Ши тоқу өнері. Тоқу құралы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ШИ ТОҚУ ӨНЕРІ

Сабақтың тақырыбы: ши тоқу өнері. Тоқу құралы. Ши шыбығын орау әдісі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ұмыт бола бастаған халық өнерін жандандыру.

2. Ісмерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Күнделікті тұрмысқа қажетті, сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай, қолөнер бұйымын жасап шығару. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Түсіндіру әдістері: түсіндірмелі иллюстративті, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдістері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, өсімдіктану, математика, жануартану, қазақ тілі.

Танымдық іс-әрекет: топпен жұмыс.

Оқу материалының маңызы: материалды-практикалық бағыт.

Қолданылатын көрнекіліктер:

1. Тоқылған шилер: ақ, орама/шыбық/және шым ши.

2. Ши суреттері.

3. Плакат "Венн диаграммасы"

4. "Кубизм" ойыны.

5. Экспорт парақтар.

6. Бояу түстері /таратпа материалдар/.

7. Оқушылар творчествосы.

Сабақтың мазмұны:

I. ¥йымдастыру кезеңі:

а) қоңырауға дейін;

ә) қоңыраудан кейін; - 2 минут.

II . Өтілген материалды қайталау. 12 минут.

III. Жаңа материалды түсіндіру, сарамандық жұмыс. 66 минут.

IV. Сабақты жүйелеу, қорытындылау кезеңі. 7 минут.

V. Үйге тапсырма беру. 1 минут.

VI. Жұмыс орнын ретке келтіру. 2 минут.

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Қоңырауға дейін: оқу кабинетін сабаққа дайындау. Көрнекіліктерді ілу, тақтаны әзірлеу.

ә) Қоңыраудан кейін: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, белгілеу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып таныстыру.

II. Өтілген материалды қайталау.

• Оқушыларды топтарға бөлу. Топтарға ат қою, оны қорғау.

• Әр топ өзіне ұнаған бояу түсін таңдау, не үшін таңдағанын түсіндіреді.

• Мақалдардың жалғасын табу.

• Топтарға "экспорт" парағын тарату. Экспорт парағы № 1

1-сұрақ. Дала шөбі шидің тұрмысымызға қолданылуы.

2-сұрақ. Ши тоқитын құрал қалай жасалады?

Экспорт парағы № 2

1-сұрақ. Шидің неше түрі бар, қолданылуы?

2-сұрақ. Өрнек бояулары туралы не білеміз?

Экспорт парағы № 3

1-сұрақ. Шиді дайындау, өңдеу жұмыстары.

2-сұрақ. Жібек талшығы туралы не білеміз?

• "Кубизм" ойыны. Ойнауға 3 минут.

Бұл ойында әр топ кубикті шиіріп, кубик қабырғаларында жазылған тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап береді. /Салыстыр, зертте, қолдан, ойынмен байланыстыр, қарсы шық, зертте/.

III. Жаңа материалды түсіндіру, сарамандық жұмыс.

•Ши тоқу жұмыстары.

Қой жүнінен, көбінесе қоңырқай түсті жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байланған бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіпті кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады.

Осы жіптердің арақашықтығы 10-15см болады. Саны 20-30 /егер шидің биіктігі кереге бойы болса/ шамасындай болады.

Алғаш тоқи бастағанда 4 шиді бірден салып, қабаттап, ширатылған жіппен айқастыра орап байластырады. Суреті, орап көрсету.

Мұны шидің "алақаны" дейді. Ши шыбықтарын бұлай байластыруды ши тоқушылар "шыбын қанат" деп атайды.

Әдетте "шыбын қанат" тоқыған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталуы кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұны шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауы үшін жасайды. Шидің бұл бөлігін "қарақұс" деп те атайды.

Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды "шибау" деп атайды.

Шидің бір шеті жұқа, екінші жағы қалың болып кетпеуі үшін, орайтын шидің түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіріп, алмастырып отырады.

IV Сарамандық жұмысқа дайындық кезеңі.

1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін қайталау.

2. Таратпа материалдарын тарату.

3. Нұсқау қарталарын үлестіру.

V. Сарамандық жұмыс кезеңі.

• Әр оқушыға ши шыбықтарын" тарату.

• Берілген өрнек бойынша ши шыбығын белгілеу.

• Ши шыбығын түстеп орау.

• Жіптің ұшын бекіту әдістері.

• Оралған шиді қондырғыда тоқу.

• Өзін-өзі тексеру.

1. Қағаздағы өрнек бойынша ораған жібіңнің дұрыстығын байқа.

2. Оралған жіп сапасын тексер.

3. Қондырғыда тоқығанда өрнектердің бір-бірімен сәйкес келуін қадағала.

4. Жіптің ұшын дұрыстап бекіт.

VI. Сабақты жүйелеу, қорытындылау кезеңі:

Венн диаграммасы бойынша жүргізіледі.

МАТА ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЖАСАЛАТЫН КІЛЕМШЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты: ұлттық қолөнерді меңгере отырып, оның қолдану және орындау әдісін меңгерту.

Сабақтың тәрбиелігі: қол еңбегін меңгере отырып, ұлттық өнерге қызығушылығын дамыту, мата қалдықтарын үнемдеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: дайын тоқылған кілемше.

Қажетті құрал-жабдықтар: кенеп мата немесе тоқылуы селдір ақ бөз (ұзын 1 м, ені 80 см), бір түсті шыт маталар: (кызыл, жасыл, көк, сары, қоңыр, қара, ақ т. б) . Жуан ілмек №10.

Сабақтың барысы:

I. Ұпымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа оқушылардың қатысуы.

б) Сабаққа қажетті заттардың толық әкелінуін тексеріп шығу.

II. Үй тапсырмасын пысықтау . Алдыңғы өткен тарауға қорытынды жасау.

а) Қазақтың еттен жасалатын тағамдарын ата.

б) Қой мүшелері нешеге бөлінеді.

в) Қонаққа тартылатын тамақ түрлері және оларға салынатын мүшелер.

г) Қазақ халқының негізгі кәсібі.

д) Қымыз түрлері және оларды әзірлесу жолдары.

е) Қой, ешкі сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар.

ж) Ет және сүт тағамдарының адам ағзасы үшін пайдасы.

Сұрақ-жауап арқылы оқушылар бағаланады.

III. Жаңа сабақ

Жоғарыда айтылғандай әр халықтың өзіне тән қолөнері болады, өз қолөнерімен ерекшеленеді. Осындай қолөнерінің бір саласы мата қалдықтарынан кілемше тоқу. Мұндағы мақсат оқушыны үнемшілдікке, шеберлікке, ұлттық өнерге қызығушылыққа баулу. Мата қалдықтарының өзін тастамай бұйым жасауға болатынын түсіндіру. Адамның қолы гүл деген, арзымаған кішкене нәрседен құнды зат шығарып алуға болатынын дәлеледеу.

Жұмыстың жасалу барысы: өлшемі 80x100 см кенеп матаны немесе ақ бөзді ағаш бетіне кереміз. Алдын ала дайындалған суретті мата немесе кенеп бетіне түсіреміз. Егер суреттің өлшемі мата бетіне дәл келмесе оны үлкейтіп ала беруге болады.

Кілемшені тоқу: шыт маталарды ені 1, 5 см етіп ұзыншалап кырқамыз. Маталарды жұмыс барысында қажетінше қырқып отыруға болады. Ұзынша етіп қырқылған матаның ұшын түйіп кенептің не бөз матаның теріс жағынан он бетіне ілмекпен шығарып аламыз. Жіп матаның екінші ұшы әр уақытта жұмыстың теріс жағында тұра береді. Осылайша ілмекті қайта шығарып аламыз. Кілемшенің астында артық жіп. мата қалмауы тиіс. Жұмысты кенеп матаның ортасынан бастаған дұрыс. Ұзыншақ жіп. мата таусылған соң жіп, матаның екіншің ұшын оң бетіне шығарып тегістеп кырқып отырамыз. Жіп матаның оң бетіндегі шығарылу ұзындығы 1. 5 см болуы керек. Осылайша суретке қарап отырып барлық қажетті түсті маталарды ілмекпен шығарып алып тоқимыз.

Қорытынды: мата қалдықтарынан тоқылатын кілемше негізінен бірнеше сағатқа арналған. Біз тек оның жасалу технологиясымен таныстық. Алдағы уакытта осы кілемшені сарамандық жұмыс барысында жасап үйренеміз. Бұл тарауға 20 сағат бөлдім. Өз бетінше тоқу жұмысына 10 сағат. Қалған сағаттарды:

1) Кілемнің жасалу жолы, оның ерекшелігі -1 сағат.

2) Кенеп матаны ағаш бетіне керу - 1 сағат.

3) Сурет салу, оны түрлі түске бояу - 2 сағат.

4) Салынған суретті кенеп бетіне түсіру - 2 сағат.

5) Шыт матадан жіп қиып дайындау - 2 сағат.

6) Кілемнің тоқылу әдісін үйрету - 1 сағат.

7) Біткен бұйымға талдау - 1 сағат.

Үйге тапсырма: келесі сабаққа қажетті

заттарды әкелуді тапсыру. Өлшемі 80x100 см кенеп, кергіш жасауға арналған ағаш, түрлі тусті қалам, шыт мата, қайшы, ілмек.

ТАҚИЯ ТІГУ

Сабақтың мақсаты: бас киім түрлерімен танысу.

Білімділік мақсаты: тақия тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: тақияны тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушылығын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты : әсемдікке баулу, өнерге ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

а) ұлттық бас киім түрлері: ерлер, әйелдер бас киімі, буклет;

ә) тақия үлгісі, шаблон әзірлеу, сызба үлгі. «Қыз еркем, ісімен көркем» тақырыбына көрме ұйымдастыру.

Сабақтың өту әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

II. Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.

1) Матаның адам организміне экологиялық әсері дегенді қалай түсінуге болады?

2) Табиғи маталардың пайдасы неде?

3) Синтетикалық бұйымдар адам организміне қандай әсерін тигізеді?

Жаңа сабақ

Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата-аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған (барқыт, велюр, драп, пүліш, шерсть т. б. ) . бас киімді екі түрге бөлген. Ер балалар және қыз бала, әйелдер бас киімдері. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, малақай, сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар: кәмшат бөрік, тақия. Әйелдер бас киімі: сәукеле, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек шылауыш.

Тымақ. Екі бөліктен тұрады, төбесі 4 сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді, аязда киеді.

Қалпақ. Айырқалпақ, дөңгелек қалпақ киізден немесе драптан тігіледі.

Бөрікті балаң жігіттер, орта жастағы адамдар киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалған.

Әйелдер бас киімі мен қыз бала бас киімі арасында айырма бар.

Сәукелені қалыңдықтар, жас келіншектер киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі 2, 5 см биік конус тәрізді, жиегі бағалы аң терісімен жұрындалған.

Қасаба. Тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.

Кимешекті егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа, жылылыққа жақсы.

Біз бүгінгі сабақта бас киімнің ең көп тараған түрі қазір де қысы, жазы ер адамның бала күнінен қартайғанға дейін киетін тақияның тігу әдісімен танысамыз. Тақияны халық ерекше бағалаған.

«Тақияма таққаным тал-тал моншақ,

Кер биеге жарасар кер құлыншақ.

Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім,

Тақия басындағы бермей кеттің» - деген өлең жолдарынан халқымыздың тақияны ерекше бағалағанын байқаймыз. Тақия екі бөліктен тұрады, төбесі және басқа тиіп тұратын бөлігі, жиегі. Тақия 4, 6, 8 сай болып тігіледі. Үстіңгі және астары жеке-жеке пішіліп тігіледі де біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады. Тақия үлгісін тақтаға сызып көрсетемін. АОВ секторы d=45 0

АОВ = 45° осы бөлікті қиып аламыз. А және В нүктелері беттеседі, біріктіре тігеміз, тақия төбесі шығады.

Жиегі басқа тиіп тұратын бөлігін әзірлейміз.

Екіншітүрі.

4 сай тақия болғандықтан 14x4 = 56 см. Басқа тиіп тұратын бөлігініңұзындығы 56 см. К = 11 см

Дәптерге сыздырып жазғызамын.

а) Шаблон бойынша үлгіні бастыру, үстіңгі және астыңғы бетін.

ә) Сызық бойынша қию.

б) Үстіңгі бөліктерін және астарын тігу.

в) Төбесін жиегін біріктіру.

г) Сәндік бұйым енгізу.

Сабақты қорытындылау кезеңі. Жұмысты қарау, тиісті нұсқау беру.

Жұмбақ айтып, шешу.

Зерленген құмғанды,

Шөмелерге төкердім. (Тақия)

Сарамандық жұмыс кезеңінде үлгі бойынша пішу, тігу сәндік бұйым енгізу жұмыстары жүргізіледі.

ҰЛТТЫҚ БАС КИІМ

Сабақтың тақырыбы: қазақхалқының ою-өрнектерін бас киімдерде қолданылуы. Баланың бас киімдерін пішіп тігу және оның үстіне ою-өрнек түсіріп кестелеу.

Сабақтың мақсаты: ұлттық талғам, әдіспен, сәнді етіп баланың бас киімін тігіп, оны оюлап кестелеу.

Білімділік: қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет-ғұрпын, сонымен бірге безендіру технологиясымен танысу.

Дамытушыльқ : оқушылардың ою-өрнек жөніндегі білімдерін, шеберліктерін одан әрі дамыту, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.

Тәрбиелік мәні : ою-өрнек түрлерімен жете танысу, үлттық көркем өнердің дәстүрін қазіргі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайда пайдалану. Оқушыларды әдептілікке, бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: инновациялық әдіс, топпен жұмыс.

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: халық шеберлігінің туындыларының суреттері, ою-өрнек түрлері, үлгілері, магнитофон, қазақ халқының күй өнер таспасы. Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, бас киім түрлері, мата, ине, жіп, қайшы, жұмыс жіп.

Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика, музыка, әдебиет.

Сабақтың мазмұны мен барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 2-3 минут.

Үй тапсырмасын қайталау кезеңі 5-7 минут. Үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар:

1) Инемен, қайшымен жұмыс жасау кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері;

2) Саусақты инемен шаншып алудан сақтану, инені арнаулы жастықшада ұстау, иненің сабақталуы жібі болуын ескеру.

Сабақ барысы. Бөрік халқымыздың ертеден келе жатқан көрікті ұлттық бас киімі. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөрікті бағалы аң терісінен тігеді. Терінің түіне қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, елтірі бөрік деп аталады да, төбесі төрт сай, алты сай болып келеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үшбұрыш тәрізді, етек жақтары тік төртбұрышқа ұқсайды.

Тақияның түлері, биік төбелі, тегіс төбелі болып келеді. Қыздардың тақиясына теңге, моншақ тана тағылады. Ерлердің тақиясында мұндай заттың орнына ою кестеленеді. Оюлар - «мүйіз», «ат ерік», «таңдай», «ирек» т. б. болады. Үшкір төбелі тақиялардың жиегіне түрлі қымбатаңдардың терісін тігіп, құндызды тақия, қалқалы тақия деп атайды. Қыздар жайпақ төбелі тақияны күнделікті киетін етіп тігеді, көбіне кестелі болады. Өткен сабағымызды біздер кішкентай нәрестеге арналған бас киім тіккен болатынбыз. Бас киім үшін қандай өлшем бірліктерін алу қажет екенін еске түсірейік.

1) Бастың толық өшемі, яғни маңдайдың алдынан бастап, шекеге дейінгі аралықты, көлденеңінен өлшейміз.

2) Маңдайдан төбеге дейінгі аралықты, биктікті табамыз.

3) Шекенің жалпақтығы, басымызды толық өлшеп, өлшем бірлігініңжартысын аламыз.

4) Шекеден мойын аралығын, яғни бас киімнің биіктігін табамыз.

Осы тігілген бас киімге ұлттық ою-өрнек түсіреміз. Әшекейді түсіре білу де өнер. Суретті түкті матаға түсіру оңай емес, тез өшіп қалады. Сол себепті әр түрлі әдісті қолданамыз. Мысалы:

1. Түрлі-түсі қарындашты пайдалануға болады;

2. Суретті қағазға түсіріп ойып алады да, матаға инемен шаншып бекітіп, төңірегіне үгілген бор жағады. Сонда суреттің жиегі анық көрініп тұрады;

3. Сүтке кішкене қант салып араластырып, ұшы үшкір ағашпен сүтке малып отырып, суретті матаға сызса ап-айқын болып ізі қалады;

4. Сурет салынған жұқа қағазды матаға салып, нұсқасымен көктеп шығады да, қағазды ептеп алып тастайды;

5. Егер суретті дайын бұйымнан көшіріп алатын болса, онда кестенің үстіне ақ қағаз салып, үстінен үйкелейді. Содан соң ақ қағазға түскен суреттің таңбасын қарындашпен сызып алады;

6. Суретті көшіріп алу әйнегіне жабыстырып тұрып, қарындашпен суреттің сызығын қуалай отырып сызады.

Бөріктің тысы төрт сай, оны жеке-жеке кестелеп алу керек. Кестелеу кезінде жіптің ұшын түйіншектеуге болмайды. Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға мынадай тәсілдермен бекітеді. Бірінші, инені тігілетін гүлдің ішінен бірнеше рет шаншып ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кетеді. Кесте тігіп болған кезде, болмаса жіп біткен кезде кестелеп отырған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Жалпы білім беру пәндерді зерделеу емес, тұлғаны пәндермен дамыту
Қолданбалы қолөнер туралы ұғым
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқының тоқыма өнерінің мәдени мұрасы
Қазақ халқының қолөнернің даму жолы
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz