Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
1. Қазіргі кездегі білім алушыларға халықтық тәрбие берудің педагогикалық және психологиялық негіздері . . .
1. 1 Халықтық тәрбие берудің зерттелу жайы . . .
1. 2 Кәсіптік тәрбие берудегі халықтық педагогика элементтері жүйесі . . .
1. 3 Білім алушыларға халықтық тәрбие берудің тарихи педагогикалық көздері . . .
2. Кәсіптік білім берудегі халықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайлары.
2. 1 Колледжде тұлға тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық шарттары . . .
2. 2 Кәсіптік оқытуда халықтық тәрбиені үйымдастыру жағдайлары……. .
2. 3 Тұтас педагогикалық процесте білім алушыларды халықтық тәрбиелеу әдістемесі . . .
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесідей нормативтік құжаттарға сілтеме жасалды:
- Қазақстан Республикасының Президентiнiң “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн құру туралы” Жарлығы
- Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы
- Қазақстан Республикасы әскери доктрина және әскери құрылыс тұжырымдамасы
- "Еңбек кодексі" 15. 05. 2015 ж
- Қазақстан Республикасының “Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы заңы” 24. 02. 2004ж
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы
- Мемлекеттік білім беру стандарты
- ҚР Конституциясы
- ҚР азаматтарының халықтық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы
- Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi “Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы”
Анықтамалар
Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қамтылды:
Азаматтық тәрбие - азаматтық сезім, сана, тұлғаның азаматтық сапасын, нақты азаматтық бағытын, халқына саналы түрде, өз еркімен қызмет етуге дайын болу.
Азаматтық - патриотық тәрбие - жастарға қажетті құқықтарын іс жүзінде қамтамасыз етуге, жастар мен мемлекет арасындағы құқықтарды қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталады.
Ұлттық - халықтық тәрбие - жастар бойында кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарау, өз халқына деген мақтаныш сезімінің қалыптасуы (аз халық болса да) .
Ерлік - халықтық тәрбие - ата дәстүрлердегі ерлік құндылықтарды бағалай білу, оған деген мақтаныш сезім, әскери мамандықтарды, айрықша тарихи күндерді насихаттау.
Әскери халықтық тәрбие - ерлік - халықтық тәрбиемен тығыз байланыста жастардың бойында терең халықтық сананы қалыптастыру, Отанға қызмет ету және оны қорғау идеясы.
Тәрбие - қоғамдық, өндiрiстiк және мәдени өмiрдiң белсендi қатысушысын даярлауды мақсат етiп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелi үрдiсi әрқашан белгiлi әлеуметтiк-экономикалық қоғамда, қоғамның өндiрiстiк-обьективтiк жағдайына сай жүредi.
Тәрбиелiлiк - адамзат қоғамында әлеуметтiк тұрақты заң болып қалыптасқан адамгершiлiк қарым-қатынас нормаларын бойына сiңiрiп, оны күнделiктi өмiрде қолдануды дағдыға айналдыру.
Қосымша бiлiм беру - білім алушылардың алған бiлiм, бiлiк, дағдыларын дамыта отырып, білім білім алушының жекелей қызығушылығын қанағаттандыру үшiн және тұлғалық қасиетiн дамыту үшiн ұйымдастырылатын жүйе.
Тәрбие әдiсi - тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнын жүзеге асырады.
Тәрбие әдiсi - тәрбиенiң алған қойған мақсаты арқылы айқындалады.
Тәрбие әдiсi - мұғалiмнiң қолданған тәсiлi арқылы жүзеге асады.
Тәрбие тәсiлi - тәрбие әдiсiнiң iс-әрекеттiнiң қажеттiлiгiн, тәрбиелiк мәнiн айқындайды.
Тәрбие тәсiлi - әдiстердi белгiлi бiр жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етедi.
Ұлттық патриотизм дегенiмiз - елi мен жерi, халқының бостандығы және мемлекет ретiнде жер бетiнде сақталуы үшiн, ұлт намысын жоғары дәрежеде ұстау үшiн күресу. Ұлттық патриотизмдi қазақ патриотизмi деп те қарастыруымызға болады.
Ұлттық патриотизм - ұлт бостандығы, елi мен жерiнiң тәуелсiздiгi, бiлiм мен ғылым, мәдениет, спортта әлем сатыларының биiк шыңынан көрiнуi негiзгi ұстаным болып табылады.
Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен көрiну үшiн бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтiк тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiк, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау.
Халықтық құндылық дегенiмiз - қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту, елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiн сақтау үшiн күресу.
Қысқартулар мен белгілеулер
Дипломдық жұмыста кездесетін қысқартулар мен белгілер:
ТМД - Тәуелсіз мемелекеттер достастығы
КСРО - Кеңестік социолистік республика одағы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЮНЕСКО
КЖжКО
ҚазМемҒТЗИ
т. б. - тағы басқа
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестiлiгi : Бұл дипломдық жұмыста кәсіптік білім беруді жүзеге асыруда болашақ мамандарды арнаулы пәндерді оқып үйренуін ұйымдастыруда халықтық педагогика элементтері негізінде жүргізі мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Ұлттық патриотизмнiң дамып, қалыптасуы туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақ халқы - тамырын жетi қабат жер астына жiберген алып бәйтеректей, өзегiн ғасырлар тереңiне тартып, дауылдармен алысып, тағдырымен алысып, өсiп-өркендеп кел жатқан байырға халық. Оның тарихы, кейбiреулер айтып жүргендей, кешегi Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бiр басқа, халықтың қалыптасуы бiр басқа.
Бүгiнгi күн ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы арманы едi, отаршылдықтың темiр құрсауының, отызыншы жылдардағы ашаршылық пен сталиндiк жаппай жазалау құрбандарының, ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған боздақтардың, кешегi Желтоқсан ұлттық намысын қолдан бермеу үшiн, халықтың сағын сындырмау үшiн бел буып шыққан жастарымыздың арманы едi», - деген ұлы ғибрат сөзден ғасырлар қойнауына жалғасқан халқымыздың ерлiк рухының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әлемдiк өркениеттен өзiндiк орнын алуына негiзгi себепшi болатынын нақтылайды [1] .
Кәсіптік оқыту үдерісінде Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүние жүзi қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн қайратты күшті жұмылдырудың бір жолы халықтық педагогика негіздеріне сүйену деп қарастыруға болады.
Қазiргi кезде Республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда болашақ мамандарды халықтық педагогика элементтері арқылы « Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында » , « Бала құқығы туралы декларацияда » , Қазақстан Республикасы Конституциясында, ҚР Бiлiм заңында, ҚР Мемлекеттiк Бiлiм бағдарламасында, ҚР тарихи сананы қалыптастыру, ҚР мәдени-этникалық тұжырымдамаларында және ел президентiнiң әр жылдардағы республика халқына жолдаған жолдауларында, үкiметтiң қаулы-қарарларында, ғылыми-зерттеу жұмыстарында көтеріліп отырған мәселелер шешімін табуға болады.
«Түркi халқы - батыр халық. Түрiк халқы -арыстан ер халық» дегендей, бабамыз Қүлтегiннен, Алтын Орда батыры Ер Едiгеден бастау алған ұлттық ерлiк дәстүрi негiзiнде жастардың бойында халықтық сезiмдi қалыптастыру негiзгi мәселеге айналуда. Білім алушыларды тұлға ретінде дамытудың негiзгi мiндеттеріне жататын қоршаған ортаға, еліне, жеріне деген сүйiспеншiлiк, қоғамға деген рухани-мәдени қатынас, Қазақстан көпұлтты мемлекет екенiн негiзге ала келе бүгiнгi қоғам мүшелерiнiң Қазақстандық халықтық сезiмiн қалыптастыру мәселесін шешу мүмкіндігі бар [2] .
Сол сияқты кәсіптік білім беру барысында халықтық педагогика элементтерін пайдалану ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, нақыл сөздер жас ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруға игi ықпал етедi. Халықтық педагогика негіздерін Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, В. Н. Татищев, Г. Ф. Миллер, А. Левшин, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Л. Н. Гумилев, Ә. Диваев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов, т. б. еңбектерi құрайды.
Кәсіптік білім беру барысында халықтық педагогика элементтерін қолданудың әдiснамалық, теориялық негiздерiн философия саласы бойынша Ә. Нысанбаев, Д. Кiшiбеков, Ғ. Есiм, А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Н. Сәрсенбаев т. б., тарих саласы бойынша М. Шоқай, Қ. Мыңжанұлы, О. Смағұлов, М. Қозыбаев, Ж. Қасымбаев, Т. Тұрлығұлов, т. б. ғалымдардың еңбектері құрайды.
Кәсіптік оқыту үдерісінде теориялық, тарихи-педагогикалық және ұлттық педагогика элементтері мазмұны С. Қ. Қалиев, Ж. Наурызбай, А. Қ. Құсайынов, С. А. Ұзақбаева, С. Ғаббасов, Қ. Бөлеев, А. Табылдиев, Ә. Ашайұлы, Ә. Жұмаханов, С. Т. Иманбаева, С. Ешiмханов, Н. Мұхамединова, Р. А. Джаңабаева, В. Г. Храпченков, Н. Ромашов, С. Нұрмуқашева, т. б. еңбектерінде жан жақты талқыланады.
Әр түрлі білім беру мекемелерінде Қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негізделген және Қазақстандықтардың менталитетіне бағытталған дүниетаным мәдениеті жөніндегі сапалы, өз тиімділігін дәлелдейтін халықтық педагогикаға сүйенетін ақпараттық-дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін атап өтуге болады; білім беру жүйесінде толерантты дүниетанымның мақсатты қалыптасуы бойынша әлеуметтік технологияларды қолдана білетін кадр әлеуеті-мамандардың жеткіліксіздігі; қоғамдық сипаттағы ғылыми зерттеу ұйымдары қоғамның гуманитарлық дамуы жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеу жөніндегі жеткілікті тәжірибелерге ие емес” деп атап көрсетуі де жұртшылыққа халықтық педагогика негіздеріне сай тәрбие берудің өзектілігін көрсететін қарама-қайшылықтар болып табылады [3] .
Білім мен тәрбие көзі білім ордасында дегенді негізге алатын болсақ, кәсіптік білім беруде ұйымдастыру жағдайларын халықтық педагогика элементтерін қолдану арқылы жүргізу басты мәселе болып табылады.
Осыған байланысты бiздiң зерттеу жұмысымыздың проблемасы кәсіптік оқытуда болашақ мамандарды халықтық педагогика элементтері негізінде тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтауға бағытталады.
Зерттеу мақсаты : Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздерін анықтап, оларды қолдану арқылы тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізу әдістемесін жасау деп анықталады.
Зерттеу объектiсi: Кәсіптік білім берудегі арнаулы пәндерді оқыту барысында тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу пәнi: Кәсіптік оқытуда білім алушыларғаі халықтық тәрбие беру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың бағыттарының ерекшеліктері.
Зерттеудiң болжамы: Егер университет қабырғасында білім алушыларғаі жүйелі түрде заман талаптарына сай халықтық тәрбие берілетін болса, онда олардың кәсіби дайындығы деңгейін арттыратын түрлі қатынастары оң қалыптасып, бүгінгі күнге сай бәсекеқабілетті, жан-жақты білімді азамат ретінде дамыған тұлғаға айналады.
Зерттеу мiндеттерi:
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттер негізінде кәсіби білім беру саласында халықтық тәрбие берудің теориялық мәселелерін анықтау.
Білім алушыларды халықтық тәрбие негіздерін қолданумен байланысты қарастырған озат педагогикалық тәжірибелермен танысу.
Кәсіби білім беру жүйесінде халықтық педагогика элементтерін қолдану арқылы тәрбиелеу әдістемесін жасау.
Жетекшi идея: Жаңа әлеуметтiк даму жағдайында кәсіптік колледж білім алушыларына халықтық тәрбие берудiң ғылыми-әдiснамалық негiзiн, теориялық тұжырымдамасын мәнін ашу көпұлтты Қазақстан Республикасы жағдайында өзі үшін де, қоғам үшін де маңызды тұлғаны қалыптастыруға негiзделген тәрбие кеңiстiгiн құру мүмкіндігін береді.
Зерттеудiң әдiснамалық негiзi: Зерттеудiң жалпы әдiснамалық негiзiне жеке тұлғаның рухани мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар меңгеруi туралы диалектикалық - материалистiк iлiмi. « Адам құқытарының жалпыға бiрдей Декларациясы», «Бала құқықтары» туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Бiлiм заңы, Қазақстан Республикасы бiлiм беру мекемелерiнде тәрбие берудiң кешендi бағдарламасы және Қазақстан Республикасы жастар және бала тәрбиесiне арналған үкiметтiң тұжырымдамалары, қаулы-қарарлары, тұлғаның бойындағы құндылықты қалыптастыруға байланысты тарихи, философиялық, психологиялық, тәлiмдiк теориялар саналады.
Зерттеу әдiстерi: Философтардың, тарихшылардың, психологтардың, ғалым педагогтардың еңбектерiн талдау, салыстыру, қорытындылау; Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiндегi халықтық тәрбие берудiң мүмкiндiгiн анықтау; білім алушыларға тесттiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; кәсіптік білім беру мекемелерінде (музей, шығармашылық үйлер, т. б. ) халықтық тәрбие беру жағдайларын қарастыру.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасы заңдары, қаулы-қарарлары, нормативтi құжаттар, жастарға тәрбие берудегi кешендi тұжырымдамалар, бағдарламалар;
Халық педагогикасындағы жастарға халықтық тәрбие беруге байланысты ауыз және жазба әдебиетiндегi мұралар (нақыл сөздер, дастан жырлар, мақал-мәтелдер, өсиет арнау сөздер, тасқа жазылған өсиет сөздер, өлең-күйлер) ;
Алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдырының халықтық тәрбие беруге байланысты философиялық, тарихи, әдеби, педагогика, психологиялық ғылыми-зерттеу еңбектерi, тұжырымдары;
Кәсіптік тәрбиені ұлттық мұраны қолдану негізінде жүргізу артықшылықтарын анықтау;
Зерттеу базасы: Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжі.
1 Қазіргі кездегі білім алушыларға халықтық тәрбие берудің педагогикалық және психологиялық негіздері
1. 1 Халықтық тәрбие берудің зерттелу жайы
Жан жақты қалыптасқан тұлғаның дамып, қалыптасуының тарихи алғышарттарын айқындағанда халықтық мұраның әсері жоғары болғанын көруге болады. Осындай мол тарихы бар ұлттық тарих елiмiз егемендiк алғанша зерттелмей, тарих қойнауында, шаң басқан мұрағат қорларында сақталып келдi.
Өкiнiшке орай, қазақ тарихын, әсiресе оның бай мұрасы туралы жазылған еңбектердiң 1990 жылдардың аяғына дейiн баспа арқылы жарық көруiне мүмкiндiк берiлмей келгенін байқауға болады.
Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарап салыстырғанда орыс халқы өздерiнiң ата салтына, өткен тарихын зерттеуге аса мән бергенін көруге болады.
Ал, қазақ халқының тарихында басынан өткен қасiреттi, қайғылы кезеңде қазақ елiн, жерiн сақтап қалған тәрбие беруді жүзеге асырудың негізі болып табылған халықтың мұрасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізідің маңызы зор.
Қазан төңкерiсiне дейiнгi ТМД елдерiнiң өткен тарихы бұрмаланып көрсетiлдi. 1937 жылдардағы халықтың басына түскен тарихи апаттың салдарынан сескенген зиялы қауым ата тарихын ашық түрде зерттей алмады.
ХҮIII ғасырдағы жауынгерлiк және ерлiк дәстүрiн зерттеген Қ. Мұхаметхановтың 1949 жылы Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы зерттеген ғылыми жұмыстары “ескiнiң сарқыншағы” деген атпен жарыққа шықпады. Ол тек 1979 жылы “Қазақ тарихи жырларының мәселелерi” атты жинаққа аз мөлшерде, үзiндi түрiнде кiргiзiлдi [5] .
1991 жылы Қазақстан мемлекетiнiң тәуелсiз мемлекет болып жариялануынан бастап ұлттық тарихқа, оны зерттеуге деген құлшыныс ерекше болды. Елiмiздiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы жас қазақ мемлекетiнiң алдына үлкен мақсаттар мен мiндеттер жүктедi. Қазақ елiнiң тәуелсiздiгi мен егемендiгiн сақтап қалу әрбiр саналы азаматтың iсiне айналды.
Т. Балақаевтың “Армия және ұлт саясаты” деген мақаласында кезiнде КСРО қарулы күштерi қатарында, Жоғары әскери корпусында қазақ ұлтынан өте аз адам болғаны, олардың әскери ғылыммен айналыса алмауы және қазақ тарихындағы әскери жетiстiктер мен ұлттық озық тәжiрибенi зерттеуге мүмкiндiк жасалмағаны туралы айырықша айтылды [6] .
Ұлттық әскери кадрлардың нелiктен ескерiлмей келгенiн запастағы подполковник Б. Рүстемов “Жасыратыны жоқ бұрынғы Кеңес Одағының Қарулы күштерi сапында қызмет атқарған қазақ офицерлерiне жол тар болды [7] .
Еліміз егемендік алғаннан кейін кеңес үкiметi тұсында жiберiлген ұлттарға байланысты саяси кемшiлiктердiң орны тола бастады. Iргелi ғылыми-зерттеулер жүргiзiлдi. Үкіметтің негізгі құжаттарында, тұжырымдамаларында, бағдарламаларында халықтық тәрбие мәселесі жан жақты қамтылды. Олар: ҚР Конституциясы, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасы, ҚР Президентінің халыққа әр жылғы жолдаулары, т. б. .
Патриоттық тәрбиені іске асырудың ұстанымдары
университет студенттеріне патриоттық тәрбие беру
Тұлғаның қалыптасуыТұлғаны дамыту
Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру
Тұлғаны тәрбиелеу
Сурет - 1. Тұлғаның халықтық құндылығын қалыптастырудың теориялық-концептуалдық үлгісі
Мәселен, Ә. Айтақов қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлiк iстерiн негiзге ала отырып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеудiң әдiс-тәсiлдерiн қарастырады [8] .
Ал, С. Ешiмханов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарда білім алушыларға халықтық тәрбие берудегi халқымыздың ерлiгiнiң олардың шыңдалуына, әсерiне үлкен әсер ететiндiгiн ашып көрсетедi [9] .
Алынған тақырыпқа қатысты ғылыми-зерттеу жұмысы халықтық-интернационалдық тәрбие мәселесiне арналған Ә. Жұмақановтың еңбектерiнде тәрбие мәселесiн кешендi, тәрбие бағыттарын бiр-бiрiмен ұштастыра отырып жүргiзу көзделедi [10] .
Жоғарыда атап көрсеткендей халықтық тәрбие берудiң дамуына байланысты қорғалған ғылым зерттеулер бүгiнгi жаһандандыру кезеңдегi Қазақстандық патриотизмдi және ұлтаралық келiсiмдi қалыптастыруға өз септiгiн тигiзедi [11] .
Алыс және жақын шетелдерде халықтық тәрбие мәселесi басқа да тәрбиелермен өзара байланыста дами отыра, тұлғаны дамытуға үлкен ықпал ететiн ғылыми зерттеу жұмыстары көптеп саналады. Ал Қазақстандық ғалымдардың iшiнде әскери-халықтық тәрбие беру және оның дамуы бойынша В. Г. Храпченков, Н. Ромашов, С. Нұрмуқашева, М. Санбаев, С. С. Туланов, т. б. еңбектерiн ерекше атауға болады.
Жоғарыда аты аталған ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы ерекше. Себебi, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы азаматтарымыздың ерен ерлiктерiн, халықтық тәрбиенiң дамуы, әскери-халықтық, халықтық-интернационалдық тәрбиелердiң тәлiмдiк мәнiн жан-жақты ашуы, көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн ұлттық бiрлiктi, ынтымақты нығайтуға өзiндiк игi ықпал етедi.
Елiмiз егемендiк алғанға дейiнгi жазылған еңбектер ұлттық тарихымызға, салт-дәстүрiмiзге, мәдениетiмiзге сол кездегi саяси идеология көзқарасы тұрғысынан жазылғанын айқын аңғаруға болады. Ғылыми-зерттеу еңбектерде ұлттық тарих, ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық мәдениет және түркi халқының философиялық негiздерi тарихи шындық тұрғысынан бұрмаланып отырғанын көремiз. Түркi жұртының және қазақ халқының батырлары Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Көкжарлы көкжал Барақ сынды батырларымыздың, ХХ ғасырдың басында ұлт азаттығы үшiн күрескен азаматтар А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Шоқай, Х. Досмұхамедов есiмдерi ғылыми-зерттеу еңбектерде аталмады.
Елiмiздiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауға негiз болатын халықтық тәрбие мәселесi бүгiнгi қоғамдық-әлеуметтiк даму үрдiсiне байланысты iргелi зерттеулер жүргiзiп отыр.
Е. Жұматаеваның ғылыми-зерттеу жұмысының құндылығы халықтық педагогика негiзiнде майдангер жазушылардың шығармаларын пайдалану арқылы Отан сүйгiштiк қасиеттi қалыптастыруға игi ықпал ете отырып, жастардың, оқушы - жастардың бойындағы ұлттық парыз, намыс сезiмдерiн ояту жағына баса көңiл аударды [12] . Мұндай мүмкіндіктерді кәсіптік оқытуда да жүзеге асырудың маңзы зор.
Әскери мамандарға әскери-халықтық тәрбие беру мәселесi генерал-майор М. Санабаевтың еңбегiнде ерекше орын алады [13] .
Ж. Бөжингтiң «Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу процесiнде Қажымұқан Мұнайтпасұлы мұрасын пайдаланудың педагогикалық шарттары» атты ғылыми жұмысында жасөпiрiмдердi тәрбиелеуде батырдың палуандық мұрасын пайдаланудың педагогикалық құндылығын ашып, оның мәнi мазмұнын айқындаған [14] .
Г. Қ. Белгібаеваның “Болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті арқылы халықтық тәрбие беруге даярлау“ атты еңбегінде халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды халықтыққа тәрбиелеуге болашақ мамандарды даярлау жүйесін теориялық тұрғыда негіздеген. Болашақ мамандарға қажетті білімдер мен іскерліктер, оған қоса педагогикалық практика бағдарламасына мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиеті арқылы халықтыққа тәрбиелеуге бағытталған тапсырмалар қазіргі заман талабына сай сұрыпталып, білім алушылардың аудиториядан тыс іс-әрекеті халық ауыз әдебиетіндегі халықтық құндылықтарды шығармашылықпен менгеруге бағытталған [16] .
Дегенмен, кәсіптік білім беру колледждерінде қолдануға болатын халықтық құндылықтар жүйесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Біз соңғы жылдары Қазақстанда халықтық тәрбие мәселесіне байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстарына байланысты талдаулар жасағанымызда, бұрын зерттелмей келген тарихи халықтық құндылықтар, ұлттық ерлік дәстүрлері, Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, т. б. батырлардың ерлік мұралары арқылы бүгінгі егемен еліміздің жастарын тәрбиелеу жұмысын жақсы жолға қоюға мүмкіндік беретіні байқалады.
Халықтық тәрбиені зерттеуші Ресей ғалымдарының бірі Ю. Н. Галанин «Халықтық тәрбие - тұлға бойына негізгі рухани құндылықтарды қалыптастыру. Халықтық сезімін тәрбиелеу, ерлік дәстүрлерге және әлемдік жаһандандыру үдерісіне еліміздің ғылыми техникалық және мәдени тұрғыда қосқан үлесіне мақтаныш, әр түрлі жағдайларда Отанға шын берілген, Отан үшін жанын қиюға дайын болу», - деген тұжырым жасай келе, халықтық тәрбиенің негізгі бағыттарын кәсіптік білім беруді айқындайтындығын көруге болады. Мұндай жұмысты келесі бағыттарда жүргізуге болады: азаматтық тәрбие; азаматтық патриотық тәрбие; ұлттық халықтық тәрбие; ерлік халықтық тәрбие; әскери халықтық тәрбие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz