Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – географ және саяхатшы



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Наурызбаева Феруза; Мусаева Асель ЖГА-611

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – географ және саяхатшы

Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың (1835-1865) есімі.Қазақстан мәдениеті
мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды.
Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының
география, тарих, этнография, фалькльор салаларында айтарлықтай толымды
да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры
ашылмаған беймәлім елдерге асқан қәуіп –қатерге белді буып,
батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқы
алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ
даласында прогресшіл озық идеяларды, орыс және қазақ халықтарының
шынайы достығын шыңдауға игі істер тындырды. Өзінің ғылыми
еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол қазақтардың
орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстығын дәлелдеп берді.
Ш.Ш. Уалихановтың география саласындағы саяхатшылық, әрі
творчествалық қызметіне ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік септері
бар. Шындығында, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде
олардың қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана
географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен
шектелсек, ал Ш.Ш.Уалихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-
саяхатшы ретінде қараймыз.
Европашы толық білімдар тұңғыш қазақ (Ф.М.Достаевский) он
тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің
озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер
аударылып келгеннен петрашевшіл С.Ф.Дуровпен, жазушы
Ф.М.Достаевскиймен, аса көрнекті географ-ғалым П.П.Семенов- Тянь-
Шаньскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И.Н.Березинмен, Н.М. Ядринцевпен
және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас Шоқанның
көзқарастарының қалыптасуына шешуші ықпал етті.
Шоқан Уалихановты білімге баулығын Омбыдағы Сібір кадет корпусы
сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның
қабырғасының толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты.
Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В.И.Вагин, Г.Н.Потанин,
Н.Ф.Анненский және т.б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап географиялық
жаңалықтар ашып, даңққа бөленеді.
Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман оқытушылар
сабақ береді. Оның оқу программасына басқа пәндермен қатар жалпы
география, Россия географиясы, геодезия, жаратылыстану ғылымдары және
т.б. пәндер кірді. Географияға пән ретінде сол сияқты этнография мен
антропология, түрліше тәсілдерді оқып үйрену, тілдерді саралап
жіктеп, оларды негізгі топтарға бөлу, әр түрлі халықтарды діни ұғымдар
мен тіршілік характеріне қарай талдау мәселелері де енгізілді.
Россияның экономикалық географиясы үйретіліп, оған статистика, сондай-ақ
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қосылды.
Азия елдерін (Қытайды, Үндістанды, Ауғанстанды, Персияны) Тұранның
(Бұқар, Қоқан, Хиуа) хандықтары болып географиялық және саяси бөлінуін
оқып-үйренуге баса назар аударылды. Бұл елдердегі халықтардың шығу
тегіне, таралуына, діни және тұрмыстағы әдет-ғқрыптарына зер салынды.
Кадет корпусында Қазақстан географиясы негізінен әскери-
стратегиялық жоспарда үйретілді. Қазақ далаларының шекаралары, жердің,
өзен-көлдердің сипаты, қарым-қатынас жолдары, керуендер өтетін тау
асулары, климат және табиғат жағдайлары, қазақтардың саны, олардың шығу
тегі, тілі мен діні, қашан және кімге бағынғаны, қазақтарды басқару
ісі, далада бекініс жасау сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.
Ш.Ш.Уалиханов кадет корпусында оқуға түскенде орыс тілін
білмеген. Бірақ өзінің керемет қабілеттілігі мен зеректігі арқасында
ол орыс тілін қиналмай, тез арада үйреніп алған. Шоқан білімге шапшаң
жетілді,- деп еске алады кадет корпусында бірге оқыған жолдасы әрі
досы Г.Н.Потанин, - ол тіпті өзінің орыс жолдастарынан суырылып озып
шықты... оған талайлар қызыға қарады... қандай қабілетті, оқу орнына
түскенге дейін сурет сала біледі екен
Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет
корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол
далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі – өзінің туған ауылы
Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан,
қазақ халқының өміріне жітірек зор салып, халық өлеңдерін, аңыздарын,
ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке
салған. Табиғатты қаз-қалпында суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз
алдыңа айнақатесіз елестетудің бірден-бір оңтайлы құралы деп
есептеген. Демалыс күндерінде ауылда салынған суреттерді (1847-1852)
ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте жасаған.
Шоқан құс салып, аңшылық құрумен де құмарта айналысқан. Кадет
корпусының ақырғы курстарында, - деп жазды. Г.Н.Потанин, - мен қазақ
даласының географиясы мен этнографиясына қызыға ден қойдым. Сонда
Шоқан талай-талай әңгімелермен менің дәптерлерімді толтыруға
жәрдемдесті... біз қазақтардың сұңқармен аң аулауы туралы қызықты да
мол мағұлматтарды дәптерге түсірдік... ол жалықпай майын тамызып
айтып отырды, мен жазып отырдым. Сосын ол менің жазып алғандарымды
суреттермен көркемдеп, сұіқардың томағасын, тұңғырын, дабылдатқышты,
дәрі сауытын, мылтықты және т.б. салды. Сол бір сәттен бастап екеуіміз
айырылмастай дос болдық, бізідің ғылыми мүдделерімізде өне бойы
қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты – қазақ даласы мен Орта
Азияны зерттеуді армандадық.
Г.Н.Потаниннің айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті
өте құмарта оқыған, ал ондай әдебиеттің сирек ұшырасатын басылымдарын
Омбыдағы қолға түсіру тіпті қиын болатын. Кадет корпусы
басшыларының Шоқанға қаладағы іргелі кітапханадан кітаптар алуға
рұқсат беруі., - деп сөзін сабақтайды Г.Н.Потанин,- мен үшін зор
бақыт болды. Жұрттың қолы жетпейтін кітаптханадан Шоқанның Паластың
саяхаты және Рычковтың күнделік жазбалары сынды тамаша
шығармаларды әкелуі біздің рухани өсіп – жетілуімізде тұтас дәуір
болды. Кітаптардың қалыңдығы, олардың көлемі, және әріптер ежелгі сөз
құрау мәнері қағаздың ескі тартқан иісі – бәрі бәріне қайран
қалып, ауылымыздың суы құрушы еді. Өткен дәуірдің әуезді әні
естілгендей болатын. Біз Палластың кітабын әсіресе сондағы өзімізге
таныс жерлер немесе оларға ұрымтал аралар суреттелген беттерді жан
тәнімізбен қызыға оқыдық. Саяхатшы бұл төңіректе нені керемет деп
тапты, өз күнделігіне нені жазып алуды лайық көоді. Біз Шоқан
екуіміз осыларға айрықша ден қойдық... тіпті сол кездің өзінде – ақ,
яғни Шоқан 14-15-ке жаңа толған шақта-ақ кадет корпусының басшылары
оған болашақ зерттеуші, бәлкім ғалым ретінде қараушы еді. Ал Шоқанның
өз басы Орта Азияға саяхат шегуді армандады.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін (1853) Батыс Сібір генерал-
губернаторының аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Шоқан Ұлыв жүз
қазақтары мен Ыстықкол қырғыздарының Ресейге бейбіт жолмен қосылуы
жөніндегі мәселені шешуге белсене қатысады. Қоқан хандығының Жетісу мен
Қырғызстандағы ықпалын жою үшін үшін және ол жерлерді Ресейге бейбіт
жолмен қосып алу мақсатымен патша әкімшілігі жергілікті халықпен
келіссөз жүргізуге жас қазақ офицерін пайдаланды. Шоқан сонымен бірге
өз сапарын қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-
ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланады.
1855 жылы Уалиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақстанды,
Жетісуды және Тарбағатайды аралаған сапарына қатысты. Олар Омбы
қаласынан шығып, Семей қаласына барды, одан Аягөз бен Қапал арқылы Іле
Алатауына өтті. Қайтар жолда Шоқан Гасфортты Алтынемел асуына дейін
ғана ұзатып салды да, одан әрі өз бетімен Жоңғар қақпасына, Алакөлге
және Тарбағатай тауына сапар шекті. Содан соң ол Қарқаралы, Баянауыл
және Көкшетау қалалары арқылы Орталық Қазақстанға жол тартып, Омбыға
қайтып оралды. Бұл сапар жас саяхатшыға ұмтылмастай әсер қалдырды.
Сөйтіп ол Қазақстанның табиғат жағдайларымен және халықтың өмірімен
тұңғыш рет кең көлемде танысты.
1856 жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовскийдің басшылығымен
ұйымдастырылған әскери –ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның
басты мақсаты – қырғыз халқымен танысу, оның территориясын географиялық
жағын зерттеу. Ыстықкөлдің бассейнін картаға түсіру еді. Экспедиция
құрамында Яновский басқарған топографтар тобы да болды. Сондай-ақ
оған жергілікті халықтың өкілдері: қазақтар Әбілес Тазабеков, Бұлан
Сасыбаев, Байғазы Телешин, Жайнақ Темірбеков және басқалар қатысты.
Верный қаласынан май айының басында шыққан экспедиция Шелек,
Шарын, Үшмерке және Шырғанақты өзендерінің алқаптарын бойлай өтті.
Одан Қарқара өзеннің бойымен жоғары өрлеп, Санташ асуы арқылы Түп
өзенінің алқабына шықты. Оны бойлай жүріп, Ыстықкөлге құлады.
Экспедиция мүшелері Ыстықкөлдің бассейнін топографиялық картаға
түсірді. Көлдің солтүстік –шығыс және шығыс жағаларының географиялық
жағдайын анықтап, солтүстік-шығыс беттегі көлге құятын барлық
өзендердің бойын зерттеуге де көңіл бөлді.
Ш.Ш.Уалиханов П.П.Семеновпен бірге көл төңірегіне бірнеше маршут
бойынша сапар шеккен. Ал жас қазақ ғалымы П.П.Семеновпен Омбыда
1856 жылдың көктемінде танысып, достық қарым-қатынас орнатқан-ды.
1856 жылғы тамызда Шоқан Құлжа қаласына аттанады. Сапардың
негізгі мақсаты - Қытаймен сауда қатынастарын жолға қою туралы қытай
өкімет орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені Шүгішектегі
орыстың сауда-саттық орны өртеніп кеткеннен кейін екі арадағы
қарым-қатынас үзіліп қалған-ды Уалихановтың алдында даулы шекара
мәселелермен шешумен байланысты күрделі дипломатиялық миссияны атқару
міндеті тұрды. Ол осынау бір маңызды тапсырманы ойдағыдай орындап
шықты. Құлжа өлкесінде үш айға жуық болған Шоқан аймақтың
физикалық-географиялық жағдайларымен, халықтың өмірімен және тарихымен
тынысты.
1857 жылы Шоқан тағы да Алатау қырғыздарына сапар шегеді. Бұл
Қашқарға экспедицияға шығар алдында күш-мүмкіншіліктерді сынап байқау
тәрізді саяхат еді. Бұл жайында Батыс Сібірдің генерал-губернаторы
Гасфорт былайша турасын жазды: Мен мынаны мойындаймын, - деді ол,
Қашқария шекараларына, көшпенді тағы қырғыздардың арасына сенімді
чиновникті жібергенде оның алдағы уақытта жөнелтілуге тиіс керуен
барғанша Қашқариядағы және жалпы Батыс Қытайдағы істерді қадағалау
мақсаты көзделгенді.
Қарғыз Алатауында болған кезінде Уалихан қырғыз халқының
өмірімен және тұрмысымен жақынырақ танысып, оның тарихын,
этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қажымай-талмай
еңбектену нәтижесінде ол аса мол тарихи-этнографиялық материал
жинады. Этнографиялық очерктер, статисткалық деректер, тарихи
мағлұматтар, үйсңндер мен тағы орданың халқы әдебиетінің
ескерткіштері менің жазбаларыма бірнеше дәптер болып текшеленеді, -
деп жазды Уалиханов. Бұл орайда ерекше көңіл аударарлық бір жәйт: жас
зерттеуші қырғыздардың атақты поэмасы Манасқа тұңғыш рет салып, оны
бірінші рет қағазға түсірді және тұңғыш рет тарихи – әдеби талдау
жасады.
Ш.Ш.Уалихановтың 1856-1857 жылдардағы саяхаттарының ғылыми
нәтижелері оның Ыстықкөлге сапар күнделіктері, Іленің арғы
бетіндегі өлкенің географиялық очеркі, Қытай империясының батыс
провинциясы және Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар және басқа
еңбектерінде жүйелі түрде баяндалған. Сол бір шығармаларының өзінде –
ақ 21- 22 –ге жаңа толған жас Шоқан өзін Тянь-Шань мен Жетісудің
геогрфиясын сол аймақтарды мекендеийтін халықтардың тарихын бес
саусағындай тамаша білетін байқампазда дарынды ғалым ретінде
танытты.
Ш.Уалихановтың зерттеулері П.П.Семенов Тянь-Шаньский арқылы
Петербургтің ғылыми топтарына мәлім бола бастады. Ал көрнекті орыс
ғалымының өзі Е.Ломанскиймен бірлесіп Ш.Уалихановтың еібектері туралы
пікірлерінің жазып, ұсыныс жасады. Сол пікірдің тұжырымды протоколдың
жазбасында былай делінген: Шоқан Уалиханов Ыстықкөлдің шығыс
жағалауына сапар шегіп, Қырғыз даласы хақында аса бай географиялық
және тарихи материалдар жинады, жас ,алым сол деректерді мәлімдеуге
әзір.
Шоқан Уалиханов 1857 жылғы 21 ақпанда Орыс География қоғамының
толық мүшесі болып сайланды. Ал мұның өзі жас ғалымның орыс ғылымы
алдындағы аса көрнекті еңбегін бірауыздан мойындау еді.
П.П.Семеновпен пікірлесу Уәлихановқа көп әсер етті, албырт жасты
рухтандырып, қанат бітірді, оның болашаққа деген сенімін нығайтты:
Мен Шоқанға осының алдында ғана жүріп өткен саяхаты жөнінде
қуанышы қойнына сыймай масаттанып отырған шағында кезіктім, - деп
жазды. Г.Н. Потанин. Бұл Шоқанның Шығыс тарихына барған сайын терең
бойлап,...хундар, тукиулер, жуан-жуандар мен ұйғырлар жайында
жазылғандарды қайта- қайта құныға оқып журген мезеті екен. Дәл осы
сәтте Омбыға белгілі автор Риттердің азия жертануының аудамашысы
П.П.Семенов келген еді. Ол осы еңбектің өзін толғандыратын шешімдері
жайлы ойды ортаға салып, аулармасын Шоқанға оқытады.
Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөленген Қашқар сапарына
Шоқан 1858-1859 жылдарда шықты. Бұл мейілінше қауіп-қатерге толы сапар
еді. Өйткені Қашқария елі ол кезде европалықтар үшін жабық болатын.
Өзінің зұлымдығымен әрі қаныпезер қаталдығымен аты әйгілі географ
Адольф Шлагинтвайт, Уалихан төренің әмірі бойынша басы кесіліп, қаза
тапты. Оның аянышты өлімі туралы алғашқы мағұлматы Шоқан алып
қайтты.
Міне сондай қиын –қыстау жағдайда Қашқарияда жұмыс істеп, ол өлке
туралы ғылыми деректер жинау өте қауіпті еді. Осы жағдайға қанық П.П.
Семенов – Тян – Шанский мен Е.П. Ковалевский экспедицияны ұйымдастырған
кезде оны сауда керуені деп лақап таратып мұқият әзірлік жасады. Шоқан
қырғыз киімін киіп, керуенбасы Мұсабайдың туысы ретінде Әлімбай деген атпен
сапар шегуге тиіс болады.
Экспедицияны жолға дайындаған шақта (1857 жылдың аяғы – 1858 жылдың
басы) Шоқан Жетісуда болады. 1858 жылғы 12 ақпанда Верныйда генерал
Гасфортқа мынадай хабар жолдады: Қыстың қатал болуына және қардың өте –
мөте көп жууына байланысты Алатау тауларының жолдары мен асуларының
бәрі түгелдей қараша айынан бері бітеліп қалды және олардың
ақпанның аяғына дейін ашыла қоюы неғайбыл. Сөйтіп ол Жетісуда
керуеннің келуін күтті.
Керуне қапалдан 30 шақырымдай қашықтықтағы Қарамола жотасының
бөктерінде орналасқан Сарыбас ауылынан жолға шықпақ болып белгіленді.
Шоқан бұл араға 1858 жылғы 28 маусымда жетіп, Семей қаласынан келген
керуенге қосылды. Керуеннің құрамында 43 адам,101 түйе 65 салт және
жүк тиелген ат, сондай-ақ 6 киіз үй бар еді. Шоқанның өзінің
офицерлік киімін тас тап, басына сәлде тартып ұлттық ұзын шапан киді
және шашын ұстарамен алдырып тастады.
Бірінші шілдеде керуен Алтынемел жотасынан асып, Іле өзенінің
алқабына бет алды. Ол уақытта Іле өзенінен өту қиын болатынды: өзен
үстінде көпір жоқты. Сөйтіп керуен өзеннің екінші бетіне түбі тайыз
көне қайықтармен шығарылды. Керуеннің одан арғы жолы Текес, Қарқара
және Көкжар өзендерінің алқаптарына ойысты. Жолай қырғыз айылдарында
жергілікті халық арасында сауда – саттық жасап жүрген қашқарлық
көптестер жиі кездеседі. Саудагерлермен қоян-қолтық байланыс жасап,
Шоқан олармен Қашқарияға дейін бірге баруға келісті.
Алайда жолда бірқатар қиыншылықтар туды. Ол жөнінде генерал
Гасфорт соғыс министріне былай деп мәлімдеді: Көтеріліс шығуына
байланысты Қытай үкіметі қабылдаған шаралар Қашқарияға өтуге қиындық
келтіруде... сөйтіп біздің керуен оның белгіленген бағыт бойынша
одан әрі жол жүруіне жергілікті өкімет орындары келісім бермеген
жағдайда товарларын өткізу үшін Құлжаға барады. Бірақ экспедицияны
ұйымдастырушылар мұндай жағдайды місе тұтпады. Үкімет: Егер керуен
Қашқарияға өте алмаса, онда оның Құлжаға баруынан еш пайда жоқ деп
есептеді.
Осы айтылғандардың бәріне қоса сауда керуендеріне әлсін-әлсін
шабуыл жасап, тонауға ұшыратқан жол азабын да қосқан жөн. Сонымен
қатар қырғыздар арасында керуенде ғалым офицер бар деген сыбыс
тарап кетеді. Міне осы қиыншылықтардың бәріне қарамастан, ержүрек
саяхатшы өз сапарын әрі қарай жалғастыруға бекем бел байлайды.
Ыстықкөл алқабынан Қашқарияға Үш Тұрфан арқылы жүретін шығыстағы
жол, Үлкен Ақсайды және Атбасшы, Арпаны басып өтетін жолдары баратын-
ды. Бұрынғы сапалары бойынша бұл өңірді жақсы білетін Шоқан Орталық
Тянь-Шаньның сырты арқылы өтетін Ақсай жолын таңдап алады. Бұл
шығыстағы елдердің ежелден бәрі бір-біріне қатынайтын үлкен керуен (
Жібек жолы) жолы еді. Зәуке алқабында шатқалдағы асу өте ауыр –ды.
Зәуке белесінен жол Сырдария өзенінің негізгі саласы –Нарын өзенінің
жоғарғы сағасына бет алып, одан әрі Тянь-Шаньның оңтүстік сілемі
болып табылатын Теректі Дауан жотасына қарай асады. Тянь-Шаньның
оңтүстік беткейінде Керуен тағы да жазға кездеседі: қыркүйектің
аяғында мұнда күн жайма шуақтанып, төңірек гүлдеп құлпырып тұрады.
Осының алдында ғанағ суықтан бүрсең қағып жаураған жолаушылар Тянь-
Шаньның оңтүстік беткейіне өтіп жылынып, рахатқа батады. Өз
күнделігінде Шоқан ол араның шөлейт болуына қарамастан жердің жақсы
өңделгені, сондай-ақ қолдан суландырудың диқан өмірінде аса зор
маңызы бар екені туралы жазған. Шекарадағы тексеруінен қауіптенген
Шоқан өз күнделігін Теректі Дауанның шатқалына көміп кетеді. Үш ай
жол жүріп, керуен 1858 жылғы 27 қыркүйекте Қытай шекарасынан
өтеді.
Ш.Ш.Уалиханов Қашқарияда 1859 жылдың наурыздың ортасына дейін
жарты жылға жуық болған. Осы мерзім ішінде ол қаламен танысып,
Алтышаһар елін зерттейді. Солтүстігінде Тянь-Шань, оңтүстігінде Кунь-
Лунь таулары қоршап тұрған Қашқар,Ақсу, Үш Турфан, Жанасар, Жаркент
және Қотан қалалары сол кезде Алтышәһар деп жалпылама аталатынды.
Сол дәуірде бұл қалалар Қоқан хандығына бағынған. Сондықтан Орта
Азиямен және Қазақстанмен саяси әрі сауда –саттық қатынастары үшін
ашық өлке салынған. Жат адамдардың назарын аудармас үшін Шоқан
керуеншілердің сауда –саттық ісіне де араласуға мәжбүр болады.
Қашқарияға келген бойда- ақ Шоқан бұл арада қоқандықтарға ерекше
ілтипат көрсетілетінін бірден байқады. Керуен басы Мұсабаймен бірге
қоқандықтар оны құшақ жая қарсы алып, қорғап, қамқорлық жасаған. Міне
осының бәрі Қашқария елін зерттеуге қолайлы жағдай туғызады.
Шоқан Қашқария елінің саяси әрі экономикалық құрылымы, тарихы және
этнографиясы бойынша мол деректі материалдар жинақтайды. Қоқандықтар арқылы
Қашқадарияның саяси және сауда қайраткерлерімен, мәдениет өкілдерімен
танысып, ол Алтышаһардың өткендігісі мен бүгіндісі туралы туралы өте құнды
мағлұматтарды естіп құлағына құйып алады.
Ал менің іс – қарекетіме келетін болсақ, - деп жазды Шақан
Қашқарияға бару және Алатау тауына қайту жолының суреттемесі атты
еңбегінде, - мен Қашқарияда болған кезімде өлке туралы. Әсіресе Кіші
Бұқардың саяси ахуалы жайында мүмкіндігінше дәлмедәл деректер жинауға
барынша ұмтылдым, діттеген мақсатыма жету үшін барлық ұлттардың, таптардың,
партиялардың адамдарымен таныстым, сөйтіп бәз біреуден алған мағлұматтарды
екінші адамның айтқандарымен салыстырып сараладым; оған қоса қожалар билеп
– төстеген ақындармен, ғалымдардың достық ықыласымен пайдалану сәті түсті.
Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін тәп – тәуір үйреніп алады. Ғалымның
архивінде оның Қашқарияда үйғыр тілінде жазғандары сақталған.
1859 жылдың ақпан айында Қашқариядағы саяси жағдай шиеленісе түседі.
Түні бойы шаһарда салт атты қарулы жасақтар сабылып жүрді, дуалдар мен
дарбазалардың түбінде күзет күшейтілді, шекараларды бақылаушы отрядтар
торуылдады, деп жазды Уалиханов, қаңтардың аяқ шенінде Қашқарияға Құлжадан
бірнеше көпестер және бізден кейін Семейден шыққан ташкенттіктер келді.
Солар арқылы біздің керуенде орыс жансызы бар деген сыбыс тарады. Сөйтіп
Қашқарияда одан әрі қалу өте қауіпті болды. Сәтсіздікке ұшырап қалмаудың
қамын ойлаған Шоқан керуенбасы Мұсабайдың тез кетуге асықтырады. 1859 жылғы
11 наурызда олар қайтар жолға шығады.
Қайтар жолда Теректіден сәл оңға қарай Тұрғарт асуын басып өтедінді.
Тұрғатыдан керуен биік таудағы Шайыркөлге бет алды, ол көл жөнінде ғалым ел
аузынан толып жатқан тарихи әңгімелер мен аңыздар естігенді. Шоқан осынау
бір керемет әсем көлге келген тұңғыш саяхатшы еді. Ол арадан Атбашы және
Үзген өзендерінің аңғарлары арқылы Нарын өзенінің оңтүстік жағасында
орналасқан Қоқанның Құртқа бекінісіне шықты. Одан әрі керуен Нарын өзенінің
бойын өрлеп, солтүстік – шығысқа қарай шеру тартты. Содан 6 сәуірде
Жетімшоқы маңында Зәуке асуы арқылы ыстықкөлдің шығыс жағалауы, Іле алқабы
арқылы 12 сәуірде Верный қаласына оралады.
Қашқарияға саяхатттағы жолда шеккен ауыр азап Ш.Ш. Уалихановтың
денсаулығын өте – мөте әлсіретіп ауруға душар етті. Сөйтіп, оның
Петербургқа есеппен баруға шамасы келмей қалды, ал ондағы ғалымдар жас
саяхатшыны тағат таппай күткен еді. Генерал И.Ф. Бабков былай деп жазды:
Сыртқы істер министрлігіндегілер бұған дейін құлақ естіп, көз көрмеген
Қащқарияға Уалихановтың сапары жайында толық баяндауды дегбірсіздене әрі
аса ынтыға күтті. Осы іске мұрындық болған Е.П. Ковалевский елден ала бөтен
құштарлық білдірді... Біздің жансыздың Қашқарияда болуы және Шығыс
Түркістан яки Кіші Бұқар жайында оның өте қызғылықты деректер жинағаны
туралы лақаптар, Е.П. Ковалевскийдің граф Блудовпен етене таныс болуы
себепті, Петербургтің жоғарғы топтарына жетіп жатты. Сондай – ақ сыртықы
істер министлігіндегілер сол тұста Қашқарияға Үндістаннан ағылшын тыңшысы
белгілі Адольф Шлагинтвейттің жіберілгенін кейін оның Қашқарияда кісі
қолынан қаза тапқанынан хабардарды. Міне осы жағдай Шоқан саяхатының беделі
мен әсерін одан бетер күшейте түскенді.
Ш.Ш. Уалиханов Петербургқа тек 1859 жылдың аяқ шенінде ғана келді.
Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия мен Қазақстанды терең
білетін зиялы зерттеуші ретінде қарсы алды. П.П. Семенов Тян – Шанский
Уалихановты петербургта ғылыми жұмысқа қалдыру жөнінде үкіметке өкініш
білдірді. Шоқан Азия департаментінің штатына тіркелді. Сонымен қатар Бас
штабтың әскери – ғылыми комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Орыс
география қоғамында да қызмет атқарды.мұнда жас ғалым өз еңбектерін
География қоғамының басылымдарында жариялауға әзірледі. Шоқанның Жоңғар
очерктері, Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан – Лу провинциясындағы (Кіші
Бұхардағы) алты қаланың 1858 – 1859 жылдардағы жай – күйі туралы және т.б.
еңбектері 1861 жылы География қоғамының жазбаларында жарық көрді.
Денсаулығының нашарлауына байланычсты ш. Уалиханов 1861 жылғы көктемде
Петербургтен кетуге мәжбүр болды. Дәрігерлердің ақыл – кеңесі бойынша
өзінің туған өлкесіне аттанды. 1964 жылы Шоқан генерал Черняев өзі
жасақталған әскери экспедицияға шақырды. Бұл экспедиция Оңтүстік
Қазақстанды Россияға қосу мақсатында болды. Шоқанның ойы бойынша қосылу
бейбіт жолмен жүзеге асырылуы тиісті. Бірақ патша өкімітінің отаршылдық
саясатын қызғыштай қорушы патша генералы Черняев жиі – жиі озбырлық жасап,
бейбіт халықтың жазықсыздан – жазықсыз қанын төкті. Мұндай бассыздыққа
наразылық білдірген. Шоқан экспедицияны тастап, Верный қаласына қайтып
кетті.
1865 жылғысәуірде қазақ халқының аяулы ұлы, аса көрнекті ғалымы, әрі
саяхатшысы мезгілсіз дүние салды.
Орта Азияны, Қазақстанды және шығыс Түркістанды зерттеуші ретіндегі
Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбегін әлемдік ғылым бірауыздан мойындады. Оның
еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шықты.
Тамаша қазақ ғалымының толымды туындыларына орыс ғалымдары П.П. Семенов Тян
– Шанский, И.В. Мушкетов, Н.Н. Веселовский, Н.А. Аристов, Н.И. Березин, Г.
Е. Грум – Гржимайло, Г.Н. Потанин және басқалар лайықты баға берді.
1904 жылы География қоғамы Ш.Ш. Уалихановтың шығармаларын жарыққа
шығарды. Басылымның алғы сөзінде академик А.И. Веселовский былай деп жазды:
Ш.Ш. Уалиханов шығыстану көкжиегінде жарық жұлдыздай жарқ ете түсті.
Орыстың шығыстанушылары оны керемет ғажайып құбылыс екенін мойындады және
одан түрк халықтарының хақында ұлы да аса маңызды жаңалықтар ашады деп
күтті. Амал нешік, мезгілсіз ажал біздің бұл үмітімізді үзіп кетті.
Ш.Уалиханов артында мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орта Азия мен
Қазақстанның тарихына, географиясына және этнографиясына арналған аса
маңызды қыруар еңбектер жазып үлгерді, сондай – ақ оның қаламынан қоғамдық
саяси тақырыптарға арналған көптеген шығармалар туды. Ш. Уалиханов бірқатар
шығыс және европа тілдерін жақсы білді. Мұның өзі оған Орта Азия мен
Қазақстан халықтарының тарихы мен георафиясына қатысты шығыс және европалық
көне деректер мен ескерткіштерді түп нұсқа бойынша зерттеуге мүмкіндік
берді. Сол сияқты ол парсы, араб және түрік тілдерінде жазылған бірқатар
кітаптарын (Бабыр - нами, Тарихи - Рашида, Тазкирян ходжағанжәне
т.б.) текстерімен де жұмыс істеді. Петербургта Азия департаменті жанындағы
тілдерінен сабақ берді.
Ш. Уалихановтың ғылыми еңбектері арасында оның Жетісу, Ыстық көл, Тянь
– Шянь және Шығыс Түркістан бойынша тарихи – географиялық шолуға арналған
зерттеулері өте – мөте көңіл аударарлық. Орта Азияны зерттеп білу оның
ежелгі арманы болатын. Сондықтан да ғалым өзінің күллі өмірін осы игі іске
бағыштады.
Орта Азияның үстін күні бүгінге дейін қандай да бір тылсым
күңгірттік торлап тұрғандай көрінеді, – деп жазды Шоқан Жоңғария
очерктерінде. – аса қуатты екі державаның – Ресей мен Англияның ұрымтал
орналасқанына қарамастан, Орта азияның көп бөлігі Европа ғылымы үшін әлі де
болса көп жағдайда беймәлім болып қалуда. Біздің қоғамдас ғалым жолдасымыз
П.П. Семенов өзі аударған Epdkunde von Asien атты Риттер кітабының
екінші томы бастырып шығару үстінде Орта Азия, Ішкі Африкамен пара - пар
ғана деңгейді зерттелген деген тұжырымға келді. Расында да, Орта азия
туралы біздің географиялық әдебиеттерде орын алып келген дүдәмал әрі
кереғар деректер, бұл ел, бұрынғылар айтқандай, жабулы қазандай жабулы
күйінде қала берсін terra incognita дегенге саймаса да бері салғанда
өлкені шешуші қиын ғылыми жұмбаққа айналдырып отыр. Ал ортаазиялық адам
жөнінде ауыз тұшырлық біз ештеңе білмейміз.
Міне сондықтан да Ш. Уалихановтың өзі зерттеген аймақтың табиғаты мен
физикалық – географиялық ерекшеліктерін танып – білуге ғана емес, сонымен
қатар оның адамдарына, олардың әдеп – ғұрпына, салтына, көне аңыздарына да
қызыға зер салуы өзіннен – өзі түсінікті.
Жүріп өткен жерлердің зерттелу деңгейіне және олардың танып – білуге
қолайлылығына қарай Шоқан өз саяхаттарын екі кезеңге бөледі: бірінші кезең
Жоңғарды аралап, Жетісу, Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған жолды қамтиды.
Бұл жерлердің физикалық – географиялық сипаты орыс саяхатшыларының
зерттеулері бойынша жақсы белгілі деп есептеген Шоқан өз еңбектерін олар
елемей немесе аңғармай кеткен деректермен толықтырды.
Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің негізгі саласы болып
табылатын Нарын өзенінің жоғарғы саласынан басталады. Бұл ара осы
меридианда Семенов сапарының ең шырқау шегі. Одан әрі менің алдымда ілі
зерттелмеген, адам аяғы баспаған мүлде меңіреу terra incognita өңірі
жатты, - деп жазды Шоқан. Уалихановтың саяхатының бұл кезеңі өте – мөте
жемісті әрі географиялық жаңалықтарға толы.
Шоқан сапарда жүргенде ұдайы күнделік жазып отырды. Аса зор қауіп
қатерге қарамастан, ол тіпті Қашқарияда да осы дағдысынан әсте жаңылған
жоқ.
Өз ізденістерінде сондай – ақ күнделіктерінде Шоқан зерттеген
өлкелерінің географиясына көп көңіл бөледі. Оның жүрген жолдарын суреттеген
жазбалары саяхатшы ат ізін салған аймақтардың барынша қызғылықты
географиялық очерктері іспетті. Оларда зер бедерін тап басып нәзік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1885-1865)
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы туралы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
П. П. СЕМОНОВ ТЯН- ШАНСКИЙ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУШІ
Пәндер