А.Бахтидің Шумерлер,скифтер, қазақтар кітабына аннотация


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Тарих, экономика және құқық» факультеті
«Қазақстан Республикасының тарихы» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: А. Бахтидің «Шумерлер, скифтер, қазақтар» кітабына аннотация
Орындаған: студенті Куангалиева З. А.
Тексерген: Журасова Ж. Қ.
Орал, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ТИГР МЕН ЭВФРАТ АРАСЫНДАҒЫ ТУЫСТАС ЖЕРІ. …5
1. 1. Саг, сақ, Қас-cақ7
1. 2. Шумерлер мен түркілер тілі. 8
1. 3. Көне шумерлік сына жазу мен көне түркі руникалық әліппе . . 8
1. 4. Көшпенді малшы шумерлер, скифтер мен қазақтар. . 9
1. 5. Ежелгі шумерлер, скифтер мен қаазақтардың көсемге немесе патшаға табынуы . . . 10
1. 6. Шумерлер мен қазақтардың үйлену дәстүрі . . . 12
1. 7. Ежелгі шумерлер мен түркілердің жерлеу дәстүрі . . . 13
1. 8. Шумерлердің патшасын жерлеуі және скифтердің патша қорғандары . . . 14
1. 9. Шумерлер, сктифтер мен қазақтардың аңдарға тән стильдері . . . 16
1. 10. Шумерлердің, скиф-түркілердің және қазақтардың құдай пантеоны . . . 18
II. ШУМЕРЛЕР ПАТШАСЫНАН КӨШПЕНДІ ҚАЗАҚТАРҒА ДЕЙІН19
2. 1. Шумерлердің, скифтердің және қазақтардың билігінң құрылымы…… . . . 19
2. 2. Шумерлердің, скифтердің және қазақтардың соғысты жүргізуі21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР25
Кіріспе
Әлем көлемінде «Тарих Шумерде бастау алады» деген қанатты сөз әу бастан-ақ бекіп қалған. Солай екендігіне ешкімнің дауы да жоқ. Алайда сол шумерлердің шынайы кім екендігіне тарих тану ғылымы тұрлаулы жауап бере алмай келді бұған дейін. Десек те, соңғы кезеңде ақиқат ауылына жетудің тура соқпағына түскен секілдіміз. Әдетте Месопатамия деп Кавказ тауы, Парсы шығанағы, Иран тау жотасы мен Сирия даласы қыспағындағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығын айтады. Гректік ғалым Полибий б. э. д. екінші ғасырда бұл жерді Қос өзен аралығы деп орынды атаған. Адамзаттың алтын бесігіне айналған Қос өзен мемлекетінің құпиясы әлі де толық ашыла қойған жоқ. Қос өзен аймағына шумерлер бұдан жеті мың жыл бұрын келсе керек. Бірнеше мемлекет-қалашықтарда жекелеген тайпалар мекен еткен. Әр шаһардың өзіндік қоғамдық ғимараттары, су құбыры, кәріздері болған. Әлгіндей қоғамдық ғимараттарды қоршай тұрғындардың үйлері орын тепкен де ар жағы алаңқайларға ұласқан. Айнала батпақты жерлермен жалғасып жатқан.
Адамзат тарихы кеңістік пен сарқымастай уақытта ағып жатқан өзен секілді. Бір ежелгі шығыс данасының: «Ұрпақ келер, ұрпақ кетер, ал біз өтеміз де кетеміз», -деген өмір ағымында айтылған сөздері қандай әділетті, өйткені біздің де өміріміз өзендей ағуда.
Бірақ өмір өзені қайда ақпасын ол өзіне баға жетпестей болашақ ұрпаққа біліммен жиналған тәжірибе тіл мәдениет әдет-ғұрып әкеледі. Бұл кітапта осы ұлы өзен жолын немесе халық жерінің тарихтарын жағалауға мүмкіндік жасалған. Уақыт өтіп жатты тайпалар мен халықтар бірте-бірте ауыса берді, бірақ сонымен олардың тілі мен мәдениетінен көрінетін рухани өмірлері өзгерместей қалды. Халықтар атауларын ауыстырды, бірақ рухани өзегі бұзылмастан қалды. Абай: «Дүние-мұхит, уақыттар желдей, бірін-бірі ауыстырған ұрпақ толқын қуады», -деп жазды. Бұл кітап қазіргі қазақтар мен түркі тілдес халықтардың туыстары болып келетін ежелгі скиф - көшпенділерінің тарихи өміріне жарық береді. Сонымен қатар орта шығыс тарихын атап айтақнда Месопотамияның мекендеушілері - шумерлер, олардың ежелгі құрылымындағы өркениет, олардың ежелгі түркілермен байланысы адамзат тарихы барысындағы әсері.
Көне шумер тілін ғалымдар өліп, өшкен деп санаттан шығарып тастауға қанша тырысқанымен оның айқын сілемдері түрік тілінен өз көрінісін кеңінен тауып отыр. Себебі байырғы ғұндар мен сақтардың, скифтер мен арилердің, турлар мен сарматтардың, аландар мен мадиярлардың, моғолдардың, қыпшақтардың, қысқасы түрік тектес халықтардың, соның ішінде, әрине, қазақтардың да төл тілі болып келді. Еуропалық елдердің де тілдерінде, әсіресе, халық атаулары мен адам есімдерінде шумерлік ықпал жетерлік. Шумертанушы О. Н. Тунаның дәлелдеуінше, шумер тіліндегі элементтер - түркі тілінен енген тілдік бірліктер. Шумерлер тілінің көбіне бір буынды болып келетіндігі әрі айналадағы жұрттар тіліне мүлдем ұқсамайтындығына байланысты бұл жазуды шумерлер өздері қоныс аударған бұрынғы мекеннен алып келген деген тұжырымның қисыны бар. Шынында да, орманы жоқ құла дүздегі Қос өзен халқы саз балшықтан дымқыл шаршы жасап, оған таңбаларын басып, оны өшіп кетпес үшін тандырға жауып күйдірген. Биіктігі 2, 5 сантиметрден аспайтын шағындарына ұсақ-түйек ескертпелерді түртіп қойса, биіктігі 40 сантиметрге дейін баратын көлемділеріне “Жердің жаратылуы”, “Алтын ғасыр”, “Гильгамеш туралы” хиссаларын жазған.
Шумерлер өздерінің қазынасын - тілімен мәдениетін, тікелей өздерінің ұрпақтарына, скиф-көшпенділері мен қазақтарға берді.
Біз мәдениет пен өркениеттің ізсіз жоғалып кетпейтінің білеміз. Шумерлер, олардың тілі мен мәдениеті жоғалмағаны сөзсіз. Бұл жұрт еуразия шөл даласында, бір кездері өздері көшпенділер малшылар болып басқа халыққа, скифтер сақтар мәдениетіне айналған өздерінің ғажап қалаларынан Каспийдің арғы жағына қайта кетті.
Шумерлер ұрпағы болған жаңа халықта енді қалалары болмады, бірақ скиф мәдениеті өздерінің туыстарының арқасында маңыздылығы кем болмайтын, ұлы да және кереметті үлгі етіп іске асырды. Мәдениет пен халықтар пайда болып мәңгілік ағыста жойылып жатады, бірақ олардың тәжірибесі өмір сүріп, келесі ұрпақтарда артады, жаңа толысыңқыраған мәдениетінің құрылысына қатысады. [1; 3-4]
Тақарыптың өзектілігі: Шумерлер мен скифтер арасында салыстыру жүргізе отырып, ежелгі скиф мәдениеті шумерлерден берілгенін дәлелдеу
Рефераттық мақсаты : Оқырмандарға ежелгі дүниенің тарихын ойлануға, қазақ халқы тарихының тамыры алысқа кететінін елестетуге, өз қорытындысына келуге ояту. Өз мәдениетіміз бен тарихымызды ұғынып оны жақсы көруге көмектесу.
Тигр мен Эвфрат арасындағы туыстас жері
Әрбір халық жер бетінде өз даралығы мен ерекшелігіне, өз тегіне ие. Және әрбір халықта өз тілі, өз әдет-ғұрпы, өз ой қалпы, өз байлығы бар. Адамзат тарихының астары астары осында жатыр. Біз кімбіз? Қайданбыз? Осы сұрақтар бізді әрдайым ойандырып отырады, біз расында осы жайлы білгіміз келеді. Әрине, әрбір өзеннің бастауы- бұлақ бар. Демек, біз өзімізге сұрақ қоя аламыз. Тіл мен халық қалай пайда болды? Осы жайлы әр түрлі бұлақтардан білуге болады. Мысалы: тарих, қазбалар және ежелгі кітаптар. Бірақ көп адамдар «бұл біз үшін құпия, бұны ешқашан біле алмаймыз», деп есептейді. Сонда да ежелгі халықтардың мекен еткен жерін біз біле алатын сенімді қайнар бұлақ бар. Таяу Шығыста жазылған ең ежелгі кітаптардың бірі - Киелі кітап. Онда бір кездері адамдар бір тілде сөйлеген, бір мәдениеті болған, барлығы бірін-бірі аудаомашысыз түсінген деп айтылған. Бірақ адамдар бір күні Бабыл қаласын және биік мұнара сала бастады. Сонымен Құдайдың билігіне озбырлық жасады. Сол кезде Құдай адамдарың ісіне араласып, олардың тілін шатастырып жіберді де, оларды жер бетіне таратып жіберді. Көпшілігі бұл жай ғана аңыз деп сенеді. Бұл аңыз ғана емес. Неліктен? Өйткені бұл әңгіме тарихпен шиеленіседі яғни тарихи негіз бар. Әңгіме мынада, ежелгі заманда Бабыл қаласы бар болған, әлі күнге дейін қазіргі замандағы Бағдат (Ирак) қаласына жақын археологиялық қазбалар мен құлаған орындар бар. Тағыда «Бабыл» деген ат, ежелгі еврей тілінде «тіл шатастыру» дегенді білдіреді. Оның өзі бір нәрсені білдіреді, солай емес пе? Әрбір тайпа содан бері өз тілін біледі. Осылайша әр түрлі халық пайда болды.
Ежелгі дүние жүзілік ірі мемлекет Ассирияның астанасы ежелгі Ниневия қаласы. Ассирия - ежелгі Ашшур елі - шулаған тасқынды Тигр өзенінің солтүстігінде жағалай орналасқан. Осы аймақтарда Хорсобад қаласына жақын жалпақ шыңдары, құламалы шеттерімен сыры белгісіз төбешіктер жоғары көтерілген. Археолог Поль Эмиль Бота 1843 жылы, сол жаққа бет алды және сыры белгісіз төбешіктер астынан ежелгі Ниневияны ашты. Осы оқиға археологтарды таң қалдырды: расында да, бұл ежелгі қала болған, бұл тіпті де қиял емес, өйткені осы қала жайлы өте ертеде Таяу Шығыста жазылған кітапта көрсетілгендей, қазіргі күнгі арабтар мен еврейлер тұратын қала жайлы жазылып кеткен.
Ал түркілер мен қазақтардың пайда болу тарихы жайында не білуге болады?Олардың тарихи тамыры қайда? Осы тақырыпқа хабарлар мен ғылыми болжамдарға жарық беретін көптеген кітаптар арналған. Әлі күнге дейін қызу дау жүруде. [1; 7]
Қазіргі заманғы күннің, аптаның, шеңберді градусқа бөлу атаулары - ежелгі Шиенардан шыққан. Сонымен қатар, шумерлер нағыз техникалық төңкеріс жасай отырып, үлкен жетістіктерге жетіп отырды. Америка шумерологі С. Крамер былай деді: « Олар қыш шеңберлер, дөңгелектер, арбалар, соқа-сепкіштер, желкенді қайықтар ойлап тапты, қақпалар, күмбез тәрізді құрылыстар мен күмбездер тұрғызуды үйренді, мыс пен қоладан құймалар даярлады, темірді дәнекерлеуді, тасқа өрнек жасауды, ою оюлаумен безендірулерді меңгерді». Осы ежелгі мәдениеттің ашылуы ғалымдар әлемін таң қалдырғаны соншалық, бүкіл дүние жүзілік мәдениет өз шығу тегін Қосөзеннен жетектелуінің мүмкін екендігіне жорамал пайда болды. Бұндай ғалымдардың жорамалы Сеннаар мәдениетіне ұқсайды.
Шумерлер Месопотамияда өмір сүріп, ұлы ірі мемлекет құрды. Бүгінгі күні Оңтүстік Ирактың, екі қол тәріздес екі жағынан Тигр мен Евфрат құшағына алынған бөлікте, 33 пен 31 градус арасындағы солтүстік енділігі, бес-алты мың жыл бұрын осы жерде көп халықтың болғанына, жорамал бойынша, біздің әлеміміздің ең өркениетті бұрышы дегенге сену қиын. Қазір бұл орын жайылма өзеннің сансыз ми батпақты, ең жоғарғы сапада көрнексіз бос дала болып көрінеді.
Месопатамия, Кавказ арасында қысылған, Персия шығанағында, Иран таулары мен Сирия шөл даласында б. з. б. ІІ ғасырдағы грек геогрофтары Полиби шыңында Өзенарасы немесе «екі өзен арасы» деп атаған, Тирг мен Евфраттың арасындағы ойпаң жерді елестеді.
Месопотамия - бұл адамзат тарихы, өркениет бесігі дамыған құпиялы жер. Осы жерде жүздеген жылдар бұрын не болғанын, ежелгі тарих ағысына батып, осы жерден өз тамырымызды білгіміз келеді.
Осы құпиялы жердің нақ өзінде адамзаттың бастамасы мен түркі көшпенділер тайпасы - қазіргі қазақ ата-бабаларының қайнар көзі жатыр. Егер жақсылап зерттеп және осы құпилы жердің нақ өзінде адамзаттың бастамасы мен түркі көшпенділер тайпасы - қазіргі қазақ ата-бабаларының қайнар көзі жатыр. Егер жақсылып зерттеп осы құпиялы жердің тарихи дауысын мұқият тыңдасақ онда өзімізге көптеген бағалыны алып өзіміздің шығу тегімізбен адамзат тарихындағы өз маңыздылығымызды жете түсінеміз.
Месопотамияның орталық және шығыс бөлігі үйінділерден жасалған шөгінділерге Тигр мен Евфрат мезгіл мезгіл мен құйылып тыңайтып және суландыратын жазықыты елестетеді. Тигр өз бастамасын Васан өзенінің оңтүстік жағасындағы Армения тауларынан алады. Евфраттфң қайнар көзі Эрзерумадан шығысқа қарай 2000 м өзен деңгейінен жоғары жатыр. Тигр ағысы жылдамдығымен ерекшеленеді. Тигр Евфрттан 2 есе көп су әкеледі.
Семиттер мен Шумерлер тайпалары сол жақта б. з. б. 2500 жыл бұрын пайда болған. Семиттер солтүстік батыстан жіне батпақты солтүстік алқапта тұрақтаған, ал кейіннен қазіргі Бағдат болып табылатын жақтан келген. Оларды солтүстік бөлігі төменде Месопотамияның - Аққадтың атыман Аққадтықтар деп аталған.
Орталық Азия мен Кавказдан келген шумерлер оңтүстік елге орналасып, содан соң Тигр мен Евфраттың ағысы мен оңтүстікке төмен түскен. Бір қызығы мысалы Ашурде, олардың бірінші мәдениетінің ізі табылған.
Шумерлердің тілі көне түркілердің тіліне ұқсас. Сыртқы пінінен қарағанда олар үндіеуропалықтарға жатуы тиіс. Мүмкін халықтар тарағаннан кейін шумерлер Каспий теңізінің жағасынан Тирг мен Евфрат арасындағы алқапқа кеткен болар. Шумерлер б. з. б. 2500 жыл шамасында алқапта орныққан, ал кейініректе ұшы қиыры жоқ кең Еуразия шөл даласына қайта оралып өзімен өзі дамып скифтерге түрленген болуы ықтимал. Сондықтан түркі-қазақтар ежелгі шумерлердің тікелей ұрпағы екендігі әбден анық. Зерттеуге мағұлматтар мардымсыз жеткен мен ежелгі шумерлер әдебиетінің ескерткіштері негізінде өте ертеректергі еңбектермен көшірмелерде барық қателермен сақталған. Күйдірілмеген сына жазу мәтіндеріде сақталмайды, олар оңай сынып, топыраққа айналып кетеді. Қазіргі тіл мамандарына зерттеу мен шумер жазуын және тілін үйрену қиын болғандығын осымен түсіндіруге болады. Бірінші көне жазу - Уруктері шумерлер жазу өнерінің жүйесіне шамамен саны мыңдаған, кейіннен шамамен 600-ге кемітілген таңбалар қосылған.
Бірақ осы 600 таңбалар мағынасын ашу оңай жұмыс болған жоқ. Сондықтан бірінші таңбалар ХХ ғасырдың басында ғана жай жазуларға айналдырды.
Кейбір ғалымдар шумерлер азияттық көшпенді тайпадан шыққаны айта отырып, олардың дәл қайдан келгені бегісіз деп жорамалдады. Мысалы, батыс-герман ғалымы Курт Вальтер Керам: «Уақытында шумерлердің бар екеніне жанама мәліметтер ашылған. Қазіргі кезде осы халықтың, шынында да бар екені шүбәсіз, бірақ халықтың шығу тегі жайлы қазіргі күні де біз ештеңе білмейміз. Осы сұрақтар жайлы біз бұрынғысынша жанама куәліктерге ғана сүйенуімізге тура келеді», -деді. [1; 12-14]
Шумерлер ежелгі түріктердің ата тегі екеніне дәлелдер бар ма екен? 12 әр түрлі дәлелдер қарастырып көрейік. Көңілімізді «шумер», «сақ» және «қазақ» сөздерінің шығу тегінің салыстырмасы берілген 1-ші дәлелдемеге аударайық.
Саг, сақ, Қас-сақ
Ертедегі уақыттан әрбір халықтың өзінің жеке атауы болған, сондықтан халықтар бір-бірінен ерекшелене алады. Ежелгі шумерлер өздерін қалай атады? Олар өздерін «саг-сиг» деп атады. Бірақ бұл құпиялы көне шумерлік сөз «Саг-сиг» нені білдіреді? Ғалымдардың жорамалдануынша, ол «қарабастылар» дегенді білдіреді. Бұның тек жорамал екенін ескертіп кетейік. «Саг-сиг» сөзін араластыра отырып, ежелгі Месопотамия тұрғындары Қоскөлде осы уақытқа дейін қолданып келеді, бірақ сәл басқа қалыпта. «Сақ» сөзі - бұл да бір кездері скиф тайпаларының бір атауын білдіреді деп есептейді. «Саг-гиг» сөзі «мас-сағат» сөзінен айқын көрінеді. Осы көнешумерлік атау «саг» немесе көне сикфтік «сақ» сөзі яғни «массах» сөзі, кейінірек қазіргі кездегі көшпенділерге немесе қазақтарға берілген.
Тіпті Ресей әміршісі сарайының айналасында, ІІ Екатеринаның уақытында қазақтар ресми құжаттарында қырғыз-қайсақтар болып аталған. «Қайсақтар» деген сөзге көңіл аударайық: біз екі жақты «қай-сақ» сөзін көреміз. Қызығы, «қай-сақ» сөзін қазақ ақсүйектері де қолданған, бұл қазақ ханы ХVІІ ғасырдағы Абылайхан мен Ресей әміршісі ІІ Екатерина хаттарынан кездеседі. Міне, мысалы, хан ханзада өзіне Түркістанда, хан атағын қойғанда, барлық үш қырғыз-қайсақ ордасын ханы етіп көтерген хабарлады. Мүмкін, «қазақ» атауы екі құрамалы «қас» және «сақ», «нағыз сақ» дегенді білдіретін, яғни «ерікті сақ» сөздерінен, ежелгі сақтар немесе скифтер ата-тегінің қазіргі қазақтар байланысынан шыққан. Мұндай салыстыруды кестеден қарауға болады. [1; 16-17]
Шумерлер мен Түркілер тілі
Тіл - ол мәдениет иеленушісі ең басты құрал. Халықтар тілінде оның мінезі сақталады. Тіл шын
шыл тарихи құжат болып сақталады. Ата-бабаларымыздың ақыл ойлары бізге тіл арқылы жетеді. Тіл халықтың өткенін қазіргісімен болашағын хабарлай алады. С. И. Ожеговтың орыс тіліндегі сөздігінде тіл жайлы былай делінген: «Тіл дыбыстардың жүйесі, сөздік пен грамматикалық құрыл, ой жұмысын ақиқаттайтын және қарым-қатынаста болудың қаруы болып табылатын жалпы халықтық дыбыстық сөздік және грамматикалық жүйеде негізделген». Мүмкін шумерлерге ортақ болағандай скифтергеде түркі тілі ортақ болған болар.
Түркі тілі бұл ең ежелгі мәңгі тілдердің бірі
Түркі тілінде сөйлейтін жер бетіне жайылып кеткен шумерлер, скифтер және басқа халықтар өздерінің тарихи атауларын ғана өзгертіп өмір сүруде. Шумерлер мен ежелгі түркілер арасында тағы қандай туыстық байланыс бар. Мессопатамия аңғарларында түркі мен қазақ халқының негізі болатын ежелгі мәдениет пен өркениетті бірге құрған дәл шумерлер. Шумерлер өздерінің тарихының ауыр кезеңіне қарамастан ғасырлар бойы өркениеттерін құрып және оны өз ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Ежелгі шумерлер өздерінің меншікті жазуларын меңгерген. Олар ежелгі тарихты жаза білген. Шумерлердің жазуы өте күрделі болған. Жазып оқып білу үшін бұл өнерге көптеген жылдар арнау керек. Тіпті ассириялық патша Ашуп Банипал шумер жазуымен айналысып одан қанағат тапқан. Оның патшалар жазбасы мен ежелгі шумерлердің сына жазуы сақталатын өзінің жеке кітапханасы болған. Міне ол: «Мен үшін әдеміде әрі түсініксіз шумерлер қолтаңбалыр қайталау үлкен қуаныш болды» деген. Шумерлердің шамамен б. з. б. ХХ ғасырда өмір сүргенін ұмытпайық. Әрине олардың мәдниеті толық жойылған деп сендіруге болмайды, бірқа өзгермеген деп есептеуге тағы болмайды.
Шумер әдебиеті өмірдің ең бай ескерткішінің бірі. Біз шумер жазуымен көшпелі скифтермен ежелгі түркілерге мұра болып қалғанын жорамалдай алмаймыз. Мыңжылдықтарға қарамастан олардың әдебиеті бізге жетті. Бүгінгі күні небары 150-ден астам ескерткіштер бар, көпшілігі үзінді көрініс күйінде сақталған. [1; 20-22]
Көне шумерлік сына жазу мен көне түркі руникалық әліппе
Көне шумерлік жазу - сына жазу деп аталады. Сына жазу ол жазу жүйесі. Сына жазудың жалпы белгісі сына тәріздес таңбалар күйі, жұмсақ саз балшыққа сына тәрізді таяқшамен басу жолымен алынған. Жазу техникасы өзгеріп, сына тірңздес сызықшаларына айналуының нәтижесінде шумерлерде сына жазу шамамаен б. з. б. 4 мың жылдықтың аяғында пайда болу мүмкін. Шумер сына жазуы негізінде логографиялы немесе бір белгі бір сөзді көрсетеді, сына жазу жүйесінің мағынасын 19 - шы, 20-шы ғасырда әр елдер ғалымдарының жұмысының нәтижесінде ашқан. Шумерлерден басқа халықтар сына жазуды алып пайдаланған, сөйтіп бірең-сараңдап сына жазу ерекше тілдерге бейімделе бастады да логографиялы таңбалар буынына айнала бастады. Еуразия даласында шумерлер пайда бола бастаған кезде, олардың сына жазуы жайылып «Ежелгі түркі руникалық жазу» атуын алған жаңа жазуға өзгертілді. Руникалық жазлуының бірінші мәліметі XVIII ғасырдың аяғында Ресейде пайда болды. Орыс және шетелдік ғалымдар көне түркілік руникалық жазудың кейбір үлгілерін көшіріп жариялады. 1889 жылы Н. Ядринцев Кокшин Орхон өзенінің жағасында Күлтегін мен Бүлге қағанға құрметіне арналған екі үлкен руникалық ескерткіш тапты. Финдықтар экспедициясын басқарған әйгілі ғалым Аксель Олай Гейкель, орыстарды В. Радлов. Осы үлкен жұмыстың нәтижесінде екі атлас құрылып, ал атласқа қосылған есебінде экспедициялардың 6 жинақ жұмысы шықты. Руникалық жазу мағұлматы шыққан кейін жұмбақты жазуларды жай жазуларға айналдыруға жеткілікті болды. 1893-ші жылдың 15-ші желтоқсанында дат ғалымы тарихи тіл білімінің маманы Вильгельм Томсон даттық патша академиясының мәжілісінде де руникалық жазудың жай жазуға айналдырған өз тәжірібиесіне ауызша баяндама оқыды. Онымен бірге түркі жазылу оқылу үстінен В. Рвдлов жұмыс істеді. Оларға толып жатқан ежелгі түркі жазуына арналған еңбектер жарияланды. В. Радлов бастаған руникалық түркі жазуын түркі жазуын П. Оранский, С. Малов, Н. Айдаров т. б. жалғастырды.
Соңғы зерттеулерге сәйкес, руникалық жазу біздің дәуірімізге дейін скиф-сақтар уақытында пайда болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz