Жаңа және қазіргі заманғы Еуропа және Америка елдерінің тарихы


16 лекция
Екінші дүниежүзлік соғыстан кейінгі Франция
1. Уақытша режим жылдарындағы елді дамографияландыру жолындағы күрес.
2. Төртінші республика (1946-1958ж. ж. )
3. Бесінші республика. Генерал де Голпьдің президенттік етуі.
4. 1968-69ж. Әлеуметтік-саяси дағдарыс.
Екінші дүние жүзілік соғыстың соңына қарай Францияда демографиялық қозғалыс өрлеп, фашизмге қарсыласуды басқарған коммунмстік партиясы көлемі жағынан елдегі бірінші партияға айналды. Саяси аренада қарсыласудың көренекті қайраткері де Голльелдегі басқарған жаңа буржуазиялық топ пайда болды. Сондықтан ФКП 1944жылы маусымда де Голль құрған Уақытша үкіметті қолдап, оған елдің тарихында тұңғыш рет екі коммунист кірді. Коммунисттер негізінен нацианализациялау талаптарынқол отырып, жеке меншік мүдделерін қорғаушы партиялармен күресі нәтижесінде көмір өнеркәсібі, газ зауыттары, электр станциялары, темір жолдар, «Рене»автомобиль зауыты, бас ірі банк нацианализацияланды. 1945-46жылдары болып өткен екі күштер жеңіске жетіп, 1946 жылы қабылданды, елде төртіншіреспублика өзтіршілігін бастады. Ол «қырғи қабақ соғыстың»басталуымен тұспа-тұс келді. Франция «Маршалл жоспарына» қосылды, НАТО-ға енді. 1946-54 жылдарыФранция Вьетнамдағы өзінің отарлық үстемдігін қалпына келтіруге тырысқан, соғыс жүргізіп, оны жеңіліспен аяқтады, бұл соғысты аяқтамай жатып 1954-62 жылдары Алжирге қарсы соғыс бастады, 1956жылы Англиямен және Израильмен бірге Мысырға қарсы агрессияға қатысты. Нәтижесінде бұл соғыстар төртінші республиканың ішкі саясатының және экономикасының тоқырауына алып келді. елдің демократиялық күштерінің батыл күресіне қарамастанреакция өз саясатын әрі қарай жалғастыра отырып, үкіметтің жиі алмасуы елдегі саяси тұрақсыздықты күшейтті, өзтіршілігінің соңына қарай төртінші республика терең дағдарысты бастан кешті.
1958 жылы көктемде реакцияшыл генералдар мен оңшыл саясатшылдар Алжирде бүлік көтеріп Франциядағы парламенттік құрылысты құлатуға шақырды. Елдегі демократиялық күштер бұған қарсы шығып, екі күштің арасындағы қарама-қайшылықты өз мақсатына пайдалана білген де Голль маусым айында үкімет құрып парламент оған шексіз өкіметтік берді. Де Голль басқарған бесінші республика бағытталған шаралар қолданып, 1962 жылыАлжирге соғысты тоқтатты. 1958 жылы Конституцияға сай Франция «тең құқықта қоғамдастық» деп жариялап, АҚШ, Англия мен ГФР қысымына қарамастан 1966 жылы наурызда НАТО-дан шықты. Бесінші республика елдің экономикасына тікелей араласу арқылы экономикалықдамуға қол жеткізді, дегенмен елде монополистердің үлес салмағы бұрынғыша қала берді. 1967 жылы парламент сайлауында демократиялық және социалаистік солшыл күштер федерациясы (коммунистер, социалистер, радиалдар) жеңісіне жетіп, голлистер өздерінің парламенттегі абсолюттік басымдылығынан айырылды. Елде ішкі саяси дағдарыс пісіп жетілді.
1968жылы мамыр-маусым айларында елде 10 мың адам қатысқан империализм мен нәсілшілдікке қарсы және тіршілік жағдайын жақсартуға бағытталған жаппай бас көтерілулер болып, ол 1969 жылы сәуір айындағы референдумға алып келді. Оған қатысушылардың басым көпшілігінің талабына сәйкес де Голль өзқызметінен кетіп, ұзамай қайтыс болды. Бесінші республика ішкі саяси тұрақсыздығына қарамастан Ж. Помпиду мен В. Жискар Дэстен голлизм саясатын жалғастыра берді.
9 лекция
1870-1914 жылдардағы Анлия
1. Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
2. Англияның сяси құрылымы, отарлық саясаты.
3. Ирланд халқының азаттық күресі.
4. Отарлаудағы саяси жағдай және Англияның саяси жағдайы.
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдармен салыстырғанда өнеркәсіптің өсу деңгейі екі есеге дейін қысқарып 80-90 жылдары Англия өнеркәсіптің маңындағы салаларында АҚШ пен Германиядан кейінгі үшінші орынға жылжыды. Англия дүниежүзілік сауда мен кеме жасау ісінде әлі де алда болғанымен біртіндеп бұл позициясынан да айырылып қалу қаупі түседі. 1885 жылы парламент ағылшын экономикасының құлдырау себептерін анықтау мақсатында «үлкен комиссия» құрып, онда ірі қалалар мен ірі сауду фирмаларының өкілдері есеп берді. Құлдыраудың басты себебі ағылшын товарларының әлемдік рыноктағы бәсекелестікке қабілетсіздігі және өнеркәсіп машаналарының ескіруі екендігін анықтап комиссия 1887 жылы буржуазиялық топтардың талап етуімен реформалар жасау керек деп шешті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Англия экономикасында монополиялардың үстемдігі артып, бұл өнеркәсіптің барлық салаларын қамтиды. Шоғырланудың жоғарғы қарқыныбанк ісінде жылдам жүргізіліп, Англия дүниежүзідік банкирге, Лондон әлемдік қаржы орталығына айналды. Отар және жартылай отар елдердіңбарлықтарына ағылшын банктерініңөкілдері ашылып, фунт стерминг халықаралық валютаға айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында шетке шығатын капиталдың көлемі ішкі айналымдағы капиталдан 2-3 есе артық болды.
Англияның саяси өмірінде буржуазия мен аристократия елді екі партиялық жүйе арқылы басқарып, билік басындакезе алмасып торыды. Жұмысшы табының өзсаяси партиясы болмады. Сондықтанда консерваторлар мен либералдардың билікке таласы буржуазиялық қоғамның құрылымына ешнұсқан келтірмеді. Мемлкеттік билікті қолына шоғырландырған буржуазиялық партиялар торалық идеялогияны насихаттап, жаңа жерлер жаулап алуісіне қалың бұқарасын жұмылдыруды көздеді. Бұл тұрғы да екі партия ауыз бірлікте болды. Сондықтан да олар біршама әлеуметтік реформалар жасауға және тред-юниондардың кейбір талаптарын қанағаттандыруға келісіп, экспанциялық саясатты дамыту мақсатында әдебиет пен публистиканы, тарих ғылымдарын кеңінен пайдаланды.
Англияның саяси өміріндегі басты проблемалық мәселелердің бірі бұл Ирланд халқының ұлт-азаттық күресі болды. Шаруалар қозғаушы күші болған қозғалыс халықтың қызу қолдарына ие бола отырып, 1879 жылы құрылған «Жер лигасы»ұйымы бұл қозғалыстың жетекшісіне айналды. Сонымен қатар ағылшын парламенттіндегі ирдандық депуттардан құрылған «Гомрул лигасы» және оның жетекшілері Чарльз Парнелл мен Девит халық арасында үлкен сенімге ие болып, саяси күресте ерекше пәрменділік таныта білді.
Отар территориялардың көлемі артқан сайын ағылшын имперализмі жаңа проблемаларға тап болды. 1905 жылы орыс революциясының ықпалымен Үндістан және Ирландияда ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Бұл елдердегі ұлт-азаттық соғыстың жалынын басу ағылшын үкіметіне үлкен қиындықтар туғызды, сонымен қатар алғаш рет ұлт-азаттық қозғалыстарды ағылшын жұмысшы табының бір қанаты қолдап, нәтижесінде 1912 жылы ағылшын парламенті Ирландия мәселесі бойынша «Гомруль туралы Биль»енгізуге мәжбүр болды. Үкімет пен монополистер арасында Бильге байланысты түсініспеушіліктер пайда болып, елде басталған саяси дағдарыстың тереңдеуіне алып келді.
15 лекция
ІІ- ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия
- ГФР-ның экономикалық дамуы.
- ХАС-ХСС-тің ішкі және сыртықы саясаты.
- 70-80жылдардағы ГФР
- Халықаралық саяси аренадағы орны.
Герман федеративтік республика импералистік мемлкеттердің аккупацияның батыс аймақтарындағы нәтижесінде 1949 жылы кыркүйекте пайда болды. Олардың батсы тірегі канцлер Конрад Аденаэрдің башылығындағы Христиан-демократиялық партиясы мен оның одақтасы Христиан әлеуметтік-одағы болды. Олар АҚШ, Англия мен Францияның қолдауын пайдалана отырып 1949 жылы сайлауда көп дауыс алып, өз жағына ұсақ буржуазияны, қызметкерлерді, шенеуніктерді тартып, өкімет басына келді. ГФР құрылғаннан кейін алғашқы жылдары елдің экономикасы қалпына келтірілді және шапшаң қарқынмен дамыды. Ең алдымен жаңа салалар-палстмасса, синтетикалық талшық, электронды приборлар жасау өсті. Он жыл ішінде ГФР өнеркәсіп өндірісі көлемі жөнінен Англияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға көтерілді. Мұның негізгі себептерінің бірі Батыс Германияда ауыр өнеркәсіптің басым бөлігі және рейхтың білікті жұмысшы кадрларының шоғырлануы болатын. Сонымен қатар АҚШ-тың «Маршалл жоспары» бойынша айтарлықтай көмек беруі және ГФР-ның НАТО-ға кіргенге дейінгі әскери шығындарының болмауы тиіс еді.
Адэнауердің үкіметі шовинистік сипаттағы насихат жұмыстарын басшылыққа ала отырып, реакцияшыл сайлау заңының көмегімен шеттеті. ГФР үкіметі Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік одағы блогының позициясын нығайтыпелдегі саяси және экономикалық билікті толық өз қолына шоғырландырды. 1955 жылы НАТО-ға мүшелікке қабылдаған ГФР «Қырғиқабақ соғысты» өршіте отырып, антисоветтік бағыт ұстанды және ГДР-на қарсы арандатушылық ұйымдастырып отырды. 1963-1969 жылы ГФР билеуші топтарының өз саясатын жаңа жағдайларға бейімдеуге тырысупиғылда болды. Елді басқаруға «Үлкен коолоция» үкіметі келіп, ХДС бір бөлігін ГСДЖП-на беруге мәжбүр болды. 1969 жылы Эссендегі съезде жария герман коммунистік партиясы құрылды, ол демократиялық бостандықтарды қорғауға сыртқы саясаттағы бейбіт бағыт, милитаризм мен антисоветизмге тойтарыс беру бағытында қызмет жасап, ереуілдерге, кәсіподақтардың қызметіне белсене қатысып отырып еңбекшлердің мүдделерінқорғау жолында күрес жүргізді.
1971жылы ГФР Батыс Берлин жөніндегі төрт жақты келісімге қол қою арқылы Еуропадағы жағдайын сауықтыруға қол жеткізді және ГФР мен ГДР арасындағы қарым-қатынастар біршама жақсарды, 1972 жылы екі герман мемлекеті бейбіт қатар өмір сүру принципіне негізделген қатынастар негіздері туралы шартқа қол қойды, көп ұзамай ГФР мен ГДР БҰҰ-ға қабылданды. Сонымен қатар осы шартардың негізінде КСРО мен қатынастар, әсіресе экономика саласында оңды дамыды. ГФр-дің сыртқы саясаты қарама-қайшы сипатта болғанына қарамастан Батыстың дамыған елдері арасынан КСРО-ның ірі саауду серігі болған бірден-бір мемлекет болатын, сонымен бір мезгілде ГФР НАТО-ға кіру арқылы Еуропадағы факторлар орналастыру туралы шешіміне (1979ж) қосылды.
1 лекция
Жаңа және қазіргі заманғы Еуропа және Америка елдерінің тарихы пәніне кіріспе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz