Шешендік өнер және риторика


Тақырып 1. Шешендік өнер және риторика
Лекция жоспары:
1. 1. Шешендік өнер және риторика
1. 2. Қысқаша риториканың негізгі ережелері
1. 1. Шешендік өнер және риторика
Риторика - ежелгі өнердің бір түрі. Ол б. э. бұрын V ғасырда қоғамның практикалық қажеттілігіне орай пайда болған. Бұл қоғамда практикалық сұрақтар Халық мәжілісінде шешілген, жария түрінде көптеген халық алдында сот жүргізілген. Риторика әрбір адамға қажет болған. Оның негізін қалаған Платон мен Аристотель болған; олардың алдыңғы жол салушылары, риторикадан алғашқы еңбек жасаушылар: Лисий, Георгий. Сол кезеңдегі ең атақты шешендері - Демосфен, Сократ, Перикл болды.
Классикалық риторика келесі мәселелерді қамтиды: мәселенің маңызын табу, материлдың орналасуы, сөзді әсерлеу, неориториканың қазіргі теориясына ұқсас. Классикалық риторика мен неориториканың негізгі анықтауға арналған «Сот риторикасы» курсы келесі түрде беріледі:
Классикалық риторика
1. Істі, шығарманы, «үйретуші» және «нандырарлық» айғақтарды ойлап табу
2. Орналасу орны
3. Мәнері туралы
4. Шешеннің жеткізуі (дыбыстауы)
5. Ақыл-ес туралы
Неориторика
1. Мағлұмат іздеу
2. Композиция
3. Ауызша әрлеу
4. Сөзді орындау (жеткізу)
5. Сөзді есте сақтау
Классикалық риторикадағы «Істі ойлап табу . . . » бірінші сұраққа жауап бергенде, саяси, академиялық (оқу), рухани (дін), тұрмыстық және соттық ділмарлықтарды (шешендік) айрықша атап өтетін болған. Сонымен қатар ділмарлықтың әрбір түрі (кейбір кезеңдерде тұрмыстық ділмарлықтан басқа) тілдің мазмұны мен формасын анықтайтын ерекшіліктерге ие. Оларға мыналар жатады:
1) тілдің функциональдық бағыты (әрбір сөздің (тіл) тыңдарманға әсер етуі, оларды нандыру, кейбір қимыл-іске шақыру үшін айтылады) ;
2) тілдің саяси бағыты пәлсапалық аспектісімен (бұл ерекшелік саяси сөз ділмарлықтың (шешендіктің) әрбір жанрлық түрінде ашық көрсетілген) ;
3) тілдің тарихи сипаты (әрбір тарихи дәуір өзіне тән шешендік бейнесін ұсынады. Егер қазіргі заманғы қорғаушы сот мәжілісінде XIX ғасырдың белгілі сот шешені Ф. Н. Плеваконың тілімен сөйлесе, онда арзан экзальтациядай әсер қалдырар еді.
Қазіргі кезеңге дейін саяси шешендіктің мынадай түрлері сақталған: саяси сөздер, саяси шолу, әскери-патриоттық сөздер, митинг сөздері, үгіттеуші сөздері. Саяси шешендіктің негізін ақпараттық маңыздылық, тапсырмалардың берілуі және олардың шешу жолдары құрайды. Академиялық шешендік, кейбір кездерде оқу ретінде мынадай түрлерде беріледі:лекция, баяндамалар, ғылыми шолулар, ғылыми деректер және ақпараттар.
Діни-символикалық көзқарасты дамытушы діни шешендігі дидактикалық жанрларда (уағыз, ғибратнама), сондай-ақ мадақ түрінде («сөз») де шешендік әдістерінің тәлімгерлік және біртүрлігімен ерекшеленеді. Тұрмыстық шешендікке торқалы және мадақтау сөздері, отырыс сөздері жатады.
Риторика қазіргі таңда да қажет. Оның ролін саясатта, коммерцияда және күнделікті күнде қайта бағалау мүмкін емес. Табысқа жету үшін адамның негізгі міндеттерінің бірі - бұл өзінің жағына көптеген адамдарды тарта білу.
Ең бастысы - тыңдарманға шешеннің айтқаны емес. Олар өмір жолында өздерін қолдайтын қуат алғысы келеді. Сондықтан шешен аудитория алдындағы сөйлеп жатқан ойына сенімді болуы қажет. Шешен әртіс болуы қажет, сонымен қатар әрбір әртіс білетін «Станиславский жүйесін» білуі қажет.
Біріншіден, шешен сөзге шығу үшін өзінің жеңіп шығуға көмектесетін міндеттерді айқындау қажет. Міндеттерді айқындап болғаннан кейін бейне жасау қажет (сол бейнемен аудитория алдына шығу үшін) : сөз мәнері, қимылдар, сипат (мінез) . Сөзге шығудың (орындау) басталуы мінберге шықпастан бұрын және одан кеткеннен кейін аяқталуы қажет.
Сөзге шығу үш бөлімнен тұрады: кіріспе, айғақтау (дәлелдеу) және қорытынды. Кіріспе екінші бөлімде дұрыс дәлелденетін ойдың қысқаша мазмұнынан тұрады. Кіріспенің алуан түрлері болады. Оны таңдау шешен сөзге шыққан аудиторияға және міндетке байланысты.
Орындаудың негізгі бөлімі - дәлелдеу. Егер шешен аудиторияға ойдың дұрыстығын логикалық (қисынды) түрде дәлелдесе, онда ол логикалық болып есептеледі. Ақпараттық дәлелдер нақты және анықтамалық мағлұматтарға сүйенеді. Эмоциялық дәлелдер шешеннен көп күш салуды және әртістік шеберлікті қажет етеді.
Шешен қорытынды сөзінде тұжырым жасайды, өз сөзінің негізгі пікірлерін (ойларын) қысқаша қайталайды, басты ойды мазмұндайды, оны іске асыру үшін тыңдармандарды нақты іс-қимылдар қабылдауға шақырады. Көпшілік алдына сөзге шыққанда кезінде алдын-ала дайындалған тезистерге, қысқаша сөйлемдерге сөздің мазмұнын баяндаудағы логикалық бетбұрыстарды белгілеу кезінде сүйенуге болады.
Көпшілік алдында сөйлеу кезінде үндік (дауыстық) акустиканы да ұмытуға болмайды: аудиторияға дейінгі қашықтықтағы вертикальды жазықтықтағы дыбыстық ағымның өрбуі, үш мөлшерлі кеңістіктегі вектор динамикасы («әмбебап сегіздік») . Егер шешен мінберден сөйлесе, онда ол вектор өрбуіндегі оның биіктігін есептеуі қажет. "Мортира эффектісі" жайлы да ұмытуға болмайды - тыңдарманның субъективті түйсігінде, оның артында шешенге ниеттес адамдардың болуы. Үннің (дауыстың) де маңызы зор.
Шешен сөзі бір сарынды болмауы керек. Фразалар әр түрлі интонацияларда айтылуы тиіс. Кідірістер әр мағыналық ауысуларда жасалынады, эмоционалдық эффект үшін, сонымен қатар өткен және келесі фразалардың маңыздылығын көрсету үшін. Тілдегі әрбір сөзге көп күш - жігер жұмсау керек.
Барлық жария қорғау кезінде шешен қарсыластар алдында өзінің көзқарасын сақтауы қажет. Сол кезде ақталмау керек, керісінше айыптау қажет; түсіндірмеу керек, жария (мәлімдеу) қажет; қарсыласты өзіне тиімді етіп тыңдау қажет. Барлық пікірталас кезінде талқандалған қарсыласты қысымға алу қажет.
Бөтен ойды жоққа шығаруда қысқаша сөйлеу қажет, интонациялық гамманы ұмытпау қажет. Тыңдарманның санасында қатталып қалу үшін өзінің ойын бірнеше рет қайталау керек.
Жоғарыда шешендік өнер мен риториканың негізгі ойлары айтылды. Жария қорғау жеке тәжірибесі таптырмас нәрсе. Сонда ғана адам өзінің істерін жасауға және ерекше ойларын шығара алады. Аудиторияны сезіну қажет және өзінің сөздерін түзетуді үйрену керек. Шешен көптеген сұрақтар бойынша білімі кең болуы керек, қалаған тақырыпта пікірталас өткізе білуі қажет.
1. 2. Қысқаша риториканың негізгі ережелері
Тіл (сөз) дегеніміз - бұл белгілі бір ретпен орналасқан біздің ойларымыз мен сезімдеріміздің ауызша айтылуы. Рет пен байланыс жасанды сөздің тілден айырмашылығын көрсетеді. Тіл сөзінің кең мағынасында тілдің барлық ережелерін түсіну керек, әсіресе үш ғылымды құраушы ретінде: логика немесе диалектика , дұрыс, байланысты және түпкілікті ойлауға, байымдауға және қорытынды шығаруға үйретеді; грамматика , сөздердің мағынасы, қолдануы мен байланысын көрсетеді. Риторика - ойды жүйелі әрі нақты баяндайды, сөз таптары прозалық шығармалардың әрбір ерекше түрімен үйлесе отырып, орналасады.
Риторика, сөзшеңдіктің (ділмарлық) барлық теориясын қамтиды. Сөз ділмарлығы әдеттегідей бұл өз ойларымыз бен сезімдерімізді жазу немесе сөз арқылы дұрыс және анық жеткізу білу қабілетіміз. Ежелгілер сөз ділмарлығы дегенді тек қана - шешендік өнерді, риторика дегенде - қызмет етушілер және шешендердің қалыптасуын түсінген. Басқа да прозалық шығармалардың теориясы диалектика мен грамматикаға жатқан.
Риториканың мақсаты басқа да барлық прозалық шығармалардың теориясы сияқты тек қана сендіру мен дәлелдерден тұрмайды. Ежелгі және кейбір қазіргі тәлімгерлерге қарсы реттебіз сол сөзді ғылымдағы санамызды қалыптастыратын, үйрететін немесе жүрекке және ерік-жігерімізге әсер етеді деп түсінеміз. Сонымен, ол үйрететін, әсер ететін, орын алатын, дәлелдейтін бұл әрбір прозалық жазушының құрайтын пәні.
Мағына , бұл сезім, және оларды жеткізу сөздің маңызын құрайды, ол жан мен тән сияқты байланыста болуы қажет. Сол және басқалары да материя мен форма секілді риторика пәніне жатады, олар өздерінің зерттеулерін сөздеріне және ойларына дейін жоймайды, оны оны логика мен грамматикаға қалдырады. Ол шығарманың әдемілігіне және түзулігіне қарайды, сол сияқты ол дұрыс ойланған және грамматиканың ережелеріне сәйкес сөзшеңдіктің әрбір түріндегі ойларды оқиды. Кейбіреулер сөзшеңдікті өлеңдер және проза деп түсінсе, біреулер тек қана проза деп бөледі, сол себепті оны екі түрге: прозалық және өлеңдік өнер деп атауға болады. Бұл тек сыртқы пішініне қарап бөлу емес; оны шешен мен ақынның алдарына қойған мақсаттың айырмашылығынан білуге болады; біреуі-оқытуға, екіншісі - қанағаттануға мақсат тұтады.
Табиғи шешендігімен ерекшелінетін адамдар бар; олар риторика ережесін оқымаған, сонда да таза ой, тілі жеңіл және өз қабілетімен мақсаттарына сәйкес өз ойлары мен сезімдерін жеткізе білген.
Әрбір жазушыдан талап етілетін нәрсе ол өзінің айтатын сөзін жан-жақты білуі қажет, ол өзін барлық уақытта ұстай білуі, басқаларға ұсынатын себептеріне және дәлелдеріне сенімді болуы керек, сондай-ақ оқырманның жүрегіне жеткізуі қажет.
Сөз ділмарлығының пайдасын, егер кімде кім оның мәні мен мақсатына назар аударса ғана біледі. Басқа ешқандай да ғылым біздің жан-дүниемізге олай әсер ете алмайды, өте әдемі сөз ділмарлығы біздің жүрегімізді жаулап алады. Соның көмегімен бізден ғасырлар бойы жат адамдардың ойлары мен сана-сезімдерінен бөлек сезімдері, қабілеттеріне дейін біздікі және қазіргі заманғы болады. Ол бізді заттарды таңдауға, оларды дұрыс және бір-біріне байланыстырып суреттеуге үйретеді; ол шындыққа сенімді күш береді; ол біздің адамгершілік қасиеттерімізді қалыптастырады.
Шешеннің қалыптасуына риториканың ережелері жеткіліксіз. Сол себепті ежелгі және қазіргі заманғы шығармалармен танысу қажет. Тыңғылықты зерттеу бұл біздің еліктеуімізге алып келеді; сөз ділмарлығын зерттеудің арқасында әдемілілік пен жақсылықтан күш аламыз, жамандықты тез айыра білеміз.
1 тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Тіл (сөз) дегеніміз:
а) біздің ойларымыз және сезімдеріміздің ауызша берілуі
ә) келіссөздерді дұрыс жүргізу өнері
б) қарым-қатынас өнері
в) дұрыс жауабы жоқ
2. Риториканың мақсаты барлық прозалық шығармалардың теориясы ретінде:
а) сендіру және дәлелдермен шектелмейді
ә) сендіру және дәлелдермен шектеледі
б) сендірумен шектеледі
в) дәлелдермен шектеледі
3. Сөз ділмарлығының өнерде қарайтыны:
а) керек емес және қатер тудыратынды (қауіпті) ;
ә) шындықты және жақсылық жасаушы
б) адасу және бұзушылар
в) құртушы және еліктіруші
4. Риториканы құрастырушылар::
а) Платон мен Аристотель;
ә) Платон
б) Аристотель
в) Станиславский
5. Риторика нені қамтиды:
а) сөз ділмарлығының толық теориясын
ә) диалектиканы
б) грамматиканы
в) өз сезімдерін жеткізу қабілеті
6. Сөз ділмарлығы дегеніміз:
а) өз ойлары мен сезімдерін жазбаша және ауызша жеткізу қабілеті
ә) шешен өнері
б) өз ойларын жеткізу қабілеті
в) өз сезімдерін жеткізу қабілеті
7. Сол кезеңдегі атақты шешендер:
а) Демосфен, Сократ, Перикл
ә) Демосфен
б) Сократ
в) Перикл
8. Сөзге шығу мыналардан тұрады:
а) кіріспе сөз, дәлелдер (айғақтар) және қорытынды
ә) кіріспе сөз және қорытынды
б) дәлелдер (айғақтар) және қорытынды
в) кіріспе сөз және дәлелдер (айғақтар)
9. Сөзге шығудың негізгі бөлімі:
а) дәлелдемелер (айғақтар)
ә) қорытынды
б) кіріспе сөз
в) кіріспе сөз және қорытынды
10. Дәлелдемелер (айғақтау) мыналарға сүйенеді:
а) нақты және анықтамалық мағлұматтар
ә) нақты мағлұматтар
б) анықтамалық мағлұматтар
в) қосымша мағлұматтар
Тақырып 2. Риториканың ғылым ретіндегі сипаты, мазмұны және құрылысы
Лекция жоспары:
2. 1. «Риторика» ұғымы және оның тіл құрылымы жүйесіндегі орны
2. 2. Ғылым ретінде риториканың нысаны, пәні және оның құрылысы
2. 3. Риторикалық талдау және сөздің риторикалық эскизі
2. 4. Бейне риторикасы
3. 1. «Риторика» ұғымы және оның тіл құрылысы жүйесіндегі орны
Тіл құрылымы жүйесінде риторика грамматикаға қарайды. Бірінші грамматиканы зерттеп, одан кейін риторикаға өтеді. Грамматика мен риторика арасында маңызды әдістанымдық айырмашылық бар. Грамматика немесе лингвистика барлық адамдар қандай тілді қолданса да оның бірдей екенін біледі. Риторика теріс тезисті қолданады: әрбір сөзді құраушы басқаларға ұқсамайтын жеке болуы қажет, жаңалық айтуы тиіс, осыдан келіп риториканың негізгі талабы шығады: хабарламада жаңалықтың болмауына тыйым салу.
Грамматика және риторика стилистика арқылы байланысады. Стилистика сөздің дұрыстығымен қатар тартымдылығын да көрсетеді. Әрбір ғылым секілді риторика да негізгі категорияларға сүйенеді, олар келесі екі кесінділермен көрсетілген:
- Квинтилиан кесіндісі:Жаңалық ашу; Орналасуы; Орындалуы;
Бұл кесінді сөзді ауызша дайындау және оның айтылу әдістемесі. Берілген кесінді сөздің мазмұнына тиісті емес. Аристотель кесіндісі:
- Эпос;
- Пафос;
- Логос.
Бұл жерде шындық қаралады, сөз қоғамдық өмірдің процесіне айналады.
Ереже : Эпос дегенде антикалық дәстүр бойынша шешенге шындықты айтуы керек жағдайлар мен келісімдер ұғынылады. Бұл жағдайларды сөзді алушы сөзді құраушыға жасайды. Бұл жағдайлар уақытқа, іс-қимылға, мерзімге, сөзді болжауға, сөз қарқынына байланысты.
Ереже : Пафос дегенде сөз ойы (пиғыл) түсіндіріледі, сол себепті пафос сөзге жаңалық енгізуді жобалайды, сөздің не үшін құралатынын көрсетеді.
Ереже : Логос дегенде сөздің ауызша толықтырылуы, ойлардың сөз жүзінде іске асуы, сондай-ақ эмоциялар ұғынылады.
Сөз тиімділігі. Сөз тиімді болу үшін ол жаңалаық беруші, орынды және дұрыс болуы қажет.
Әлеуметтік тоқырау - сөздің құлдырауы.
3. 2. Риториканың ғылым ретіндегі пәні, нысаны және оның құрылысы. Риториканың негізгі заңдары мен ережелері
Қазіргі риториканың нысанына тек қана ауызша сөз емес, сондай-ақ барлық сөздердің түрлері де жатады. Бұл сөздердің түрлерін риторика стилистикадан алады, ал стилистиканың негізгі бөлімі ауызша сөз теориясы деп есептеледі.
Риторика құрылысы: риторика жалпы, жеке, тақырыптық болып бөлінеді. Ол эпосты, пафосты, логосты зерттейді. Стилистикамен қосыла осы сөз түрлерінің бір түрін зерттейді (жеке ауызша сөз) .
Тақырыптық риторика бір тақырып төңірегінде араласқан ауызша сөз түрлерінің ережелерін зерттейді (Америка үшін) .
Одан басқа риториканы теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады.
Теориялық - сөз заңдарын дедуктивті әдіспен зерттейді, кейін олар тарих фактілерімен риторикалық тәжірибемен сендіріледі (түсіндіріледі) .
Тәжірибелілік - сөздің көмегі туралы ережесін зерттейді: тәжірибеде қабылданатын және мақұлданатын ережелер.
Мыс. 1. Егер диалог ауызша сөз түрінің бірінде жүргізілсе және тақырып бірнеше адамдардың қатысуымен және ұзақ уақытқа созылса, онда бос сөз болғаны (энтропия) .
Мыс. 2. Егер диалог ауызша сөздің бірнеше түрінде жүргізілсе және тақырып түрлендірілсе, онда мазмұны толықтырылады.
Мыс. 3. Әдістемелік шығармалардағы мағына қабаттары белгілі тәртіппен орналасады -- автор бейнесі, сөздің жалпы мазмұны, сөздің бейнелі мазмұны, сөздің эмоциялық мазмұны, логикалық мазмұны, композициялық, немесе стилистикалық мазмұнмен құрылысы басқа мазмұнды сөз құрауға болмайды.
Гемилектика ережесі: Егер сөз автор бейнесі атынан айтылса немесе керісінше болса ғана, мәтінді толық түсінуге болады.
Риторика ережесі: риторика заңдарын жеке пайдалану, сөйлеушінің мақсатына байланысты.
- Диалектика- сөздің негізгі мақсаты - шындықты іздеу (Сократ) .
- Эристика- шындыққа қарамастан қоғамда өз позициясын бекіту.
- Софистика- сөз мақсаты - диалектиканың ережелерін қолдануымен өз позициясын бекіту немесе тиімді көзқараспен шындықты қамтымау.
3. 3. Риторикалық талдау және сөздің риторикалық эскизі (нобайы)
Риторикалық талдау - дайын сөздің қалай құрылғанын түсінуге көмектеседі, ойдан сөзге дейінгі жолды көрсетеді. Ол үшін риторикалық ереже (канон) деген түсінік қолданылады.
Классикалық риторикалық канон кезеңдері:
- Инвенция - жаңалық ашу (жасаушы) (айтылатын нәрсені табу) .
- Диспозиция - жаңалықтың орналасуы
- Элокуция - ойдың ауызша көркемделуі
- Меморио - есте сақтау
- Actio hypocrisis - сөздің айтылуы (орындалуы)
Инвенция сөздің мағынасын түсінуді жобалайды, оларды бірнеше тақырыпшаларға бөлуді көздейді. Бірінші кезеңде (инвенцияның) ойдың болуы мен байлығы есепке алынады. Ол үшін «жалпы орындар» деп аталатындар бар. (топ - сөзді дамытудағы мағыналық моделдер) .
Топ - түсініктер жүйесі, кез келген сөз туралы ойлар әдісін жобалайды.
Диспозиция идеяларды қайта топтау және олардың сөздің негізгі міндетін орындайтын тәртіпте орналастыру. Сөз келесі құрылымға ие:
- кіріспе;
- сөйлем;
- мазмұндау (баяндау) ;
- растау;
- теріске шығару;
- қорытынды.
Элокуция - бұл сөзді ауызша көркемдеу кезеңі. Сөздер мен сөз тіркестерін таңдау өте маңызды; сөздерді мағыналық, семантикалық, стилистикалық, дыбыстық таңдау. Осы жерде троптар мен сөз фигураларын таңдау қажет.
Actio hypocrisis - көпшілік алдында сөзге шығу бұл сөз техникасы мен дағдыларын (машықтарын) білу қабілеттерінің бар екенін көрсетеді (дауыс, интонация, қимылдар) .
Инвенция - идеялар іздеу, болашақ сөздің мазмұны, мағынасы.
Ломоносов бойынша идеялар құрылысына қарай жай және күрделі болып бөлінеді.
Мағыналық модель: топ, түр
Топ, сөйлеу мен ойлаудың, пайымдай білудің, жалпыдан жалқыға өтудің (дедукция), жалқыдан жалпыға өтудің (индукция) әмбебап заңын білдіреді.
Мағыналық моделі: Сөз мәнін жуық тектік және түрлік айырмашылықтар арқылы анықтауға болады.
Классикалық риторикалық дәстүр бойынша сөзді анықтау (дефиниция, экспликация) кіріспеден кейін жүреді.
I тәсіл - жалпы түсінікке апару.
II тәсіл - қарама-қайшылық арқылы сөз мәнін анықтау.
III тәсіл - метонимияны қолдана отырып - заттардың араласуы арқылы.
IV тәсіл - қасиеттерді жүйелі атап шығу арқылы
Троп: бүтін, бөлік
Анықтау үшін қолданылады:
- Сөз мәні бүтіннің бөлігі ретінде қаралады және ол туралы бүтін түрінде айтылады;
- Сөз мәнінің элементтері қаралады және олар туралы жеке айтылады -талдау; және қайтадан бүтінге жаңа таныммен қайта оралады - синтез.
Заттың функционалды маңызы бар бөліктері ғана ерекшеленеді немесе атап көрсетіледі. Ең көрнекті белгілері және қасиеттері.
Классикалық риторикалық ереженің (канон) екінші кезеңі - диспозиция.
Диспозиция (Ломоносов бойынша) - идеялардың бір тәртіппен орналасуы.
Риторикалық ереже (канон) сөз идеяларының орналасуы арқылы европалық сөз мәдениетін көрсетеді. Дәстүрге сүйене отырып қазіргі заманғы ұсыныстар шешенге ештеңе жүктемейді, тек қана белгілі үлгілерді ұсынады.
Ескі (көне) риториканың ұсыныстары:
Ломоносов бойынша топтардың орналасу тәртібі келесідей:
- жансыз заттарды сипаттау:
- заттың сипаттамасы беріледі, тек - түрдің мағыналық моделі қолданылады;
- бүтін-бөлік мағыналық моделі;
- сыртқы қасиеттері (формасы, дерек, мағлұмат) ;
- зат кездесетін орын;
- заттың қызмет ету аясы (функция) ;
- куәлік (дәйектемелерге сілтеу жасау, басқа авторлар осы зат жайлы не айтады.
- жаны бар заттарды (жануарларды) сипаттау сызбасы:
- сипаты, қолданылуы, топ, тек, түр;
- қасиеттері, сыртқы көрінісі;
- іс-қимылдары, өмір сүру салты;
- ішкі қасиеттері: мінез-құлқы, адамгершілігі;
- көмегі;
- техникалық затты сипаттаудағы талаптар (инструкция) ;
- Сипаттау түсінікті, толық, дәл болуы қажет.
Затты шығармашылық сипаттау үшін сипаттама үш бөлімге бөліну керек - басы, ортасы, соңы.
Басы: 1) сипатталатын затқа арналғанқаратпа сөз (Адамдар!) ; 2) күннің немесе жылдың уақыты туралы айту 3) заттың қай жерде екендігін немесе қайда кездесетінін айту.
Ортасы: 1) егер зат қимылсыз болса (өзен, дала), сыртқы жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер сипатталады (уақыт, ауа-райы) ; 2) жансыз физикалық заттар, бөлімдерден тұрса - әрбір бөлім сипатталады; 3) адамгершілілік (ар-ождан, кеңпейілдік) - топ, түр, текке жүгіну, әртүрлілігі, сол секілді қарама-қайшылығы.
4) қозғалыстағы жек тұлға (киноактер) - қасиеттері сипатталады. Ортасы, соңының орналасу ережелері бар: а) ең қызық жері сипаттаманың соңына жақын орналасады; б) артық деталдаудан қашу керек (ең керекті, негізгілерін алу керек) ; қайталаудан қашқақтау қажет.
Соңы: 1) сөз затына эмоциялы түрде арнау, өз сезімдерін, тілектерін білдіру; адамгершілік идеяларын, моралдық ойларын білдіру.
Әңгімені қалай айту керек:
Әңгіме жүргізудің әртүрлі стратегиясы бар.
Ұсыныстар:
- Мазмұндаудың басы:
а) тиісті адамға арнау (назар аудару) ;
б) әңгіменің негізгі ойы, мазмұндау;
в) жалпы бекітілген шындық беріледі, афористік түрде айтылады;
г) оқиға болып жатқан жердің орны, уақыты, жеке тұлғасы (бейнесі ) .
- Мазмұндаудың ортасы:
а) кульминацияға жақындап оқиғаның табиғи қалпын сақтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz