Тарихтан сыр шертетін-халық даналығы
ЖОСПАР:
I.КІРІСПЕ:
а) Шешендік өнердің тарихы
б )Халықтың даналығы-халық мақал-мәтелдерінен бастау алады
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Шешендік өнер- халық даналығы
б) Халықтың мақал-мәтелі ұрпақты тәрбиелеуге бағытталады
в) Халық даналығы қазақтың мақал-мәтелінен, арнауынан, толғауынан
орын табады
г) Ұлттық тәрбие көзі-халық даналығы
III.ҚОРЫТЫНДЫ:
а)Тарихтан сыр шертетін-халық даналығы
б)Атадан қалған асыл мүраны сақтау біздің борыш
-1-
Шешендік өнер сол тілде сөйлеушіні халықтың тарихымен,
экономиканың саяси -әлеуметтік жағдайларымен тікелей байланысты.Шешендік
өнердің қалыптасу жолын тарих көшінен іздегеніміз де,әдебиет туралы және
сол әдебиеттің-әдеби тілі туралы айтқан ғалымдардың пікірін келтірген дұрыс
деп ойлап отырмын.Тіл қашанда адамзат қоғамының ұзақ тәжірибесінің
нәтижесі екені кім-кімге де белгілі.Сөйлеудің белгілі бір нормалық моделіне
сүйенуі,халыққа етене жақын мақал-мәтел мен нақыл сөздерді тірек сөз етуі
шешендік сөздерді өміршең етті.Ол халықтың қоғамдық өміріне, саяси-
әлеуметтік жағдайына байланысты дамып, кемелденіп отыр. Сонау түркі
заманына бізге жеткен шешендік өнерді талай адамдар зерттей бастады.Сол
заманнан келген өзіміздің бір құндылығымыз саналатын-шешендік өнер тарихтың
терең сыр шертіп,өткенді қозғап,бізге жетті.
Шешендік өнер халық даналығы халық мақал-мәтелдері мен шешендік
сөздерінің жанрлық табиғатын, тәрбиелік, өмір тыныштық мәнін, сонан соң
олардың қалыптасу, даму жолдарын анықтау, әдеби-көркемдік ерекшеліктерін
ашу, ақындық-шешендік өнерді ежелгі үйрену, игеру жолдарын көрсетеді.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер мен шешендік саөздер көлеміне қарай
жанрлар деп аталады.Оларды шығарушылар әуелде жеке кісілер болғанымен
біреуден-біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, сөйтіп бүкіл елге
тарап, қауым қабылдаған, ақиқат деп танылған қағидаға, тіпті ереже-заңға
айналған.
Әрине, қанша ұқсас болғанымен, әр жанрдың өзіне тән даралық
ерекшелктері болады. Мәселен, мақал-мәтелдердің шешендік сөзднрге қарағанда
мазмұндары жалпы, көлемдері шегене, құрылысы тұрақты келеді. Соған лайық
зерттеуде олар тақырыптарына қарай топталып, құрылысы мен поэтикасы жан-
жақты талданады. Ал шешендік сөздің оларға қарағанда мазмұны нақты әрі
көлемі кең , құрылысы өзгермелі келеді. Соған орай шешендік сөздерді
түрлеріне қарай топтап, құрылысының басты белгілеріне ғана тоқталады.
Тамырын тереңнен тарататын әдебиет деп аталатын киелі ұғым қазақ
сүйегіне жөргегінен осылай сінген. Бүгінгі таңда қазақ қандай қасиетке ие
болса, сол қасиеттің бәрін ана әлдиінен бастап, үлкен әдебиетке ұласатын
көркем сөз деген құдіреттен алып келеді. Даладай маңғаз, асқақ таудай,
теңіздей терең, бұлақтай таза, қойдай момын, баладай аңғал, қорамсақтағы
жебедей атылуға асықпайтын сабырлы мінездің бәрі-бәрі де бойына өлеңмен
кіреді.
Туғанда дүние есігін ашады өлең.
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,– деп ұлы Абай бекер айтпаса
керек.
-2-
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі
шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы
халықпен бірге жасайды,біреулері есіркеп қолданудан шығып,екіншілері
жасарып, жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері сияқты мақал мен мәтелдерді де әуел
баста жеке адамдар шығарады,оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді,
өңдейді ,өзгереді, сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.
Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген- білгенінен жасаған
қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының
тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, еске сақтауға
қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-
қатынастарды қысқа тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмыш ойды ажарлайды,
әрі анықтайды. Сондықтан да халық Сөздің көркі- мақал деп бағаланған.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әртүрлі
жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде,
көбінесе,ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, түрі жағынан
тілге жеңіл, ұүлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ- ұйқасқа құрылады, көбінше
көркем тілмен -өлеңмен жасалады.
Мақал-мәтел – қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар
астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да неізгі ой
астарлап айтылады. Мысалы, Тырнадан қарауыл қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел, әдетте, бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың
мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-
мәтелдер көнермей көп жасайды, әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет
етеді.Малым-жанымнын садағасы, жаным –арымның садағасы;Қоянды қамыс
өлтіреді, ерді намыс өлтіреді дейтін халық мақалдары Ұлы Отан соғыстары
кезінде де ел аузынан түскен жоқ, елдегі еңбеккерлерді, майдандағы
жауынгерлерді жігерлендіретін құдыретті сөзге, ұранға айналды.
Мақал-мәтелдер ауызекі сөзді көкейту үшін ғана емес, көркем
шығармаларды да көп қолданылады. Ақын жазушылар шығармаларында халық
даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер
жасайды.
Мақал-мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен бөліп қарастыруға
болмайды.
Фольклор қай халықтың болсын ежелгі рухани мұраларының бірінен
саналады. Онда халықтың ақыл-ойы, арман-тілегі,
-3-
тұрмыс-салты, шаруашылық-кәсібі бейнеленеді. Сондықтан да белгілі біо
халықтың ауыз әдебиетісол халықтың ежелгі мәдениетіне, тарихынан мағлұмат
береді, өмірге, дүниеге көзқарасын танытады.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы– шешендік сөздер. Шешендік сөздер,
ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін
көрсететін негізгі жанрлардың бірі.
Қазақтың алғашқы шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш
бағалаған адамдардың бірі-белгілі ғалым В.В.Радлов. Ол қазақ ауыз
әдебиетінің нұсқаларынан өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл
сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді: Қазақ тілі – исламның
бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін – түркі сипатын сақтап
қалған тіл. Рас, мұнда да бірен-саран жат сөздердің енгені байқалады. Бірақ
бұл сөздер... қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, біріңғай халық тілінің
қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғалығы, сондай-ақ көп
таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің көбірек жинап, оған әдебиет
нұсқаларынан құрастырған жинақтардың толық бір томын арнауыма себеп
болды.Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы
мен шешеендігі де маған әсер етті.
Мұнда зерттеуші халық шешендік өнерінің дамуына тағы бір себеп болған
факторды– қазақ тілінің тазалығы мен табиғылығындұрыс аңғарған.Жалғыз
шешендік емес,жалпы бай да байырғы қазақ ауыз әдебиеті осы таза халық
тілінің негізінде дамыған.
Осы сияқты қазақтың шешендік – тапқырлық сөздерінің алғашқы қағазға
түскен нұсқаларын А.Василевтің , Ә.Диваевтың, М.Көпеевтың қолжазбаларынан,
кейбір мерзімді баспасөздердің беттерінен кездестіруге болады.Алайда
төңкеріске дейін шешендік сөздер арнайы жиналған да , зерттелген де емес.
Кейінгі кеңестік дәуірден бастап қолға алынған қазақ әдебиетінің басқа
салалары сияқты шешендік сөздер де жиналып ,зерттеле бастады,бірақ газет-
журналдарда жарияланған кейбір нұсқаларын айтпағанда , жоғары да
айтылғандай,жинақталып дербес кітап болып басылған емес.Оған,біріншіден,әлі
әдебиет ғылымымыздың жасаңдығы себеп болса,екіншіден,шешендік сөздерді
билердің ғана сөзі деп ,ал би деген сөзге біртүрлі үрейлене қарау кедергі
болып келді.
Шешендік сөздерді ауыз әдебитетінің бір саласы ретінде зерттеуді
М.Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз.Қазақ
әдебиетінің тарихын жасауға арналған бір зерттеуіне М.Әуезов Билер айтысы
деген арнаулы тақырып енгізіп , шешендік сөздердің кейбір түрлерінен
мысалдар келтіреді.Шешендік сөздерді зерттеу, оның ауыз әдебиетінде алатын
орнын , халықтың
-4-
сипатын анықтауда бұл алғашқы еңбектің мәні зор.Еңбектің Қазақ әдебиетінің
тарихы дейтін шолуында айтылатын: Ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі
ұғымын білдіретін,жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін
көрсететін сөздіің барлығы да бір-ақ адамға тиісті емес,ло көптің
өнері,жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туысы – дейтін тұжырымның
шешендік сөздерге де қатысы бар.
Одан бері, отызыншы жылдары шешендік сөздерді жинау,зерттеу ісіне үлес
қосқан адамдардың бірі– Сәкен Сейфуллин.Сәкен Қазақ әдебиеті дейтін
кітабында Билердің сөздері деген тарау енгізіліп, шешендік сөздерді
дербес жанр деп қарайды. Билердің сөздерінен көптеген мысалдар
келтіріп,алғаш рет шешшендік сөздер мен мақал-мәтелдердің ара қатынасына
назар аударады.Автор Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының бүкіл ауыз
әдебиетін үстем таптың мұрасы деп , соның ішінде шешшендік сөздерді қанаушы
таптың сойылын соққан феодал билердің ғана сөзі деп жаңсақ қорытынды
жасаған.Соның салдарынан мысалдар талғаусыз алынып,бір жақты
талданған.Дегенмен қазақтың көне әдеби мұраларын,соның ішінде шешендік ,
тапқырлық ,нақыл,мақал сөздерін мол қамтыған бұл еңбектің болашақ
зерттеушілер үшін маңызды материал болғандығын айтпасқа болмайды.Ауыз
әдебиетін құнттап жинап,,зерттеген Сәкен шешендік сөз нұсқаларының бір
кісіге жатпайтындығын,бір сөзді әлденеше кісі иемденіп айтатындығын дұрыс
аңғарған. Пәлен бидің сөзі екен деген сөздің көбін сол бидің өз жанынан
шығарған сөзі деп бекіте айту қиын.Өйткені бір бидің сөзін екінші би жатқа
алып өзінікі қылып айта берген.Осы күні бір рудан пәлен би айтқан екен
деген сөздерді тексеріп келсең, ол биден талай жыл бұрын басқа бір би
айтқан сөз болып шығады,-дейді Сәкен.
Онан бергі кезде шыққан оқулықтар мен нұсқалықтарда шешшендік
сөздердің жайы жалпы сөз болады,Аяз бидің ,Жиреншенің сөздері басылып та
жүрді,бірақ нақтылы зерттелмеді.
Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәсеоеге байланысты
тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып, сөйлемдік
құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген
уақиғалары, ақыл-ойы, арман тілегі бейнеленеді, өмірге, дүниеге көзқарасы
көрінеді. Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде
қарапайым халықтың қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы
болған.
Халық шығармашылығының қайсысын алсақ та алдымен оны жеке адамдар
шығарғанын аңғарамыз. Одан кейін оны біреуден біреу естіп, жатқа
айтыпжаңғырта жүріпөңдейді, өзгертеді. Ақырында әлеуметтік мәні, әдеби құны
бар әрбір шығарма сынала, сырлана келіп белгілі бір халықтың тұрмыс-
салтына, тіршілік-тілегіне, ұғым
-5-
сеніміне үйлесіп қалыптасады да бүкіл халықтың мұраға, ортақ рухани
қазынасына, даналығына айналады.
Шешендік сөздер ертегі-аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп,
сұрыпталып, бөліне отырып, халықтың біріңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына
себепкер болған. Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы,
мазмұны мен тұлғасы жағынан да қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ емес.
Шешендік сөздер – әдеби тіліміздің сөздік қоры, сарқылмас көзі. Демек,
шешендік нұсқалар – ауыз әдебиетінің басқа салаларымен бірге қазіргі
қолданылып жүрген әдеби тіліміздің үлгісі, ұйытқысы. Оны зерттеп білу, оқып-
үйрену тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу ережесін
меңгеруімізге, әдеби тіліміздің дамып, ой-өрісіміздің кеңеюіне негіз
болған, бола бермек.
Шешендік сөздер мен көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына үлкен
үлес қосқан Бұхардан бастап Шортанбай, Мұрат, Дулат секілді белгілі
жыраулардың шығармалары арнау, толғау сөздерге толы.
Құлан жотпас құба жонға
Қурай шықпас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Мал бітпейді демеңіз.
Жарлы байға теңеліп,
Жарыса қонбас демеңіз.
Жалғыз көпке теңеліп,
Теңдік алмас демеңіз,-
дейтін шешендік толғаулар мен Бұхар толғауларының арасында таласқа түсер
айырма аз.
Жаңа, жазба әдебиетіміздің бастаушы Абай өлеңдерінің, шешендік
сөздерінің өнеге-үлгісі аз емес. Абайдың философиялық толғауы Сегіз аяқ
мазмұны да, құрылысы да дәстүрлі шешендік үлгісінде жазылған.Мұны
ерекшкелеп тұрған – шешендік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz