Батыс Европалық қалалар олардың тұрғындары және сыртқы көрінісі



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

І Батыс Европалық қалалар олардың тұрғындары және сыртқы көрінісі

ІІ Қалардың феодалдық сеньорлармен күресі

Қорытынды

Әдебиеттер

Батыс Европалық қалалар олардың тұрғындары және сыртқы көрінісі

Батыс Европада орта ғасырлық қалалар қолөнершілік пен сауда орталығы
ретінде бәрінен бұрын Италияда (Венеция, Генуя, Низа, Неаполь, Амальфи),
сол сияқты Францияның оңтүстігінде (Марсель, Арль, Нарбонн, Монпелье,
Тулузза, Монтобан) пайда болды, өйткені мұнда ІХ ғасырдан бастап-ақ
Европаның басқа аймақтарына қарағанда феодалдық қарым-қатнастардың
анағұрлым ертерек өркедеуі өндіргіш күштердің елеулі дәрежеде өркен
жаюына және қолөнершіліктің ауыл шарушылығынан ажырауына, тап тартысының
шиеленісуіне әкеп соқтырды, крепоснойлардың деревнядан қашуы осының
салдарынан болатын. Итальяндық және оңтүстік француздық қалалардың ерте
пайда болуына және өркендеуіне әсер еткен тағы бір аса тиімді фактор-
Италия мен Оңтүстік францияның Византиямен басқа сол кездегі даму
дәрежесі өзгелерден жоғары болған Шығыс елдермен сауда байланысы
болғандығы еді, өйткені бұрын атап өтілгендей, оларда халық көп және бай
қалалар (Константинополь, Алесандрия,Дамаск, Бағдат, Қытай мен Индияның
қалалары) баршылық еді.
Х-ХІ ғасырларда қалалар солтүстік Францияда да, Нидерландта да,
Англияда да,Оңтүстік Батыс –Германияда да, Рейн мен Дунай бойында да
пайда болды. ХІ ғасырда өте-мөте Фландлар – Брюге, Ипр, Гент, Лилль,
Дуэ, Аррас және басқаларының жұқа шұға өндірумен даңқы шықты және олар
Европаның елдерін шұғамен жабдықтайтын, ХІ ғасырлардың өзінде-ақ
фландриялық шұға жасаушылар үшін жергілікті жердің жүні жетпей,
фландриялық қалалар мұны көрші елдерден, негізінен Англиядан сатып
алатын болды. Фландриялық қалалардың (әсіресе Брюггенің) Европаның
көптеген елдерімен сауда жасауының зор маңызы болды.
Қалалрдағы тұрғындардың дені қолөнершілер болатын. Өз шонжарларынан
қашқан немесе қалаларға мырзаларына оброк төлеумен байланысты рұқсат
алып кеткен шаруалар қала тұрғындарына айналған соң, феодалға жеке
басының тәуелділігінен бірте- бірте босанды. Олар қалалық қауымдар
құрады, ал қауымдық феодалдық сеньорлармен күресте бір қатар жеңілдіктер
мен еркіншілікке және ең алдымен жеке тәуелділіктен құтылуға жетті. Бұл
жеңілдіктер мен еркіншіліктер қалалар қабылдаған хартияларды (заңдарда)
қатар көрсетілетін. Крепоснойлық орта ғасырдан,- деп жазды Маркс пен
Энгельс,- алғашқы қалалардың ерікті тұрғындары шықты.
Дегенмен, ІХ-ХІ ғасырларда орта ғасырлық қалалардың пайда болуына
байланысты Батыс Европадағы қол өнершіліктің ауыл шаруашылығынан ажырасу
процессі аяқталған жоқ. Қала тұрғындарының тіршілігінде ұзақ уақыттар
бойы ауыл шаруашылығымен айналысу ісі елеулі роль атқаруына байланысты,
қала тұрғынына айналған қолөнершілер, бір жағынан, көпке дейін өзінің
селода тұрғындық қасиетінің ізін сақтап келді. Қаланың көптеген
тұрғындарының қаланың сыртында және кей жерлерінде тіпті қаланың ішінде
өзіндік егістік жері, огороды, жайлауы болды және мал ұстады, екінші
жағынан деревнядағы байлардың да, кедейлердің де шаруашылықтары ұзақ
мерзімдер бойы өздерінің қолөнер бұйымдарына деген мұқтажын өз
күштерімен өтеп отырды. Қолөнершіліктің ауыл шаруашылығынан ажырасуын
толықта, түгел аяқталды деу әлі ерте болатын.
Қолөнерші бастапқы кезде сонымен бірге саудагерде болды. Тек
кейінірек қалаларда- қызметті зат өндіру емес, товар айырбасы болған
жаңа қоғамдық топ - көпестер пайда болды. Мұның алдындағы дәуірдің тек
сыртқы сауда мен ғана айналысатын жүргінші көпестерінде емес, ХІ-ХІІ
ғасырлардағыдай Европалық қалалардың көпестері енді жергілікті рынокты
өркендетуге байланысты көбіне көп ішкі сауда мен айналысатын - қала мен
деревня арасында товар айырбасын жүзеге асыратын болды. Көпестер мен
қолөнершілер қызметтерінің бір бірінен бөлінуі қоғамдық еңбек
бөлісіндегі жаңа қадам болып еді.
Орта ғасырлық қалалар өзінің сырт көрінісі жөнінен қазіргі қаладан
мүлде дерлік өзгеше еді. Олар әдетте мұнаралары және қалың қақпалары бар
тас (кейде ағаш) дуалдармен , сол сияқты феодалдардың шабуылынан және
жаулардың басқыншылығынан қорғаныс ретінде терең қазылған орлармен
қоршалатын. Қала тұрғындары қолөнершілер мен көпестер күзет қызметін
атқаратын және қалалардың әскери жасақтарын құрайтын. Орта ғасырлық
қалаларды қоршаған дуалдар уақыт өткен сайын таршылық қыла бастады, қала
құрлысының бәрі бірдей оған сыя бермейтін. Содан бірте бірте дуалдардың
айналасында қала маңындағы қыстақтар – пассаттар пайда бола бастады,
олардың дені қолөнершілер болатын және бір қызығы нақты бір мамандықты
кәсіп еткен қолөнершілер, әдетте бір көшенің бойына орналасатын.
Ұсталар, қару-жарақ жасаушылар, ағаш шеберлері, тоқмашылар тағы басқа
көшелер осылайша пайда болды. Қала шетіндегі қыстақтардың айналасы да өз
кезегінде жаңа дуалдар мен бекіністермен қоршалатын.
Батыс Европалық қалалардың көлемі тым шағын болатын, әдетте олардағы
тұрғындардың саны 1000 немес 3-5 мың адамнан аспайтын. Тіпті XIV-XV
ғасырлардың өзінде 20-30 мың тұрғындары бар қалалар болып саналатын. 80-
100 мыңнан астам адамдары бар өте ірі қалалар ол кезде саусақпен
санарлықтай еді (Париж, Милан, Венеция, Флоренция, Кордова, Силилия)
Қала дуалдарының сыртында, ал кейде оның өз шекарасында да қала
тұрғындарына қарасты егістіктер, жайылымдар, огородтар болатын.Уақ
малдар (ешкі, қой және шошқа) көбінесе қаланың өз ішінде жайылатын,
соның ішінде, әсіресе шошқаға деген жем жеткілікті еді, өйткені
тамақтың қалдықтары басқада көр-жер дүние әдетте тура көшеге төгілетін.
Орта ғасырлық қалалардың көшелерінде жаңбырдан кейін көбінесе үлкен
–үлкен қақ тұрып, шалшық көлдер жиілейтін, себебі көшелер атаулыға тас
төсеу дегенді білмейтін.
Қаларда антисанитарялық жағдай салдарынан жиі-жиі эпидемия өрбитінде;
олардан өлім -жітім өте көп болатын, жиі-жиі өрт жайпап кететін ,
өйткені қала үйлерінің басым көпшілігі ағаштан және бір-біріне тым көп
жақын салынатын. Дуалдар қаланың көлдененіңнен кеңейіп өсуіне кедергі
жасайтын, сондықтан көшелер мейлінше тар болатын, үйлердің үстіңгі
қабаттары астыңғыларынан ілгері, шығыңқылау орналасатындықтан, олар
қарсы көшелердегі үйлердің төбесіне түйісе жаздап тұратын. Өзі тар, әрі
қисық-қисық салынған көшелері көбінесе қараңғы болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиамға көрші
Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын зерттеу
Византия қалаларының құлдырау себептері
Ортағасырлық Византия қалалары
ТАЙЛАНД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ
Соңғы орта ғасырлардағы Еуропа (жаңа тарихтың ерте кезеңі), (ХҮІ-ХҮІI ғ. бірінші жартысы)
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Ресей Федерациясы орыс
Жалпы тарихтан дәрістер
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
Пәндер