Ғылыми еңбектерін араб және парсы тілінде жазған түркі ғұламалары (X—XII ғ.)



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми еңбектерін араб және парсы тілінде жазған түркі ғұламалары (X—XII
ғ.)
IX—XII ғасырларда түркіден шықкан көптеген ғұламалар Араб және Иран
жеріне барып әлемдік ғылымға үлкен үлестер қосты. Олар: Әлам әд-Дин әл-
Жауһари, Бурһан әд-Дин Ахмад, Әл-Фараби, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни; Махмұд
бин Әли әт-Тарази, Әбу Таһир Мұхаммад әл-Тарази, Имад әд-Дин Әбу-ул-Қасым
әл-Фара-би, Байлақ әл-Қыпшақи. Бұлар ез шығармаларын арабне парсы жерінде
солардың тілінде жазды.
Әлам әд-Дин әл-Жауһардің есімі Кеңес Одағы және кейбір шетелдік
ғалымдардын еңбектерінде аталады. Мысалы, Кеңес ориенталистері Г. П.
Матвиевская мен Б. А. Розенфельдің "Орта ғасырлардағы мұсылман
математиктері мен астрономдары және олардың еңбектері". (ҮПІ—ХҮІІ ғ.) атты
зерттеуінде "Алам ад-Дин Абу-ул-Хасан Али ибн Исмайл әл-Жаухари (X—XI вв.)
известный под именем арраккаб сатар ("военочальник кавалерии") из Багдата,
по-видимому, сын известного грамматика Абу Насра Исмаила ибн Хаммада әл-
Джаухари (ум. ок. 1002) из Джаухара близ Фараба, ныне южный Қазахстан,
математик и мастер астронмических инструментов",— дейді (226-бетте). Олар
да Элам ад-Дин әл-Жауһари отырарлық Исмаил әл-Жауһаридің ұлы екеніне назар
аударған.
Жоғарыда айтылғандай, Әлам әд-Дин туралы деректерді шетел
шығыстанушысы неміс ғалымы Генрих Зутердің (1848—1922) еңбегінен де
ұшыратамыз. 1877-1906жылдары Лейпцигте "Арабтардьщ математиктер мен
астрономдары және оларлын еңбектері" деген атпен шыққан еңбегінде ол Г.
Зувор "известный ученый, превосходный и искусный в математических науках,
износген также благодаря изготовлению и использованию астрономических
инструментов. Его отличные произведения получили широкое распространение",—
деп жоғары бағалайды.
Ибн Сайд әл-Китфи дерегі Әлам ад-Диннің негізінен астрономия,
геометрия, математика, философия сияқты ғылым салаларына қатысты еңбектер
жазғанын дәлелдейді.
Әлам әд-Динді энциклопедист ғалымдар санатына жатқызуга да болар еді.
Оның өзіндік себебі де бар. Орта ғасырларда кез-келген ойшыл ғылымның
барлық саласымен айналысуына тура келген. Мысалы, Әлам әд-Диннен бар-жоғы
жүз-ақ жыл бұрын өмір сүрген. Әбу Насыр әл-Фарабидің философия, логика,
астрономия, филология, психология, педагогика және аударма салаларымен ғана
емес, медицина, тіпті музыкамен де әуестенгенін, оның теориясы туралы
шығарма жазғанын да білеміз. Әлам әд-Дин отырарлық атақты лексикограф,
белгілі ақын Исмаил әл-Жауһаридың ұлы болғандықтан, әдебиетіміз бен
мәдениетіміздің тарихына кіріп шығармаларын араб тілінде жазған ойшылдар
санатында тұруы керек деп ойлаймыз .
Бурһан әд-Дин Ахмад бин Әби Хафс бин Иусуф әл-Фараби XI ғасырдың
басында туған, мекені Отырар өлкесінде Қарахан әулеті құрған феодалдық
мемлекеттің түрлі соғыстармен шапқыншылықтар, алауыздыктар әсерінен ыдырап,
тарих сахнасынан ауытқып кету қаупі басталган кезде дүниеге келген.
Қолымызда даңқты жерлесіміздің өмірбаяны немесе шығармаларынан толығырақ
дерек беретін жазба мағлұматтар жоқтың қасы десе болады. Ол жайлы тек Карл
Брокельманның "Араб әдебиетінің тарихы" атты еңбегінен бірнеше жолдан
тұратын деректі ғана ұшыратамыз. Соған қарағанда, Отырар ұлының өз аты —
Бұрһан әд-Дин Ахмад.Әби Хафс — әкесінің есімі, ал бабасының есімі — Иусуф
(Жүсіп — Ә.Д.) Әл-Фараби деген атау әдеттегідей оның туған жерін
білдіреді.Бурһан әд-Дин алғашқы білімді Отырарда алғандыгына дау жоқ. Ол
кезде Иасы (Түркістан), Исфиджаб (Сайрам), Тахи, Шаш (Ташкент), Сауран,
Сығанақ қалаларында араб, парсы жұртынан келген дін өкілдері сондай-ақ
түрлі ғалымдар осы аталған жерлерге саяхатшы, саудагер немесе зерттеуші
ретінде келіп, өз тілдері бойынша дәріс берген.Құранды дұрыс үйрену Бұрһан
әд-Дин өмір сүрген тұста да күн тәртібінен түспесе керек. Жалпы Құран
оқудың канонға айналган 7 түрі бар. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда,
Құран оқу кезінде қате, әдетте, кейбір әріптерді дұрыс айта алмау, паузаны
дұрыс жасай алмау сияқты жайттар төңірегінде болады екен. Бүрһан әд-Диннің
"Оқу(үстіндегі қате" атты еңбегі нақ осы мәселеге арналады. Соған
қарағанда, ол араб тілі мен әдебиеті, дін тарихы, Құран мен Суннаны жақсы
білген.
Бұрһан әд-Динді Карл Брокельман 1174 жылы қайтыс болған дейді. Ол өзінің
туған мекені — Отырарда көз жұмды ма, әлде өмірі алыстағы араб елінде Әбу
Насыр әл-Фараби секілді шаңыт жолға сағына карап өтті ме, ол жағы
белгісіз. Жерлес ғалымымыздың аталған еңбегінін қолжазбасы қазір
Петербургте сақтаулы.
Әбу Абд Алла әл-Баласағұни алғашқы білім нәрін туған мекенінде алған
деуге болады. Ол кейін сол кездері бүкіл шығыс жұртының рухани орталығы
болган Бағдатқа сапар шегеді. Араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен
философиясын оқып үйреніп, жақсы меңгерді. Иақут әр-Руми оның араб жұртында
"Әт-Түрк" деген атпен белгілі болғанына назар аударады: Ол мұсылман құқы
бойынша Бағдаттағы Әбу Абд Алла әд-Дамгани әл-Ханафи (1085—1086) атты
қажыдан дәріс алды" деп жазады.
Соған қарағанда, Баласағұндық зиялы жан ғылым салалары ішінде шариғат заңы
бойынша маманданып, өмірі мен шығармашылығын тек соған арнаған деуге
келеді.
Махмуд бин Әли әт-Тарази алғашқы білімді туған мекені Таразда алған.
Ол өзінің шығармаларын сол кездегі ғылым, білім мен өнердің тілі — араб
тілінде жазған. Өйткені X ғасырдың өзінде "Қазақстанның оңтүстік
өлкелерінің исламдандырылуы, мұсылман дінінің көшпелі ақсүйектер ортасына
терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түркі руна жазуы ығыстырылды". Орта
Азия мен Қазақстанның жергілікті түркі тілінде және иран тіліңде сөйлейтін
ортасынан шыққан ғалымдардың әдебиетшілер мен ақындардың үлкен бір тобы өз
шығармаларын сол кездегі халықаралық ғылыми тілдің ролін атқарған араб
тілінде жазды.Иақұт әл-Хамауи ар-Руми ортағасырлық ойшыл, тарихшы Әбу Сағя
Абәп-Карим ат-Саманидің(1113— 1169ж.) (диплом) алып едім (І-хом, 2-бег)
дегенін тілге тиек етеді. Олай болса, Махмуд Тараздағы үлкен бір ғ лым
ордасын басқарған деп батыл айтудан тартынбаймыз. Әбу Таһир Мухаммад әт-
Тарази. Әбу Таһир Муһаммад бин Аби Насыр Ибраһим бин Макки әт-Тарази
"һаджир" ("келімсек") деген атпен белгілі болды. Осының өзі-ақ оның Иранда
ғұмырын өткізгенімен, жергілікті халық оны келімсек деп атағанын, Исфаһанда
өмір сүргенімен, Талас бойындағы тараздық болып қалғанын аңғартады.
Киік менің жарамды тырнайды, жанарыма ол ұйқы бермейді.
Ол түркі нәсілді Тараз киіктерінен еді.
Оның екі бетінің сұлулығы жібек іспетті,
Оның екі беті Тараз секілді мукус (хош иісті — Ә. Д.),
Көгершіннің алқасы және бұлбұлдың сазы,
Тауыстың сұлулығы, һәм сұңқардың қуаты (секілді—Ә.Д)
Тараз ақынының қаламынан туған бұл жыр жолдарынан Отанын, туған даласын
сағынған көңіл-күйі сезіледі. Туған даласының киігі екеш киігі де есіне
түсіп, ұйқысының қашқаны, аңсаған арудай елес берген сол киіктің түркі
нәсідці екенін ақын әдемі кестелеген.
Мүмкін, ақынның киік деп отырғаны Тараздың мың бұралған қыпша бел,
сәукелелі сұлулары шығар.
Имад әд-Дин Әбу-ул-Қасым әл-Фараби. Имад әд-Динді Отырарда 1130 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
Әль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы
Ерте дәуірдегі тіл білімі
Әлішер Науои және қазақ әдебиеті
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Ресей ғалымдарының шығыс ойшылдарын зерттеуі
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Әлам әд-Дин әл-Жауһари
Ибн Синаның философиялық мұрасы
Пәндер