Шоқан Уәлиханов - ғалым, ағартушы



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уәлиханов - ғалым, ағартушы (1835- 1865)
Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог,
этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Құсмұрын бекінісінде (Көкшетау
облысы), Абылайханның немересі, қазақтың сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың
отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқыған, кадет корпусын бітірген
(1853). Батыс Сібір Генерал -губернаторында әскерлік қызмет атқарған. Орта
Азия мен Қытайға жасалған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862 ж.ж.
Петербургке барған кездеріңде А. Щапов пен Т. Елисеев т. б. тобындағы,
тәрбиесіңдегі демократиялық бағыттағы интелегенциямен араласады. Н. Г.
Чернышевскийдің "Современник" және А. И. Герценнің "Колоколымен" танысады.
Ғылым Академиясының және орыстың географиялық қоғамының жұмысына белсене
араласады.
Шоқан Уәлиханов мұсылман дін басшылары халық ағарту ісін өз қолына
алғанын, мектептер мен медреселер құңды окушыларға құрғақ жаттататынын,
оның маңызын түсінбейтінін, сол кезең үшін, оның ешбір пайдасыз екенін
қатты сынады. Қазақтардың білім сипатының, оның мәнділігі мен маңызын, сол
кезең үшін гумаңдьгқ, хальгқтық деп түсінген Шоқан, білім мен оқу ғана
қазақтарды әлеуметтік-әділетті күреске жұмылдырады, тек білім мен оқу
көшпенділерді қоғамдық прогресс пен еркін дамуға жол көрсетеді - деген
үлкен гуманистік ой-пікірде болды.
Шоқанның көзқарастары материалистік бағыт ұстады. Психологияны, оның
ішінде этнопсихологияны, оның этнопсихологияның табиғатын түсінуі, оның
әртүрлі факторларын толықтыруы соны көрсетеді. Орта Азия, Қазақстан мен
Шығыс Түркістан халқының психологиялық ерекшелігі туралы мәселені Ш.
Уәлиханов жалпы мәдениетті дамыту және "хальгқтық рухты" қайта ояту
проблемаларымен берік байланыста етіп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық
мінезінің сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта
қарастырды. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шьгғармаларында халық тұрмысын, әдет-
ғұрпын, тілін, өзара қарым-қатынасын, дінін, оның әрқайсының ерекшелігін
асқан дәлдікпен талдау жасады:
Ш. Уәлихановтың оқу-ағарту қажетгілігі туралы ойы, ғылым халықты
дамытатынын, олардан оқу-тәрбиедегі маңызды жол ұпақ тәрбиесінің бастауы
екенін дәлелдеуі, оның прогрессивтік көзқарастарының ерекшеліктерін көрсете
отырып, Қазақстаңдағы қоғамдьгқ ойдың дамуьша айтарльгқтай әсер ететінін
дәлелдейді.
Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген тілдерін білуі әр түрлі
қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра
зерттеуге, тарихи шындықты ашуға мүмкіндік туғызды. Шоқан өз ойын нақты
дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Жолбарыс
әулетінен шыққан Абылғазының "Түрік шежіресі" атты белгілі кітабына
жүгінеді. "Түрік шежіресін" толықтыра түсу мақсатында ол "Қазақ шежіресі"
еңбегін жазады. "Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп,
дамығаны күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз, орыс жылнамалары
(Псков жылнамалары) біздің сөзімізді растайды", - деп баяндайды да, сол
кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін
шежірелермен салыстырады.
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін - шыққан тегін,
елдің әдет-ғұрып зандарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи
жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік
өнерін шыңдауда аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға
қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын, соңдай дайындығы бар
билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тындайтынын, ол нақыл сөздердің
өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық
мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған.
Зерттеуші тарихи аңыздар - тарихи деректер жаңғырығы деп білген. Оның
танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектеріңде шебер пайдаланған. Ауызша
айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара
салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан. Тарихи аңыздардың маңызын
ашуда Шоқанның асқан білімпаздығын танытатын мұрасының бірі -"Оңтүстік
Сібір тайпаларының тарихынан жазбалар". Зерттеуші бұл еңбегін жазу үстінде
дүние жүзі шығыстанушыларының бұрын-сонды жарық көрген шығармаларына
жүгінгенін көреміз. Левшин, Риттер, Клапрот зерттеулеріндегі пікір
қайшылықтарын, неміс шығыстанушысы Вильгельм Шоттың және орыс этнографы
Евгений Огородниковтың якут (саха) халқының тарихы туралы айтқан
пікірлеріндегі бұрмалаушылықты, қателер мен үстірт жорамалдарды ғалым
аталған еңбегінде сынайды, өзінің батыл ойларын айтады.
"Қазіргі қолда бар деректерді ел аузындағы аңыздармен, ноғайлармен
қарым-қатынас жайлы орыстың елшілік фактілерін Жалайридың "Жылнамалар
жинағымен" салыстырған жөн" - деп жол сілтеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
Шоқанның суретшілік өнері
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Пәндер