ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау,
шешендік дау болып үшке бөлінеді.
Шешендік арнау өмірде сан алуан оқиғаларга сай әр түрлі мазмұнда
айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыда басалқалы
ақыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз Жақсы
сөз — жарым ырыс деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата
сұрап, сол баталардың құдірет-күшіне сенетін болған. Жаңбырмен жер
көгерер, батамен ер көгерер деген мақал осындай сенімнен туған болса
керек.
Халқымыз байлық кезін еңбекке байланысты алып қарастырған. Мұны Асау
бидің Өгіз биге берген батасынан аңғаруға болады: Бай болатын үйдің иті —
сақ, әйелі — малсақ, қызы — көрікті, ұлы — епті болар еді, үйіңде осы төрт
нұсқаның бірі жоқ. Екі сиыр, бір ат, саған мұнан артық мал да бітпес, —
деген екен. Осы тұста мал таппас жігіт болмас, құрарын айт, ұл таппас әйел
болмас, тұрарын айт деп, ер азамат тапқан малдың көбею жолдарын би тап
басып, дәл көрсеткен.
Асау би әйелі малсақ болса деп текке айтып отырған жоқ. Әйел — үйдің
береке-құты, байлық көзі. Халық жырларында бұл туралы мынандай ұтымды
жолдар кездеседі.
Алғаның жақсы болса — абыройынның тұрағы,
Атын жақсы болса — дүниенің пырағы,
Балан жақсы болса — екі көздін шамшырағы.
Мұндай ұтқыр жырлар билер сөзінде де кездеседі. Сөйтіп барып бұлар
мақал-мәтелге ұласып отырған. Келешек жасты жақсылыққа, саналы өмірге
үндейді, ой салады.
Мысалы. Байдалы шешеннің Уәли ханымы Айғанымға айтқан шешендік сөздері
арнауға жатады.
Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып, өрлейтін.
Үміт, сенім, тілек бар,
Қуантын, қуат алдырар.
Жылау деген азап бар,
Қуратып отқа жандырар.
Мен қайғынды қозғағалы келгенім жоқ,
Қайратыңды қолдағалы келдім... —
деп, — Айғаным, сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын.
Жоқтауды қоя тұрып, тоқтауды тыңдасақ қалай болады, — дейді.
Шешен бұл сөздерінде ауыр қайғыны жеңудің өзі үлкен ерлік екенін
көрсетіп, қайратты қыранға теңесе, қайғыны жыланға теңейді. Өмір әлі
аяқталған жоқ, алдағы күннің жақсылығына үміт, сенім арту керектігін
аңғартады. Жәнібек батырға Соқыр Абыздың айтқан арнау батасы:
А, балам, болсаң боларсың!
Қол бастап, жау алайын деген ұл екенсін.
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма —
Аймағың кетпес алдыңнан.
Олжа түссе, олжаңды аяма —
Жолдасың кетпес жаныңнан.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал,
Мың кісіге бір кісі олжа салады.
Жәнібек осыны олжа қылып, Абыздың батасын алып қайтқан екен.
Бөлтірік шешеннің әйгілі мына сөзі де шешендік арнау болып табылады.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдыңда сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзін үзілмейді.
Бөлтіріктің шешендік сөздерінің көбі өз ұлтының қасиетті ұғым-
түсініктеріне (жер, ел, ер, т.б) айрықша арнау сипаттама беруге,
тәжірибелік даналықка негізделген.
Мысалы:
Жер деген — байлық,
Ел деген — халық.
Жер сәні — мыңғырған мал, ағылған аң.
Аққан су, жайқалған ну.
Ел сәні — атаға қарап өскен ұл,
Анаға қарап өскен қыз.
Елді ер көтереді.
Жердің құты күйінде болады,
Ердің құты үйінде болады,
Елдің құты биінде болады, —
деген сөздер елін, жерін қадірлеп қастерлеуге, қорғап сақтауға үндейді.
Халықтың байлығы жері екенін ашық көрсетіп, жас ұрпақтың еліне деген
сүйіспеншілігі қашан да азаматтық парызы мен қарызына астасатынын ашып
айтады. Енді бірде шешен адам баласын қор қылатын қырсық дерттерді
биіктететін мөлдір қасиеттерді ашып баяндайды. Бұл арнау сөздердің кімнің
болса да жадында ұстап, үлгі тұтар сөз екенін тануға болады:
Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтап,
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол.
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол.
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол.
Ұқсас, бірыңғай дыбыстармен қайталанған сөйлемдер, тасқынды ойларды
таныта отырып, орнымен қолданылған сөздердің мәні бірнеше рет айтыла келе
тыңдаушыға дөп тиіп, баурап алады.
Осы шумақтағы шешеннің ой тереңдігі, тапқырлығы, мәнді де мәнерлі
сөздері шыншылдық үгіт-өнегесімен өзгешеленеді.
Шешендік толғау. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік
өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған ақылгөй, дана
қариялар көрген-білгендерін қорытып, келер ұрпаққа айтар аманат-ақылын,
өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді.
Шешендік толғаулардың көпшілігі өзінің тәрбиелік, дидактикалық
мазмұнына сәйкес табиғат құбылыстары мен адам өмірін қатар алып салыстыру,
шендестіру тұрғысында келеді. Бұл Асан қайғы жырларындағы:
— Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?
Жалаң аяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер?
Шыбын шықса, жаз болып
Таздар қайтіп күн көрер? —
деп келетін толғау жолдарынан анық көрінеді. Немесе ел мен жер қадірін
білмейтін надандардың сыр-сипатын мына бір толғау шумақтарынан анық
байқауға болады:
— Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін?!
Ауылдағы жамандар
Ер қадірін не білсін?!
Көшіп-қонып жүрмеген
Жер қадірін не білсін?!
Ақылына көнбеген
Көшсе, қона білмеген,
Қонса, көше білмеген.
Жұрт қадірін не білсін?! —
дегенде, жыраудың ең басты уайым-қайғысы әр нәрсенің қадіріне жете білмеу.
Сондай-ақ айтқан ақылға тоқтап, түсінбегендердің халық қадір-қасиетін ұғуға
шамасы, өресі жетпейтінін дәлелді жеткізеді.
Мөңке би айтқан бұл шешендік нақыл сөздерде айтылатын ойдың дәлелі мен
қорытындысы қоса берілген.
Бұл заманда не ғаріп?
Қадірін біліп ұкпаса,
Дүррі гауһар сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар тез ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Әділ биі болмаса,
Бірлігі кеткен ел ғаріп.
Қадірін елі білмесе,
Қайратты туған ер ғаріп...
Шешен сөзі шындықты жақтап, әділдікке жол сілтер биі болмау елдің
бірлігі мен ынтымағына қауіп екенін аңғартады.
Шешендік толғаудың бір үлгісі нақыл сөздер көп кездеседі. Нақыл
шешендік сөзі аяқталған, тұжырымды, толық ой-пікірді нақты көрсетіп береді
де, адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді насихаттайды.
Әйеліңмен дос бол — берекең кіреді,
Азаматпен дос бол — қадіріңді біледі,
Білімдімен дос бол — ақыл-кеңес береді.
Бармен жолдас болсаң,
Ерінің майланады,
Жоқпен жолдас болсаң,
Есің айналады.
Ұрымен жолдас болсаң,
Алдыңнан дау шығады,
Артыңнан жау шығады,
Одан ілуде біреу ғана сау шығады!
Бұл нақыл сөздер де жақсы мен жаманды айыра білуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Шешендік сөздер
Шешендік арнау сөздер
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту
Пәндер