Мәдениеттану пәні, мақсаты мен міндеттері

Мәдениеттану жеке ғылым ретінде, өзінің қалыптасуын тек ХХ ғасырда
бастады. Мәдениеттану ұғымының өзі 1930 жылдары американдық ғалым Л.
Уайттың қолдануынан басталады. Алайда, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына
тән қарама-қайшылық пен күрделілік әдеттегіден тыс жағдай емес. Өйткені
мәдениеттанудың пәні – мәдениеттің өзі көп қырлы, әр жақты құбылыс
болғандықтан аз ғана уақыттың аралығында көпшілікке баяндалып танылған
болуы, тауқыметі көп нәрсе.
Адам арқылы жасалынған жасанды нәрселер және адамнан тысқары, тәуелсіз
бар дүние арасындағы айырмашылықтардан туындайтын сұрақтарды философия
тарихында әр уақытта қарастырылып жүрді.
Бірақ мәдениетті талдау тек қана ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап
болмысты философиялық тұрғыдан ұғынудың ең қажетті құрамдас бөлігі болды.
Мәдениетті зерттеудің былай кейіндетілуіне бір жағынан мәдениеттің жасалуы
адамдар арқылы емес негізінен дүниеніңнағыз жаратушысы әйтеуір бір құдай
деп есептейтін ғасырлар бойы келе жатқан діни сананың ықпалы әсер етсе,
екінші жағынан мәдениетті философиялық тұрғыдан ұғу оны белгілі бір
біртұтастық тұрғысынан қарағанда ғана мүмкін болды. Дәл осы дәуірде екінші
табиғат әлемін жасайтын адамның біртұтастықты сезіну өзіне негізгі
дәлелдер тапты.
Ал, ХХ ғасырдың мәдениеттануы философия мәдениетімен тығыз байланыста бола
отырып жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Мәдениет теориясының
мәселелері философияның тегеруінді ықпалының нәтижесінде немесе
философиялық білімнің бір бөлігі ретінде қалыптасты. Көптеген ғалымдардың
шығармашылығында философия мен мәдениеттану мәселелері бірімен бірі
араласып, иінтіресіп, өріліп, тығыз байланыста болады.
Шындығында алғашқы мәдениеттану теориялары шамамен осы уақыттары
көрінді. Жалпы мәдениеттану қауымдастықтары бірнеше он жылдықтар бойында
күні бүгінге талқылап келе жатқан мәселелер кешені: мәдениет пен
өркениеттер арақатнасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы
және диалогі, мәдениет құрылымдары және функциялары.
Республикамызда, мәдениеттанудың үш негізгі көзқарастары орын алып отыр.
Біріншісі, мәдениеттануды ғылымдар жиынтығы тұрғысында көреді. Екіншісі
мәдениеттануды мәдениет мәселесін қарастырып қосалқы тұрғыда қарайды. Оған
мысал ретінде жоғары оқу орыныдағы мамандардың өзіндік дәріс беру тәсіллін
келтіруге болады. Соған байланысты мамандықтың объектісін анықтау керек.
Осы пікір туралы Т.Х.Ғабитов Мәдениеттану мамандарының кейбіреулері
мәдениеттанудың пәнінің әмбебаптылығын айта келіп мәдниетті әлемдегі адам
болмысының тәсілі ретінде және оның айқын белгілі бір танымдылық мақсатар
үшін әртүрлі жақтарының теориялық реконструкциялауының арасындағы аралық
ерекшеліктерін елемейді-деп атап көрсеткен.
Қоғамда жаңарту көптеген өзгерістер болып жатыр,бір жағынан өзіміздің
төл мәдениетімізді кеңінен игеру, адамзат мәдениеттінің нағыз
құндылықтарына бейімделу, екінші жағынан, күні өтіп ескірген яғни
үйреншіліктіліктің межесін шыға білу, ғасырлар бойы аяғын алшаң басып
жинақталған, адам санасынан әрдайым көрініп, адамдардың жүріс-тұрысындағы
кертартпалық салт-дәстүрлерді жеңе білу. Мұның өзі адамзаттың өмір сүрген
уақыттарындағы жинақталған, зор мәдениет күші, мәдениеттанудың негізгі
ұғымдарын игеру арықылы ғана болатын жай.
Алайда мәдениетануды мәдениет туралы ғылым ретінде айқындау өте
абстракцияландырып жібереді. Ол тек қана мәдениетті зерттеудің объектісі
екендігін көрсетеді, бірақ тап осы объектінің ерекше өзгешеліктерін
айқындамайды. Мәдениеттануды ғылым ретінде айқындау үшін ең алғаш оның
зертеу объектісі мен пәнін анықтап алу керек. КЕз келген ғылымда зерттеу
объектісі ретінде нақты ақиқаттың айқын бір бөлігі әрқашан алға шығады.
Яғни белгілі бір құбылыстың пайда болуына байланысты соған сәйкес ғылым да
пайда болады, басқаша айтқанда мақсатқа лайықты болу, қоғамдық қажеттілікке
жарау және қызметтілігінің маңыздылығы объектінің зертелуіне себепші
болады.
Негізінен мәдениеттану жинақталған идеяларды, көптеген деректерге
негізделген жадығаттарды комплексті түрде пайдаға асырады. Кей жағдайда
мәдениеттану басқа ғылыми білімдерді тікелей пайдаланып қана қоймай,оларды
мәдениет туралы біртұтас ғылымның жүйесіне түрлендіріп енгізеді.
Қазіргі уақытта мәдениеттану білімінің ерекше түрі екендігін көрсететін
жәйіттер аз емес. Оған қазіргі әлемдегі техникалық, әлеуметтік орасан зор
өзгерістерді алуға болады.
Мәдениетті анықтау әрқашанда концептуалды, өйткені оның өзі нақты
әлемдітану бағытына меңзейді; оның ең маңызды өзегі болып адам, ізгілік,
әсемдік, сенім, ақиқат сияқты категориялар саналады; ол, адамдардың
әлеуметтік өміріне байланысты адамның мәнін, болмыс жүйесіндегі орнын ұғу
сияқты бақилық сұрақтардың жорамалдарын ұстанады.
Бұл жағдайда мәдениеттану ғылымының пәні нақты объект емес, оны нақты
құбылыстардан тысқары, рухани мәдениеттің сыңарлас жақтарының яғни мифтік,
діни, философиялық, ғылыми, өнер сияқты тағы да басқа сұрыпталған
ақпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім деп қарастырған жөн. Егер
мәдениеттанудың осы тұрғыда айқындайтын болсақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz