақтың мектеп-медіресесі, оқытушы һәм әдебиет құралы
аздығын айтып, ұлт мектебін көбейту һәм оқытатын құрал молайту керектігін
керсетті.
Съез Міржақып Дулатовтың докладын бап-бабымен тексеріп, ұлт мектебін
көркейтуге ешкімнің таласы жоқ екенін еске альш, алдымен қазақ тілінде
бастауыш һәм орта мектепте оқытатын оқу құралдарын жетістіру үшін білікті
адамдардан айрықша оқу комиссиясын құруды мәслихат көріп һәм бұл туралы
сөйлеушілердің пікірін естіп қаулы қылды:
Қазақ-қырғыз тілінде бастауыш һәм орта мектептер ашьш оқу құрадцарын
шыгаруға 5 кісіден комиссия қүрылсын. Шет кісіден комиссия езіне жолдас
косып алуға ерікті болсын. Комиссия ұлт кеңесі қайда болса, сонда тұрсын.
Оқу құралдарынан басқа комиссияның істейтін істері:
1. Ұлт мектептеріне программа жасау.
2. Мұғалімдер қалай оқыту тәртілтерін үйрететін жол-басшы кітаптар жазу.
3. Тәрбие жайынан кітаптар жазу.
4. Бүкіл қазак-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару.
5. "Қазақ" емлесін тексеріп, түзету.
6. Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тәржімә ету. Комиссия 1918 ж.
басында іске кірісіп, комиссия жиналысымен істейтін істеріне толық профамма
жасап, мәслихат арқылы жария қылып. Комиссия іске кіріскен күннен бастап,
әрбір жарты жылда мәслихат арқылы не істейтіні туралы халыққа есеп беріп
отырсын.
Әрбір жазылып даяр болған кітап тоқтаусыз басылып отырсын. Жазылған
кітаптардың неше дана басылатынын һәм оларды бастыру үшін қанша ақша керек
болатынын комиссия мөлшерлесін. Кітап басу үшін комиссия керек қылған
мөлшердегі ақшаны облыстық земстволар тоқтаусыз жинап тапсыруға міңдетті
болсын. Яки бұл ақша халық қазынасынан алынатын бол сын.
Комиссия ағзаларынан басқа езге кісілердің жазған оқу кітаптарын
комиссияның ұйғаруымен ғана мектептерде қолданылсын. Шет кісілердің мұндай
ұнамды кітаптарын жазушылардың ырзалығымен комиссия альш бастырсын. Шет
кісілердің кітаптарын комиссия ұнатпаса, не себептен ұнатпағанын газет
жүзінде жария қылсын. Шет кісілердің кітаптарын тексергенде (комиссия)
мәжіліске жазушының өзі де ағза ретінде (есебінде) болып кірсін.
Комиссия шығарған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің ұлттық аймақтарындағы қоғамдық саяси жағдай және жер мәселесі. (Қазақстан мысалында)
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
1917 жылғы Ақпан революциясы
Ақпан революциясынан кейін
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
1917 жылғы Ақпан революциясы және саяси партиялар мен ағымдар
Хронологиялық деректер
Қазақ саяси партиясы
Пәндер