ТАБИҒАТ БҰРЫШЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика факультет

«Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің әдістемесі мен теориясы»

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАБИҒАТ БҰРЫШЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

5В010100
Күндізгі
МДОТ-14

Автор:

(аты-жөні) (қолы, күні)

Жетекші:

(аты-жөні) (қолы, күні)

Петропавл, 2017ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру . . . 7

1. 1 Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы ретінде сипаттау . . . 11

1. 2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның

мазмұны . . . 13

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі . . . 16

2. 1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы . . . 16

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты

табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру . . . 23

2. 3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Қосымшалар

Кіріспе

«Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», -деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі. «Қазақстан жолы - 2050», «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамығанел дегеніміз- белсенді, білімді, және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды» деген болатын.

Сондықтан балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұміндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан -жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.

В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен - бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді.

Республика көлемiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың тiлiн дамыту мәселелерiмен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерiнде табиғат тәрбие құралы ретiнде орын алады. Тәлiмгердiң «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетiнiң озық туындылары «Бiздiң кiтап» (1-11) деген атпен херстоматиялық құрал болып 1984 жылы жарыққа шықты. «Бiздiң кiтапқа» енген көркем шығармалардың көлемi шағын, тiлi жеңiл, сәбидiң түсiнiгiне лайық. «Бiздiң кiтапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгi түн», «Жазды күнi» т. б балалардың жыл мезгiлi жайында алған бiлiмдерiн бекiту мақсатында қолдану тиiмдi, қазақ жазушыларының бiр топ өлең - тақпақтары енген. Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетiнiн хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегi балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсiнiктерiн әрi карай кеңейтiп, тереңдетудi көздеген. Кiтапқа халық ауыз әдебиетi нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгiлдерiнiң ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруiн шебер суреттеген, Абай өлеңдерiнен бастап қазiргi авторларды да қамтыған бiрқатар шығармалар берiлген. Балабақша тәрбиешiсiне арналған «Өзiмiз оқып үйренемiз», «Суреттi қазақ тiлi» атты кiтаптарында балаларға табиғат жайында түсiнiк беретiн сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгiме үлгiлерi берiлген.

Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың iшкi сырын бiлiм- ғылым арқылы танып бiлуге болады» деген едi. Ы. Алтынсариннiң 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кiтабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т. б. әңгiмелерi бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердiң табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейдi. Абай 38-қара сөзiнде табиғат байлықтарының өзара бiр-бiрiмен байланысын өте шебер бере бiлген және табиғатқа рақымшылықпен қарауды, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескерте келiп, "қиянатшыл адам - мұсылман емес" дейдi.

Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесiмен, оған жүйелi бiлiм беру мәселесiмен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебi дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-бiлетiн, зерттейтiн, оны күтiп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем - тек табиғат!

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiптi айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көрiнiстерi жас нәрестенi де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектiң туған табиғат әлемiнiн саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсiнуiне ерте заманнын өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер зер сала көңiл бөлген. Табиғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат - бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi. Балаларды табиғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.

Зерттеу жұмыстың нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат бұрышындағы еңбегін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу жұмыстың пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: табиғат бұрышындағы мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Табиғат бұрышындағы еңбекке және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу.
  • Топ бөлмесіндегі жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.
  • Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскеліктерін қалыптастыру.
  • Тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлікгі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
  • Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.

Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; балаларды табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекетінде бақылау; жүргізілетін жұмыстарды жинақтау, қорытындылау;

Зертттеу жұмысының практикалық маңызы: Балабақшадағы балаларды табиғат бұрышындағы еңбек ету тәртібін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын әдістемелерін сараптап, зерттеулер жүргізу.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру

1. 1 Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнiсiн ұғындыру арқылы жас жеткiншектердi жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейiнiн, ойын, тiлiн дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екiншi ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерi ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергi ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл - ойдың, тiлдiң дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрi ұрпақ тәрбиесi дейтiн ұлы мұратты жүзеге асыруда бiзге жол сiлтейдi [2] .

Біз заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін таныстыруда әңгімеге жауапты қарауымыз керек. В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен - бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық материалды саналы түрде емес, тек механикалық игеруін көрсететін сұрақтар қоймауы керек. Сұрақ балаларды ойландыратын өз ойымен бақылағанын байланыстыратындай болуы керек. Мысалы, сұрақтарды былай қоюға болмайды: Табиғат деген не? Жыл мезгілдері деп нені айтады? т. б. Алдымен балаларға илюстрациялардан, картинадан, суреттен табиғаттың бейнесін, суретін көрсету керек. Содан кейін «табиғат» деп нені айтатынын сұрауға болады. Балаларға сілтеме сұрақтар мен шұбалаңқы сұрақтар қоюға болмайды, өйткені олар балалардың табиғат құбылыстарының мазмұнын түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды түсінбей жаттап алуға итермелейді. Жалпы ұғымдарды қалыптастыру жұмысын жүргізе отырып, тәрбиеші балалардыц өз білімдерін қолдана білуіне көңіл бөлуі керек. Естиярлар тобынан бастап балалар белме өсімдіктерін күтуді үйренеді. Бөлме әсімдіктерін күту арқылы балалар топырақты дұрыс қопсытуды, өсімдіктерге су қүюды, ірі жапырақтарды ылғалды шүберекпен сүртуді, өсімдіктерге тыңайтқыш дәрі себуді үйренеді. Тәрбиеші бірінші кезекте мұны барлық бала дұрыс жасай ала ма екен, соны тексеріп, жалпы ұғымдарды сабақта және сабақтан тыс уақытта тәжірибиелік іс -әрекетпен байланыстыра қол жеткізеді.

Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз. Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыстарды ұғындыру. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Жекелеген ғалымдардың бiлiм беру, тәрбиелеу мәселелерiне арналған еңбектерiнде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдiсiндегi орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдiрет көзi деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазiргi педагогика саласында мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш сынып оқушыларына елiмiздiң ғажайып табиғаты арқылы тәлiм - тәрбие беру мәселелерiмен педагог тәлiмгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрмендi шұғылданып жүр. Ғалымның балаларға тiрi табиғат жайында ұғым беру мәселесiне арналған ғылыми еңбегi осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы iзденушiлер, аспиранттар үшiн сындарлы дүние. Өйткенi бұл еңбек республика көлемiнде балаларға табиғат жайында түсiнiк беру мақсатын дiттеген, жергiлiктi табиғат ерекшелiгiне сай ана тiлiнде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлiмгердiң алты жасар және төменгi сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесi» және басқа еңбектерiнде сәбидi айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзiн қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелерi жүйелi қарастырылады. Әдiскердiң ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлi әдiс - тәсiлдердi, әсiресе көрнекiлiктерге негiздей отырып жүргiзудi ұсынады. Бiлiктi ұстаз -ғалымның қай еңбегiнде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдiсiнiң негiзгi әдiсi ретiнде объектiнi тiкелей бақылауға мән берiледi. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететiн өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгi жоспарлары мен бағдарламалары негiзiнде, көп iздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгiлi» (1981 ж. ) диафильмi құнды құрал. Алпысыншы жылдардан кейiнгi кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негiзгi құралдарының бiрi «Жыл он екi ай» кiтабы болды. «Жыл он екi ай» кiтабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көрiп келе жатқан әдеби күнтiзбек. Жинақтағы әңгiме, өлең, ертегi, жұмбақ, жаңылтпаш көктем, жаз, қыс, күз атты бөлiмдерге топтастырылған. Талай жылдардан берi жарық көрiп келе жатқан бұл әдеби күнтiзбекте өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi жайында түсiнiк қазақ балаларының ақыл-ойын, тiлiн дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етiп, кестелi тiлмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгiнгi күнге дейiн мектеп жасына дейiнгi балалар мен төменгi сынып оқушыларының сүйсiне тыңдап, қызықтап оқитын кiтабының бiрi екендiгiн тәжiрибе көрсетiп отыр [12] .

Жас бала өмiрiнiң образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негiзiнде) өтедi. Бала табиғатпен ерiксiз тiлдесiп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшiн зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлiмгер. Баланың тiлiн ұстартып, ақыл-ойын, адамгершiлiк талғамын дамытуда әсiресе жұмбақтарды пайдаланудың мәнi ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейдi педагог.

Шакура Майғаранованың «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж. ) кiтабында тәрбиешiлер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгiме үлгiлерi берiлген. Мысалы «Тиын мен кiрпi», «Кемпiрқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тiл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнерi сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Мектеп жасына дейінгі баланы табиғат сырымен (жұпар иiсi аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерiнiң табиғатына деген сүйiспеншiлiк сезiмiн оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсiндiру арқылы бала сұлулықты көрiп-бiлiп оған қуанады, адамгершiлiк, мейiрбандылық сезiмдерi қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелi түрде серуен, саяхат, сабақ кезiнде жиi ұйымдастырып тұру қажет. Халық педагогика ғылымының мәселелерiмен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерiн оқу-тәрбие iсiнде қолдануға арналған ғылыми мәнi зор еңбектерi бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы бiздiң ата-бабаларымыздың бай тәжiрибесi мен ой-сезiмi жайында түсiнiк бередi. Ертеден - ақ, сауатсыз кездiң өзiнде қазақ халқы табиғатты аялай бiлген. Қазақ халқының табиғатқа сүйiспеншiлiгiн, олардың аңыз-ертегiлерiнен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерiнен байқауға болады. Мысалы, түс киiз бен сырмаққа, текеметке түсiрiлген өрнектер даланың хош иiстi гүл бәйшешегiн, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйiздi, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуi тегiннен тегiн емес. Халық арасынада хайуанаттар мен жәндiктердi сақтау жөнiнде ежелден қалыптасқан әртүрлi ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйiң өртенедi, құмырсқаның илеуiн бассаң аяғың сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөптi жұлма, көктей соласың деген сияқты әртүрлi тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау мақсатында пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бiр жәндiктi құрту басқа бiрнеше жәндiктiң тiршiлiгiне хауiп төндiруi сол арқылы адам баласының күн көрiсiне нұқсан келтiру деген сөз. Адамның қиялына қанат бiтiрген тек табиғат қана. Ұрпаққа экологиялық бiлiм берудiң негiзгi басты тәрбие орны - балабақша. Онда жас ұрпақ өзiн қоршаған табиғаттың сыр - сипатын оқып, бiлiп қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететiн экологиялык тәлiм - тәрбие де алуы керек. Туған жерiнiң табиғатына деген сүйiспеншiлiк сезiмiн ерте ояту үшiн құрғақ насихаттан гөрi табиғат байлығы жайында мақал-мәтел, өлең - жырлар жаттау айналаны көгалдандыру, құстарға ұя жасау, алтын күз, құстар күнi деген сияқты балалармен әңгiме өткiзу, саяхатқа, серуенге шығарып тұруды ұсынады. Сондай-ақ ғалым «Қазақ тәлiм-тәрбиесi» атты еңбегiнде табиғатқа сыр мен сымбат тәрбиесi ретiнде қарайды. Мәселен, « Бала тiлi шыға бастаған кезден-ақ өзiн қоршаған ортаның iшкi сырларын отбасының үлкендерiнен сұрап-бiлгiсi келедi. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т. б. табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-бiлгiсi келген бала: «Күн қайдан пайда болады?», «Жаңбыр мен қар неге жауады?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға өресi жетпеген ата-аналар «Оны құдай жаратты» немесе «Ол саған неге керек. Жоқтан өзгенi сұрайсың» - деп жазғырады. Бiлмегендi бiлуге деген құмарлық болса бойына туа бiткен қасиет. Осы қасиеттi жетiлдiрiп, жетектеп пiсiрiп отыру үлкендердiң парызы - дейдi [8] .

Табиғат адам баласының өмiр сүрiп, тiршiлiк ететiн ортасы ғана емес, көркемдiк сұлулықтың әлемi, молшылық, байлык көзi, таным негiзi. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлi де зерттеп бiткен емес. Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзектi мәселе. Экологиялық тәрбиенiң негiзiн балабақшадан бастаудың өзi олардың қоршаған ортаны танып - түсiнуге негiз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмiрiнiң қажеттiлiгi үшiн ғана емес, жерiмiздегi тiршiлiктiң жалғаса беруi үшiн де қажет екенiн түсiндiру шарт. Балабақшаның тәрбиелiк жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетiлген, елiмiздiң барлық балабақша осы бағдарламаның негiзiнде жұмыс iстейдi. Оның мынандай екi мақсаты бар:

а) балаларды туған табиғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеп, оның әсемдiгiн терең сезiнуге, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

б) балабақшада табиғат жөнiнде қарапайым бiлiм берiп, осының негiзiнде тiрi және өлi табиғаттағы құбылыстар жөнiнде нақты жалпылама түсiнiктердi қалыптастыру.

Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейiнгi балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерiнде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгiлi бiр қарым - қатынаста болады, жасыл орман, әдемi гүлдер, аң - құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрi балалардың көңiлiн аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйiспеншiлiгi пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстыру барысында адамгершiлiк, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие берудi жүзеге

асыру қажет. Бала тәрбиесiмен, оған жүйелi бiлiм беру мәселесiмен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйретудің мәні
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz