Археологиялық барлау түрлері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Археологиялық барлау түрлері
Орындаған: Куангалиева З.А.
Тексерген: Қалменов М.Д.
Орал, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
І.АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 бет
1.1. Авиабарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5 бет
1.2.Электробарлау және магнитобарлау ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 6 бет
1.3.Суасты барлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .10 бет
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11 бет
КІРІСПЕ
Археологиялық барлау - тарихи көне ескерткіштерді зерттеу, орнын табу, ғылыми тұрғыда тіркеу.
1960 жылдары Қазақстанның археологиялық картасын жасау және 1980 жылдардағы тарихи ескерткіштердің жинағын құрастыру кезінде Қазақстан жерінде көптеген барлау жұмыстары жүргізілді. Археологиялық барлаудың негізгі ғылыми мақсаты - белгілі бір географиялық аудандағы көне замандарда өмір сүрген халықтардың тұрмысын, өнерін, діни нанымдарын зерттеп тексеруге қажетті материалдық деректерді іздеп табу, олардың топографиялық жобаларын жасау, суретке түсіру, типтерін тізімге алу, ескерткіштер мен жергілікті табиғи-ландшафтық жағдайлардың арасындағы байланысты анықтау, тағы басқа шаралар. Кейбір жағдайда археологиялық барлау жазба немесе басқа да деректер бойынша ескерткіштердің дәл орнын анықтау, олардың орналасу заңдылықтарын белгілеу мақсатымен де жүргізіледі.
Археологиялық барлау жүргізудің белгілі мерзімінде, алға қойған мақсатына байланысты көптеген әдістері бар. Мысалы, көне замандардың жер үстінде белгілері аз ескерткіштерін жазғытұрым және күз айларында тексеру нәтиже береді. Кейбір археология ескерткіштерді таңертең немесе түс қайта күн сәулесі жерге белгілі бір бұрышпен түсіп тұрғанда іздейді. Барлау кезінде жер бедері мен ескерткіштердің орналасуы арасындағы байланыс та ескеріледі. Мысалы, көне тас дәуірінің тұрақтары тек биік жерлерде, үңгірлерге, неолит дәуірінің тұрақтары - көлдер жағалауы мен бастау (қайнар) басында, қола дәуірінің қоныстары - суға жақын тау немесе төбелер мүйісіне таман, ал алғашқы темір дәуірінің ескерткіштері - малға қолайлы жерлерге орналасады. Археологиялық барлаудың негізгі әдістері - карта немесе аэроғарыштық суреттерді пайдалану арқылы геодезия, электрмагниттік, т.б. құралдар көмегімен тексеру. Соңғы кезде электрмагниттік негізде жасалған әр түрлі металл іздеуші құралдар пайдаланылуда.
Кез-келген археологиялық ескерткіштер белгілі бір уақыт аралығында өмір сүрген адамдардың еңбек әрекетінде жасалған, сол дәуірдің жәдігері болып табылады. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу барлау жұмыстары-нан басталады. Археологиялық барлаудың негізгі мақсаты жергілікті жердің, облыстың, елдің археологиялық картасын жасау. Жүргізілген барлау жұмыстары кезінде әртүрлі ескерткіштер ашылып, олардың орналасқан жері, таралу аймағы анықталады, ескерткіштердің тарихи-топографиялық құрылымы, ерекшеліктері байқалып, оларға қатысты деректер жиналады.
Зерттеушілердін, алдына қойған мақсаттарына байланысты барлау жұмыстары әртүрлі бағытта жүргізіліп, нақтылы ғылыми мәселелерді қамтуы мүмкін. Мәселен, белгілі бір археологиялық ескерткіштердің тарихи-топографиялық құрылымын, олардың таралу аймақтарын анықтау; жекелеген ауданның, облыстың, немесе тарихи-географиялық аймақтың археологиялық картасын жасау, ескерткіштердің жинағын дайындау; жаңа құрылыстар, суландыру жүйелері салынатын, газ-мұнай өндіріп жатқан жерлерде барлау жүргізіп ескерткіштерін анықтау, т.б.
Археологиялық барлау - іздеу және барлау жұмыстары болып екіге бөлінеді.
Іздеу кезінде бұрын ғылымға белгісіз болып келген ескерткіштер ашылып, олардың тарихи-топографиялық құрылымы сырттай зерттеліп, ескерткіштің үстінде (жердің бетінде) жатқан заттар жиналады. Іздеу кезінде ешқандай қазба жұмыстарына рұқсат етілмейді. Барлаушыға берілген рұқсат қағазында (лицензияда) іздеу кезіндегі оның құқы мен міндеттері көрсетілген.
Барлау кезінде зерттеуші бұрын іздеу жүргізілген аудандағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра отырып жекелеген ескерткіштер, не ескерткіштер тобына қатысты жан-жақты деректер жинап, олардың тарихи-топографиялық құрылымын толықтырып, болашақта қазба жүргізілетін бөліктерін анықтап, олардың көлемін белгілейді. Барлау кезінде шағын көлемді қазба жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, барлау барысында жаңа аудандар зерттеліп, сол аймақтың археологиялық картасы толықтырылуы мүмкін, не ескерткіштердің жинағына керекті деректер алынады. Барлау жұмыстары рұқсат қағазы (лицензия) бойынша жүргізіледі.
Археологиялық іздеу және барлау жұмыстары барысында алынған деректерге сүйене отырып ескерткіштер туралы қорытынды пікір айтуға болмайды. Археологиялық ескерткіштер туралы жан-жақты негізделген тұжырымдарды оларда жүргізілген қазба жұмыстары барысында алынған деректерге сүйене отырып жасауға болады.
Ескерткіштерде барлау жүргізген кезде іске асырылатын жұмыстардың бірі олардың жобасы мен кесіндісін түсіру. Жобада ескерткіштің тарихи-топографиялық құрылымы, оның жекелеген бөліктерінің қазіргі сақталу деңгейі, бұзылған жердің көрінісі, көлемі, ескерткіштің жекелеген бөліктерінде орналасқан үлкенді-кішілі құрылыстар, олардың көлемдері көрсетіледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Авиабарлау
Археологиялық ескерткіштерді ұшақпен іздеп, суретке түсіру жұмыстары Еуропада XIX ғ. басталды, ал Қазақстандағы алғашқы авиабарлау жұмыстарын 1946 ж. С.П.Толстов басқарған Хорезм археологогиялық-этнографиялық экспедициясы жүргізді. Осы экспедицияның ұшақ тобы Қуаңдария, Жаңадария, Икандария өзендері алқабында барлау жұмыстарын жүргізіп, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлар кезінен сақталған жүздеген археологиялық ескерткіштерді ашып, ғылыми айналымға енгізді
XX ғ. екінші жартысында Қазақстанда орналаскан бірқатар археологиялық ескерткіштерде аэробарлау жұмыстары жүргізіліп, ұшақтан суреттері түсірілді. Соңғы жылдарда ауадан жүргізілетін барлау жұмыстарына ұшақтармен қатар әртүрлі ұшу аппараттары мен ауа толтырылған шарлар пайдалануда. 2002-2005 жылдар аралығында дельтапланның көмегімен Отырар, Түркістан оазисіндегі ортағасырлық елді мекендер, қалалар мен олардың суландыру жүйелері суретке түсіріліп, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тауалды жазығында орналасқан ортағасырлық кәріздер жүйесі ашылды.
Авиабарлау кезінде жергілікті жердің бедеріне, өсімдік қабатына және топырағына көңіл аударылады.
Жердін бедерін зерттеу оған түскен күн сәулесіне негізделген. Көлбеу түскен күн сәулесі арқылы жердің бетінде орналасқан археологиялық ескерткіштерді көлеңкесіне қарап анықтайды Мысалы, жүргізілгені далалық жұмыстар кезінде зерттеуші ортағасырлық қаланың жақсы сақталған орталық бөлігін ғана көріп, оның тарихи бедері бұзылып кеткен шаруашылық аймағын байқамауы мүмкін, ал ұшақпен жүргізілген барлау кезінде ортағасырлық қаланың, бұзылып кеткен шаруашылық аймағының алып жатқан аумағын, ол арқылы қазылған канал, арық-атыздарды, егістік алқаптарын, қорғаныс жүйесін, оған келетін жолдарды және онымен байланысып жатқан басқа да елді мекендерді көріп, суретке түсіре алады.
Өсімдік қабатын зерттеу жер бедерінің бұзылған не бұзылмағанына, оның үстіне өскен өсімдіктердің биік не аласа, қалың не сирек болуына негізделген. Мысалы, астында құрылыс калдығы бар жерге өсімдік аз өседі және олар аласа болып келеді.
Топырақты зерттеу жер бетіндегі түрлі-түсті өзгерістерді байқауға негізделген. Топырақты зерттеу арқылы обаларды, қазылған арық, канал, кәріздерді және т.б. анықтауға болады.
Авиабарлау кезінде ашылған археологиялық ескерткіштер ұшақ (ұшу аппараттары) арқылы суретке түсіріледі.
Даладағы танымдық белгілердің арасындағы қашықтықтар әр түрлі болады, мысалы, 1:5000 масштабтағы карта үшін - 3,5 км-ден 22 км-ге дейін; 1:10 000 масштабтағы карта үшін - 1,5 км-ден 9 км-ге дейін.
Аэрофотосуреттерді дешифрлеу оларда бейнеленген объектілерді және жергілікті жердің контурын картаға түсіру үшін танып, айыра білуден тұрады. Өйткені, аэросуреттерде қажетсіз ұсақ-түйектер және картаға түсірілуге тиісті көптеген маңызды объектілер: өткелдер, көпірлер, құдықтар, байланыс желілері және т.б. көрінбей қалуы мүмкін. Оның үстіне, аэросуреттер бойынша ағаш түрлерін, жолдарды, батпақтың өтуге болатын тұстарын, құрылыстардың сипатын және т.б. анықтау тікелей қосымша зерттеуді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz