1917 жылғы Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1917 жылғы Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

1917жылғы Қазаи революциясы немесе Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. көкейкесті мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заң-дары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қопыс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмы-сын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекетгік мекемелер мен мек-тептерде қазақ тіліне көшуге бүрынғысынша тыйым салынды. Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы "Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін" - деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты қүралға айналдырды. Бұл елдің барлық жерінде халық бұқарасының большевиктер жағына көптеп шығуына әсер етті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Пстроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет кұлатылды.

Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің колына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бүқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл түста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жүмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны женінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей күрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Казақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы билігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т. б. басқарды.

Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады.

Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә. Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобезев және т. б. тотенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне баскқ ұлт өкілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С. Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбакиев, В. Зинченко, П. Басов, И. Дубынин, тагы баска да ондаган азаматтардьң ат салысуы революцияның Қазақстанда да же-ңуіне жол салды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді.

Кеңес өкіметі алдымен Сырдария облысында жеңіп шықты. Мүндағы Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.

Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы, онын саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 28 қазанда Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Қазакстанда Кеңес өкіметін орнату үшін күресте большевиктер өздерін жақтаған үсақ буржуазиялық топтар және ұйымдармен - солшыл эсерлермен, интернационалдық меньшевиктермен, "Үш жүз" партиясымен келісімге барды. 1917 жылдың күзінде Қазақстанда өзін "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "Үш жүз" партиясы құрылды. Оның жетекшісі - адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов болды. Оны Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, журналист Мұқан Айтпенов т. б. қолдады. К. Тоғысов 1907-1912 жылдары патшалық-әкімшілік тарапынан қуғынға ұшырады.

1916 жылы Ташкент қаласында "Алаш" атты газет шығарды. 1917 жылғы наурыз-сәуір айларында К. Тоғысов Сыр-дария облысында "Шора-и-Ислам" партиясын құруда Мұстафа Шоқайүлына көмектесті. Дегенмен К. Тоғысов 1917 жылы шілдеде Орынбор қаласында өткен I Бүкілқазақ съезіне шақырылмады, себебі Ә. Бекейханов т. б. оған сенімсіздік білдірді. Өзінің әлеуметтік тегі жөнінен К. Тоғысов құрган "Үш жүз" партиясы ұсақ буржуазияшыл де-мократтардың саяси ұйымы болды. 1918 жылы "Үш жүз" мүшелері Кеңес өкіметін қолдап, Алашордашыларға қарсы күресті. Сол жылы құрамында мүшелері аз болғандықтан партия тарап кетті.

1917 ж. жергілкті бұқара халықтың қолдауымен Кеңес өкіметі Ақмола және Семей облыстарында кең өрістеді. Петропавлда жүмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің темір жол жүмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 22 қарашада революциялық уақытша комитет құрылды, оның құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішев, П. Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет сол жылғы 27 желтоқсанда Ақмолада өткен еңбекшілердің бұқаралық жиналысында биліктің кеңестерге кошкені туралы қарар қабылдады. Дегенмен Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен уездерінде казак-орыс және офицер-старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан, Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолы-на 1918 жылы ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті.

1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығын-да Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес окіметінің орнауына А. Иманов, К. Қойдасов, В. Чекмарев, В. Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі үлес қосты.

Қазақстанның бірқатар аймақтарында, соның ішінде Орал, Орынбор, Жетісу облыстарында кеңес өкіметін орнатуда коптеген қиындықтар кездесті. Бұл жерлерде, әсіресе, казак-орыс станицаларында контрреволюциялық күштер басым болды. Жетісу облысындағы казак-орыс офицерлері 1917 жылғы 1 қарашада өздерінің "әскери-үкіметін" құрды. Дәл осындай жағдай Орал облысында да орын алды. Мұндағы контрреволюциялық күштерді атаман Дутов басқарды. Олар 1917 жылғы 15 қарашада С. М. Цвиллинг басқарған Орынбор Кеңес мүшелерін тұтқынға алып, өздерінің билігін орнатты.

Орынбордағы контррсволюциялық күштерді талқандау және онда кеңес билігін орнату мәселесіне Кеңес үкіметі ерекше назар аударды. Ойткені Орталық кеңестік Ресейді Қазақстанмен және Орта Азиямен байланыстыруда Торғай обылысының орталығы Орынбордың әскери-саяси маңызы өте зор еді. Сондықтан Дутовтың ақ гвардияшы бандыларын талқандау үшін төтенше комиссар П. А. Кобезевтің басшылығымен үлкен әскер тобы жіберілді. Күшті шайқастардың барысында 1918 жылғы 18 қаңтарда Орынбор қаласы азат етіліп, мұнда Кеңес окіметі орнады. Ал Орал облысында Кеңес окіметі 1918 жылы 15-16 қаңтарда ақ гвардияшылар қуылғаннан кейін шаруа депутаттарының облыстық съезінің шешімдері негізінде жүзеге асты.

Жетісуда Кеңес окіметін орнату жолындағы күрес, революция қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жьтлдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революция толқынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап майданнан қайтқандармен және елдің басқа

аудандарынан келген революция идеясын қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті ха-лықтың өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери-революциялық комитетін құрды. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда Әскери-революциялық Комитет басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан жасақтары қала еңбекш-ілерінің қолдауына сүйеніп, казак-орыс "әскери өкіметтің" тірегі болған қамалды, қару-жарақ қоймасын, почта-телеграфты, т. б. маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес өкіметін орнатты.

Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Аягөзде, Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Қазақстанда кеңестік мемлекеттік аппарат құру және экономика саласыпдағы алғашқы өзгерістер

Кеңес екіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады, Мұндай өзгерістердің іске асуына Қазақстан қалаларында құрылған революциялық комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар болімдерін, жүмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Революциялық комитеттер жергілікті Кеңестермен тығыз байланысып, облыстық және уездік съездерді әзірлеу, оларды өткізу жөнінде бірқатар ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бұл съездерге жұмысшы және солдат кеңестері мен шаруа депутаттары Кеңестерін біріктіру негізінде мемлекеттік біртұтас өкімет органдарын құру ісі жүктелді. Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кецестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын озгертіп, бірте-бірте кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны етіп қайта қүрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытша үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Туркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларын тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа) Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес окіметінің қайта құру шараларын іске асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен, Верный, Әулиеа-та, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволық, қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан олар Кеңестердің қарамағына көшті.

Ескі мемлекеттік аппаратты қирату отарлау саясатына берілген алғашқы соққы еді. Ол еңбекшілердіц Кеңес жұмысына белсене қатысуыпа жағдай туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп, қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кеңес Федеративтік Республикасының тең құқықты азаматы болды.

Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиялық мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы ала-құлалық жойылып, Кеңес атқару комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.

Ауыл-селоларда әлі кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес окіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық язық-түлік тапшылығынан қорлық көрді. Бай-құлақтар белгіленген нарық бойынша мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес өкметіне қарсы күштер бас көтерді. Олар жаңа өкіметке қарсы күресте ашықтан-ашық қарулы көтеріліске шықты. Осының бәрі облыстық, уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген маңызды мәселелер облыстық, уездік кеңестердің коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.

Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жүмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Революцияға қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссия, милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, ден-саулық сақтау т. б. бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияла-натын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезінде үйым-дасты. Облыстық Кеңестер жанынан үлттык қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшіп кеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардын елге оралып, жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.

РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы "Сот туралы" жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Ақпан революциясы жайлы
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Азамат соғысы
1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz