ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шындалиева М.Б.
Қазақстан Республикасы Президентінің
Халықаралық Болашақ стипендиясының иегері,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының докторы

ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ

Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi
ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн
шешуге жоғары талаптар қояды. Тәуелсіз мемлекетімізге қажетті мемлекеттік
институттар тәжірибиесі мен біліктілігі күн сайын артып келеді. Соның
ішінде ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ұстанып отырған
ақпараттық саясаттың мәні зор. Ел Президентінің Қазақстан -2030 Жолдауы
жарияланғанынан бері ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастық сақталып нығаю түсуде.

Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық
қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы"
атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде ұлттық
қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып
табылады. Біздің еліміздегі демократиялық жүйенің қалыптасуында айтарлықтай
алға басушылық бар, әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң нәтижелерге қол
жетуі халықаралық беделіміздің шарықтап өсті.

Қазақстан Орта Азия елдері ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық
біртұтастықты сақтау саясаты жағынан алда келеді. Азаматтардың ақпаратқа
қол жеткізу мүмкіндігі ақпараттық саясатқа негіз бола отырып, Қазақстанда
барлық мүмкіндіктер толыққанды қамтамасыз етілу жағы қарастырылған.
Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін ақпаратқа еркін қол жеткізу,
мемлекет пен масс-медиа арасындағы байланыс және елімізде коммуникацияларды
дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда өзара ажырату мақсатында Қазақстан өз
ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету үшін Елбасы Жарлығымен 2006-2009
жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге
қабілеттілігін дамыту туралы тұжырымдамасын бекітті. Мұнда заманауи
ақпараттық қоғам құру көзделіп, электронды үкімет, сандық телевидение және
интернет жүйесін кеңінен қолдану жан-жақты қарастырылған. Шалғайдағы елді
мекендердің әр тұрғыны қажетті ақпаратқа және бүкіләлемдік ғаламтор
қызметіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау жолдары кеңінен қарастырылып
жатыр. Әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану арқылы халықтың дүниеге
көзқарасы кең түрде қалыптасып, жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік туып
отыр. Қазақ тілді басылымдардың саны мен сапасы жылдан жылға көтеріліп
келеді. Айқын, Жас қазақ, Алтын Орда, Түркістан, Ана тілі, Алаш
айнасы т.б. сияқты басылымдардан оқырман көп нәрсе үйренуіне болады. Ал
ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясатты
жүргізуде республикалық Егемен Қазақстан, Қазақ әдебиеті, Жас алаш,
Қала мен дала, Нұр - Астана басылымдары белсенділік танытып, саяси
тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастыруды, саяси процестің
тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етіп, анағұрлым байыппен, сындарлы және
ашық талқылауды үрдіске айналдырған.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтарды қоғамдық-саяси қызметке,
әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке,
төзімділікке, қоғам алдындағы жауапкершілікке баулуды жүзеге асыруды
еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырып отырғаны күмәнсіз.
Оның ішінде Қазақстан -1 ұлттық арнасы, Хабар агенттігі, Жетінші
арна, Астана арнасы қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау
арқылы әлеуметтік топтарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам
жұмыстарын басқаруға жұмылдыруда қомақты істер атқарып келеді. Қазіргі БАҚ-
тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, ақпараттық кеңістігімізді өзгеден
қорғау үшін қазақстандық БАҚ-тың мәселелері мемлекеттік дәрежеде шешіліп
отыр. Біздің мемлекетіміз өз ақпараттық саясаты арқылы ел мүддесін көздеп
отыр. Ақпараттық заманда бәсекеге қабілетті болу үшін кез келген БАҚ өзінің
техникалық мүмкіндігі мен полиграфиялық деңгейін, материалдық жағдайын
жақсартып, журналистердің табысын көтеріп, нәпақа үшін біреуге тәуелді
болмауын, өз еліміздің мүддесіне жұмыс істейтіндей жағдай жасау жағы да
қарастыратын күнге жеттік. Ақпараттық саясат заңдық тұрғыда реттелген
жағдайда ғана қоғам өкілдерінің ақпаратқа біркелкі қол жеткізе алуы
қамтамасыз етіледі. Ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі қоғам
өкілдерінің, ақпарат алушы мен ақпаратпен қамтамасыз етуші арасындағы өзара
ықпалдастықтың нәтижесінде ғана жүзеге асады. Бұл жерде негізгі ақпарат
жалғастырушы рөлін бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бүгінгі таңда
Қазақстан заманауи ақпараттық қоғам құруды көздеп отыр. Оның негізі -
электронды үкімет, сандық телевидение, интернетті кеңінен қолдану және
ақпаратқа жедел қол жеткізу болып табылады.

Қоғамдағы шынайылықтың объективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді
қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін
пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы
дәлелдеп отыр. Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспаралар
қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның
барысына айналғалы отыр. Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын
жүзеге асырудағы ақпараттық саясат қалыптастыру және нақты іске асыру
мәселелелері шектен тыс көп қырлы. Ақпараттық саясаттың мақсаты қоғамдағы
жағдай мен өзгерістерді дер кезінде азаматтарға жеткізіп, демократиялық
саясат туралы ақпараттарды тарату, осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу
арқылы оны орнықтыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі дербес мемлекеттік ақпараттық
саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың өзекті
мәселелері: біріншіден, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы
ақпараттық саясаттың рөлі ерекше, екіншіден, ақпараттық саясаттың рөлі
жастардың саяси білімін қалыптастыруына ықпал ететін негізгі фактор,
үшіншіден, Қазақстанның саяси тұрақтылығының қалыптасуы мен дамуына
ақпараттық саясат қызмет етеді. Ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге
асырудағы ақпараттық саясат нақтылы саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің
мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін,
саяси процестердің даму жолын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым-қатынастардың орнауы мен дамуы
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Пәндер