Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыстардың теориялық негіздері . . . 6
- Пәнаралық байланыс ұғымы . . . 6
- Бастауыш сыныптағы информатика пәніндегі пәнаралық байланыстың бүгінгі жағдайы . . . 12
2 Бастауыш сыныптарда информатиканы пәнаралық негізде оқыту барысын жүзеге асыру жолдары . . . 19
- Бастауыш сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту . . . 19
- Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары . . . 24
Қорытынды . . . 32
Қолданылған әдебиеттер . . . 34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультеті
Бастауыш және мектепке дейінгі білімнің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ»
АВТОР
(аты-жөні) (қолы, күні)
ЖЕТЕКШІ
(аты-жөні) (қолы, күні)
Петропавл, 2016 ж.
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Бұл құрылым балалар дамуының ғылыми негізделген жас кезеңдеріне (6-10 жас - балалық шақ, 11-16 - жеткіншектік шақ, 17-18 - жасөспірімдік шақ) сәйкес келеді және қазіргі мектептің барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған. Он екі жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталатын болады.
І саты - бастауыш білім беру, 1-4-сыныптар. Оқудың ұзақтығы - 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды» деп көрсетілген [1] .
Осы тұжырымдаманың «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» деп аталатын 4-тараудың 4. 3. 1. -тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген [2] . Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күні педагогика саласындағы іргелі тың мәселелелердің бірі болып отыр.
Осы секілді мәселелер бойынша информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орны туралы көптеген ғылыми-әдістемеліктер тұрғысынан ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғылыми зерттеулердің ішінен С. Пейерт, Е. Коган, А. Витухновская мен А. Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е. Бидайбеков пен Ж. Қаратаевтың тұжырымдары мен Қ. Әбдиев, Ж. Сардарова және Г. Абдулкаримованың зерттеу жұмыстары төменгі сыныптарда информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Дегенмен, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелінген жоқ. Сол себепті, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын берумен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау басты назарда болып отыр.
Мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырады. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдар мен заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретуде оқу-әдістемелік құралдармен, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылықтар бар.
Курстық жұмыстың мақсаты - пәнаралық байланыс ұғымын анықтау арқылы бастауыш сыныптағы информатика пәнінің бүгінгі жағдайын көрсету. Бастауыш сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды практика түрінде жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың нысаны: Пәнаралық байланыстарды бастауыш сынып информатикасында жүзеге асыру үрдісі.
Курстық жұмыстың пәні: Бастауыш сыныпта информатиканы пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асыру жолдары.
Курстық жұмыстың болжамы: Егер бастауыш сынып сабақтарында пәнаралық байланыс ұдайы практика жүзінде қолданылып отырса, онда оқушылардың қызығушылық, білімділік, логикалық ойлау белсенділіктерін арттыруға үлкен септігін тигізеді, және болашақта жан-жақты бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Пәнаралық байланыс ұғымын анықтау;
- Бастауыш сыныптағы информатика пәніндегі пәнаралық байланыстың бүгінгі жағдайын көрсету;
- Бастауыш сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту анықтау;
- Бастауыш сыныпта оқытуды пәнаралық негізде тиімді қолдану жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыстардың теориялық негіздеріПәнаралық байланыс ұғымы
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
ХVІ - ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 - 1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712 - 1778), И. Г. Песталоцци (1746 - 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы: Я. А. Коменский «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек» деп жазды [3] .
Сондай-ақ бертін келе ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық - педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И. Герцен (1812 - 1870), Л. Н. Толстой (1828 - 1870), К. Г. Ушинский (1814 - 1820), Н. Г. Чернышевский (1828 - 1889) т. б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде «Балалар әлемі», «ана тілі», «Педагогикалық антропология», «Адам тәрбиенің жемісі» т. б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді [4] .
Ғылым мен техника дамыған қазіргі ХХІ ғасырда белгілі бір ғылымды жеке оқып- үйрену, зерттеу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіп келеміз. Дамудың интеграциясы және жаһанданудың ықпалы қоғамның барлық салаларынан, соның ішінде білім беруден, ғылымнан да көрініс беруде. Жаһанданудың етек алуы, жаңа технологиялардың өрістеуі терең білімді мамандарды дайындауды талап етеді. Бәсекеге қабілетті, сапалы мамандар даярлауда оқытудың қазіргі заманға сәйкес технологияларын, оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдерін, пәнаралықты кеңінен пайдалану қажеттілігін тудырып отыр [5] .
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру - көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады. Пәнаралық байланыс - оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды. Қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен айқындалады. Біздің жұмыстарымыз осы жаратылыстану ғылымдарының пәнаралық байланысын ашуға арналған. Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған. Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұндық негізін жалпы ғылыми фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар құрайды. Жаратылыстану ғылымдарының шығармашылық негізі - есептеу, өлшеу, графиктеу, бақылай білу, өздігінше тәжірибе жасау және құралдармен жұмыс жасау болып табылады. Жаратылыстану ғылымдарының тағы бір жалпы құраушысы - ғылыми таным әдістері, яғни: бақылау, эксперимент, ойша моделдеу, теориялық анализ және жалпылау болып табылады.
С. А. Суровикина. пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді:
- Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек. Мұндай көмекші құралын түсініктер және оқыту тәсілдері орындайды.
- Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық.
- Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері.
- Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері.
- Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру.
- Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу.
- Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету.
- Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру [6] .
Оқулықтардағы негізгі интеграция, олардағы пәнаралық байланыс. Туыстас пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жьлы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу үдерісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқьлы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пәнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Сондықтан бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылатын пәнаралық байланыстың педагогикалық, психологиялық және философиялық негіздерін аныктайық.
Оқушының адам касиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құраушының бірі оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыда оньң өмір сүру формасы оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелген [7] .
Осыған сәйкес М. Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы байланыстарды және қатынастарды күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және. болжау нысандарымен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білім беру тарихы, ғылыми тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырған [8] .
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдык тәжірибесімен байланыстырудағы құралдардың бірі пәнаралық байланыстар.
Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элементі ретінде де айқындалады. (В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева И. Зверев, В. Максимов және т. б. ) .
И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардьң білім беру, дамыту және тәрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беруін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымдық, өнегелік-эстетикалық идеаларды дамытуда, талдап қорытылған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады. Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пәнаралық байланысты мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, объективті ақикат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің бірлікте жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үдерістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі. В. Скакун өз жұмысында қазіргі заманғы педагогикалық технология курсындағы пәнаралық байланыстарды: зерттейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістерімен құралдары бойынша деп ажыратады [9] . Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
Қорыта келе, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
- Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуына жағдай туғызады.
- Ғылыми дүниетанымның қалыптастыруы білім мазмұнының барлық кұрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
- Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
- Пәнаралық байланыс педагогикалық әрекеттің ғылыми тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі [10] .
Кейбір ғалым - зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді.
Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.
Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т. б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен, Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе, Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді [11] .
В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері- оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары - ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі
П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланылады да, қамтылады дейді.
Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема мынадай түсінік береді.
Пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады.
Н. А. Лошкараева «Пәнаралық» деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады: Пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.
Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады. Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді.
И. Ф. Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.
Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.
Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен болар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.
Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.
Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Oл материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. Cол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.
Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам миының арнайы қызметі.
И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінімен түсіндіріледі[12] .
Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес келеді.
Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да, оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz