Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

шетелдегі халыққа білім беру жүйесі

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Европа елдеріндегі білім беру жүйесі.
  2. Азия елдеріндегі білім беру жүйесі.
  3. Америка елдеріндегі білім беру жүйесі.

4. Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері.

Қазақстан Республикасының білім жүйесі дүниежүзілік білім жүйесіне сәйкес болуы тиіс. Біз соған ұмтылуымыз керек. 1999 жылғы Қазақстан Республикасының білім туралы заңы осыны ескерген. Дүниежүзілік білімнің, оның жүйесінің дамуына негізінен төрт факторлар әсер етеді. Олар:

А) қоғамдық өндірістің даму деңгейі, оның ғылыми - техникалық негізін жетілдіру:;

В) әлеуметтік саясат, ел басқарушыларының білімге деген көзқарасы;

С) тарихи тәжірибе және ұлттық ерекшелік;

Д) педагогикалық факторлар.

Жеке меншік мектептердің ақысы қымбат демесек, білім беруі өте жоғары. Мәселен, АҚШ та мектепте оқитын ақысының бір айдағы бағасы 7 - 10 мың доллар болса, бала-бақшада 400-500 доллар, ал, университетте 17-20 мың доллар (ол жақтағы доллардың құны біздегі доллардың құнынан 50-100 еседей төмен) . Жапонияда да осы АҚШтың деңгейіндей. 6-15 жасар балалар мектептің бірінші сатысында тегін оқыса, екінші сатысында ақыға көшеді. Токио, Осака, Иокогама қалаларында баллардың 40-60 проценті ақылы мектептерде оқиды.

Дамыған елдерде білім жүйесіне мемлекет жеткілікті қаржы бөледі. АҚШта жалпы федеральдық бюджеттің 12 проценті мектепке, білім саласына бөлінеді.

Федеральдық бюджеттен басқа білімге бөлінетін басқа да көздері бар. Ол байлардың көмегі, салық т. б., сондықтан оларда әр оқушыға, студентке жұмсайтын қаржының ауқымы бізге қарағанда әлдеқайда жоғары. 1988 жылы Кеңес үкіметі бойынша бір оқушыға жылына 60 сомнан 300 сомға дейін болса, Швецияда 1000 доллар болған.

Мектептегі муниципальдық (жергілікті) басқарудың принципін кеңейту көзделген. АҚШ - тың федеральдық өкіметі мектептерге қаржылай және техникалық түрде көмек көрсете отырып, олардың қызметіне шек қоймайды. Мектеп ісін басқару жергілікті жерге берілген. Оны үлкен кеңес басқарады. Үлкен кеңес құрамында ұстаздар, заңгерлер, өндіріс өкілдері, ата-аналар болады. Мектептің қай бағытта, қалай дамуы солардың қолында. Бұл жүйе Қазақстанда да бастама алды.

Бүгін дүние жүзінде мектептер әр түрге бөлінуде. Мектеп балаларының білімге деген құштарлығы, қабілеті, ата-ананың жағдайы т. б. әр-түрлі. Бастауыш мектепті балалар бірдей бастаса, 5-6 сыныптан немесе одан жоғарғы сыныпта оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өзгеріп шыға келеді. Сондықтан да орта, жоғарғы сынып оқушыларын арнап әр түрлі бағдарлама бойынша оқыту керек.

Мұндай бөлініс жергілікті жағдайға, өндіріске де байланысты.

Мәселен, Австрияда мектептің үш түрі бар:

а) Реальдық гимназия. Мұнда оқушылар математика мен жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқиды.

ә) Экономикалық реальдық гимназия. Мұнда арнайы экономикалық білімнің негізін береді.

б) Гуманитарлық гимназия. Мұнда гуманитарлық пәндерді, әсіресе шет тілдерін оқытады.

Австрияда кәсіптік білім беру жолы кең дамыған. 15-19-жасар балалардың 48-пайызы сонда оқып, ауыл шаруашылығының кіші маманы, іс қағазын жүргізуші, коммерция т. б. саладан кәсіби мамандық алады.

Аталған мемлекетте діни орындарының жеке менешік мектептері де кең өріс алған. Оны негізінен өздері қаржыландырып, оқушылардыің қалауынша бастауыш, орталау, орта білім береді.

Жалпы шет мемлекеттер білім туралы заңды көп өзгерпейді. Мәселен, ¦лыбритания мемлекеті 44-жылдан кейін ғана 1988 жылы білім туралы заңды қарап өзгерістер енгізді. Оларда ескі заң бойынша оқу бағдарламаларын әр мектеп өздері құрып келсе, енді жаңа заң бойынша бұл мәселе орталықтанды. Бұл мемлекетте міндетті пәндердің саны онға жетеді және оның ішінде діннің тарихы және мәдениеті бар.

Оларда жаратылыстануды екі жолмен оқытады:

а) Жалпы жаратылыстану мәселесі.

б) Сабаққа ынтасы жоғары балаларға арнап биология, физика, химия жеке пәндер ретінде өтеді. Оқушыларды 7, 11, 14, 16-жасында тест арқылы сыныптан-сыныпқа көшіреді. Себебі 7-жаста бастауыштың бірінші сатысын, 11-жаста бастауышты, 14-жаста даралап оқытуға көшіру, 16-жаста міндетті негізгі білім беретін мектепті бітіреді.

Батыс Европада, АҚШ - та эксперименталдық мектептер де жұмыс істейді. Мұндай мектептерді ашық мектеп дейді. Себебі бұл мектептердің шәкірттері ұстазымен келісіп сабақты стадионда, мұражайда, алаңда, саябақта т. б. өздеріне ыңғайлы жерде жүргізе береді. Оқушылар мұндай мектепте білімді өз қалаулары бойынша әр түрлі пәндерден алады. Мұндай мектептерде сабақ бағдарламасыз, басқарусыз келісім-шарт бойынша бригадалық әдіспен өтеді. Бұл мектептерді “ашық”, “қабырғасыз”, “жабайы” деп те атайды. Себебі сабақ ашық аспанның астында, тақтасыз, партасыз өтеді.

Германияда білім беру жүйесі ерекшелеу. Білім беру бала бақшадан басталып негізгі бастауышпен жалғасады. Онда бастауыш мектепті “Хауптшуле” деп атайды. Оның баламасы “бас мектеп” бастауыш мектептегі бағыт-балаларды ойын, фантазия және оқушылардың өздерінің бастамасымен оқыту. Алғашқы кезде апталық сағат 18-20-болса, соңына таман 30-ға жетеді. ‡шінші сыныптан бастап пән мамандары дәріс береді.

Германияда әр жер - Ланд (облыс) өз бағдарламасымен жұмыс істеп орталық басқаруға сүйенеді. Мәселен, Баварияда бастауыш мектептің оқушылары неміс тілінен, әдебиеттен, математикадан, елтанудан, эстетикадан, музыкадан, ритмикадан дәріс алады. Оқушылар белгіленген оқу жоспарымен жұмыс істейді. Дарынды балаларға жеке оқу жұмысын ұйымдастырады. Оқудың қорытындысы үшінші сыныпта 10 балдық жүйемен тексеріледі. ‡й тапсырмасының көлемі 30 минуттық жұмыстан ауыспауы керек.

Бесінші сыныптан бастап оқушылар екінші сатылық мектепке көшіріледі. Оқушылар өздерінің үлгеріміне, қабілетіне қарай түрлі мектептерге бөлінеді:

а) Грундшуле (негізгі мектеп) 5-10 сынып аралығында.

б) Реальді мектеп 5-11 сынып аралығында.

в) Гимназия.

г) Одан қала берсе өндірістік, сауда мектептері де бар.

5-6 сынып оқушылары бағдарламалы (ориентация) сынып оқушылары болып табылады. Себебі оқушылар жоғарыда көрсетілген мектепге бөлінеді. Шәкірттер білімдерінің жетісуіне, сапасына қарай бір мектептен екінші мектепке ауыса береді. Негізгі мектепте оқу мерзімі 5-6 жыл, оқушылар мектепті емтихан тапсырумен аяқтайды. Егер де оқушының орта бағасы 3 балды құрайтын болса, ол кәсіптік - техникалық оқу орнына, өндірістік, кооперативтік мектепке немесе реальдық мектептің 10-ыншы сыныбына түсіп оқуына құқығы бар.

Реальдық мектепте оқу мерзімі 6 жыл, 5-10 сынып аралығында. Барлық оқу орындарынан реалдық мектептің келешегі мол. Себебі реалдық мектептен гимназияға, кәсіптік техникалық оқу орнына немесе жалпы орта білім беретін мектепке ауысуына болады. Реальдық мектепті бітірушілер негізінен саудада немесе тұрмыстық қажет орындарында қызмет істейді.

Германияда гимназия өте жақсы дамыған оқу орны. Оқушылар гимназияда 5-7, 8-10, 11-12 сыныптарда толықтырылып немесе ауысып отырады. Гимназияның өзі төртке бөлінеді: көне тілдерді оқытатын, қазіргі тілдерді оқытатын, математикадан білім беретін, жаратылыстанудан білім беретін. Оқушылардың гимназияда оқитын мүмкіндіктері болмаса, олар кәсіптік - техникалық оқу орындарына ауысып кете береді.

Германияда негізінен оқытылатын пәндер: неміс тілі, шет тілдері, сурет, музыка, философия, дін, қоғамтану, экономика, математика, физика, химия. Және әр оқушы өз қалауымен педагогикадан, психологиядан, социологиядан, заңнан, геологиядан, астрономиядан, өндірістік технологиядан, статистикадан білім алады.

Германияда шіркеудің қарамағындағы жеке меншік мектептер бар. Оның қаржысын шіркеу өтейді. Жеке меншіктегі мектептер көбіне жалпыға бірдей тек аздаған мектептерде ғана өте дарынды балаларды жекелеп оқытады. Жеке меншік мектеп деп Вальддорфтың ( жетім балалардың) мектебін де атауға болады. Мұнда 12 жыл оқып, бір жыл университетке түсуге дайындайды.

Білім реформасы Францияда да жүруде. Француздардың мақсаты- оқушылардың 80 процентіне орта арнайы білім беріп, қолдарына бакалаврдың (кіші дәрежедегі маманның) дипломын беру. Франциядағы оқу жүйесі:

А) Бастауыш мектепте баланы оқуға, жазуға, төрт амалды үйренуге, уақыт, кеңістік, дене тазалығы туралы түсінік беру, шет тілін оқытуды бастау жатады.

Б) Колледжде 9, 14, 15, жас аралығында оқушы бастауыш мектепте алған білімін ары қарай тереңдету, тілді үйренуге көшеді.

В) Лицейде баланы университетке түсуге дайындайды.

Жапонияда білім туралы реформа 1989 - 1991 жылдары жүрді. Жапон оқушыларының оқуға деген ынтасы өте жоғары. 1990 жылғы мәліметтерге сүйенсек, 13-15 жасар жапондықтар американдық құрбыларынан математика пәнінен 2 есе артық білетіндіктерін олимпиадада көрсетті. Жапонияда да АҚШ-тағыдай орта мектепте, колледжде білім алып, университетке түсушілер саны өте көп. Оқуды жалпы оқушылардың 2 проценті ғана тастайды. Негізінде жапондықтар индустриялық қоғамның талабымен жұмыс істейді. Мұнда көбіне баланың білімін тест, емтихан арқылы тексеріп отырады. Ата-аналар мұғалім жалдап балаларын мектептен тыс уақытта да оқытады, керекті мамандыққа дайындайды. Жапонияда математика өте қажетті сабақ болып есептеледі. Бірақ жапондықтардың да білім алуда шешуін таппай жатқан проблемалары бар. Олар:

А) оқушылардың арасында қылмыс жасаушылар 1, 9 процентке,

Б) мектептегі тәртіп бұзушылар 0, 9 процентке,

Г) мектептен шығару 2, 1 процентке жетеді.

Әрине бұл проценттер бізге қарағанда түк емес.

Жапонияда университеттің 3 түрі бар:

А) докторантура,

В) аспирантура,

С) жай университет.

Жапондық студенттер де 1, 5 жыл жалпы білім алып, келесі жылдары мамандықтарын таңдайды.

Оңтүстік Кореяның оқу жүйесі ерекшелеу. Бұл мемлекетте бастауыш мектепте 6 жыл оқиды. Орта мектептегі оқу мерзімі 3жыл, кәсіптік-техникалық оқу жылы 34 аптаға созылады да, ол 2 семестрден тұрады:

А) 1 семестр - наурыз - сәуір айлары.

В) 2 семестр - қыркүйек - ақпан айлары.

Бастауыш мектепте сабақ 40 минуттық, ал жоғары сынып оқушыларына 45 минуттық.

Оқудың жылдық мерзімдері: бастауыш мектептерде 24 аптадан 28 аптаға дейін, жоғары сынып оқушыларына 34 аптаға дейін.

Оңтүстік Корея мектептерінде оқытылатын пәндер: кәріс тілі, мораль, қоғамтану, арифметика, ғылым, дене тәрбиесі, еңбек және сурет. Бұл мемлекетте 1969 жылға дейін оқушылар мектепке емтихан арқылы түсетін. 1969 жылы бұл заң күшін жойып, оқушылар орта мектепке емтихансыз қабылдана беретін болды.

Қазір бастауыш мектепті бітірген оқушылардың 98, 8 проценті орта білім алуда. Оңтүстік Кореяда Жапониядағыдай білімді негізгі байлық деп есептейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жастар мәселелері, жағдайы ,әлеуметтік саясаты
Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Әр түрлі елдерде әлеуметтік саясатты қалыптастырудың, жүзеге асырудың ұлттық негіздері мен ерекшеліктері
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу тарихы және өкілеттілігі
Туристік ресурстарды дамыту
Қытайдағы қазақ диаспорасының саяси-әлеуметтік, құқықтық жағдайы
Мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи модельдері мен негізгі тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz